1
2
3
4
5
6
7
1 Аль
Д.Н.
Основы
драматургии. Учебное пос. С
– П., 2005
1
10%
2 Аникст А.А. Теория драмы от
Аристотеля до Лессинга. М.,
1967
2
20%
3 Аникст А.А. Теория драмы от
Аристотеля до Лессинга. М.,
1967
2
20%
4 Байсеркенов М. Сахна жəне
актер. Алматы, 1993. -
6
60%
5 Блок
Вл.
Система 1
10%
Станиславского и проблемы
драматургии.1963
6 Гурова В.И, Головина О.М,
Урнова В.В. Тіл өнері. М.,
1997. с -
2
20%
5.Дəрістік кешен (дəріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті əдебиет тізімі).
Тақырыбы: Кіріспе. Пəннің мақсаты мен міндеттері.
Дəрістің мазмұны:
Драма теориясының мағынасы мен орны. Теорияның қазақ сонымен қатар шетелдің драма сахнасының
өміріне белсенді əсер етуі. Драма теориясының мақсаты:əлеуметтік табиғи,идиялық-көркем негізгі жəне
драмалық поэзияның ерекшеліктерін,оның маңыздылығы мен пайдалылығын зерттеу. Драма теориясының
əдебиет теориясымен байланасы.
Драма
теориясы,жəне
оның
филасофиялық-эститикалық
дамуымен
əдеби-сыни
ойлардың
байланысы.Аристотел,Д.Дидро,Г.Лессинг,Шеллинг,Г.Гегел,В:Белинский жəне т.б. Драма телриясының
дамуына
сөз
шеберлерінің,
драматургтердің
көзқарасы:
Гораций,
Л.Вега,П.Корнел,М.Əуезов,Ғ.Мүсірепов,Б.Құндақбаев.Бүгінгі
қазақ
жəне
дамушы
шетел
театр
қайраткерлерінің драма теориясына қатысты жұмыстарының мағынасы.
Драма теориясына арналған еңбектер(Г.Фрейтог,Д.Аверкиев,Г.Лоусон,Э.Бентли жəне т.б.)
Тақырыбы: Драма - əдебиет түрі.
Дəрістің мазмұны: Драма, лирика, эпос - əдебиет түрлері. Үшеуін біріктіретін элементтері. Эпос түсінігі.
Лирика жəне оның түрлері. Драма – шыңайы оқиғаларда, көрерменге жақын əдебиет түрі.
Өнердің негізгі-адамның əр қырынан көрінуі,байланысы,мүмкіншілігі. Адам поэтикалық өнерде яғни
көркем əдебиетте нақты сезімтал тұлға,əрекетті,басқа тұлғалармен бірге өмірдің даму процесіне
шығармашалық(жағынан) əрекетпен қатысушы.
“Поэзияға’' жататын – лирика,эпос,драмаға өз пəніне байланысты əр алуан ыңғайымен келу(қарау)
Лириканың кейіпкерлері- өзінің ойы мен сезімінде байсалдылық танытатын,басқа(өзге) адамдармен
(индивидтермен-тұлға,адам тікелей қарым-қатынаста болмайтын адам(тұлға индивид)Лирикалық төмендегі
принципті (негізі)монолог(негізгі монологтың лирикалық пішіні)) Эпостың кейіпкер- түрлі байланыс
жүйелеоіндегі сияқты өмір сүре алмайтын (адамдармен ғана емес,табиғи,заттық өмірмен де) тұлға. Əңгіме
түрінде баяндау-эпикалық жанрлардағы негізгі бейн. Бейнеленгелі отырған оқиғаны сараптап жеткізу-
баяндаушының міндеті.
Драманың
негізгі
нышаны-адамдар
арасындағы
қиын
жағдайға
тан
болған
кездегі,өсек-
өтірік,екіхүзділік,түрлі мінездер,əрқилы оқиғалар мен əлеуметтік күштердің қарым-қатынасы.
Кейіпкерлердің ара қатынастарындағы дағдарыстар,алға басушылық ,Шұғыл өзгерістер(бірін-бірі
альтернативті
жағдайлармен
алмастырып,мінез-құлық,жүріс-тұрыстарын
күтпеген
нəтижелермен
таңқалдыру- драманың құрылымын анықтайтын ең негізгі əрекет)
Уақыттың түрлі трактовкалары.(лирикада,эпоста,драмада)
Эпос пен лириканың уақыты-бұрынғы «жойылған»,қайта бастап өткерілуімен байандаушының немесе
лириканың кейіпкерлердің айтын бкрулері арқылы бұрынғы қалпына келтірілуі. Драманың уақыты -
өткенмен байланысты,жойылмаған,көрерменнің көз алдында өрбуі
Эпос,лирика жəне драианың аралық іс-əрекеті.
Өнердің даму барысында эпикалық жəне лирикалық жанрды драматизммен,ал драматургианы –
эпостың,лириканың элементтерімен байыту.
Замандас зерттеушілер Аристотел,Лессинг,Г.Гегель,В:Белинскийлердің «поэзияны бөлшектеу мəселелерін
түсіндіру».
Тақырыбы: Эпикалық трагедия.
Дəрістің мазмұны:
Халық ауызынан үрпақтан-ұрпаққа тараған халық ауызы оны жаңаша тірілтіп,жаңғыртып кеткен
драматургтер оларды эпикалық шығармаларға айналдырды. Сол драматургтерінің бірі Мұхтар Əуезов
болды. Ол жиырма жасында Еңлік-Кебек трагедиясын жазды. (халық аңызы)
Дұние жүзіндегі əдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалар халық аңызы негізінде туғандығы белгілі.
“Еңлік-Кебек” аңызының 2 əңгіме,2 поэма түрінде келген 4 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқа “Қазақтардың
естерінен кетпей жүрген бір сөз” деген атпен 1892ж “Дала уалаяты”газетінің 31-39 сандарында жарияланды.
2ші “Дала уалаяты ” газетінің 1900ж 46шы санында жарияланған нұсқа “Қазақ тұрмысынан хикая” деп
аталды. 1ден өзгешелігі бар.
3ші нұсқа- Мнəкуияның “Еңлік-Кебек”поэмасы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы архивінде
сақталған қол жазба бойынша 1960ж “Дастандар” жинағында басылды.
4ші нұсқа-1912жылы Семейде екі кітап болып басылған. “Жолсыз жаза ”поэмасы. Емкілікті жақсы білген
шежіре ақын Шəкəрім Еңлік-Кебек оқиғасы 1780ж шамасында болды деп дəл көрсетеді. Ақтабан
шұбырындыдан кейін қазақтардың Сырдан кетіп,шұға,Арқарға қарай аууы сөз болды. Бұл поэмада Кебекті
таныстырудан басталған. Бұрынғы варианттарда жоқ ерекшелік –жас батырдың портреті. Ұсақ ауытқуларды
айтпағанда,барлық нұсқадағы оқиға,оның баяндау реті,аяқталуы,аты аталатын адамдар,негізінен бірдей.
Драманың шығармаға арқау болғанға дейін аңыз қолдан-қолға өтіп,сараланып,оның тұрақты сюжетін желісі
тартылып,оьраздар қалпы айқындалып,халқының идея дəстүрлі арнаға түскен еді. “Еңлік-Кебек”трагедиясы
автордың “өткен өмірді аңсауынан”туған жоқ. Қаршадайынан құлағыңа сінген,өзі жаттаған тамаша аңыз
драмалық шығармаға жақсы материал болды.
Мұхтар Əуезовтың “Еңлік-Кебегінің” сюжеті халық ауызының бұрынғы ангіме,поэма түрінде келген
нұсқалардың іргесінен тарайды.
Жас Əуезов халықтың аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа,мол өзгерістер енгізіп,шын
мағынасындағы сахналық шығармасындағы тудыра алғанын көрерміз. Əуелі нұсқаларда Еңлік пен
Кебектен басқа бірер адамның ғана есімі аталса,пьесадағы персонаждар: Еңліктің əкесі Ақан,шешесі
Қалампыр,Абыздың
əйелі
Таңшолпан,Еңліктің
əменгері
батыр
Есен,Найман
билері-
Жомарт,Еспембет,малшы бала Жапал,Қосдəулет,Жəуетейлер-Əуезов өз жанынан қосқан адамдар.
Ұлттық топырақта драматургиялық дəстүрдің жоқтығына қарамай,басқа елдер Əдебиетінен үйрене отырып,
Əуезов
жанр
шарттарына
толық
жауап
бере
алатын
трагедия
жасады.
Сюжеттік
желінің
тартылуы,композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетті.
“Еңлік-Кебектің” қазір бізге мəлім,театрда қойылып жүрген,Əуезов таңдамалы шығармалар жинағының
бесінші томына енген түрі -1943жылғы нұсқа.
Тақырыбы: Трагедиялық тартыс жəне трагедиялық характер.
Дəрістің мазмұны:
Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі-трагедия,өйткені бұл формада тіршіліктін
сан алуан қайшылықтарын,ғаламат тартыстар,құштарлықтар мен сезімдер шайқасы,ойлар мен идеялар
ерекше зор пафоспен,əрі реалистік тереңдіктен бейнеленеді. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез
əдеттерімен шайқаста опат болады;олардың алдарында тас қамалдай неше түрлі кедергілер,асу бермес
тосқауылдар тұрады;трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы
теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында;ол өз ішіне терең бойлайды;қамырықты,қайғылы, азапты, хал
кешеді;кедергі,қарсылықтармен қаймықпай күреседі.
Трагедия жанрының табиғатын түсінуде Карл Маркстың «Гегельдің право филасофиясын сынау.
Кіріспе» деген еңбегінде айтылған түбегейлі методологиялық байламдардың маңызы айрықша зор. Трагедия
категориясына қатысты орнықты пікірлерді сан алуан ғылыми зерттеулерден көптеп табамыз.
Мысалы,А:В:Луначарский дүниежүзүлік драматургия тарихына сүйене отырып,трагедияны символдық жəне
реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарға Гетенің ‘Фаустың’ қосса екінші қатарға Шекспирдің
‘Гамлетін жатқызад, . (А.В. Луначарский театр жəне драматургия туралы М,1958,1,2-т)
Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді.
Трагедияның тағы бір маңызды сипаты-басты кейіпкер үлкен қателік жіберіп,зор адасуға ұшырайды. Бұл-
əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым-қатынастар тудыратын кейіпкердің өз еркіне тыс,оның идеял –
мұраттарын күйретіп мақсатына жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті,тағдыр жазмыш бұйрығы танылатын
ерекше ситуациялардан шығады.
Трагедия-драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы-қат-қабат өмірдің объевтивті
қайшылықтар терең образдар арқылы ашып,зор айқастар,үлкен күрестерді бастан өткеріп,шындыққа жету
жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері,мұң-ызасы,эмоциялық-эститикалық ғаламат əсерімен
оқыомандарға берілетін,болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын айқара ашып,қопара
бейнелейтін іргелі жанры.
Қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады.а)эпикалық трагедия; ə)тарихи
трагедия:б)адамгершілік-тұрмыстық трагедия.
Тақырыбы: Қақтығыс. Драматургиялық шығармадағы кейіпкер.
Дəрістің мазмұны:
Объективті жəне субъективті тұрғыда драматургиялық шығамадағы қақтығысты суреттеп көрсету.
Қақтығыстың пьесада маңыздылығы.
Драматургиялық шығармадағы қақтығыстың 3 негізгі құру структурасы. Кейіпкер – Кейіпкер, Кейіпкер –
Көрермен залы, Кейіпкер – Орта.
Драманың негізгі мақсаты – кейіпкерлердің мінездерін көрсету, оның қалыпты жағдайдан басым түскен
жағдайлардағы өзгерісі пьесаның оқиғасында тікелей дамып отыратын коллизия (оқиғаға ұшырау) мен
тартыспен байланысты. Драмалық белсенділік кейіпкер мінезіндегі құрылысты анықтау сияқты. Коллизия
мен тартыс. Қарама – қайшылық жағдайдағы коллизияның пайда болуы, кейіпкердің жасаған іс - əрекетіне
байланысты бір шешімді талап ету кезіндегі іс - əрекеті негізінде анықталады. В.Г.Белинскийдің коллизия
туралы еңбегінде кейіпкер жан – дүниесінің жаң – жақтылығы, əртүрлі ұмтылыс – талаптарда өзінің «Емін –
еркіндік» жағдайын ұстанған кезінде анықталады. Конфликтінің дамуындағы жеке даралақ коллизия жүйесі
өзара əрекет етуші кейіпкерлердің белгілі бір оқиғаларға байланысты белсенділік танытуы. Көптеген
конфликтіде анықталатын жиынтықтың немесе өмір дағдарысындағы пайда болған қарама –
қайшылықтардың барлығы, драмада өткір, ащы сөздермен шебер беріледі.
Драматургтың қоршаған болмысты қабылдаудағы дүниетанымдық көзқарасы «Меңгеру» процесінің ролін
анықтай отырып, олардың коллизиялық маңыздылығы, кейіпкер сомдаушылардың осы коллизиялық жолды
табу барысы шығарманың толық құрылымы болып шығады.
Тақырыбы: Драматургия жанрлары.
Дəрістің мазмұны:
Драматургиядагы мазмұн құрылымының ортақ заңының көрсетілуі. Жанр түріндегі «Сабақтасу»,
«Материалдану»(мəлімет )сақталуы (трагедия,комедия,драмалар,мелодрамалар жəне т.б) драматургиядағы
өмірдегі тарьыстар мен қақтығыстар көркемдеу əдісімен жеткізеді.
Трагедия. Трагедиядағы тұрмыстық қиын жағдайлардан, жеке өзаралық қатынастардың бұзылуы көрінеді.
Трагедиядағы керемет ауыр əрекеттер, шектеп шыққан ауыр сөздер,қарама-қайшылығы,терең оқиғаларвмен
байланысуы олардың əр түрлі қайшылықтарын көрсетеді.
Трагедиядағы əрекет пен қайғылы жағдай қарсыласу мақсатындағы əуесқойлықты шығарады, Сонымен
қатар кейіпкерлердің өмірдегі қарсыласу меңгеріледі. Кейіпкердің бірден жəне көңіл аудармайтын
тағдырлары. Трагедиялық əрекеттің басты «Айқындалуындағы» маңызды ерекшеліктері. Кейіпкердің
таңқалдыратын «білімділігі» оның қасіретке төзімділігі мен байланысты. Аристотель өзінің зерттеулерінде,
білімділік пен қасіреттер,трагедия фабуласының ең маңызды бөлігі.
Катарсис мəселесі.
Сұрақ «лəззат алудың мақсаты,трагедиялық жағдай арқылы жетеді» (Ф:Шиллер) жəне оның əр түрлі
шешімі.
1. Рахаттану мүмкіншілігі. Көрермендердің білуінше,олардың көз алдындағылар сенімсіз,адамдардың
уайымы- қайғылары шынайы емес,тек «Еліктеу», «Қиал ғана»
2. Көрермен рахаттану мүмкіндігіне иелену барысында,бақытсыздық онымен болмайды,сол
адаммен,басқа адамдармен болады.
Комедия. Комедиядағы сын өмірдің көнерген түрін адамдар арасындағы қалыптасқан нашар қарым-
қатынас жəне мінезді, əлеуметтік қарама-қайшылықты əрқашанда байланыстырып айтқан.
Комедияның əртүрлі функциялары:шындықты ашу,күлдіру.
Олардың көрсетілу бойындағы көрермендердің əр түрлі əсері:əзіл-қалжың,терең түрде мазақтау,рахатқа
бөлену сезімі,аяушылық білдіру,қуанышты шаттықтар жəне т.б.
Кейіпкердің сыртқы келбеті көрінбейтін иллюцизиялық алдамшы ретінде болса,біəрақ ішкі жан-дүниесі
мағынасыз мақсаттарға толы. Бұл комедиялық əрекеттің құрылымы. Комедияның дағдарысқа ұшырау
ерекшеліктері. Ұсқын-келбеті үстіндегі марапаттау рəсімі. Комедияның əр түрлілігі.
Драма. Адамдардың буржуазиялық кезеңге жеке қызығушылығы ортақ халықтықтан,тарихтың,
мемлекеттің жəне драма жанрының пайда болуынан кейіпкердің жеке өзіндік келбеті қалыптасады.
Драманың коллизия мен конфликтіге қатынасы адамдардың көрнекті қарым-қатынасы жəне бірбеттілікті
ұсынбаған,қоғам тарихи,революциялы, əлеуметтік жағдайларға тура қатынасы.
Жанр ұйғаруындағы драманың түн негіздік құрылымының ерекшеліктері. Драианың бірігуіндегі немесе
ығыстыруындағы екінші мақсаттағы трагедия мен комедияға сай келетін керемет ауыр -көріністер.
«Децентралицациялы», «азды» жағдайлар ашылау кейіпкерлер арасындағы қатынас сонымен қатар олардың
психологиялық сана сезімдері іспеттес.
Мелодрама. Драманың жеке коллизиясы,жақын коллизиясы,байланыса бермейтін ортақ коллизиялар,бірақ
Диалектипі емес жəне бір бағыттылы қарастыруындағы мелодраманың атқаратын ортасы.
Ішкі қарама-қайшылықтың əлсіреуі,мелодрамманың дамуындағы кейіпкердің дамуы,оның қарсы
қойылуындағы
қайшылық
.
Мелодрама
бейімділігі
жақсылық
пен
жамандық
арасындағы
күресті,өшпенділікпен абстрактылы құрықтырықты қарастыру. Мелодрамадағы орнықты мінездер.
Трагикомедия.(трагифарс).
Тригикомедияның
трагедиямен
байланысы
тұрмыстық
жолға
жету,комедияның келе жатқан тұрақты дəлелдеулерден бас тарту адамдар қатынасындағы жəне мінезіндегі
саналы ережелер,драмамен,ынталы талдаулар жасау процесі,ішіңнен құрын біту мен жаңа қатынас түрінің
тууы. Кейіпкердің қолынан келмейтіні өз бағындағы үлкен əрекеттер мен ауыр сезімдер,мағыналы –
трагедиялы қайғылар,жақсы көзқарас пен комедиялық оқиғаларға қолданылады.
Трагедиялық комедия мен трагикомедиядағы интерпретациясы қазіргі театрдың негізгі ойы іспеттес.
Тақырыбы: Драмадағы əрекеттің құрылымы жəне динамикасы.
Дəрістің мазмұны:
Драманың оқиғасы мен композициясы адамдар арсындағы қарым – қатынасты динамикалы етіп көрсету
үшін шыдамды қозғалыс қадамдарын, айналымды жəне өзгерісті құбылыстарды көркем түрде іске асыру
қажет. Драма құрылымының негізгі еркшелігі, оның əрекетті көрсету бағыты бір сызықты жəне өзгерісті
болуында, бірақ кейіпкерлердің бір жағдайдан екінші жағдайға бірден ауысуы, оның мінезінің шұғыл
өзгеруінебайланысты.
Драмадағы динамика əрекеті: өздігіненалмасумен бірге ішкі байланыстағы дыбыс сыңғыры, даму сатылары,
анықталған көріністер, қойылымдар, эпизодтар, актыға бөлінген бөлімдер жəне олармен байланысқан
антракт тоқтылымдары.
Драма əрекетінде кездесетін бірлесе байланысқан жəне дайындыққа ынталықпен қарау сияқты, негізгі
«өтпелі» мен кезеңдік, қайғысы мен «мүмкіншілік» сахналық жəне сахнадан тыс оқиғалардың бірігу
нəтижесінде тұтастық драмалық композициядағы шығарманың түпкі ойы түсіндіріледі.
Пьесаның тарихи қалыптасуы мен түзетілуі мақсатындағы жеке «бөлімдер», синтетикалық жинақтар,
сонымен қатар оларды бір драмалық құрылым ретінде үйлестіру.
Пьесаның жанрын анықтаудағы негізгі құрылымдық өзгешеліктер: трагедиялық, комедиялық, драмалық,
мелодрамалық жəне өзге композициялар.
Аристотель «фабула» туралы айтқанды, «байланысты», «шешімді», «бастамасы, ортасы жəне аяғы туралы» ,
оқиғалар бірлігі мен уақытын қарастырады.
Кинематографтың композициялық ұстанымен драматургияға монтаж арқылы əсер етуі. Құрылымның əр
түрлі болуы қазіргі драматургияға сəйкес келеді жəне бір – біріне əсер етеді.
Тақырыбы:Драматургиялық шығарманың композициясы.
Дəрістің мазмұны:
Көркем шығармадағы идея дегеніміз не? Ол-шығармада жазушының айтпақ болған ойы,алдына қойған
мақсаты,көздеген нысанасы. Ал композиция-сол нысанаға жету үшін жазушының қолданған əр түрлі амал-
тəсілдерінің жиынтық құрамы. Шығармадағы сюжеттік желінің дамуы мен характерлердің өсу
тарихы,оларды берудегі жазушының қолданған əр түрлі əдіс,тəсілдері т.б. Одан да гөрі дəлірек
айтқанда,айтпақ болған идеяның шығармада іске асуы. Жазушы ол идеяны қалай іске асыруды,көздеген
нысанасына жетті ме,жоқ па? Ол əр бір жазкшының шеберлігіне байланысты.
Композиция- Composito-деген латвн сөзі. Қазақша құрастыру,тəртіпке келтіру деген мағынаны
білдіреді. Жазушы өмір кортинасын шынайы беруге тырысады. Ол үшін көрсетпекші болған өмір
шындығын саралап,екшеп алады. Оны көркем характерлер бойына сіңіріп,олар арасындағы тартыс арқылы
қоғамдық тартысты көрсетеді. Шығармадағы оқиғаларды шын,жанды күйіндегідей етіп, бір-тұтас бірлікте
көрсетеді. Кейіпкерлерді қимылға келтіріп,олардың характерін ашады. Ол характерлердің бірін екіншісінен
толықтыра отырып,біртұтас дүние жасап шығарады. Жазушы соңғы оқиғанын алдыңғы оқиғаның заңды
жалғасы есебінде келуін қадағалай отырып,шығарманың айағында белгілі бір характердің тұлғасын
жасайды. Ол характер өсіп,оқиғаның даму жолымен шығарманың құрылысы да сəйкес келіп отырады.
Осылайша көркем шығарманың барлық бөліктерін біртұтас дүние етіп біріктіріп тұрған,өмір шындығы
образдар арқылы көретіп,автордың түсінігі арқылы беретін,сөйтіп жазушының айтпақ болған идеясын
оқушыға жеткізетін көркемдік құрал-шығарманың құрылысын- композиция дейміз. Ол əдеби шығарманың
сыртқы түрінің ғана симметриясы емес,сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
Соңғы кезге дейін сюжет пен композицияны бір деп қараушылық басым орын алып келді.Бұл сюжет
пен композицияның құрамына енгенмен жеке зерттеудің объектісі болатындай өз алдына проблема.
Сюжет оқиғалы көркем шығармадағы адамдардың қарым-қатынасы,бірімен-бірінің байланысы,оқиғаның
дамуы мен образдардың өсу тарихы.
Сюжет эпикалық(əнгіме,мысал,повест,роман,эпопея жатады),драмалық,жəне лиро-эпикалық жанрдағы
оқиғалв шығармаларға ғана тəн. Лирикалық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді,онда ой ғана
айтылады. Бірақ онда идея мен композиция міндетті түрде болады.
Дүниеге келген əрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы ғана
анықталады.(Бұл көркем шығармадағы шеберлік проблемасы деген сөз)
2. Драматургиялық шығарманың композициясы.
Драмадағы ең шешусі нəрсе-тартыс. Көлемді эпикалық шығарманың сюжеті секілді,драмадағы
тартыстың да кезең-кезеңдері –басталуы мен байланысы,шиеленісі мен шешімі болады;драматургиялық
шығармалардың
классикалық
үлгілерінде
бұл
кезеңдер
композициялық
жағынан
шебер
қиыстырылып,оқиғаны өрбіту тəртібі жазылмаған заң ретінде қатал сақталған. Мəселен,өзінің əйгілі
“Ревизорында:”Н:В: Гоголь драма заңдарын айта қалғандай ұтымды қолданған. (Драматургке қажет
шеберлік сырының байыбын бара түсу үшін осы хайға аз кем тоқталып өту аз болмайды.)
Драмадағы хал-күйдің басы(экспозитция), əрине,пьесаның кіріспесі іспетті, алғашқы актіде жатады.
Мұның міндеті-көрерменді пьесаға қатынасатын адамдармен таныстыру.Экспозиция екі түрлі (жағдай
экспозициясы,мінез экспозициясы) болуы мүмкін. МысалыРевизордың, бірінші пердесіндегі Дуанбасының
«мырзалар,мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып едімбізге ревизор келе жатыр»деген
сөзінен кейін оған сыбайлас жемқорлар арасында туған ұйқы-тұйқы абыржулар мен сол арада көрінген əр
түрлі мінездер-экспозицияның екі түрінің де тамаша үлгілері.
Байланыс көрерменге қаһармандар арасындағы болашақ қақтығыстардың себебін аңғартып,сахнадағы бір
тұтас қимылды бастайды. (“Ревизорда”,мысалы,біріншіперденің үшінші көрінісі ,яғни ит қуған тайлақтай
желпілдеп жүрген Бобчинский мен Добчинский туғызатын алатопалаң-түп-түгел байланыс:бар пəленің бас
себебі-сол). Біртұтас қимыл (единое действие) – тартыстың ұлы арқауы, шығармадағы шиеленістер
оқиғаның дəл өзі. Бұл – аса күрделі дүние; мұның түр – түрі, тарам – тарам даму жолдары болмақ. (Бір ғана
«Ревизорда» біріне – бірі өріле өрбіп жатқан үш түрлі тартыс бар: өзара арбасқан Дуанбасы мен
Хлестаковтың арасындағы негізгі тартыс, Дуанбасының Хлестаковқа таласқан əйелі мен қызының
арасындағы қатар тартыс жəне бірін – бірі мезі қылған Хлестаков пен Осиптің арасындағы қиғаш тартыс.)
Драмадағы хал – күйдің аяғы (развязка) – пьесаның шешімі, шиеленіскен оқиғалардың соңынан ақырғы
актіде келеді. Тартыстардың немен тынғанын көрсетеді. Мұның да бірнеше түрі бар: трагедиядағы тартыс
көбіне басқаһарманның өлімімен тынса («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), комедияда («Ревизорда») ешкімді
өлтірмей – ақ, кінəлілерді рухани жағынан күйретіп барып біте береді.
Осының бəрі – драма теориясының тек бір қыры, бірер сыры, драматургиялық шығарманың
архитектоникасына тəн ерекшеліктердің бір мысалы, бірер сипаты ғана.
Эрзацфинал.Драматургиялық шығарманы эрзацфиналмен аяқтау қажеттілігі, мəселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |