Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы


«Этнопедагогика құралдарын, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында тиімді



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

«Этнопедагогика құралдарын, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында тиімді 
қолдану  жолдары».      Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 
Жолдауында:  «Оқушыларды  қазақстандық  патриотизмге,  шығармашылық  жағынан 
дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік 
тағампаздылық,  тәкаппарлық,  тектілік,  білімділік,  биік  талғам,  ұлттық  намыс, 
елжандылық қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.  
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына 
деген сүйіспеншіліктен басталады. Әр бір халық ел мен жерін қадірін, ата-баба дәстүрін 
ұрпағының  құлағына  кішкентайынан  құюға  тырысады.  Бұл  тұрғыда,  қазақ  халқының 
жаңа туған жас нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан басталып, тұсау кесу, қыз 
ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан-қилы 
ырымдар  мен  кәделерге  толы  салт-дәстүрлерінің  маңызы  ерекше.  Ұрпақты  ата-
салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаз қаумына үлкен талап қоюда. Себебі бала 
мектеп  табалдырығынан  көрсем-білсем  деген  алып-ұшпа  сезіммен  келеді.  Осы  сәтті 
ұтымды  пайдаланып,  ұлттық  білім  тәрбиемен  ұштастыра  білген  мұғалім  ғана  жемісті 
жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Жас  ұрпақты  халқымыздың  әдет-ғұрып,  салт-санасымен 
сусындату  ел  ертеңін  ойлайтын  саналы  азамат  қалыптасуының  бірден-бір  кепілі. 
Мектепке  келген  баланың  отбасында  бойына  сіңірген  мейірімділік,  сүйіспеншілік, 
бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді 
оята  білу  үшін  әрбір  мұғалім  жүйе  бойынша  белгіленген  нақты  іс-шараларды  аса 
шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс. 
Жастарымыздың  бойында  елжандылық,  азаматтық,  жоғары  ізгілік  пен 
адамгершілік  сезімдері  жан-жақты  жетілгенде  ғана  Қазақстандық  патриотизм  сезімі 
асқақтай түседі. 
Бүгінгі  күні  де  бала  тәрбиелей  отырып,  білім  беру  айрықша  мәнге  ие.    XXI 
ғасырдағы  тасқындаған  толассыз  ақпараттар,  қоғамдағы  күрделі  өзгерістер  аясында 
өмір  сүріп  жатқан  толассыз  ақпараттар,  қоғамдағы  күрделі  өзгерістер  аясында  өмір 
сүріп жас ұрпақты тәрбиелеудің  күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. 
Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесінде ұлттық тәрбиені дарыту 
одан  да  өзекті  болып  отыр.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы 
жинақтап,  уақыт  тезінен  өткен  тәрбие  тәжірибесінің  ауқымды  бір  саласын  ұлттық 
дәстүрлер жүйесі құрайды. Балаларды қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан 
дәстүрлері  арқылы  тәрбиелеудің  тұлғалық  шарты  –  тәрбиенің  оқушы  тұлғасында 
(қолдау,қорғау,сенім  көрсету,құрметтеу)  бағыттылығы  мен  жас  ерекшелігін  ескеріп, 
оның  дамуы  мен  қалыптасуына  жағдай  туғызуға  бағытталған  педагогикалық 
ерекшеліктің  басшылыққа  алынуы.  Бұл  жағдайда  оқушылардың  тәрбиелілігі  
педагогикалық  көмек  өлшемімен,  қамқорлығымен,  көңіл  бөлуімен,  оның  дамуына 
оңтайлы  жағдай  туғызуды  қамтамасыз  ету  үшін  жасалатын  жағдаймен  ерекшеленеді. 
Тәрбиенің нәтижелі болуында әр оқушыны қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның 
ұлттық  өзгеше  қасиеттерін  дамытудың  мәні  зор.  Балаларды  қазақ  халқының  жеті  ата 
шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  балаларды  тәрбиелеудің  танымдық  - 
шығармашылық  шарты  –  оқушы  өміріндегі  ерік-жігерінің,  өзін-өзі  бақылау 
дағдысының  болуында.  Ол  оның  белсенділігінде,  сөз  бен  іс  бірлігінде,  өмірдің  қиын 

90 
 
тұстарында  өз  тұжырымына  адал  қалуында  көрініс  табады.  Мұнда  қазақ  халқының 
салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы  туралы  материалдарды  қолдануға  мүмкіндік  туындайды. 
Оларды  пікірталас  жүргізе  білуге,  дәлелдеуге,  көзқарастарын  баяндауға  төселдіруге 
болады. 
Қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастархан  дәстүрлері  арқылы  балаларды 
тәрбиелеудің әлеуметтік шарты – әлеуметтік бірлікті қалыптастыру, жеке тұлғалардың 
арасындағы  қарым-қатынасты,  қауымдастықты  сақтауға,  біріктіруге  ынталандыру. 
Қазақтың  дәстүрлі  тәрбиелік  мүмкіндігі  оқушылардың  көңіл-күйіне,  рухани-
адамгершілік тұрғыдан өздері-өздерін танып білуіне, әлеуметтік ортадағы өзара қарым-
қатынастарына  әсер етіп, баланың рухани-адамгершілік деңгейге көтерілуіне ықпалын 
тигізеді. 
Мектепте сабақты қызықты етіп өткізу үшін ұлттық педагогикаға сүйенген дұрыс. 
Халықта  «балаңды  өз  тәрбиеңмен  тәрбиелеме,  өз  ұлтыңның  тәрбиесімен  тәрбиеле»  - 
деген мақал бар.  
Сабақты 
ұлттық 
педагогикамен 
ұштастыру. 
Тәрбиенің, 
білімнің, 
елжандылыққа тәрбиелеудің қайнар көзі – ұлттық педагогика. Балаларды ұлттық салт-
дәстүрді,  әдет-ғұрыпты  қастерлеп,  құрметтеуге  үйреткен,  парасатты  тұлға  етіп 
тәрбиелеген абзал.   
Қазіргі  мұғалімдердің  алдында  тұрған  ең  басты  міндет  –  оқушыларды  сабаққа 
ынталандыра білу, сол арқылы әр тақырыпты жете түсіндіру.  
Ұлттық  педагогикалық  құралдарды  қолдана  отырып,  оқушылардың  жан-жақты 
дамуына  біршама  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  қазақ  тілі  сабағында  сан  есімдерді 
түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, 
бес  асыл  іс  сияқты  қасиетті  сандарға  байланысты  жаттығулар  құрап,  соларға 
байланысты  шығармаларды  еске  түсіреміз.  Мысалы,  ұлы  Абайдың  «Ғылым  таппай 
мақтанба»  өлеңінен  үзінді  оқып  адам  бойында  кездесетін  бес  жаман  қасиет:  өсек, 
өтірік,  мақтаншақ,  еріншек  бекер  мал  шашпақ  және  бес  жақсы  қасиет:  талап,  еңбек, 
терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін ұлттық 
тұрғыдан өткіземіз.  
Математика сабағында  асықтарды, сандықшаларды қолдануға болады. Мысалы, 
тақтаға  10-15  есепті  жазып,  асыққа  нөмірлерін  жазып  немесе  есептерді  сандықшаға 
жасырып қоюға болады. Сабақты ойын түрінде өткізуге болады.  Мысалы,  бұл ойынды 
дөңгелене отырып немесе топқа бөліп ойнатуға болады. Ойынды бастамас бұрын асық 
иіру  жолымен  ойыншылардың    ретін    белгілеп,  кімнің    асығы  алшысынан  түссе, 
ойынды  сол  бастап    сандықшада    жасырын    тұрған  есепті  шығарады.  Топ  болып 
ойнағанда да, жарыс түрінде өткізуге болады. Асықтың қалай түскенін білу үшін, қай 
асықтың  қалай  жатқандығын  тақтаға  мынадай  суретті  іліп  атауларын  жазып  қоюға 
болады. 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
 

91 
 
 
 
 
1  -  алшы,  2  -  тәйке,  3  -  бүге,  4  -  шіге,  5  -  оңқай,  6  -  солақай,  7  -  омпы,  8  - 
шоңқай. 
 
Қазақтың  халық  ойындары  мәдени  мұралардың  бірі  болып  саналады,  ғасырлар 
бойы  балаларды  тәрбиелеудің  бір  құралы  болып  келеді.  Ойын  барысында  балалар 
өмірдегі  оқиғаларды  бейнелейді.  Ойындар  екі  топқа  бөлінеді:  шығармашылық  және 
ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарын бала өз ойынан шығарып ойнаса, екінші 
топ  ойындары  дидақтикалық  және  баланың  ойлау  дағдысына,  қабілетіне  бағытталған 
түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу музыкалық, эстетикалық, 
ойлау  қабілеттері,  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігі,  ойын  барысында 
өмірде болатын оқиғалар бейнеленеді, және қазақтың ұлттық ойындарының көбі  дене 
тәрбиесіне бағытталған.  
Дене  тәрбиесі  пәніне  ұлттық  ойын  түрлерін  батыл  ендіру  қажет  деп  ойлаймын. 
Ұлттық  ойындардың  дене  тәрбиесі  сабағын  жоғары  әдістемелік  деңгейде  сапалы 
өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды 
жеңуге,  еңбексүйгіштікке,  елжандылыққа  тәрбиелеуге  ықпал  етеді.  Ұлттық  ойындар 
жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл 
күйді  көтеру,  көңілдену,  тактикалық  ойлауды  дамыту,  сыртқы  қоршаған  ортаны  тез 
сезіну,  келешек  істелетін  жұмыстарға  дайындалу,  жинақталу  қасиеттерін  қамтамасыз 
етеді.     
Ұлттық  педагогика  құралдарын  тек  сабақ  үстінде  ғана  пайдаланып  қоймай, 
сабақтан  тыс  жүргізілетін  білімділік-тәрбиелік  жұмыстарға  да  енгізіп  отырамыз. 
Өйткені, оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Сыныптан тыс 
тәрбие жұмыстары сабақтың заңды жалғасы. 
Қорытынды. Кешегі дана Мұхтар арттағыға «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» 
деген көнермейтін нақыл қалдырыпты. Елдіктің тұтқасын берік ұстауда бұл қағиданы 
темірқазық етудің маңызы зор. Бұл ретте жас буынды елжандылыққа баулуға аса мән 
беру  керектігін  баса  айтуға  болады.  Абай  атамызша  айтсақ,  «жастықтың  оты 
жалындаған» өскелең буынға «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» бірдей ұстау 
керек.   
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауындағы  маңызды  бағыт  – 
қазақстандық  патриотизм  және  елжандылық.  Елбасымыздың  халқына  арнаған  жыл 
сайынғы жолдауы мені өте қызықтырады. Себебі, қазақстандықтарға болашағын тайға 
таңба  басқандай  етіп  тың  идеяларын  ұсынып  отыр.    Мен  Елбасының  әр  жылдардағы 

92 
 
жасаған  жолдауын  басты  назарда  ұстаймын.  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі  біздің 
елімізге өте қажет дүние деп есептеймін. Бүгінде өркендеу көшіндегі бағытымыз айқын 
болғандықтан,  Елбасының  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  болашағымыз  үшін 
адастырмас бағдаршам.  
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы Жол  – болашаққа бастар жол» атты жаңа 
Жолдауымен танысқанымда, осы туралы ойланып, ойға шомдым. «Mәңгілік Ел – елдің 
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының 
ғана  емес,  XXI  ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас  идеялық  тұғыры!  Жаңа 
Қазақстандық патриотизм, елжандылық дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!  
Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  тұрмыз.  Аға  ұрпақпен  әңгімелер, 
пікірлесулердің  тыныштықтың  қадірін  біліп,  әлемдегі  бейбітшілікке  жас  тәуелсіз 
еліміздің қосып отырған үлесі жайында білімімізді толықтырудағы орны ерекше. 
 Бұрынғы  ел-жұртын  оята  алмай  зарлаған,  ұлы  Абайдың,  басқа  да  ақын 
жазушыларымыздың,  «Алаш»  арыстарының,  «Желтоқсан  құрбандарының»  ажал 
аузында,  қатер  астында  тұрып,  өз  өмірлерінен  гөрі  тәуелсіздікті,  еркіндікті,  жерге, 
Отанға, қазақ халқына жандары ашыған, қиын жолмен күресем деп қыршынан қиылған 
қаракөз  ата-бабамыз,  аға-апайларымыздың  бәрінен  де  намысты  жоғары  қойып,  биік 
ұстап,  азаттық  жолында  бастарын  өлімге  тіккен  біздің  қаракөздеріміздің  ерліктерін 
айта  беруде  жалықпаймын.  Өйткені,  олардың  қазақ  халқының  нағыз  патриоттары, 
елжанды азаматтар  болғандығын, олардың жасаған ерліктері дәлелдейді.  
Олай  болса,  біз  жастар  осы  айтылып  жатқан  өз  Отанымыз  Тәуелсіз  Қазақстанға 
деген, Туған жерімізге деген елжандылық сезімді қалай қалыптастырамыз? Міне, менің 
көкейімде жүрген сауал осы. Осыны қалай шешсе болады, осы мәселенің бір жолы бар 
ма екен деген ой мені толғандырады. Осы оймен ойлай келе, мынадай шешімге келдім. 
Біз  қазақ  жастары  қазақ  болып,  ұлт,  халық  ретінде,  ұлттық  рухымызбен  ұлттық  ар 
намысымыздың белгісі қазақ намысын биікке көтеруіміз керек. Менің ойымша намыс 
өз  маңызын  жоймақ  емес.  Міне  бізге  намысты  қолдан  бермеуді  үйреніп,  қанымызға 
сіңдірсек  қана  елжандылық  сезімі  намыс  сезімімен  астасып,  тізе  қосып,  бірге  әрекет 
жасауға,  бірін-бірі  егеп,  қайрап,  өткірлеп,  бірінің  күшін  бірі  бірнеше  есеге  арттырып, 
аса ортақ патриоттық сезімнің пайда болуына зор ат салысқан болар едік.   
 
Әдебиет 
1.Қазақстан 
Республикасы 
 
Президентінің 
 
Жарлығы 
Қазақстан  
Республикасының    азаматтарына    патриоттық    тәрбие    берудің  2006-2008  
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы.  2006  жылғы  10  қазан. 
2.Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның  идеялық  бірлігінде. 
Алматы: Қазақстан 1993. 
3.Айталы А. Асықпағанның асығы алшысынан түседі. Алматы. Қазақстан – 2003-
56б. 
4.Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы //Бастауыш мектеп, 1986 №9 16-128б. 
5.Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б. 
6.Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. //Бастауыш мектеп, 1992 №2 
7.Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлттық мұраты». Алматы 1996ж. 
8.Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. Ана тілі. Алматы, 1996ж. 
 
УДК 372.4 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИГРЫ В ОБУЧЕНИЯ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ 
 
З.А. Сучкова  

93 
 
Государственный университет имени Шакарима города Семей, студентка группы П-126 
Научный руководитель: Е.Н. Андреева, старший преподаватель кафедры педагогики, 
ГУ имени Шакарима города Семей 
 
Ребёнок  есть  существо  играющее,  его  главной  деятельностью  является  игра,  и 
она  имеет  для  него  большой  смысл.  Игра  -  наиболее  доступный  для  детей  вид 
деятельности  для  ребёнка,  способ  переработки  полученных  из  окружающего  мира 
впечатлений.  Игра  ребёнка  всегда  точно  соответствует  его  развитию,  возрасту  и 
интересам.  В  игре  ярко  проявляются  особенности  мышления  и  воображения  ученика, 
его  эмоциональность,  активность,  развивающаяся  потребность  в  общении.  В  ней 
заложены  элементы,  ведущие  к  появлению  и  совершенствованию  нужных  навыков  и 
умений.  Зачастую  игра  служит  поводом  для  сообщения  новых  знаний  и  расширения 
кругозора.  С  развитием  интереса  к  труду  взрослых,  к  общественной  жизни,  к 
героическим подвигам людей у детей появляются первые мечты о будущей профессии, 
стремлении  подражать  любимым  героям.  Все  это  делает  игру  важным  средством 
создания  адекватных  жизненных  ориентиров  ученика,  которые  начинают 
формироваться именно в дошкольном и младшем школьном возрасте. 
         Актуальность  игры  в  настоящее  время  повышается  и  из-за  перенасыщенности 
современного  школьника  информацией.  Телевидение,  видео,  радио,  компьютерные 
сети за последнее время значительно увеличили поток получаемой детьми информации 
и  её  разнообразии.  Но  все  эти  источники  представляют,  в  основном,  материал  для 
пассивного  восприятия.  Важной  задачей  школы  становится  развитие  умений 
самостоятельной  оценки  и  отбора  получаемой  информации.  Развивать  подобное 
умение  поможет  игра,  которая  служит  своеобразной  практикой  для  использования 
знаний, получаемых на уроке и во внеурочное время.  
           Игра - это естественная форма обучения для ребёнка. Она часть его жизненного 
опыта.  Передавая  знания  по  средствам  игры,  педагог  учитывает  не  только  будущие 
интересы школьника, но и удовлетворяет сегодняшние. Учитель, использующий игру, 
организует учебную деятельность, исходя из естественных потребностей ребёнка. 
 
Обучение  в  начальной  школе  это  сложное,  кризисное  время  для  ребенка.  В 
данном  возрастном  периоде  закладываются  большие  потенциальные  перспективы 
разностороннего  развития  ребенка.  Следовательно,  школа,  как  институт  образования, 
имеет  большую  прерогативу  в  развитии  человека.  Необходимо  дать  как  знания, 
которыми  человек  реально  сможет  пользоваться  в  последующей  жизни,  так  и 
соответствующее  воспитание,  требуемое  от  него  социумом.  В  школьные  годы 
происходит  важный  процесс  становления  личности  ребенка  как  полноправного 
социального члена общества. 
 
И тут важную роль играет участие детей в играх, которые будут способствовать 
развитию их настойчивости, доставлять удовольствие самоутверждения, учить ребенка 
рефлексивным  навыкам,  обучать  умению  сплачиваться  с  коллективом  во  имя  общей 
цели. 
 
Неумение  педагогов  подобрать  соответствующие  формы  и  методы  обучения  с 
большой  вероятностью  приводит  к  снижению  желания  учиться,  появлению  синдрома 
разочарования в школе, у многих учеников с каждым классом падает мотивация учения 
своей  личности.  Необходимо  обстоятельное  рассмотрение  ресурсов  детской  игры  и 
изучение условий, позволяющих ей максимально эффективно и всесторонне развивать 
ребенка. Игре присущи дидактическая, воспитательная, развивающая, диагностическая 
функции.  Эти  функции  необходимо  должны  быть  осознаны  и  освоены  педагогами  в 
начальной  школе  во  избежание  бессистемного  и  некорректного  включения  игры  в 
педагогический процесс. 

94 
 
 
Таким  образом,  одной  из  важнейших  задач  педагога  является  умение  так 
простроить  игры,  чтобы  они  способствовали  развитию  познавательных  процессов 
младших школьников. 
 
Игра в начальном звене является средством познания окружающего мира и себя 
в  нем,  осознание  детьми  цели  своей  деятельности,  опредмечивания  абстрактных 
понятий,  развития  творческого  воображения  и  способностей,  установлениях 
человечных отношений. 
 
Игра помогает развивать воображение и творческие способности ребенка. Играя, 
ребенок  формирует  духовную  культуру,  в  процессе  игровой  деятельности 
закладываются основы мировоззрения ребенка, его отношение к реальному миру [1, c. 
90]. 
 
Великий  чешский  педагог  Я.А.Коменский  считал  игру  необходимой  формой 
деятельности  ребенка,  отвечающей  его  природе  и  склонностям:  игра  –  серьезная 
умственная  деятельность,  в  которой  развиваются  все  виды  способностей  ребенка;  в 
игре  расширяется  и  обогащается  круг  представлений  об  окружающем  мире, 
развивается речь; в совместных играх ребенок сближается со сверстниками [2, с. 100]. 
Игра  для  ребенка,  особенно  в  младшем  школьном  возрасте,  обладает  еще  и 
исследовательским  содержанием,  позволяющим  моделировать  все  то,  что  существует 
вне  игры.  Именно  через  игру  ребенок  быстрее  знакомится  с  правилами  и  нормами 
общения с окружающими. 
 
"Игра дело серьезное", - утверждает доктор педагогических наук С.А. Шмаков, 
один  из  самых  больших  знатоков  игры  и  игрового  взаимодействия.  Поиск 
педагогических  ситуаций,  в  которых  может  быть  реализовано  стремление  ребёнка  к 
активной  познавательной  деятельности  является  главной  задачей  педагога.  Для  этого 
необходимо  постоянное  совершенствование  процесса  обучения,  которое  позволит 
детям более эффективно и качественно усваивать программный материал. Важнейшим 
элементом этого совершенствования является введение и развитие игровых методов в 
процессе обучения [3, с. 178], 
 
Важная  задача  игры:  дать  возможность  каждому  ребенку  самовыразиться, 
самореализоваться, как в процессе обучения, так и во внеурочной деятельности. 
Почему  игра  так  нравится  детям?  Потому  что  игра  дарит  радость  и  восторг,  сам 
процесс  игры  полон  неожиданностей,  а  результат  -  тайна.  Но,  кроме  субъективного 
восприятия,  проявляется,  безусловно,  глубинное  влияние  игры  на  человека,  на 
основные  сферы  его  жизнедеятельности:  физическую,  эмоционально-волевую, 
интеллектуальную и духовную (ценностно-смысловую) [1, c.114]. 
 
Важной  предпосылкой  успешного  обучения  младших  школьников  является 
заинтересованность,  вообще,  проблема  заинтересованности  -  это  проблема,  всей 
педагогики.  Основные  пути  повышения  эффективности  обучения  и  воспитания  - 
взаимодействие процессов развития мышления ребенка и формирования в нем знаний и 
навыков. 
 
Обучение  младших  школьников  должно  быть  интересным,  радостным,  но  в  то 
же время должно обеспечивать глубокое усвоение учебного материала. Задача учителя 
начальных  классов  не  только  обучать,  но  и  пробудить  у  детей  эмоциональное 
удовлетворение, радость от полученных знаний и к самому процессу их усвоения. 
 
Использование  игр  на  уроках  способствует  позитивному  отношению  к 
обучению,  требует  от  ребенка  сообразительности,  внимания,  учит  выдержке, 
вырабатывает  умение  быстро  ориентироваться  и  находить  правильное  решение  [4, 
c.23]. 
Проведение  игр  с  детьми  и  умелое  руководство  ими  на  уроках  требует  большого 
мастерства от учителя. Перед проведением игр необходимо доступно изложить сюжет, 

95 
 
распределить  роли,  поставить  перед  детьми  познавательную  задачу,  подготовить 
необходимое  оборудование  и  тому  подобное.  В  игре  должен  участвовать  каждый 
ученик класса [5, c.14]. 
         «Игра  не  противостоит  традиционному  типу  обучения,  не  противоречит 
современным  педагогическим  теориям  и  в  будущем  может  стать  одной  из  форм 
интегрированного  обучения,  в  котором  должны  объединиться  все  типы  обучения,  все 
лучшее, что было, есть и будет в теории и технологии обучения» [9, с. 38]. 
 
Объясняя  правила  игры,  следует  добиваться,  чтобы  дети  самостоятельно 
чувствовали  ее  значение,  проявляли  инициативу,  руководствовались  предыдущими 
объяснениями учителя, не дожидаясь дополнительных указаний. Существенен здесь и 
темп игровой деятельности. Если он слишком быстрый, ученики не успевают подумать, 
поэтому  дают  неправильные  ответы.  Однако  и  замедленный  темп  вредит,  потому  что 
снижает интерес школьников. 
 
Чтобы  и  сама  игра  не  надоела,  через  некоторое  время  нужно  вносить  в  нее 
некоторые  изменения, 
усложнять  задачу, 
учитывая 
усвоенный  материал, 
индивидуальные  особенности  младших  школьников.  В  большинстве  игр  на  уроках 
нужно  вносить  элементы  состязательности,  что  также  повышает  познавательную 
активность детей в процессе обучения [6, c.57]. 
 
Главная  задача  педагога  заключается  в  том,  чтобы  в  мире  игры  через 
установление  эмпатии  учителя  и  ученика  открыть  детям  игры  духовные  богатства 
окружающего  мира.  В  случаях  сходства  поведенческих  и  эмоциональных  реакций 
субъектов  игры,  роли,  принимаемые  взрослым  в  играх  детей,  реализуются  проще. 
Таким образом, единственным педагогически грамотным статусом любого взрослого в 
детской игре может являться только статус партнёра. Педагог должен являться прямым 
или  косвенным  участником  по  отношению  к  играющим  -  детям.  Игра  компенсирует 
пассивность ученика в остальных общепринятых формах обучающего взаимодействия, 
выводит на истинное сотрудничество, партнёрство. 
         При  использовании  игр  на  уроках  целесообразно  придерживаться  следующих 
требований: 

 
игра по содержанию должна совпадать с учебным материалом; 

 
содержание игры должно быть посильным для каждого ребенка; 

 
дидактический материал по способу изготовления и использования должен быть 
простым; 

 
правила игры - простые и четко сформулированы; 

 
игра будет интересной, если в ней принимают участие все дети; 

 
итог игры - четкий, справедливый [7, c.115]. 
       Психологами  доказано,  что  обычные  младшие  школьники  вполне  способны,  при 
условии адекватных методов обучения, усваивать и более сложный материал, чем тот, 
который  дается по действующей программе обучения. Для этого необходимо научить 
детей  учиться,  не  тратя  лишних  физических  усилий,  быть  максимально 
сосредоточенными, внимательными и усидчивыми. Вот почему необходимо вызывать и 
поддерживать  постоянный  интерес  у  учащихся.  Большое  значение  в  учебно-
воспитательном процессе младших школьников играет внимание. Процесс обучения во 
многом зависит от того, насколько долго педагог сможет удерживать внимание детской 
аудитории.  Для  этого могут  быть  применены  и применяются  многие  методы.  Многие 
из  них  во  многом  педагогически  неадекватны,  а  многие  недостаточно  эффективны. 
Метод игры выделятся из всех методов сосредоточения детского внимания как самый 
гуманный,  естественный  для  ребёнка  и  увлекательный  как  для  учащихся,  так  и  для 
педагога.  В  играх  младшие  школьники  учатся  подчинять  свое  поведения  правилам, 

96 
 
формируются  их  движения,  внимание,  умение  сосредоточиться.  В  процессе  игры 
развиваются способности, которые необходимы для успешного обучения в школе. 
В  процессе  игры  обучение  происходит  незаметно  для  учащихся.  Ведь  для  них  игра  - 
естественная среда, где они максимально активируют свои внутренние ресурсы. В игре 
формирование  личности  ученика  и  продвижение  его  в  развитии  осуществляется  не 
через  восприятие  готового  знания,  а  через  его  собственную  деятельность, 
направленную на активное открытие им нового знания. 
 
С.Л.  Рубинштейн  писал:  «Игра  человека  –  порождение  деятельности, 
посредством  которой  человек  преобразует  действительность  и  изменяет  мир.  Суть 
человеческой  игры  –  в  способности,  отображая,  преображать  действительность…  В 
игре впервые формируется и проявляется потребность ребенка воздействовать на мир – 
в этом основное, центральное и самое общее значение игры» [8, с. 486]. 
 
          Таким  образом,  использование  игр  на  уроках  становится  важным  средством  в 
формировании  чувства  коллективизма,  умении  самостоятельно  принимать  решения, 
развитии интереса к изучению предмета. 
           Игра  по  своей  сути  многофункциональна,  она  способствует  воспитанию 
гармонично развитой личности. 
            Игровой метод включения школьника в деятельность предполагает личностный 
подход, когда педагог ориентирован на личностный подход в целом, а не только на его 
функции как ученика. 
           Учитывая  психологические  особенности  учащихся  начальной школы,  приходим 
к  выводу,  что  проведение  уроков  с  применением  игровых  методов  активизирует 
школьников,  способствует  достижению  высокой  результативности  занятий  и 
способствует  повышению  заинтересованности  учащихся  к  обучению.  При 
использовании  игровых  методов  у  учеников  появляется  желание  соревноваться, 
появляется  любознательность,  стремление  знать  и  уметь  больше  других.  Все  это 
способствует  лучшему  запоминанию  и  практическому  применению  того  материала, 
который используется при выполнении игровых упражнений. 
 
Литература 
1.  Горышева  В.  Игра  -  это  отражение  жизни.  Методические  указания.  -  Новосибирск: 
Научно-учебный центр НГУ, 2010. - 47 с. 
2. Коломенских Я. Л. Детская психология. / Я. Л. Коломенских, Е. А. Панько. - Минск, 
Университетское, 1988, - 223с. 
3. Шмаков С.А. Игры учащихся - феномен культуры. - М.: Новая школа - 2004 (1994). - 
178с. 
4. Газман О.С. О понятии детской игры // Игра в педагогическом процессе. Межвуз. Сб. 
научных трудов. - Новосибирск: НГПИ, 2009. - С. 3 - 10. 
5.  Коджаспирова  Г.М.,  Коджаспиров  А.Ю.  Словарь  по  педагогике.  Москва:  ИКД 
«МарТ»; Ростов н/Д: Издательство центр «МарТ», 2009. 106 с. 
6. Немов Р.С. Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений,  - М.: Гуманит. 
Изд. центр ВЛАДОС, 2009. - Кн.2: Психология образования. - 608 с. 
7. Рыдзе О. А., Степанова О.А. Дидактические игры в начальной школе.  - М.: Сфера. 
2013.-140с. 
 
 
ӘОЖ 37.035.6 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ 
 
Х.Р. Саукенов  

97 
 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, «Педагогика және 
психология» мамандығының 2 курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: Ж.Г. Жакиянова, Семей қаласының Қазақстан инновациялық 
университеті, педагогика, психология және дизайн кафедрасының оқытушысы, PhD  
 
Жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық  сезім  өз-өзінен  қалыптаспайды,  ол  оқу-
тәрбие  үдерісінде  мемлекеттік  саясат  негізінде  жүргізілуі  керектігін  бүгінгі  заманның 
өзі  талап  етіп  отыр.    Білім  беру  мен  тәрбиенің  негізгі  міндеті  –  өз  елінің  азаматын, 
патриотын  тәрбиелеу.    Қазақстан  студенттерін  патриотизмге  тәрбиелеудің  өткені  мен 
дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдіс-тәсілі мен формаларының 
сан  алуан  болғанына  және  оларды  бүгінгі  күн  жағдайына  бейімдеп,  қолданудың 
мүмкіндігі  мол  екендігіне  көзіміз  жетті.    Оның  мазмұны  Кеңес  дәуірінде  сол  кездегі 
идеологияға  қызмет  еткендіктен,  сыңаржақты  болғандығы  да  айқындала  түседі. 
Өйткені онда ұлттық патриотизм ескерілмей қалған.  Сол себепті «ұлттық патриотизм», 
«ұлттық сана» деген аса маңызды ұғымдар көп жағдайда зерделенбеген.   
Ұлттық  патриотизмді  қалыптастыруда  салт-дәстүрлердің  атқаратын  орны 
ерекше.  Ұлттық  патриотизм  дегеніміз  ең  алдымен  өз  халқының  ана  тілін,  тарихын, 
рухани-мәдени, ұлттық құндылықтарын дәріптей білу деген сөз. Ұлттық патриотизм өз 
ұлтымызды  ұлықтауға  бағытталып,  ілгеріде  жүргізілген  кереғар  саясаттың  кесірінен 
ұмытылып қалған дәстүрлерді жаңғырта түседі.   
Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған 
қазақ  едім,  енді  қорқынышым  көбейіп  жүр.  Біріншісі,  балаларын  бесікке  бөлемеген, 
бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан 
қорқамын.  Үшінші,  дәмді,  дәстүрді  сыйламайтын  балалар  өсіп  келеді,  содан 
қорқамын»,-деген еді. Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің 
құдыретіне  тәнті  болып  өсетін  баланың  тәрбиеленуіне,  ертегіні  құмартатын,  оның 
қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл 
мен қыздың өсуіне тірек болатын ұлттық сана, ұлттық рухты қалыптастыру қажет.   
Халқымыз жастарға патриоттық тәрбие беруге өте ерте бастан мән берген.  Ата-
бабаларымыз  баланы  ат  жалын  тартып  мінуге  жараған  кезден-ақ  намысты  қолдан 
бермеуге,  елін,  жерін  қорғауға  дайындаған.    Оны  Қазыбек  би  өз  сөзінде  былай 
келтіреді:  «Біз  қазақ  деген  мал  баққан  елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай,  жай  жатқан 
елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға 
үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.  
Досымызды  сақтай  білген  елміз,  дәмі-тұзын  ақтай  білген  елміз»  дей  отырып,  қазақ 
халқының  өз  елін,  жерін  қорғаудағы  қажырлығын,  жанын  аямайтын  патриоттығын, 
тәкаппарлығын  көрсетеді.    Олай  болса,  біз  жастарға  осындай  ұлағатты  сөздерді 
санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын сыйлауға, Отанын сүюге, өз 
еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт береміз.  
Ұлттық  патриотизм  дегеніміз  қанмен,  текпен  туа  бітетін,  тәлім-тәрбие  арқылы 
өсіп  жетілетін  ұлттық  сипаттағы  саналы  іс-әрекет  пен  мінез-құлық.    Ұлттық 
патриотизмсіз  ұлтты  сақтап  қалу  мүмкін  емес,  ал  ұлт  болмаған  жерде  мемлекеттік 
деген ұғым да жойылады.   
Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын  Мұхтар  Шахановтың  «Халықта  ең  бірінші 
ұлттық  рух  болу  керек»,  -  деген  сөзі  өте  орынды  айтылған.    Қазір  әлемдік  аралас-
құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүниежүзі халықтары өздерінің 
ұлттық  төлтумалығын  сақтап  қалуға  және  отаншылдық  сезімдерін  шыңдай  түсуге 
айрықша көңіл бөлуде.   
Қазіргі  таңда  тарихшы  ғалымдар  мен  саясаткерлер  «ұлттық  патриотизм», 
«Қазақстандық  патриотизм»  терминдерінің  төңірегінде  сөз  қозғап  жүр.  Қазақстандық 

98 
 
патриотизм  деген  терминнің  кейінгі  уақыттарда  пайда  болғаны  белгілі.    Бұл  ұғым 
Қазақстанның егеменді ел болуына қатысты туындады.   
Қазақстандық  патриотизм  ол  тек  қазақтардың  ғана  өз  Отанына  сүйіспеншілігі 
емес,  онда  мекендеген  бүкіл  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  бәріне  қатысты  дүние.  Алайда 
ешкімді елін, Отанын зорлықпен күштеп не үгіттеп сүйгізе алмайсың. Бұл сезім әркімде 
әр  кезеңде  оянып,  кейін  кәмелетке  келгенде  біржола  буыны  қатып,  тәжірибемен, 
уақытпен,  қоршаған  ортаның  ықпалымен  қалыптасады.  Қазақстандық  патриотизм  – 
Қазақстан  азаматының  өзін  осы  елдің  төл  баласы,  нағыз  азаматы  ретінде  сезінгенде, 
Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептегенде ғана қалыптасады. Қазақстандық 
патриотизмнің  қалыптасуына  мемлекетке  атын  беріп  отырған  қазақ  халқының 
бойындағы  ұлттық  патриоттық  қасиеттердің  ықпалы  болатыны  анық.    Яғни 
Қазақстандық патриотизм ұлттық патриотизм негізінде қалыптасады.   
Қазақстандық  патриотизм  –  мемлекеттік  патриотизм  идеясы.    Қазақстан 
мемлекетін  құрушы  ұлт  ретінде  қазақ  халқы  Қазақстандағы  барлық  ұлт  пен  ұлыс 
өкілдерінің ұйытқысына айналып, жасампаздыққа бастаушының міндетін атқаруға тиіс. 
2009 жылы өткен Қазақстан халықтарының ассамблеясының 14 сессиясында сөйлеген 
сөзінде  Елбасы  Н.Назарбаев  жалпы  ұлттық  келісімнің  5  қағидасының  бірі  ретінде 
«қазақ  ұлтының  үйлестіруші  рөлін»  тұжырымдады.  Осылайша  Қазақстан 
патриотизмінің  басты  критерийі  –  еліміздің  игілігіне  арналған  өнімді  және 
шығармашылық еңбек екенін айтты.  
Қай  елді  патриоттық  тәрбие  жоғары  болса,  сол  елде  саяси  тұрақтылық  пен 
экономиканың  дамуы  өрістейтіні  белгілі.    Сол  себепті  патриотизмді  қалыптастыру  - 
мемлекеттік  міндет.  Мемлекет  тарапынан  патриотизмді  дамыту  бағытында  келелі 
шаралар атқарылып келеді. 
Елбасы  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  - 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауындаоқыту 
үдерісінің  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  қажеттігін  атап  көрсетті.  «Олар  – 
патриотизм,  мораль  мен  парасаттылық  нормалары,  ұлтаралық  келісім  мен 
толеранттылық,  тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заңға  мойынсынушылық»,  -  деді 
Елбасымыз.  
Патриоттық  тәрбие  саласында  зерттеулер  ұйымдастырылып,  олардың  нәтижесі 
практикалық  қызметте  пайдаланылады,  азаматтың  тұлғасын  қалыптастыру  және 
дамыту  проблемалары  бойынша  әдістемелік  ұсынымдамалар  әзірленеді  делінген. 
Патриоттық  тәрбие  мазмұнын  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  саласындағы 
маңызды  жетістіктер  негізінде  мәдени-тарихи  рухани-адамгершілік,  идеологиялық 
және басқа құрауыштарды қосу арқылы байыту көзделген.   
Жалпы  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  тәрбиенің  үздіксіздігі  мен 
бірізділігін  қамтамасыз  етуде  бұл  жоспардың  көп  көмегі  болатындығы  анық.  
Патриоттық  тәрбие  беруге  байланысты  мазмұны  жүйеленген,  зерделенген 
нұсқаулықтар, әдістемелік құралдар болса, ұстаздар қауымына бағыт-бағдар болар еді.  
Патриоттық  тәрбие  беру  мәселесінде  әсіресе  жас  мамандарға  жоғарыда  айтылғандай 
«Ұлттық  патриотизм»  не  «Қазақстандық  патриотизм»  деген  сыңаржақты  пікірді 
ұстануға болмайтындығын түсіндіру қажет. Бәріміз де өз еліміздің патриотымыз. Әйтсе 
де  таза  біржақты  тәрбие  –  ұлтаралық  араздыққа  соқтыруы  мүмкін.  Біреулер  «ұлттық 
нақыштар  сол  күйінде  болса  екен»  десе,  ал  біреулер  «ұлттық  тәрбие  қазіргі  өмірмен 
байланысты болса екен» дейді.   
Б.  Жұмағұлов  мырзаның  бұл  сөздері  Қазақстандық  патриотизмнің  ұлттық 
патриотизм  негізінде  қалыптасатындығын  көрсетіп  отырғандай.    Сол  себепті  «ұлттық 
патриотизм»  және  «Қазақстандық  патриотизм»  деп  аражігін  ажыратудың  қажеті  жоқ 
тәрізді.   

99 
 
Қазіргі  уақыт  талабы  педагогтарымыздың  өз  пәнінің  білгірі  ғана  емес,  тәрбие 
жұмысының сан алуан қырын меңгеруді қажет етеді.  Тәрбие үрдісін ұйымдастырудың 
таңдаулы  тәжірибелерін  зерттеу,  зерделеу,  анықтау  және  кең  тарату  сияқты 
жұмыстарды жетілдірілу қажет.   
Қорыта айтқанда, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қай кезде де 
өзектілігін жоғалтпайтыны анық. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге 
үндеп,  ұлттық  салт-дәстүрмен  сусындатуды  мұрат  тұтқан.    Сол  рухани  үндеу  бүгінгі 
күнге  жеткізді.    Жаңа  ғасырдың  белесіне  аяқ  басқан  Тәуелсіз  Қазақ  елінің  нағыз 
патриоттарын тәрбиелеу педагог мамандардың  жауапкершілігін арттыра түседі.   
 
Әдебиет 
1.
 
Мұрагер Сералы «Отан сүю – туған ел мен жерге деген махаббат», Қазақ газеттері, 
2011 жыл 9 маусым. 
2.
 
Қазақтың би-шешендері.  Алматы 1993 
3.
 
«Әлеуметтік экономикалық жаңғырту  – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 27 қаңтар.  
4.
 
Жалпы ұлттық жоспар, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы 261 Жарлығымен 
бекітілген.   
5.
 
 «Барлық  білім  беру  ұйымдарында  оқыту  процесінің  тәрбиелік  құрамдасын 
күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары», 2012 жыл  
ӘОЖ 372.4:371.13 
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ 
 
Н.Қ. Совет 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-305 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Н.У. Серикова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университеті, педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 
 
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту 
уақыты  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,жаңа  инновациялық  педагогикалық 
технологияны 
игерген,психологиялық-педагогикалық 
диагностиканы 
қабылдай 
алатын,педагогикалық  жұмыста  және  нақты  тәжірбиелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік 
даңғыл 
жол 
салуға 
икемді,шығармашыл 
педагог-зерттеуші,ойшыл,бәсекеге 
қабілетті,кәсіби құзіретті бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді. 
Бастауышта білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған мәселелер: 
• білім сапасының төмендігі; 
•  білім  сапасына  мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оқудың 
нәтижесінің болмауы; 
• директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен,оның мардымсыздығы; 
• бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу дағдысының болмауы; 
•  бастауыш  сынып  оқушыларының  және  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы; 
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы-оқу-тәрбие  үдерісінде  жаңа  
инновациялық  әдіс-тәсілдерді  енгізу,бастауыш  сынып  оқушыларының  білімге  деген 
қызығушылығын,талпынысын  арттырып,өз  бетімен  ізденуге,шығармашылық  еңбек 
етуге жол салу.[2] 

100 
 
Қазіргі  бастауыш  мектептерде  мақсаттар  біршама  өзгертілді-идеологизация 
жойылды,жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды,өнегелі тәрбие 
үлгісі  өзгертілді,бірақ  негізгі  мақстаттардың  міндеті  алдын  ала  жоспарланған  сапалы 
білім алу стандарттары сол күйінде қалды. 
Дәстүрлі  технологиямен  оқытатын  бастауыш  мектептердің  алдында  қазіргі 
ғылыми-техникалық  прогрестің  жағдайында  жаңа  әлеуметтік  талаптарға,бастауыш 
сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен 
әдістерін жетілдіріп,оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды. 
Бастауыш  мектепте  оқытудың  мазмұнында  ғылымның  соңғы  табыстарына  сай 
теориялық материал көлемін артуы,оқытудың дамып келе жатқан саласында бастауыш 
сынып  оқушыларының  танымдық  дарыны  мен  қабілеттілігін  жетлдіруге  баса  назар 
аударылуы  қазіргі  педагогикалық  технологияны  обьективті  қажеттілік  тұрғысынан 
зерттеп-тануды талап етеді. 
Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты-бір ғана  міндетті нәтижеге жету емес,ол 
өмір теңізінде жақсы бағдарлай алатын,өзіндік көзқарасы бар,жан-жақты дамыған жеке 
тұлғаны қалыптастыру. 
Сондықтан әрбір кәсіби құзіретті бастауыш сынып мүғалімі алдындағы ұстаздық 
және 
адамдық 
мақсаты:бастауыш 
сынып 
оқушысының 
еркін,шығармашыл,жауапкершілігі  мол  жеке  тұлға  етіп  қалыптасуына  жағдай 
жасау.Бұл мақсатқа жету үшін түрліше жаңа әдістемелермен тәсілдерді қолдануға тура 
келді.Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы 
жүзеге  асырылуы  мүмкін.Соңғы  жылдары  М.Жанпейісованың  «Оқытудың  модульдік 
технологиясы-оқушының  дамыту  құралы»  әдісін  және  В.М.Манаховтың,Дьяченконың 
оқытудың  ұжымдық  тәсілі,сондай-ақ  профессор  Ж.Қараевтың  оқытуды  дербестендіру 
мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген технологиясын кеңінен қолдану қажет.[7] 
Кәсіби  құзіретті  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  алдына  қойылып  отырған 
міндеттердің бірі-бастауыш мектепте оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру 
және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.Қазіргі таңда бастауыш 
сынып мұғалімдері  инновациялық  және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында 
пайдалана отырып,сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. [1] 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндеттті  білім  беру 
стандартында  болашақ  маманның  кәсіби,  әлеуметтік-психологиялық,  педагогикалық 
мәдениет  және  өзін-өзі  дамыту  кұзырлықтарын  игеруі,  өзгермелі  жағдайда  нақты 
кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған потенциалдық мүмкіндіктерін ашу және кәсіби 
кұзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. 
Қазіргі  танда  қалыптасып  қалған  білім,  білік,  дағдыға  негізделген  білім 
нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалык қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы 
қайшылықтар  айқын  байқалуда.  Өйткені,  заман  талабы  болашақ  мамандардың 
кұзыреттілік сапаларын коғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр. 
Мысалы,  білім  -  қоғамды  әлеуметтік,  мәдени  үрдіспен  қамтамасыз    ететін 
жоғары  құндылық.  Осы  жоғары  құндылық  сапасын  көтерудің  басты  шарты 
педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін  дамыту  болып  табылады.  Олай  болса,  білімге 
негізделген  қоғам  құрылысының  негізгі  басымдықтарын  есепке  ала  отырып,  болашақ 
мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі. Еуропалық білім кеңістінде 
коғамға  қажеттік,  ұтқырлық,  өзара  сенім  білдірудің  ең  басты  шарты  алынып,  сапа 
көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда. Құзыреттіліктің заман талабына 
сай  кез  келген  саланың  маманы  болуға  мүмкіндік  беретін  басты  екі  түрі    белгіленіп 
отыр.  Атап  айтқанда,  «пәндік»  құзыреттілікке  белгілі  бір  пәнді  меңгеруге  (ұстаздар 
үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім меи білік жатқызылса, «пәннен 
жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі 

101 
 
дамытуға  бағытталган  ақпараттық,  коммуникативтік,  бірлесе  жұмыс  жасай  алу 
қабілеттері,  өз  әрекеттерін  басқару  дағдылары  сияқты  касиеттері  жатқызылады.  Ал 
біздің қарастырып отырганымыз, болашақ кәсіби құзіретті бастауыш сынып мұғалімін 
қалыптастыру.[4] 
Сластенин В.А. тұлғаның кәсіби педагогикалық бағыттылығын құзыреттілігінің 
белгісі деп санаған. Оның ойынша құзыретгілікке мыналар жатады: 

тұлғаның  танымдық  кәсіби-педагогикалық  бағытын  анықтайтын 
қасиеттері; 

оның психологиялық дайындығын талап ету; 

арнайы дайындығы көлемі мен құрамы; 

мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны. 
Н.Г.  Милорадованың  айтуынша  білім  беру  жүйесінде  құзыретілікті  тудыратын 
төрт негіз бар: біріншісі - кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі-іс-әрекет негізіндегі 
құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік карым-қатынас құзіреттілігі және төртіншісі - жеке 
тұлға негізіндегі кұзыреттіліктер. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  кәсіби  құзыретгілігін  қалыптастыруға 
қатысты  теориялық  әдебиеттер  мен  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  
дайындаудың  нақты  тәжірибесін  талдай  отырьш,  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 
қүзыреттілігін  калыптастыру  жоғары  оқу  орындарында  жүзеге  асырудың  қажеттігі 
екендігі  анықталды.  Қазіргі  кезеңде  білім  берудің  теориялық  және  технологиялық 
негізін  жасаудың  өнімді  жолдары  жасалынды.  Бұл  мәселені  шешудің  бір  жағы 
мүғалімнің  құзыреттілігіне  де  байланысты.  Ал  А.К.Маркова  болашақ  мұғалімнің 
күзыреттілігіне мыналарды жатқызады: 

кәсіби-педагогикалық білім; 

кәсіби-педагогикалық шеберлік; 

кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивациялық аймағы; 

кәсіби-педагогикалық 
позициялары 
(тұрақты 
қатынас 
жүйесі, 
оқушыға,өзіне, әріптестеріне оның әрекетін анықгайіындай болуы). 
Біз болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін жан-жақты және 
өзара бір-бірімен байланысты үш компонентттен құралғандығын айтуымыз керек.Олар: 
-кәсіби білім; 
-кәсіби шеберлік; 
-педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер.[6] 
Ұстаздың  жан-жақтылығы,  үнемі  ізденіс  пен  шығармашылық  жолындағы 
талабының  болуы  шәкірт  жүрегіне  бірден-бір  жол  салады.  Ондай  ұстаздан 
шығармашыл,кәсіби құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. 
Кәсіби құзіретті маман – бұл пәндік білім жүйесінің, іскерлік пен дағдының, кез-
келген  ғылыми  білім  сапасын  меңгерген  маман  ғана  емес,  оқыту  технологиясының 
жүйесімен,  оқушылардың  өмірге  дағдыландыру  құзырлығын  айқындау  бағытындағы 
әдіс – тәсілдермен қаруланған жаңаша мұғалімі. 
Сондықтан,кәсіби құзіретті бастауыш сынып мұғалімінің өз кәсіби қызметтерін 
шығармашылықпен  атқаруына  әр  деңгейдегі  әдістемелік  жұмыстарды  иновациялық 
бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы кәсіби құзіретті 
бастауыш  сынып  мұғалімі  өзінің  білімін,  жалпы  дүниетанымын  кәсіби  және 
әдіснамалық  деңгейін  жоғарлатады,  психологиялық  –  педогогикалық  сонымен  қатар 
әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды 
құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар 
арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық 
машығының  дамуына  жол  ашады.Демек,кәсіби  құзіретті  бастауыш  сынып  мұғалімі-
пәндік  білім  жүйесінің,  іскерлік  пен  дағдының,  кез-келген  ғылыми  білім  сапасын 

102 
 
меңгерген  маман  және  оқыту  технологиясының  жүйесімен,  оқушылардың  өмірге 
дағдыландыру  құзырлығын  айқындау  бағытындағы  әдіс  –  тәсілдермен  қаруланған 
жаңаша мұғалім.[3] 
 
Әдебиет 
1. 
Молбосынова  Ж.  М.  Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  кәсіби 
құзіреттілігін  қалыптастыру.  Ж.  М.  Молбосынова//Ізденіс-К...  гумманитарлық 
ғылымдар сериясы. 2012-№2 б.186-190 
2. 
Умурзакова Р. Г. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігін арттыру 
жолдары  /  Р.  Г.  Умурзакова  //Педагогика  мәселелері.  Вопросы  педагогики.  2013-№3 
Б.32-34 
3. 
Койшыбаев  М.  Н.  Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімінің  кәсіби  –  дидактикалық  құзіреттілігінің  қалыптастыруының  теориялық 
принциптері  /  М.  Н.  Койшыбаев  //Білім  әлемінде.  В  мире  образавания/  a  the  wored  of 
Education – 2014 - №6 Б. 16 - 18  
4. 
Хайруллина  А.  12  жылдық  білім  берудің  бастуыш  деңгейінде 
құзіреттілігіне  бағытталған  оқу  тапсырмаларын  қолдандырудың  тиімділігі  /А. 
Хайруллина // Ізденіс – П... Гуманитарлық әлемдер сериясы – 2008 №2 Б. 228 – 230  
5. 
Жанбөбекова  М.  Қазіргі  бастауыш  мектеп  мұғалімін  даярлаудың 
педагогикалық  негіздері//  Қазақстан  жоғары  мектебі.  –  Высшая  школа  Казахстана  – 
2010  
6. 
Р. Қ. Дүйсембінова.Кәсіби педагогика //Алматы – 2012 
7. 
Ф.  Б.  Бөрібекова,  Н.  Ж.  Жәнәтбекова.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар // Алматы – 2014 
 
 
УДК 374:004 
РОЛЬ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В 
ОБУЧЕНИИ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ 
 
К.С.Чумажанова 
Государственный университет имени Шакарима города Семей, студентка группы 
П-126 
Научный руководитель: А.В. Рахымбердиева – магистр педагогических наук, 
старший преподаватель кафедры педагогики, Государственный университет имени 
Шакарима города Семей  
 
Использование  ИКТ  в  учебном  процессе  предполагает  повышение  качества 
образования,  т.  е.  решение  одной  из  насущных  проблем  для  современного  общества. 
Стремительное  развитие  информационных  и  коммуникативных  технологий  является 
одним  из  факторов,  определяющий  вектор  развития  мирового  сообщества  XXI  века. 
Цивилизация  неуклонно  движется  к  построению  информационного  общества,  где 
решающую роль играют информация и научные знания.  
Современное  информационное  общество  ставит  перед  всеми  типами  учебных 
заведений  и  прежде  всего  перед  школой  задачу  подготовки  выпускников,  способных: 
гибко  адаптироваться  в  меняющихся  жизненных  ситуациях,  самостоятельно 
критически  мыслить;  грамотно  работать  с  информацией;  быть  коммуникабельными, 
контактными  в  различных  социальных  группах;  самостоятельно  работать  над 
развитием собственной нравственности, интеллекта, культурного уровня. [1, с. 5] 

103 
 
Детство – это прекрасная пора, когда ребёнок, впервые, переступает порог школы, 
попадает  в  мир  знаний,  где  ему  предстоит  открывать  много  неизвестного,  искать 
оригинальные, нестандартные решения в различных видах деятельности. 
В  начальной  школе  невозможно  провести  урок  без  привлечения  средств 
наглядности, часто возникают проблемы. Где найти нужный материал и как лучше его 
продемонстрировать? На помощь пришёл компьютер. За последние 10 лет произошло 
коренное  изменение  роли  и  места  персональных  компьютеров  и  информационных 
технологий  в  жизни  общества.  Владение  информационными  технологиями  ставится  в 
современном  мире  в  один  ряд  с  такими  качествами,  как  умение  читать  и  писать. 
Человек,  умело, эффективно владеющий технологиями и информацией, имеет другой, 
новый  стиль  мышления,  принципиально  иначе  подходит  к  оценке  возникшей 
проблемы, к организации своей деятельности. [2, с. 7-8] 
Уроки с использованием ИКТ особенно актуальны в начальной школе. Ученики 
1-4  классов  имеют  наглядно-образное  мышление,  поэтому  очень  важно  строить  их 
обучение,  применяя  как  можно  больше  качественного  иллюстративного  материала, 
вовлекая  в  процесс  восприятия  нового  не  только  зрение,  но  и  слух,  эмоции, 
воображение.  Здесь,  как  нельзя,  кстати,  приходится  яркость  и  занимательность 
компьютерных слайдов, анимации. [3, с. 65] 
Процесс  организации  обучения  школьников  с  использованием  информационных 
технологий  позволяет  сделать  этот  процесс  интересным,  с  одной  стороны,  за  счет 
новизны  и  необычности  такой  формы  работы  для  учащихся,  а  с  другой,  сделать  его 
увлекательным  и  ярким,  разнообразным  по  форме  за  счет  использования 
мультимедийных  возможностей  современных  компьютеров;  эффективно  решать 
проблему  наглядности  обучения,  расширить  возможности  визуализации  учебного 
материала, делая его более понятным и доступным для учащихся. 
Применение новых и новейших информационных средств приводит к появлению 
в  педагогике  новых  понятий.  Когда  компьютеры  стали  использоваться  в  образовании 
появился  термин  «информационно-  коммуникационные  технологии»  (ИКТ). 
Формирование  информационной  культуры  в  школе  происходит,  прежде  всего,  с 
помощью  и  при  посредстве  средств  ИКТ.  Как  показывает  практика,  без  новых 
информационных  технологий  уже  невозможно  представить  себе  современную  школу. 
Очевидно,  что  в  ближайшие  десятилетия  роль  персональных  компьютеров  будет 
возрастать  и  в  соответствии  с  этим,  будут  возрастать  требования  к  компьютерной 
грамотности  обучающихся  начального  звена.  Использование  ИКТ  на  уроках  в 
начальной  школе  помогает  учащимся  ориентироваться  в  информационных  потоках 
окружающего  мира,  овладеть  практическими  способами  работы  с  информацией
развивать умения, позволяющие обмениваться информацией с помощью современных 
технических средств. [4, с. 25] 
Компьютер  позволяет  усилить  мотивацию  учения  путем  активного  диалога 
ученика  с  компьютером,  разнообразием  и  красочностью  информации  (текст  +  звук  + 
видео + цвет), путем ориентации  учения на  успех (позволяет довести решение любой 
задачи, опираясь на  необходимую помощь), используя игровой фон общения человека 
с  машиной  и,  что  немаловажно,  выдержкой,  спокойствием  и  «дружественностью» 
машины по отношению к ученику. 
Кроме перечисленного, имеет большое значение тот факт, что в процессе работы 
ученика  и  учителя  с  использованием  компьютерных  технологий,  ученик,  во-первых, 
постепенно  входит  в  реальный  мир  взрослых,  производственную  деятельность 
современного  человека;  во-вторых,  повсеместное  внедрение  в  жизнь  современного 
человека  ИКТ  ставит  учителя  перед  дилеммой:  либо  ты  идёшь  в  ногу  со  временем, 

104 
 
учишь  детей  по-современному,  с  использованием  современных  обучающих 
технологий, либо отстаёшь и уходишь из профессии. [5, с.36] 
Очевидно,  что  ИКТ  –  мощный  педагогический  инструмент  в  руках  учителя,  им 
надо владеть и широко использовать на своих предметных уроках. 
Информатизация начального образования проходит по следующим направлениям: 
•  использование  ИКТ  в  качестве  дидактического  средства  обучения  (создание 
дидактических пособий, разработка и применение готовых компьютерных программ по 
различным предметам, и т. д.); 
•  введение  учебного  курса  «Информатика»  как  учебного  предмета  для  младших 
школьников; 
• проведение урока с использованием ИКТ (применение ИКТ на отдельных этапах 
урока, использование ИКТ для закрепления и контроля знаний, организация групповой 
и индивидуальной работы, внеклассной работы и работы с родителями). 
Практически  на  любом  школьном  предмете  можно  применить  компьютерные 
технологии.  Важно  одно  –  найти  ту  грань,  которая  позволит  сделать  урок  по-
настоящему  развивающим  и  познавательным.  Использование  информационных 
технологий  позволяет  мне  осуществить  задуманное,  сделать  урок  современным. 
Использование  компьютерных  технологий  в  процессе  обучения  влияет  на  рост 
профессиональной  компетентности  учителя,  это  способствует  значительному 
повышению качества образования. [6, с. 42] 
Анализируя  опыт  использования  ИКТ  на  различных  уроках  в  начальной  школе, 
можно  с  уверенностью  сказать,  что  использование  информационно-коммуникативных 
технологий позволяет: 
• обеспечить положительную мотивацию обучения; 
•  проводить  уроки  на  высоком  эстетическом  и  эмоциональном  уровне  (музыка, 
анимация); 
• 
обеспечить 
высокую 
степень 
дифференциации 
обучения 
(почти 
индивидуализацию); 
• повысить объем выполняемой на уроке работы в 1,5 – 2 раза; 
• усовершенствовать контроль знаний; 
• рационально организовать учебный процесс, повысить эффективность урока; 
• формировать навыки подлинно исследовательской деятельности; 
•  обеспечить  доступ  к  различным  справочным  системам,  электронным 
библиотекам, другим информационным ресурсам. 
Использование  ИТ  дает  возможность  для:  повышения  мотивации  обучения; 
индивидуальной  активности;  направленность  на  личность  школьника;  формирование 
информационной  компетенции;  свобода  творчества;  интерактивность  обучения. 
Использование  информационно-компьютерных  технологий  открывает  для  учителя 
новые  возможности  в  преподавании  своего  предмета.  Изучение  любой  дисциплины  с 
использованием ИКТ дает детям возможность для размышления и участия в создании 
элементов  урока,  что  способствует  развитию  интереса  школьников  к  предмету. 
Классические  и  интегрированные  уроки  в  сопровождении  мультимедийных 
презентаций,  on-line  тестов  и  программных  продуктов  позволяют  учащимся  углубить 
знания,  полученные  ранее,  как  говорится  в  английской  пословице  –  «Я  услышал  и 
забыл,  я  увидел  и  запомнил».  Применение  современных  технологий  в  образовании 
создает  благоприятные  условия  для  формирования  личности  учащихся  и  отвечает 
запросам  современного  общества.  Таким  образом,  ИКТ  становятся  неотъемлемой 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет