базасында
Техникалық және
кәсіптік білім
базасында*
1 ж. 6 а.
1 ж. 10а.
10 а.
1
Жалпы гуманитарлық пәндер
+
+
+
………………………
2
Әлеуметтік экономикалық
пәндер
+
+
+
………………………
3
Жалпы кәсіптік пәндер
+
+
+
………………………
4
Арнайы пәндер
+
+
+
………………………
5
Білім беру ұйымдары
анықтайтын пәндер
+
+
+
6
Кәсіптік практика
Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының
көлемінен кемінде 40% болуы керек**
7
Аралық аттестаттау
+
+
+
8
Қорытынды аттестаттау:
8.1
Білім беру ұйымында оқытудың
толық курсының қорытындысы
бойынша қорытынды аттестаттау
2 аптадан артық болмауы керек
8.2
Кәсіптік даярлық деңгейін
бағалау және біліктілікті
беру
Кемінде 12 сағат болуы керек
9
Барлығы міндетті оқуға
2304
2880
1440
10
Консультациялар
Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы
керек
11
Факультативтік сабақтар
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4
сағаттан артық болмауы керек
Барлығы
2680
3312
1656
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді.
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, курстық және
дипломдық жобалар.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңының
негізінде әзірленді, білім беру мазмұнына, студенттердің
білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлы қ деңгейін
бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоғары арнаулы білім – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 161
кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып
мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 129 кредитін
және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере
отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің
(сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен
көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы
санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше
зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен
студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден
күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің
қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
7) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез
келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немес е
академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
8) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте
практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
9) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер
міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу
жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;
12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің ті збесі мен
кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі
бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекітетін оқу құжаты.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан,
бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін
лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар)
даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға
«бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.
5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті
талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен
ақпараттылығын арттыру;
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін жоғары білім туралы
құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету.
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары заңнамаға сәйкес оқытудың түрлі технологияларын,
оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдай алады.
7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру
бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне
қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық біліктілік шеңберіне
,
кәсіптік
стандарттарға
сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім беру
бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын
аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын
Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы
санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
11. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу жұмыстарының түрлерінен
қалыптастырылады және олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.
13. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады.
Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы
өзі анықтайды.
14. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқытудың
нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын
кредиттермен өлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (элементтерінің) шартты
«бағасын» көрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық
сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық
түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
15. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен анықталады.
16. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін
санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
17. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда басқа әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
18. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды
бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша диф ференциалды сынақ
тапсырады.
19. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және сандық таңбалар түрінде
кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
20. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын
іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға мемлекеттік және орыс тілдері («Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі
Заңы
), дене шынықтыру («Дене шынықтыру және спорт туралы»
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
Заңы
), еңбекті қорғау (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15
мамырдағы Еңбек
кодексі
) жатады.
21. Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де
қоса алады. Базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонентті және таңдау компонентін қамтиды.
22. Міндетті компонент – жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру бағдарламасының және жалпы
мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады.
Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін
қысқартуға жол берілмейді. Бұл шарт техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында
оқытылатын қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.
23. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты
жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
24. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрайды
және мынадай пәндерден тұрады: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және
тұрақты даму, Саясаттану, Әлеуметтану, Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Өмір қауі псіздігі негіздері
және Дене шынықтыру.
Бұл ретте Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүргізіледі және ЖБП циклі кредиттерінің жалпы
көлеміне кірмейді.
25. Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пәндері алынып тасталады немесе БП цикліне ауыстырылады. Бұл
жағдайда, босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі. Мысалы, «Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық
негіздері» пәні алынып тасталады; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы экономикалық мама ндықтар
бойынша «Экономикалық теория негіздері» пәні ЖБП циклінен БП цикліне ауыстырылады.
«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық
ғылымдар және технологиялар» тобындағы жекелеген мамандықтарға да ЖБП циклындағы аттас пәндер бойынша осындай әдістер
қолданылады. Бұл ретте босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі.
ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пәндер базалық немесе бейіндеуші пәндер циклінің міндетті
компонентіне енген мамандықтарды қоспағанда, Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент пәндерін
қолдану ұсынылады.
26. БП цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредитті
құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44 кредит таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.
Бұл ретте таңдау компоненті жоғары оқу орнының шешімімен, сондай-ақ кафедраның, білім алушының, жұмыс берушінің
ұсынысы бойынша әзірленуі мүмкін.
27. БП циклінің міндетті компонентіне әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
Көрсетілген пәндер тілдік және тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші кафедраларға бекітіледі.
28. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе
32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне
бөлінеді.
29. «Өнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру
(медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесінің
аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде осы стандарттың
64-тармағына
сәйкес студенттердің теориялық оқудың 129-дан
артық кредитін меңгеруі болуы мүмкін. Бұл жағдайда ЖБП циклінің мазмұны 33 кредит көлемінде сақталса, БП және бейінді
пәндер циклінің жалпы еңбек сыйымдылығы мен олардың арақатынасы осы стандарттың
26
және
28-
тармақтарында
белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.
30. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы
1-кестеде
көрсетілген.
1-кесте
№
Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
Байланыс сағаты
бойынша (50
мин.)
Кредит
бойынша
1
2
3
4
1
Жалпы білім беру пәндерінің циклі (ЖБП)
1485
33
1)
Міндетті компонент
1485
33
Қазақстан тарихы
135
3
Философия
135
3
Шет тілі
270
6
Қазақ (Орыс) тілі
270
6
Информатика
135
3
Экология және тұрақты даму
90
2
Әлеуметтану
90
2
Саясаттану
90
2
Экономикалық теория негіздері
90
2
Құқық негіздері
90
2
Өмір қауіпсіздігі негіздері
90
2
2)
Таңдау компоненті
2
Базалық пәндер циклі (БП)
2880
64
1)
Міндетті компонент
900
20
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
90
2
Кәсіби бағытталған шет тілі
90
2
2)
Таңдау компоненті
1980
44
3
Бейіндеуші пәндер циклі (БПә)
1440
32
1)
Міндетті компонент
225
5
2)
Таңдау компоненті
1215
27
Теориялық оқыту бойынша барлығы
5805
129
4
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
1)
Міндетті компонент
Дене шынықтыру
240
8
Кәсіптік практика (КП) (түрлері бойынша)
Практиканың
түріне қарай
кемінде 6*
2)
Таңдау компоненті
5
Қорытынды аттестаттау
1)
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау
210
2
2)
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар)
(1 МЕ үшін)
105
1
ЕСКЕРТПЕ:
* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін;
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6
кредиттен 15 кредитке дейін.
Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:
1 кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пәнді оқуды бір
семестрден басқа семестрге ауыстыруға;
2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін
ұлғайтуға;
3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу уақытын дербес бекітуге
құқылы.
31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу
тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау ныс андарын таңдау арқылы жүзеге
асырылады.
32. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына,
оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материа лының көлеміне
қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
33. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
34. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика,
мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша
таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
35. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған
Достарыңызбен бөлісу: |