Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


Қазіргі қалыпты медицинадағы қалыптасқан көзқарастар



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

 
Қазіргі қалыпты медицинадағы қалыптасқан көзқарастар 
 
Негізгі қағидалары: 
 1.     
Адам қошаған ортадан бөлек. 
2.     
Қоршаған әлем – қарсы және одақтас. Жақсы және жаман болады. 
3.     
Біздің  ағзамызға  белгілі  бір  күштер  шабуыл  жасайды  (микроорганизмдер, 
химиялық,  заттық  әсерлер,  адамдардың  әрекеті).  Біз  үнемі  осылармен 
арпалысамыз. 
4.     
Ауру  әкелетін  микроорганизмдерді  құрта,  жоя  отыра  жеңіске  жетеміз.  Осы 
соғыстан кейін, ағза өзінің ауырған мүшелерін қалыпқа келтіреді. 
5.     
«Әлсіз» аурулармен күресу оңай. (Мысалы, тымау т.б.). Жазылмайтын аурулар да 
болады, оларды емдеп жазу мүмкін емес. Кейбір аурулардың алдын алуға болады. 
(Ағзаны шынықтырып, алдын ала егіп т.б.). 
6.     
Денсаулықты сақтау – күрес. 
7.     
Ауру – зардап. Онымен барлық әдістермен үнемі күресу қажет. 
8.     
Дәрігердің міндеті – науқастың ауруын жеңіп шығуына жәрдемдесу. 
9.     
Дәрі-дәрмек  өндіретін  өнеркәсіп  аурулармен  күресу  үшін,  ана  ғұрлы  күшті 
дәрілерді  өндіреді.  Медицинадағы  алдыға  даму,  аурулармен  күресетін  жетілген 
әдістердің дамуымен анықталады. 
10.  
Кей кезде біз жеңеміз, кей кезде ауру жеңеді. Тіпті біз ауруды жеңуді үйренсек те, 
түпкі нәтижесінде жеңілеміз. Себебі, өлеміз. 
 
Бұрынғы ата-бабаларымыздың, емшілердің, бақсы-балгерлердің көзқарастары 
 1.     
Адам қоршаған ортадан бөлек емес, ол оның бір бөлшегі. 
2.     
Денсаулық  –  қоршаған  ортамен  үйлесімділікте  тіршілік  кешу  әдістері.  Бұл 
өзіңмен-өзің және қоршаған ортамен үйлесімділік (гармония). 
3.     
Біздің тәніміз табиғаттың неше түрлі құбылыстарымен үнемі байланыста болады 
(микроорганизмдер,  химиялық  заттық  әсерлер,  адамдардың  іс-әрекеттерімен). 
Бұлардың  бәрі  –  қоршаған  ортаның  бөлінбес  бөлшектері.  Осы  күштердің 
қайсысының болмасын пайдасы бар. 
4.     
Ауру: тепе-теңдіктің бұзылғанының белгісі. Өзіміздің тәніміздің осы белгісіне өте 
мұқият қарауымыз қажет. 
5.     
Біз  тепе-теңдікті  бұзып  –  өзіміздің  қара  ниетімізбен,  теріс  ойымызбен,  жөнсіз 
қылығымызбен ауру табамыз. 

6.     
Біз  өзіміздің  ойымызға,  қылықтарымызға,  сезім  құбылыстарымызға  әсер  ете 
аламыз.  Біз  қоршаған  Әлемге  әсер  ете  аламыз.  Өзіміздің  қара  ниетімізді  түзеп, 
денсаулығымызға қамқорлық жасаймыз. 
7.     
Ауру – адам мен табиғаттың жетістігі, оның саулығын көрсететін белгі. Ауру – 
бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Ауру – табиғаттың емдеу күшінің пайда 
болу белгісі. 
8.     
Ауырсыну – ағзаның өзін сақтаудағы қалыпты сауығу әрекеті. 
9.     
Ағза  бұзылған  тепе-теңдікті  өзі  қалыпқа  келтіруге  тырысады.  Сауығу  –  табиғи 
ағым.  (Мысалы,  хайуанаттар  ауырса  ашығып  жазылып  кетеді).  Егер  біз  тепе-
теңдіктің қалпынан шектен тыс шығып кетсек, онда сырттан көмек қажет болады. 
10.   
Емшінің  міндеті  –  табиғаттың  емдеу  күштеріне,  тепе-теңдік  қалыптың  қайта 
қалпына келуіне қол ұшын беру. 
Жазылу жолына түсу 
 
«Кім  де  ниетін  –  имандылыққа,  тазалыққа,  тілін  шыншылдыққа,  өзін 
тыныштыққа,  мінезін  –  туралыққа,  құлағын  тыңдаушыға,  көзін  –  өнегелі 
бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты».    
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
           
Егер  де  сіз  жазылу  жолына  түсуге  дайын  болсаңыз,  ең  бастысы  –  өзіңіздің 
ауруыңыздың  жауапкершілігін  өзіңізге  жүктеп,  оған  деген  көзқарасыңызды  өзгертіңіз. 
Бұны қалай түсінуге болады? 
Бұл дегеніңіз, Сіздің ауруыңызға ешкім де және өзіңіз де кінәлы емессіз. 
 
Ауру  –  өзіңіздің  ойыңыз  бен  жаман  қылықтарыңыздың  сыртқы  көрінісі.  Ауру 
сіздің  Ғазиз  жаныңыздың  –  сіз  бірдемені  дұрыс  істемей  жатырсыз,  қоршаған  ортаға, 
болып  жатқан  жағдайларға  қылып  жатқан  қылықтарыңыз,  адамдарға  және  өзіңізге  зиян 
деген белгісі. 
Ауру – сіздің жақсы қалауыңызды, ақ ниетіңізді іске асыратын әдіс. Ауру – Ғазиз 
жаныңыздың:  талқандайтын  тәртібіңізден,  жаман  қылықтарыңыздан  сақтандыру  әдісі. 
Түптеп келгенде: бұл Құдайдың, Әлемнің, Жоғарғы Сананың сізбен әңгімелесуі. 
 
Сіздің ауруыңыз не жайында хабар беруге тырысады? 
 
«Жаның сау болса, сорлымын деме, 
               
Тәнің сау болса, жарлымын деме».         Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Көптеген  адамдар  жауапкершілік  жөніндегі  идеяны,  ойды  қиналып  барып,  әзер 
қабылдайды. 
Жауапкершілікті  өзіңе  жүктеу  –  біреуді  сынап-мінеуден,  көре  алмаушылықтан, 
сыртынан  өсектеуден,  біреуге  ренжіп  өкпелеуден,  өзіңді  басқалардан  кем  санаудан  т.б. 
толып  жатқан  келеңсіз  ойлар  мен  жағымсыз  қылықтардан  бас  тарту.  Бұған  уақыт  және 
біраз күш-қайрат қажет. Өзіңді өзгерткеннен де, бәлені басқаға жаба салу, әрине оңай да, 
әрі жеңіл! 
Кейбіреулер өзінің шырғалаңдарын білсе де, өзгергісі келмейді. Олар өзгергеннің 
орнына осылай зардап шегіп, қасірет тартып жүре бергісі келеді. Әрине, әркімнің таңдауы 
өзінде. Әрбір адам өз өмірін өзі құрады! 
Тәжірибе  көрсеткендей,  жауапкершілікті  өзіңе  жүктеу  –   жазылуға  деген  бірінші 
қадамыңыз. Онсыз, қандай болмасын қымбат дәрілердің, басқа да істеген әрекеттеріңіздің 
нәтижесі болмайды. Сіз бір дәрігерден кейін, келесі дәрігердің табалдырығын тоздырып 
сенделе бересіз, ал ауруыңыз бір мүшеңізден, келесі мүшеңізге ауысып, созылмалы түрге 
ие болады. 

Сондықтан, тек қана жауапкершілікті өзіңізге ғана жүктеп, қандай аурудың, тіпті 
емделмейді дейтінінен де жазылуға әбден болады. 
Қалтарыста жатқан қалауың 
 
«Ей,  пенде  ойланып  іс  істе.  Істеген  ісің  ұят  келтірмейтін  болсын.  Сонда  жақсылық 
істеген боласың, жамандыққа жол қойылмасын».     Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Адам өте күрделі тепе-теңдіктегі жан иесі. Онда жайдан-жай ешнәрсе пайда болмайды. 
Адамның қандай қылығы, ауруы болмасын – өзіндік бір белгілі жайлы жағдай жасайтын 
міндеті  бар.  Аурудың  себебін  анықтау  –  Ғазиз  жан  ауру  арқылы  білдіруге  тырысатын 
жайлы  жағдайдың  қалауын  табу.  Ауру  –  науқастың  өзі  сезбейтін  белгілі  бір  міндетті 
атқарады. 
 
Жалғыздықтан құтылған кемпір 
 
Емшіге  бір  кемпір  келеді.  Шалы  қайтыс  болғаннан  кейін,  көп  ұзамай  басы  айланып, 
жүрісі тәлтіректеп т.б. мидың қан айналысының дұрыс емес екендігін білдіретін белгілер 
пайда болады. Өзінің ауруын – жақын адамынан айырылу деп білді. Нақтылы себебі де 
осы болатын. 
         
Бірақ,  кемпірдің  Ғазиз  жаны  аурудың  көмегімен  балаларының  өзіне  көңіл  бөлуін 
тіледі. Қалай? 
         
Кемпірдің  бөлек  тұратын  азамат  болған  үш  ұлы  бар-тын.  Бәрі  үйлі-жайлы,  бала-
шағалы.  Аналарымен  өте  сирек  араласатын.  Шалы  өлгеннен  кейін,  байғұс  кемпір 
жалғызсырап  қалды.  Кәрі  адамға,  осы  сәтте  өте  көп  көңіл  бөлу  қажет  еді.  Бірақ,  олай 
болмады. Ауру осыны табуға көмектесті. Сонан кейін Құдайға қараған бір ұлы күнделікті 
келіп, мән-жайын біліп, көңілін аулап, жайма-шуақтататын болды. 
 
Ауру – адамның қалауын қанағаттандыратын қарапайым әдіс 
 
«Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын: нәпсіге беріліп тура 
жолдан  таю.  Өзін-өзі  жақсы  көрушілікке,  сезімқұмарлыққа  беріліп  кетуі.  Ғылымға, 
білімге ие бола тұрып, білімсіздіктің ісімен айналысу».  
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Қандай  адам  болмасын,  оған  көңіл  аударуды  қажет  етеді.  Бұл  табиғи  қалып.  Егер  де, 
жүйке жүйесі қоршаған адамдардың көңілін білуін қаласа – бірақ, оны ала алмаса, онда 
адамның денсаулығына қауіп төнгені. Қазақтың шалдарының жасы келгенде: «Сөйлесетін 
адам  жоқ»,  –  деп  күңіреніп,  күйзеліп  барып  өлетіндері  осының  бір  дәлелі.  Керісінше, 
кемпірлердің  көп  жасайтын  себебі,  немере-шөберелерімен  әуре  болып,  жетімсіреп-
жалғызсырауға, «жетімдікке» уақыты болмайды. 
         
Тәп  осы  жағдай  кешегі  Кеңес  үкіметінің  тұсында  қазақтың  «атқа  мінерлерінің» 
арасында белең алған. Жәй ғана есепші, бригадир, бухгалтер т.б. қызмет істеген адамдар 
зейнеткерлікке шыққаннан кейін: «Мен бәленбай болып жүргенде анау сәлем беруші еді, 
енді танауын шүйіріп, қайқаң қағып сәлем де бермейді», – деп күйзеліп, бар уайымы осы 
болып: 1...2 жылдың аралығында, зейнетақысын да жөнді  ала алмай өліп қалатын. 
Ауру  –  адамның  тілегін,  қалауын  қанағаттандыратын  қарапайым  әдіс.  Біз  бұған 
бала  күнімізден  үйренгенбіз.  Бала  ауыра  қалса,  қаншама  көңіл  бөлініп,  қамқорлыққа 
бөленеді.  Асты-үстіне  түсіп,  еркелетіп  бәйек  болады.  Ата-аналары  жұмыстан  ертелеу 
келіп,  жылы-жұмсағын,  тәттілерін  аузына  тосады.  Бала  бірер  жұма  сабаққа  бармай 
рахаттанады! 
Ғазиз  жанның  ауру  беру  арқылы  атқаратын  тағы  бір  міндеті  –  өзін-өзі  сақтау. 
Кейбіреулер  ауру  арқылы  нақтылы  шырғалаңдардан  қашқалақтайды,  ал  енді  біреулер 
шындықтан жалтарады. 

Мысалға  бас  ауруын  алайық.  Егер  жағдай  ұнамаса  –  басыңыз  ауырады.  Адам 
шаршағанда  желкесі  тартып,  басы  шойын  құйғандай  болады.  Себебі,  Ғазиз  жан  ауруды 
беру арқылы демалу қажет екенін білдіріп, өзіңізге қамқорлық жасап жатыр. 
Ауру көбінесе жаман қылықтардың алдын-алу міндетін де атқарады. Мысалы баспа 
(ангина) тамағыңыз ауырса бет алды сөйлемейтін бос сөзді сөйлетпеуге тырысқаны т.б. 
Ауруымыз – қара ниетіміздің, жаман ойларымыздың жемісі 
 
«Дене құрлысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды талғау, 
дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлігін естен 
шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау». Ибн – Сина 
 
Әрбір  пенде  баласы  Ғарыштың  бір  бөлігі.  Ол  Ғарыштың  бөлігі  ретінде,  фәни-заттық 
әлемде белгілі бір міндеттерді атқарады. Ғарыштың жоғарғы күші пенделеріне және басқа 
да жан иелеріне «жансыз» заттарына өзіндік сана барген. Осыны біз тіршілік барысында 
кемелдендіріп  барып,  мерзім  уақытымыз  біткенде  Жаратушы  Иеміздің  алдына  қайта 
қайтамыз. 
         
Адам  осылайша  өзінің  өмір  сүру  барысымен  ғарыштық  ағымға,  оның  жетіліп 
дамуына өзіндік үлесін қосады. Пенде баласы Ғарыш деген тұтастың бір кішкентай ғана 
жасаушасы  екенін  көз  алдымызға  бір  сәтке  елестетейік.  Әрбір  жасаушаның  ағзада 
атқатарын белгілі бір міндеті бар. Осыны атқару үшін ағзадан қуат, қоректік заттар алады. 
Әрбір  жасаушаның  өлшеніп  берілген  өмірі  бер.  Уақыт  өте  келе  қартаяды,  өледі.  Оның 
орнын жаңа жасауша алмастырады. 
         
Ғарышта  да,  барлық  жан  иелеріндегі  сияқты  екі  ағым  жүреді:  құру,  бірігу 
(ассимиляция)  және  ыдырау  (диссимиляция).  Денсаулық  осы  екеуінің  тепе-теңдігімен 
анықталады.  Тепе-теңдік  қалай  бұзылады,  сол  сәтте  қай  мүшеде,  қай  арада  бұзылғаны 
ауру түрінде белгі береді. 
         
Ойлау жүйеміз осы ағымға қалай әсер етеді? 
         
Ой – қуаттың жан-жақтылы шоғырланған түрі. Ол құратын да, құртатын да алапат 
күшке ие. 
         
Әрбір  адам:  оған  қайырымдылық,  қамқорлық,  жігерлендіру,  көңіл  бөлу  қалай  әсер 
ететінін  біледі.  Бұндай  адам  өзін  бақытты  сезініп,  мамыражай,  байсалды,  шаттыққа 
бөленіп, дені сау болады. 
         
Егер адамды үнемі қорқытып, боқтаса оның үстіне ол адамның ойы да бұзық болса, 
көп ұзамай-ақ сырқатқа шалдығады. 
Бірнеше ғасырлар бұрын мынандай тәжірибе жүргізіпті: 
Қасқыр  қамаған  тордың  қасына  қойды  байлап  қойыпты.  Бірнеше  күннен  кейін  қой 
ауырып, арам қатыпты. 
Адамдар  өз  өмірін  өздері  құрады.  Сондықтан,  өз  өмірлерінің  жауапкершіліктерін 
өздеріне  ғана  жүктеуге  міндетті.  Бірақ,  олар  өздерінің  шырғалаңдарын  біреуден  көруге 
немесе істеген күнәләрін басқа біреуге ысырып тастауға әдеттеніп кеткен. 
         
Адам  баласы  өмірінде  өзінің  ойының  алатын  орнының  маңызын  түсінбейді, 
соңынан: «осы шырғалаңдардың бәрі қайдан шығып жатыр», – деп аң-таң болып, әлекке 
түседі. 
Өзіңізде  қандай  талқандайтын  ойлар  үнемі  туындайды?  Жиі-жиі  кімге  ренжисіз, 
кімді жамандап сөгесіз, қарғайсыз, кінәлайсыз? Кімді мүсіркейсіз? 
 
Ой қалай өзінің талқандау әсерін іс жүзіне асырады? 

 
«Табиғат бірде былай, бірде олай, 
         
Кетері мәлім емес әлдеқалай. 
         
Әкесі жан, шешесі дене болып, 
         
Көңіліміз сол себептен екіталай». Шәкәрім 
 
Тағы да көз алдымызға тірі ағзаны елестетейік. Егер бір жасауша өзін ғана бұзып қоймай, 
басқаларына  да  ықпал  ете  бастаса,  онда  сол  ағза  қатерлі  ісік  (рак)  ауруына  шалдығады. 
Қазақ  бұны:  «Бір  құмалақ,  бір  қарын  майды  шірітеді»,  –  дейді.  Өзіңіз  туралы  жаман 
ойласаңыз,  кінәлі  сезініп  осы  үшін  өзіңізге  ренжісеңіз,  онда  өзіңізді-өзіңіз  құрту 
бағдарламасы  іске  қосылады.  Егер  де,  талқандайтын  ойыңызды  басқа  біреуге 
бағыштасаңыз  (көре  алмасаңыз,  сыртынан  жамандасаңыз,  қарғасаңыз  т.б.)  бұнда  да 
өзіңізді құртатын боласыз. 
         
Сіз Ғарыштың бір бөлшегісіз ғой, онда келесі адам да осы Ғарыштың кішкентай бір 
бөлшегі. Басқа адамға жаман ойларды бағыштай отыра, өзіңізді жоққа шығарасыз. 
 
Жатыры ісіген әйелдің жазылуы 
 
Емшіге жасы  40-тан асқан жатыры ісік ауруына шалдыққан әйел келеді. Ісік бұдан бес 
жыл  бұрын  пайда  болып,  жылдар  өткен  сайын  асқына  беріпті.  Ол  әйелге:  «операция 
жасамасаң қатерлі ісікке айланады», – депті дәрігерлер. Бірақта, әйел оларға көнбейді. 
         
Әлгі  әйелдің  Ғазиз  жанымен  байланысқаннан  кейін,  ауруының  себебі  анықталады. 
Себеп  –  күйеуіне  деген  реніш,  өкпе.  Осыдан  бес  жыл  бұрын  жанұясындағы  жанжалдан 
кейін  күйеуі  арақ  іше  бастайды.  Жыл  өткен  сайын  ішімдікке  тіпті  салынып  кетеді. 
Отбасында  күнде  төбелес,  жанжал,  боқтық,  бірін-бірі  кінәлау.  Ісік  осы  бес  жылда 
жинақталып, қорланған реніштің нәтижесі. 
         
Неге тек жатыр ауырады? 
         
Себебі, ауру еркекпен байланысты. Әйелдің әйелдік қасиеті аяққа тапталған. Жатыр 
– 
әйелдік  бастаудың,  оның  әйелдік  мүшесінің  бейнесі.  Емші  мен  әйел  екеуі  аурудың 
тарихын  терең  қазбалай  бастайды.  Әйелдің  етеккірінің   қыз  кезінде  бұзылғаны 
анықталады.  Бұның  себебі,  өзіне  әйел  ретінде  жаман  көзқараспен  қарағандығы.  Өзін 
осылай бағалау шешесінен берілген екен. Оның шешесі де еркектермен ит пен мысықтай 
болыпты. 
         
Әлгі әйел күйеуінің қылықтары: өзіне және жалпы еркектерге деген теріс пікірден 
туындағанын түсінеді. Осы кітапта баяндалған өзін-өзі қайта бағдарлау әдісін қолданып, 
әлгі келіншек бұрынғы пікірін, еркек кіндікке деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. 
         
Ол  алдымен  өзін  әйел  ретінде  силауды,  өзіне  сүйіспеншілікпен  қарауды  жолға 
қояды.  Еркектерге  көзқарасын  өзгертті.  Сондай-ақ  әлемге  қоршаған  адамдарға.  Осыдан 
соң, бір жыл аралығында ісігі қайтып, мүлдем жоғалып кетті. Күйеуімен қарым-қатынасы 
түзеліп, ол арақ ішкенін қойды. 
         
Айта кету керек, бұл нәтиже әйелдің өзімен-өзі орасан зор жұмыс істегенінің жемісі. 
Ол  қайтсем  де  жазылам  деп  тіледі,  қалады.  Хирургтармен,  дәрігерлердің  көмегіне 
жүгінбеді.  Өзінің  ішкі  жан-дүниесіне  үңіліп,  өзінің  ауруының  себептерін 
залалсыздандырды. 
Өткен күндерің өшпес із қалдырып, ауру туындатады 
 
«Алла  тағаладан  еш  нәрсе  жасыра  алмайсың.  Біреуге  жамандық  жасасаң  артынан 
жақсылық жаса, жасаған жамандығың үшін тірлігіңде жазаланасың, біреуден бір нәрсе 
сұрама, аманат алма. Екі кісінің ортасында қазылық қылма». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
           
Алдыңғы мысалдардан байқаған боларсыз, аурудың себебі өткен шақта жатқанын.  
Ғазиз  жаныңызда  –  өткен  өміріңіз  жайлы  барлық  ақпарат  сақтаулы.  Бұрынғы  өткен 

оқиғалар,  реніштеріңіз,  қазіргі  шақтағы  шырғалаңдарыңыз  –  ауруға  ұрындырады.  Ғазиз 
жанның бірден қабылдап, үйрену қабілеті ғажап! 
         
Бұл  қатты  рухани  соққы,  қорқыныш,  жақын  адамыңды  жоғалту,  алдау,  сатқындық 
т.б.  Белгілі  бір  жағдайларда  Ғазиз  жаныңыз  осыларды  қайта  кері  айландырып  есіңізге 
түсіреді.  Мысалы,  кінәлы  болу  сезімі,  немесе  теріс  қылықтарың  өміріңізді  өзгертіп 
жіберуі мүмкін. 
Тоты құсты таптап кетіп «жынданған» қыз бала 
 
Анасы өзінің 14 жасар қызын емшіге алып келеді. Қыз бала күнінен бірнеше қабат 20...30 
минуттан қолын қайта-қайта сабындап жуа береді. Психиаторлар оны «жынданған» деп, 
жүйкеге қатты әсер ететін күшті дәрілерді бере бастаған. Емші баланың Ғазиз жанымен 
байланысқа шығады. Сол кезде мына жағдай белгілі болады. 
         
Бала 9 жасқа толғанда, туған күніне тоты құс силайды. Тор болмағанша тоты құс үй 
ішінде еркін ұшып жүреді. Қыз бала бірде ас бөлмеге кіргенде, жерде қонып отырған тоты 
құсты байқамай таптап кетеді. Құсты жерден көтеріп алса, өліп қалыпты. Баланың қолы 
қан-қан болады. Анасынан қорыққанынан құсты апарып көміп тастайды. Болған жағдайды 
ешкімге айтпайды. Анасына: «тоты құс желдеткіштен ұшып кетті», – деп өтірік айтады. 
         
Бір жағынан шындықты жасырған, екіншіден ата-анасын алдаған кінәсы ауруының 
себебі болған. Баланың Ғазиз жаны қолына жұққан қанмен қоса, кінәлы болу сезімімен де 
баланы  құтқарғысы  келеді.  Қыз  бала  емшінің  көмегімен  өзін  кінәлы  сезіну  сезімінен 
арылып, қалыпты жағдайына келіп, сауығып кетеді. 
            
«Қызтекеліктен» құтылған бозбала 
 
Емшіге 17 жасар бозбала келеді. Бастапқыда қатты ұялып, өзінің шырғалаңын ұзақ айта 
алмай  күмілжіп  отырады.  Сонан  соң,  қызара  –  ұяла  отырып  өзінің  қыздармен  қарым-
қатынасында  қиындық  барын  айтады.  Бұл  қиыншылық,  осы  жастағы  әр  бозбаланың 
басынан  өтетін  келеңсіздік  емес  еді.  Қыздармен  жақсы  сөйлеседі,  бірақта  жыныстық 
қатынас  жасағысы  келмейді,  бұған  қызықпайды,  тартып,  үйіріп  құмар  қылмайды.  Бірер 
жыл бұрын ұлдарға қызыға бастаған. Әңгіме барысында бірнеше қабат: «Менің «қызтеке» 
болғым келмейді. Еркек болғым келеді. Менің әйелдерге барғым келеді», – деп қайталап 
айтады. 
Емші екеуі оның Ғазиз жанынан бұл мән жайдың жөнін біледі. 
         
12  жасқа  толғанда  басқа  ұл  балалар  сияқты,  бұл  да  қыздардың  дене  мүшелерін 
қызықтай  бастайды.  Өздерімен  бірге  оқитын  бір  қыз  балиғатқа  ерте  толып,  екі  анары 
бұлтиып,  бөксесі  бұлғаңдап,  балтыры  жалтырап  әйелдік  белгілері  ерте  білінеді.  Бала 
өзінің досы екеуі осыны қолымен ұстап, көздерімен көрмекші болады. Дәретханада қызды 
аңдып  тұрып,  бас  сап  ұстап  алып  шешіндіріп  қарайды.  Қолдарымен  сипалап  көреді. 
Қанағаттанады. 
         
Әлгі  қыз  ботадай  боздап,  болған  жайтты  анасына  айтады.  Анасы  ұлдың  шешесіне 
келіп,  сенің  ұлың  менің  қызымды  зорламақшы  болды  деп  құбылтып  айтады.  Ұлдың 
шешесі баласын сілікпесі шыққанша сабап, ұрады. «Ендігәрі қыздармен мұндай жасаушы 
болма! Естисің бе? Ешуақытта қыздарға жолаушы болма! ». 
         
Бұл  жағдай  біртіндеп  ұмытылады.  Бірақта,  баланың  Ғазиз  жаны  қыздарға  жолауға 
тиым  болса,  онда  ұлдарға  жолайық  деген  қортындыға  келеді.  Себебі,  ұл  балаларға 
жақындауға  тиым  салынған  жоқ  қой.  Әлгі  бозбала  өзінің  «қызтекелік»  жағдайын 
түсінгеннен кейін, қалыпты жігітке айланды. 
Адам ауырсынғанын Ғазиз жанның тұңғиығына тұншықтырып тастайды 

 
«Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын: нәпсіге беріліп тура 
жолдан  таю.  Өзін-өзі  жақсы  көрушілікке,  сезімқұмарлыққа  беріліп  кетуі.  Ғылымға, 
білімге ие бола тұрып, білімсіздіктің ісімен айналысу».  
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Адам өзінің жағдайынан малтығып шыға алмаса, онда жан-сезімінің ауырсынғанын Ғазиз 
жанның  тұңғиығына  тұншықтырып  тастайды.  Белгілі бір  жағдайда  жан-сезімінің  ауруы, 
адамның санасынан тыс қалқып шығады. Бұл кезде осының көзін тауып, залалсыздандыру 
керек. 
Танаудан ағатын су – булығып жатқан сағыныштың көз жасы 
 
7  жасар  қыз  бала  жақтырмайтын  (аллергия)  тұмауынан  зардап  шегеді.  Айдың  белгілі 
күндерінде тымау қайталанып отырады. Танауынан су ағу жарты жыл бұрын басталған. 
Себебі,  баланың  17  жасар  немере  ағасын  әскерге  алады.  Баланың  ағасы  соғыс  жүріп 
жатқан аймаққа таяу жерде әскери барышын атқарады. Ағасы баламен бірге тұрған. Әкесі 
күнделікті жұмыста болғандықтан, бала ағасына әбден бауыр басып алады. 
         
Танаудан  ағатын  су  –  булығып  жатқан  сағыныштың  көз  жасы  болатын.  Бұны 
баланың Ғазиз жанының қорқынышы, сағыныш сезімі, аяушылығы, уайымы құрды. 
Аурулардың туындайтын негізгі себептері 
 
«Өзінің ауруын түсініп, емделуге әзірліктің өзі жазыла бастау».    Сервантес 
 1.     
Адамның Ғазиз жаны – аурудың көмегімен жайлы жағдай жасағысы келеді. 
2.     
Ауру – сіздің қара ниетіңіз, жаман ойыңыздың, теріс қылықтарыңыздың сыртқы 
көрінісі. 
3.     
Өткен күндердің тәжірибесі – өткендегі рухани соққы, сезім құбылысы. 
4.     
Бала күніңізден қалыптасқан Ғазиз жаныңыздағы өмірлік бағдарламаның әсері – 
ауруды сенім арқылы туындату. 
5.     
Астарлы, қос мағыналы сөздерді қолдану. 
 
Қысқаша қортындыласақ: 
 1.       
Адамдар өз ауруларын өздері туындатады. Сондықтан ауруының себебін анықтап, 
өздері жазылып алуларына болады. 
2.     
Аурудың себебі сыртта емес, ішкі жан-дүниемізде. 
 
Олар төменгідей: 
а) Өз өмірінің мәні мен мағынасын түсінбеу. Жарық дүниеге не үшін келгенін білмеу. 
б)  Ғарыштың  заңдылығын,  бүкіл  әлемдік  әділеттілік  Қарымта  заңын  сақтамау,  одан 
бейхабар болу. 
в)  Ғазиз  жанында  –  өлтіретін  ойлардың,  жаман  қылықтардың,  келеңсіз  сезім 
құбылыстарының болуы. 
 3.     
Ауру – Ғарышпен тепе-теңдіктің, үйлесімділіктің бұзылғанының белгісі, хабаршысы. 
4.     
Ауру  –  қара  ниетіміздің,  зиянды  ойларымыздың,  жексұрын  қылықтарымыздың, 
қаралы қалауымыздың сыртқы көрінісі. Осылайша Ғазиз жанымыз – бізді қара ниет 
пен жаман қылықтарымыздан, теріс ойларымыздан қорғайды. 
  
         I V   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет