Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
частью  современного  учебного  процесса,  способствующей  повышению  качества 
образования. [7, с. 52] 

105 
 
При  разработке  урока  с  использованием  ИКТ  уделяется  особое  внимание  на 
здоровье обучающихся. Поурочный план включает в себя физические и динамические 
паузы,  зарядку  для  глаз,  использование  элементов  здоровьесберегающих  технологий. 
Использование ИКТ позволяет расширить рамки учебника.  
Таким образом, труд, затраченный на управление познавательной деятельностью 
с помощью средств ИКТ оправдывает себя во всех отношениях:  
• повышает качество знаний  
• продвигает ребенка в общем развитии  
• помогает преодолеть трудности  
• вносит радость в жизнь ребенка  
• позволяет вести обучение в зоне ближайшего развития  
•  создает  благоприятные  условия  для  лучшего  взаимопонимания  учителя  и 
учащихся и их сотрудничества в учебном процессе.  
Процесс становится не скучным, однообразным, а творческим. А эмоциональный 
фон  урока  становится  более  благоприятным,  что  очень  важно  для  учебной 
деятельности ребёнка.  
В  настоящее  время  на  уроках  в  основном  используются  следующие  формы 
подачи  материала  и  оценивания  знаний  с  помощью  информационных  технологий: 
презентация, информационно-обучающие программы, тесты, проекты. Умелый учитель 
может  превратить  презентацию  в  увлекательный  способ  вовлечения  учащихся  в 
образовательную деятельность. Причём презентация может стать своеобразным планом 
урока,  его  логической  структурой.  Презентация  даёт  возможность  учителю  проявить 
творчество,  индивидуальность,  избежать  формального  подхода  к  проведению  уроков. 
[8, с. 67] 
Она обеспечивает учителю возможность для: 
• информационной поддержки; 
• иллюстрирования; 
• использования разнообразных упражнений; 
• экономии времени и материальных средств; 
• построения канвы урока; 
• расширения образовательного пространства урока. 
Применение  на  уроке  компьютерных  тестов,  проверочных  игровых  работ, 
позволит  учителю за короткое время получать объективную картину  уровня  усвоения 
изучаемого  материала  и  своевременно  его  скорректировать.  Высокая  степень 
эмоциональности  учащихся  начальной  школы  значительно  сдерживается  строгими 
рамками  учебного  процесса.  Уроки  позволяют  разрядить  высокую  эмоциональную 
напряженность и оживить учебный процесс. Уроки с использованием информационных 
технологий не только оживляют учебный процесс (что особенно важно, если учитывать 
психологические  особенности  младшего  школьного  возраста,  в  частности  длительное 
преобладание  наглядно-образного  мышления  над  абстрактно-логическим),  но  и 
повышают  мотивацию  обучения.  На  уроках  математики  при  помощи  компьютера 
можно  решить  проблему  дефицита  подвижной  наглядности,  когда  дети  под 
руководством  учителя  на  экране  монитора  сравнивают  способом  наложения 
геометрические  фигуры,  анализируют  взаимоотношения  множеств,  решают  задачи  на 
движение,  демонстрируемые  с  помощью  PowerPoint.  Компьютер  является  и 
мощнейшим стимулом для  творчества детей, в том числе и самых инфантильных или 
расторможенных. Экран притягивает внимание, которого мы порой не можем добиться 
при  фронтальной  работе  с  классом.  На  экране  можно  быстро  выполнить 
преобразования  в  деформированном  тексте,  превратив  разрозненные  предложения  в 
связный  текст.  В  начальной  школе  мы  используем  информационные  технологии  на 

106 
 
всех  этапах  урока.  При  объяснении  нового  материала,  закреплении,  повторении, 
контроле,  при  проведении  олимпиад,  внеклассных  занятий  и  др.  Ребёнок  становится 
ищущим, жаждущим знаний, неутомимым, творческим, настойчивым и трудолюбивым. 
[9, с. 29]  
Для  упрочнения  знаний,  развития  интереса  к  школьным  предметам  учащимся 
предлагаются творческие задания, которые могут выражаться:  
• в составлении кроссворда, ребуса по теме,  
• в изготовлении учебного пособия;  
• в подготовке различных творческих сообщений;  
• в изготовлении презентаций и др.  
Уроки  с  использованием  информационных  технологий  не  только  расширяют  и 
закрепляют полученные знания, но и в значительной степени повышают творческий и 
интеллектуальный потенциал учащихся. Поскольку фантазия и желание проявить себя 
у младшего школьника велики, стоит учить его как можно чаще излагать собственные 
мысли,  в  том  числе  и  с  помощью  информационных  технологий.  Использование 
информационных технологий на уроках в начальной школе дает возможность проявить 
себя любому из учащихся, при этом формы работы выбирает для себя сам ученик. Так, 
дети с математическими способностями чаще работают по изготовлению программных 
продуктов  -  презентаций.  Дети  "гуманитарии"  выбирают  -  работу  по  составлению 
кроссвордов или сообщений, докладов, рефератов. Учащиеся имеют прочные, глубокие 
знания по предметам, у них сформированы стойкие познавательные интересы, развито 
умение  самостоятельно  применять  полученные  знания  на  практике.  Я  уверена,  что 
использование  информационных  технологий  может  преобразовать  преподавание 
традиционных  учебных  предметов,  рационализировав  детский  труд,  оптимизировав 
процессы  понимания  и  запоминания  учебного  материала,  а  главное,  подняв  на 
неизменно более высокий уровень интерес детей к учебе.[10, с. 72] 
Таким образом, применение ИКТ в образовательном процессе, позволяет решать 
одну из важных задач обучения - повышение уровня знаний.  
Учителя,  которые  в  своей  работе  используют  ИКТ,  пришли  к  выводу: 
информационные технологии только для ищущих, любящих осваивать новое учителей. 
Они  для  тех,  кому  небезразличен  уровень  своей  профессиональной  компетентности, 
кого беспокоит, насколько он, педагог современной школы, соответствует требованиям 
века грядущего. 
 
Литература 
1.   Захарова Н.И. Внедрение информационных технологий в учебный процесс. – 
Журнал «Начальная школа» №1, 2008. 
2.  Материалы круглого стола: «Государственная программа развития 
образования в Республике Казахстан до 2010 года» // Проблемы высшей школы. 
Алматы, 2004. 10 ноября. 
3.   Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  нации  народу 
Казахстана  «Социально-экономическая  модернизация  -  главный  вектор  развития 
Казахстана». Индустриальная Караганда, 28 января 2012 года. 
4.   Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на 
2011-2012 годы. г.Астана, 7 декабря 2010 г. 
5.   Ешметова  Г.  История  развития профессионального  образования в  Республике 
Казахстан. г. Алматы, 2011. 
6.  Ковалёва А. Г. Использование  информационно-компьютерных  технологий  при 
обучении в начальной школе. 2006 
7.  Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. М,. 1991. 

107 
 
8.  Кастельс  М.  Информационная  эпоха:  экономика,  общество  и  культура.  М., 
2000. 
9. Печенкин В.В. Информационные технологии в структуре информационного 
общества. Саратов, Изд-во СГУ. 2001. 
10. Тоффлер Э. Третья волна. М., АСТ. 2004. 
 
 
 
ӘОЖ 372.4:371.13 
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ 
ДАЯРЛАУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 
 
Ж.Р. Ризабекова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, РЯЛК – 406С тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: М.Л. Акпаров, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік 
университеті, педагогикалық психология кафедрасының оқытушысы 
 
ХХІ  ғасырда  әлемдік  өркениет  төрінен  орын  алған  Қазақстанның  жан-жақты 
дамуының  бірден-бір  жолы  –  білім  мен  ғылымды  әр  қырынан  меңгеру.  Қай  заманың 
болмасын  мұғалімі  ұлы  Абайдың  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға» 
дегендей,  тәлім-тәрбие  ісінен  жалықпайтын,  шығармашылығы  мол,  өзіндік 
педагогикалық стилі болуы тиіс.  
 ҚР  Білім  туралы  Заңының 
7-тарауында  педагог  қызметкерлердің  мәртебесін 
көтеру  қарастырылған  [1].  Олай  болатын  болса,  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты 
жатсынбай  қабылдайтын,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата  отырып, 
шәкіртінің  жанына  нұр  құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің  лайықты  тұлғасы  деуге 
болады. 
 
2010 жылы республика көлемінде Егемен Қазақстанның мұғалімі оның әлеуметтік 
беделі  және  кәсіби  мәртебесін  көтеру  қажеттігін  алдымен  білім  беру  және  кәсіби 
ғылыми  қызметтердің  3-ші  республикалық  съезінде  еліміздің  президенті  Н.Ә. 
Назарбаев айтқан болатын.
 
Бүгінгі  таңда білім беру  мазмұнын, білім берудің  «білімнің» үстемдігі үлгісінен, 
құзырлылық  үлгісіне  көшу  арқылы  дамыта  отырып,  білім  беру  жүйесін  халықаралық 
жүйемен  сәйкестендіру  қажеттігі  артып  отыр.  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасын  жүзеге  асыру  ең  басты  міндеттерінің  бірі  –  12  жылдық  білім  беру 
жүйесіне көшу жұмыстарын жеделдету, яғни 2015 жылға дейін бейінді мектепте жұмыс 
істейтін  мұғалімдерді  дайындау  мазмұнын  «білімдік»  қатыстан  құзырлылық  қатысқа 
ауыстыру  болатын.  Бұл  үдерістің  де  өзіндік  ерекшелігін  ескермесе  болмайды.  Жаңа 
заман  педагогы  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарды  тиімді  үйлестіріп,  жетілдіруде: 
біліктілігін  үнемі  көтере  отырып,  оқу-әдістемелік  жұмыстарды  бүгінгі  күн  талабына 
сәйкестеп  құра  біліп,  ғылыми-зерттеушілік,  эксперименттік-тәжірибелік  жұмыстарды 
жетілдіріп,  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін  жоғары  деңгейде  ұйымдастыра 
білуі  керек.    Лиссабон  конвенциясы,  Сорбонна  және  Болонья  декларациясында 
қабылданған  шешімдер  осының  айғағы.  Декларацияда:  «Біз  жоғары  білімге  деген 
теңдесі  жоқ  сұраныстың  куәсі  болып  отырмыз,  себебі  оның  әлеуметтік-мәдени  және 
экономикалық  дамудағы  маңызын,  сондай-ақ  жаңа  білім,  дағды,  біліктілікті  және 
идеяларды  меңгерген  жас  ұрпақтың  болашақты  жасаудағы  шешуші  маңызын  үлкен 
сезіммен мойындаймызң - деп атап көрсетілген. 
 
Болон декларациясының білім беруге қойған негізгі мақсаттарының бірі – «оның 
сапасын  қамтамасыз  ету»  -  деп  нақтыланған.  Осы  орайда,  елімізде  де  білім  беру 

108 
 
жүйесін  реформалау  бағытында  ауқымды  істер  жүзеге  асырылуда.   ҚР  білім  беруді 
2015 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты 
–  ҚР  2010  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарының  басымдықтары  негізінде 
елімізде  көп  деңгейлі  үздіксіз  білім  берудің  ұлттық  моделін  жасап,  оны  әлемдік 
деңгейге көтеруде.
 
Мұғалімнің қызметі көне дәуірден келе жатқан күрделі қызмет. Мұғалім тұлғасы 
оқушының жеке басының дамуына, қалыптасуына, білім беру мен тәрбие және оқыту 
процесін  басқарады.  Сондықтан,  мұғалімнен  жан-жақты  терең  ғылыми  білім,  жоғары 
ұстаздық  шеберлік,  шыныққандық,  моральдық  таза,  табанды,  ерік-жігерлі,  парасатты 
мінез-құлық талап етіледі.  
Мұғалімнің  ерекше  кәсіптік  және  қоғам  алдындағы  міндеттері  барлық  уақытта 
өзінің  қатал  әділқазылары  –  оқушыларының,  мүдделі  ата-аналардың,  кең  әлеуметтік 
қауымның назарында болуы – мұғалім тұлғасы мен оның моральдық келбетіне жоғары 
талаптар қояды. 
          Мұғалімге қойылатын талаптар – бұл педагогикалық қызмет табыстарының кепілі 
болар кәсіби сапалар жүйесі.  
Мұғалімге  қойылатын  алғашқы  талап  –  педагогикалық  қабілеттердің  болуы. 
Педагогикалық  қабілеттер  –  бұл  оқушылармен  жұмыс  істеуге,  балаларға  деген  мейір, 
олармен қатынаста болудан ләззат ала білу бейімділігін танытушы тұлғалық сапалар.  
 Көп  жағдайда  педагогикалық  қабілеттер  –  мәнерлі  сөйлеу,  ән  салу,  сурет  салу, 
балаларды  ұйымдастыра  білу  және  т.с.с.  –  нақты  әрекеттерді  орындауда  көрінетін 
ептіліктер дәрежесінде қалыптасады. 
 Осы заманғы педагогикалық психологияда қабілеттердің төмендегідей маңызды 
топтары ажыратылған: 
 1.  Ұйымдастырушылық.  Мұғалімнің  оқушыларды  оқу-танымдық  істерге  тарту, 
міндеттерді бөлістіру, қызмет жоспарлау, орындалғандарға қорытынды жасау және т.б. 
ептіліктерінен көрінеді. 
 2.  Дидактикалық.  Оқу  материалдарын,  көрнекіліктерді,  техникалық  оқу 
жабдықтарын,  жинақтау  және  дайындау;  оқу  мазмұнын  түсінікті,  анық,  мәнерлі, 
нанымды  және  бірізді  баяндау;  оқушыларды  өздерінің  танымдық  қызығулары  мен 
рухани қажеттерін дамытуға ынталандыру, олардың оқу-танымдық белсенділігін және 
т.б. арттырып отыру.  
 3.  Түсінім.  Мұғалім  өз  шәкірттерінің  жан  дүниесіне  еніп,  олардың  көңіл-күй 
кейпін шынайы бағалауға, психикалық ерекшеліктерін тани білуде көрінетін ептіліктер.  
 4.  Қарым-қатынастық.  Өз  әріптестерімен,  оқушылармен,  ата-аналармен,  оқу 
орны  жетекшілерімен  жақын  іскерлік  байланыстар  түзуде  көрінетін  мұғалім 
ептіліктері.  
5. Ықпал таныту. Көңіл-күй, ерік әсерлері арқылы оқушыны билеу. 
6.  Зерттеушілік.  Педагогикалық  жағдайлар  мен  үдерістерді  шынайы  танып, 
бағалау ептіліктерімен іске асырылатын қабілет.  
7. Ғылыми-танымдық. Педагогика, психология, әдістеме салаларындағы ғылыми 
жаңалықтарды игере білу қабілеттерімен белгіленеді.  
Қазіргі  заман  мұғалімі  қоғамдық  дамудың  деңгейінен  көрінетін,  оның  әлеуметтік 
парызына  жауап  беретін,  жаңалыққа  жаны  сергек,  педагогикалық  құбылыстардың 
барысын  идеялық  адамгершілік  тұрғысынан  шеше  алатын,  жаңаша  ойлау  дағдысын 
меңгерген,  балалардың  талапкерлігі  мен  қабілетін,  өздігінен  еркін  дамуын 
ұйымдастыра алатын, әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман. 
 Болашақ мұғалім даярлаудың педагогикалық шарттары: 

 
болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндер жүргізілу керек  

 
болашақ мұғалімдерді даярлаудың моделі жасалу керек; 

109 
 
 Болашақ мұғалім білікті де, білімді өз ісіне шебер, жан-жақты болуы үшін, ЖОО-
да  арнайы  яғни  педагогикалық  имиджін  қалыптастыруға  себеп  болатын  пәндер 
жүргізізу. Атап айтар болсам: «Педагогикалық шешендік», «Педагогикалық әртістік». 
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. 
1. Қарым-қатынасқа сабырлы, мейірімді, дауыс ырғағының сақталуы. 
а) әңгімелесушіні тыңдай білу 
ә) сұрақ қоя білу 
б) өз сөзіңді талдай білу 
в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену 
г) келесі адамды түсіне білу 
ғ) кез келген жағдаяттық қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу [27]. 
2. Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену 
      
  а) аудиторияға қарап жұмыс істеу 
        ә) тыңдаушылардың реакциясын бақылау және ұғыну 
3. Өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету 
        а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену  
        ә)  сөйлеуге,  әңгіме  бастар  алдында  мұғалімнің  сыртқы  келбеті  әңгімеге 
дайындығының,  тыңдаушының  әңгімеге  деген  көзқарасын  түсінуге  ынтызарлығын 
көрсетеді. 
        б) өзіңнің сезіміңді әңгімелесушіңе не тыңдаушыға бере алу қабілеті 
Өзін-өзі басқару, бақылау: 
1.Артық қобалжу, артық өзіңе күш түсіруден аулақ болу. 
2.Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу 
3.Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру 
4.Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу 
5.Әрдайым жақсы көңіл-күй ауанын жасауды үйрену 
Сөйлеу мәдениеті: 
1.Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу 
2.Сөз лексикологиясы (сөз байлығы) 
3.Сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі 
4.Сөйлеу техникасы 
а) сөйлеудегі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары. 
ә) дикция 
б) екпін қоя білу 
в) дауыс ырғағы (интонация) 
г) үзіліс (пауза). 
Оқушыларға  тәрбие  берудегі  мұғалімдік  тұлғаның  ықпал  ету  жолдарын  ең 
алдымен психологиялық қарым-қатынастан бастап, оған мынаны алдық: 
·ұстаздың оқушылармен ашық сөйлесе білуі; 
· тез арада олармен қарым – қатынасқа түсуге дайын болуы; 
· әңгімелесу барысында қанағаттануы;  
·оқушының эмоционалды қобалжуын сезінуі.  
Сонымен  қатар  оқушыларға  ықпал  ете  отырып  тәрбие  беруде  мына 
педагогикалық әдепті жүзеге асыруға тырыстық.  
 
 1.  Байқағыштық.  Бұл  –  мұғалімдік  мамандықтың  маңызды  белгілерінің  бірі. 
Байқағыш  ұстаз  шәкірттердің  ішкі  әлеміне  терең  үңіліп  көңіл-күйлерін  қабақтарынан 
танып, әрбірінің мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. 
 
 2. Ілтипаттылық. Бұл – адамның әдептілігін, сыпайылығын, қарапайымдылығын 
білдіретін этикалық ұғым.  

110 
 
 
 3.  Сенім.  Бұл  –  адамның  алдына  қойған  мақсатының  айқын  болуы, 
дүниетанымының  өмірмен  байланысы  берік  сенімнен  туындайды.  Ұстаздық  әдеп 
ұстаздың шәкірттерге сенім арта білуі қабілетін де қамтиды.  
 
 4.  Төзім  және  сабыр  сақтау.  Мұғалімнің  ұстаздық  әдеп  әлемі  үшін  төзім  мен 
сабыр сақтау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Мұғалім 
өзінің іс-әрекетін ақылға жеңдіргені жөн.  
  5.  Ашуға  жол  бермей.  Ашу  үстінде  ешқандай  шешім  қабылдауға  болмайды. 
Сабырлық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы 
қажет.  
 Білім  беруді  игіліктендіру  мұғалім  мен  оқушылардың  қарым  –  қатынасына  өзгеріс 
енгізіп,  болашақ  маманның  адамгершілігі  мол,  икемді  де  инабатты,  кішіпейіл,  сырт 
келбеті  мен  жан  дүниесі  ұштасқан  әдепті  тұлға  ретінде  қалыптасуына  мүмкіндік 
тудырып  отыр.  Болашақ  маман  өзінің  педагогикалық  іс-әрекетінде  бостандық 
шеңберінің кеңдігін сезінуге барша жағдайы мол. 
 
Әдебиет 
1.
 
Айтбаева А. «Көрнекті ғалымдар бастауыш саты мұғалімдерін даярлау туралы» 
//Бастауыш мектеп №4  2010ж  59 б. 
2.
 
Асқарова  Ж.  «Болашақ  мұғалімдерді  даярлаудағы  педагогикалық  практика» 
//Қазақстан кәсіпкері 2002 - №2 – 5-7 б. 
3.
 
Абенов  Е,  Машенбаев  Т.  «Жас  мұғалім  жақсы  ұстаз  болу  үшін»  //Қазақстан 
мектебі № 9 2003ж, 7-8 б.  
4.
 
Әбенов  С.  «Болашақ  маманның  мәдениетін  қалыптастыру»//  Білім-2002  №3  – 
25-26 б. 
5.
 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  педагогикалық  шығармашылығының
 
жүзеге 
асырылу жағдайлары.// Менеджмент в образовании.-Алматы, 2009. №4.-Б.6-10. 
6.
 
Биязбаева А.  «Студенттер  – болашақ жетекшілер» //Қазақстан мектебі  2004ж  – 
№12-15-16 б.  
7.
 
Жүніс Н. «Мұғалімнің кәсіби мәдениеті» //Сынып жетекшісі №1,  2005ж 36-39 б. 
8.
 
Қаржаубаев А.  «Бүгінгі  студент  – болашақ маман» //Бастауыш мектеп  – 2004ж  
№1 – 6-9 б. 
 
 
ӘОЖ 37.018.2:34 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ 
МАЗМҰНЫ 
 
 
А. Какенова 
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» 
мамандығының 4 курс студенті 
Ғылыми жетекші: Э.Ж.Карымсакова - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық 
колледжінің педагогика және психология пән бірлестігінің оқытушысы 
 
Тұлғаны  жан  –  жақты  үйлесімді  тәрбиелеу  саласының  бірі  –  құқықтық  тәрбие. 
Ол  қоғамның  әрбір  азаматының  мемлекеттік  заңдары  аса  жауапкершілікпен  орындап 
отыруы  талаптарымен  тығыз  байланысты.  Әсіресе,  оның  елімізде  жүріп  жатқан 
жариялық,  құқықтық  және  зайырлы  қоғам  орнату  процесімен  байланысының  маңызы 
ерекше.  Ол  үшін  адамзаттық  сан  ғасыр  уақытта  жасап  шығарған  жалпы  адамзаттық 
негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, 
күнделікті  мінез  –  құлықтарына  қалыптастыру  қажет.  Бұл  талапты  іс  жүзіне  асыру, 

111 
 
әсіресе  елдің  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдайын  дамыту  кезеңінде,  ең  бірінші 
кезекте  құқықтық  сананы  тәрбиелеу  мен  мемлекеттік  заңдарды  жетілдіру  процесінде 
жанадандыру айрықша міндетті іс.
 
Бүгінде  оқушылармен  жүргізетін  құқықтық  тәрбиенің  мазмұнын  айқындауда                       
А.С.  Макаренко,  В.А.  Сухомлинский  “қандай да  бір  құқықтық  тәрбие  болмасын,  егер 
ол  белгілі  бір  мақсатпен  ұйымдастырылып  жеке  адамның  мұқтаждығына  негізделсе, 
екіншіден,  ұжымдық  жұмыстарға  оқушылар  шаруашылықпен  қатысса,  соғұрлым 
алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, 
өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне 
кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
 
Балалардың  мінез  -  құлқының  нормадан,  шамадан  ауытқуына  түрлі  жағдайлар 
себеп  болады.  Олардың  ішінде  ең  бастысы  отбасы  жағдайы  боп  есептеледі.  Өйткені 
тұлғаның  жеке  басының жаман  -  жақсы  қасиеттерінің  негізі  отбасынан  қалыптасады. 
Сондықтан  да,  балалардың  өнеге  алып  үлгі  тұтары  -  ең  алдымен  өздерінің  ата  - 
аналары.
 
А.С.  Макаренко  сөзімен  айтқандай,  “Тәлім  -  тәрбие,  кең  түрде  алғанда 
әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да  тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес 
салмағы  басым.  Солардың  ішінде  ата-аналар  мен  педагогтар  бірінші  орынға  шығады 
деген  екен.  Олай  болса,  құқықтық  тәрбиені  нәтижелі  ұйымдастыру  үшін,  отбасы 
жағдайын  жан-  жақты танып білу  қажет.  Бүгінгі  таңда  бұл  жұмыс  табысы  жүргізіледі 
деп  айту  қиын.  Соның  нәтижесінде  балалардың  мінезіндегі  кейбір  ауытқулары 
мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге 
әкеліп тірейтіні даусыз мәселе. Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері 
қонақ  шақырады.  Осының  бәрі  ішімдіксіз  өтпейді,  дастарханға  ішімдікті  самсатып 
қояды.  Ал,  жастардың  қайсысы  болмасын  ересектерге  еліктейді.  Өздерін  ересектерше 
ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, 
ішімдікке бой ұрады.
 
Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде 
жан  -  жал,  төбелес  болғандықтан  балаларды  дұрыс  тәрбиелеу  мен  оқытуға  ешқандай 
жағдай  болмайды.  Керісінше,  мұндай  бүлінген  отбасында  балалардың  өздері 
ішімдікпен әуес бола бастайды.
 
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол 
отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына 
әсерін тигізеді.
 
Ондай  балалар  қоғамдық  жұмыстарға  да  қатыспайды.  Ешбір  өнерге  де  қызықпайды. 
Бос  уақыттарын  қызықты  өткізуді  білмейді.  Шындығында  келгенде,  бұлар  қоғамдық 
өмірден  тысқара  қалған  адамдар  болып  саналады.  Демек,  мұндай  ата-аналар  өз 
балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
 
Оқушыларға  құқықтық  тәрбие  беруде  олардың  құқықтық  сана  сезімін  бірінші 
кезекте  қалыптасудың  маңызы  зор  дедік.  Себебі,  құқықтық  сана  –  қоғамдық  санның 
ерекше  түрі.  Сондықтан,  құқықтық  тәрбие  беруде  оқушылардың  санасын  тәрбиелеу, 
жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-
тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.
 
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен 
ұйымдастырылған  түрде  оқушының  оқуды  бітіргенге  дейінгі  аралығында  жүргізуі 
қажет.  Ол  үшін,  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңының  “Адам  және  азамат”  деп 
аталған  ІІ  бөліміне  енгізілген  тәуелсіз  еліміздің  азаматтарының  құқықтары  мен 
міндеттері  жайында  баяндалған  1-бапта  “Менің  Отаным  -  Қазақстан  Републикасы. 
Оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандығы” 
деген  жолдардан  баста,  1995  жылы  30тамызда  Бүкілхалықтық  референдумда 
қабылданып,  1995  жылы  5  қыркүйектен  күшіне  енген  Ата Заңның – Конституцияның 

112 
 
мазмұнымен  әрі  ондағы  құқықтық  ұғымдарды таныстырудан,  түсіндіруден  бастаған 
жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, 
мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет