ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
64
ме, жоқ әлде не ойы болды екен бүккен? Өнердің
үнемі түсінікті болуы шарт емес шығар. Мүмкін
өнерді бір уақ түсіну де керек шығар? [10; 97].
"Өз басым осы өлеңді оқығанда оспаққа
асылайын деп тұрған, не зиратқа қарай енте-
леп бара жатқан лирикалық кейіпкерді көзіме
елестете алмаймын. Өлең автордың тағдырына
қатысты десек, бұның да қисыны шамалы. Өзін
өлімге әлдилеткісі келсе, Мағжан сол Карелия
орманында қалудың айласын табар еді ғой.
Жалпы, өзін өлімге қиған символисті көреміз.
Мағжан өлеңінен біз әбден қиналған, тағдыр
теперішін көріп қажыған, қапаланған адамның
жан әлемін сезінеміз. Ажалды еске алу бұл ара-
да гротеск ролін атқарып тұрған тәрізді. Нағыз
ақын жүрегі дүниедегі не жақсылық, не жаман-
дықтың бәрін магниттей өзіне тартып алады. Ол
қуаныштан да, қайғыдан да жас төгу, өліп
кеткісі келуі мүмкін. Мағжан сөйткен. Заман-
ның қайғы-қасіретін жүрегінен өткізіп, дертін-
дей сезінген. Бірақ ол ешқашан болашақтан
үмітін үзбеген", - дейді Ш.Елеукенов [11; 201].
Өмір азабынан өлім құтқарады дейтін минут-
тарды кім басынан кешпеген көбі оны ұмыта-
ды, ал ақын соған бір сәт тәнті бола қалады
[12;126].
Зерттеудің негізгі нәтижелері. Символистік
бағыт көркемдік мазмұнның рухани - эстети-
калық терең мәнін белгілейді. Бұл үлгідегі
көркемдік мазмұн мәдени - көркемдік дәстүр
бірлігінен, қаламгерлердің дүниетаным ұқса-
стығынан және олардың алуандығы өмірлік
проблемалардың ортақтығымен, түптеп келген-
де, дәстүр тудырып отырған әлеуметтік, мәде-
ни, тарихи жағдайлардың ұқсастығынан шы-
ғады. Дегенмен бір бағыттағы әр қаламгердің
дүниетанымы, проблемаға қарым-қатынасы,
оларды шешу жолдары мен тәсілдеріне қатыс-
ты түсінігі, идеялық және көркемдік концепци-
ялары әр түрлі болуы әбден мүмкін. Соған орай
бағыттың әдеби мектептер мен топтардан ай-
ырмашылығы айқындалады.
Символизм қазақ поэзиясына үлкен олжа
салды деуге болады. Символизм арқасында
қазақ өлеңінің бұған дейін ашылмаған қырла-
ры ашылды. Лирика жанрымыз жүрекке, сезі-
мге бойлай түсті. Символистер санадан гөрі се-
зімге молырақ берілетіні белгілі. Сезімнің та-
лай мың құбылма күйлері әлі хатқа түсіп үлгер-
меген және де Мағжан өзінің жаңа ырғақ, ды-
быстарды, буындарды түрлі-түрлі әуенде
қоңыраулату
арқылы
ескі
поэзиялық
дәстүрлеріміздің бір қыдыруының күлпәрша-
сын шығарды. Сонымен қоса символизм - дүни-
ежүзі әдебиеті дамуының белгілі бір сатысы
екенін ескере кетейік. ХХ ғасырдың басында
қазақ әдебиетінің дүниежүзілік байланысын
айтқанда да Мағжан поэзиясындағы симво-
лизм сарынының сол байланыс арқылы енгенін
айта кетіп, қазақ әдебиетіне бұл ағымның бой
көрсеткені зиянға емес, пайдаға шығады деп
ойымызды қорытамыз.
Аталған бағытта жүргізілген зерттеу жұмы-
сының нәтижелері мен перспективалары. Қазақ
әдебиеттану ғылымында әдеби ағым мәселесі ең
бір түйткіл мәселенің бірі екендігі белгілі. Біз
осы магистрлік жұмысымызды жазу барысын-
да әр кезеңде әр түрлі ғылыми-теориялық
тұрғыда жазылған ғылыми еңбектерге сүйене
отырып, М.Жұмабаев шығармасындағы осын-
дай ағымдардың көрінісіне баса назар аудар-
дық.
Әдеби мектептер мен топтардың мүше-
лерін идеялық-көркемдік таным бірлігі яғни
бағдарламалық-эстетикалық тұтастық топтас-
тырады. Ал бір бағытта бірнеше ағым, мектептің
болуы ұшыраса береді. Демек, ағымдар бағыт-
тың алуан түрлері болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі
қазақ әдебиеті. Алматы, "Қазақ университеті",
2002.
2. Тілешов Е. Суреткер және көркемдік әдіс.
Алматы, 2005
3. Волков А. Очерки русской литературы
конца ХІХ и начала ХХ века. Москва, 1955.
4. Қанарбаева Б. Жырымен жұртын оятқ-
ан. Алматы, "Ана тілі". 1989.
5. Жирмунский В.М. Введение в литерату-
роведение. С. - П., 1996.
6. Жұмабаев М. Шығармалары. І том. Ал-
маты, "Жазушы". 1989.
7. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағды-
ры. Алматы, "Жалын" ЖШС, 1997.
8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-
кітап: оқу құралы/ жалпы ред. Басқарған
Т.Кәкішұлы: Алматы: Қазақ университеті, 2002.
9. Ысқақұлы Д. "Қазақ елі, бір ауыз сөзім
саған". Алматы: ҚАЗақпарат, 2004.
10. Мұстафа мен Мағжан - Тұран елінің
даналары, Алматы, 1993.
11. Шәріп А. Қазақ символизмі // Қазақ әде-
биеті, 9 шілде, 1999.
12. Елеукенов Ш. Арсының ақыны. // Таң-
шолпан, 2002, №4.
2 (28) • 2013
65
Құттыбай М.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Мақалада, қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды тарту саясатын жетілдіру бағыттары ел экономикасының
шикізаттық бағдарлануын азайтуға мен ауылшаруашылық сияқты салалардың дамуын қамтамасыз етуге
жұмылдырылу қажеттегі негізделеді. Сондай-ақ шетелдік инвестициялрды тарту аймақтардың әлеуметтік
дамуындағы теңсіздік пен депрессивті аудандардағы жұмысбастылық мәселелерін де шешеуге бағытталуы
керек.
Түйінді сөздер: мемлекеттік инвестициялық саясат, шетелдік инвестициялар, инвестицияларды салалық
қайтабөлу.
Әд. 5.
Куттыбай М.
ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ИНВЕСТИЦИОННОЙ
ПОЛИТИКИ ГОСУДАРСТВА
В статье обосновывается необходимость концентрации и направления привлекаемых иностранных инвестиции
на снижение сырьевой направленности национальной экономики и поддержку таких отраслей как сельское
хозяйство. Кроме этого привлечение иностранных инвестиции должно быть направлено на решение проблем
социального неравенства в регионах и повышение занятости в депрессивных районах.
Ключевые слова: государственная инвестиционная политика, иностранные инвестиции, отраслевое
перераспределение инвестиции.
Лит. 5
Miras Kuttybay
FOREIGN EXPERIENCE OF IMPROVING THE INVESTMENT
POLICY OF THE STATE
Article proves necessity concentrating and directing attracted foreign investment to reduce raw material orientation
of the national economy and support industries such as agriculture. Besides the attraction of foreign investment
should be focused on solving the problems of social inequality in the regions and increasing employment in depressed
areas.
Keywords: public investment policy, foreign investment, sectoral reallocation of investment.
Lit. 5
Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық
қайта құруларға және экономиканың жаңа са-
палы ахуалға көшу тиімділігінің басты және
анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақ-
ты, орнықты қарқындарына қол жеткізу болып
табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін
Даму стратегиясымен анықталған негізгі жеті
бағыттарының бірі - шетелдік инвестициялар-
ды тарту осы экономикалық басымдықтың шар-
ты болып табылады. Осы басымдықты іске асы-
ру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қара-
жаттарды тарту, осындай даму траекториясы-
на шығу арқылы экономикалық өсуін жаңарту-
ды білдіреді, Қазақстан макроэкономикалық
тұрақтандыруға және кейбір салаларды көте-
руге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-
тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол жеткізе
алды [1-2].
Осы мәселені шешу, бәрінен бұрын, эконо-
микалық өсу сияқты, сондай-ақ инвестиция ре-
тінде теориялық пайымдауды талап етеді. Тео-
риялық модельдер мен экономикалық өсу және
инвестицияларды зерттеудің практикалық ма-
ңызы зор, өйткені олар теориялық-әдіснамалық
негізін қалыптастырады, онда белгіленген
уақыт ішінде елді мемлекеттік реттеу бағдар-
ламасы негізделеді. Инвестицияларды мемле-
кеттік реттеудің теориясы мен практикасы
өзара тығыз байланысты, соңғысы экономика-
лық теорияның дамуы арқылы нығайтуды та-
лап етеді.
Қазақстанда экономиканың нақты секторын
инвестициялау қаржы ресурстарын жоспарлы
кезеңде орталықтан шоғырландыру және
бөлудің көмегімен жүзеге асырылды. Әміршіл-
әкімшіл жүйенің және оған тән реттеудің дерек-
тивті әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке
инвестициялық-қаржылық мекемелер түріндегі
орталықтандырылмаған қаржыландыру инсти-
туттары ауыстыруы тиіс еді. Іс жүзінде осындай
ауысу болмады.
Нарықтық жағдайда инвестициялық үдеріс
кәсіпкерлік негізінде нәтижеге жету, пайда (та-
быс) табу мақсатында инвестиция нарығында
шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырыла-
ды. Инвестициялық үдерістер қоғамдық
өндірістің маңызды элементтері болып табыла-
ды. Бұл еңбек қаражатын табиғи тозу үдерісін-
де шығатын еңбек қаражатын алмастыру ғана
емес, сонымен бірге өндірістің қуаттылығын,
оның ішінде ең жоғары сапалы деңгейде ұлғай-
ту, халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз
1 Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 2-курс магистранты
1
УДК 336.714
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
66
ету.
Инвестициялық үдерістің мәні бойынша
белсенділігін экономиканың өміршеңдігі айқ-
ындайды. Капиталды қайта кеңейтіп өндіру
үдерістері тиімдірек жүргізілсе, еліміздің
өндірістік аппараты мен әлеуметтік инфра-
құрылымы ойдағыдай дами түседі.
Жалпы алғанда, инвестициялық үдеріс -
яғни кім ақша ұсынса (уақытша еркін қаража-
ты барлар), кім сұраныс жіберсе (оларға көрсе-
тілетін қажеттілік) осылардың орнына қолда-
нылатын мәліметтер тетігі. Тараптардың екеуі
де әдетте, инвестициялық нарықта тұлғалар
арасында (мемлекет, заңды, жеке тұлғалар, ин-
ституттар және т.б.) мәміле жасау, келіссөз
жүргізу, сұранымы мен ұсынысы бойынша мәсе-
лелерді шешу үшін кездеседі [3].
Инвестициялық үдеріс - белгілі бір уақыт
аралығында сұраныс, ұсыныс пен қажеттілік
негізінде инвестициялар өндірістік қорлардың
тиімді қолданылуына, болашақ жетілдірілуіне
және жағдайдың жақсаруына ықпал ететін
күрделі, серпінді дамып отыратын әлеуметтік-
экономикалық жүйе.
Еліміздің инвестициялық үдерісін мемле-
кеттік реттеудің басты мақсаты нормативтік-
заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мен
тиімді инвестициялық жобаларды мемлекеттік
қолдау негізінде капитал салымдарын қаржы-
ландырудың бюджеттен тыс көздерін кеңейту
мен жеке меншік отандық және шетел инвести-
цияларын тарту үшін қолайлы орта құру бо-
лып табылады (1 сурет).
Мемлекет
Тікелей реттеу әдістері
Мемлекеттік сатып алу және
тапсырыстар жасау
Жанама реттеу әдістері
Бюджеттік,
Салықтық саясат
Несиелік саясат
Лимиттерді бекіту
Орталықтандырылған
күрделі қаржы жұмсау
Ақша саясаты
Өндіріс салалары мен кәсіпорын-дарға
бөлінетін мемлекеттік жәрдем қаржы
бөлу
Баға мен табысты реттеу
Амортизациялық
саясат
Ресурстарды пайдалану
шарттары мен ақысын реттеу
әдістері
Инвесторлар
1 сурет. Мемлекет пен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемле-
кет пен инвесторлар арасындағы іс-қимылдар
нарықтық механизм арқылы жүзеге асырылуы-
мен байланысқан жағдайда инвестициялық
үдерістің жандануы біршама оң нәтижеге же-
теді.
Сонымен қатар, әлем елдерінің шеңберін-
де инвестициялық ресурстарды тарту мен пай-
далану сызбаларының алуан түрлілігі бары-
сында олардың барлығында негізгі қайнар көз
ретінде шетелдік капиталды атап өтуге бола-
ды. Бұл аталмыш инвестициялық ресурстың
экономикалық өсімді қамтамасыз етуде қандай
рольге ие болу ауқымы және қызметтеріне бай-
ланысты.
Шетелдік капиталдың ұлттық экономика-
ның дамуына қатысуы, ең алдымен, елдің ха-
лықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы мен
әлемдік экономикалық кеңістіктегі капиталдың
еркін қозғалысының объективті заңдылықтары-
2 (28) • 2013
67
мен байланысты екені баршаға мәлім. Әлемдік
экономиканың тарихы, әсіресе дамушы елдер
экономикасының тарихы капитал импортының
олардың экономикалық өрлеуінің шешуші фак-
торына айналатынын да дәлелдейді.
Экономиканың өрлеуіндегі шетелдік капи-
талдың шешуші ролі айқын көрініп-ақ тұр, же-
келей алғанда, Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа
индустриалды елдерінің мысалында. Тек оның
тікелей қатысуы кезінде ғана аталмыш елдер
қазіргі таңдағы индустриализация, импорттың
орын басушы салаларды дамыту (ХХ ғасырдың
60 жылдары), экспорттық потенциалды құру
(ХХ ғасырдың 70 жылдары) және ғылыми сый-
ымды салаларды дамыту (ХХ ғасырдың 80-90
жылдары) сияқты классикалық болып табыла-
тын кезеңдерден жедел түрде өтті. Ғылыми сый-
ымды өнімдер сияқты, жаңа өнім түрлерін
өндіру нәтижесінде жаңа индустриалды елдер
әлемдік шаруашылықтың алдыңғы қатарлары-
на шықты.
Шетелдік инвестициялардың көмегімен
Бразилия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
импорттың орнын басушы өндірістер мәселесі
мен экспорттық потенциалды біртіндеп артты-
ру мәселелері шешілді. Мұнда Бразилия даму-
шы елдер үшін ауыр болып табылатын займ-
дар мен несиелерді алуға емес, тікелей шетелдік
инвестицияларды тартуға, өзара тиімді шарт-
тарда қазіргі таңдағы өнеркәсіптік өндірістерді
құруға ұмтылған. Сол уақытта, шетелдік кор-
порациялармен экономикалық ынтымақтастық
қалыптасқан фирмалық арналар мен өнімді
өткізу
нарықтарын
пайдаланатын
мүмкіндіктері бойынша ұйымдастырылған.
Осылайша, халықаралық инвестициялар-
ды тарту формалары мен қағидаларының алу-
ан түрлілігі барысында дамушы елдер үшін
капитал импорты әлеуметтік экономикалық
өсімді жылдамдатудың қуатты катализаторы-
на айналды (геруге айтарлықтай қаражаттар
талап етіліп, неғұрлым жоғары кепілдендіріл-
ген әсер бере алатын табиғи байлықтардың бо-
луы барысында тартымды да тиімді пайдала-
нуға қатысты). Мұндай жағдайда шетелдік ин-
вестициялардың әсері интегралды болады.
Сонымен қатар, қабылдаушы ел экономи-
касындағы шетелдік капиталдың ролі барлығы
ойлайтындай бірқалыпты емес. Халықаралық
капиталдың белгілі жағдайларда ғана ұлттық
экономиканың өсіміне ықпал ететіні анық. Бұл
жағдайлар дұрыс саясатты таңдап, оны макси-
малды пайдалылықпен және нәтижелілікпен
пайдалануға қатысты. Бұл кәсіпкерлік емес, не-
сиелік негіздегі шетелдік капитал формалары-
на қатысты. Олардың тиімсіз пайдаланылуы тек
сыртқы қарызды арттырып, елдегі экономика-
лық жағдайды нашарлатуға ғана қабілетті [4].
Алайда, аталмыш мәселенің болуы өзге
қаржыландыру көздерінің ішінде халықаралық
капиталдың экономикалық даму деңгейі әр
түрлі елдер үшін ролі мен орны мәселелерінің
жеткіліксіз теориялық зерттелмегенін ғана
дәлелдейді. Дамушы елдер үшін меншік инве-
стициялық ресурстардың жеткіліксіздігі капи-
тал импортының мәселені шешудің жалғыз
ғана
жолы
болып
табылады
дегенді
білдіретіндігі анық.
Капиталдың бір елден екінші елге құйылуы
компаниялардың түрлі елдердегі өнімді
өндірудің жекелеген кезеңдерін шоғырланды-
руғ ұмтылысын білдіреді. Өнеркәсіптік дамы-
ған елдердің компаниялары, әсіресе ірі компа-
ниялары ұлттық шекаралардан шыға отырып,
неғұрлым трансұлтты компанияларға айнала-
ды. Түрлі елдерде орналасқан кәсіпорындары
бар ірі трансұлттық компаниялардың құрылуы
халықаралық мамандану мен кооперацияның
жылдамдауына әкеледі. Капиталдың өзара қоз-
ғалысы, оның негізінде трансұлттық компани-
ялардың құрлыуы негізінде әлемдік шаруашы-
лықтағы елдің өзара тәуелділігін тереңдетудің
маңызды факторы болып табылатын шетелдік
инвестициялар жатыр.
Осылайша, дамушы экономикадағы инве-
стициялық шығындардың деңгейі уровень кем
дегенде өндірістің қалыпты деңгейін қолдау
үшін жеткілікті болуы тиіс. Осы мақсатта кез-
келген елдің экономикасы үшін шетелдік ин-
вестициялардың құйылуы өмірлік маңызды
болып табылады.
Экспорт саласындағы қиындықтар мен
өткізу нарықтарының күрделене түсуіне байла-
нысты сыртқы нарықтарды жаулап алуда капи-
талдың сытқа шығарылуы зор рольге ие. Капи-
талдың сыртқа шығарылуы капиталдың бір
бөлігі бір елдің ұлттық айналымынан алынып,
оның өндірістік процестің түрлі формаларына
(тауарлы, ақшалай) орналастырылуы жүзеге
асатын процесті білдіреді.
Капиталдың сыртқы шығарылуы түрлі ел-
дердің экономикалық және саяси даму
теңсіздігі күшеюінің басты себептерінің бірі
болып табылады. Бір елдердің экономикасылқ
өсімінің жылдам қарқыны мен өзінің өндірістік
күштерінің даму қарқынынан артта қалып
отырған өзге елдердің халықаралық қаржылық
қолданыс монополиясы арасында сәйкессіздік
туындайды.
Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік
инвестицияларды тарту мәселесіне қатысты
түрлі тәсілдемелер аталмыш түсінікті халықа-
ралық капитал қозғалысы теориясы арқылы
қарастыруды болжайды (яғни, капитал салым-
дарының ерекше инварианты түсінігі мүмкін
болғанда).
Халықаралық капитал қозғалысы - бұл ка-
питалды сыртқа шығару және сырттан енгізу.
Еңбек сияқты, капитал да елдер арасында орын
ауыстыра алады. Дәстүрлі түрде халықаралық
капитал ағындары мынадай формаларға жікте-
леді: жеке және мемлекеттік, ссудалық және
кәсіпкерлік, тікелей және қоржынды, ұзақ
мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді.
Мемлекеттік инвестициялар - бұл халықа-
ралық орын ауыстыруы үкіметаралық келісім-
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
68
дермен анықталатын мемлекеттік займдар, ссу-
далар, гранттар, көмек. Осыған несиелер мен
халықаралық ұйымдардың өзге де қаражатта-
рын жатқызуға болады, бірақ қандай жағдай
болмасын бұл салық төлеушілердің ақшалары.
Жеке капитал - бұл шетелге орналастыры-
латын немесе штелден жеке тұлғалармен (жеке
немесе заңды) алынатын мемлекеттік емес қай-
нар көздердің қаражаттары.
Капитал ссудалық формада өз иесіне депо-
зиттер, өзге салымдар, несиелер бойынша пай-
ыз түрінде табыс әкелсе, ал кәсіпкерлік форма-
дағы капитал -тек пайда түрінде ғана табыс әке-
леді. Дәстүрлі түрде кәсіпкерлі капиталға тіке-
лей және шетелдік инвестицияларды жатқыза-
ды.
Тікелей инвестициялар - бұл бір елдің ша-
руашылық бірлігінің өзге елде орналасқан
кәсіпорынның іс-әрекетіне тұрақты ықпал етуге
ұмтылуын сипаттайтын халықаралық инвести-
циялық іс-әрекет категориясы.
Тікелей инвестициялау бірлескен және то-
лығымен шетелдік кәсіпорындарды құру фор-
масында жүзеге асырыла алады. Субкелісім-
шарттар, басқарушылық шарттар, франчай-
зинг, лицензиялық мәмілелер, өнім тарауы си-
яқты түрлі акционерлік емес формалар да бел-
сенді дамып, әрекет етуде.
Портфельдік инвестицияларға (қоржынды)
инвесторға қаражат салынған объектіні басқа-
руға қатысу құқығын бермейтін шетелдік құнды
қағаздарға салынатын инвестицияларды жатқ-
ызады [5, б.28].
Қазіргі таңдағы тікелей инвестициялау бұл
тек капитал қозғалысы ғана емес, сонымен
қатар бұл түсінік неғұрлым кең мағынаны қам-
тиды. Инвесторларды тәуекелге барып, ақшала-
рын тікелей негізде салуға итермелейтін себеп-
терді қарастырайық.
Шетелдік компания ұлттық нарыққа кел-
генде, ол, тәртіп бойынша, отандық кәсіпорын-
дардың қолы жетпейтін белгілі бәсекелік артық-
шылықтарға ие болады. Әдетте ол басымдық
технологияның болуымен, патентке ие болумен,
басқарудың жақсы ұйымдастырылуымен бай-
ланысты. Келесі нұсқа - жергілікті кәсіпорын-
дарда болмайтын аса ірі мөлшердегі капитал
көздеріне деген иеліктің болуы.
Ұлттық дамуға шетелдік капиталдың алға-
шқы салымы оның ұлттық жинақтардың қолма-
қол көлемімен инвестициялардың қалаулы
көлемін салыстыру барысында ресурстардың
тапшылығын толықтыратынын тұрады.
Екінші жағымды жағдай шетелдік инвести-
циялардың даму бағдарламаларын жүзеге асы-
ру үшін қажетті шетел валютасының көлемі мен
ұлттық экспорттан түсетін таза түсімдер көлемі
арасындағы айырманы толтыруға мүмкіндік
беретінін тұрады.
Елге келетін шетелдік инвестициялардың
ағыны шеше алатын үшінші мәселе - бұл мем-
лекеттік бюджетке түсетін болжамды салықтық
түсімдер мен салықтардың нақты алынған со-
масы арасындағы айырманы жою.
Шетелдік инвестицияларды қолдайтын
төртінші аргумент, бұл олардың ағыны жарты-
лай болсын басқарушылық және кәсіпкерлік
тәжірибе мен технологияның жетіспеушілігін
толтыратынтығы.
Сонымен қатар, ішкі қайнар көздердің
шектілігі жағдайында халықаралық капитал
экономиканы қайта құрылымдау, ғылыми-тех-
никалық артта қалуды жеңу, нарықтық инфра-
құрылымды құру, отандық кәсіпорындарды
нарықтық қаржы-экономикалық қатынастар-
дың әлемдік талаптарына бейімдеуге қабілетті.
Шетелдік капитал мен инвестицияларды тарту
артта қалып қойған және депрессивті аудандар-
ды дамытуға да ықпал етуі мүмкін.
Институционалды қайта құрулар нарық-
тық экономиканың жаңа институттарын қалып-
тастыру арқылы экономикалық жүйені рефор-
малауды білдіреді, олар мынадай институттар:
банктік-қаржы жүйесі, ұйымдасқан тауарлы
және қор нарықтары, бизнесті ұйымдастырудың
жаңа формалары және т.б.
Шетелдік инвестицияларды тарту мен пай-
даланудың теоретико-қолданбалы аспектісінде
сыртқы несиелеу мен қарыз беру саясатының
дұрыс жүргізілгендігін анықтауда маңызды
фактор болып табылатын инвестицияларды
тарту формаларының мазмұнды бөлігін анық-
тауға қатысты бастапқы әдістемелік тәсілдеме-
лерге ие. Осыған байланысты, инвестициялар-
ды тарту тиімділігін анықтау мәселесінің на-
рықтық қатынастарға өтіп, шаруашылық етудің
дамыған экономика-қаржылық механизмімен
ие болмайтын транзитті елдердегі инвестиция-
лық саясатты өңдеу барысында шешуші болып
табылатынын айта кету керек.
Шетелдік капитал ағынының қалыптасқан
сызбасы үш арна бойынша жүзеге асырылады:
дамуға ресми көмек, экспорттық несиелер мен
тарту мен пайдалану көздері бойынша баста-
пқы бағдарға ие болмайтын кәсіпкерлік капи-
тал.
Алайда, бірқатар авторлар ағынның жікте-
луіне қатысты аталмыш көзқарас бірқатар
жөнсіздіктерге ие деп есептейді, өйткені экспор-
ттық несиелер мен дамуға ресми көмек капи-
тал ағынының әр түрлі формалары болып та-
былмайды, себебі екеуі де несиелік негізге ие
(басым бөлігі - экспорттық несиелер, аз бөлігі -
дамуға ресми көмек).
Елдер инвестициялық саясатты өңдеу бары-
сында шетелдік капиталды тарту барысында қол
жеткізе алатын мақсаттардың тізімі айтарлық-
тай кеңейе түседі. Мұнда әрекет етуші кәсіпо-
рындарды жаңаландыру туралы ғана сөз қозғ-
алуы мүмкін, бірақ ол мынаны да қарастыруы
мүмкін:
-
Құрылымдық қайта құру, қазіргі таңда
шығарылмайтын немесе ішкі наық қажеттілік-
тері үшін жеткіліксіз көлемде өндірілетін
өнімдерді өндіру үшін жаңа кәсіпорындарды
құру;
|