«Табиғи қорлар географиясы» пәнінен дәрістер
№1. Пәннің мазмұны және мәселелері. Табиғат байлығын
пайдалану түсінігі. Қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен
ресурстардың теориялық және практикалық мәні.
Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың
қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат
адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді.
Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану
мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.
Коғамнын. ендірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға
эсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер
екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалык, жетістіктің арқасында табиғи
орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануга мумкіндік
туады. Мысалрға, шөлді жене шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу,
жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды турлерін көбейту, жалпы табиғи
ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін корғауды атауға болады.
Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді.
Мысалы, ендірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының, тугесілуін,
судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің
тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жургізуге,
құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.
Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және
оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер
бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын
өндіріске қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға
әсері күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі.
Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де
байланысты. Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам өмір
сүрген болса, 1990 жылы хапық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000 жылы 6
млрд.-тан асады деп есептеледі.
Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді
арттыруға, оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін
кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз
еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат
байлықтарының, оның ішінде отын-энергия қорының тапшылығы сезілуде.
Түсті металлдардың көпшілігі - мыс, қорғасын, мырыш, қымбат бағалы
металдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бүрынғыға
қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура келеді.
Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және
табиғат қорының, өндіріс қүралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу
қажет. Бүл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-
қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі ендіріс масштабымен,
табиғат байлығын игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің
дамуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен
табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде қүрылады. "Адам
және табиғи орта" жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынас-тарының
даму процестерін тереңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылым -
табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның
пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу
керек. Ұзақ уақыт экономика және экология ғылымдары жеке-жеке ғылым
салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән ғылыми негіздері, әдістері
болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау
мәселелері
жүйелі,
кешенді
экономикалық-экологиялық
түр-ғыдан
қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді пайдалану табиғи
ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін
табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді
Табиғат байлығын пайдапану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс
кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық,
экономикалық қатынастар болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде
туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға
тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:
• халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету
жағдайларын;
• табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу
әдістерін;
• табиғат байлығын неғүрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау
мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;
• табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды
басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жол-
дарын зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасының танымдық негізі - қоғамның
дамуының экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып
табылады. Ол экономикалық заңцарға сүйеніп табиғат байлығын пайдалану,
оның қорын молайту және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік
қатынастарды зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық
заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік
мәселелерді шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де
айналысады.
Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа
экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды.
Табиғат байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын
жоспарлау, аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау,
экономикалық кибернетика және т.б. экономикалық ғылымдармен тығыз
байланыста.
Табиғат пайдалану экономикасы техникалык, ғылымдармен де тығыз
байланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру,
жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап етеді.
Техника - экономикалық шешімдердің де тиімдісі (дұрысы) - қолданылатын
техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.
Табиғат пайдалану экономикасы география ғылымымен де маңызды
байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығының орналасу
тиімділігі, табиғат байлығын пайдаланушы өндірістерді орналастыру
тиімділігі, т.б. ортақ шешетін мәселелер.
Табиғат пайдалану экономикасының жалпы әдістері, бағытты,
мақсатты зерттеулері жеке салалық экономика мәселелерін шешуге көмегін
тигізеді. Салалық экономика табиғат байлығын пайдалану экономикасынан
бүрын қалыптасты. Сондықтан оларда теориялық, іс-тәжірибелік
жинақталған танымдар табиғат пайдалану экономикасының қалыптасу негізі
болды.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттері:
халық шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты
қорғау,эконо экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру
болып табылады. Экономикалық басқару механизмі табиғат пайдалануға
байланысты үш кезеңді қамту керек: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау),
игеружәне ұқсату.
Ең бірінші кезекте ғылыми-техникалық жетістіктердің табиғи ортаға
әсерін зерттеу керек. Күрделі құрылыс пен өндірістің, оның қүрылым
тиімділігінің табиғи ортаны, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға тигізетін
әсері, экологиялық басқару жүйесі және табиғи ортаға зиянсыз шаруашылық
үйымдастыру, табиғатты қорғаудың халықаралық мәселелері және т.б.
табиғат пайдалану экономикасының тақырыбы болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі -
диалектика. Диалектикалық әдіс бойынша зерттелетін қүбылыс (зат) жан-
жақты, қайшылықта, даму үстінде қарастырылады. Диалектикалық әдіс
бойынша ғылыми ой-таным жинақталған іс-тәжірибені қолданады.
Тәжірибедегі кемшіліктері мен жетістіктерге ғылыми талдау жасалып,
нәтижелері іс жүзінде қолданылып отырады.
Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану әдісінің маңызы
зор. Әрбір қүбылыс қалай пайда болды, қалай дамыды, қазіргі жағдайы
қалай, ертеңі қалай болмақ, осы түрғыдан өткен мен бүгінгінің байланысын
сабақтастыра зерттеп отырады.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі - жүйелілік.
Осы әдісті қолдану арқылы жүйені қүраушылар анықталады, олардың бір-
бірімен қатынасы, бір-біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зерттеледі.
Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу (нормалау) әдісі де
кеңінен қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану нормалары, шектері,
ауада, суда, жер бетінде және жер қабатында улы заттардың жинақталуы,
шоғырлануы, таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану мөлшері,
қалдық шамасы, т.б. нормалар бекітіледі.
Табиғат пайдалану экономикасында аталғандармен қатар экономика-
математикалық, статистикалық талдау, сараптау әдістері кеңінен қолданы-
лады. Табиғатты қорғау, табиғат байлығын пайдалану шараларының
тиімділігін арттыруда, экологиялық залалдың алдын алып, болырмау,
сараптау әдісінің атқаратын қызметі зор. Табиғат байлығын пайдалану,
табиғи ортаны қорғау шаралары сараптаудан өтпейінше іске асырылмайды.
№2. Табиғатты өндірістің материалдық негізі ретінде қарастыру.
Табиғи ресурстардың және экономиканың нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты олардың ролі.
Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді
пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі
стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық
өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінін қалыпты жағдайы сақтауын
қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат
байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.
Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат
байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық
қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға
бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба
байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс
шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.
Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да үлттық байлық
ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін
қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп
қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын
молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша
айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуға тиіс.
Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық,
рухани, әлеуметтік мүқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына
келтіруге, молайтүға бағытталуы қажет.
Бұл түрғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау
түсініктерін ажырата білу керек. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, көп
жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды
ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дүрыс. Табиғи ортаны қорғау
деп - табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған
заңдылық, шаруашылық, үйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз.
Табиғат байлығын корғау -оны тиімді пайдалану болып табылады.
Табиғи орта өндіріс түрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу
ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу
көзделеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын
орасан зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мүмкіндік береді. Соның
әсерінен табиғи ортаның теңдестігі бұзылып, жалпы нашарлауына әкеп
соғады. Осыдан табиғат байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны
қорғау мәселелерін қатар шешу қажеттігі, сондай-ақ қоғамның экологиялық
қауіпсіздігі мәселесі туындайды.
Табиғат байлықтары, табиғат күштері экономикалық жағынан -
пайдалану тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан -
өмір
сүруге,
шаруашылық
ұйымдастыруға
қолайлығы
бойынша
қарастырылады. Табиғат негізі екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта
және табиғат байлықтары.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-
жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиги
күштерді айтамыз. Мысалы, күннің қызуы, сәулесі, атмосфералық ауа,
гидросфера, литосфера, т.б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай
болып табылады.
Табиғат байлығы деп - адамзат пайдаланатын немесе пайдалану
мүмкіндігі бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын
адамзат шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын
өндірістік материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры
немесе табиғи ресурс деп те атайды.
Табиғат пайдалану экономикасында табиғи орта, табиғат байлығы
ұғымдары олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен ерекшеленбейді,
оларды пайдалану мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Табиғи заттар (күштер)
пайдаланылатын табиғи ресурс немесе емір сүруге қажетті жағдай болуы
мүмкін, кейде мұның екеуі де болып табылады. Мысалы, жер, су, орман
байлықтары әрі табиғат қоры, әрі өмір сүру, шаруашылықты ұйымдастыру
ортасы болып табылады.
Табиғат байлығын экология-экономикалық (таби-ғат байлығын қорғау,
тиімді пайдалану) түрғысынан сарқылатын және сарқылмайтын деп екі ірі
топқа бөлеміз, ал алғашқысын қалпына келетін және қалпына келмейтін
табиғат байлықтары деп ажыратады (1-сызба).
1-сызба
Табиғат байлықтарын топқа бөлу
Табиғат байлықтары
Сарқылмайтын
Сарқылатын
Күн энергиясы
Теңіз толқынының
энергиясы
Жел энергиясы
Жер қойнауының энергиясы
Атмосфера ауасы
Мұхит суы
Қалпына келеді
Қалпына келмейді
Жануарлар дүниесі
Өсімдіктер дүниесі
Топырақ құнарлылығы
Жер ауданы(өмір сүру
ортасы)
Пайдалы қазба
байлықтары
Іс жүзінде қолдану тұрғысынан көбінесе табиғи сұрыптау бойынша
мына топтар бөлініп қаралады: минералдық шикізат (қазба байлық), жер, су,
ауа, өсімдіктер, жануарлар.
Пайдалану
тиімділігіне
байланысты
экономикалық
сұрыптау
экономикалық бағалау негізінде қүрылады. Осы мақсатта халық
шаруашылығының маңыздылығы тұрғысынан сүрыптау да қолданылады.
Мысалы, егістік жер, жайылым, шабындық, суармалы егістік, бірінші, екінші
және үшінші топ ормандары, пайдаланатын, пайдалануға даяр және
запастағы кеніштер, т.б.
Сүрыптау өзіндік әр түрлі мақсатқа құрылады. Сұрыптаулар табиғатты
қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану шараларын жоспарлауға,
экономикалық тиімділігін анықтауға, жүмсалатын қаржы шамасын
белгілеуге, экологиялық нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылық салаларын: өндірістік, бөйөндірістік және
экологиялық деп бөліп қарауға болады. Соңғысының ерекшелігі мүнда
еңбектің табиғатты, табиғат байлығын қорғауға (сақтауға), молайтуға және
тиімді пайдалануға бағытталғандығында.
Қоғамның өмір сүру, даму ортасын сақтау тек қана табиғатты қорғау,
қалпына келтіру, молайту, яғни экологиялық шаруашылықпен ғана
байланысты емес, ол өндіріс салаларындағы табиғатты қорғау, оның
байлығын тиімді пайдалану шараларымен де тікелей байланысты.
Экологиялық шаруашылықтың пайда болуы табиғатты қорғау
міндеттерінің қажеттігінен туды. Сондықтан, экологиялық шаруашылық
табиғатты қорғауға, оның байлығын жаңғыртуға (молайтуға) бағытталған
мақсатты еңбек.
Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-
бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарауға болмайды.
Табиғатты қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын
пайдаланудың ең алғашқы, бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері - табиғат
байлығын игеру және үқсату. Соңғылары өндірістік салаларға жатады.
Түптеп келгенде, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану
қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады.
Сондықтан "табиғатты пайдалану","табиғат байлығын пайдалану" сөзін
қолданғанда оған табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану
мәнін береміз.
Қоғамдық еңбек тұрғысынан қарағанда бір жағынан табиғат байлығын
игеру, үқсату шаруашылықтың екі тарауына - экологиялық және өндірістік
шаруашылыққа бөлінген. Бүлай бөлу шаруашылықты үйымдастыруға,
басқаруға, жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, т.б. мақсатқа
қажет болады. Бірақ бүл процестің екі жағы өзара тығыз байланыста
болғандықтан
өндірісті
экология
түрғысынан,
ал
экологиялық
шаруашылықты ендірістік-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру керек.
1 - кесте
Экология мен экономика өзара байланысты
Табиғатты пайдалану(өндіріс)
Табиғат
байлығын
өндіретін
өндірістік салалар
Өндірістік
шаруашылықты
табиғатты қорғау шаралар
Табиғат байлығын есепке алу,
оның
өнімділігін
жаңғырту(молайту
Табиғат байлығын барлау, өндіру
және ұқсату
Атмосфераны, су көздерін, жерді,
жер қойнауын қорғау
Қалдықтарды пайдалану
Табиғат байлығын жаңғырту (қалпына келтіру,молайту) экология
Табиғатты қорғау шаруашылығының мақсаты экология-экономикалық
жүйееді
қалыптастырып
дамыту.
Ғылыми
түрғыдан
экология-
экономикалық жүйе деп - табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз, яғни
қоғамдық өндірістің табиғи қүбылыстарға сәйкес дамуын айтамыз.
Осыған сәйкес экология-экономикалық қатынас - адамдардың
табиғат пайдалану процестерінде табиғат байлығын қорғау, игеру және
үқсату жөніндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ол екі жақты болады:
әлеуметтік және ұйымдастырушылық. Әлеуметтік қатынас негізіне меншік
табиғат байлығын иеленушілік жатады. Ал үйымдастырушылық негізіне
өндіргіш күштердің даму дәрежесі және өндірістік қатынас жүйесі
жатады. Қатынастың әлеуметтік жағы қоғамның экономикалық заңдарын
қолдану арқылы табиғат байлығын пайдаланудың қоғамдық үйымдасуын қа-
лыптастырады, ал үйымдастырушылық жағы өндіріс кезінде түрақты болып
түратын экологиялық мәселелерді шешіп отырады.
№3. Табиғи ресурстардың түрлері мен пайдалану сипаты
бойынша классификациясы. Табиғи ресурстарды зерттеудің
географиялық – экономикалық жолдары.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі.
Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңды-
лықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және
табиғи ортаны қорғау жуйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады.
Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі
тұрақты байланыстар заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген
арнайы заңдылықтар.
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі
принциптер иегізінде жүргізілуі керек:
1.
Басымдылық
принципі.
Табиғат
заңдылығының
қоғам
заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы
қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат - қоғам бірлестігі табиғат
заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс
бұзылмау ушін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына
сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат
заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның
дамуын тежеуге әкеп соғады.
2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау - табиғатты
адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда
қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы
керек.
3. Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау
- табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы
өндірісті үйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру.Өндірісті
экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді
сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат
қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология
қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға
сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б,
4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |