5
и место для последующего обсуждения наблюдаемого занятия и уже после этого наблюдатель
рассматривает решения, принятые в ходе данного обсуждения.
Наблюдение – наблюдатель собирает данные, фокус на которые был предварительно
согласован с тренером, при этом он использует также заранее согласованные методы (обычно
это – видеозапись, фото процесса работы, копии работ, выполненных обучаемыми учителями,
их обратная связь, рефлексия и заметки наблюдателя).
Анализ и планирование – наблюдатель изучает данные, полученные в ходе наблюдения,
и планирует последующее обсуждение, избирая для него наиболее эффективный подход. Эта
работа проводится наблюдаетелем-экспертом самостоятельно.
Последующее обсуждение (встреча после наблюдения) является самым важным
этапом. Наблюдатель устанавливает позитивный настрой для того, чтобы тренер не закрылся.
Наблюдатель предлагает тренеру самому начать данную беседу. Обычно тренер легко
обнаруживает сильные стороны своей практики. Затем эксперт делится с тренером данными,
полученными в ходе наблюдения, показывая при этом все свои записи по наблюдению с
конкретными фактами, цифрами, по какому-либо заранее определенному вопросу. Далее
тренер и наблюдатель естественным образом вступают в рефлективный диалог по поводу
полученных данных и возможных путей улучшения практики. Тренер и наблюдатель
определяют цель улучшения практики (приоритет) и способы оценивания мер по улучшению.
Очень важно достичь согласия относительно того, что и как тренеру необходимо улучшать. В
конце встречи тренер и наблюдатель могут договориться о новом наблюдении занятия, обзоре
данных о достижениях обучающихся, о следующей встрече и т.д.
При этом тренер может принять решение посетить занятие другого своего коллеги, чтобы
научиться у него какому-либо аспекту. Возможно, тренер решит, что ему нужно время найти
пути решения наблюдаемой или вновь выявленой проблемы самостоятельно и лишь потом
встретиться снова. Встреча заканчивается подведением наблюдателем итогов, связанных с
принятыми решениями и идеями тренера. В связи с краткосрочностью пребывания эксперта
в регионе, можно рекомендовать тренеру аналогичную форму поддержки организовать,
привлекая для этого своего коллегу. Опять же эксперту нужно постараться «заразить» тренера
желанием вести такую работу, которая будет способствовать не просто его поддержке, но даже
и исследованию его практики.
Критика предыдущих стадий – может произойти непосредственно после обсуждения
или во время отдельной встречи. Данная стадия, как правило, происходит в заключение всего
взаимодействия. Наблюдатель просит тренера оценить положительные результаты каждой из
предыдущих стадий и процесса в целом. Происходит обсуждение того, что для тренера было
полезным, а что не было эффективным. Также и наблюдатель анализирует свою деятельность
по результатам той информации, которую ему предоставил тренер, то есть наблюдатель также
может проводить самокритику во время всего цикла. Так, эксперт еще раз демонстрирует свою
открытость и готовность меняться и расти вместе с тренером.
Таким
образ
ом, эффективн
ость педаг
огическ
ой экспертизы
оказалась в
озм
ожн
ой при
следующих усл
овиях: п
одб
ор и п
одг
от
овка эксперт
ов, к
омпетентн
ость субъект
ов экспертизы,
их ценн
остн
о-смысл
ов
ое равенств
о, гуманные
отн
ошения и субъектные п
озиции, с
оглас
ование
с
одержания
обучения и техн
ол
огий с
обственн
ой педаг
огическ
ой деятельн
ости тренеров центров
обучения - субъект
ов внешней экспертизы, в
озм
ожн
ость пр
оявления тв
орческ
ой активн
ости и
сам
ореализации педаг
ога на курсах, уд
овлетв
орения ег
о п
отребн
остей:
ориентация пр
оцесс
ов
п
овышения квалификации и экспертизы на личн
остный и пр
офесси
ональный р
ост педаг
ог
ов
на
осн
ове изменения пр
офесси
ональных устан
ов
ок, м
отив
ов и п
отребн
остей.
751
Спис
ок использованной литературы
1. Ф
опель К., Псих
ол
огические принципы
обучения взр
ослых. Пр
оведение в
оркш
оп
ов:
семинар
ов, мастер-класс
ов. Пер. с нем. – М.: Генезис, 2010. – 360 с.
2. Рук
ов
одств
о п
о
оцениванию эксперта ур
овневых курс
ов. Филиал «Центр педаг
огических
измерений» АОО «Назарбаев Интеллектуальные шк
олы», 2013. – 70 с.
3. Бьюзен Т., Бьюзен Б. Супермышление. Пер. с англ. Самс
он
ов Е.А. п
о изданию: THE
MIND MAP BOOK by Tony Buzan with Barry Buzan/ – London: «BBC Books», 2000/ 1-е
издание на русск
ом языке – 2003. – 322 с.
4. Пр
ограмма, 3 (баз
овый) ур
овень: «Центр педаг
огическ
ог
о мастерства» АОО «Назарбаев
Интеллектуальные шк
олы», 2012. – 120 с.
5. Farnoosh Shahrokhi, Материалы лекции «Clinical Supervision» в рамках курса п
овышения
квалификации на базе «American Councils». США, Вашингт
он, 2013.
ТРЕНЕРДІҢ В3 ЕСЕБІ: ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ
Тоғыс Ж. М.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Педагогикалық өлшеулер орталығы»
Түйінді сөздер: формативті бағалау, тренер портфолиосы, дәлелдеме, ұсыныс, критерий.
Ключевые слова: формативное оценивание, портфолио тренера, доказательство, рекомендация, критерий.
Keywords: formative assessment, portfolio trainer, evidence, recommendation, criterion.
Аңдатпа
Мақалада тренер портфолиосындағы В есептер, соның ішінде В3 есебінің мазмұны
бойынша жасалынған сараптама нәтижелері туралы мағлұмат кеңінен берілген. Сонымен қатар,
В3 есебін жазу барысында кездесетін кедергілер және оларды жою жолдары қарастырылған.
Сараптама жасау барысында алынған сындарлы пікірлер мен ұсыныстар тренерлердің кәсіби
құзыреттілігін дамытуға өз көмегін тигізеді.
Аннотация
В статье даны результаты анализа содержания отчетов В3 из серии отчетов В – портфолио
тренера. А также рассматриваются барьеры, встречающиеся в процессе написания отчета В3
и пути их решения. Конструктивные предложения и рекомендации, полученные в результате
анализа внесут свою лепту в развитие профессиональной компетенции тренера.
Abstract
The results of an analyse of the report B3 taken from the series of B reports of trainer portfolio
were given in the article. And also considered the barriers encountered in the process of writing B3
and their solutions. Constructive suggestions and recommendations derived from the analysis will
contribute to the development of the professional competence of the trainer.
Тренер портфолиосының В бөлімі тиімді тәжірибені сипаттайтын есептерден тұрады. Ал
оның В3 есебі формативті бағалау мен суммативті бағалауды қамтиды.
Тренерлердің портфолиосынан Бағдарламаны табысты іске асыруын, оқыту мен
оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, өз тәжірибесін қалай жақсартып және дамытқанын
752
5
көруге болады. Сонымен қатар тренердің құрастырған портфолиосы негізгі критерийлерге
сәйкестігі талап етіледі. Сондықтан да тренерлер есептерінде стандартқа және негізгі бағалау
критерийлеріне сәйкестігін растау үшін оқыту үдерісінде бағалау түрлерін қолдану аясы жөнінен
дәлелдемелер жинақтайды. Тренерлер есеп жазудың негізгі талаптарына сүйене отырып,
дәлелдемелерді талапқа сәйкестігін қамтамасыз еткені жөн. Мысалы, В3 есебінде формативті
бағалауды қолдану жайында В1 есебінде жоспарланған сессиядағы бағалау әдістері бойынша
дәлелін ұсынудың орнына, сол оқыту курсы бойынша формативті бағалау әдістерінің жазбасын
немесе мұғалімдердің портфолиосы бөлімдерін жетілдіруге қолдау көрсетуде сындарлы
пікір ұсыныстардың берілмеуі және жазбалардың сканерленген көшірмесі анық емес күйде
ұсынылуы тренер портфолиосына қойылған талаптардың орындалмағандығына алып келеді.
Сондықтан да тренерлердің В3 есебінің формативті бағалау бойынша дәлелдемелерді ұсыну
жолдарын қарастыру керектігі туындады. Ол үшін ең алдымен 38 тренердің портфолиосындағы
В3 есебінің формативті бағалау бойынша дәлелдемелері қаралды. 38 тренердің мұғалімдермен
төрт сессия ішінде формативті бағалауды қолданғандығының көрсеткішіне қарай отырып,
тренерелердің басым бөлігі сессияларында «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «мақтау
сэндвичі», «пікірлі стикерлер», «басбармақ», «бес саусақ», әдістеріне ғана тоқталатындығы
анықталды. Төрт сессия барысында кем дегенде төрт рет бағалау түрі қолданылады деп
есептейтін болсақ, 38 тренерде 152 формативті бағалау жүзеге асырылар еді. Бұл тұста тек
барлық барлық 38 тренердің формативті бағалау әдістерін 79 рет жүзеге асырылғандығы
анықталды. Сонда 4 сессия барысында орташа есеппен алғанда 52% ғана бағалау жүзеге
асырылды деген сөз. Ал осы бағалауды төрт сессия барысында қолдануының дәлелдемесін
нақты талапқа сай ұсынылмауы сессияларда бағалауды толық жүзеге асырылмауынан да болса
керек деген осы тұста ой туындайды?!
Ал екінші «Бетпе бет» кезеңінде 38 тренердің есебіндегі мұғалімдердің портфолио
дәлелдемелерін құру барысында формативті бағалауды қолдануы бойынша көрсеткішінде
«Бағалау жабдықтарына» сүйене отырып жасалған тренерлердің мұғалімдерді өзара бағалау
парағы - 21, өзін өзі бағалау парағы – 16, тренер тарапынан берілген ұсыныс пікірлер – 19, өзара,
бірін бірі бағалауда «екі жұлдыз бір тілек» әдісі -6 рет, «бағдаршам» әдісі – 4 рет, «жәрмеңке»
әдісі – 3 рет, басқа 11 әдіс арқылы 1 реттен ғана қолдау тапқандығын көруге болады. Бұл тұста
да жалпы екінші «Бетпе бет» кезеңінде 38 тренердің есебіндегі мұғалімдердің портфолио
дәлелдемелерін құру барысында формативті бағалауды қолдану аясын жетілдіруді қажет
етеді. Сондықтан да тренерлердің В3 есебінің формативті бағалау бойынша дәлелдемелердің
сапасын жақсарту, формативті бағалауды жүзеге асыру мен әдістерін жетілдіру бойынша
нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатын көзделді.
В бөлімінің ішінде B3 Бағалау - 2 формативті және 2 суммативті бағалау бойынша
жазбалар. Оның ішінде В3.1 Формативті бағалауды тәжірибе жүзінде қолдануды көрсететін
екі жазба. Нақтырақ:
• В1 есебінде жоспарланған бір сабақтың барысында мұғалімнің оқуын қолдау және
басқару үшін формативті бағалау бойынша тапсырманы қалай пайдаланғаныныңызды
көрсететін бір жазба;
• мұғалімдердің дәлелдемелер портфолиосын қалай формативті бағалағаныңызды және
оқуы мен тәжірибесін дамыту үшін қандай кері байланыс ұсынғаныңызды көрсететін
бір жазба.
• қысқаша түсіндірмеде (250 сөз) неге сол тәсіл(дер) таңдалғанын түсіндіру қажет
[4,21-б.].
Сондықтан В3 есебінің формативті бағалау дәлелдемелері ретінде:
• Жоспарланған төрт сессия барысында мұғалімнің оқуын қолдау мен басқарудағы
формативті бағалау бойынша тапсырманы пайдаланғанын көрсететін бір жазбаны
ұсынғаны;
753
• Түсіндірмеде осы ұсынылған жазбада сессиядағы формативті бағалаудың нақты
дәлелін көрсету. Мысалы: топтың тапсырмасына жүргізілген «мақтау сэндвичі» әдісі
бойынша бағалау парағының сканерленген, анық оқылатын көшірмесін салғаны
дұрыс болады.
Бұл дәлелдемелердің келесі талаптарды қанағаттандырғанына көз жеткізгені жөн:
• төрт сессия барысының оқыту мен оқу үрдісі бойынша формативті бағалау бойынша
сенімді, нақты, анық оқылатын ұсыныс пікірлердің сындарлылығына мән беру;
• дәлелдемелерде мұғалімдердің үйренуі мен тәжірибесін дамытуға әсер етудің және
қажетті деңгейге жету үшін не жасау керектігін көрсететіндей мәліметтердің болуы
да маңызды;
• берілген дәлелдемелердің критерийлерге сәйкестігіне баса назар аудару;
• мұғалімдердің оқуы және тәжірибесін формативті бағалауда қолданылған тәсілдерді
негіздейтін қысқаша түсіндірменің болуы;
• мұғалімдердің өз тәжірибесін жақсарту қажет екеніне ұсыныс жасап, толықтыруды
қажет ететін тұстары да назар аудару;
• тренерлердің әр тапсырманың қорытындысына сәйкес мұғалімдердің тәжірибесін
жетілдіру бағыттарын ұсыну жөнінде нақты дәлелдердің болуы.
• дәлелдемелердің сенімділік, валидтілік, түпнұсқалылық, құрылымдылығына,
шынайылылығына сенімді болуы: «сондықтан да портфолио дәлелдемелері келесідей
болуы керек:
• құрылымдалған: дәлелдемелердің тиісті бөлігін тауып алуға болатындай, портфолио
жеткілікті түрде жүйелі дайындалған;
• валидті: дәлелдеме талаптарға сәйкес келе ме, мысалы, В1 есепте мұғалімдер тобын
формативті қолдауды жоспарлау жазбасы бар;
• жеткілікті: барлық дәлелдемелер бар, және олар талаптарға сәйкес;
• нағыз: барлық ұсынылған дәлелдемелер тренердің жеке өз жұмысы болып табыла ма.
Тренер портфолионың құрылымына қойылатын талаптарды нақты сақтауы тиіс, себебі
талаптар бағалаудың анық және толық көрінісін ұсыну үшін арнайы дайындалған.
Есте сақтайтын бір жайт, егер тренер тиімсіз немесе сәйкес емес ақпаратты, немесе
жеткіліксіз немесе тым көп мәтінді ұсынса, мәліметтің бір бөлігін қалдырып кетсе –
бағалау шешіміне елеулі әсерін тигізеді. Бұл портфолио «есептелмеді деп» бағалануы
мүмкін [4,10-б.].
В3 есебінің формативті бағалау дәлелдемелері ретінде ұсынылатын екінші жазба
мұғалімдердің портфолиосын жетілдіруде формативті бағалау әдістерін қолдану бойынша
беріледі. Бұл жазба тренерлердің мұғалімдердің портфолио есептерін дайындау тәжірибесін
қолдағандығының дәлелдерін, портфолионы жетілдіруге бағытталған кері байланыс бойынша
жүргізген жазбаларын қамтиды.
Себебі тренерлердің іс-тәжірибесінде оқуы мен оқытуындағы кәсіби біліктілігі, дағдысын
тыңдаушылардың портфолио есептерін дайындаудағы тәжірибесін қолдауынан да байқауға
болады. Тренер мұғалімдердің портфолио есептерін басқа да әріптестері арқылы оқып, негізгі
критерийлерге сәйкестігін өзара, өзін-өзі оқыту арқылы бағалайды. Сонымен қатар, тренер
мұғалімдердің тәжірибесін дамыту үшін жазбаша кері байланыс ұсынады. Сондай-ақ тренер
тарапынан мұғалімдердің есептеріне формативті пікір жазу да маңызды рөл атқарады. Осы
айтылғандарды ескере отырып, тәжірибеде формативті бағалау бойынша дәлелдемелердің
бағалау қағидаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін:
• жазбада берілген пікір жағымды, конструктивті болуы;
• ұсынылған пікірде тыңдаушының тәжірибесіндегі күшті тұстарын сындарлы
мадақтап, оқыту мен тәжірибесін қажет ететін тұстары көрсетуі;
• пікірдегі берілген ұсынымдар түсінікті және тыңдаушылардың тәжірибесі мен
754
5
портфолио есептерінің дәлелдемелерін жетілдіруге бағытталған болуы;
• тренер мұғалім портфолиосы есептерін жазуына көмектесуі оның кәсіби
тәжірибесінің дамуына өз ықпалын тигізуі және оның мұғалім стандартына сәйкес
болуын қамтамасыз етуі;
• мұғалімдердің портфолиосы дәлелдемелерін құру барысына өзара және өзі-өзіне,
сонымен қатар тренер тарапынан қолдау көрсетілгендігін дәлелдейтін нақты
құжаттарын салу, мысалы, мұғалім портфолиосына берілген формативті пікірдің
сканерленген көшірмесін салу;
• қысқаша түсіндірмеде мұғалімдердің портфолиосын жетілдіруде формативті
бағалауда қолданылған тәсілдерді негіздеп жазу;
• сындарлы пікірлер және шынайы дәлелдерді жазбада нақты көрсету;
• тренердің дәлелдеме ретінде берілген есептегі құжатында жазбаша пікірде
мұғалімдердің үйренуі мен портфолиосын дамытуға әсер етудің және қажетті деңгейге
жету үшін не жасау керектігін көрсететіндей мәліметтердің болуы.
Тренерлер есеп жазуда дәлелдемелерді талапқа сәйкестігін қамтамасыз етіп, негізгі
критерийлерге сүйеніп, жазу маңыздылығынан туындады. Аталған проблеманы шешу үшін
тренерлердің В3 есебінде формативті бағалау дәлелдемелерін ұсыну мәні мен маңыздылығын
анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай В3 есебінде формативті бағалау дәлелдемелеріне
байланысты ұсынылған ұсыныстар тренерлердің дәлелдемелерді нақты, жеткілікті, шынайы
ұсына алуына, есебінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Әлімов А. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы -
Алматы, 2013.
2. Бағалау жабдықтары Үшінші (базалық) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы», 2014. 52-б.
3. Бағалау жабдықтары Үшінші (базалық) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы», 2014. 54-б.
4. Деңгейлік курстар тренерін бағалау үлгісі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған, «Назарбаев
Зияткерлік мектептері», 2013. 111-б.
5. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство, Шакирова
Р.Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. – Б: «Билим», 2012. 80 с.
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ
БІРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САБАҚ САПАСЫНА ӘСЕРІ
Тоқбаева А.Е.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада мұғалім өзінің сабақ беру тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, оны қалай
зерттегендігі туралы айтылған. Сондай – ақ, оқыту үдерісіне қатысушылардың сабақтың сапасын
арттырудағы өзара бірлескен жұмысының мысалдары келтірілген. Сабақты зерттеу барысында
таңдап алынған әдістердің қандай тиімділігі бар екені нақты көрсетіледі. Осы тұрғыда баланың
755
жас ерекшелігін ескере отырып оқыту туралы да мәселе қозғалады. Қазіргі таңда өзекті деп
саналатын, сыни ойлауға жетелейтін тәсілдердің бірнешеуін қолданғаны туралы мысалдарды
келтіре отырып, мақаланың мәнін арттыра түседі. Сұрақ қоя білу өнері туралы өз пікірін
заманауи зерттеушілердің ойымен қуаттай түседі. Абайдың қара сөзін мысалға келтіру арқылы
қазақтың ұлттық дүниетанымымен байланыс жасайды. Мақаланың соңында бірлескен зерттеу
жұмыстарының сабақтың сапасын арттыруға ықпалы бар екендігі туралы қорытындыға келеді.
Аннотация
В статье учитель делится опытом своей исследовательской работы, и путями решения
данной проблемы в своей практике. Кроме того, приводятся примеры совместной работы
участников учебного процесса по улучшению качества урока. Приводятся примеры на
эффективность методов, используемых на исследовании урока. В контексте статьи автор делает
подход, к решению проблем принимая во внимание возраст ребенка. Некоторые приемы и
методы критического мышления, которые автор применяет в своей практике, актуальны в
настоящее время, поэтому эти примеры повышают ценность статьи. Автор свое мнение об
искусстве умения задавать вопросы подтверждает мнением некоторых исследователей, а
также сходство мнения автора словами назидания Абая. Автор в конце приходит к выводу,
что совместные исследования практики участников образовательного процесса, приводит к
улучшению качество урока.
Abstract
In the article the teacher shares her experience of its research work, and the ways to solve this
problem in their practice. In addition, examples of collaborative participants of the educational process
to improve the quality of the lesson. The examples of the effectiveness of the methods used in this
study. In the context of the article, the author makes an approach to solving the problems taking into
account the child’s age. Some of the tricks and techniques of critical thinking, which the author uses in
his practice, relevant at the moment, so these examples raise the value of the article. Author his opinion
about art skills to question confirms the view of some researchers, as well as the similarity of the views
of the author of Abai words of edification. Written at the end concludes that the practice of joint research
participants in the educational process, leading to improved quality of the lesson.
Дарынды және талантты балаларды оқыту – бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы
өзекті мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, қоғамның сыни тұрғыдан ойлайтын тұлғаларына
деген қажеттіліктен туындап отыр. Баланың дарындылығы мен таланттылығын ерте анықтап,
оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану, сондай-ақ, оларды әділ бағалау –
бүгінгі мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндет.
Көптеген елдердің педагог қауымының жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, дарынды
оқушы өзіне ғана емес, өзінің қоршаған ортасына да сын көзімен қарайды. Сондықтан,
дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер бұндай оқушылардың сынына, тіпті
мұғалімнің өзіне қатысты болса да, төзімділікпен қарап, дұрыс қабылдай білуі керек. Шынына
келгенде, дарынды және талантты оқушымен жұмысқа педагогтің өзі де дайын болғаны дұрыс.
Өйткені дарынды балалардың өзі кейде еркінен тыс ерекше жағдаяттар туғызады.
Сондықтан, дарынды және талантты оқушыларды оқытатын мұғалімнің өзі де дарынды болуы
керек.
Мен қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруді бастағанда, алдымда оқу жылы бойында
қолданатын әдістерімнің талантты және дарынды балаларды оқытуда әсері қаншалықты екенін
анықтау мақсаты тұрды. Осы мақсатпен мен өз сабағымдағы проблемаларды анықтап, оларды
шешу жолдарын қарастыруға тырыстым.
756
Достарыңызбен бөлісу: |