www.kazmkpu.kz
Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
Қош келдің,
әз-Наурыз!
Арулардың
жанданған
бірлестігі
4-бетте
5-бетте
8-бетте
Сақина
сыры
Қазақ халық музыкалық
аспаптар мұражайында өткен
«Сүйінбай – айтыстың ақиығы»
атты жас ақындар айтысы-
на Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық
у н и в е р с и т е т і , Т . Ж ү р г е н о в
атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясы, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті атынан барлығы 5
жұп өнер көрсетті.
Қыздар университетінен
Зура Шайдымұрат, Арзыгүл
Қ а й ы м б е к қ ы з ы с у ы р ы л ы п
шықса, әл-Фараби атындағы
Қ а з Ұ У н а м ы с ы н А й ы т -
бек Тұрсынбаев, Амангелді
Сейітхан, Саягүл Бірлесбек,
Манас Қайыртайұлы, Нұрзат
Қаруқызы қорғады. Ал Абай
атындағы ҚазҰПУ абыройы
үшін Аяулым Жұмабек және
Жасұлан Исақаев өлеңнен өрнек
салса, Өнер академиясы атынан
Қуаныш Әлімгер бақ сынады.
Әділ қазылар алқасының
т ө р а ғ а с ы с ү й і н б а й т а н у ш ы
Н а ғ а ш ы б е к Қ а п а л б е к ұ л ы
б а с т а ғ а н т ө р е ш і л е р ә д і л
б а ғ а б е р і п , б а й қ а у д ы қ о -
ры тындылады. Нәтижесінде
айтыстың бас жүлдесін Зура
Шай дымұрат иеленіп, Арулар
ордасының абыройын биікке
көтерді. Ж.Жабаев атындағы
арнайы жүлдемен марапаттап,
І орынды Аяулым Жұмабек
а л д ы . А л І І о р ы н А й т б е к
Тұрсынбаевқа бұйырып, ол
Құланаян Құлмамбет атындағы
арнайы жүлдемен марапатталды.
Қыздар университетінің тағы бір
аруы Арзыгүл Қайымбекқызы
Ақын Сара атындағы арнайы
ж ү л д е м е н м а р а п а т т а л ы п ,
3-орынды иеленді. Ж.Жабаев
атындағы Қазақ мемлекеттік
филармониясының директоры,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Ақан Әбдуәлінің демеушілігімен
жүлдегерлер арнайы ақшалай
сыйлықпен марапатталды.
К е ш с о ң ы Т . Ж ү р г е н о в
атындағы Өнер Академиясының
3 курс студенті Құмар Шаттық
пен Қуаныш Алтыбаевтың орын-
дауында әсем әнмен жалғасып,
қатысушылар сыйлықтармен
марапатталды.
Динара БАҒЫТОВА,
Қазақ филологиясы және
әлем тілдері факультетінің
2-курс студенті
отырған саясат төңірегінде топтасу
арқылы еліміздің одан әрі қарқынды
дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын
арттыруға қол жеткізе аламыз. Ал-
дағы қиындықты Елбасының сараб-
дал сая саты арқылы ғана еңсерміз.
Сондықтан осы күрделі заманда біз
барша қазақстандықтарды Елба-
сы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде
топтасуға шақырамыз», – деп атап
өтіп, университет студенттерінің
Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын
қолдау мақсатында Метро станция-
ларында «Нұрлы жолға – Елбасы-
мен бірге» атты акцияға белсенді
қатысқандығын айтып өтті.
(Жалғасы 3-бетте)
12-бет
газетінің «наурыз көжесі»
Ақын қыздар асқақтатқан абырой
№3 (126)
30 наурыз
2015 жыл
13 наурыз күні Алматы қаласы тарихы музейінің
ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен
Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай жас
ақындар айтысы өтті.
Елімізде ҚР Президент сайла-
уы 26 сәуір күні өтетіні белгілі.
Қазіргі уақытта үміткерлердің
үгіт-насихат жүргізу жұмыстары
басталып та кетті. Айта кетейік,
сайлау науқанының үгіт-
насихат кезеңі 24 сәуірге дейін
жалғасады.
БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ –
ЕЛБАСЫ!
Таңғы ас
сергітеді ме,
шаршатады ма?
27 наурыз күні Қазақ мем ле-
кеттік қыздар педагоги калық
университетінде «Біз Елбасын
қолдаймыз!», деген атпен Ұлт Көш-
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты
қолдауға бағытталған шара өтті.
Оқу орны белсенді жас та-
рының ұйымдастыруымен өткен
ш а р а ғ а 2 5 0 - д е н а с а с т у д е н т
қатысты. Белсенді жастар бар-
ша қауымды Н.Ә.Назарбаевты
қолдауға шақырып, арнайы флеш-
моб өткізді. ҚР Президенттігіне
үміткердің сенімді өкілдері, саяси
партиялардың басшылары, көрнекті
қоғам қайраткерлері, мәдениет
және өнер майталмандарымен бірге
Қыздар университетінің студенттері
де осылайша ерекше белсенділік
танытты.
Шараны Жастар саясатын да-
мыту бөлімінің басшысы Маржан
Ахтаева ашты. Ол алғы сөзінде:
«Армысыздар, белсенді жастар!
Біз «Нұрлы жол - болашаққа бас-
тар жол» бағдарламасын және
«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді
стратегиясын жүзеге асыру үшін
бар күш-жігерімізді біріктіруіміз
керек. Мемлекет басшысы жүргізіп
Ұлық мереке
құтты болсын!
Д.Ж.НӨКЕТАЕВА,
ҚазМемҚызПУ ректоры
Құрметті ұстаздар мен сту-
денттер!
Баршаңызды мейірім мен
ізгіліктің, тазалық пен татулықтың
нышанындай болған ұлыстың
ұлы күні Наурыз мейрамымен
шын жүректен құттықтаймын!
Төрімізге енгелі тұрған, жаңару
мен жаңғырудың нышаны, та-
мыры тым тереңде жатқан ұлық
мейрамымыз Ұлыс тойы – Жаңа
жылдың бастауы, адамзатқа
ортақ ұлық мереке. Бұл – жердің
тоңнан босап, жылғалардан
күміс су күліп, сыңғырлай ағып,
бұлбұлдар сайрап, табиғаттың
керіле оянған ғажап мезгілі.
«Әз болмай, мәз болмас»
дегендей, әз-Наурыз – жыл басы,
жақсылық пен молшылықтың
жаршысы! Ренжіскен адамдар
татуласқан, халықты тұтастық пен
бірлікке, достық мен ынтымаққа
шақырған ерекше мәнге ие мей-
рам. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев көктем мен ізгіліктің
мерекесі ретінде Наурыз тойының
Қазақстан халқының достығы мен
келісімінің жалпыұлттық салта-
натына айналуына ерекше мән
беріп келеді. Ұлыс тойына «бірлік
пен игіліктің, өзара түсіністік
пен қоғамдық тұрақтылықтың
символы», – деп баға берген.
Тәуелсіздік жылдары халықты
ұйыстыра түскен Наурыз мейра-
мы дәйім ынтымақ пен берекенің
бастауы бола берері хақ.
Ынтымақты арттыратын,
бір атаның баласындай ұлт пен
ұлыстарды ұйыстыратын берекелі
жыл болатынының нақты айғағы.
«Қыстағы қар – жерге ырыс,
Жердегі мал – елге ырыс» деген-
дей, ортақ үйіміздің қазаны ортай-
масын, байтақ еліміздің мәртебелі
ш а ң ы р а ғ ы ш а й қ а л м а с ы н
демекпін! Көктем мерекесі –
еңбектің тойы, тоқшылық пен
ырыс-құттың көрінісі, Наурыз –
жақсылықтан үміт күтетін уақыт.
Ең ұлық мерекеміз отбасы-ошақ
қастарыңызға бақ-береке, ырыс
пен ынтымақ әкелсін!
2
2
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№3 (126)
30 наурыз
2015 жыл
А Қ П А Р А Т
17 наурыз күні Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университетінде Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің Алматы қаласы бой-
ынша Департаменті ғылыми-
педагогикалық қызметкерлермен
және студенттермен кездесу өткізді.
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС:
ӘРКІМ ӨЗІНЕН БАСТАУ КЕРЕК!
Бұл жиынға Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және
Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
төрағасы Бақтияр Камалов, Алматы қаласы
Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік
қорының жетекшісі Совет Сейітов арнайы
қатысып, қоғамда белең алып бара жатқан
жемқорлыққа жол бермеу туралы ақпарат
берді.
Ресми кездесуде сөз алған универси-
тет ректоры Д.Нөкетаева: «Әрбір дамушы
ел үшін сыбайлас жемқорлық өте қауіпті
жағымсыз әлеуметтік көрініс болып та-
былады. Ол еліміздің, қоғамымыздың
және жекелеген азаматтардың мүдделеріне
көп зиян келтіреді. Ал, патриоттық сезімі
жоғары адам ғана елін, жерін қорғай оты-
рып, Отанының гүлденіп дамуы үшін бар
күш жігерін арнайтын болады. Осы орайда,
университетімізде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы және алдын алу мақсатында көптеген
іс-шаралар өтіп тұрады. Біздің білім нәрін
сеуіп, тәрбие берумен айналысып жүрген
оқытушыларымыздың ең бірінші міндеті;
жастардың бойына Отанға деген махаббат
сезімін ұялатып, сонымен қатар өз ортасын
құрмет тұту, табиғатты аялап, білімділік пен
«Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық
студенттер қозғалысының ұйымдастыруымен
Семей қаласындағы Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университетінде «Қазақстан
студенттер Альянсы» Республикалық студент-
тер қозғалысының 10 жылдығына арналған Х
Республикалық есептік слет өтті.
Жастардың әлеуметтік, экономикалық,
күнделікті-тұрмыстық мәселелері талқыланып,
шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен слет-
ке Қыздар университетінің студенттері де қатысып
қайтты. Университеттің «Қазақстан Студенттер
Альянсы» ұйымының көшбасшысы Жұманқұлқызы
Нүриля мен ҚСА орынбасары, Қазақ филологиясы
және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті
Тәжібаева Әйгерім онда арнайы баяндама жасап,
ұйымның атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Ж а л п ы ж и ы н ғ а 1 4 о б л ы с т а н 1 5 0 д е -
л е г а т қ а т ы с т ы . А т а п а й т қ а н д а Қ а з а қ с т а н
Республикасының ЖОО және колледж студенттері,
жоба ұйымдастырушылары, ҚР Білім және ғылым
министрлігі өкілдері, жастар ұйымдарының
көшбасшылары, қалалық, облыстық және
республикалық БАҚ өкілдері.
А й т а к е т е й і к , 2 0 0 5 ж ы л ы Е л б а с ы н ы ң
қолдауымен құрылған жастар ұйымының қазіргі
уақытта еліміз бойынша 60 мыңға жуық мүшесі бар.
Олардың барлығы өңір-өңірде қоғамға пайдасын
тигізетін игілікті істердің ұйытқысы болып жүр.
Студенттерге әлеуметтік-құқықтық көмек беру,
мамандық таңдау, кәсіппен шұғылдану сынды
өзекті мәселелерге байланысты жәрдемдесу жас-
тар бірлестігінің басты мақсаты. Биылдан бастап
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» мүшелігіне
аудандардағы мектеп оқушылары да кіре бастаған.
Аталмыш іс-шараның салтанатты ашылуы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінде өтті. Шара барысында делегат-
тар атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп,
алдағы жоспарларды айқындады. Республика
аймақтары көшбасшыларының пленарлық отыры-
сы «Кәсіпкерлік негізі және бизнесті жоспарлау»,
«Топтық жұмыс және көшбасшылық қасиет», «Сту-
денттер құқығын қорғау» және т.б тақырыптарға
арналған семинар-тренингтермен жалғасты. Шара
соңында барлық қатысушыларға сертификаттар
табыс етілді.
Нәзира НҰРҒАЗЫ
К о н ф е р е н ц и я ғ а Қ а з М е м Қ ы з П У
«Ұлағат» бастауыш партия ұйымының
төрайымы С.Н.Акишева, «Нұр Отан»
п а р т и я с ы А л м а л ы а у д а н д ы қ ф и л и -
алы Төрағасының бірінші орынбасары
Н.А.Ордабаева, «Жас Отан» ЖҚ Алмалы
аудандық филиалының атқарушы хатшысы
міндетін атқарушы Айдын Нұрланұлы, «Жас
Отан» ЖҚ бастауыш бөлімшелерінің деле-
гаттары мен Алмалы ауданының жоғары оқу
орындарының және Қыздар университетінің
студенттері қатысты.
Жиын «Жас Отан» Жастар қанатының
2020 жылға дейінгі бағдарламасының жо-
басын талқылау, «Жас Отан» ЖҚ Алматы
қаласы, «Жас Отан» ЖҚ Алмалы аудандық
филиалының атқарушы хатшысын сай-
лау, «Жас Отан» ЖҚ Алматы қалалық
филиалының VI кезекті конференциясына
қатысатын делегаттарды ұсыну мақсатында
өткізілді.
Бастауыш партия ұйымының төрайымы
С.Акишева «Қазіргі таңда жастарға аса
белсенділік таныту керек. Олар сапалы
білім алуға ұмтылулары керек. Бүгінде бір
ғана тілмен алысқа ұзай алмаймыз. Орыс
тілімен қатар, ағылшын секілді бірқатар
шет тілдерін меңгеріп, старт-ап жобаларын
ұсынып, ғылымның дамуына, өндірістің
дамуына үлес қосу да жастар үшін маңызды.
Осы ретте «Нұр Отан» партиясының ел да-
муы үшін жасап жатқан жұмыстары елеулі.
«Жас Отан» жастар қанатының белсенді
мүшелері де жастарды көшбасшылыққа
бастап, мақсат-міндетін айқындауға, белгілі
бір жетістікке жетуге ұмтылуға үйретіп
келеді», – деп пікір білдірді. «Ұлағат» бас-
тауыш партия ұйымының мүшелері күн
санап артып келе жатқандығын, мыңға жуық
мүшенің жартысынан астамы студенттер
екендігін де жеткізді.
Конференцияда Қыздар университеті
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы
хатшысы Кәмшат Мәлік «Жас Отан»
жастар қанатының 2020 жылға дейінгі
стратегиялық бағдарламасын түсіндірсе,
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жас
көшбасшылар мектебінің» тренері Ас-
лан Байзақанов лидерлік курстар туралы
ерекше атап өтті. «Жас Отан» ЖҚ Алмалы
аудандық филиалының аиқарушы хатшысы
міндетін атқарушы Айдын Нұрланұлы «Жас
Отан» ЖҚ Алматы қалалық филиалының
VI кезекті конференциясына қатысу үшін
ұсынылатын делегаттардың тізімімен
таныс тырды.
«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық
филиалы Төрағасының бірінші орынбасары
Н.А.Ордабаева «Жас Отан» ЖҚ Алмалы
аудандық филиалының атқарушы хатшы-
сына конференцияда Қыздар университеті
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы
хатшысы Кәмшат Мәлікті ұсынды. Жиын
барысында конференция қатысушылары
К.Мәліктің кандидатурасын қолдап,
бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар,
конференцияға ұсынылған делегаттар
тізімін бекітті.
Әлия КЕМЕЛБЕКОВА
Алматы қаласынан бөлек Алматы, Жам-
был, Оңтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан
секілді еліміздің жеті облысы бойынша
өткен білім сынағы бірдей уақытта сағат
12.00-де бас талды. Басты ерекшелік – Білім
сайысына тек қана қыз балалар қатысты.
Олимпиада сегіз пәннен өтті: қазақ тілі мен
әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын
тілі, физика, биология, география, дүниежүзі
тарихы және химия. Олимпиаданың ең
жоғарғы көрсеткіші – 100 балл.
Қ а з М е м Қ ы з П У р е к т о р ы Д и н а р
Нөкетаеваның бастамасымен төртінші
жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған
білім сайысының басты мақсаты - мектеп
бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу,
дарынды оқушыларды айқындау, жастар ара-
сында іргелі ғылыми білімді дамыту, білімді
жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына
көмектесу болып табылады. Олимпиада
облыстық білім Басқармаларымен, аудандық
білім бөлімдерімен бірлесе өткізіліп келеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер нау-
рыз айының соңында анықталып, мара-
патталады. Олимпиаданың әр пәнінен
1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған
пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-
ға қажетті өту балын алған жағдайда
шәкіртақысыз университет Ректорының
грантына ие болады. Ал, жүлделі орын
алмағандарға, бірақ Олимпиаданың дең-
гейінен өткендерге ҚазМемҚызПУ-ға
бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін
сертификаттар табыс етіліп, оқуға түсуге
түрлі жеңілдіктер жасалады.
Н.ЕЛЕУХАН
Есептік слет
Семейде өтті
Кәмшат – атқарушы хатшы
«Ы.Алтынсарин – 2015» олимпиадасы өтті
адалдыққа, рухани тазалыққа баулу болып
табылады» деді.
Өз кезегінде Алматы қаласы бойынша
Тәртіптік Кеңес төрағасы Бақтияр Камалұлы:
«Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде,
оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет
туралы» заңдар болып табылды, бірқатар
бағдарламалық құжаттар іске асырылу-
да, мемлекеттік қызмет және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
САПАР
БАСҚОСУ
ОЛИМПИАДА
19 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жас
Отан» жастар қанатының Алмалы аудандық филиалының конференциясы өтті.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен еліміздің
жеті облысында республикалық «Ы.Алтынсарин - 2015» пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға қатысуға еліміз бойынша 4 мыңнан аса мектеп бітіруші оқушылар ниет
білдірген.
функцияларды кешенді түрде іске асыратын
арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы
халықаралық ынтымақтастық белсенді
жүзеге асырылуда» деп, нақты-нақты мы-
салдар айта отырып, мазмұнды баяндама
жасады. Ал, Оқу ісі жөніндегі проректор
Ә.Тойбаев «Елбасы Жолдауын орындаудағы
өзекті мәселелер» деген тақырыпта өз ойын
ортаға салып, университеттегі оқу үдерісіне
кеңінен тоқталып өтті.
Сондай-ақ, студенттер тақырып аясын-
да көкейінде жүрген сауалдарын қойып,
тұшымды жауап алды. Қазақстан Респуб-
ликасы 2015-2025 жж. арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы Стратегиясы аясында
қарсы әрекет ету, алдын алу және бол-
дырмау – еліміздегі маңызды мәселесі
болып табылады. Сол себептен сыбайлас
жемқорлыққа әркім мүмкіндігінше тосқауыл
қойып, жастарды жарқын да, даңғыл жолға
түсіру қажет. Сонда ғана ұлт үмітін ақтап,
Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуына
қомақты үлес қоса аламыз. Жиынның
тобықтай түйіні осы болды.
Арай ӨТЕЕВА
3
3
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№3 (126)
30 наурыз
2015 жыл
Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К
(Басы 1-бетте)
Шара барысында бірінен соң бірі
сөз алған белсенді жастар Елбасының
білім, ғылым, жастар мәселесінде атқарып
жатқан істерін, тұлғалық қасиетін,
көрегенді басшылығы мен еліміздің
өркендеп дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Біз, Қазақ мемлекеттік қыздар
п е д а г о г и к а л ы қ у н и в е р с и т е т і н і ң
студенттері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
бастаған көштің тек алға жылжитынына
сенеміз. Біз Нұрлы жолымен еліміздің
көшілгері дамуына ерен еңбек сіңірген
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың
к а н д и д а т у р а с ы н қ о л д а й м ы з . Б і з г е
жарқын болашақ, кемел келешек керек!
Елбасының бұл жолдағы бағдары белгілі,
мақсаты айқын. Біз сондықтан, еліміздің
жарқын болашағына сенеміз! Ендеше,
26 сәуір күні бәріміз, біркісідей, барша
қазақстандықтар, сайлау учаскесіне келіп,
ең алдымен өзіміз үшін, өзіміздің от-
басымыз үшін, өзіміздің болашағымыз
үшін, қазақ елі мәңгілік болуы үшін,
дауыс берейік», – деді Алмалы ауданы
бойын ша «Жас Отан» жастар қанатының
атқа рушы хатшысы, физика-математика
факультетінің 2 курс студенті Камшат
Мәлік.
Одан әрі сөз алған Қазақ филологиясы
және әлем тілдері факультетінің 1 курс
студенті Жанерке Серікова: «Бүгінгі жас-
тар – болашақ қуатты Қазақстанның жан-
ды бейнесі. Мемлекетімізде әрбір жастың
алаңсыз, білім нәрімен сусындауына ба-
рынша жағдай жасалған. Көшбасшымыз
Нұрсұлтан Әбішұлының көреген сая-
сатының, білікті басшылығының ар-
қасында ғасыр көлемінде, дәуір деңгейінде
атқарылатын жұмыстар жасалды. Жалын-
даған жас тар үшін, толқымалы кезеңде
Ұлт Көшбасшысының
еңбегі зор
Жарқын болашаққа сенім мол
Биыл Қазақстан тарихына ерек-
ше саяси оқиға белгіленетін болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының
ұсынысымен бүкілхалықтық қол-
дауға ие болған маңызды шара – ҚР
Президенттік сайлауын 26 сәуірде
ө т к і з у г е ш е ш і м қ а б ы л д а н ы п ,
дайындық науқаны басталып та
кетті.
Егемендік алғаннан кейінгі ши-
рек ғасырға жуық уақытта мемле-
кет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
еліміздің дамуы жолында жасаған
е ң б е г і ө л ш е у с і з . Н ұ р с ұ л т а н
Әбішұлы – әлемнің аса ірі мемле-
кет басшылары мойындаған дүние
жүзіне әйгілі саясаткер. Елбасы –
ел басқару ісінде халықымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәлім-
тәрбиесі мен әлемдік тәжірибесін
жинақтаған ең таңдаулы тұлға.
Ел өмірінің тіршілік-тынысын
терең білу, ел ішіндегі және әлемдік
мәселелермен санаса отырып кез-
келген проблемалардың дұрыс
шешімін табу, таңдалған бағытты
табандылықпен жүзеге асыру –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
мемлекет басшысы ретіндегі ең бас-
ты қасиеті.
Н.Назарбаевтың бастамасымен
тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-
тарихи маңызы бар қыруар істер
атқарылды. Олардың ішінде 1991
жылдың күзінде 40 жылдан астам
уақыт бойы 459 ядролық жары-
лыс өткен Семей ядролық сынақ
полигоны жабылды. Қазақстан
дүниежүзінде осындай қаруды жою
бастамасын көтерген тұңғыш мем-
лекетке айналды. Өз алдымызға
туымызды тігіп дербес ел болдық.
Нарықтық экономикалық рефор-
маларды бастап, аяғымыздан нық
тұрып әлемге танымал мемлекет-
тер дәрежесіне жеттік. Осы ауыр
жолдан өту кезінде Қазақстанды
басқару міндеті тұңғыш Президентке
бұйырды.
1997 жылы мемлекет басшысы
Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан –
2030» даму стратегиясы 2012 жылы өз
міндетін мерзімінен бұрын аяқтады.
Нәтижесінде Қазақстан әлемнің
дамыған 50 елінің қатарына жетті.
Одан кейін «Қазақстан – 2050»
сратегиялық міндеті қабылданып
әлемнің ең дамыған 30 елінің
қатарына жету міндеті алға қойылып
о т ы р . Е л о р д а н ы ң А л м а т ы д а н
Астанаға көшірілуі жүзеге асты.
БҰҰ-ның шешімімен Астана әлем
астанасы атағына ие болды.
Көптеген ұлт мен ұлыстың
өкілдері тұрып жатқан Қазақстанда
татулық, ынтымақтастық, бірлік
өзара түсіністік орын алған. Бұл
бұдан 20 жыл бұрын Елбасының
бастамасымен құрылған Қазақстан
халықтары Ассаблеясының жұмы-
сын дұрыс жолға қоюға байланысты
деп айтуға толық негіз бар.
Бірлік пен татулықтың ұран ет-
кен Ассамблея президенттік сай-
лау өткізу туралы ұсыныс жасады.
Бүкілхалықтық қолдауға ие болған
ұсыныс жүзеге асырылатын болады.
Ел басқару, басшыны тағайындау
аса зор жауапкершілікті талап ететін
мемлекеттік маңызы зор іс. Елбасы
жариялаған «Мәң гілік Ел» ұлттық
идеясымен жаңа қазақстандық
патриотизді іске асыру барысында
алдағы сайлауда халық дұрыс таңдау
жасап, дауыс беруге өз үлестерін
қосады деген сенімдемін. Біздің
болашағымыз – өз қолымызда!
елдің бірлігін, мемлекеттің біртұтастығын
сақтау маңызды, ол көреген көшбасшы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ғана
қолынан келеді. Бізде Елбасы біреу. Ен-
деше, кемел келешек пен бағдарлы да
жарқын болашаққа «Нұр Отан» парти-
ясы атынан Қазақстан президенттігіне
кандидаттыққа ұсынылған, Елбасымыз-
Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге жетейік,
құрметті Жастар!», деп атап өтсе, Физика-
математика факультетінің 1-курс студенті
Қазына Яхудаева: «Мен елімнің патриоты
және белсенді азаматшасы ретінде алдағы
26 сәуір күні болатын ҚР Президенттік
сайлауында дауыс беремін! Себебі дауыс
беру – ол болашақ тағдырынды таңдау. Ал
Астанада өткен еліміздің ең ірі саяси ұйымы
«Нұр Отан» партиясының съезіне еліміздің
барлық аймақтарынан өкілдер қатысқаны
белгілі. Олардың ішінде, 300-ден астам баста-
уыш партия ұйымының төрағасы мен 1200-ден
астам делегат бар. ҚазМемҚызПУ ректоры
Динар Нөкетаева да «Нұр Отан» партиясының
XVI съезіне делегат ретінде қатысып қайтты.
Партия сьезінде «Нұр Отан» партиясының
делегаттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ҚР Пре-
зидент сайлауына кандидат ретінде ұсыныс
жасап, оны бірауыздан қолдады. Маңызы
зор тарихи жиында Мемлекет басшысы,
Н.Назарбаев ҚР Президентінің кезектен
тыс сайлауына қатысуға келісім беріп: «Өз
кандидатурамды тек бір мақсат үшін ғана,
алдымызда тұрған қиын міндеттерді шешуге
бағытталған жаңа міндеттерді ұсыну үшін ғана
ұсынатын боламын» деп мәлімдеді. Осыған
орай, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің ұжымы мен студенттері
арнайы Елбасы кандидатурасын қолдауға
арналған «Біздің таңдауымыз – Елбасы» атты
патриоттық шара ұйымдастырды.
Қыздар университеті ректоры Динар
Нөкетаева: «Күні кеше ғана, яғни 11 наурыз күні
Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының
XVI съезі өтті. Партия Төрағасының орынбаса-
мен болашақ тағдырымды тек Елбасымен
бірге елестетемін. Және баршаңызды,
еліміздің белсенді де жалынды жастары
ретінде дауыс беріп, Елбасымызды қолдауға
шақырамын!» – деді.
Осылайша Елбасы бағдары дұрыс
деп санайтын Қыздар университеті
студенттері Тұңғыш Президентіміз ғана
елді алдағы қиындықтардан абыроймен
алып өтетініне, еліміздің гүлденуіне сенім
білдірді және «Н.Ә.Назарбаевқа дауыс
беру арқылы нұрлы болашақтың дамуына
өз үлесімізді қоса аламыз», – деп барша
қауымды сайлауға қатысуға шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: |