Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

Әдебиет 
1.
 
Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.  
2.
 
Каптерев П.Ф. Детская и педагогическая психология М-Воронеж 1999ж 
3.
 
 Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова Балалар психологиясы , Алматы, 2012 
4.
 
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж. 
5.
 
А. Файзолаев, Д. Мадеев Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы, 
«Мектеп баспасы» 1987 жыл 
 
 
ӘОЖ  373.2 
ТӘРБИЕШІНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ САПАЛЫ БІЛІМ 
КЕПІЛІ 
 
А. Марат  
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, 302 «ә» топ студенті 

153 
 
Ғылыми жетекші: А.Д. Мухаметжанова, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық 
колледжінің педагогика-психология пән бірлестігінің оқытушысы 
 
ХХІ ғасыр –тәуелсіз  еліміздің  әлемдік бәсекелестікке  бел  буып,  дүниежүзілік  
өркениетке    ұмытылған    өрлеу    ғасыры.    Өркенді    ел    ертеңді  де    ойлайды.  Алыс  
болашақты    тайға    таңба    басқандай  анық    бағдарлап    беріп    отырған    Елбасы 
Н.Назарбаев  үстіміздегі  жылғы    Жолдауында:  «Сапалы    білім  беру    Қазақстанның  
индустриялық  –  инновоциялық    дамуының      негізі    болуға    тиіс»,-деп  атап    көрсетті. 
Яғни,сапалы білім беру үздіксіз  ізденумен  тығыз байланысты. Үздіксіз  іздену-бүгінгі  
таңда    жалпы    педагогтарға,  оның    іщінде  тәрбиешіге  қойылып    отырған    басты  
талаптардың бірі.  Әрбір   педагог Л.Толстойдың:   «...мұғалімнің  өзі  неғұрлым  көп 
оқитын    болса,      әр  сабақты  жан-жақты  ойластырса    және    оны    оқушының  шама-
шарқымен  салыстыратын  болса,  онда  оқушыға  оқу  соғұрлым  жеңіл соғады»  деген  
сөзінің  мәні жойылмағанын  түсіну  керек.  Қашанда адамзат  алдында   тұратын   ұлы  
мұрат-міндеттердің    ең  бастысы    жарқын    істі  жалғастыратын    салауатты, 
білімді,саналы    ұрпақ    өсіру,  келешек    қоғамның    қамын  ойлайтын    тұлға    тәрбиелеу  
болып  табылады.  
Әрбір  халық  өз    ұрпағының    болашағына  жанашырлық    танытып,  заман  
талабына  сай    тәлім    беруге    міндетті.  Ал  қазіргі      күннің    басты    талабы-  елін, 
жерін,Отанын сүйетін, ұлт  тарихынан  хаббары   мол, тілін, дінін,  дәстүрін  сыйлай  
білетін, ғылым  мен техникадан   жан-жақты  хабары бар  азамат  тәрбиелеу.  Ал  сол 
ұрпақты  тәрбиелейтін  ата-ана,халқы,мектеп, балабақша. Олай болса, тәрбиенің қайнар  
көзінің  бірі      тәрбиешіден    басталады.  Тәрбиешінің  басты    міндеті-  талабы    таудай, 
дарынды  жеке      тұлға    қалыптастырып,    жетілдіре    білу.  Баланың  дүниетанымын, 
білімін 
қалыптастыруда 
балабақша 
 
көрнекті 
 
орын 
 
алады.                                                                                                                            
Жас    бүлдіршінді    оқыта  отырып,  дара  қасиеттерін  танып  –  білуге  мүмкіндігі  барын 
түсінген тәрбиеші өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді.  Сондықтан, ұрпақ  
болашағы –  тәрбиешіге байланыстылығын  да  түсінеді.[1, 77-79бб] 
     Тәрбиеші  алдынан    бір  –біріне  ұқсамайтын,  әрқайсысының  өзіндік    ерекшілігі  бар 
мыңдаған    балалар    өтеді.  «Балам  деген  жұрты    болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан 
шықсын»,  -  деп  А.Байтұрсынып  айтқандай    бала-  біздің    болашағымыз.    Жаңа  әлем 
болашағын  даярлайтын    тәрбиеші  атағына  өз  білімін  табандылықпен    жетілдіріп, 
тапсырылған  іске  адалдықпен,  сүйіспеншілікпен      қарайтын,  жоғары    моральдық  
қасиеттері  бар    тәрбиеші  ғана    бұған    лайықты    бола    алады.    Тәрбиеші  қазіргі    өте 
алғыр  балалардың  бойындағы  дарындылықты    таба  алады  және  тұтанып  тұрған  отты 
мезгілінде  үрлеп,  дұрыс  бағыт  бағдар  беріп,  талабын    қанағаттандырып    отыратын  
асқан шеберлігін жүзеге асыра білуі қажет. Тәрбиеші жеке  көзқарасы бар  және  соны 
қорғай    білетін    жігерлі    тұлға  болуы    қажет.  Зерттеушілік,    ойшылдық    қасиеті  бар 
тәрбиеші жалтақ болмайды.  Өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін тәрбиеші 
ғана түпкі нәтижеге  қол  жеткізе  алады.  Ондай  тәрбиеші әрбір  күніне  есеп  беріп 
отырады,    азаматтық    ар    -  ожданын    үнемі  қорғай    алады,  білімімен    біліктілігімен  
сыйлы  болады.   
   Тәрбиеші  педагогтік,    психологиялық    білімін    жетілдіріп    үйренумен    қатар,    сол 
білімін    күнделікті    ісінде  шебер    пайдалана    білетін    болуы    керек.    Дүние    жүзінде  
ғаламдану  үрдісі  жүріп  жатқандықтан,  ақпараттар  ағыны көбейеді.  Тәрбиеші  қай 
жағынан болмасын, ол баланың өмірдің  әр саласына қатысты  кез  – келген сұрағына 
жауап    беруге  даяр  болуы  керек.    Бүгінгі    таңда    еліміз    бен  әлемде    болып  жатқан  
экономикалық – әлеуметтік  дамулар  білім  беру  саласына өзіндік  ықпал  тигізуде.[2, 
36-39бб]  Қазақстанның    болашақ    дамуына    арналған    «Қазақстан    -    2050»  
бағдарламасында    тәуелсіз    мемлекет  құруда    еліміздің    әрбір    азаматы    өзінің  

154 
 
қоғамдағы    алатын    орнын    саналы    түсінуі    және    ел    экономикасын    бүгінгі  
сұранысына    жауап    бере    алатын    тәрбие,    білім    алуы    қажеттілігіне    баса    назар  
аударылған .  Келешек   ұрпаққа  білім  берудің  міндеттері  мен  мәні,  мазмұны  мен  
түрлері  жан- жақты  қайта  жаңартылып,  инновациалық  білім  негізінде  жаңа  сапаға  
жету  міндеті көзделуде.  Білім  мазмұнын  анықтауда,  толықтыруда, оқу  - әдістемелік 
тұрғыда    жаңалауда    педагогикалық    жолмен    дидактикалық    міндеттерді  белгілеуге  
тірек    болады.    Алдынғы    қатарлы    педагогикалық    іс  –  тәжірибеде  шәкірттер-  дің  
жалпы    білімдік    біліктілігі    және    дағдысымен    қатар    креактивтіліктің  де    
қалыптасуына  назар  аударуды  қажет етеді. 
      Жас  ұрпақтың  саналы  да сапалы білім  алуының  бірден – бір  шарты- тәрбиешінің 
жаңашыл    болуы.    Себебі,    еліміздің    болашағы    бүгінгі    жас  ұр-    пақтың    білім  
деңгейімен    өлшенеді.    Сондықтан    сабақты  жаңаша    құрып,    инновациялық    түрлі  
тәсілдерін,    педагогикалық    білімдерді    жетілдіре    отыр-  ып,    оны    дер    кезінде  
қабылдап,  өңдеп,  нәтижелі  пайдалана  білу  әрбір  тәрбиешінің міндеті болуы  керек. 
Жаңару  жолындағы  Қазақстанға  жаңаша  ойлайтын,  өмірге  көзқарасы  тың,  ақыл- 
ой    және    шығармашылық  әлеуметі      қалыптасқан,  рухани  -адамгершілік    мәдениеті  
жоғары    шығармашыл    тәрбиеші      қажет.    Қазіргі    қоғамдағы    тәрбиеші  -  
шығармашылық    дамуға,    ұшқыр  ойлауға    қабілетті,    мемлекеттің    даму    бағыттарын 
терең  түсінетін  маман  бола  алатын,  мақсат  қойып  және  жемісті  еңбек нәтижесіне 
ұмтылатын  тұлға.  Ең  алдымен, тәрбиеші -  адамгершілігі  өте  жоғары  адам. 
    Заман    талабына    сай    қазіргі    педагог    педагогикалық,    психологиялық    ғылымның  
озат    идеялары    мен    ғылыми    теорияларын    өз    іс-  тәжірибесінде    сыннан    өткізіп,  
талдап,  оны  тәжірибелік  тұрғыда  қолданып,  әр  күн сайын  толықтырып  отырумен  
де    ерекшеленеді.  Біртұтас    педагогикалық    үрдістегі    креативтілікті  дамыту,  
біріншіден  ,  педагогикалық    идеяларды    жүзеге    асырудан    басталады.    Озат  
тәжірибелерді  зерттеп,  жинақтаудың  кез  келген  түрінде  жетістікке  жету  тікелей  
педагогтың    ғылыми  теория-    лық    білімдарлығы    мен    шығармашылығына  
байланысты.  Сонымен    қатар    балалардың  мектеп      дейінгі  бағдарламасындағы  
материалдардың    негізгі    бөлімдердің    толық    көлемде    игеріп,    әрбір    тақырыпты,  
өзгелерге  түсіндіре  білу,  өз  ойын  жеткізе  білу,  яғни  сөйлеу  мәдениетінің  жоғары  
болуының  маңызы  зор. [3, 56-59бб] 
    Атақты  Аристотель  сөйленер    сөздің    үш  элементтен    құралатынына  -    яғни  
шешеннің    өзі,    ол    тілге    тиек    етер  негізгі    нысан    және    тыңдаушылар    екенінен  
ерекше  мән  берді. Бүгінгі  таңда шешен  ретінде- тәрбиеші,  тыңдаушы  ретінде – бала,  
ал  тілге  тиек  етер нысан- мектепке  дейінгі  базадағы  бағдарлама,  оқулық  мазмұны  
болмақ.  Шынында  да  оқытудың    сан    алуан    құралдары    ішінде    оқулықтың    орны 
ерекше.  Оны  мектепке дйінгі  білім- тәрбие  беру қызметінің  бірегей  педагогикалық,  
әрі  оқыту,  әрі  оқу  құралы  деп  түсінеміз. 
   Тәрбиешінің  кәсіби    шеберлілігі    алған    білімнің    көптігінен    емес,    сол      білімді  
практикада  қолдана  алуымен  маңызды.   Тәрбиешінің  басты мақсаты  тұлғаның  жеке  
дамуына негізделген,  жан –жақты  зерттеліп,  сараланған білім  беру үлгісінің  басын  
бағыттарын    айқындау,    нәтижесінде    еліміздің    өркениеті    негізделген    білім  
саясатының  стратеиялық  мақсаттарын  жүзеге  асыру.   
     Ғұлама  ғалым    әл-Фараби    «Тәрбиесіз    берілген      білім-  адамзаттың    қас-жауы,    ол  
келешекте  оның  өміріне  апат  әкеледі»,  -деп   ең  алдымен,  балаға  тәрбие  берілуі  
керектігін  алға  тартады.  Демек,  тәрбие  мен  оқыту- біртұтас   үрдіс.  Олай  болса,  
жаңашыл  тәрбиешінің  басты  міндеті-баланы тәрбиелей  отырып,  сапалы  білім  беру.   
     С.Пейперттің  пікірінше:    «...  оқытудың  көп  бөлігі   қазіргі  оқыту   технологиясы  
немесе    білім    саласына    компьютерді    пайдалану    арқылы    берілгенмен    мұның  
барлығы    дәстүрлі    оқыту    әдістері    мен    жаңаша    жаңғырту    әдістерінің    бірігуін  

155 
 
көрсетеді».  Қандай да  болмасын  әдіс  -  тәсіл  қолданған  тәрбиеші   үздіксіз  іздену  
үстінде  болса,  сол тәрбиешінің жаңашылдыққа  деген  көзқарасы. [4, 25-28бб] 
 
Әдебиет 
1. Ақылдың  кені (ұлағатты  сөздер), Алматы,2008 ж 
2. Еркебаева Г.Ғ. Қазіргі білім беру технологиялары,Алматы,2010 ж 
3. «Мектепке  дейінгі  тәрбие» журналы, Алматы,2011-12 ж 
4. Тәрбие   теориясы  мен  әдістемесі, С. Әбенбаев,Алматы,2004 ж 
 
 
 
ӘОЖ  37.036.5:373.2 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
М. Агысова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-403у тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Н.А. Кулмышева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, 
педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. 
 
        Жаңа  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту»  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру  стандарты  оқу  жүктемесіне  5  білім  саласының  мазмұны  кіреді:  «Денсаулық», 
«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».  
      «Шығармашылық»  білім  беру  саласының  мақсаты:  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, 
шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.  
      «Шығармашылық» білім саласының базалық мазмұны:  
        сурет салу;  
-          мүсіндеу;  
-          жапсыру;  
-          музыка. 
        Балаларды  өз  бетімен  құмарландыратын,  ынталандырып,  ықыласын  арттыратын 
сабақ,  балаларға  ана  тілінде  қарапайым  тілмен  қызықты  ұғындырылса,  әңгімелер  мен 
ертегілер,  мысалдар  мен  өлеңдер  орынды  пайдаланылса,  олардың  білім  алуға  деген 
қызығушылығы арта түседі. 
        Әр  тәрбиешінің  алдындағы  сәулелі  мұрат  шәкіртіне  білім,  тәрбие  беріп  қана 
қоймай,  әр  баланың  «менін»  ашу.  Сол  «менді»  шығармашылық  тұлғаға  айналдыру. 
Күллі  ғажайыптың  ішіндегі  ең  тамашасы  –  жақсы  тәрбиеленген  адам.  Сәбиді  жоғары 
деңгейдегі  білім  мен  адамгершілікке  баулитын  тәрбиешінің  бойында  барлық  асыл 
қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна 
іспетті.  Бала  қабілетінің  ашылуы  үшін  тәрбиеші  жаңашыл,  білімді,  іскер,  қабілетті, 
жауапкершілік  сезімді,  жаңа  технологияны  толық  менгерген,  өз  ісінің  шебері  болуы 
керек. 
         Шығармашылық-  жаңалық  ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер  деңгейі. 
«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  «шығару»,  «ойлап  табу»дегенді  білдіреді.демек, 
жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу  деп  түсіну  керек.Ол  үшін 
тәрбиеші  өзі  де  шығармашылықпен  тұрақты  айналысып,  дәуір  көшінің  өзгерістеріне 
ілесе алатын болуы тиіс десек, мұғалім- бақылаушы емес, бағалаушыда емес, танымдық 
іс-  әрекетін  ұйымдастыратын  шығармашылық  істердің  ұйытқысы.  Шығармашылық 

156 
 
оқушыға  шын  ләззат,  қуаныш  сезімін  әкелуі  тиіс.  Жаңаны  жасау,  өзі  жасаған  тың 
дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Оқу іс- әрекеттері 
үрдісінде  шәкірттерді  шығармашылық  жұмысқа  баулудың  маңызы  зор.Ересек,  мектеп 
алды даярлық топтарында жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау 
жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, 
эстетикалық  және  адамгершілік  танымы,  эмоциясы,  пікірі,  талдау,  қорытындылау, 
салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет.  
          Тіл  дамыту  сабақтарында  балалардың  тілін  жаттықтыру  үшін,  қазақ  халқының 
асыл  сөздерімен  сусындата  отырып,  әрбір  сахналық  қойылымның  алдында  қазақ 
әндерін,  қазақтын  ауыз  әдебиетіндегі  өтірік  өлеңдерді,  мақал-мәтелдерді, 
жаңылтпаштарды,  санамақтар  мен  жұмбақтарды,  түрлі  ұлттық  ойындарды,  ән-күйлер 
мен  билерді  кіріктіріп  отырдық.  Мысалы,  «Үйшік»  ертегісінде  әр  кейіпкерлердің 
сахнаға  шығуын  «Қонақ  келсе  күт»  деген  мақалмен  бастадық.  Театрлық  ойынға 
қатысушы  даярлық  тобының  балалалрыт  кейіпкерлердің  міңезін,  жүріс-тұрысын, 
әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, 
қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып 
кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы 
сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге 
баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті  сезімдеріне 
сәйкес  тебірене  мәнерлеп  айта  білуге  үйренеді.Сосын  нәтижесінде  олардың 
шығармашылық  қабілеттері  оянады.  Бейнелеу,  көркем  әдебиет,  тіл  дамыту  оқу  іс-
әрекеттерін  байланыстырып  өткізгенде,  әр  оқу  іс-әрекеттін  соңы  әрқашанда  дерлік 
ертегі  сюжетімен  байланысты  қойылымдармен  аяқталып  отырды.  Сонымен  қатар, 
балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-
әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін 
еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы 
жұмыстарды  өткізген  кезенде  әрбір  ұлттық  халық  ертегілерінен  көріністер  қойылады. 
Ертегілер  –  бұл  мектепке  дейінгі  балалардың  танымдық  қызығушылығын 
қалыптастыру  механизмі,  яғни  жағымды  эмоциялық  көзқарас  -  ертегіге  әуестік, 
мазмұнды эмоциялық көзқарас - ертегімен әуестену, тұрақты танымдық қызығушылық 
- ертегіге деген қызығушылық. [2, 1 – 5 б.] 
       Балалар  өз  беттерімен  ойнаған  дербес  іс-әрекетінде  де  театр  ойындарының 
түрлерін  жиірек  қолданатын  болды.  Драмалық  жанрға  бейімделген  ойындар  өздігінен 
туындап  тәрбие  жұмыстарының  барысында  ертегілер,  сюжетті  көріністер  де  жиі 
қолданылып,  тіпті  кейде  ертегінің  кейбір  бөліктері  өзгертіліп  отырылды.  Топ  ішінде 
емін-еркін жүріп, өздеріне оқу іс-әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері 
таңдап алып отырды. 
          Балалардың  шығармашылығы  тек  ролдерді  орындаған  кезде  ғана  емес,  сонымен 
қатар  қуыршақтар,  декорациялар  даындағанда  да  көрінді.  Қуыршақтардың  түр-түрін, 
шымылдықтар,  декорация  жасау  кезендегі  ұжымдық  жұмысатр  балалардың 
үйымшылдығы мен белсендігін арттырды..         
          Бейнелеу  өнері  (ағылш.  Visual  arts)  —  дүниені  көзбен  көріп,  түйсіну  негізінде 
бейнелейтін  пластикалық  өнердің  бір  саласы.  Бейнелеу  өнеріне  негізінен  кескіндеме 
мүсін,  графика  жатады.  Бейнелеу  өнерінің  белгілері  архитектура,  безендіру  және 
қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.  
         Ол сурет  салудың:  жекелеген заттарды бейнелеу,  сюжетті  (оқиғалы), декоративті 
сурет  салу  деп  аталатын  үш  түрін  қамтиды,  мұның  өзі  программалық  материал  мен 
жүргізілетін жұмыстың мазмұнын анықтайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты- 
балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын 
дамыту,  сұлылықты  сезінуге  тәрбиелеу  және  бейнелеу  тәсілдеріне  үйрету.  Сонымен 

157 
 
бірге балалардың бейнелеу іс- әрекетінің басты міндеті- олардың жас ерекшеліктеріне 
сай келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын 
жасау үстіндегі шығармашылық  қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады. [3, 11-12 
б.] 
            Сурет  әрекеті  арқылы  сіз  қол  моторикасын,  әлеуметтік  көзқарасын,  тіл 
байлығын дамытасыз. И.П.Павлов айтқандай, қол басын үйретеді, сосын ақылға толған 
басы қолын үйретеді, ал шеңбер қол миды дамытады.  
     Егемен  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалып 
жатырған талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, 
терең,  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол 
тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  бәсекеге  сай  құзіретті  маман  қалыптастыру 
маңызды  міндет  болып  отыр.Құзіретті  мамандар  қауымы  алдында  жас  ұрпаққа 
эстетикалық  тәрбие  беру  маңызды  рөл  атқарады.  Эстетикалықтәрбиенің  ажырамас 
бөлігі  -  музыкалық  тәрбие  берудің  басты  мақсаты  оқушылардың  ой-
өрісін,шығармашылық  қабілеттілігін  дамыту 
жолында  халық  музыкасымен 
классикалық музыкаларды терең сезіне түсініп қабылдай алатын, музыка өнері  арқылы 
әсемдікті,сұлулықты,ішкі жан дүниесі сұлу,рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру. 
       Музыкалық білім мен тәрбие берудің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларды 
музыкалық  шығармаларды  орындап  қана  қоймай  оны  терең  сезіммен,  саналы  түрде 
қабылдап,  тыңдай  білуге  үйрету  музыка  маманының  басты  міндеті.  Әр  адамның 
бойында да өзіне тән қасиеті болады, сол қасиетті дер кезінде жүйелі түрде дамытпаса 
ол    тұншығып  әрі  қарай  дамымай  қалуы  мүмкін.  Мектепке  дейін  балалардың 
бойындағы  қасиеттері  отбасында  немесе  балабақшада  оянып,  сол  қабалеттерін  ерте 
көрсете білген балалар да болады. Жалпы балалардың көпшілігі мектепке дейін бірдей 
дамып келмейді. Бойында еш қабілеті жоқ адам болмайды,әсіресе « әу » демейтін адам 
жоқ,  сондықтан  оқушылардың  бойларындаөнердің  қай  түріне  бейім  қабілеттерін 
дамыту үшін музыка тыңдау, олардың сезім пернелерін ояту арқылы жүзеге асырылары 
сөзсіз.  Себебі,  музыка-құдіретті  күш.  «Ұйықтап  жатқан  адамды  ән  оятар,  әннің 
мағыналы  мәні  оятар»  деп  ұлы  да  дана  ақын  Абай  музыканың  адам  санасына  ететін 
әсерін  дәл  суреттеген.  Қайсібір  балалар  көркемсуретке,  кейбіреулері  ән  айтуға,  би 
билеуге,  аспапта  ойнауға  бейім  болса,  кейбір  оқушылардың    бойында  ақындық, 
жазушылық,актерлік таланттар бұғып жатуы мүмкін. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп дана 
халық біліп айтқандай , қайнар бұлақтың көзін ашу мұғалімнің жүйелі,оқытудың озық 
педагогикалық  технологиялық  әдістерін  шебер  қолдана  отырып  білім  беруі  арқылы 
баланың  бойындағы  қасиет-дарындарды  жүзеге  асыру  нәтижесіне  жетуге  толық 
мүмкіндік бар. [4, 19-20 б.] 
        Музыка  тыңдау    және  оны  қабылдау  музыка  сабағының  іс-әрекеттерінің  барлық 
түрлерінің    (ән  айту,  музыка  тыңдау,  музыка  сауаты)  нәтижесінде  қалыптасады. 
Музыка  тыңдау  процесі  кезінде  оқушылардың  зейінін,эмо-циялық  сезімдерін,  ойлау, 
түйсіну қабілеттерін дамытамыз.  
        Балалардың  қабілетін  анықтау  жолдары.  Қазіргі  жас  ұрпақты  білімді,  мәдениетті, 
ұшқыр  қиялды  етіп  тәрбиелеу  баршамыздың  міндетіміз.  Дүниедегі  ұшқыр  ойлы,  тек 
қана шындықпен жүретін нәзік те, пәк те, батыл да батыр- ол бала. Өйткені, оның жаны 
да нәзік, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай,неге 
бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады, ұмтылады.  
              Балабақшада    әрбір  сабақ  ойыннан  басталады.  Ойын  тәрбиенің  негізі,  ойын 
арқылы балалардың ақыл- ой, адамгершілік тәрбиесі жүзеге асады. 
      Халқымыз  бала  психологиясының  қалыптасуында  ойын  әрекеті  де  елеулі  роль 
атқаратындығы жақсы аңғарған. 

158 
 
       Ойын  баланың  іс-  әрекеттерінің  негізгі  түрі.  Ойын  барысында  баланың  жеке 
басының  қасиеттері  қалыптасады.  Ойында  балалардың  ортамен  қарым-  қатынасы 
кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез- құлқы қалыптаса түседі. 
      Ойын 
үстінде 
бала 
достыққа, 
жолдастыққа, 
тапқырлыққа, 
іскерлікке, 
адамгершілікке баулынады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Бала табиғатынан 
қимыл- қозғалысқа құмар, осыған негізделген ойын- балалық шақтың басты белгісі. 
            Мысалы:  «Ойнай  білмеген  ойлай  да  білмейді»-  деген  мақал-  мәтелден-  ақ 
баланың  ойынға  аса  құмар  келетіндігі,  ойын  арқылы  баланың  ойынға  аса  құмар 
келетіндігі,  ойын  арқылы  баланың  сана-  сезімі,  кәсіп  таңдауы,  ақыл-ойы  өсіп 
жетілетіндігін аңғаруға болады. [6, 15-16 б.] 
       Ойындарды  қолдану  сабақтың  әсерлілігін  арттырып,  балалардың  логикалық 
ойлауын, 
математикалық 
қабілеттерін 
дамытады. 
Тәрбиеші 
ойындарды 
шығармашылықпен 
түрлендіре 
отырып, 
балалардың 
психофизиологиялық  
ерекшеліктерін  ескеріп,жаңа  тақырыпты  өткенде,  өткен  материалды  қайталағанда, 
білімді тиянақтау кезінде сабақтың мазмұнына сай пайдалануына болады. Әрине бұлар 
топтағы  барлық  балалармен  жүргізілетін  бағдарлама  аясындағы  жұмыстар.  Осы 
жұмыстармен қатар топтағы қабілетті  балаларды анықтау, олардың  қабілетін одан әрі 
дамыту  жұмыстарында  да  баса  назар  аударып  отырамыз.  Тәжірибе  жүзінде  алдымен 
«қабілетті  балаларды  анықтау  және  олардың  қабілетін  дамыту  үшін  жүргізілетін 
жұмыс» жоспарын құрапы аламын. 

 
Топтағы қабілетті балаларды анықтау. 

 
Қабілетті балаларға арналған тапсырмалар дайындау. 

 
Сабақ үстінде қабілетті балаларға арнайы жаттығулар беріп отыру. 

 
Қабілетті балаларды халық ауыз әдебиеті үлгілерін үйретуге тәрбиелеу. 

 
Қабілетті балалардың арасында сайыс өткізу. 

 
Қабілетті балалардың қолымен жасалған бұйымдардан көрме құрастыру. 

 
Қабілетті  балалармен  жүргізілген  жұмыс  жайында  педагогикалық  ұжым,  ата- 
аналар алдында есеп беру. 
                  Бала ойынды ойнау үстінде өз денесінің кеңістіктегі алатын орнын анықтап, 
көз  қимылы  мен  дене  қимылын  үйлестіру,ойша  байланыс  орнату  арқылы  логикалық 
яғни шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.  
         Әр  халық  ұрпағының  қайырымды  да  адал,  әділ  де  ержүрек  ар-  ұяты  мол  үлкенді 
құрметтеп,  кішіге  қамқор,  кішіпейіл  болып  өскенін  қалайды.  Ол  үшін  халық  өзінің 
талай  ғасырлар    бойы  жасап,  әріден  келе  жатқан  әдет-  ғұрпына,  салт-  дәстүріне  арқа 
сүйейді. 
        Кейінгі  кезде  оқу  іс-  әрекеттерінде  қазақтың  ұлттық  «Бес  тас»,  «Асық  ату», 
«Санамақ» т.б  ойындарын тиімді пайдалану ұсынылады. Ойын арқылы өтілетін оқу іс- 
әрекеттерінде  балалар,  өзіміздің  ұлттық  ойындарды  білумен  қатар,  ойын  арқылы 
санауға, түр- түсті, алыс- жақынды, көп- азды ажырата білуге үйренеді. [5, 2-3 б.] 
       Халқымыздың  ауыз  әдебиетін,  ертегілер  мен  аңыздарды  балалар  сүйіп,  қызығып 
тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар ата- аналарының 
айтуы,  оқып  беруі  бойынша  от  басында  әуелден  ақ  таныса  бастайды.  Бесік  жыры, 
хайуанаттар  айтысы,  ертегілер,  жұмбақтар,  өтірік  өлеңдер,  бәрі  де  балаларды 
қызықтырып, оларды мәз- мейрам қуанышқа кенелтеді.. 
                  Көңіл  көтеретін  ойындар  арифметикалық  доминолар,  лотолар,  арқылы 
балалардың ақыл- ой белсенділігін арттыру, бастаған  ойынның қорытындысын алдын- 
ала болжай білу балалар білімін қалыптастырып, олардың жан- жақты дамуын одан әрі 
толықтыра түседі. 
Оқу  мен  тәрбиенің  егіз  екенін  бір  сәт  те  естен  шығармаған  жөн,  соның  нәтижесінде 
ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: 

159 
 
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – 
адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген. [2, 1б.] 
      Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және эксперимент. 
       Тәрбиешілер  балалардың  өздеріне  тән  жеке  қасиеттерін  анықтай  түсу  мақсатымен 
жылдың  басында  және  аяғында  театрландырылған  жұмыстар  арқылы  «Құпия»  сынақ 
(эксперименталдық) ойындар өткізіп отыруы.  Бұл ойындардың өн бойында музыканың 
тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал 
ұялшақ, ұяң балаларға жәй рөлдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті рөлдерде ойнай 
алатын  қабілетті  балаларды  театрландырылған  жұмысқа  кіргізіп  отыру.  Осындай  5-6 
баламен жекелей  жұмыс жүргізу. Оларға қуыршақты қалай  ұстау керектігін, мимика, 
дауыс  ырғақтарын  үйрету.  Театрландырылған  ойындардың  мазмұнына  ерекше  мән 
беру.  Бұл-  негізінен  адамгершілік,  достық,  кішіпейілдік,  ерлік,  батылдық,  адалдық, 
 әділдік,  шыншылдық  қасиеттерді  уағыздаудан  тұрады.   Әдетте  балалардың   өздері 
жақсы  көретін  кейіпкерлеріне  еліктеп  өсетіні  белгілі.  Осыған  қарап,  шапшаң,  ширақ 
балаларға  жуас,  қарапайым  ролдер,  ал  мінездері  салмақты  байыпты  балаларға 
жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек 
үңіліп,  ненің  жаман,  ненің  жақсы  екенін  айқындырақ  ұғынып,  жаманнан  жиіркеніп, 
жақсыдан  үйренуге,  өз  қылықтарын  дұрыс  бағалап,  жақсы  кейіпкерлерге  еліктеуге 
үйрету.  Театрландырылған  ойындарды  ұйымдастыру  үшін  қолайлы  жағдайлар  керек. 
Осыны  ескере  отырып,   әрбір  топта  театр  бұрыштары  жасалады.  Бибабо  саусақтары, 
үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.  
           Екінші  кішкентайлар  тобының  балалары  сахналық  өнердің  қарапайым 
көріністерін  ғана  бейнелеуге,  өлеңдердің  мағынасын  қимылмен  көрсетуге  үйретіледі. 
Алғашында  балалар  жануарларға  еліктеп,  олардың  сыртқы  кейпін  салып  келтіреді, 
бірақ  жануарлардың  мінез-құлқын  ашуға  қиынсынады.  Мысалы:  «Тауық  пен 
балапандар»,  «Қоян  мен  көжектер»,  «Аю  мен  қонжық»,  «Түлкі  мен  қасқыр»  деп 
аталатын  ойындарда  балаларға  кішкентай  көңілді  құстардың  қанаттарын  қалай 
қағатынын,  олардың  балапандап  жүретінін  көрсету.  Ұйымдастырылған  оқу  іс  әрекеті 
мен  күнделікті  өмірде  балалар  тұрмысынан  көріністер  ойналады.   Мысалы:  қуыршақ 
алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру 
жаттығулары  жүргізіледі.  Қозғалыс  әдеттерін  жетілдіру  жұмысында  мына  әдістерді 
қолданамыз: 

 
Қимылды көрсету. 

 
Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау. 
       Педагогика  ғылымы  еш  нәрсеге  бейімі  жоқ,  қабілетсіз  адам  болмайды  деп 
дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектепке 
дейінгі  мекеме  ғана  мақсатты  түрде  ықпал  ете  алады.  Балалардың  шығармашылық 
қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Балалардың өзіндік 
жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен 
сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың  негізгі шарттары мыналар: 

 
Педагогтың нақты тапсырмалар беруі; 

 
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу; 

 
педагогтың басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың 
жұмысты өз еркімен орындау. 
       Балалардың  өзіндік  жұмысы  –  педагогтың  қажетті  нұсқаулары  бойынша  баланың 
оқу  жұмысының  жеке  дара  және  ұжымдық  түрі.  Өзіндік  тапсырмаларды  орындау 
барысында  балалар  дан  белсенді  ойлау  талап  етілді.  Осының  нәтижесінде  балалар 
өздігінен  бақылауды  үйренеді,  олар  да  тапсырылған  істі  орындаудағы  жауапкершілік 
сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімендеген жолдастық көмек 
қалыптасады.  Өзіндік  жұмыстың  негізгі  мақсаты  балалардың  танымдық  міндеттерін 

160 
 
қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығушылығынжетілдіру,  білімге 
қүштарлығын  ояту.  Педагог  оқу  іс-әрекетіндеәдіс  -  тісілдердіпайдаланаотырып, 
балалардыңұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген 
сенімін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Әдіс  –  тәсілдер  арқылы  өткізген 
әрбір  оқу  іс-әрекетінде  балалардың  ойлануына  және  қиялына  негізделіп  келеді, 
баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік 
тәсілдер  пайдалану  арқылы  қабілеті  әртүрлі  балалардың  ортасынан  қабілеті  жоғары 
баланы  іздеп,  онымен  жұмыс  жасау,  оны  жан  –  жақты  тануды  ойлап,  балалардың 
шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір педагогтың міндеті. [3, 4 б.] 
 
Қорытынды 
1.    Өз  елінде  балалардың  қабілеттілігін  көтеру  мәселесі  жоғары  деңгейде  аз 
қарастырылған, көбінесе әр ата-анаға ғана соған көңіл бөлуде, соның өзінде қаражаты 
және  уақыты   жетсе  ғана.  Сондықтан  да  көптеген  Қазақстандық  педагогтар  өз 
 жобаларын қаражат бөлетін ғана шетелдiң пайдасына еншiлеп жiбередi. 
2.Көп  жағдайда  дарынды  балалардың  жағдайларында  кездесетін  қиыншылықтар  тек 
мемлекет шешуде, ал жеке инвистициялау жолдары аз қамтылған. 
3. Қазақстанда қабілетті балаларды алға жылжыту жөніндегі сервистің                  әлсіз 
дамығандығы. Дарынды балалармен  жұмыс істей алатын кәсіби мамандар аздығы.  
4. Проблеманы шешу жолдары және оның болашақтағы нәтижесі. 
      Әр  оқу  орындарында  педагог-ғалымдарға,  сонымен  бірге  болашақ  мамандарға  осы 
тақырыпта жоба жасауды ұсыну және сол жобаны жүзеге асыруға көмек көрсету. 
       Инновациялық  сипаттағы  жобаларды  көпшілікке  жариялау  және  субсидия 
жасайтын мекемелерге оның маңыздылығын нақты көрсету.  
Жасақтаған, сыннан өткен инновациялық жобаларды патент жасауға жағдай жасап, шет 
елдерге жібермеуді  қарастыру. 
      «Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  оқыту»  саласындағы  кездескен  қабілетті 
балаларды көпшілікке жариялап, олардың мемлекет үшін маңыздылығын көрсету және 
жеке инвистициялау жолдарын қарастыру. 
       Дарынды  балалармен  жұмыс  жасайтын  мамандардың  санын  көбейту,  бұл  бағытта 
педагогтардың жұмыс жасауға қызығушылығын көтеру жұмыстарын қарастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет