Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

Әдебиет 
1. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі// Ред. Бақарған И.А.Каиров, 
О.С.Боғданова-Алматы: Мектеп, 1988.-345б 
2.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924. 
3.Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 
2000 ж 
 
 
 

82 
 
ӘОЖ  37.013.42 : 371.3 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ  ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Н. Сартаева  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ПП-12-1оқу тобының 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Ш.Д. Имангалиева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университетінің академиялық доценті 
 
Қиын  өмірлік  жағдайдағы  азаматтарға  әлеуметтік  көмек  және  қолдау 
көрсетуге  бағытталған  адамдардың  өмірлік  әрекеті  мен  әлеуметтік  қатынасын 
реттеу,  түрлендірудің  оңтайлы  тәсілі  туралы  білімдер  жүйесі  әлеуметтік  жұмыс 
технологиясы  (технология,  гректің  techne  –  іскерлік,  шеберлік+  logos-ілім)  деп 
аталады.   
Маманның  практикалық  әрекеті  проблеманы  шешу  үшін  әдістерді  қолдану 
мен таңдау болып  табылады.  
Әдістеме  –  зерттеудің  әртүрлі  әдістерінің  жиынтығымен  және  нысанын 
түрлендіру (зерттеушілік немесе практикалық мәселені шешу). 
Әдістеме мынадай элементтерден тұрады: мәселе, әдістер жиынтығы, қолдану 
реті.  Бір  мәселені  шешуші  субъектінің  өзі  де  әр  түрлі  әдістер  жиынтығын 
пайдаланады, өйткені субъект оларды қолдану ретін өзі шешеді. Сондықтан мәселе 
бойынша  жинақталған  озық  тәжірибені  толықтай  көшіру  мүмкін  емес. 
К.Д.Ушинский  тәжірибе  берілмейді,  негізінен  тәжірибеден  туындаған  ой  беріледі 
деп айтқан болатын.  
Әдістеме мен технология арасындағы ерекшелік неден көрінеді.  
Отандық  және  шетелдік  практикада  «технология»  термині  инженерлік-
техникалық сферада қолданылады, қазіргі кезге дейін екі позицияда қарастырылады.  
а) өндіріс үдерісін жүзеге асыруға қажетті әдістер жиынтығы; 
б) белгілі бір өндірістің тәсілін ғылыми сипаттау. 
Ресейде «әлеуметтік технология» ұғымы 70-80 жылдары әлеуметтік мәселені 
шешу қажеттілігіне сай туындады. 
Әр  түрлі  бағыттарды  екі  негізге  сәйкестендіруге  болады,  біріншіден, 
әлеуметтік  мәселені  шешу  әрекетінің  белгілі  бағдарламасы,  екіншіден,  әлеуметтік 
мәселені  шешуге  бағытталған  белгілі,  арнайы  әзірленген,  біртіндеп  жүзеге  асатын 
әрекет.  
ХХ  ғасырдың  90  жылдары  педагогикалық  технология  мәселесі  бойынша 
басылымдар саны көбейе түсті, олардың негізгі бағыттары мынадай:  
а)      педагогикалық  мақсатқа  жетуге  бағытталған  негізгі  әдістер  жиынтығы 
(әдістемеден ешбір айырмашылығы жоқ);    
б) практикада біртіндеп жүзеге асырылатын белгілі педагогикалық әрекеттің 
бағдарламасы. 
в)  болжанған  нәтижені  алуды  қамтамасыз  ететін  әрекет,  операция, 
процедуралар жиынтығы. 
Әлеуметтік-педагогикалық технология-практикалық әрекет шеңберіне, белгілі 
стандартқа  сәйкес  оңтайлы  жинақталған  әлеуметтік  және  педагогикалық  құралдар 
кешені, әдістер, процедуралар, ресурстар, алгоритмдер.  
Өлшеу  құралдары  (нәтижеліктің  сандық-сапалық  критериі,  арнаулы  әдістер) 
көмегімен әлеуметтік-педагогикалық мәселені шешіп, жоғары нәтижеге жету болып 
табылады.  

83 
 
Толығырақ  айтқанда  әлеуметтік-педагогикалық  технологияның  қажетті 
элементтері  нақты  жазылған  әлеуметтік-педагогикалық  мәселе,  стандарттар, 
(параметрлер  мен  алғы  шарттар)  нәтижені  бағалау  мен  технологияны  қоса  білу, 
мәселені  шешу  әдісі  мен  тәсілдерінің  жиынтығы,  оларды  қолдану  тәртібі  мен 
бірізділігі,  (нұсқаудың  берілуі),  ресурстар  (материалдық,  мамандар,  қаржы, 
ұйымдастырушылық- 
педагогикалық, 
психологиялық-педагогикалық, 
ұйымдастырушылық-педагогикалық  т.б.),  операциялар  алгоритмі  (қатаң  бірізділікті 
сақтау),  нәтижелілікті  бағалау  көрсеткіші  мен  критерилер  жүйесі,  нормативтік 
құжаттардың тізімі мен формасы. 
Технологияның әдістемеден өзгешелігі өзгеріссіз толықтай жаңа жағдаятқаы 
көше алу және сыртқы жағдайлар ықпалының әлсіздігі болып табылады. 
Әлеуметтік  мәселені  шешу  технологиясы  үш  негізгі  кезеңнен  өтеді 
(И.Г.Зайнышев бойынша) [1]: 

 
теориялық  кезең  технология  пәнін,  элементтер  құрылымын,  әлеуметтік 
жұмысқа  қосылған  клиенттің  себеп-салдарлық  байланысы  мен  қатынасын 
айқындау.  

 
әдістемелік  кезең  әлеуметтік  жұмыс  клиентінің  жағдайы  туралы 
ақпаратты  өңдеу,  талдау  тәсілі  мен  құралдарын  айқындау,  ақпарат  алу  негізін, 
жолын, тәсілін нақтылау, әрекет етуге нақты нұсқауларды беру.  

 
процедуралық  кезең  нұсқауларды  тексеруге  арналған  практикалық 
әрекетті  ұйымдастыру  үшін  міндеттерді  шешу,  нұсқаулар  бойынша 
кемістіктерді  жою,  әлеуметтік  жұмыс  технологиясына  сәйкес  әрекет  ету 
алгоритмін нақтылау.  
Маман  әрекетінің  мазмұны,  мақсаты,  алгоритмі  (әрекеттің  логикалық  бір 
ізділік),  әрекет  стандарты,  әрекет  нәтижесін  бағалаудың  объективті  критериі  бар 
болса, онда жұмысының технологиялық жағы бар деп айтуға болады.  
Әлеуметтік  технология  әлеуметтік  қатынас  пен  үдерістерді  түрлендіру  мен 
реттеудің оңтайлы тәсілі туралы білімдер жүйесі, сонымен қатар әлеуметтік қатынас 
пен  үдерістерді  түрлендіру  мен  реттеудің  оңтайлы  тәсілін  қолданудың  алгоритмі 
болып табылады. 
Әлеуметтік-педагогикалық  технология  белгілі  әлеуметтік-педагогикалық 
мақсатқа  жету  жолын  айқындау  мен  негіздеу  немесе  өткен  тәжірибеге  сүйенумен 
ерекшеленеді (Л.В.Мардахаев) [2].  
Ол  әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекеттің  кезеңін,  әдісін,  құралын  негіздеу, 
нәтижеге жетуді қамтамасыз ету, іс-әрекеттің мақсатты, оңтайлы бірізділігі арқылы 
белгілі әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталуы болып табылады.  
Л.В.Мардахаев  әлеуметтік  педагог  нақты  жағдайға  сәйкес  мынадай 
мәселелерді шешуі қажет деп көрсетті[2,25]:  

 
әлеуметтік-педагогикалық мақсатты айқындау (неге талпынады, не істеуі 
керек); 

 
жүзеге асыру алғы шарттарын нақтылау; 

 
нысананың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін айқындау; 

 
жүзеге асыру орнының ерекшеліктері; 

 
жүзеге асыру формаларын, алғы шарттарын көрсету; 

 
әлеуметтік-педагогикалық 
іс-әрекет 
субъектісінің 
ерекшеліктерін, 
мүмкіншіліктерін нақтылау. 
Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар былай бөлінеді: 
Субъектілік технология : даралық, топтық, көпшілік. 

 
  Даралық  технологиялар:  өзіндік  даму,  өзіндік  қорғау,  өзіндік  оқыту, 
өзіндік ұйымдастыру, өзіндік қамтамасыз ету технологиялары.  

84 
 

 
Топтық  технологиялар:  жастық,  жыныстық,  кәсіби  ерекшеліктеріне 
сәйкес  бөлінеді,  мысалы,  жұмыссыздар  үшін  еңбекке  орналастыру 
технологиясы,  жасөспірімдер  үшін  қазіргі  заман  жағдайына  бейімделу 
технологиясы, отбасы үшін отбасылық психотерапия.  

 
әлеуметтік  педагог  әрекетін  оңтайландыру  (кеңес  беру,  түзету,  мәселені 
қою т.б.); 

 
клиенттің  әрекетін  жақсарту  (сәттілікке  бағдар,  коммуникативтік 
дағдыларды жетілдіру); 

 
орта  технологиясы.  Адамды,  қоршаған  ортаны  сауықтыру  технологиясы 
(табиғи, әлеуметтік) және оны жетілдіру (қарым-қатынас үдерісін түзету, алдын-
алу  және  шиеленіс  жағдайын  шешу  техникасы,  стреске  қарсы  тұра  білуді 
үйрету, бейімделе алмаушылықты жоюға арналған іс-шаралар); 
Әлеуметтік  тәрбиенің әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекет  барысында  жүзеге 
асатындығын баса айтуымыз қажет.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты 
мен  нәтижесі  мазмұнның  дұрыс  айқындалуына,  әдістерді  нәтижелі  таңдауға,  іс-
әрекетті ұйымдастыру формасын нақтылауға байланысты болып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет1 -  Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет. 
 
Ал  әлеуметтік-педагогикалық  технологияның  айқындалуы  әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына, кезеңмен жүзеге асырылуына байланысты 
болып келеді. [2,56]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шешімді іздеу 
 
Шешім жасау 
технологиясын 
құрастыру 
Шешім жасау 
технологиясын 
таңдау 
Мәселені шешуді бағалау 
Мәселені шешу 
Мәселені диагностикалау 
ӘПІ мақсаты 
ӘПІ міндеті 
ӘПІ мазмұны 
ӘПІ әдістері 
ӘПІ формасы 
ӘПІ нәтижесі 
корре
кц
ия
 

85 
 
 
 
Сурет 2 - Әлеуметтік-педагогикалық  технология 
 
 Мұғалім 
әлеуметтік-педагогикалық 
мәселелерді 
шешуге 
көмектесетін 
бағдарламаны  жасап,  баланың  жас  және  жеке  ерекшелігіне  сәйкес  туындаған  қиын 
мәселелерді шешуге тікелей ат салысады. 
Ол  өзі  таңдаған  технологиясына  сәйкес  әдістерді  (сендіру,  жаттығу)  және 
ұйымдастыру формаларын, (топтық, жеке) құралдарын қолдана алады. 
Әлеуметтік  педагогтың  өз  әрекетіне  технологияны  ендіруі  әлеуметтік-
педагогикалықіс-әрекетті ғылыми негізде жүргізуіне, алдағы міндеттерді шеше білуіне 
көмектеседі. 
Әлеуметтік-педагогикалық  технология  негізінде  әлеуметтік  педагогиканың 
міндеттерін  (диагностикалау,  әлеуметтік  алдын-алу  іс-шарасы,  әлеуметтік  бейімделу, 
әлеуметтік қалпына келтіру) жүзеге асыруға болады. 
Әлеуметтік  педагогтың  әдістемелік  қоржынында  мынадай  диагностикалық 
әдістемелер  болуы  қажет:  тестілер,  сауалнама,  анкета  (кез  келген  мекеменің  есебі, 
анықтама,  кесте,  оқушының  медициналық  қартасы).  Әлеуметтік-педагогикалық  
жұмыстың арнайы әдістері төмендегідей: 

 
тұлғаның, отбасының әлеуметтік өмірдерек әдісі; 

 
мөлтекауданның әлеуметтік тарихы; 

 
әлеуметтік ортаны диагностикалау; 
Кез келген зерттеуді  оның қажеттілігін негіздеу міндетін, жоспарын,  нәтиже 
туралы болжамды анықтау, мекеме басшысына бұйрықты шығарту, ақпараттық хат, 
зерттеу  мақсаты  мен  өздерінің  құқықтарын  түсіндіру  керек.  Әлеуметтік  педагог 
әрекеті  психологиялық хал-ахуалды жақсартып,  тұлғаның қорғанысын қамтамасыз 
ету,тұлға  өмірі  мен  денсаулығын  сақтау,  әлеуметтік  ортада  ізгілікті-адамгершілік  
қатынастарды қалыптастыру, оның қызметінің сәттілігі, әрекетінің нәтижелілігі мен 
қоғамның қабылдай білуімен ерекшеленеді.  
 
Әдебиет 
1.Шакурова  М.В.  Методика  и  технология  работы  социального  педагога.  -
М.:Издательский центр «Академия»,2004.-272с. 
2.Методика  и  технологии  работы  социального  педагога.  Под  редакцией   
Л.В.Мардахаева  
3.Ю.В.Василькова Методика и опыт работы социального педагога. 
 
 
ӘОЖ  385.2          
ТҰЛҒАНЫ  ҰЛТТЫҚ  РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 
 
Ж. Д. Дүйсенбекова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Т-341 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Б.С. ОралбековаСемей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогика кафедрасының аға оқытушысы 
 
      Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, 
адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп 
тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 

86 
 
      Қазақ  мәдениеті  -ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  мәдениет.  Ол  ұлттық  тәлім-
тәрбиенің  негізінде  дамып,  қалыптасты.  Ұлттық  тәрбие  сол  ұлттың  мәдениетін 
дамытудың  қозғаушы  күші  болып  табылады.  Әрбір  халықтың  тарихи  тіршілігі  мен 
рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы 
қалыптасқан  тәрбиелік  және  дүниетанымдық  көзқарастарын  біз  халық  педагогикасы 
дейміз.  Халық  педагогикасы  –халықтың  мәдени  мұрасы.Ол  сол  халықтың  (ұлттық) 
этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.  
       Ал,  ұлттық  тәрбие  мәселесі-  адамзат  тарихынан  өнбойына  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат.  Бүгінде  адамзаттың  өркениеттің  өзгеше  биігіне 
көтерілген,  үшінші  мыңжылдыққа  қадам  басқан  кезеңінде  де  жас  мемлекетіміз  үшін 
рухани  асыл  мұрат  болып  Қазақстандық  патриотизм,  азаматтық  парыз,  тұлға 
бойындағы  ұлттық  құндылықтар  мен  ар  тазалығы  және  тағы  басқа  қасиеттерді 
жатқызамыз. 
[1].
 
       Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін 
ұдайы  есте  ұстауымызды  ескерте  келе  былай  деп  жазады:  "  Бес  арыстарымызға 
арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге 
көңіл  бөлген  едім.  Қазақстанда  тұратын  әрбір  адам  өзін  осы  елдің  перзентті 
сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше  біздің  жұмысымыз  ілгері 
баспайды…  
            Олай  болса,  қазіргі  кезеңде  мектеп  табалдырығынан  бастап  білім  беруде  ел 
тарихын  терең  қозғап,  тәрбие  сағаттарыда  қазақ  зиялы  қауымының  еңбектерін,  қоғам 
дамуына  қосқан  үлесін  айтып  түсіндіру  арқылы  оқушылардың  адами  құндылық 
қасиеттерін  қалыптастыра  аламыз.  Сондай-ақ  ұлттық  салт-сананың  өмірдегі 
қолданылмалы  көріністері:  рәсімдер,  рәміздер,  ырымдар,  тыйымдар,  жөн-жоралғылар, 
діни  уағыздар,  сенімдер,  кісілік  рәсімдері,  перзенттік  парыз,  адамгершілік  борыш, 
ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады. 
[2].
 
          Оқушының  ұлттық  қасиеттеріне  меймандостық,  кісілік,  сыйласымдылық, 
имандылық,  кішіпейілділік,  кеңпейілділік,  салауаттылық,  тіршілікке  бейімділігі, 
өнерпаздық,  шешендік,  ақынжандылық,  сыпайылығы,  мәдениеттілігі  т.б.  қасиеттері 
арқылы  ерекшеленеді.  Сонымен  қатар,  оқушылар  бойына  ұлттық  құндылықтарды 
құрметтеуге,  сақтауға  тәрбиелеуде  белгілі  әлемдік,  отандық  ғалымдарымыздың 
еңбектеріне тоқталып, сараптап өтсек.  
 Белгілі  педагог  К.Д.  Ушинский  “Халықтың  (этностың)  тәжірибесінде  педагог  та  жоқ, 
педагогика  да  жоқ”  дейді.  Ал,  Аристотель  “Біз  бала  тәрбиелеуде  халық  тәжірибесіне 
сүйенеміз “ деп қарастырды.  
          Отандық  ғалымдарымыздың  бірі  Қ.Б.  Жарықбаев  “Еліміз  бен  жеріміздің 
түпкілікті  иегері-қазіргі  қазақтардың  психологиясында  осы  этносқа  ғана  тән  біртұтас 
ұлттық  ерекшелік  бар  деп  айту  қиын.  Өйткені,  қазақ  этносының  бүкіл  тыныс-
тіршілігінде,  от  басындағы  әдеп-ғұрып  пен  салт-санасында  кең  байтақ  өлкемізде 
мекендеген  басқа  халықтар  мінездерінің  нышандары  көрініс  беріп  жүр.  Бірақ, 
кейбіреулер  айтып  жүргендей,  бұрын  жылқы  мінезді  болып,  енді  қой  мінезді  болған 
жуас, намыссыз халық емеспіз” – тұжырымдайды. 
[3].
 
              Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық 
мәдениетпен ұштастыра білуге  міндетті.  Мәдениетті  болу үшін білімді  болу  – міндет. 
Білімді  болғанмен  ұлттық  мәдениетті  игермеген  болса  ондай  тұлға  ұлт  алдында 
“мәңгүрт”,  мәдениетсіз  болып  көрінеді  де,  халықтың  наразылығына  ұшырайды. 
Кәсіптік-мұрагерлік  әдеп  (мәдениет)  сақталған  жерде  дамыған  дарынның  мәдени 
жемістері көрінеді.  

87 
 
             Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау  үшін  қазақ  білімпазы 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  мына  сөздерін  еске  алған  жөн.  “Мектеп  бітіріп  шыққан  соң 
бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және  өзінің  өміріне  білім  жүзімен  ашылған  саналы  ақыл 
көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің  көздейтін  түпкі  мақсаты  осы.  Мектеп  осы 
бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” –деген екен.  
          Адамдардың 
бойында  қалыптасқан  имандылық  қадір-қасиеттер  рухани 
құндылықтарға,  ал  адамдардың  қолымен  жасалған  тұтыну  заттары  мен  кәсібі 
материалды құндылықтарға жатады.
 [4].
 
             Қазақ  халқының  осындай  дәріптеуге,  қастерлеуге,  дамытуға  тұрарлық  ұлттық  
рухани  және  материалдық  құндылықтары  туралы  ұлағатты,  құнды  ойларын  халық 
игілігіне,  келешек  ұрпақты,  ел-жұртқа  ие  болар  азаматтарды  тәрбиелеуге  неге 
қолданбасқа?   
               Қоғамдағы  адамдар  жасаған  рухани,  материалдық,  мәдени  құндылықтардың 
алмасуы  оқыту  процесі  арқылы  жүзеге  асырылады.Соның  ішінде  сын  тұрғысынан 
ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық 
деңгейі  жоғары  тұлғаны  қалыптастыру  үшін,  оны  оқытып  қана  қою  жеткіліксіз.  Оны 
тұлға  ретінде  жан  –  жақты  дамытуға  қолайлы,  оқытудың  шығармашалақ  түрін  жасау 
қажет,  яғни  шығармашылық  оқу  әрекетін  туғызу  қажет.  Бұл  баланы,  берілген  оқу 
материалын  жаттап  алу  ғана  емес,  керісінше  өз  бетімен  білім  алу  үшін  ізденуге 
үйретеді.
 [5].
 
        Жеке  тұлғаны  ұлттық  тәрбие  арқылы  дамыта  отырып,  нақты  әрекет  арқылы 
оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: 
-  белсенді  қарым-қатынас:    оқушы  мен  мұғалімнің  әрбір  мәселеде  өз  көзқарастарын 
білдіріп отыруы; 
-  индивидтік:  мұғалімнің  әр  жеке  оқушының  ерекшелігін  дамытуы,  қоғам  алдындағы 
жауапкершілігінің болуы; 
-  өзіндік тәртіп:  өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды  үйрену және оны 
дамыту; 
-  шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір-бірінің  пікірлері  мен 
ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. 
            «Адам  мен  адамның  бір-бірімен  араласу,өзара  қарым-қатынасында  ғана 
адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. 
Оның  пікірінше,  диалог  тұлғаны  қалыптастырудың  құралы  ғана  емес,оның  адамдық 
болмысын  да  көрсетеді.Тұлғаның  белсенділігі,  өзін-өзі  дамытып  отыруға  ұмтылуы 
өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде 
жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, 
оқушы-мұғалім  арасында  өзара  құрметтеу,  мойындау,  түсіне  білу  және  сыйластық 
әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады. 
[6].
 
          Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр 
оқушының  өзіндік  жақын  даму  аймағында  дербес  қабілетін  дамытуға  түрткі 
болу,оларды  оқыту  мен  оқу  құндылықтары  жүретін  практикалық  әрекеттерге  баулу, 
баланың  қолынан  келетін  істерін  қолдау  арқылы  қиын  проблемаларын  шешуге 
көмектесу болып табылады. 
Тұлға  —  жеке  адамның  мақсатының  орындалуы,  ерік-жігерінің  іске  асуы,  өзі 
жөніндегі  ойын,  еркін  іске  асыруға  дайындығы  және  оны  іске  асыруының  нәтижесі. 
Ерік-жігер  механизмі  дегеніміз  -  адамның  өзіне  тән  қасиеттерін  іске  асыруы.  Адам 
ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде 
алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған 
қалай  қарар  екен?  -деген  ойға  қалады.  Ерік-жігердің  іске  асырылуы  ақыл  мен  санаға 
бағынышты. 

88 
 
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының 
нәтижесі  қалай  болар  екен  деп  "мың  ойланып,  жүз  толғанып"  іске  кіріседі,  ал 
кейбіреулер  бірден  ойына  алғанын  апыр-топыр  іске  асырып,  кейін  опық  жеп  жатады. 
Осының  бәрі  адамның  ерік-жігер  күшінің  түріне  байланысты.  Алайда,  әр  тұлғаның 
эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі 
сезімінің  сыртқа  шығуына  еркіндік  берсе,  екінші  біреу  іштей  булығып,  көгеріп-
сазарып,  тас-түйін  болып  қатып  қалады.  Бұл  әр  тұлғаның  эмоциялық  сезімі  өзін-өзі 
ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. 
[7].
 
Адамның даму және қалыптасуы  жайында осы  уақытқа дейін әр түрлі пікірлер 
мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель 
адамның  дамуын,  алдын-ала  тағдыр  белгілеген  тұқым  қуалаушылық  табиғатынан  деп 
дәлелдеді.  Аристотель  құл  болушылық  немесе  бағынушылықты  табиғаттың  заңы 
дейді.Адам  жеке  тұлға  болып  қалыпты  өсуі  және  дамуы  үшін  тек  қана  адамдар 
арасында  өмір  сүруі  қажет.  Соңғы  кезде  орталық  Австралияда  және  Филиппиннің 
Менданао  аралы  ормандарынан  табылған  жабайы  адамдардық  сана-сезімінің  өте 
төменгі  сатыда  екендігі  байқалады.  Олардың  тіршілік  әрекетінің  де  алғашқы 
қауымдағы  жабайы  адамдардық  өмір  сүріп,  күнін  көру  әрекетінің  ұқсастығы 
анықталады. 
Өзімізді  өзіміз  бағалай  білуге  бет  бұру  –  ұлттық  байлығымызды  игеру,  ұлттық 
санамызды  дамыту.  Ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  оқыту  процесіне  енгізу  арқылы 
ұлттың  тұнып  тұрған  асыл  мұралық  рухани  байлығынан  болашақта  ел  билейтін 
ұрпақтарды  сусындатып,  отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандалылық  пен 
отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз  мемлекетін  көздің  қарашығындай  қорғайтын 
тұлғаларды тәрбиелеп шығару. 
 
Әдебиет 
1.Қ.Бөлеев  «Болашақ  мұғалімдерді  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби 
дайындау».-Алматы, 2004.   
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000. 
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004.  
4. М.Жұмабаев. «Педагогика».1991 
5. 
Абдыкаримов 
Б.А., 
Мамерханова 
Ж.М., 
Соколова 
М.Г. 
Педагогика 
профессионального обучения. – Қарағанды, 2007. – 245 б. 
6.  Абдулина  О.А.  Общепедагогическая  подготовка  учителя  в  системе  высшего 
педагогического образования. – М., 1991 
7.  Сластенин  В.А  О  Современных  подходах  к  подготовке  учителя//  Технология 
психолог-педагогической подготовки учителя к 
воспитательной деятельности. – Барнаул, 1996. 
 
 
ӘОЖ  37.035.6 
ЕЛЖАНДЫЛЫҚ РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕНГЕН ҰРПАҚ ЕЛ БОЛАШАҒЫ 
 
Ғ.У. Оразбай  
 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-305 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Н.У. Серикова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университеті, педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
 

89 
 
Жас  ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің 
тірегі,  мызғымас  болашағы.  Сол  ұрпақты  саналы  да  білімді  етіп  тәрбиелеу  –  төл 
міндетіміз. Соның бірі – елжандылық тәрбие мәселесі.  
Елжанды  болу  –  еліміздің  азаматының  аса  маңызды  адамгершілік  қасиеті. 
Елжандылық  рухта  тәрбиелеу  –  жастарды  ерлікке,  Отан  сүйгіштікке,  ар-намысты 
қорғауға,  адамгершілікке  баулиды.  Осындай  халықтық  идея,  елжандылық  сезім 
жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке тәрбиелейді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет