Өзімді сүйікті әйел, аяулы жар ретінде қалай сезіне аламын?
–
Қалай менің намысым аяққа тапталмайды, – деп жақында жатыр мойны тат ауруына
шалдығып, жыныс мүшесінен сұйық бөліне бастаған әйел.
–
Күйеуім үнемі іс апарда, кезекші. Мен болсам екі баламен үйдемін. Жарық дүниені
көрмеймін. Осындай жағдайда, өзімді сүйікті әйел, аяулы жар ретінде қалай сезіне
аламын?
–
Сізше, екі баласы бар, күйеуі жұмыс істейтін әйелдердің барлығы өздерін сүйікті әйел,
аяулы жар ретінде сезінбейді демекшісіз ғой.
–
Жоқ, неге олай? Менің үш баласы бар құрбым бар. Күйеуі үйінде көп болмайды. Бірақ,
ол гүлдеп, құлпырып жүреді. Ал мен болсам осы тығырықтан шығатын жолды таба алмай
әлекпін.
–
Онда келіңіз, осы тығырықтан шығатын жолды бірге іздестірейік.
–
Іздестірейік, – деп қуана келіседі келіншек.
Жыныс мүшелерінің сыртының қабынуы, вагинит, ақуыз
Әйелдің жыныс мүшесі – әйелдік қағидалардың белгісі, бейнесі. Жыныс мүшелерінің
сыртқы шырғалаңдары: өзінің әйелдік, нәзіктік болмысына сенімді болмау, үрейлену,
елден кеммін-ау, қалып қалдым ғой деген қорқынышты білдіреді.
Бұл әйелде еркектерге деген өшпенділік бар: реніш, кінәлау, ыза болу, жек көру.
Шүртекейдің (вульва) және күнтиместің (влагалища) ішкі жағының қабынуы – өзіңізді
әйел ретінде төмен санайсыз. Сіздің пікіріңізше, әйелдер еркектерге ықпал ете алмайды.
Мынандай заңдылық бар: өздерін кем санайтын еркектердің ішегіне
(двенадатиперстный) жара түседі, ал әйелдердің жыныс мүшелері қабынып ауырады.
Маған ылғи қаққан-соққан еркектер кездеседі
Емшіге жас келіншек келеді. Онда созылмалы ақуыз (молочница) , жиі-жиі мол мөлшерде
жаман исті сұйық бөлінеді. Дәрігерлер уақытша ғана жеңілдік береді. Ғазиз жанымен
хабарласқанда – еркектерге деген «созылмалы» қарсылық.
–
Сіз білесіз бе, маған ылғи қаққан-соққан еркектер кездеседі.
–
«Қаққан-соққан» деген не?
–
Анығын білмеймін. Меніңше өмірде дұрыс еркек болмайды ғой деймін.
–
Мүлде болмай ма?
–
Әрине мүлде емес. Мүмкін олар бар да шығар. Бірақ, дұрыс еркекті әлі кездестірген
емеспін. Бірінші күйеуімнен ажырасқанда, оның ойнасқа барғанына шыдай алмадым.
Екіншісі, өзі кетіп қалды. Қазір қайдағы жоқ «қоқыр-соқырлар» кездеседі.
Дисменорея – етек кірдің жүйелі келуінің бұзылуы
Сіз өзіңіздің әйелдік тәніңізді көре алмайсыз. Немесе өзіңіздің әйел екеніңізді
мойындағыңыз келмейді. Өзіңіздің әйелдік нәзіктігіңізге күмән келтіресіз.
Айлық етек кір айналымы неге бұзылады?
Бір жас қыздың айлық етеккір айналымы бұзылады. Оның Ғазиз жанымен байланысқанда
себебі анықталады. Қыз өзінің бала кезін еске алды. Кішкентай күнінде анасы: «қыз емес,
ұл күтіп едім», – деп зарлай берген. Оның үстіне үйінде ұл бауырына қатты көңіл
бөлінген. Уақыт өте келе бәрі ұмытылады. Бірақ, Ғазиз жанында сақталған келеңсіздік
қалып, кейіннен әйелдігіне кері әсерін тигізген.
Өзінің әйелдігіне күмәндану, еркектерге деген өшпенділікпен тығыз байланысты.
Бұны қыз бала анасынан қабылдайды. Оның жыныстық жетілуіне кері әсерін тигізеді.
Тағы бір себеп, жыныстық қатынаспен байланысты қорқыныш, өзін кінәлі сезіну.Оның
пікірінше жыныстық мүшелерге қатысы бар барлық істер күнә, таза емес.
Өткен өмірінде еркек болған әйел
Емшінің қабылдауына жатыры ісіген, оған қосымша етек кірі келгенде жанына батып
ауыратын әйел келеді. Ауырғанда 3...4 күн бойы қозғала алмайды. Дәрінің, дәрігерлердің
әсері болар-болмас.
Ғазиз жанынан себебін сұрағанда: «Сіз өткен өміріңізде еркек болғансыз және
әйелдерді өлтіргенсіз. Сол үшін осы өмірде азап көресің», – деген жауап алады. Әйел
алғашында қорқады, өзіне-өзі келгеннен кейін:
–
Мен енді түсіндім, әйелдердің балтырларына неге қарай беретінімді. Сіз білесіз бе,
бірде-бір көлбеңдеген көк етектіні құр жіберген емеспін. Теледидардан жалаңаш
қыздарды көрсетсе, жүгіріп барып көретінмін. Енді не істеуім керек? Өмірімнің аяғына
дейін осылай азап шегіп жүремін бе?
Емші мен әйел оның Ғазиз жанымен былай келіседі: Әйел өзіне деген, басқа еркектер
мен әйелдерге деген көзқарасын кілт өзгертетін, ал әйелдің Ғазиз жаны ауруды шақыруды
тоқтататын болады, – деп.
Келесі айда әйелдің етек кірінің келуі жүйелі түрде болды.
Аменорея – етек кірдің келмеуі
Етек кірдің келмеуі – әйел болудан бас тартуды, өзіне жексұрындықпен қарап, әйел
екеніне мойын ұсынғысы келмеуді білдіреді. Қыз бала жыныстық жетіліп, пісіп-тола
бастағанда өзінің етек кірі келетінін біледі. Ол көбінесе анасын қайталайды. Егер
анасының етек кірінің жүйелі түрде келуі бұзылса, қызы да сондай болады.
Кейбір әйелдер қалыпты етек кірі ауыртпай, емшек бездерінің томпайуынсыз,
қоймалжыңсыз болатынын білмейді. Егер де сізде осының белгісі болса, ойланыңыз –
етеккір келген кездегі өзін жақсы сезінуге не бөгет болып тұр?
Жыныстық жетілуі тоқтап қалған бойжеткен
Емшіге 20 жасар бойжеткен келеді. Етеккірі әлі басталмаған. Ата-анасы көптен бері
мазасыздануда. Бойжеткеннің бармаған маманы, қаралмаған бақсы-балгерлері қалмайды.
Тіпті «халықаралық деңгейдегі» экстрасенсорға да қаралады, барлық дәрілердің дәмін
татады, гармондықпен қоса. Нәтиже жоқ.
Емші 12...14 жас аралығында жыныстық жетілуінің тоқтап қалғанын бірден
байқайды. Себебі, кеудесін керіп тұрған қос анары білінбейді, бөксесі бұлғаңдап бұлтиған
емес – қушиған, даусы баланікі.
Гипноз барысында бойжеткен 12 жасында болған жағдайды есіне түсіреді. Осы
жасқа толар алдында анасы, оның етеккірі келетінін түсіндіріп айтады. Қыз бала қатты
уайымдайды. Себебі, анасының етеккірі келгенде бірнеше күн төсектен тұра алмай,
ауырып қатты қиналатын. Еш қандай ем, дәрі әсер етпейтін.
Анасы етеккір мезгілін түршіге күтетін. Қыз бала тығылып бір апта жылап, Құдайдан
әйел болғысы келмейтінін, қыз қалпында қалайын жалынып-жалбарынып сұрайды. Оған
майды шешесі онан әрман құя түседі. Өзінің босанғандағы қиналғанын, ауыр босанғанын
жырлайды. Әкесі де қыздың анасымен дөрекі болатын.
Жаратушы жалынып-жалбарынған тілегін қабылдады ма, әлде қалауының күштілігі
ме, жыныстық жетілуі тоқтап қалады. Емші оған екі сағаттық лекция оқиды. Еттеккір
қалай өтетінін, қалыпты жүктілік қалай болатынын, ана болудың қуанышы т.б.
Бойжеткеннің емшіден шыға бере етеккірі келгендіктен такси шақыруға тура келеді.
Екі аптадан кейін алқым-жұлқым болып бойжеткеннің шешесі жетеді. Оның
шырғалаңдары анағұрлым күрделі болып шығады. Жас күнінде үлкен күнә жасағаны
үшін, оның Ғазиз жаны 22 жыл бойы етеккірдің қатты ауруымен жазалапты!
Бойжеткен жарты жылдан кейін қайта келеді. Өзінің емшектерінің өсуін тоқтатуын
өтінеді. Осы аралықта құлпырып: өте көрікті, әдемі, әйелдік мүшелері «мен мұндалап»
айшықтанып, қос анары кеудесін керіп, бөксесі бұлтыңдап, балтырлары толып кетіпті.
Емші бойжеткеннің өтінішін орындайды.
Жатырдан қан ағу
Қанның жатырдан ағуы қуанышты сәттердің, кезеңдердің кетіп бара жатқанын білдіреді,
осыны бейнелейді. Өзіңізді нағыз әйел ретінде сезініп, өз өміріңізге қуанышты, шаттықты
қайта қайтарыңыз. Бұған сізге бөгет: өткен күндердің реніші, ашу-ызасы. Осылардан
құтылыңыз.
Күйеуі басқа қатынға барып жүр деп күдіктенген әйел
Емшіге көптен бері жатырынан қан ағатын әйел келеді. Таяуда жатырының ісігенін де
біледі. Себеп төмендегідей екен. Бірнеше айлардың алдында, күйеуі басқа қатынға барып
жүр деп күдіктенеді. Жанжал шығарады, үйден қуып жібергісі келеді, бірақ балалары
тоқтау айтады.
–
Мені қыздай алған. Бүкіл өмірімді соған арнадым. Одан басқа ерке кіндіктіге етегімді
ашқан емеспін. Ал ол иттік жасады. Шыдай алмай күйеуіме: «Сен білесің бе, жұмыста
еркектер қырындап қыр соңымнан қалмайды. Бір дәрігер тіпті, тұрмысқа шығуға қолқа
салды. Оның үлкен үйі мен көлігі бар». Мен қолқа салған дәрігерге: «Менің күйеуім,
балаларым, жанұям бар», – дедім.
Осыны білгеннен кейін күйеуім, бір апта аяғымның астында домалап кешірім
сұрады. Мен оны әлі күнге кешірген жоқпын, мүмкін кешіре де алмайтын шығармын...
Ет өсу және жұмалақтардың қабынуы (киста и воспаление яичников)
Жұмалақтар әйелдің құру орталығының белгісі, соны бейнелейді. Жұмалақтармен
шырғалаң – өзіңіз осы өмірде әйелдік бастауыңызды іске асыра алмауыңыз. Бұған өзіңізге
әйел ретінде сезінуіңізге бөгет, кедергі келтіріп жүрген ойларыңыз және еркекпен өзіңізді
тең санауыңыз ықпал етеді.
Еркекшора бойжеткеннің арманы, ауруының себебі
Емшіге аднексит және етек кірінің келу жүйесі бұзылған бойжеткен келеді. Ауруы етек
кірі басталғаннан пайда болған. Емші оның ұлдарша киініп жүргеніне бірден назар
аударады. Бойжеткен бірден:
–
Менің жұмалақтарымды жұмыс істететін дәрі беріңізші.
–
Сіз немене дәрі ішкен жоқсыз ба?
–
Іштім. Гормондық. Ішкен кезде етек кірім қалыпты өтеді. Қалай ішуді доғарамын, етек
кірім келмейді. Өмір бойы гормондық дәрі іше бермеймін ғой. Аяғыма жүн қаптап,
басымдағы шашатарым түсе бастады. Сізде дәрі бар деп естідім.
–
Бар.
–
Онда маған беріңіз.
–
Берейін. Бірақ, емделудің барлық шарттарын орындауға дайынсыз ба?
–
Әрине. Қандай шарттар?
–
Ең алдымен еркекшора емес, әйел болуыңыз қажет.
–
Мен әйелмін. Тіпті бір баланы алдыртып та тастағанмын.
–
Баланы алдыртып тастадым деп бөсуге болмайды. Мен әйел болу дегенде жыныстық
тұрғыдан емес, жан дүниеңізбен әйел болу деген түсінік. Сіз бала күніңізден ұлдармен
ойнап, олардың киімін киіп еркекшораға айланып кетіпсіз.
–
Бұның бәрін қайдан білдіңіз?
–
Тіпті, еркектердің мамандығын оқып жүргеніңізді де сезіп отырмын.
–
Иә, солай. Мен қазір студентпін. Болашақ мамандығым машиналарды жөндеу. Өзім
механизмдерді жөндеуді ұнатамын. Сіз білесіз бе, он жыл еркек болуға, бар өмірімді
берер едім.
Қозу, төсек ләззатын алмау, қанағаттанбау
Жыныстық қозбай, төсек қатынасынан ләззат алып қанағаттанбаудың себебі, көптеген
жағдайда – қорқыныш. Өмірден, еркектен, әкеден қорқу. Рухани және қияли тәрбиені
басшылыққа алатын қатал әке өзінің қызына – сені зорлап кетеді деп қорқытады.
Жезөкше, жеңіл жүрісті әйелдерді жек көретін әке, қызының Ғазиз жанына жыныс
қатынасы жайлы келеңсіз, жексұрын ойларды ұялатады.
Өзін қоздыра алмайтын жас келіншек
–
Менің әкем өте қатал. Ол мені үнемі қадағалайтын. Кей кезде шектен шығып кететін.
Мектеп бітіре салысымен бір жігітпен кездесіп жүрдім. Егер белгілі уақыттан сәл
кешіксем, онда жанжал шығарып, неше түрлі анайы сөздер айтып, тіпті әйелдер дәрігеріне
апарып тексертемін деп қорқытатын.
Төсек ләззатын алмайтын, қозбайтын әйелдер өз өмірлерінде жыныстық
қатынастың рахатына шомыла алмайды. Оларда рухани мен тәндік тепе-теңдік жоқ. Олар
тек қана рухани дамуға көңіл бөліп, тәндік ләззаты жоққа шығарады.
Бұған тек қана қорқыныш мұрындық болмайды, сондай-ақ жыныстық қатынас күнә,
харам деген пікір де қосылады. Бұндай әйелдер өз өмірлеріне көбінесе өз сезімдерін
білдіре алмайтын қолапайсыз еркектерді тартады. Бұлар төсек ләззатын басқа бірдемемен
алмастырады.
Қозбайтын әйел, жыныстық қатынас рахатына шомыла алмайды
Емшіге жыныс қатынасы кезінде қозып, төсек ләззатын ала алмайтын әйел келеді. Гипноз
барысында балалық шағының бір көрінісін есіне түсіреді.
Бірде әке-шешесі жататын бөлмеден шешесінің ыңырсыған даусын естиді. Ол
ойлайды, шешесі ыңырсыса қатты қиналып ауырып жатыр. Есікті ашып ақырын сығаласа,
әкесі төсекке шешесін қысып, оны ауыртып, умаждап, жұлқылап жатыр екен. Ал, шешесі
астында бұлқынып шыға алмай жатыр.
–
Мен енді түсіндім, неге жыныстық қатынасты жек көретінімді, – дейді гипноздан оянған
келіншек.
–
Әкеме, басқа еркектерге деген теріс көзқарасымның қайдан пайда болғанын. Мен
еркектер әйелдерді үнемі ауыртып, зардап шектіреді деп есептейтінмін. Есімде тағы бір
қалғаны, шешем әкеме: «мазамды алмашы», – дегенде осы сөздің мағынасын, жыныстық
қатынас деп түсінетінмін.
Қалыпты ләззат алатын төсек қатынасының болмауы, осының күйелісі өмірдің басқа
да жағдайларына ықпал етуі мүмкін. Мысалы, бұл жағдай ет жемейтін (вегетерианка)
әйелдердің арасында жиі кездеседі. Адам идеялық тұрғыдан ет жемейтін болады. Олар
жануарлардың мүрделерін, өлігін жеуге болмайды дейді. Елдің бәрі ақымақ, қағып кеткен
емес қой. Ет жемейтін әйелдер біртіндеп ет жей бастаса, қозып төсек ләззатын алатын
болады. Бүкіл әлемге, еркектерге күмәндану да төсек ләззатынан бездіреді.
Қандай ойларым, қылықтырым, төсек ләззатына бөгет жасап жүр?
Емшіге барған бір келіншек өзінің Ғазиз жанынан сұрады: «Менің қандай ойларым,
қылықтырым, сезім құбылыстарым – қозуыма, төсек ләззатына бөленуіме бөгет жасап
жүр? ». Ғазиз жаны қысқа да нұсқа: «Өзңінің адамдарға, еркек кіндіктілерге күмәның», –
деп жауап қатты.
Төсек ләззатын алмайтын әйелдер, әдетте ата-анасы төбелестен көз ашпайтын
жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Бұндай от басында сүйіспеншілік пен силасымдылық
жетіспейді. Кейбір от бастарында татулық болса да, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік
болмайды. Бұл отбасында еркек пен әйелді, борыш сезімі мен тәртіптілік байлап тұрады.
Соңғы уақытта теледидарда неше түрлі анайы көркем фильмдер қаптап кетті. Онда
ашық жыныс қатынасы жануарлар деңгейінде көрсетіледі. Осылайша жыныстық
қатынастың нәзіктігі, тылсымы, рахаты, әсері, мөлдірлігі, қайталанбас ерекшелігі,
шаттығы адамнан алшақтап барады. Махаббат. Жан, тазалық, ойдың мөлдірлігі деген
түсініктер бірте-бірте көзден де, көңілден де бұлбұл ұшуда.
Осындай бейнетаспаларды көріп өскен ұлдар мен қыздар, қолдан жасалған жасанды
ләззат елесін өз бойларыны сіңіріп, өмірлерінде басшылыққа алады. Нәтижесі бала
көтермеу, қозбау, өмірден түңілуге әкеп тірейді. Адам жас шағында тәндік ләззат пен
рухани ләззат қатар жүретінін біле бермейді. Тек қана махаббат қана нақ ләззатты әкеледі.
Құс екі қанатымен ұшатыны сияқты, адам рухани мен тәндік тепе-теңдік қалыпта болуы
қажет.
Сүт бездері
Ананың қамқорлығын, бала көтеруді, оны қоректендіріп емізуді білдіреді, осыны
бейнелейді.
Сүт бездерінің аурулары
Бұл өзіңізді қоректендіретін махаббаттан, қамқорлықтан, өзіңізге көңіл бөлуден бас
тарту. Өз өміріңізді ең соңынан қоясыз. «Жақсылықты алдымен өзіңе, сонан кейін
басқаларға жаса» деген қағиданы ұмытқансыз.
Ет өсу мен беріштену (кисты и уплотнения)
Бұлар аса қамқорлықтың, шектен тыс жаны ашудың белгісі мен бейнесін білдіреді. Сіз
басқа адам жайлы қамқорлықпен өзіңізді тұншықтырып тастайсыз. Онымен қоймай,
өзіңізге қарамайсыз, күтінбейсіз. Сіздің басты ұраныңыз: «Бәрі өзгелерге, өзім сонан соң».
Қазіргі медицина емшегі ісіп кетсе, тек қана пышаққа түсуді ұсынады, оларда басқа
әдіс жоқ. Пышақтап тастау, ем емес екендігін жақсы білесіз. Бұл аурудан құтылу оңай, әрі
қарапайым.
Баласының еркін өмір сүруіне мүмкіншілік бермеген ана
Бір әйел баласының асты-үстіне түсіп аялап, қамқорлық жасағаны сонша, тек өзінің
емшегінің ісуіне әкеп соққан жоқ, баланы да ауа жетпейтін демікпе ауруына ұшыратады.
Өйткені анасы өзінің қылығымен, баласының еркін өмір сүруіне мүмкіншілік бермей,
тұншықтырып тастады.
Тағы бір әйелдің Ғазиз жанымен байланысқанда, емшегінің ісу себебі, ол басқа адамдарға
соншама қамқорлық жасап, олррды күйзеліп аяйды екен. Бұл әйел өзіне қарамай, басқалар
үшін өмір сүрген. Бірінші орында өзі емес, бөтен біреулер болған.
–
Менің өзіме уақытым жоқ, – дейді әлгі әйел. Бірнеше айлар бойы шөп (геомопатиялық)
дәрілер ішеді. Сонан кейін емшінің көмегімен алдымен қамқорлықты өзіне, сонан соң
басқаларға көрсетуді үйренеді. Емшінің әр қабылдауына келген сайын, ісігі қайта
бастайды. Алғашында беріштеніп қатып қалған емшек жұмсарып қозғала бастайды,
көлемі кішірейеді, біртіндеп біржола жоғалады.
Әлгі әйел бастапқыда, ең бірінші өзіңе көңіл бөлу қажеттігін түсінбей дал болады.
–
Ең бірінші өзіңді ойлау жаман, бұл менмендік-эгоизм, – деп бет бақтырмайды.
–
Менмендік тек өзің туралы ойлап, басқаларды ойламау, басқа адамдардың өмірі сізді
толғандырмау, басқаларды пысқырмауың. Бірақта, өзіңді ойлап, басқалар үшін өзіңді
өзгертуге тырысу – бұл адамдарға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың шыңы. Өз
өміріңді өзгертіп, ішкі жан-дүниеңізге сүйіспеншілікті, махаббатты шоғырлай отыра, сіз
өзіңізді сүйесіз, өзіңіздің айналаңызда сүйіспеншілік кеңістігін құрасыз.
Жақын адамдарыңызға мүсіркеп аяу емес, сүйіспеншілік пен махаббат қажет
болатын жағдай туындауы мүмкін. Басқа адамдардың өміріне араласып қол сұғуды қойып,
сіз оның өмірін, өз өміріңізді, өз әлеміңізді өзгерте отыра, оларды өзгертетін боласыз. Өз
әлеміңізді жақсы жаққа қарай өзгертіп, Ғарыштық дамуға өз үлесіңізді қосасыз.
Емшектен сүт шықпау (мастит)
Бұған баласының асты-үстіне шектен тыс түсіп бәйек болу, ол үшін орынсыз үрейленуге
душар қылады. Сіз осыны игере алмаймын деген ойдасыз.
Баламды дұрыс күте алмаймын деп ойлайтын әйел
Емшіге ауырған әйел келеді. Ол өзінің ауруының себебін Ғазиз жанынан сұрағанда, мына
жауапты алады. «Сен баламды дұрыс күте алмаймын», – деп қорқасың.
–
Әрине, қалай қорықпайсың. Күйеуім күні бойы жұмыста, ата-енем жоқ. Бәрін өзім
істеймін. Ақыл айтып, көмек беретін адам жоқ.
Кей кездерде емшек сүттің дұрыс шықпауына: жас аналардың өзінің емшегін қалай
күтуді білмейтінінен де болады.
Емшегі ісіп, қатып, ысып кеткен келіншек
Жас келіншек ұлға босанады. Босануы қалыпты өтеді. Үшінші күні бала емізетін
әйелдердегі сияқты сүті молаяды. Емшегі ісіп, қатып, ысып кетеді. Келіншек өзінің
қызуын өлшейді. Мәссаған! Сынап бағанасы 40 градустен көтеріліп кетіпті. «Мүмкін
градусник бұзылған шығар», – деп екінші өлшегішті алады. Бұл жолғы дене қызуы
алдыңғыдан да жоғары.
–
Таңқаларлық жағдай, өзімді жақсы сезінемін. Тек қана кеудем лапылдап өртеніп тұр.
Медбикені шақырайын.
Медбике келіп градусникке қарап, иманы келсаптай болады.
–
Орныңнан тыпыр етпей жатыңыз. Мен қазір дәрігерді шақырып келемін.
Алқынып дәрігер мен бала босандыратын акушер келеді. Дәрігер медбикеге:
–
Тез арада анальгин, димедрол, гормон, антибиотик дайындаңыз.
Акушер кемпір келіншектің кеудесін байыптап қарап:
–
Сүтіңді саудың ба?
–
Жоқ.
–
Онда мән жайың белгілі болды, қарағым.
Акушер кемпір келіншектің емшегін уқалап, сүтін сауа бастайды.
Келіншек ауырсынып, шыдай алмай барады.
–
Шыда қарағым, алғашқы кезде қиын болғанмен, соңынан бәрі жақсы болады.
Дәрігер:
–
Өзіңнің сүтің қалай көп. Менің келіншегім босанғанда сүті аз болды. Оны жаңғақ, сүтті
шәймен қосымша қоректендіруге тура келді. Екі күннен кейін сүттің ағыл—тегіл болғаны
сонша, қайда қоярымызды білмедік. Перезентханадағы сәбилердің жартысын емізуге
жететін.
Осы сәтте өзінің дәрі-дәрмектерімен медбике де, алып-ұшып жетеді.
–
Кел егейік.
–
Мүмкін, екпей-ақ қоятын шығарсыздар. Айт-айтпа химия ғой. Бала үшін жаман болады.
–
Сен не! Өзіңнің емшегіңе қарасаңшы. Оның жанып тұрғаны соншалық, жұмыртқа
қуыруға болады. Қызуың 40- тан асып кетті.
Осы сәтте келіншектің күйеуі келеді.
–
Не боп қалды?
Дәрігер мен медбике жағдайды айтады. Акушер кемпір танауына су жетпей емшекті
сауып отыр. Келіншектің күйеуі келіншегінің маңдайынан сүйіп:
–
Екпей қоя тұрайық. Оның қызыуы қалыпты.
–
Қалыптысы қалай? , – деп дәрігер мен медбике өре түрекеледі.
–
Сіз градусникке қараңыз.
Күйеуі градусникті мұқият қарап, алақанымен келіншегінің маңдайын ұстап тұрып:
–
Бұларды лақтырып жіберсеңіз де болады, бұзылған. Дәрігер, өзіңіз маңдайын ұстап
көріңізші. Қызуы қалыпты. Дәрігер келіншектің маңдайын ұстап:
–
Басқа градусник әкеліңдер.
Бірнеше минуттан кейін басқа градусник қалыпты қызуды көрсетті.
–
Міне ғажап! Екі градусниктің бірдей істен шығуы мүмкін емес қой.
Келіншектің күйеуі:
–
Градусниктер бұзылмаған. Жиналып қалған сүтті сауып тастап еді, қызуы өз қалпына
келді. Бар болғаны осы ғана.
Келіншек өзін жақсы сезінді. Емшек бездері жұмсарды.
–
Мен енді үнемі өзімді сауып отыруым керек пе?
–
Бастапқы уақытта ғана. Сонан кейін өзі қалыптасады. Балаға қанша сүт керек, сонша сүт
бөлінетін болады. Акушер кемпірдікі дұрыс еді. Келіншек бір аптадан кейін саумай, емізе
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |