және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы
салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін
болады:
• шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен
болуы керек;
• шикізатты тиімді (өнімді) пайдалану арқасында өңдеуші салалардың
өсу қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;
• қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау
құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу
қарқынынан басым болуы керек;
• табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат
байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;
• табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының әсу қарқыны барлық
материалдық өндіріске жүмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық бо-
луы керек.
5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми не-гізде жүргізу
принципі.Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру
мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде
табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау
және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ
мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жургізуге
болады.
6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану
мумкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін
оптималдық принципін қолданып анықтауга болады.
7. Аймақтык принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы,
ресурстың бір түрінің екінші турімен бір аймақта үйлесімді орналасуы,
орналасу тиімділігі аймақтық принципті қолдануға мүмкіндік береді,
Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны
қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.
8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажетгігін
өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы, Сондықтан
кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта
таза түрінде кездеспейді, қоспа турінде болады. Сонымен қоса минералдық
шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары
қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын
пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.
9. Нарыктың заңдарына сәйкес барлык табиғат байлықтарын
пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принципінің негізінде ғана
табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға
болады.
Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану
бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын
табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның
жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп
мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды
үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат
пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның
үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат
пайдалану экономикасы экология-экономикалық байланыстарды қоғамдық
өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың эко-
номикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп
қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып
көп мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі - мәселнні жеке
биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, қүқықтық, денсаулық
сақтау, философиялық түрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-
экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да
табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану түр-
ғысынан қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе
табиғатты пайдалану түрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс
қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда
тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.
Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша,
аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану
бойынша, жалпы кез - келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек,
В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек,
өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық да-
муымен байланысты.
Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеудің біртүтастығына жету өте
күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу
арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы
мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы
заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жал-пыдан -
жекеге, абстракциядан - нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі
қолданылады.
Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық
(жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат
пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және ал-дын
алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын
алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін
экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғат
пайдалану экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану
экономикасы табиғат қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың
орындалуын үйымдастыру, бақылау, экономикалық ынталандыру тәсілдерін
үйретеді.
№4. Табиғи ресурстарды пайдаланудың қазіргі күнгі
тенденциясы. Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы.
Экология мәселелері.
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір
сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік
жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның
жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері
222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық
жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс,
қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар,
тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су
қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы
жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і
ғана. Жер қорының өдәуір белігінің сапасы темен: 77 млн. га эрозияға
ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті
қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта
орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-інің
жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына
жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Уақыт факторын ескеріп экономикалық бағалау 79 920 теңге болады.
Сонымен, оптималдық схема таң-алған стратегияға байланысты: алғашқы
жылдары көп пайдалану; біркелкі пайдалану; алғашында шек-теп, соңынан
ұлғайтып пайдалану болуы мүмкін.
5.4. ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ
Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау
мемлекеттің және жалпы халықтың міндеті, Сондықтан, су қоры есепке
алынып, саны, сапасы қадағаланып, су қорғау және тиімді пайдалану
шаралары жоспарланып отырады. Қазіргі кезде барлык су қорының
кадастрлары жасалған. Онда өзендегі судың бір жылдық (орташа) ағып
өтетін мөлшері, көлдегі, мұздықтағы және жер астындағы судың жалпы
қоры, сапасы есепке алынған.
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен
бүлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мүның ішінде
Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының үзындығы 1 мың
км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м
3
) су ағып
өтеді. Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына
жақын аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады.
Жеріміздің басым бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық
далалық өзендердің деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары
таязданады немесе қүрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады.
Сондықтан су деңгейі жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп
отырады.
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр.
Одан жылына 750 млн. м
3
су алынып пайдаланылады. Болашақта
пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
Көлдердегі түщы су қоры 57 текше км, ал ащы суды қоса есептегенде
190 куб. км. Арал, Каспий теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су
бетінің (акватория) аумағы 45 мың шаршы км. Оның ішінде аумағы 1 км
2
аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і.
Аумағы 100 км
2
-ден асатын көлдер 21 - жалпы ауданы 27 мың шаршы км.
Республика территориясында көлдердің орналасуы да біркелкі емес.
Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Іле Алатауларында 2700-дей
мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2
текше км су береді.
Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су
қоры 48 текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.
Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа
жылдық шамасы 662 км
3
.
Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану түрінде болуы мүмкін. Су
пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су
тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, сауықтыру үшін
пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта,
ауыз суға су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы
ерекшеліктеріне қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада
қолданыла береді. Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа
жол берілген. Арнайы бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану,
яғни түтыну деп айтамыз.
Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83 мпрд. м
3
-ге
жетті, оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті су тұтынуды қамтамасыз
етуге жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.
6.1. ОРМАН ҚОРЫ
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман
болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен
оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын
қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы
түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-
280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады.
Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар
ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады,
қылқанды жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда
ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен
салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты
ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей.
Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер,
т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын
(эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су
көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас
жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал - ағаш береді.
Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек,
саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады.
Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап
- 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м
3
-ге дейін ағаш даярланады, ал
есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м
3
-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге
болады. Еліміз жылына 11 млн. м
3
-ге жуық (келтірілген шама) ағаш
өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады.
Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым
бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде
орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық,
әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі
оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қүнды ағаштардың қорын
молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы.
Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен,
жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл
ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты
өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану
процестері үздіксіз қайталанып отырады.
Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын
үқыпты жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан
келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына
байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда қүнды
ағаштардың сақталуы, қүнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа
қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда
оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы
керек.
Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш
даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану.
Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана
күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы
ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың
сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын,
қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз қүндылығы төмен ағаштарды
пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты
ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер
(целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем,
спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп
орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті
ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (макулатура
есебінен) қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа
экологиялық, қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау,
даярлау шығындары үнемделеді.
№5. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет нәтижесігің
әлеуметтік – экономикалық салдары, қооршаған ортаны
қорғау.
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы
(жер шарының кабығы) жекелеген қүрылымдық элементтерден —
табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық,
геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да
жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде
анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің
аумағын физико-географтардың аудандастыруларымен қорытындыланады.
Табиғат
кешендері
генетикалық
біртұтастығымен,
салыстырмалы
біртектестігімен сипатгалады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы
оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей
болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес
және уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі
мен зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына
қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне
байланысты табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп
есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер
қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана
игерілетін бөлігі жатады. Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс
техноло-гиясы мсн техникасының жетілген шағында оған қоғатмдық
қажеттілік пайда болған кезде ресурсқа айналуы мүмкін. Қүрамында
орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы
жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай қорғасын, мырыш кені осы гасырдың
басында бос жыныс деп есептелді. Қүрамында фосфоры бар, темір кені
олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте
пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі кезеңге дейін Чили силитрасы,
Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді.
Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық сияқты жаңа
салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий,
цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін
минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.
Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша, "...табиғатга пайдалы
және пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз
еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне
айналдырады. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы
мен зертгелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз
ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз.
Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін
камтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның
материалдық құндылығын қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну
өнімдері, еңбек қүрал-
жабдықтары.
Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен
сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының
жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи
ресурстарды барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда
келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи
денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір
бөлігі, екіншіден — табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе
күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі
белгілі бір деңгейінде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану
материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі
бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, "табиғат ресурсы" түсінігінің
озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне
қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді пайдаланумен
байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі экономикадан,
қажеттіліктен тыс болмайды.
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен
философтар мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер,
мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың
маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың"
өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл
алатынын баса жазып отырды. Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи
ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын
көрсетті, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола
алады. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты
болады. Марксистер коғамның дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс,
әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-
біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм
калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-
техникалық прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи
ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.
Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі
заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар
адамды қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін
қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады.
Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі
бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне
пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы
қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан
түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан
алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен
қамтамасыз
етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің
тиімділігін
арттыруда
маңызы
зор.
Мысалы,
казіргі
заманғы
радиоэлектроника, термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы,
ракета жасау, ғарыштық техника, тусті металлургияның, сирек металлды
өнеркәсіптің өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат
ресурстары негізгі өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы
болады. Үшіншіден,бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану
жағдайы, сапасы, коғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін
анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен
өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге
табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де
байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері —
еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.
Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы
екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай,
табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің объектісі
ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін зиянды
зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің
жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.
Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі
масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және
соған орай осы тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет.
Сондықтан табиғат ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын
ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс.
Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың
тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін
ескеру өте қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған
ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын
немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан
алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану мәселесіне айналады. Табиғат қорғау тұргысынан алғанда,
табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына
сәйкес адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде
шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде
ғана емес сонымен бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің
сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық
сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының
үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз
етілстін экологиялық тепе - тендік сақталуы қажет.
Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн
ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты
жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен
болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың
салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер
керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және
табиғат жүйесі жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны
тиімді пайдалану мәселелсрін дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи
ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-
техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші ксзектегі
мәселеге айналады.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін
ғылымның әр түрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зертгейді.
Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа
бағыттағы бұл сала табиғат пайдалану ғылымынын пәні болып табылады.
Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе
жаратылыстану және техникалык ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады.
Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің
тиімділігіне әсерін, ең әуелі, экономика ғылымының өкілдері қарастырады.
Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ
ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық
қатынастарға көшуіне байланысты іс жүзіндс бұл мәселе олардың
еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы жағына біржақты шешілді. Бүл
мәселенің анық-канығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат
ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық
екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның өндірістік ресурстарының
шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халық-шаруашылықтық нәтижеге жету
үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің өнімділігін
арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан
келіп елдің үлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде болмасьн
табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің козқарасымыз
бойынша, бүл жағынан академик Н.П.Феодоренконың айтқанында негіз бар.
Ол "Өндірістік ресурстардың негізгі түрі — табиғат байлықтарына
экономикалық баға берілмеуі және социалистік басқару механизміне тән
шаруашылықты тиімді жүргізуді экономикалық жағынан ынталандырудан
тыс қалып қойғанда, қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға
болмайды" — деп жазды. Бірақ та, біздіңше, табиғат ресурстары
механикалық түрде еңбек және жинақталған материалдық ресурсқа теңгеріле
алмайтындықтан және олар тұтыну құнына арнайы бағытталған адам
әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет. Табиғат
ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның бар байлығы деп қарауды
туғызады. Осыған сәйкес, отандық әдебиеттерде "табиғи өндірістік күштер"
деген үғым кездеседі.
Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың
әсері қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып,
тиімділігі бағаланады. Халык шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ
шаруашылығының дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына
тәуелді болып табылады. Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке түрлерін
ғана емес, аймақтағы табиғи ресурстардың жиынтығын экономикалық
бағалаудың қажеттілігі туындайды. Табиғи ресурстарды экономикалық
тұрғыдан бағалауға келетін болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана
емес, табиғи ресурстардың территориялық үйлесімділігін өндірістік түрғыдан
пайдалану бойынша қалыптасқан "еңбектің табиғи өнімділігін" анықтау мен
өлшеу болып табылады. Біздің ойымызша, бүл мәселе де эконо-мистердің
шешетін міндеті.
Қоғамның "табиғи өндірістік күші" мәселесі қоғамдық өндірістік
күшпен салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең
зерттелмеген. Социализмнің саяси экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс
тәсілін басты факторлар санайтын, сондықтан басты назар қоғамнцың
өндірістік күштерін дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасыньщ
озіндік ерекшелігі мен оның экономикасының нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты табиғи өндірістік күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші
кезектегі мәселеге айналды.
Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам
еңбегі жұмсалған жоқ, сондықтан пайдаланушыға тегін берілуі керек деген
маркстік-лениндік теория теоретикалық тұрғыдан теріске шығарылмаған
күйінде қалды. Теоретикалык жағынан табиғатты төлемді пайдалануға
көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын ғылыми түрғыдан дәлелдеу өмір
талабы. Осыдан келіп теоретикалық көзқарас түрғысынан, табиғатты төлемді
пайдаланудың принциптері мен жалпы теоретикалык-әдістемелік негізін
жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі
туындайды. Біздіңше, мұны дәледдеу қолданылып келген саяси экономияның
шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің
нәтижесін әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым -
қатынасын зерттейді. Бүл жағынан, келтірілген қағиданың әділеттігі,
біздіңше күмән келтірмейді. Өз қалпындағы ешкім тимеген табиғат
ресурстарының, яғни оны зерттеугс және адамзаттың еңбегі жұмсалмаған
жағдайда табиғи ресурстардың құны мен бағасы бола алмайды. Табиғи
ресурстар бұл жағынан алғанда бүкіл адамзаттың жеке елдің халықтың
игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің
негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің
еңбексіз табыс алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың
неғүрлым тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи
өнімділігі қоғамдық өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің
қоғамдық өнімділігінің артуы басқа жағдайлармен бірдей болғанда,
бағаның жалпы деңгейінің, оның ішінде халық тұтынатын тауардар
бағасының төмендеуін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи
ресурстарын дәлірек айтқанда, табиғи өндіргіш куштерді пайдаланудың
нәтижесі бүкіл қоғамға - өзінің шынайы қожасына — халыққа ешбір қайта
болусіз, иемденусіз тиесілі. "Жалған әлеуметтік құндылықты" ескермегенде,
тауар бағаларының мүндай төмсндеуі экономикадағы инфляциялық
құбылыстардың негізгі себептерін жояды. Бірақ, әңгіме табиғатты төлемді
пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс нәтижелерін әділетті болуге
байланысты адамдардың өндірістік карым-қатынасы жөнінде емес,
өндірістің шешуші факторларының бірі ретіндс табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану туралы, елдің табиғат ресурстарын пайдалану кезінде ең
жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін
табиғат пайдалану параметрін оңтайландыру жайында болып отыр.
Сондықтан табиғатты төлемді пайдалану принциптерін қолданудың
маңыздылығы теориялық жағынан негіздеуге жөні оның жалпы теориясын
қалыптастыруға, дәлірек айтқанда табиғат ресурстарын төлемді
пайдалануды, маркстік-лениндік саясм экономияның ережелсрімен, яғни
К.Маркстіі еңбек құны теориясымен емес, өндірістің үш факторы
теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен, рента теориясымен,
шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі заманғы
өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділік теориясымен дәлелденуі
керек. Тек осы жалпы теориялардың негізгі ережелерімен ғана
табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын нсгіздеуге, оның тиімді
параметрін айқындауға мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын
пайдаланудың нәтижесін әділетті бөлу принципі өндірістің әлеуметтік-
экономикалық тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана
қаралады.
Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну, табиғи
ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудін
философиялық-теоретикалық фундаменті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |