Сая ТОҚТАРБАЙ, 2-курс студенті:
– Бүгінде шашына шашбау байламақ түгілі,
бұрымы ұзын аруларды сирек кездестіретініміз
рас. Ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым
бола бастағандай. Мен күнделікті өмірде ша-
шымды барынша өріп жүруге тырысамын, дей
тұрғанмен шашбау, шолпы деген әсемдік заттар-
ды қолданбаймын. Себебі, қазіргі таңда мұндай
дүниелерді пайдаланатын арулар өте аз және де ол
бұйымдар менің киім үлгіме сәйкес келе бермейді.
Ондай әшекей заттарды қос етек, бүрім көйлекпен
тағынсаң қандай жарасымды, заман ағымына сай киінетін қазіргі
сән әлемінде шашыңа шашбау байлап, шолпы тағыну қызық. Алдағы
күндері шашбау байлап, шашыма шолпы тағатын күн де туып қалар.
Мадина БЕГАРЫСОВА, 2-курс студенті:
– Мен шашымды бала күнімнен бері
өсіремін, көбінде өріп жүргенінен гөрі, түйіп
жинап қойғанды абзал көремін. Шашымның
осыншалықты дәрежеде өсуіне әжемнің ықпалы
зор болды. Әжем қолдан ала жіппен өрнектелген
шашбау жасап, шашыммен қоса өріп ұшына
шолпы байлап қоюшы еді. Әсіресе күн сайын
түрліше етіп өріп, өз қолымен жасаған әшекей
бұйымдарымен қоса сәндеп беруші еді. Мектеп
қабырғасында мен осылайша бұрымымды барынша
әсемдеп өріп жүретінмін. Шолпыға қызығамын, бірақ қолданбаймын.
Шолпы тағуға да өзіндік үйлесім табатын киімнің болғаны жақсы ғой.
Гүлжан МЕДЕШОВА, 3-курс студенті:
– Жаны нәзік әйел заты болып жаралғандықтан
әсемдікті сүйетініміз анық. Әрине қыз баласының
ұлттық нақыштағы әшекейлер тағынып, шашына
шолпы, шашбау байлағаны қандай жарасымды
көрінеді. Мен шолпы, шашбау, шашқап сынды
әсемдік бұйымдарды қолданбаймын деп ашық
айта аламын. Өйткені ондай ескінің көзі болған
сәндік заттар сатылымда көп кездесе бармейді.
Табылған күннің өзінде қолжетімді бағада емес. Со-
нымен қатар шолпыны сыңғырлатып жұрттың назарын
өзіме қаратып, өзгелерден ерекшеленгім келмейді. Адамдардың наза-
рына ілігіп, көз тиюден қорқамын. Сондықтан да шашбауды қолдануды
ойлап көрмеген екенмін.
Тоғжан СЕРІКОВА,
2-курс студенті:
– Б ұ л т у р а л ы
м е н м ү л д е о й л а н ы п
к ө р м е п п і н . Б і р а қ
тегінде шолпы, шаш-
бауды тағудың өзіндік
тәрбиелік маңызы бары-
нан, қыз баласының өзін
дұрыс ұстап жүруіне, көз
түсіп назарға ілікпеуіне, әрі
шашқа салмақ түсіріп бұрымның ұзаруына
септігін тиізетінінен хабарым бар. Біраз
нәрселерден хабардар болсам да, пайдасы мен
қасиеттерін біле тұра шашбау тағып көрмеппін,
әсілі мұндай ой санама келмегендіктен болар.
Өркендеген дәуір сарынына орай қыздардың
шолпы тағатынын жиі жолықтыра бермейміз.
Оған себеп батыстық үлгіге бағыттала бастаған
ыңғайлы киімдердің бұл әшекейлермен
үйлесім таппайтындығы себеп болар деп ой-
лаймын. Менің бір байқағаным бүгінгі күнде
қыздар шаштарын өсіруге бағыт алып келе
жатқан сияқты, бұл қуантарлық жағдай. Ендігі
кезекте сол бұрымға шашбау байлап, шолпы
тақса нұр үстіне нұр болушы еді. Бұл сауал мені
біраз ойландырып қойды. Алдағы күндері мені
де шолпымен көріп қалуларыңыз ғажап емес.
«Көрінер қыздар сұлу шаш-
бауымен, бұрымын сілкіп артқа
тастауымен» дегендей қылықты
қыз баласының сұлулығы
шашында демек-дүр. Қазақ
қыздары қолаң шашын иығына
қарғып тастап, талдырмаш
денесінде төгіліп тұратын қос
бұрымын қорлатпай, сұлулық
белгісінде санап, нәзіктік сыры
деп ұққан.
Шашбаудың да, шолпының
да әшекей бұйымнан бөлек,
өзіндік тәрбиелік, тағылымдық
мақсаты болған. Қоңыраулы
шолпы таққан қыздар қатты
д а у ы с т а п к ү л с е , ш о л п ы
сыңғырлап, ыңғайсыздық
тудырып, оқыс қимылдарға
тосқауыл болған. Сондай-ақ
шолпы, шашбау сыңғыры
қыз баланың үйге қарай келе
жатқанынан хабар беріп, ол
дауыстан үй ішіндегі үлкендер
жинақтала бастайтын болған.
Шолпысын сыңғырлатпай
майда қадаммен ептеп жүру
қыз баласының иба-инаба-
ты, әдебімен, биязылығымен
өлшенген.
С о н ы м е н қ а т а р ш о л -
пы, шашбау, шашқап сынды
әшекейлердің ерекшелігі мен
пайдалы тұстары да жоқ емес.
Шолпының ауыр салмағы бас-
ты ауыртпай, емдік қасиетке
и е б о л ғ а н е к е н д е , о н ы ң
салмағының әсерінен шаштың
ұзын боп өсуіне, назарланып,
көз тимеуіне, арқаны түзу ұстап,
сәнді жүруіне ықпал еткен.
Қазақ қыздары дегенде
бейне бір көз алдымызға қос
етек көйлек киген, екі бұрымы
иығынан тірсегіне түскен, шол-
пысын сыңғырлатпай ептеп
жүріп-тұратын арулар елестейді.
Дегенмен қазіргі дамыған за-
ман ағымында шолпы тағып,
шашбаумен шашын әбзелдеген
аруларды жолықтыру кем де
кем, тіпті жоқтың қасы. Қыз
ұзату, Наурыз тойларында
болмаса, күнделікті шашбау
таққан арулар сирек, тіпті
байқай бермейміз де. Бұл
дүниелерді қыздар күнделікті
өмірде қолданып, шашбау
тағып ескілік көздерін жаңартса
қандай жарасымды болушы еді.
Ұлттық құндылықтың жа ңа -
руына заман талабына сай киім
үлгілерінің сәйкес келмеуі, шол-
пы, шашбаулардың қол жетімсіз
бағасы кедергі болып тұрған
рас. Осы ретте шашбау байлап,
шолпы тағу мәселесіне қазірге
бұрымдылардың пікірін білмек
ниетпен Қазақ филологиясы
және әлем тілдері факультетінің
бұрымдыларымен аз-кем тіл-
дескен едік...
Ақерке ӨСЕРБАЙ,
Студенттік медиа клуб
мүшесі
Сақина мен балдақ саусаққа салына-
ды. Олар негізінен, әйелдер жиһазы болып
саналғанымен, ерлер қолына салатын да
сақиналар бар. Сақиналар әшекей мәнеріне,
көздерінің бейнелеріне қарай тасты сақина,
моншақты сақина, Кавказ сақина, Құсмұрын
сақина, ырғақ сақина, бұрамалы сақина және
т.б болып бөлінеді.
Сақиналар көбінесе сом күмістен соғылады.
Қазақ шеберлері сақина, сырғалардың көздеріне
дайын күйінде сатып алынған мынандай әсем,
қымбат тастарды пайдаланады: Теңбіл тас
(сланец пятнистый), су тас (хрусталь), көк тас
(малахит), құлпырма тас (перламутр), құбыла
тас (александрит), дүбіржат (изумруд), лағыл
(рубин), жарқырауық тас (самоцвет), гауһар
(бриллиант, ақ тас, янтарь.
Қазақ тілінде сақинаға байланысты
көптеген атаулар қалыптасқан. Олар мынандай:
1. Ақық сақина – кішкентай ақық
қондырылған сақина.
2. Алтын сақина – таза алтыннан жасалған.
3. Балдақ сақина – сақинаның саусақ үстіне
Талғамы биік қазақ жұрты қашанда салт-дәстүрімен, ұлттық
құндылықтарымен, зергерлік әшекейлерінен кенде болған
емес. Тектігі биік халқымыз жүріс-тұрысы, сәні мен әсемдігі
үйлесім тапқан қыздарының әшекей бұйымдарына да ерекше
көңіл бөлген. Ұлттық нақыштағы білезік, алқа, сырғаны
айтпағанда шашбау, шашқап, шолпының өзі қандай құнды
дүниелер десеңізші.
Қазақ халқында жиһаздық бұйымдар мен зергерлік заттардың, ұлттық киімдердің
түрі көп. Әсіресе, қазақ зергерлерінің таза күміс, алтыннан білезік, сырға, сақина,
жүзік соғуы, оны құйып жасауы – үлкен шеберлікті талап етеді. Қазақстанның батысы
мен оңтүстігінде күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату, алтынмен булау немесе
қақталған жұқа алтынмен көркемдеп зергерлік заттар жасау өнері қалыптасқан.
Әйел әшекейінің ең қымбаты – ұзатылатын қыз үшін жасалатын сәукеле болса, қазақ
зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі – сақина мен жүзік.
ТАНЫМ
қараған беті төртбұрыш болып келетін түрі.
4. Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп
жасайды.
5. Жез сақина – саусаққа салу үшін емес,
қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту
үшін жасалады.
6. Кавказ сақина – қара-ала өрнекті сақина
түрі.
7. Күміс сақина – таза күмістен құйып
жасайды.
8. Қола сақина – қоладан жасалған арзан
сақина.
9 . М о н ш а қ т ы с а қ и н а – м о н ш а қ
қондырылған сақина.
10. Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген
сақина түрі.
11. Мыс сақина – мыстан жасалған ортан
қол сақина.
12. Неке сақинасы – жас жұбайлардың
үйлену тойында бір-біріне сыйлайтын
сақинасы.
13. Сақинек – пышақ, қылыш т.б.
құралдардың сапа жетесі сұғылатын жерін
қысып тұру үшін мыс не күмістен жасалатын
балдақ, мойнақ.
1 4 . С і р к е л і с а қ и н а – б е т і н е ұ с а қ
түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.
15. Тасты сақина – тас, шыны орнатқан
сақина.
16. Темір сақина – темірден жасалған
тығыршық, сақинек.
Сақинаның бауыры жүзікке қарағанда
жалпақтау келеді. Сақина мен балдақты жүзік
деп те атай береді. Ерлер сақинаны бір қолына
ғана салады, әйелдер барлық саусақтарына екі-
үштен қосарлап сала береді.
ҚҰДАҒИ ЖҮЗІК
Қазақ салты бойынша қыз шешесінің
құдағиына сыйлайтын, қос дөңгелекті,
үсті тұтас қомақты, асыл тастардан көз
қондырылып, алтынмен қапталған қымбат
бұйым-құдағи жүзік. Ол кәдімгі қос балдақ
жүзікке ұқсас болғанымен, одан көркем, ерек-
ше жасалынған. Қыздың шешесі құдағи жүзікті
зергерге әдейі тапсырыспен жасатады. Екі
жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді
қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің
белгісі ретінде сыйға тартады. Бұл бұрын
бұлжытпай орындалатын салттардың бірі
болған.
Құдағи жүзіктің бауырында екі саусаққа
бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы
болады. Оның беті асыл тас, түсті шынымен, ал-
тындалып әсемделеді. Кей жерлерде ұзатылған
қыздың енесіне бір жылдан соң тарту етіледі.
Себебі, құдағи жүзік жаңа түскен келінге шын
мәнінде аналық қамқорлық жасаған енеге
берілуге тиісті. Бір жылдың ішінде кіші, үлкен
енелерінің қайсы аналық қамқорлық көрсете
білді, ол өзінен-өзі анықталатын ақиқат.
Құдағи жүзікті оң қолдың ортаңғы саусағына
кигізгенде, оның төрт саусақ сыртын түгелдей
жауып тұруы шарт.
САҚИНА ТАҒУ ДӘСТҮРІ
Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық
белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бой-
ынша, ас адал болуы үшін оны дайындай-
тын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін
әйелдің саусағында міндетті түрде сақина
болуға тиіс. Көбінесе әйелдерге күміс сақина
тағу ұсынылады. Алайда алтын сақина тақса
да айып емес. Оның да жақсы әсері бар. Сол
себепті қазақтар «Сақинаны сәнге салмайды,
ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас,
айқай әнге жатпас», - дейді. Сөйтіп, сақинаның
тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет
атқаратынын аңғартады.
Үміт ОҢДАСЫН,
Студенттік медиа клуб мүшесі
ҚОС БҰРЫМНЫҢ
көркі болған бұл шашпау...
9
9
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№3 (126)
30 наурыз
2015 жыл
Р У Х А Н И Я Т
Ассамблея народа Казахстана прошла путь
длиной в 20-летие. Впервые об объединении
всех национально-культурных центров Пре-
зидент заговорил в 1992 году, на встрече с
представительствами разных народностей, где
рассказал о своей идее создания Ассамблеи
народа Казахстана как консультативного и со-
вещательного органа при аппарате президента.
Первая сессия Ассамблеи состоялась 24 марта
в 1995 году, в ее состав входило 40 националь-
но-культурных центров. Президент выступил
с первым докладом, в котором говорилось о
формировании совершенно новой, уникаль-
ной структуры.
Уникальность этой структуры помогла ей
превратиться из консультативно-совещатель-
ного органа в конституционный, закреплен-
ный Указом Президента Республики Казахстан
от 26 апреля 2002 года № 856, а 20 октября 2008
года Президентом был подписан Закон «Об
Ассамблее народа Казахстана», не имеющий
аналогов в мире. Ассамблее народа Казахстана
был придан статус полноправного субъекта по-
литической системы страны.
Важно отметить, что Ассамблея народа
Казахстана объединяет под куполом мира и
согласия более 150-ти национальностей нашей
республики и играет огромнейшую роль в со-
хранении этого мира, становлении и развитии
нашей родины.
В республике функционирует более 100
национальных средних учебных заведений,
действует 170 воскресных школ, при которых
изучаются 23 родных языка. Также издается
4 республиканских и 15 региональных наци-
ональных газет, осуществляют свою деятель-
ность 6 национальных театров (казахский,
русский, немецкий, уйгурский, корейский и
узбекский). Каждый год издаётся множество
новых книг на языках этнических народностей.
Празднуются ежегодные массовые традицион-
но-народные праздники такие, как Наурыз,
Масленица, Рождество; 1 мая отмечается
официальный праздник День единства народа
Казахстана, в создании которого Ассамблея
сыграла огромную роль.
Ассамблея народа Казахстана и для других
стран стала образцовым показателем особой
атмосферы доверия, солидарности и взаимо-
понимания, где любой гражданин, независимо
от того, к какой этнической или религиозной
группе он принадлежит, может использовать
всю полноту гражданских прав и свобод, про-
писанных Конституцией Республики Казах-
стан. Вклад Ассамблеи по достоинству оценен
на самом высоком уровне. Ею восхищаются и
по её примеру выстраивают новые модели меж-
национальных отношений в других странах.
Именно Ассамблея народа Казахстана
выступает надежным оплотом национальной
политики, которая осуществляется в нашей
стране. Деятельность Ассамблеи направлена
на сохранение национальных ценностей,
укрепление межэтнической толерантности,
повышение благосостояния людей.
В стенах нашего университета чтят тради-
ции разных народов, свидетельством тому слу-
жат мероприятия, проводимые под руковод-
ством ректора Динар Жусупалиевны. И в этом
юбилейном году под эгидой празднования
20-летия Ассамблеи народа Казахстана также
проходит ряд запланированных мероприятий:
культурное мероприятие, посвященное Дню
независимости Исламской Республики Иран
и 20-летию Ассамблеи народа Казахстана,
республиканская предметная олимпиада по
казахскому языку, городской конкурс русской
словесности и многие другие.
Э.М.ХАНКИШИЕВА,
В.В.КАЛИНИНА,
преподователи факультета
Казахской филологии и
мировых языков
К ө ш б а с ш ы д ә р і с і н Қ а з а қ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті түлегі, Экология және
тұрақты даму институтының ди-
ректоры, биология ғылымдарының
кандидаты К.Н.Карибаева жүргізді.
1 9 7 9 ж ы л ы Қ а з К С Р Ғ ы л ы м
Академиясының аспирантурасын
бітіріп, «Смена пустынной рас-
тительности при пастбищном ис-
пользовании» тақырып бойынша
кандидаттық диссертация қорғаған.
2000 жылдан бастап Экология және
тұрақты даму институтының ди-
ректоры К.Н.Карибаева БҰҰ-ның
Даму бағдарламасының «Пастби-
ща» атты пилоттық жобасының
жетекшісі, «Борьба с опусты-
ниванием в Центральной Азии.
Проблемы и подходы к борьбе с
опустыниванием в Казахстане»
жобаның ұлттық үйлестірушісі,
«Сохранение ІN-SITI горного аг-
робиоразнобразия в Казахстане»
жобасының Ұлттық менеджері.
К.Н.Карибаева – Вена қаласының
«Өзін-өзі тану» рухани-адам-
гершілік білім берудің жаңар тыл-
ған бағдарламасын оқыту-тәрбие
процесіне тиімді енгізу жұмысын
жүзеге асыру және болашақ ма-
мандардың өздері оқытатын
пәндеріне рухани-адамгершілік
құндылықтарды ықпалдастыру
мәселесіне көңіл аударту мақса-
тында өткен олимпиадаға әр фа-
культеттің 2-курс студенттері ара-
сынан алты команда қатысты.
Қатысушы командалар тап-
сыр маға сәйкес «Өзін-өзі тану
біздің өмірімізде» атты тақырыпта
таныстыру, өзін-өзі тану пәнін
басқа пәндермен интеграция-
лау бойынша сахналау және әр
түрлі жағдаяттарды шешу бойын-
ша сайысқа түсті. Барлық байқау
тапсырмаларында студенттер
теориялық білімдерімен қатар,
тәжірибелік қабілеттерін жақсы
көрсете білді.
Олимпиадаға Педагогика және
психология факультетінің деканы
п.ғ.д., профессор Сайра Жиен-
баева мен пс.ғ.к., аға оқытушы
Б.П.Мырзатаева бастаған оқы-
т у ш ы л а р қ а з ы л ы қ ж а с а д ы .
Халықаралық университетінің
құрметті профессоры, «Эколо-
г и я Х а л ы қ а р а л ы қ Ғ ы л ы м д а р
А к а д е м и я с ы н ы ң » а к а д е м и г і .
Ұлыбританияның Халықаралық
Д а м у И н с т и т у т ы н д а ж ә н е
Канаданың «Управление паст-
бищами» бағдарламасы бойын-
ша тағлымдамадан өткен. ЮНЕ-
СКО істері бойынша ҚР Ұлттық
комиссиясының мүшесі. ҚР Пре-
зидент жанындағы «Жасыл эко-
номика» кеңесінің мүшесі. 3 мо-
нография, 170 астам мақалалар
жариялаған.
Дәрісте К.Н.Карибаева «Жа-
сыл көпір» бағдарламасы туралы
жан-жақты мәліметтер бере оты-
рып, оған жетудің бағыт бағдарын
көрсетті. Сондай-ақ, студенттерге
Жасыл экономиканың берер пай-
дасын айта отырып, «Рио- ХХІ»
Халықаралық конференциясының
негізгі даму жолдарын нұсқады.
Қазақстанның Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі ұсынған «Жасыл
Берілген тапсырмалар бойын-
ша барлық командалар жоғары
деңгейде дайындықтарымен
к е л г е н д і к т е н , ә д і л қ а з ы л а р
алқасына жеңімпаздарды анықтау
оңайға түскен жоқ.
Жарыс қорытындысы бойын-
ша Бас жүлдені Физика-мате-
матика факультетінің «Аршат»
тобы жеңіп алды. І орынға Қазақ
филологиясы және әлем тілдері
факультетінің «Жалын» тобы ие
болды. ІІ орынды Педагогика
және психология факультетінің
«Жан Нұры» тобы мен Өнер
және мәдениет факультетінің
«Жан сұлу» тобы өзара бөлісті.
Ал, ІІІ орын Жаратылыстану
факультетінің «Көңіл көкжиегі»
және Әлеуметтік-гуманитарлық
факультетінің «Тұмар» тобына
бұйырды. Әр команда дипломдар-
мен және арнайы сыйлықтармен
марапатталды.
Ұ й ы м д а с т ы р у ж ұ м ы с ы н а
«Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану» мамандығының
3-курс студерттері атсалысып,
қабілеттерін танытты.
Н.ЕЛЕУХАН
Жасыл экономика – даму векторы
Бап сыналған бастама
АСК – ОПЛОТ
НАЦИОНАЛЬНОГО
ЕДИНСТВА
Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл экономика» тақырыбы әр түрлі
салаларда кең өріс алып отыр. Өткен «Рио – ХХІ» Саммитінен кейін
мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда ары қарай дамыту
жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде «Жасыл
экономиканы» белгіледі. Осыған орай, наурыз айының 5-ші жұлдызында
география кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жасыл
экономика проблемалары» атты көшбасшылық дәрісі өтті.
Қыздар университетінде Педагогика және психология
факультеті арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының
ұйымдастыруымен университеттің 2-курс студенттері арасында
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада өтті.
Мы с грустью наблюдаем, как современный мир переполняют глобальные проблемы:
геополитический кризис, экономический кризис, гражданские войны, народные волнения.
В связи с этим важно выделить мнение Президента Н.А.Назарбаева, которое он выразил
в своем послании народу Казахстана «Нұрлы жол – Путь в будущее»: «Впереди – большая
и ответственная работа. Чтобы пройти глобальный экзамен на зрелость, мы должны быть
сплоченными. Мы должны крепить доверие между всеми казахстанцами! Быть толерантными
друг к другу! Это ключи к будущему Казахстана. Межэтническое согласие – это живительный
кислород». И этим «живительным кислородом» «дышат» более 175 этнических народностей,
проживающих в нашем политически самостоятельном государстве с многонациональным
укладом, с единым монолитным организмом. Этим организмом в качестве опоры
национального единства страны является Ассамблея народа Казахстана под руководством
Лидера нации.
ДӘРІС
ДОДА
экономикаға» өтетін концепциясы-
на жалпы шолу жасап, оның тиімді
жақтарын ұсынды.
Сонымен қатар осы дәріске
«Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің
директоры, «Гүлстан» ғылыми-
танымдық журналының редакторы
Б.А.Кабдолданова аталған бірлестік
туралы толық ақпарат бере оты-
рып, студенттердің ғылыми зерт-
теу - жұмыстарын тиімді өткізу
мақсатында, бірлестікпен бірігіп
жұмыс жасауды ұсынды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жасыл
экономика – Қазақстан дамуының
басты векторы» деп атап өткеніндей,
ғалым К.Н.Карибаева болашақ
география саласының маманда-
рына жасыл экономика туралы,
көгалдандыру мәселесі хақында
көптеген мәліметтер берді. Сту-
денттер дәрісті тыңдай отырып, өз
тараптарынан қызықтырған сау-
алдарына жауап та алды. Бұл дәріс
студенттер мен оқытушылар үшін
ғылыми және тәрбиелік маңызы
зор болды.
К.Н.МАМИРОВА,
п.ғ.к., профессор м.а.,
география кафедрасының
меңгерушісі
А.У.САТЫБАЛДИЕВА,
педагогика ғылымдарының
магистрі
Ес дәптер
Мың бір түйінді шешу үшін,
мың бір тәсіл керек. Түйсігіңе
түйгенің – шешілгені, түйіндей
алмасаң, түбірінен кесілгені.
***
Өмірде өзектілігін де, қажеттілігін
де жоғалтпайтын екі ереже бар.
Ол – тәртіп пен тазалық. Сақтасаң,
сақталасың.
***
Даналықтың өзі дәуірлердің дара
керуені. Даналар кәусар бұлақтың
жолын көрсетер керуенбасылары.
***
Көршімен тату болған жақсы. Алай-
да, аса көңілшектіктен балаңның
өнегесі өзіңе ұқсамай қалса,көңіліне
қараған көршің көңіліңді көтермейді,
өз көңіліңді өзің жұбатуға тура
келеді.
***
Жұрттың бәріне түгел жағу үшін
жалбаңдасаң естен танасың. Біреудің
наласына, берудің жаласына қаласың.
***
Мықтылықтың баламасы –
тектілік.
***
Жақсының сөзі жүректе жатталады,
санада сақталады, қағазда хаттала-
ды, ұрпағы ұран етіп мақтанады.
***
Тәлейлімен таласпа, жымысқыға
жұғыспа, жалақорға жанаспа.
***
Ерліктің асқақ рухы арқалантқан
батыр бабаларымыз ата жауымен
айқасқанда жаралап кеткенді
намыс санаған. Найзаның ұшын
жүрекке, қылыштың жүзін
күретамырға, садақтың оғын
өкпеден өткізе қадаған және мүлт
кетпеген.
***
Есіліп сөйлер бағаң болсын, еркін
көсілер шамаң болсын.
***
Құлаққа жағатын, көңілге қонатын
әңгіме тыңдаудың өзі өзенге сүңгіп
шыққандай ширатады. Жақсы сөзден
жайлы ой туады, ойды ой қуады.
***
Сайрайтын бұлбұл тамсандырады,
шабатын дүлдүл таңқалдырады.
Бұлбұлға ілессең әніңді саласың,
дүлдүлге ілессең жаныңды саласың.
Достарыңызбен бөлісу: |