ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1.
Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. І.б. – Алматы: қазақ
мемлекеттік баспасы, 1938.
2.
Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы:
Ғылым, 1961. – 79 б.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
198
УДК 800:372.882:811.512.122.
Шақаман Ырысгүл, Муздыбаева Оразбике
(Астана, Казахстан)
СЫН ЕСІМДІ ОҚЫТУ НЕГІЗІ
Қазақ тілінде морфологияға қатысты тақырыптар, ішкі теориялық
мәселелер құрылымдық бағытта нақты зерттеу нысанына алынып, бір
жүйеге
түсіріліп,
толыққанды
қарастырылды.
Морфологиялық
категориялар, оның ішкі бірліктері де жан-жақты зерттеуге түсті. Бірақ
белгілі бір грамматикалық категориялардың көрсеткіштері оқытылуы
жағынан келгенде, әдістемелік талдау жағынан байланыстырылып
қарастырылуы ашыла бермейді.
Негізгі сөздер: сын есім, морфология, мағыналық топ, шырайлық
мәселесі, грамматикалық категория.
Morphological study of the theoretical topics in Kazakh language are
related to the internal problems of structural concrete from the form of a system and
fully considered. Morphological categories and it’s sub-units study comprehensive.
However, in certain grammatical categories in terms of teaching, methodical
analysis can not be open to link.
Key words: adjectives, morphology, meaning a group of friendly,
grammatical category.
Қазақ тіл білімінде заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін
білідіріп, олармен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы
сыңарын құрайтын сын есім сөз табы арнайы бірнеше зерттеуден өтті. Осы
уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны,
сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің мағыналық топтары,
заттануы, аналитикалық-семантикалық қызметі мен тіркесімділік қасиеті көп
зерттеу жұмысына арқау болды, сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырылды.
Негізінен, қазақ тіл білімінде Ж. Шәкенов, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар,
А. Ысқақов, М. Томанов, Ә. Төлеуов, С. Исаев, Е. Жанпеиісов, Т. Сайрамбаев,
Е. Ағманов, М. Жолшаева, Б. Омар, Г. Мамаева, Г. Сыздықова, Ұ. Серікбаева,
С.О. Кенбаеваның зерттеулері сын есімнің толық сипаты мен категориялық
белгілерін ашып береді.
Ғалымдардың зерттеулері оқулықтарда, грамматикалық еңбектерде,
жекелеген зерттеулерде басты негізге алынып жүр, сол зерттеулер арқылы сын
есімнің
теориялық
белгілері
нақты
айқындалғаны,
оның
шырай
категориясының толық танылғаны түсінікті. Мектепте де оқытылуы жағынан
жеткілікті түсіндірілетіні сөзсіз. Бірақ сын есімнің шырай категориясының
грамматикалық категория тұрғысындағы нақты қызметі мен сын есімге телулі
белгісі, сын есімнің түрлену жүйесі болып табылатыны туралы мәселе оқыту
әдістемесі теориясында кей сабақ үлгілері есебінде болмаса, нақты қолға
алынған емес.
Осыған орай сын есімнің толық сипатын ашып көрсететін, тіл білімінің
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
199
лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис саласымен байланыстырып, шырай
категориясының теориялық белгілерін ашып, оқыту негізін көрсету мақала
деңгейінде болсын тұжырымдап беруге болады.
Қазақ тіл білімінде түр-түстердің этимологиясы жайлы мәселені
зерттеу нысаны етіп қарастырып, түр-түс атауларының сырын ашып жүрген
бірнеше ғалым бар. Олар – Ә. Қайдаров, Б. Өмірбеков, Қ. Қайырбаева,
Қ. Ғабитхан, Н. Аитова, Б. Сағындықов, т. б. Бұл ғалымдар өз зерттеулерінде
түр-түс атауларының жасалу жолын этимологиялық жақтан қарастырып, сын
есімді саралау арқылы қазақ халқының мәдениетін танытты әрі зерттеулері
кейінгі еңбектерге негіз болды.
Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады.
Түркі тілдері ішінде түр-түс атауларының мағыналық ерекшеліктеріне алғаш
рет көңіл бөліп зерттеген ғалым академик А.Н. Кононов болған екен.
Сын есім мәселесі М.А. Казембектің «Түркі-татар тілінің жалпы
грамматикасы» еңбегінде сөз етіледі. Н.К. Дмитриев еңбегінде сын есімнің
морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға
жағынан негізгі және туынды деп бөлген.
М. Терентьев сын есімді бөлек сөз табы деп, оның салыстырмалы,
таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқталған. [1, б. 91]
Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтан
бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде
сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табынан жасалуы, сапалық және
қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.
Қазақ тілінде сын есімнің теориялық белгілерін нақтылап, сипатын
ашып қарастырған ғалым – Ғ. Мұсабаев. Ғалымның «Қазақ тіліндегі сын
есімнің шырайлары» атты еңбегі сын есімнің табиғи сипатын ашатын, негізгі
қызметін белгілеп көрсететін алғашқы зерттеу болып табылады. Еңбекте
шырайлық мәселесі кеңінен қарастырылып, сын есімнің лексикалық-
грамматикалық мәселелері жан-жақты талданады.
Зерттеулік еңбекте тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы
қалай өзгерсе, жұрнақтардың да тіл дамуымен біртіндеп, қалыптасып,
грамматикалық құрылымға ыңғайланатыны, сын есім жасайтын жұрнақтардың
қызметі сипатталып өтеді [1, б. 26].
Сын есімнің теориялық сипатын ашатын тағы бір еңбек жазған
ғалымның бірі Ж. Шакеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесіне байланысты
пікірлер негізге алына отырып, қазақ тіліндегі сын есім категориясы белгілі
жүйеге түсіріліп қарастырылады.
Зерттеуші түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан
қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ
ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. М. Қазембек, Н. Гигамов,
С.Б. Астремский,
А.К. Боровков,
И.А. Батманов,
Н.П. Дыренкова,
А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, Н.К. Дмитриев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде
сын есімнің ерекшеліктеріне тоқталып, кей негізделмеген белгілері туралы
сын айтады [2, б. 28].
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
200
Ғалымдардың жазып, дәлелдеп берген сын есімнің ғылыми теориялық
белгілері қазір оқулықтар мен оқу құралдарында, жеке авторлық еңбектерде
нақты ғылыми негіздеме болып, қазақ тілінен теориялық білім беруде нақты
анықтама ретінде алынады. Мектепте, ЖОО-да білім беруде ол теориялық
белгілер басты оқыту негізі ретінде алынуы тиіс.
Жалпы сын есімге қатысты ғылыми зерттеулік еңбектерге сүйене
отырып, сын есімнің негізін беретін ғылыми теориялық белгілерін атап
көрсетуге болады:
сын есімнің тек зат есімді немесе заттанған сөздерді анықтайтыны;
сын есімнің тек зат есімді не заттанған сөздермен тіркесіп, қабысу
байланыс түрін жасайтыны;
сын есімнің құрамдық жағынан да, мағыналық жағынан да тек екі
түрі болатыны (құрамдық жағынан – негізі және туынды; мағыналық жағынан
– сапалық және қатыстық);
сын есімнің құрамдық жағынан екі түрі тіл білімінің сөзжасам
саласында негізге алынып қаралатыны;
сын есімнің мағыналық жағынан екі түрі тіл білімінің морфология
саласында қарастырылып, талданатыны;
сын есімнің зат есім сияқты түрлену жүйесі болмайтыны, бірақ сөз
табы түріндегі категориялық сипаты жағынан өзіне тән жеке түрлену жүйесі
бары; оның түрлену жүйесі – шырай категориясы (шырай жұрнақтарымен
түрленетіні);
шырай жұрнақтарының тек сын есімге (сапалық) ғана жалғанатыны;
жаңа сөз табын жасамайтыны;
сын
есімнің
шырай
категориясы
лексикалық-грамматикалық
категория болып табылатыны;
сын есімнің синтаксистік жүйеде анықтауыш сөйлем мүшесі
қызметін атқаратыны.
Сын есімді мектепте оқытуда оның осы грамматикалық теориялық
белгілері мен қыметі басты негіз болып алынуы тиіс. Мектеп мұғалімі сын
есімнің осы теориялық сипатын (басқа сөз таптарының да) нақты біліп, толық
игергенде ғана оның оқытылуы мен әдісін оңай тауып, еш қиындықсыз
түсіндіре алатын болады. Сонымен бірге сын есімнің қай белгісін қай уақытта
түсіндіру қажеттігін, оқушының басты нені білуі тиіс екендігін шеберлікпен
игертетін болады. Сын есімді оқыту негізі (жалпы қай сөз табының болсын)
оның грамматикалық белгілерін білуден туындайды. Сол кезде тақырыпты
түсіндірудегі сабақ жүргізу әдісі мен қолданысы да (технологиясы), пәнаралық
байланыс та, көрнекілік әдіс те, дағдыландыру жұмысы да, т. б. өзінен өзі
шешімін табады. Сын есімді оқыту негіздерін тек әдістемелік, технологиялық
сипаттан ғана іздестіру жеткіліксіз әрі дұрыс шешім болып табылмайды. Кез
келген тақырыпқа қатысты теориялық мәселені білмей, әдістемеге бару мүмкін
емес. Себебі әдіс қолдану және таба білу әр мұғалімінің білімі мен сол негізден
туындайтын шеберлігіне байланысты. Оқыту әдісін таба білу негізі –
теориялық білім.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
201
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары. Алматы: оқу-
педагогика баспасы, 1951.
2.
Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы:
Ғылым, 1961. – 79 б.
ӘОЖ 82-1 (574)
Сагнаева Гульзира, Төлегенова Жанбота
(Павлодар, Қазақстан)
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БАЛА, БОЛАШАҚ,
ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ
Мақалада қазақ ақыны Жұмекен Нәжімеденов поэзиясының бала,
болашақ, туған жер тақырыптары қарастырылды. Ақын бұл талданған
шығармалармен оқушы назарын бала тәрбиесіне терең мән беру керектігіне
көңіл аудартады. Мұнан ақынның педагогтік ой-пікірлері мен көзқарастары
аңғарылатынын көрсеттік. Ақын туған жер туралы өлеңдерінен ауыл
адамдары ақжарқын, кеңпейіл, қонақжай, бейбіт, шоқтығы биік болып
бөлектеніп тұратындығы баяндалады. Ақын ауыл суретін табиғи карапайым
қалпында жарқын жырлайды.
Кілт сөздер: Бала, өлең, ақын, лирикалық кейіпкер, туған жер,
поэтика.
The article discusses the poetry of the Kazakh poet Zhumeken Nazhimedenov
children, the future, the topics were addressed. The poet deeply analyzed the works
of the students focused on the need to pay special attention to the education of
children, it attracts attention. In pedagogical thought of the poet-Ali showed views
and opinions. People of poems about his native land, the people of the village
akzharkyn, people, hospitable, peaceful, living in the musical «Chicago» is blacktop
outlines. The poet celebrates bright picture of the natural situation of rural anger,
hatred.
Key words: child, poems. poet, lyrical image, birthplace, poetics.
Бала − болашақ. Бала − болашақ өмір жалғасы. Бала ата-ана қуанышы,
үміті. Ең нәрлі жыр шумағын ақын өз перзентіне арнайды. Ол баласына
арнаған өлеңдері арқылы барлық әкелердің жүрегіндегі сөзді дөп басып
айтқан. Шығармалары − қысқа да шағын. Олар жаңа дүниеге келіп, аяғын
апыл-тапыл баса бастаған бала өміріне арналған әке толғаныстары. Өлеңдерді
бір-біріне жүйелеп тіркесе, перзентке арнаған шағын поэма болып шығар еді.
Ақынның бұл өлеңдері негізінен «Ұлым, саған айтам» жинағына енген.
Белгілі ақын Сырбай Мәуленов осы жинақ туралы мынадай лебіз білдіреді:
«Жұмекен Нәжімеденов «Ұлым, саған айтам» атты жинағымен бұрынғы
ақындық стилін жетілдіргенін, идеялық, көркемдік жағынан көп өскенін
танытты. Сабырлы ой, парасат сатысына көтерілген ақын баласымен сырласа
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
202
отырып, оған адамгершіліктің құнарлы да нәрлі қасиеттерін дамытуға күш
салады» [1].
Лирикалык кейіпкердің перзентінің дүниеге келуі оған ұшан-теңіз
қуаныш әкеледі, әке бойына күш-қуат пайда болады. Ол мақтаныш кернесе де,
кейіпкер қорқынышы мен каупі де алыс емес. Ол «тәтті ойдан төсектен атып
тұрып», «сәл нәрседен сескене береді», «өйткені бақыттырақ» болып барады.
Ата-аналық сезім билегенде адамда мұндай психологиялық күй болатынын
ақын дәл байқаған. Әркім де өз баласынан үлкен үміт күтеді. Ондай үміт
ұшқыны ат қоюдан басталады. Ат қою мәселесін қозғай келе, ақын мұны
перзенттің Отан алдындағы борышымен де байланыстырады.
Ердің есімін бердік, байқа, бала,
Елдің ұлы болсын деп соған ұқсап, −
деуі баласының туған елдің үмітін ақтайтын, соған қызмет ететін
азамат болуын тілегендіктен айтылған. Құлқынын көздеген адам елдің қамын
ойлаудан аулақ болатынын лирикалық кейіпкер баласының құлағына оған ат
қойған кезден сіңіре түседі, құлқынның құлы − елінің жауы деген ұғымды
ұстайды да, ата-ананың тағы бір тілектен туған әрекетін келтіреді:
Өзіңді көтерді тек төбесіне
Қарыннан жоғарырақ боп өссін, − деп.
Адам баласы қазіргі кезде болашағымызды қорғау үшін күресуде,
майдан салуда. Табиғатпен қатар адам үміті − перзентті де аялау − ер саналы
азаматтың борышы. Лирикалық кейіпкердің ойы: болашақты сақтау үшін
тыныштық − өмір тірегі керек дегенді айтады.
Шыбын қонбаған бетіңе
Оқ қадалса қайтемін...
Мен қорғаған ұйқыңды
Бомба бұзса қайтемін, −
қауіптенеді, мазасы кетеді. Лирикалық кейіпкер тарихқа да кезек
үңіліп, өзі көрген ауыртпалықтарын баласы көрмесе екен деп тілейді.
«Шаппаса екен тістене шапқан жау саған» деген тілек, «Мен деген асылды
алсаң екен сен тауып» деген арман бір − біріне жалғасып жатады.
Азаматтықтың басы − бала кезден тілазарлықтан аулақ болу, ата-
ананың айтқанын ұға білу. Сонда ғана әке-шешенді, еліңді ұятқа қалдырмауға
мүмкіндігің болады деп ақыл айтады ақын. Бала мінезінің жағымсыздығы мен
осалдығы кімдерді абыройдан айыратынын поэтикалық жолдармен санамалап
келіп, мынадай пікір түйеді:
Жақсы болсаң, еліңді
Мақтайды жұрт, ұқтың ба?
Бұл тұжырымда елге ілтипат, ел абыройын сақтау мәселесі жатыр. Ел
мен азаматтың абыройының бірлікте екендігіне назар аудартады.
Ақын Мұхтар Шаханов: «Әрбір адамның өзінің туған әке-шешесінен
басқа міндетті түрде төрт анасы болуы керек. Біріншісі − туған жері,
екінші − туған тілі, үшіншісі − мәдениеті мен дәстүрі, төртінші − туған
тарихы. Міне, осы анаға тамыр жіберу арқылы ғана әр адам өзге ұлттардың
тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен карай алады?» [2, б. 236] − дейді.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
203
Осы айтылғандай, ақын өлеңдерінен перзентін патриоттық ой-сезімге
жас кезінде ие бола беруге үгіттейтіндігін көреміз. Патриот тек елін сүю үшін
емес, өз халқының өнерін де сүюі керек дегенді қатты ескертеді. Осы арқылы
өмір белсенділігіне ұмтылдыру мақсатын көздейді.
«Көп емес-ау саған артар міндетім» − деген жолдарды ақын бала
назарын аудару үшін бірнеше дүркін қайталайды. Бірақ автордың ескертпесі
бар: «Ең қиыны өз еліңді біл жетік». Өз елін жетік білу − нағыз адамдық іс.
Ақын: Абайдың бір өлеңін жатқа білсең, Құрманғазының бір күйін тарта
білсең, елге еткен үлкен құрметін болады дейді. Ең бастысы − өз ұлттық
тіліңді меңгеру:
Жазғандарын әкеңнің
Өз тіліңде оқи алсаң болғаны.
Әкені толғандыратын тағы бір нәрсе − баланың алдағы тағдыры,
өмірден алатын орны. Сондықтан ол: «Қайғым жалғыз − кім боласың ертең
сен?» деген сұрақ қояды. Лирикалық кейіпкер ұлының құлқын қуалаған қу мен
сұм емес, ел үмітін ақтайтын адам болуын жатса да, тұрса да ойлайды. Келесі
бір өлеңінде ақын ұлының қай жүмыс болса да, қолынан келетін істі қалауын
құптайды. Өлеңде әкелік қатал талап та бар: «Кім болсаң да адал бол, әкім
болсаң − әділ бол», − дейді. Сөйтіп, халық алдында адамдык, беделді сақтауды
ескертеді. Осы өлеңде жастардың мамандық таңдай білуіне байланысты
проблемалық мәселе де көрсетілген.
Жұмекен бұл аталған шығармалармен оқушы назарын бала тәрбиесіне
терең мән беру керектігіне көңіл аудартады. Мұнан ақынның педагогтік ой-
пікірлері мен көзқарастары аңғарылады.
Туған жер. Қай ақынның болмасын туған жерге арнаған шығармалары
жасөспірімдерді патриоттық сезімге тәрбиелейді. Теңіз ауданының бір
қырындағы елеусіз кішігірім Қошалақ құмы бүгінде бүкіл республикаға
танымал, себебі ол − талантты ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туған жері.
Авар ақыны Расул Гамзатов туған ауылы Цаданы қалай жырласа, Жұмекен
Қошалақты солай жырлаған.
Ақын өзінің туған жеріне жүрек тебіренткен сезімін білдіреді. Оның
лирикалық кейіпкерінің өз жерін жанындай жақсы көретін патриоттық
бейнесі көз алдымызда тұрады. Ол өзі өскен ұясы үшін қандай қиыншылық
болса да басынан кешіруге дайын. Туған ауылы туралы үзбей ойлайды. Оны
алтын бесік − туған жер қалай аялап өсірген, лирикалык, кейіпкер туған жеріне
осынысы үшін қарыздар. Сондықтанда «албыртам, асығамын аз өмірде, туған
жер, ойлайын деп өзің жайлы», «кетсе де қайғы қысып, қырсық ұрып» сен
туралы жырлаймын деп уәде етеді. Оны көздің қарашығындай сақтауға дайын.
Автор «сынып түссе бір бұта, қабырғама караймын», − деп өз жерінің әрбір
бұтасы да өзіне қымбат, ыстық екенін, сынып түскен әр бұтасын өз қабырғасы
сынғандай сезінетінін айтады. Кейіпкердің «бір есуас түкірсе, ол бетіме тиеді»
деуі ең қымбатын − жерін қастерлеуден туған ойлар [3, б. 46].
Ақынның осындай ойлары «Менің қағбам», «Қошалақ» деген
өлеңдерінде де бейнелі баяндалған. Туған жер − болашақ армандардың алысқа
аттанар алаңы. Ғұлама ғалым да, ақын да, дәулескер күйші де, күміс көмей
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
204
әнші де баладан өсіп, ер жетеді. Оның барлық арман-қиялы, үміті осы осы
туған жерінің топырағында туындайды. Ақының:
Келеді атып тағы да
Ғажап қой дала таңдары.
Ұялап жатыр жаныма
Үміттің балапандары, −
деуі осының дәлелі. Ол ойын әрі қарай дамыта түседі:
Сол үміт балапандарын
Арман ғып шайқайын деп ем.
Арманды шайқаудағы мақсаты не екендігін:
Туған жер, сенің кеудеңе
Салайын деп ем бір ізді, −
деген жолдарынан көреміз.
Адам дүниеге келген қонақ емес. Ол аздап аялдағаннан кейін бостан-
бос кетуге ыңғайланбайды. Керісінше, адам − өмір қожасы. Ол аз өмірінде
еліне пайдасын тигізуі, із қалдыруы керек. Ақынның лирикалық кейіпкері
осыны көксейді.
Жұмекеннің туған жер туралы өлеңдерінен ауыл адамдары ақжарқын,
кеңпейіл, қонақжай, бейбіт, шоқтығы биік болып бөлектеніп тұрады. Бұл
суреттеулермен қазақ қанындағы қоңыржай мінез бен қонақжайлық дәстүрін
ақын шебер суреттеп берген.
Қысылма, достым, бұра бер, қай үйге түсе қалсаң да, Атыңды сенің
байлайтын бар шығар інің бір жаман. Ауылдың қай үйіне түссең де, еш
жатырқамайтын жандар табылатындығы көрінеді бұдан. Жоғарыда келтірген
жолдарда меймандостық туралы айтса, ал дарқандық пен жомарттықты
жалпылама баяндамайды, деталь дәлдігімен сендіреді.
Ағып келсең, алдыңнан әже шығар
Теріс киіп, кебісін, кимешегін.
...Сүрініп бірін тастап, бірін істеп,
Кетеді үй маңы кіл жүгіріс боп.
...Қарт кетер теріс қарап, пышақ қайрап,
Қалады жымың етіп бұған ішің.
Бұл детальдардың бәрі жалғыз-ақ «Меймандос» деген өлеңнен
алынған. Шағын өлеңде ауыл адамдарының кеңпейілдігін бейнелейтін картина
бар. Бұдан асырып сырлы сөз айту, мақтау артық болар еді. Бұл өлеңдегі
көрініс − Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» деген өлеңіндегі
бай үйінің ішкі мазмұн мінезіне түгелдей қарама-қарсы бағытта суреттелген.
Ауылдың бір үйінің ғана қонақ күту әрекеті бүкіл қазақ халқының
қонақжайлылық мінезін елестетеді.
Осы көңілді суреттеулер ішінде Жұмекеннің қанына сіңген жылы әзілі,
юморы араласып жүр. Кей сәтте еріксіз езу тартып қаласың. Бұл келтірілген
детальдардың өзінде-ақ юморлық жылылық туғызатын «жымың етіп бұған
ішің», «мейманы емес, иманындай», «мықтысың да мықындысың» деген
тіркестерді айта келіп, кейбір қонақтарға деген көзқарасты да араластыра, бір
шымшып өтеді. Соншама асып-тасқан құрметтен кейін, қонақ әрекетін сынға
алады:
|