«Табиғи қорлар географиясы» пәнінен дәрістер


№9.  Табиғи  ресурстарға  және  олардан  алынатын



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі445,23 Kb.
#7214
1   2   3   4

№9.  Табиғи  ресурстарға  және  олардан  алынатын 

өнімдерге баға беру. 

 

Жалпы    онімге  және  табиғат  ресурстарына,    оның  ішіндс  табиғат 



байлығын өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық 

ғылымдар  мен  шаруашылық  тәжірибенің  негізгі  мәселесі  болып  табылады. 

Бүл  мәселе  бірлеше  ғасырлар  бойы  талқыланып  келеді  және  оны  қазіргі 

уақытта,  бағаға  бас  июден  бастап  шектік  пайдалылық  пен  қүнның  еңбск 

теориясына  дейін  көптегсн  ғылыми  түжырымдамалары  бар.  Бұл 

түжырымдамаларды және баға мен құн теориясын қарастыру осы жүмыстың 

максаты емес. Сондықтан, біздің ойымызша, тек мыналарды   ғана   ерекше   

атап    өткен    дұрыс.      Капиталист  шаруашылықтағы   нарық  экономикасын  

зерттеу  нәтижесіндс  жасалған  К.Маркстің  еңбек  қүны  теориясын  осы 

уақытқа дейін ғылыми көзқарас түрғысынан ешкім жоққа шығара алған жоқ. 

Керісінше,  оның  негізгі  ережелері  нарық  экономикасы  дамыған  елдрдің 

ғалымдарының  зсрттеулерінде  дәлелденген  және  бағамы  реттеу  іс  жүзінде 

түрақтандыру кезіндс, аталғап елдерде бағаны түрақтандыру саясатын жасау 

кезінде оған назар аударылады.  Сондықтан табиғи ресурстарға және табиғат 

игеруіші  салалардың  өнімдеріне  баға  белгіленген  кезде,  біздін  ойымызша, 

К.Маркстің  жоғарыда  аталған  еңбек  қүны  теориясын  қолданған  жөн.  Осы 

теорияға сәйкес қандай да бір товарды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті 

еңбек  шығыны  оның  бағасының  негізі  болып  табылады.  Төлемге  қабілетгі 

сұранысты  қанағаттандырғанда  және  салыстырмалы  түрде  экономикалық 

дамудың  тұрақтылығы  жағдайында  өндіругс  кететін  шығынның  қоғамдық 

қажетті  деңгейі    өнімнің    бір    данасьн    өндіруге    кететін орташасалалық 

шығынның  мөлшерімен    анықталады.    Қарастырылатын  өнім  түріне  және 

өнімнің баска түрлсріне деген сұраныс өндіріс (үсыныс) арқылы камтамасыз 

етілгенде олар экомикалық    тепе-теңдік   жағдайын    білдіреді.    Сүраныс 

ұсыныстан  асып  кеткен  жағдайда,  бағалар  қоғамдық  кажетті  шығындардан  

өсу жағына  қарай   ауытқиды,   ал  сүраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар 

төмендеу  жағына  қарай  ауыткиды.  Сөйтіп,  ұзақ  уақыт  мерзімінде  берілген 

өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіругс кететін қоғамдық   қажетті шығынға 

теңеседі    және  сонымен      анықталады,      яғни      бағаның      негізінде   


еңбекшығыны  жатады,    ал    сүраныс    пен      ұсыныстың    ара 

салмағысалыстырмалы түрде қысқы мерзімде тауардың  күнделікті 

бағасының  шамасын  реттейді  және  бағаны  тауар  қүнынан  не  ары,  не  бері 

жағына карай ауытқытатын уақытша өтпелі фактор болып табылады. 

Табиғат пайдаланушы  салаларрдың өпіміне  қалыптасатын бағаға   К. 

Маркстің  еңбек  құны  теориясын  қолдану,    аталған  өнімге  оның  ішінде 

табиғат  ресурстардың  өзінс  баға,  сүраныс  пен  ұсынысты  ескерс  отырып,  

өнімнің  бір  данасын    үдайы  өндіруге  қажетті  коғамдық  шығынның  орташа 

деңгейі негізінде, басқа да өнім түрлеріне белгіленстін сияқты белгіленуі тиіс 

Екендігіне  әкеп      саяды.    Осыдан  келіп,    баға  табиғат  ресурстарына,оларды 

игеруге кететін шығынның деңгейінде койылады. Бұл өнімнің  алуан түрінің, 

олардын  қүны  (айырбастау  құны)  бойынша  тұтыну  құнын  айырбастау 

баламалылығы  мен  жалпы  баға  қалыптасу  мәселесін  шешуде  монизм 

принципін қамтамасыз етеді. 

Социалистік  шаруашылық  жағдайында,  академик  С.Г.Струмлиннің 

анықтамасы  бойынша,  табиғи  ресурстардың  бағасы  оларды  игеруге  және 

өндіріскс 

дайындауға 

жүмсалған 

шығынымен 

анықталады.Табиғат 

ресурстарын  ашуға  ондіріскс  дайындауға  келтіруге  адам  еңбегі  жүмсалған 

жағдайда,  олардың  құны  бағасы  жоқ,  бірақ  тұтыну  құны  болуы 

мүмкін,экономикалык  түрғыдан  бағаланады.  Осыған  байланысты  табиғат, 

минералдық  шикізат  ресурстарының  бағасын  экономикалық  бағалаудан 

ажырата білу керек. 

Нарық  шаруашылығы    жагдайында      табиғи    ресурстардың  бағасы 

ретінде  оларды пайдаланудан түсетін тиім адынады, өйткені сатылатын және 

сатып алынатын ресурстардың өзі емес дифференциалдық жер рентасы, яғни 

В.И.Лениннің сөзімен  айтқанда, "Жерді сатып алу дегеннін, өзі жер беретін 

табысты сатып алу, рентаны сатып алу деген соз..."''. 

К.Маркс көрсеткендей, капиталистік шаруашылық жағдайында 

монополизацияланатын табиғат ресурстары алып-сату объектісі бола 

отырып, қүнның "иррационалдық" түріне ие болады және "... бүл жердің 

сатьп алу бағасы емес, процснттік, ставкаға 

 

есептелінгеи — сол жер беретін, 



жер рентасы". 

Нарықтық      шаруашылық      жағдайында      уақыт      факторын  ескере 

отыра  анықталатын  жер  рентасы  (рента)  жерді  және  жалпы  табиғат 

ресурстарын  экономикалық  түрғыдан  бағалаудың  мазмүнын  құрайды. 

Осыдан  келіп  капиталистік  шаруашылық  жағдайында  табиғи  ресустардың 

"иррационалды"  бағасы  олардын  экономикалық  бағалауына  тең      болады. 

Капиталистік  шаруашылык,  жағдайында  табиғат  ресурстарынъң  бағасы  мен  

"иррационалалдық"  бағалаудың  осындай  сәйкестігі  ең  алдымен  өндіруші 

салалардың  өніміне  баға  белгілеудің  ерекше  түрінің  нәтижссі  болъш 

табылады.    Капиталистік  өндіріс  тәсілі  жағдайында  реттелмейтін 

монополиялык  жср  иелігінде  шектеулігіне  байланысты  —  Жер,  жер 

қойнауының байлығы және тағы басқа табиғат ресурстары өндірістің нашар 

табиғи  жағдайында  осы  өнімге      жұмсалатын      шығынмен      ауыл   

шаруашылығы      және  өндіруші  салалардың  өнімнің  нарықтық  бағасын 



анықталатынын    марксизм-ленинизм    классиктері    дәлелдеді.      Сондықтан 

капиталистік   шаруашылық   жағдайында   өндіруші   салалар өнімнің бағасы 

өнімді  өндіруге  жұмсалатын  қоғамдык  қажетті  шығын  шегінің  нормасы 

болады.  Сонымсн  қатар,  бүл  бағалар  өнім  түрінде  заттанған,  қоғамдық 

қажстті  еңбектің  өлшегіш  қызметін  дәйексіз  түрде  атқарады,  бірақ, 

шындығына  келгснде  олар  өнімнің  құнын  анықтайтын  өнімнің  сол  түріне 

қоғамдық қажетті шығынның орташа деңгейін білдірмейді. 

Өнімнің  қүнына  бағасыньң  сәйкес  келмеуі,  яғни  тау-кен  өндірісі 

салалары  мен  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  нарықтық  құны  сомасының 

олардың  жеке  қүнының  сомасынан  көп  мөлшсрде  асып  түсуі  "жалған 

әлеуметтік  қүнның"  пайда  болуьша  әкеп  соғады.  Осыған  байланысты 

К.Маркс "Біздің алдымызда (нарық бағасын) нарықтық қүнның капиталистік 

өндіріс тәсілі базисіндс бәсексге түскенде ол сол күйінде өзін қалай көрсете 

алатындығының  анықтамасы;  бүл  жалған  экономикалық    құнды  тудырады" 

деп жазды. 

 

№10.  Табиғат  ресурстарын  бағалаудың  ортақ  көрсеткіштерін 



табу. 

 

Табиғат  байлығын  экономикалық  бағалау  мен  оның  өндірістегі  тауар 



айналасындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез 

келген  тауардың  құны  оған  жұмсалған  еңбекпен  өлшенеді  және  ол  жеке 

тауар  өндірушілердің  жұмсаған  еңбегімен  емес,  қоғамдық  қажетті  еңбекпен 

өлшенеді. Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сураныс пен 

ұсыныс арқылы қалыптасады. 

Осы  күнгі  баға  анықтау  тәсілі  бойынша  табиғаттан  алынатын 

шикізаттың  бағасы  сала  бойынша  өнімділігі  орташа  еңбек  шамасының, 

орташа  қажетті  шығындар  негізінде  анықталады.  Табиғи  қалпында  тұрған, 

игеруге  ешқандай  еңбек  жұмсалмаған  табиғи  заттардың  бағасы  теориялық 

тұрғыдан  жоқ,  ол  практикалық  тұрғыдан  алмастыратын    ресурстардың  

бағасымен  анықталады.  Шикізаттың  бағасы  оны  игеруге  мөлшерлі 

пайдасымен  қоса  қанша  шығын  жұмсалғанын  көрсетеді.  Экономикалық 

бағалау  табиғат  байлығының  нақты  түрін  пайдаланғанда  оның  тұтыну 

құндылығын көрсетеді. 

Баға бойынша әр түрлі өнімдерді салыстыруға болады. Экономикалық 

бағалау  шамасымен  тек  қана  өзара  салыстыруға  болатын  тұтыну  қажетінің 

бір 

түрін 


өтейтін 

табиғат 


ресурстарының 

тұтыну 


құндылығы 

салыстырылады. 

Экономикалық 

бағалау 


әрқашан 

салыстырмалы 

иррационалды шама. Тек қана бір қажетті өтейтін заттар (күштер) бір-бірімен 

салыстырылады.  Маркстік  теория  бойынша  тауардың  қүны  және  бағасы  әр 

түрлі  қажеттілікті  өтейтін  тауарларды  айырбастағанда  айқындалады.  Осы 

айтқандарға қарап экономикалық бағалау мен бағаның атқаратын қызметтері 

де әр түрлі деп қорытындылаймыз. 


К.  Маркс  зерттеген  капиталист  қоғамда  табиғат  байлығын  бағалау 

шамасы ретінде сол табиғат байлығын пайдаланғанда түсетін қосымша рента 

алынды. Анығырақ айтсақ, жердің бағасы жер рентасымен өлшенді, өйткені 

жерді сату, сатып алу оның физикалық шамасын емес, одан түсетін пайданы 

(рентаны)  сатып  алу  болып  табылады.  В.И.  Лениннің  айтуы  бойынша,  жер 

сату дегеніміз сол жерден алынатын  табысты  сату, жер рентасын сату. Жер 

рентасы  жердің  бағасының  негізі  болады.  Сондай-ақ  табиғат  байлығының 

басқа түрлерін де экономикалық бағалау негізі рента болады. 

Табиғат  байлықтарының  сан  және  сапа  жағынан  әр  түрлі  болуы, 

оларды пайдалану ерекшеліктері, ұқсату ерекшеліктері, зерттелу дәрежесінің 

түрліше болуы,  мағлұматтардың  толық  немесе  толық  емес  жартылай болуы 

экономикалық  бағалаудың  да  түрліше  болүын  туғызады.  Іс  жүзінде 

қойылатын мақсатқа, мүмкіндіктерге байланысты экономикалық бағалаудың 

бірнеше  түрлері  қолданылады.  Ол  бірінші  кезекте  бағаланатын  табиғат 

қорының  түріне  байланысты.  Мысалы,  жер,  су,  орман,  минералдық  шикізат 

қорын  экономикалық  бағалау.  Мүндай  бағалаулар  таза  әлеуметтік- 

экономикалық 

тұрғыдан, 

әлеуметтік-экономикалық, 

экология 

экономикалық, экономика-географиялық болуы мүмкін. 



Экономикалық  бағалау  нәтижесін  қолдану  жағдайына  қарап,  халық 

шарауашылық  және  кәсіпорынның  есеп  тұрғысынан  бағалауларды 

ажыратамыз.  Халық  шаруашылық  деңгейде  бағалау  ең  жоғарғы  қажетгі 

(шеткі)  шығын  негізінде  есептеледі,  ал  шаруашылық  есеп  деңгейінде  - 

қолданылатын баға негізінде болады. 

Табиғат  ресурстары  туралы  мәліметтердің  жеткілікті  дәрежесіне 

байланысты: болжамдық, жобаға дейінгі, жобалық, жоспарлық, жүмыс істеп 

тұрған  кәсіпорындар  үшін  экономикалық  бағалаулар  жүргізіледі.  Мысалы, 

минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау бірнеше кезеңнен өтеді.  

Табиғат  ресурстарын  экономикалық  бағалау  түрлерін  мына  сызбадан 

көруімізге болады. 

2-сызба 

Табиғат ресурстарын экономикалык бағалау түрлері 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Табиғат ресурстарын экономикалық 



бағалау 

   Абсолютті 

Салыстырмалы 

Ағымдағы 

Ұзақ мерзімдік 

Табиғат 


пайдалану 

Табиғат қорғау



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет