Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

Резюме 
Мақалада Қазақстанның инновациялық қызметін қаржыландыру мəселелері қарастырылған, инновацияға салынатын 
инвестиция  түрлері  жүйелендірілген,  Қазақстандағы  жəне  шетелдегі  инновациялы-белсенді  кəсіпорындардың  үлесі 
анықталған.  Экономикадағы  жəне  жалпы  тауарлар  мен  қызметтер  өндірісіні  сферасындағы  инновациялық  мəселелерді 
тежеуші себептер анықталған. 
 
Financial sources of activization of innovative activity 
Kokenova Aiganym Turdyevna, Ph.D. in Economics assistant professor 
Summary 
In article questions of financing of innovative activity of Kazakhstan are considered, is systematized the types of an 
investment put in an innovation, the share of the innovation-active enterprises in Kazakhstan and abroad reveals. The main 
sources of the means used for financing of innovative activity are systematized. The reasons constraining innovative questions in 
the sphere of production of goods and services and in economy as a whole are established. Sources of own means of the 
enterprises, directed on innovative activity are revealed.  
 
 
 
 
ƏОЖ 94 (574) 39.392.4 
 
Т.Е.КАРТАЕВА 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҮЙЛЕНУ САЛТЫНДАҒЫ ҚАЛЫҢ МАЛ БЕРУ РƏСІМІ 
 
Аннотация 
Қалың мал - қазақ халқының үйлену, некелесудегі дəстүрлі ғұрыптық салтында қалыңдық үшін берілетін 
мал жиынтығынан тұратын кəдесі. Берілген қалың мал қалыңдықтың жасауына, сəукелесіне, той жабдығына 
жұмсалған жəне қалыңдық жасауы қалың мал көлеміне сай келген. Қызды қалың мал толық төленіп болған 
соң  ұзатқан.  Қалың  мал  бас  жақсы,  қара  мал,  жанама  жақсы,  ілу,  той  малы,  сүт  ақысы  деген  бөліктерден 
тұрған.  Қалың  мал  көлеміне  алғаш  құда  түсер  рəсімінде  келіскен,  келісім  батамен  бекітілген.  Қалың  мал 
көлеміне  келісім  күйеу  баланың  отбасының  əлеуметтік  жағдайына  қарай  шешілген,  кедейлер  арасында 
қалың  мал  көлемі  жеңілдетіліп  бекітіліп,  балама  қалың  мал,  дөңгелек  қалың  мал  деп  аталды.  Қалың  мал 
көлемі,қалың малды беру жəне қайтару реті  əдеттік құқықтық ережемен бекітілген.  
Тірек сөздер.Қалың мал көлемі, құда түсу, қалыңдық жасауы, неке келісімі. 
Ключевые слова:Размер калыма, сватовство, приданое невесты, условия брака. 
Keywords: size of kalym, matchmaking, dowry of the bride, the marriage condition. 
 
Дəстүрлі  қазақ  қоғамында  құдаласу  дəстүрі  «қалың  малсыз»  шешілмеген,  əрі  қалың  мал  беру 
ертеден  қалыптасқан  дəстүр.  Құда  түсуге  барар  алдында  əулет  ақсақалдары  жиналып  «мəжіліс» 
немесе  «мəслихат»  құрып,  өзара  ақылдасып,  құдалыққа  кімдер  баратынын  шешкен.  Құдаласу 
шешімі  қабылданған  соң  ұл  əкесі  қыз  əкесінің  ауылына  қызды  айттыруға  «жаушы»  жіберген. 
Жаушының  міндеті – қыз əкесін көндіріп, келісімін алып, қызға құда түсуге келер күнді белгілеп 
қайту.  Жаушы  бұйымтайын  жеткізіп,  «қарғыбау»  деп  аталатын  кəде-сыйын  береді,  өзі  «шеге 
шапан»  деп  аталатын  кəде,  яғни  ат  мініп  немесе  шапан  киіп  қайтады.  Қыз  əкесі  құда  түсуге 
келісімін  берсе,  кəдесін  беріп  жатып, «киіт  киіп,  сойыс  жеп,  құда  түсіп  қайтсын», -  дейді,  содан 
кейін ұл əкесі ағайындарын алып құда түсуге барады. Құдалар саны 3 тен 9 адамға дейін болған [5, 
с.15]. «Қорқыт  Ата  кітабы»  баянында  Бай  Бурабек  ұлы  Бəрікке  Бану  Шешекті  айттыруға  жаушы 

№2. 2014 
 
 
119 
ретінде Қорқыт Атаны жіберген, себебі Бану Шешектің ағасы Дели Қаршар қарындасын айттыра 
келген жаушының бəрін өлтірген [12, 146-б]. Дели Қаршар қарындасы Бану Шешекті Бəрікке беру 
үшін қалың малына мың бура, мың айғыр, мың қошқар сұраған [12, 147-б]. 
Қалың малдың көлемі күйеу жігіт əкесінің əлеуметтік жағдайына байланысты болды. Сыр өңірі 
қазақтарының  қалың  мал  көлемін  Қ.Қостанаев  үш  категорияға,  ауқаттылар,  орташалар,  кедейлер 
арасында деп бөліп қарастырған. Қ.Қостанаев бойынша, бай қазақтардың қалың малының қара мал 
бөлігі–47  басты  құрады,  яғни  бас  жақсы – 9 түйе, 8 құлынды  бие – 16 бас  мал,  3 жасар  құнан-
құнажын – 8 бас, 2 жасар 7 бас тай, жеке ту бие – 1 бас; жанама жақсы  – 1 жылқы немесе 1 түйе, 1 
жылқы; аяқ жақсы  – 1 түйе, 1 жылқы, 1 ірі қара жəне мылтық. Орта тұрмысты адамның қалың мал 
көлемі 27 – ден 37 бас  малға  дейін  қамтылды.  Кедейлер  тұрмысында  қалың  мал«дөңгелек  қалың 
мал» деп аталып, 7-ден 9 бас малды құрады, кейде кедей отбасында екі жақтың келісімі бойынша 
бір-біріне сый-кəде бермей екі жасты қосқан. Кей жағдайда жылқы, түйе орнын қой ауыстырып, 1 
бас жылқы немесе 1 бас түйе  6-8 қойға тең болған [8, с.24]. Ал, И.И.Ибрагимов бойынша,қалың 
мал  көлемі  ақсүйектер  арасында – 57, байлар  арасында–37,  орташалар  арасында –27, кедейлер 
арасында – 17 бас малды құраған [7, с.128]. М.Лавров бойынша, байлар арасында қалың мал 57-77 
бас  жылқы  болған [9, с.35-36].Г.Загряжский,  П.Е.Маковецкий  де  ең  төмен  қалың  малдың 17 бас 
болғанын  айтады [14, с.129; 224,І,  с.5].  Г.Загряжскийдің  бақылауынша  Сыр-Арал  өңірінде  бай 
қазақтардың қалың малы 47 бастан 100 басқа дейін (900-1000 рубльден 5000 рубльге дейін) барған 
[14, с.129]. Сыр қазақтарының қалың мал мөлшерінің көлемі солтүстік-батыс қазақтарының қалың 
мал мөлшерінен онша айырмашылығы болмаған [16, л.4]. 
Н.И.Гродековте  Перовск  уезінің  биі  Мекебай  Сұлтанбаевтан  жазып  алған  дерегіне  сүйене 
отырып,  қалың  мал  төлеудің  көлемін  үш  категорияға,  біріншісі  байлар  арасында,  екіншісі – 
орташалар  арасында,  үшіншісі  кедейлер  арасында  деп  бөлген  жəне  қалың  малдың  көлемінің 
құдалардың  əлеуметтік  статусына,  жағдайына  қарай  шешіліп  отырғандығын  ашып    көрсеткен. 
Перовск уезі қазақтары арасында қалың малқара мал, бас жақсы, сүт ақы, той мал, ілуден тұрған. 
Қара  малқалың  малдың  негізгі  бөлігі,  бұны  қалыңдықтың  құны  десе  де  болады.  Қара  малды 
құрайтын қырық жетінің құрамында жанама жақсы, жеке ту бие, жылқы, қалың түйе болды.  Бас 
жақсыға  малмен  қатар  киіттер  де  енді [4, с.79].  Осылайша,қалың  малдың  көлемі  ауқаттылар, 
орташа  ауқаттылар,  кедейлер  арасында  əр  түрлі  болып,  айырмашылықтары  мал  басынан  көрінді. 
Мысалы, қара мал ауқаттылар арасында – 60 саулық, 60 тоқты, орта ауқаттыларда – 40 саулық, 40 
тоқты, кедейлер арасында – 30 саулық; бас жақсы ауқаттыларда – 60 тұсақ, орташаларда – 40 тұсақ, 
кедейлерде 1 түйе, 1 жылқыны  құраған;  той  малға  ауқаттылар – 100 қой,  ілуге 10 түйе, 20-30 
жылқы  берсе,  орташалар  осыған  пара-пар  немесе  одан  азырақ  берген.  Ал  кедейлер  шама-
шарқылары келгенше ғана азын-аулақ мал берген немесе мүлдем бұл кəдені орындамаған. 
Н.И.Гродеков бойынша қалың малдың құнын ақшалай беруді «домалақ қалың мал» деп атаған. 
Мысалы, Перовск уезінде  қара мал көлеміндегі 60 саулық пен 60 тоқты 500 рубльға тең болған [4, 
с.78-79].  Дегенменде,  Сыр  бойы  қазақтарының  қалың  мал  көлемінде  үш  категория  бойынша  да 
Сырдария облысының басқа уездерімен салыстырғанда айырмашылық  болды. Мысалы, Əулиеата 
уезінің ауқатты қазақтары арасында қара мал – 8 құлынды бие, 12 бойдақ қой немесе 80 саулық 40 
бойдақ қойдан; бас жақсы 5 – 12 түйеден; аяқ жақсы – 3 түйеден; той мал 9 – 20 жылқыдан тұрған. 
Ал, Шымкент уезі ауқатты қазақтары арасында 47-ні құраған қалың малкөлемінде 8 құлынды бие, 
оның төртеуін 60 қой ауыстыра алған; 2-4 жасар 12 бойдақ жылқы, оның алтауын 30 қой ауыстыра 
алған; қалған 6 жылқыны ту ат, жас ат, жанама ат, жеке ту бие, желітөбе түйе құраған. Сондай-ақ, 
бұған қосымша үй жыртыс, көкпар, бəйгеге тігілетін жүлделер алып келген [4, с.79-82]. 
Ə.Диваевтың  Шымкент  уезінен  жазып  алған  дерегі  бойынша,  қалың  малдың  ең  жоғарғысы 8 
құлынды  бие, 13 жылқы, 9 түйеден  тұрған,  қыз  əкесі  құда  түсуге  келген  құдаларына 100 қой 
көлемінде  сый  береді,  ұлдың  əкесі  «бата  аяқ»  құдасына  бір  түйе,  бір  жылқы  жібереді,  оны  алып 
барған адамдарға қыздың əкесі ат беріп, шапан жауып қайтарады.Сонан соң ұлдың əкесі құдасын 
үйіне  шақырып,  қалың  малдың  алғашқы  үштен  екі  бөлігін  беріп  жəне  де  құдалыққа  мал  алғалы 
барғандарға түйе, ат-шапан жауып қайтарады  [5, с.16].  
Торғай өңірінде қалың мал көлемі байлар арасында – 100-150 бас малды, орташалар арасында – 
75-100 бас малды, кедейлер арасында баламалы қалың мал– 20-40 бас малды, дөңгелек қалың мал – 
10  бас  малды    құрады [3, с.78].  Ф.Лазаревский  Орынбор  қазақтарының  айтуы  бойынша: «Ең 
жоғарғы қалың мал алты жиырма болып есептеледі. Қазақтар жиырманы не 60 қойға немесе 16 ірі 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
120  
қараға немесе 2 түйе мен 2 жылқыға немесе 4 түйеге теңестіреді... Алғашқы екі жиырма жоғарыда 
көрсетілген  мал  түрімен  есептеледі,  үшінші  жиырма  түйе,  жылқы,  өгіз  бен  мылтықтан  тұрады, 
төртіншісі  біріншісімен  бірдей,  оған  қосымша  жақсы  ат  пен  жас  жəне  кəрі  екі  бие  беріледі, 
бесіншісі төртіншісімен бірдей, оған сауыт қосылады. Барлық алты жиырманы, шамамен, 400 руб., 
күміс деп есептеуге болады. Бұл қалыңдық үшін ең жоғарғы төлем. Ең төменгі төлемнің мөлшері ½ 
немесе ¼ жиырма: шамамен 30-15 күміс руб.», - деген мəліметті жазып алған[13, №154].  
«Азиатская  Россия»  жинағының  авторлары: «Перовск  уезінде  бай  қазақтың  қалың  малы 500 
рубль, 3 түйе, 2 жылқы, 1 құлынды  бие, 100 қой  той  мал  ретінде  той  атқаруға,  жасау  ақысына 
берілген,  ертеде  қалың  мал  көлеміне  «жасау  ақысы»  еніп,  жаңа  киіз  үй  жасатуға 10  түйе,  ішкі 
жабдықтарына 20-30 жылқыға дейін берген, қалың малдың ең төмені 27 бас малдан тұрған», -дейді 
[1, І, с.161]. Бұл жинақтың авторлары «жасау ақысы» деп көрсеткен қалың мал бөлігін «ілу»ретінде 
қабылдау керек. Ал, П.Е.Маковецкий бойынша ілуге түйе, жамбы, кілем, мата берілген.Қалың мал 
көлеміндегі 1 жылқыны 6 қой ауыстырған. [10, І, с.16].  
Қалың  мал  көлемі  уақыт  өткен  сайын,  заманына  сай  өзгеріске  еніп  отырған.  Мысалы,  Лев 
Баллюзек  бойынша,  ертеректе  бас  жақсы  «ең  құнды,  ең  жақсы»  деген  сөзді  білдірген.  Бұған 
күнделікті  тұрмыста  төрт  зат  кіреді.  Яғни,  мерген  мылтық;  жаугершілікте  жаныңды  сақтайтын 
сауыт; бəйгеге салатын жүйрік ат; тұрмысқа қажетті күші мол түйе. Бұл төрт заттың əрқайсысының 
құны – 5 ірі малға пара-пар, яғни аталмыш құнды заттары жоқ адам орнына жиырма ірі мал берген. 
Кейін  келе,  шамамен  ХІХ  ғасырдың  ортасында  бас  жақсының  мəні  өзгеріп,  аталған  төрт  заттың 
орнына тұрмысқа қажетті керекті дүниелер немесе мал, не ақша берілген. Мысалы, Торғай уезінде 
бас жақсыға 3-12-дейін жылқы немесе 100-300-ге дейін, тіпті 600-1000-ға дейін күміс ақша берген 
[3, с.74-75].  
Торғай  облысында  қара  мал  байлар  арасында – 47 бас,  орташалар  арасында – 37 бас  болған, 
жанама жақсыға жеке ту бие, тұсақ, ілуге - 10 түйе немесе 30дан 80 жылқы, той малға 20-дан 70 
жылқыға  дейін,  сүт  ақыға 1-ден 7 түйеге  дейін  берілген.  Ілуді  күйеу  жігіш  алғаш  ұрын  келгенде 
əкелген. Ілу берудің  де аймақтық ерекшелігі  болды,  ілу беру күйеу  жігіттің ұрын  келіп тұруына 
кепіл деуге де болады. Торғай өңірінде ілудің көлемі қара мал көлемінен кем болмаған. Бай күйеу 
жігіт ілуге 30 дан 80 жылқыға дейін берген [3, с.76-77].Ы.Алтынсарин бас жақсыны қалың малдан 
бөлек келісіп, оны күйеу жігіт қалыңдықтың сəукелесіне арнап берген, бай қазақ бас жақсыға 500-
600  сом,  орта  дəулеттілер 200-300 сом  берген, - деп  түсіндірген [2, 5-л.].  Сондай-ақ,  күйеу  жігіт 
қалың мал үстіне 2 түйеден тұратын жігіт түйе немесе қалың түйе  деп аталатын кəде берген, оны 
қалыңдықтың ата-анасы қыздың сəнді көйлегі үшін алған [3, с.77].  
Жоғарыда  келтірілген  мəліметтер  қалың  мал  көлемінің  аймақтық  ерекшелігі  болғанын,  əрі 
көшпелі  мал  шаруашылығы  басым  болған  өңірде  қалың  мал  көлеміде  жоғары  болғандығын 
дəлелдейді. 
Қалың мал көлеміне келісуді «неке келісімі» дейді. Қалың мал келісімін батамен бекітеді. Кей 
отбасында бата жасауға молда шақырылған. Құдаласу мəселесін шешуге келген құдалар құрметіне 
қыз  əкесі  бəйге  беріп,  сайыс  ұйымдастырып,  той  жасайды.  Той  «құда  тартыс»  ойынымен 
жалғасады[11, c.45]. Келесі күні қыз əкесі құдаларды түйе, жылқы мінгізіп, киіт кигізіп шығарып 
салған.   
Құдаласқаннан  соң  бірнеше  күннен  соң  күйеу  жігіттің  əкесі  қыз  ауылына  «шақырушы» 
жібереді. Шақырушыдан хабар алған қыз əкесі, өз ағайындары арасынан таңдап алған құдалармен 
уəделескен қалың мал мен киіттің бір бөлігін алып кетуге жігіт ауылына келеді. Құдалардың бұл 
келуі  де  «құда  түсер»  деп  аталады.  Қыз  жақтан  келетін  құдалар  саны  əдеттегіден  бір-екі  адамға 
кем  болған. Күйеу жігіт ауылында да құдалардың келу құрметіне ойын-сауық ұйымдастырылған. 
Келесі күні «қалың малдың» бір бөлігін беру, яғни  «мал беру» рəсімі жасалады. Құдалар қой алса, 
қойшыға  шапан немесе бірнеше аршын матадан тұратын «тұсақ бау», жылқы алса, жылқышыға 
«құрық  бау»деп  аталған  шапан  мен  жейдеден  тұратын  сыйлық  берген.  Құдалар  аттанар  уақытта 
күйеу  жігіттің  əкесі  ұлын  ертіп  келіп  «күйеу  көрімдік»  алған.  Байлар  арасында  бұл  көрімдік 1  
жылқыға тең болған.  
Қалың  мал  беру    реті  мен  тəртібі  қазақтың  əдеттік  құқықтық  заңында  бекітілген.  Құдаласу 
келісімі бұзылған жағдайда кінəлі жақ алған сыйын толық қайтарып, айыпқа «тоғыз» төлеген [14, 
с.129; 3, с.79].  Əйел  үстіне  алатын  қалыңдықтың  қалың  малы  артық  төленетін  болған. 
Атастырылған қыз бойжеткесін басқа жігітпен қашып кетсе, жаңа күйеу бұрынғы жігітке орнына 

№2. 2014 
 
 
121 
қалың малсыз қыз немесе қалың мал берген [4, с.58]. Ал, басы бос қыз əкесінің келісімінсіз сүйген  
жігітімен қашып кетсе, онда күйеу жігіт қыз əкесіне қалың малмен бірге айып төлеген [4, с.61]. 
Қалыңдық күйеу жігіт ұрын келгеннен соң өлген жағдайда,  қалың малының бір бөлігі төленген 
соң өлген жағдайда немесе əйелі өлген жағдайда орнына оның сіңілісін алатын болса балдыз қалың 
мал қосып берген. Балдыз қалың мал түйе бастаған тоғыздан тұрған, яғни үш түйе, үш жылқы, үш 
ірі  мал.  Өлген  қалыңдықтың  орнына  беретін  басқа  қызы  болмаса,  қыз  əкесі  қалың  малын 
қайтарған. Егер қалыңдық күйеу ұрынкелмей тұрып өлсе, онда келісілген қалың мал үстіне балдыз 
қалың мал төлемеген. Егер күйеу жігіт балдызды алмаймын десе, онда қалың малды қайтарып алу 
құқығынан айырылған. Егер қалыңдық той алдында қалың малы толық төленген соң өлсе, орнына 
беретін басқа қызы болмаса, онда қалың мал жасау ретінде қайтарылған. Күйеу жігіт өлсе де осы 
тəртіп  сақталынған,  қалыңдық  күйеу  жігіттің  басқа  бауырына  ұзатылған.  Егер  қалыңдықтың  ата-
анасы күйеудің басқа бауырына қызын бермесе, онда қалың малды толық қайтарған [3, с. 87-88].  
Қалың малы толық беріліп, қалыңдықтың ата-анасы белгілі себептермен қыз жасауын дайындап 
үлгірмесе, оларға жасау дайындауға, ал күйеуге күтуге уақыт берілген, егер күйеу күтпеймін десе, 
онда қалыңдығын жасаусыз алған [3, с. 80]. 
Қалың  мал  беруді  əулет  мүшелері  бірігіп  көтерген.  Н.И.Гродеков: «Жездесі  жəне  ағасы  əлі 
келгенше  қалың  малға  өз  үлесін  қосады» - деген [4, с.114].  Қалың  малға  ағайын-туыстардың  өз 
үлесін қосуы қазір де жалғасын тауып отырған дəстүр. 
Əдеттік  құқық  бойынша,  қалың  мал  қыз  əкесіне,  егер  қалыңдық  жетім  болса,  əкесінің 
ағайындарының  иелігіне  берілген,  ал  ағайындары  қалың  мал  көлеміне  сай  қызға  жасау  беруге 
міндетті  болған [6, с.158].  Қалың  малдың  толық  төленіп  болуы  əдетте 1-3 жылға  кей  жағдайда 
бірнеше  жылғасозылған.Қалың  мал  толық  беріліп  болған  соң  қыз  əкесі  қызды  ұзату  тойының 
мерзімін  белгілейді.  Молда  неке  қияр  рəсімінде  куəлер  арқылы  қыз  əкесінен  «қалың  малы  толық 
берілді  ме?,  неке  қиюға  кедергі  жоқ  па?», - деп  сұрайды [13, №155].  Берілген  қалың  малға 
қалыңдықтың  ата-анасы  жасауын  дайындаған.Қалың  мал  көлеміне  жасаудың  сай  болуын  əулет 
үлкендері  бақылаған [3, с.78].Қалың  мал  көлеміне  сай  жасауға  отау  үй  ішкі  жиһаздарымен,  ішкі 
жабдығымен, күмістелген ер-тоқымды жылқылар, жасау артатын түйелер, қайын жұртына əртүрлі 
сыйлықтар, ішіктер, шапандар, маталар енген.  
Қазақ    халқы  «қалың  малсыз  қыз  болмайды,  кəдесіз  күйеу  болмайды», - деп  қалың  малберу 
рəсімі  арқылы,  қалың  малдың  жігіт  ауылына  жасау  болып  қайтуы  арқылы    құдалар  арасындағы 
туыстық қарым-қатынасты реттеп, бекітіп отырған. Кеңестік дəуірдің орнауына орай қалың малға 
тиым  салынды, 30-50 жылдардағы  қуғын-сүргіні,  соғыс,  соғыстан  кейінгі  жылдары  алыс-беріссіз 
батамен қосылды. Қазіргі кезеңде қалың малдың мəні толық өзгеріске енген,  құдалар арасындағы 
кəделік сый-сиапатпен ауысқан. 
 
ƏДЕБИЕТ 
1  Азиатская  Россия.  Издание  переселенческого  управления  главного  управления  землеустройства  и  земледелия. 
СПб.: В типографии товарищества А.Ф.Марса, 1914. Т.1. Люди и порядки за Уралом. 576 с. + ил.; Т.2. Земля и хозяйство. 
638 с. + 11 ил.; Т.3. Приложения, CLIII с.   
2  Алтынсарин  И.  Очерки  обычаев  при  сватовстве  и  свадеб у  киргизов  Оренбургского  ведомства // Машинописная 
рукопись. Отдел рукописей и редких кних Национальной библиотеки. Оренбург, 1870. 15 лист. 
3Баллюзек  Л.Ф.  Народные  обычаи  имевшие,  а  отчасти  и  ныне  имеющие  в  Малой  Киргизской  орде  силу  закона 
//ЗООИРГО. Вып ІІ. Казан: 1871. С. 45-167.  
4  Гродеков  Н.И.  Киргизы  и  каракиргизы  Сыр-Дарьинской  области.  Юридический  быт.  Т.1.  Ташкент:  Типо-
литография С.И.Лахтина, 1889.   205 с. 
5  Диваев  А.  Несколько  слов  о  свадебном  ритуале  киргизов  Сыр-Дарьинской  области.  Казань:  Типо-литография 
Императорского Университета, 1900.28 с. 
6  Загряжский  Г.С.  Юридический  обычай  киргиз  о  различных  родах  состояний  и  о  правах  им  присвоенных.  О 
народном суде у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву  // Ежегодник. МСТК. Под ред. Н.А.Маева. 
Вып ІV. СПб.: 1876. С. 151-203. (210 с.). 
7  Ибрагимов  И.Этнографические  очерки  киргизского  народа // Русский  Туркестан.  Сборник  изданный  по  поводу 
политехнической выставки. Вып 2-ой. Статьи по этнографии, технике, сельскому хозяйству и естественной истории. Под 
ред. В.Н.Троцкого. М.: В университетской типографии Катков и К.,1872. С.120-152.  
Кустанаев Худабай. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинского уездов. Сочинения воспитанника 
IV  класса  Туркестанской  Учительской  семинарии.  Под  редакции  Н.А.Воскресенского.  Ташкент:  Типо-Литография  Бр. 
Перцевых, 1894. 52 с. 
Лавров М. Кочевники. Жизнь в киргизской степи. СПб., Типография Альтшулера, 1902. 42 с. 
10 Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Вып. 1. Материальное право. Омск: 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
122  
Типография Окружного штаба, 1886. 84 с. 
11 Народы России.Киргизы. Исторический очерк и народный характер. Издание «Досуг и дело», СПб: Типография 
товарищества «Общественная польза», 1879. 58 с. 
12 Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 1999. 799 б. 
13 Ф.-Лий. Свадебные обычаи у киргизов Оренбургского ведомства // Московские ведомости. 1862. №151, 154, 155.  
14  Z.  Женщины  в  кочевом  быту // Туркестанские  ведомости.  1889.  №33. 15 августа.  С.128-129.,  №34. 22 августа. 
С.132-133. 
 
1  Aziatskaja Rossija. Izdanie pereselencheskogo upravlenija glavnogo upravlenija zemleustrojstva i zemledelija. SPb.: V 
tipografii tovarishhestva A.F.Marsa, 1914. T.1. Ljudi i porjadki za Uralom. 576 s. + il.; T.2. Zemlja i hozjajstvo. 638 s. + 11 il.; 
T.3. Prilozhenija,  CLIII s.  (in Russ). 
Altynsarin I. Ocherki obychaev pri svatovstve i svadeb u kirgizov Orenburgskogo vedomstva // Mashinopisnaja rukopis'. 
Otdel rukopisej i redkih knih Nacional'noj biblioteki. Orenburg, 1870. 15 list. (in Russ). 
Balljuzek L.F. Narodnye obychai imevshie, a otchasti i nyne imejushhie v Maloj Kirgizskoj orde silu zakona //ZOOIRGO. 
Vyp ІІ. Kazan: 1871. S. 45-167. (in Russ). 
4  Grodekov N.I. Kirgizy i karakirgizy Syr-Dar'inskoj oblasti. Juridicheskij byt. T.1. Tashkent: Tipo-litografija S.I.Lahtina, 
1889.   205 s. (in Russ). 
5  Divaev A. Neskol'ko slov o svadebnom rituale kirgizov Syr-Dar'inskoj oblasti. Kazan: Tipo-litografija Imperatorskogo 
Universiteta, 1900. 28 s. (in Russ) 
Zagrjazhskij G.S. Juridicheskij obychaj kirgiz o razlichnyh rodah sostojanij i o pravah im prisvoennyh. O narodnom sude u 
kochevogo naselenija Turkestanskogo kraja po obychnomu pravu  // Ezhegodnik. MSTK. Pod red. N.A.Maeva. Vyp ІV. SPb.: 
1876. S. 151-203. (210 s.). (in Russ). 
7  Ibragimov I.  Jetnograficheskie ocherki kirgizskogo naroda // Russkij Turkestan. Sbornik izdannyj po povodu 
politehnicheskoj vystavki. Vyp 2-oj. Stat'i po jetnografii, tehnike, sel'skomu hozjajstvu i estestvennoj istorii. Pod red. 
V.N.Trockogo. M.: V universitetskoj tipografii Katkov i K., 1872. S.120-152. (in Russ). 
8  Kustanaev Hudabaj. Jetnograficheskie ocherki kirgiz Perovskogo i Kazalinskogo uezdov. Sochinenija vospitannika IV 
klassa Turkestanskoj Uchitel'skoj seminarii. Pod redakcii N.A.Voskresenskogo. Tashkent: Tipo-Litografija Br. Percevyh, 1894. 
52 s.(in Russ). 
Lavrov M. Kochevniki. Zhizn' v kirgizskoj stepi. SPb., Tipografija Al'tshulera, 1902. 42 s.(in Russ). 
10 Makoveckij P.E. Materialy dlja izuchenija juridicheskih obychaev kirgizov. Vyp. 1. Material'noe pravo. Omsk: Tipografija 
Okruzhnogo shtaba, 1886. 84 s. (in Russ). 
11 Narody Rossii. Kirgizy. Istoricheskij ocherk i narodnyj harakter. Izdanie «Dosug i delo».  SPb: Tipografija tovarishhestva 
«Obshhestvennaja pol'za», 1879. - 58 s. (in Russ). 
12 Қorқyt Ata. Jenciklopedijalyқ zhinaқ. Almaty: «Қazaқ jenciklopedijasy» Bas redakcijasy. 1999. 799 b.(in Kaz). 
13  F.-Lij. Svadebnye obychai u kirgizov Orenburgskogo vedomstva // Moskovkie vedomosti. 1862.  №151, 154, 155. (in 
Russ). 
14 Z. Zhenshhiny v kochevom bytu // Turkestanskievedomosti. 1889. №33. 15 avgusta. S.128-129., №34. 22 avgusta. S.132-
133.(in Russ). 
 
 
Картаева Таттигул Ерсайыновна 
 
РОЛЬ КАЛЫМА ПРИ СВАТОВСТВЕ У КАЗАХСКОГО НАРОДА 
 
КазНУ им. аль-Фараби.Казахстан, г.Алматы 
 
Аннотация 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет