Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет19/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126

Стратегия 3. «Карусель»

«Карусель» - оқушылар арасында танымалдыққа ие болған, ең қызықты стратегия. Бұл 

стратегия бойынша жұмысты ұйымдастыру мұғалім тарапынан уақыт пен ізденімпаздықты 

қажет етеді. Алайда, оның оқушыларға тигізген әсері зор. Бұны оқушылар жазған рефлексиядан 

байқадық. 

«Карусель» стратегиясы бойынша жұмысты ұйымдастыру:

1.  Сыныптағы  оқушылар  санына  сәйкес  тапсырмалар  дайындау  (10  оқушы  болса,  10 

тапсырма дайындалады). Тапсырмалардың мазмұны әр түрлі болуы керек. Мәселен, 

грамматика,  лексика,  мәтін  оқу,  мазмұндама,  жазу  тапсырмалары,  тіпті  сөйлеуге 

тапсырмалар ұйымдастыруға болады.

2.  Сабақ басталмас бұрын, сынып бөлмесі дайындалады. Парталар оқушылардың жеке 

жұмыс жасауына қолайлы етіп орналастырылады.

3.  Әр партаға бір тапсырманың 10 данасы (10 оқушыға) орналастырылады.

4.  Оқушылар  парталарға  жайғасады.  Әр  оқушы  тек  өзінің  партасының  үстінде 

орналасқан жұмысты орындайды. Әр тапсырмаға белгілі уақыт беріледі. Тапсырманы 

орындайтын уақытты мұғалім өзі белгілейді.

5.  Белгіленген уақыт (мыс., 5 минут) өткеннен кейін, оқушылар сағат тілінің бағытымен 

келесі партаға ауысады да, сол партада берілген тапсырманы орындауға көшеді.

6.  Осы бағытпен оқушылар әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап көреді [3].

Зерттеу барысында байқағанымыз, «үлгірімі төмен» оқушылар қиын тапсырмалардың 

кейбірін орындауда сәттілікке жеткен.

  

Стратегия 4. «Anchor Activities»

«Anchor Activities» стратегиясы сабақ кезінде және тіпті сабақтан тыс уақытта мұғалімге 

үлкен  көмек  болып  табылады  және  оқушыларды  қызықты  да  танымды  тапсырмалармен 

қамтамасыз етуге болады. 


121

Бұл стратегияны қолдану үшін:

1.  Сынып  бөлмесінде  тапсырмаларды  орналастыруға  арнайы  орын  дайындалады.  Ол 

үшін бөлме ішіндегі бос тақтаны пайдалануға болады.

2.  Тақтаға  тапсырмалар  салынатын  конверттер  жапсырылады.  Конверт  сыртына 

тапсырманың  тақырыбы  жазылады.  Тақырыптарды  төрт  дағдымен  немесе  оқу 

мақсаттарымен байланыстыруға болады. 

«Anchor Activities» тапсырмаларын оқушыларға тоқсан, ай немесе апта бойына орындатуға 

болады.  Сонымен  қатар,  «Anchor  Activities»  сабақта  оқушылардың  «ішін  пыстырмай», 

қосымша  тапсырмалармен  қамтамасыз  етеді.  Сабақта  өте  шапшаң  оқушылардың  берілген 

тапсырмалар мен жаттығуларды ерте орындайтыны бәріне аян. Осындай оқушылардың келесі 

тапсырмаға дейін бос отырмауы үшін  «Anchor Activities» стратегиясын қолдану өте тиімді. 

Оқушы конверттерден қалаған тапсырманы алып, өз бетінше орындауға дағдыланады. Сабақ 

соңында  немесе  сабақтан  кейін  оқушы  мұғалімге  жеке  келіп,  тапсырмасын  тексертіп,  қате 

болса, оны мұғаліммен бірге түзей алады [4].

Зерттеу  жұмысының  тиісті  деңгейде  жүргізіліп,  уақытылы  аяқталуы  үш  тіл  бірлестік 

мұғалімдерінің  бірлесіп  жұмыс  жасауының  арқасында  жүзеге  асты.  Жұмыс  кезіндегі  бір-

біріне  деген  қолдау,  сабақтардан  кейін  жасалған  бірлескен  рефлексиялар  мен  талқылаулар 

мұғалімдердің  жұмысының  алға  басуына  септігін  тигізіп,  жақсы  нәтижелерге  жетеледі. 

Мұғалімдер  бір  топта  бірлесіп  жұмыс  жасауға  машықтанды,  олардың  арасында  бір-біріне 

деген сенімділік және тіпті, достық сезімі нығайды. 

Зерттеу жұмысына қатысқан мұғалімдер бір-біріне «сыншы дос» болу арқылы зерттеу 

өткізу «алаңында» болып, бірге жұмыс жасайтын мұғалімнің «сенімді серіктесіне» айналды. 

Сонымен қатар, «сыншы дос» бақылау жүргізуді үйренді, сабақ соңында зерттеуші-мұғаліммен 

бірге рефлексия жасап, кері байланыс орнады. Бұл мұғалімдердің рефлексивті дағдыларының 

қалыптасуына және дамуына орасан зор септігін тигізді.       



Қорытынды:

1.  “Action  Research”  жобасын  іске  асыру  барысында  топтық  жұмыс  оқушының 

белсенділігін ғана арттырып қоймай, кейбір оқушылардың «назарға мұқтаждығын» азайтып, 

олардың сергек жүріп, өз-өзіне деген сенімділігін молайтуға септігін тигізді.

2.  Жұптық  жұмыс  барысында  оқушылар  бір—біріне  қолдау  көрсетіп,  ынтымақтастық  

атмосферасының нығаюының әсерінен тапсырылған жұмысты сапалы орындады. Оқушыларға 

тапсырма  таңдауда  берілетін  еркіндік  олардың  өзін  дербес  тұлға  ретінде  сезініп,  жұмысты 

талапқа сай орындауына жетеледі.  

3. Жеке жұмыс барысында “Anchor Activities” және  “Carousel” стратегияларын қолдану 

оқушылардың әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауына мүмкіндік тудырды. Оқушылар 

жеке жұмыс жасағанда қабілетін толық көрсете алатындарын байқатты. Бұл жұмыс түрлері 

оқушыларға қатты ұнады.

4.  Дифференциация  стратегияларын  сабақта    жиі  пайдаланғанда,  олар  фокус-

оқушыларымыздың білім сапасы мен үлгіріміне оңтайлы әсерін тигізді.     

5. Зерттеу жұмысынан алынған қорытындымен мектептегі барлық пән мұғалімдермен 

бөлісу өте маңызды. Себебі, дифференциация ұғымы көптеген мұғалімдер үшін таңсық нәрсе. 

Мұғалімдер дифференциацияның түрі, формалары және стратегиялары жөнінде көп ақпаратпен 

таныс емес. Олар дифференциацияның сабақта қолдану маңыздылығын түсінгенмен де, тиісті 

деңгейде қолданбайды.


122

5

Әдебиеттер тізімі

1.  Skills you need. Helping you develop life skills.http://www.skillsyouneed.com/ips/group-

roles.html

2.  About  Education.  http://specialed.about.com/od/Differentiatinginstruction/a/Think-Tac-

Toe-A-Strategy-For-Differentiation.htm

3.  ReadWriteThink. 

http://www.readwritethink.org/professional-development/strategy-

guides/brainstorming-reviewing-using-carousel-30630.html 

4.  Differentiated Instruction. http://iss.gstboces.org/ctice/trainings/di/strategies/anchors.htm 

РОЛЬДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Байтоқаева Л. С.

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

  Берілген  мақалада  мектеп  оқушыларының  ағылшын  тілінде  сөйлеу  дағдысын 

рольдік  ойындар  арқылы  дамыту  жолдары  ұсынылған.  Сабақ  үдерісіне  рольдік  ойындарды 

енгізуді мұқият жоспарлаған жөн. Бұл оқушылардың сөйлеу дағдысының жүйелі де сапалы 

қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Аннотация

  В данной статье представлены способы развития говорения учеников на английском 

языке через ролевые игры. Очень важно внимательно планировать организацию ролевых игр 

в  учебном  процессе.  Это  способствует  на  систематическое  и  качественное  формирование 

навыка говорения у учащихся

Abstract

  This article presents the ways of developing the speaking skill of the learners in the English 

language through role-playing. It is important to carefully plan the organisation of role-playing in the 

educational process. This promotes the quality and systematic formation of learners` speaking skills. 

Қазіргі жаһандану заманында әр түрлі сферада қызмет ететін мамандар үшін ағылшын 

тілін меңгеру заман талабы болып отыр. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстан»  атты  Жолдауында  «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени  жобасын    енгізуді  алғаш 

ұсынған  болатын.  Ол  «қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және 

ағылшын  тілі  -  әлемдік  экономикаға  кіру  тілі»  деп,  әр  тілдің  өзіндік  маңыздылығын  атап 

көрсетті. Қазіргі мектеп түлегін дайындайтын мұғалімдер алдында үш тілді жетік меңгерген 

азамат  тәрбиелеу  міндеті  тұр.  Бұл  -  өзім  қызмет  ететін  Назарбаев  Зияткерлік  мектебіндегі 

негізгі де маңызды міндеттердің бірі. Оқушылар мектептегі оқуының алғашқы күнінен бастап-

ақ  үш  тілді  терең  оқиды.  Мектепті  бітіретін  соңғы  оқу  жылында  олардың  ағылшын  тілін 

меңгеруінің  көрсеткіші  болып  табылатын  IELTS  халықаралық  тестілеуінен  өтеді.  Аталған 

тест оқушылардың төрт түрлі дағдыларды меңгеру деңгейін анықтайды, яғни бұл – тыңдалым, 



123

оқылым, жазылым және айтылым дағдылары. Әр дағдыны бағалаудың өзіндік критерийлері 

бар. Солардың ішінде емтихан алушылар айтылым дағдысын бағалағанда төменде берілген 

критерийлерге назар аударады: 

•  сөйлеудегі шапшаңдық (ағылшын тілінде еркін сөйлей алу) және сөздердің байланысы.

•  сөздік қордың байлығы.

•  грамматикалық сауаттылық және дәлдік.

•  сөздердің дұрыс дыбысталуы. 

Мен  өзімнің  мектептегі  жұмыс  тәжірибемде  жас  ұрпаққа  ағылшын  тілін  тиімді  және 

жетік меңгеруіне ықпал ету үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырып келемін. Осы мақсатпен 

Макмиллан  және  Оксфорд  баспаларының,  сонымен  қатар  Британдық  Кеңес  ұйымының 

ұйымдастыруымен  мұғалімдерге  арналған  бірнеше  семинарларға  қатыстым.  Әрине,  бұл 

семинарлардың маған бергені мол болды. Алайда, көп ізденіп, тәжірибемді шыңдауда ерекше 

әсер еткені «Іс-әрекетті тәжірибеде зерттеу» жобасы болды. Бұл зерттеу түрі сыныптағы қандай 

да бір проблема болмасын, оны тереңінен зерттеп, шешім жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. 

Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  әдіс-тәсілдердің  бірі-  диалогтік  оқыту.  Бұл  әдісті  сабақта 

қолдану  оқушылардың  жақсы  оқуына  оң  әсер  береді.  Түрлі  ғалымдардың  зерттеулері  де 

мұның айғағы болып табылады. Мәселен, «1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен 

тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен. Барнс (1971) 

сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтты. 

Кейінірек  Мерсер  және  Ходжкинсон  (2008)  зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына 

негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат 

етеді.» [1, 98-б.]

Зерттеу жүргізген сыныбымда әр түрлі деңгейдегі оқушылар білім алады. Олардың пәнге 

деген көзқарастары да әр түрлі. Біреулері ағылшын тілін келешек өміріне қажетті тіл екенін 

ұғынып,  «оны  барынша  жақсы  меңгерейін»  деп  қызыға  оқыса,  кейбіреулері  «солай  болуы 

қажет» міндетті оқу ретінде қабылдайды. Бірнеше сабақтарымды видеоға түсіріп алып, кейін 

сол сабақтарға бақылау жүргізгенімде, 8 - сыныптағы оқушыларымның сөйлеу дағдыларының 

әр түрлі дәрежеде дамығанын байқадым.

Әрине,  қызыға  оқыған  оқушылардың  тілдік,  оның  ішінде  сөйлеу  дағдылары  жақсы 

қарқынмен дамыса, пәнді міндетті оқу ретінде қабылдайтын оқушылардың сөйлеу дағдылары 

баяу  дамиды.  Сабақта  әр  түрлі  жұмыс  формалары  қолданылады,  жұптық  және  топтық 

жұмыстар әр сабақта орын алады. Соған қарамастан, бірнеше оқушы ағылшын тілінде ойын 

қиындықсыз жеткізуде әлі де қиналады. Ал кейбір оқушылар сөйлеуде белсенділік танытуға 

асықпайды. Сөйлеу барысында 4-5 сөйлем айтумен ғана шектеледі. 

Диалогтік оқу дәстүрлі оқытудан мүлдем өзгеше дүние. Бұл оқыту түрі оқушылардың 

бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік 

береді.  «Мерсер  (2005)  құрдастар  тобындағы  өзара  қарым-қатынас  оқуда  маңызды  рөл 

атқаратынын  дәлелдеп  шыққан.  Оқушылар  жұпта  немесе  топтарда  жұмыс  істегенде,  олар 

«мұғалім-оқушы»  сұхбат  түріндегі  өзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше  «симметриялы» 

болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады.» [1, 99-б.]. Диалогтік оқудың бір түрі болып 

табылатын  рольдік  ойындар  оқушылардың  сөздік  қорының  молаюы  мен  грамматикалық 

дағдыларының дамуына септігін тигізеді.  

Мектеп  жасындағы  балалардың  барлығы  ойын  ойнағанды,  солардың  ішінде  рольдік 

ойындарды ұнатады. Рольдік ойындар кезінде оқушыларға белгілі бір кейіпкердің ролі беріледі. 

Сондықтан рольдік ойындар арқылы оқушылардың актерлік қабілеттері де дамиды. Сонымен 

қатар, рольдік ойындар оқушылардан шығармашылықты қажет етеді. Рольдік ойындар кезінде 

оқушылар үшін өз кейіпкерінің ролін дұрыс сомдап шығу негізгі міндеттерінің бірі болса, бұл 

міндетті орындап шығу арқылы оқушылар бір-біріне қолдау білдіреді және бұл күллі ойынның 


124

5

сәтті шығуының кепілі болып табылады. Оған қоса, рольдік ойындар «енжар» оқушылардың 

бойындағы ұяңдық, тұйықтық және қысылушылық сезімдерін жеңуге көмектеседі. 

Көптеген  ғалымдардың  пікірінше,  рольдік  ойындарға  ену  үшін  оқушылар  арнайы 

ережелерді орындай алуы тиіс:

•  оқушы шынайы өмірде орын алуы мүмкін ситуацияға өзін қоя білуі тиіс.

•  оқушы белгілі бір ситуациядағы өз роліне бейімделе алуы керек, себебі ол өз ролінде 

емес, әр түрлі адамдардың ролін ойнайды.

•  оқушы өз ролін жасанды емес, шынайы өмірдегідей ойнау керек, оның мінез-құлқы 

роліне сәйкес болуы тиіс.

•  оқушы шет тілін қарым-қатынас жасау үшін пайдаланып жатқанын ұғынуы керек.  

Оқу  процесіне  рольдік  ойындарды  еш  дайындықсыз,  бірден  енгізу,  әрине,  қиын. 

Алғашқыда оқушыларға «үлгі» берудің маңызы зор. Бұл үлгі оқушылардың бойына өз-өзіне 

деген сенімділік сезімін тудыртады. Оқушылардың дайын берілген диалогтарды жаттап айтуда 

тәжірибелері бар.

Алғаш рет сабақта “Job Interview” тақырыбында бірінші рольдік ойын ұйымдастырылды. 

Оқушыларға жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушы арасындағы интервьюді ұйымдастыру 

тапсырмасы берілді. Оқушылар арасында мұндай интервью түрімен мүлдем кездеспегендер 

болуы мүмкін еді, сол себепті тапсырмаға кіріспес бұрын оқушыларға интервьюдің видеосы 

көрсетілді  және  интервью  барысы,  кейіпкерлердің  өздерін  ұстауы,  сөйлеу  манералары 

талқыланды.  Сосын  мен  оқушыларды  жұптарға  бөлдім  де,  әр  жұпқа  жұмысқа  орналасуға 

арналған  интервьюдің  үлгісін  бердім.  Бұл  үлгіде  интервью  алушының  сөздері  берілмеген 

және  жұптар  бірге  ақылдаса  отырып,  интервью  алушының  сөздерін  өздері  жазып  шығу 

керек  болды.  Бұдан  кейін  жұптар  интервьюдегі  адамдардың  рольдерін  өзара  бөлісіп  алып, 

оларға  кейіпкерлердің  сөздерін  еске  сақтауға  біршама  уақыт  берілді.  Сөздер  жатталғаннан 

кейін,  оқушылар  белгілі  бір  уақыт  ішінде  «рольдеріне  еніп»,  дайындалды.  Осы  қадамдар 

орындалып болғаннан кейін, оқушылар интервьюді ойнап шықты және интервью алдын-ала 

дайындалған  бағалау  критерийлері  негізінде  бағаланды.  Мұндай  әрекет  оқушыларға  қатты 

ұнады және бұл сынып ішінде жағымды психологилық жағдай тудырды. Оқушылар бір-бірін 

мұқият тыңдап, бір-бірінің рольге енуін шынайы бағалап, олардың сабаққа деген, жалпы пәнге 

деген қызығушылығы артты. Мұны оқушылардан алынған рефлексия мен кері байланыстан 

байқадым. Бұл ойындағы сөздер алдын-ала дайын күйінде берілгендіктен, әр түрлі деңгейдегі 

оқушылар үшін сөздерді жаттап, ортада айтып беру қиын болған жоқ.

Дайын сценарий негізіндегі рольдік ойындар тағы екі рет ұйымдастырылды. Оқушылар 

сабақтардың бірінде әр түрлі дәрігер мамандар мен емделуші арасындағы рольдік ойындарды 

көрсетсе, екіншісінде құбыр жөндеуші мен құбырларында ақауы бар үй егесінің арасындағы, 

сатушы мен сатып алушының арасындағы және т.с.с. ситуацияларға негізделген ойындарды 

ойнады. Бұл ойындар оқушылардың сөздік қорын толықтыруы үшін пайдалы болды. Мәселен, 

дәрігер  мен  емделушінің  арасындағы  рольдік  ойын  кезінде  олар  мынадай  фразаларды 

қолдануды үйренді:

I feel awful (horrible) / I don’t feel well.

I’ve got a cold/a backache/a stomachache.

I was born on the … of …

What’s the matter?

What troubles you?

Did you take any medicine last night?

I hope you get better soon.

When were you born?

This is your medical card/case history. т.б.


125

Жұптық жұмыс – диалогтік оқытудың ең қарапайым  түрі болғандықтан, оқушылар осы 

жұмыс түрімен бірнеше рет жұмыс жасап, жаттықты. Осы кезеңде С деңгейіндегі оқушының 

бойындағы  өзгерістерді  байқай  бастадым.  Бұрынғы  сабақтарда  басқалардан  өзін  аулақ 

ұстайтын бұл оқушы әр сабақта әр түрлі оқушылармен жұмыс жасаған сайын, мінез-құлқы 

өзгеріп,  тұйықтығы  азайып,  қасындағы  құрдастарымен  жақын  араласа  бастады.  Ол  өзінің 

ойын іркілмей де қысылмай айта бастады. Таныс емес сөздерді зерттеу мақсатында сөздікті 

пайдаланып, түсінбеген жерін түсінуге тырысып бақты.

Тек төртінші сабақтан кейін ғана оқушыларға қиындау тапсырма берілді, яғни оларға – 

белгілі бір тақырып аясында рольдік ойынды өздері жоспарлап, ұйымдастыру қажет болды. 

Мұндай тапсырма, әрине, мұғалім және оқушылар тарапынан мұқият жоспарлауды талап етті. 

Оқушылар үшін енді жаңа кезең басталды. Осы кезең оқушылар үшін ең қызықты кезең 

болды. Олар өз идеяларын ортаға салғанды, ойынның сценарийіне өз үлестерін қосқанды және 

қиялындағы ойларын жүзеге асырғанды жақсы көреді. Олар топта шығармашылықпен жұмыс 

жасағанды ұнатады. Бұл – бірлескен оқудың белгілері. 

Бірлескен  оқу  –  бұл  оқыту  мен  оқу  тәсілі,  аталған  тәсіл  проблемаларды  шешу, 

тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс 

істеуін білдіреді. ... Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан 

да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға 

мәжбүр  болады....  Осылайша  бірлескен  оқу  жағдайында  оқушылар  құрбы-құрдастарымен 

қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әр түрлі ұстанымдармен алмасуға, 

басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады 

[1, 78-б.].

Оқушыларға  рольдік  ойындарды  ұйымдастыруда  қиындық  тудырмау  үшін  және 

оқушылардың мотивациясы мен қызығушылығын жоғалтып алмау үшін «рольдік ойындарды 

ұйымдастыру  алгоритмін»  оқушылармен  біріге  жасадық.  Алгоритм  мынадай  этаптардан 

тұрады: 

1.  Ойынның тақырыбымен танысу. 

2.  Ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау. 

3.  Ойынды және рольдерді бағалау критерийлерін жасау.

4.  Ойын тақырыбына сай ситуацияны белгілеу.

5.  Ойынды ұйымдастыруға қажетті сөздер мен фразалармен танысу.

6.  Ойынды ұйымдастыруға қажетті грамматикалық құрылымдарды ұғыну.

7.  Белгіленген ситуация негізінде ойынның сценарийін құрастыру.

8.  Ойынға қатысушы рольдердің  функцияларын талқылау.

9.  Рольдік ойынды жүргізуге дайындық жасау.

10. Рольдік ойынды көрсету.

11. Ойынды және рольдерді бағалау.

12. Бір-біріне ұсыныс айту.

Оқушылар рольдік ойындарға осы алгоритм негізінде дайындалды және оның оқушыларға 

жұмысын ұйымдастыруда тигізген көмегі зор. Оқушылардың жұмыстары жүйеленіп, жоспар 

бойынша жұмыс жасауға дағдыланды.

Оқушылар жұппен жасаған рольдік ойыннан күрделірек процеске көшті, яғни олар енді 

әр түрлі топтарда ойынның сйенарийін өздері құрып, берілген ситуация мен рольдері туралы 

ақпарат жинақтап, кей жерлерде зерттеу жүргізіп, өз бетінше жұмыс жасауға көшті. Бұл этапта 

оқушылармен  бірлесе  жасаған  «рольдік  ойындарды  ұйымдастыру  схемасының»  көп  септігі 

тиді. Себебі осы схема бойынша жұмыс жасап, оқушылар әр қадамды жүйелі түрде орындап 

және бақылап отырды. Аталған схема бойынша біз жалпы рольдік ойынды және оқушылардың 

рольдерді ойнауын бағаладық. Алайда оқушылардың жасаған сценарийлеріне мән бермеппін. 


126

5

Сценарий құрудың да өзіндік критерийлері болғанда жақсы болар еді, өйткені оқушылардың 

сценарийлері әр кезде әр түрлі болды, біреуі қысқа болса, екіншісі тым ұзаққа созылып жатты 

және сценарийдің нақты мөлшері белгіленген жоқ. Топта жұмыс жасағанда да әр топ мүшесіне 

белгілі бір роль берілді. Мысалы, «топ лидері», «идея беруші», «жазушы» және т.б. 

Сабақтарда  ұйымдастырылған  рольдік  ойындар  әр  түрлі  деңгейдегі  оқушылардың 

барлығына да біршама болса да, оң әсерін қалдырды. 

Рольдік  ойындарда  өмірмен  байланысты  проблемалық  ситуациялар  қойылып, 

оқушылардың  солардың  шешімін  табуға  ұмтылуы  оларға  алған  білімдерін  сыныптан 

тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалануын  қамтамасыз  етеді.  Ал  бұл  сындарлы 

теориясына негізделген оқытудың мақсаты болып табылады [1, 9-б.]. Хатти «Орта білім беру 

жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері 

арасында сындарлы (конструктивті) теорияға негізделген тәсілдің кең тарағанын атап өткен.» 

[1, 9-б.]. Рольдік ойындарға қатысқан кездегі алған білімдерін оқушылар сыныптан тыс жерде 

кез келген уақытта ұтымды пайдалана алады.  

Сабақтардың  соңында  оқушылардан  алынған  кері  байланыстан  рольдік  ойындардың 

оқушыларға  қатты  ұнағанын  көрдім.  Бір  оқушы  ойын  ойнағанды  жақсы  көретінін,  рольдік 

ойындарды да ойынның жақсы бір түрі ретінде қабылдайтынын мәлімдеген. Кейбір оқушылар  

рольдік ойындар кезінде өздерін «теледидардағы актер ретінде» сезінгендерін жазған.

Сабақтарда  рольдік  ойындарды  пайдалану  –  қызықты  та,  күрделі  процесс.  Бұл  әдіс 

мұғалім мен оқушылар тарапынан дайындық пен белсенділікті талап етеді. Алайда рольдік 

ойындар ағылшын тілін үйренудегі негізгі міндеттердің бірі – ағылшын тілінде қарым-қатынас 

жасауды үйретеді. 

Менің  ойымша,  осы  зерттеу  жұмысым  өзімнің  тәжірибемді  жетілдіру  үшін  де, 

оқушыларымның  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  үшін  де  сәтті  өтті.  Себебі,  осы  жұмысым 

арқылы мен зерттеу жұмысымның мақсатына жеттім деп ойлаймын, яғни рольдік ойындар 

арқылы  оқушылардың  сөйлеу  дағдысын  дамытуға  ықпал  ете  алдым.  Оқушылар  сөйлеудегі 

кедергілердің біршамасын жойғанын айтқан. Олардың қарым-қатынас жасауға қажетті сөздік 

қоры өскен және грамматикасы жақсарған. Оқушылар тапсыратын ішкі жиынтық бағалаудағы 

сөйлеу  дағдысын  бағалау  критерийлерінде  бұл  екі  аспект  (вокабуляр  және  грамматика) 

маңызды орынға ие. 

Мен осы зерттеу барысында алған білімімді өзімнің тәжірибемде әрі қарай қолданып, 

мектепте  тәрбиеленіп  жатқан  жас  ұрпақтың  жан-жақты  дамыған,  кез  келген  адаммен 

оңайлықпен  қарым-қатынасқа  түсе  алатын,  ынтымақтастық  пен  бірлестікте  жұмыс  жасауға 

бейім құзіретті тұлғаны дамытуға өз үлесімді қосамын деп сенемін. 

Әдебиет тізімі

1.  «Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3-басылым.». М.: «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. 


127

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ СООБЩЕСТВО – СРЕДСТВО 

САМОРАЗВИТИЯ И ПОВЫШЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 

КОМПЕТЕНТНОСТИ ПЕДАГОГА

Барвих С.Н.

СШ № 28 


г.Павлодар

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет