Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту



Дата31.03.2022
өлшемі18,63 Kb.
#29448
түріСабақ



Қысқа мерзімді жоспар




Күні:

ММектеп

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі.Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Оқу мақсаттары

4.3.4.4Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану



Сабақ мақсаттары

Кросстық даярлық негіздері бойынша қашықтықтан өту тапсырмаларында кеңістікте бірқатар іс-қимылдарды қолдану, динамиканы байланыстырып және тиімді машықтарды жүйелендіріп қолдана білу.

Бағалау критерийлері

  • Кеңістікте бірқатар іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және басқалардың іс-қимылдарының орындалуын салыстырады.

  • Бірқатар дәл,тиімді дағдылардың реттілігін анықтайды және

қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық түсінігін көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Дайындық күйінің құрамдастары (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік);



Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • ширату және қалпына келу техникасы;

  • дене белсенділігінің қарқындылық деңгейі: төмен, орташа, ширақ:

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дене жаттығуларымен айналысқанда неге біздің жүрегіміз тезірек соғатындығын түсіндіре аласыз ба?

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.



Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Кросс даярлығындағы қашықтықтан өту, қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру, жүгіру жаттығуларын қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.
Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут


Оқушылар алдағы қозғалыс әрекеті үшін сергіту жаттығуын орындайды. Сонан соң оқушылар өз еріктерімен топтарға бөлініп, қашықтықты 9–12 минутта өтуді бастайды және оны өту кезінде жасанды кедергілерден өту тапсырмаларын, қозғалу техникасының элементін орындайды.

Жүгіру процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

- сөре және бастапқы ұмтылыс;

- қашықтық бойынша жүгіру;

- мәреге жету.

Жүгіріп болғаннан кейін топтағы оқушылар қозғалыс техникасын сақтай отырып қашықтықты өту процесін түсіндіреді және сипаттайды.



(С,Ж,ҚБ) «Шеңбер бойынша эстафета». Оқушылар топтарға бөлініп, өз кезеңдеріне орналасады. Кезеңдер қашықтығы – 50-60 метр. Белгі бойынша оқушылар жүгіруді бастайды және кезекпен эстафеталық таяқшаны беріп отырады. Мәреге бірінші келген топ жеңіп шығады.

Қашықтықтың түрлі кезеңдеріндегі физикалық белсенділік кезінде болатын ағзадағы өзгерістерді талдайды.



Үлкен бос кеңістік.
Эстафеталық таяқшалар, жалаушалар.

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Кросс дайындығындағы тапсырмалар кезінде жасанды кедергілерден өту тапсырмаларының орындалуына назар аударады, анықтамалар береді. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларын пайдаланып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Жүгіру төзімділігіне арналған жаттығулар орындау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет