Udc 37. 01: 37. 014. 1 Б. К. Жыланбаева, А. Р. Рыскан., Б. Н. Джаханова



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#7585

UDC 37.01:37.014.1 

 

Б.К. ЖЫЛАНБАЕВА, А.Р. РЫСКАН., Б.Н. ДЖАХАНОВА  

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

«Информатика» модулі 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Мақалада  қазіргі  уақыттағы  оқыту  үрдісін  жаңашаландыру  әдістері  мен  ерекшеліктері  қарастырылған.  Осы  бағытта  білім 

берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар туралы 

жазылған.  

Инновациялық  технологиялар  арқылы  оқытудың    ерекшеліктері  мен  маңыздылығы,  білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық 

технологиялар  мен  түрлері  және  өзара  байланысы  қарастырылған.  Сонымен  қатар оқытудың дәстүрлі  және жаңа  ақпараттық 

технологияларына салыстырмалы түрде сипаттама жасалған. 

Түйінді сөздер: оқыту үрдісі,инновация, технология, педагогика, құзіреттілік, ақпарат, ақпараттық технология. 

 

Кіріспе.  Мемлекетіміздің  тәуелсіз  ел  ретінде  дамуы  барысында  орта  білім  берудің  жүйелі  жаңашаландырылуы  қоғамдық 

тұрғыдан  үлкен  маңызға  ие.  Білім  беруді  жаңашаландыруды  жүзеге  асырудың  маңызды  бір  сипаты:  қазіргі  уақыттағы  оқыту 

үрдісін  технологияландырудың  қажеттілігінен  туып  отыр.  Бұл  бағытта    білім  берудің  әртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы, 

ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен жаңа технологиялары бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, 

оқу  мазмұны  әрбір  білім алушының  жас  және жеке  дара  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибе  жүзінде сыннан 

өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу 

мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және 

басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі.  

Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың – ғылым ғасыры деген сипатын дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді 

дамыту  көзделген.  Сондықтан  жас  ұрпаққа,  жас  буынға  жаңаша  білім  беру  жолында  түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр. 

Елбасымыздың “Жаңа онжылдық  – жаңа экономикалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай 

қалалық,  сол  секілді  ауылдық  жерлердегі  барлық  балалар  мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  беру  және  оқытумен  қамтылады  деп 

көрсетті. 

Осы бағытта оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі инновациялық технологияларын жетілдіріп, оны арнайы пән сабақтарын 

оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату мақсатында бір қатар бағыт-бағдарлар берілуде. 

Тұлғаның  психологиялық  ерекшеліктерімен  табиғи  қабілеттіліктерін  ескере  отырып,  шығармашылық  қабілеті  мен  сабаққа 

ынтасын  арттыру,  ой-өрісін,  логикалық  ойлау  дәрежесін  дамыту,  сонымен  бірге  экономикалық,  эстетикалық,  гуманитарлық, 

халықтық  педагогикалық  тәрбие  беруде  де,  ойлау  қабілетін  белсендендіру  үшін  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  және 

технологияларды тиімді қолдана білуі қажет. 

 

 

 



Инновация  («новация»  -  жаңа,  жаңашылдық;  «ин»  «қайталанатын»  процесс,  деген  ұғым)  бар,  әрекет  етуші  нәрсенің  ішінде 

жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде 

пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады. 

Осы негізде білім беру жүйесінің біртұтас және 

жекелеген бөліктерінің компоненттерін ипаттайтын, 

психологиялық-педагогикалық талаптарға сай 

заманауи жаңашылдықты білім беру ортасына 

енгізудегі мақсатқа бағытталған нақты ақпараттар

ережелер мен әдіс тәсілдердің жиынтығы 

 

Педагогикалық инновация ұғымы 

Жаңа әдістемелер мен 

бағдарламаларды іздестіру, оларды 

білім беру үрдісіне енгізу және 

шығармашылық мақсатта тиімді 

пайдалану 

Жаңашылдықты (жаңа



 

құралдарды, 

әдістерді, әдістемелерді

технологияларды, дағдылар мен 

бағдарламаларды) меңгеру үрдісін 

дамыту 


Білім  берудегі  адам  қабілетімен  іскерліктерін  дамытуғы  бағытталған  оқу-тәрбиеде  қолданылатын  құралдардың  арнайы 

формалары,  әдіс-тәсілдері  көрсетілетін  психологиялық-педагогикалық  нұсқауларға  және  оқу  үдерісін  жобалау,  ұйымдастыру  әрі 

жүзеге  асыруға  бағытталған  біріккен  педагогикалық  іс—әрекетке  жаңашылдық  тұрғысынан  келу  инновациялық  технология 

болып  табылады.  Демек,  инновациялық  технология  маманның  құзіреттілігіне  ықпал  ететін  шығармашылық  қасиеттерді, 

шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы. 

Инновациялық оқытудың ерекшеліктері: 



 

Көрегендік сипат алуы, дамудың жылдамдығы; 



 

Болашаққа үмітпен қарау; 



 

Өзіне, өзгеге талаптың жоғары болуы; 



 

Тұлғаға, оның дамуына бағытталуы; 



 

Шығармашылақ элементтерінің міндетті қатысуы; 



 

Қарым-қатынастың ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделуі және т.б. 

Бүгінгі  жаһандану  заманы  жаңашылдық,  жаңа  көзқарастар  мен  өзгерістерге  толы.  Ал  біз  осы  ағынмен  өмірімізді  жаңа 

өнімдерді,  техникаларды,  жетілген  білімдерді,  жан-жақты  дамыған  идеяларды  пайдалану  арқылы  жалғастырып 

отырмыз.  Сондықтан  білім  беру  жүйесін  ізгілендіру  барысында  оқыту  үдерісіндегі,  әдіс  тәсілдерде  жаңашылдыққа  бағытталуы 

тиіс.[1],[2] 

Қазіргі кезде білім беру мен білім жүйесін ұйымдастырудың оқу үдерісіндегі жаңа технологиялары ақпараттық технологияларды 

кеңінен қолдану аясын кеңейтіп мультипликацияны, бейнетаспа мен күрделі сызбалармен оқу материалдарын түсінікті баяндауға 

мүмкіндік  береді.  Мультимедиялық  технологиялар  адамға  ақпаратты  максималды  жақын  түрде  сенсорлы  елестету,  ақпараттық 

және бағдарламалық аспектілері арқылы қолданушыға ақпаратты әр түрлі формада: мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнемен 

интерактивті режимде елестетіп көруге мүмкіндік беред. Ол үшін ақпараттық технологиялардың яғни компьютерлердің интернет 

желісіне қосылу мүмкіндігімен бірге дыбыстық әрлендіруге WT синтездерін, DSP сигналдық процессорларын, TW аудио сигналдар 

үшін сығушы синтездерді, CD-ROM лазерлік дискілерді пайдалану нәтижелі болады.[4] 

Соңғы кездері оқыту үдерісінде осы мақсатта пайдаланылып жатқан электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электронды 

оқыту бұл электрондық бизнес сервистерін және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін 

кеңейту  үшін  ұжымдық  жұмыс  құралдарын  және  электрондық  контентті  қолдану  қарастырылған.  Желілік  инфрақұрылым 

электрондық  оқу  үшін  технологиялық  база  болып  табылады.  Желілік  инфрақұрылым  өзінің  күштілігімен,  сенімділігімен, 

қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық оқу стандартына негізделеді. 

Электрондық  оқулық  пен  оқытудың  негізгі  мақсаты:  «Оқыту  үдерісін  үздіксіз  және  толық  деңгейін  бақылау,  сонымен  қатар 

ақпараттық  ізденіс  қабілетін  дамыту».  «Электрондық  оқулықтарды»  пайдалану  білім  алушылардың  танымдық  белсенділігін 

арттырып, ойлау  жүйесін, тәжірибелік ой тжырымдамасын қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде 

болуы  тиіс.  Электрондық  оқулық  уақыт  үнемдейді,  оқу  материалдарын  іздеп  отырмай,  өтілген  және  ұмытып  қалған 

материалдарын еске түсіруге, сауалнамалар арқылы  өзін өзі бағалауға  зор ықпал етеді. 

Электрондық оқыту формасы қашықтықтан оқу жүйесінің құралы болып табылады. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі көрінісі 

оқытушы мен студент арасындағы қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас 

орнатуы. 

Қашықтықтан оқудың дәстүрлі оқу түрінен айырмашылығына: 

Ыңғайлылық – кез келген жерде, кез келген өзіңе ыңғайлы уақытта жылдам дайындалу мүмкіндігі. 

Параллельдік –  маман ретінде өсуі, жетілудің қатарлылығы.  

Үнемділік – оқу аудандары мен техникалық және жеткізу құралдарын қолайлы пайдалану. 

Технологиялық  –  әлемдік  постиндустриалды  ақпараттық  кеңістікте  адам  қозғалысын  жылдамдататын  ақпараттық  және 

телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін білімдендіру үдерісінде қолдану. 



Әлеуметтік  тең  құқылылық  –  студенттің  материалдық  және  элитарлық,  денсаулық  жағдайы,  тұратын  орнына  қарамастан  тең 

білім алу мүмкіндігі. 



Халықаралық – білім нарығында әлемдік жетістіктерді импорттау және экспорттау. 

Икемділік  –  студенттер  көп  жағдайда  лекция,  семинар  түріндегі  сабақтарға  қатыспайды.  Әркім  өзі  таңдап  алған  мамандықты 

қажетті деңгейде игеру үшін өзіне керекті мөлшерде білім алады.  



Модульділік.  Қашықтықтан  оқыту  бағдарламаларының  негізіне  модульдік  принцип  саналады.  Студенттер  игеретін  әрбір  пән 

немесе  пәндер  жүйесі  белгілі  бір  ғылым  саласы  туралы  тұтас  ұғым  қалыптастырады.  Ал,  мұның  өзі  бір-біріне  тәуелсіз  оқу 

курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді. 

Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі – студентпен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының 

сапалылығы  жағдайында)  тиімді  білім  беру  үдерісіне  кедергі  болмайды.  ҚОЖ  жүйесінде  оқитыңдар  саны  шектеулі  параметрге 

жатпайды. 

Қамту  –  бұл  ерекшелікті  кейде  «көпшілікті  қамту»  деп  атайды.  Олардың  көптеген  оқу  ақпараттары  көздеріне  (электрондық 

кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе 

басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады. 

Рентабельділік  –  қашықтықтан  оқытудың  бұл  ерекшелігі  оның  экономикалық  тұрғыдан  тиімділігімен  айқындалады. 

Студенттердің  сапалы  білім  алуын  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыруда  және  ұлттық  рухани  мұраларынан  хабардар  болуын 

көксеген ұлттық төл оқулықтар, карта, атластар, сондай-ақ картографиялық, аэроғарыштық есептер мен қажетті оқу-әдістемелік 

және көмекші құралдар қарастырылуда.[3] 

Жаңарған білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз 

бетінше ізденуіне мүмкіндік тудыру.  

Оқыту  технологияларымен  жұмыс  жүргізу  5  саты  арқылы  қалыптасады.  Олар:  оқып  меңгеру;  тәжірибеде  қолдану;дағдылану,  

шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.       

Технологиялардың танымал түрлерінің бірі – модульдік оқыту. Ол тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдейді, ал дамыта 

оқыту оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін көтеруге ықпал етеді. 

Қазір  оқу-тәрбие  үрдісінде  телекоммуникациялық  технологияларды  қолданудың  2  жолы  бар:  білім  алушылар  мен  мұғалімдерді 

желімен  жұмыс  жасауға,  дайын  телекоммуникациялық  жобалармен  жұмыс  жасауды  ұйымдастыру,  пәндік-әдістемелік  Web-

сайттар, Web-бетін құруболып табылады [6]. 

Аталған  технологиялардың  әр  қайсысының  оқу-тәрбие  үрдісінде  қолдану  ережелері,  талаптары  мен  сипаттары  әр  түрлі,  бірақ 

сыртқы  белгілеріне  қарай  жүйелеуде    ұқсастықатар  бар.  Оны  В.П.Беспальконың  пікіріне  сәйкес  мұғалім  мен  білім  алушының 

қарым-қатынасы (оқытуды басқару) тұйықталмаған және ырғақты (оқытушы мен білім алушылар арасында тұрақты түрде тура 

және  кері  байланыс  орнаған);  шашыранды  (жаппай  және  топтық)  және  бағытталған  (жеке);  қолмен  (вербальды)  және 

автоматтандырылған (жасанды түрде қондырғылармен басқарылатын)  болып бөлінеді. 

 Зерттеушілер  аталған  технологиялардың  педагогикалық  үрдісте  жеке  дара  қолданылмай,  үйлесімді  түрде  нәтиже  беретіндігін 

сипаттаған, ол технологиялар: 





 

құрылымдық-логикалық  оқыту  технологиялары  (оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  құрамдас  бөліктерін  іріктеп  алу  негізінде 

бірінен бірі туындайтын логикалық бірізділікті қамтамасыз ету арқылы дидактикалық міндеттерді жүзеге асыру); 



 

құрамдасқан  технологиялар  (өлшемі  әр  түрлі  деңгейлі  білім  мен  іскерлік-дағдылар  мен  іс-әрекеттерді  құрамдастыруды 

қамтамасызететін жүйелер); 



 

ақпараттық-компьютерлік  технологиялар  (ақпараттық,  жаттығу,  бақылау  тағыда  басқа  әр  түрлі  оқыту  бағдарламаларын 

пайдалануға негізделген дидактикалық жүйелер); 



 

сұхбаттық  технологиялар  (субъект  –  субъективтік  деңгейдегі  сұхбаттық  ойлау  негізінде  оқу  іс-әрекетінің  ынтымақтасуы 

ретінде ұйымдастырылады). 

Қазіргі кезде білім жүйесіндегі  оқытудың кең таралған бірнеше модельдері бар:  

 



Пассивті – білім алушы оқытудың басты «обьектісіне» айналады (тыңдайды, қарайды); 

 



Активті – білім алушы оқытудың «субьектісіне» айналады (дербес тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар); 

 



Интерактивті – өзара байланыс.[7] 

Интерактивті  оқытудың  қағидалары:  тұлғалану,  икемділік,  элективтілік,  мазмұндық,  тәсіл,  ынтымақтастықты  дамыту,  белсенді 

оқыту әдісін пайдалану болып табылады. 

Енді осы технологиялар негізінде білім алушының материалдарды игеру нәтижелері төмендегідей: 

 

 

 



Сызба  сараптамасынан  көріп  отырғанымыздай  интербелсенді  бағдарламамен  басқару  арқылы  жүретін  визуальды  және 

аудионәтиженің  өзара  әрекеті  арқылы  білім  алушының  танымдық,  шығармашылық,  нәтижелік,  қызығушылық  қасеиттерін 

дамытып,  мультимедиалық  –  нысандар  мен  үрдістерді  фотосуреттің,  бейненің,  графиктің,  анимацияның,  дыбыстың  дәстүрлі 

мәтіндік  сипаттамамен  үйлестіріп  берілген  ақпаратты  толық  меңгеруі  мен  өзіндік  ой  қорытуларын  жасауда  ұтымды  шешім 

табады. Мультимедианың басқа оқыту құралдарынан сандық және сапалық артықшылығы бар. Жаңа сапалық артықшылығы мен 

мүмкіндіктеріне тікелей аудиовизуальды көрсету барысында кескінді бейнені қозғалысқа келтіріп, сөзбен көркемдеуді жатқызуға 

болады..  Сандық  артықшылығын  мультимедиалық  ортаның  ақпараттық  тығыздығы  біршама  жоғары  болуы  айқындайды. 

Көптеген  адамдар  естіген  сөздерінің  15  -  20  %    және  көргендерінің  30-40%-н  есте  сақтай  алатындықтан  ақпаратқа  қаныққан 

мультимедиалық оқыту құралдарын көру білімалушылардың назарын аудартуға және көрген құбылыстар мен үрдістерді белсенді 

түрде талдау арқылы өтілетін оқу материалдарын есте сақтауға, терең меңгерулеріне мүмкіндік береді. 

Бұл мәселе ыңғайлы мәтіндік түрдегі бейнеақпараттардың интербелсенді элементтерін құрып, мультимедиа оқыту құралдарына 

енгізу ырғақты ақпараттар ағынын терең түсініп меңгертуге қол жеткізуге жағдай тудырады. 

Мультимедианы  пайдалану  оқушыларға  оқу  материалдарымен  жұмыс  істеу  арқылы  ақпараттық  технологиялық  құралдардың 

мүмкіндігіне сүйеніп, әріптестерімен бірлесе отырып білім бері үрдісіне белсене араласа алуына мүмкіндік туады. 

Компьютерлік  технологиялардың  көмегімен  әр  түрлі  дайын  электронды  ортада  өз  бетімен  дайындалған  сауалнамалар  арқылы 

сабақта тұлғаның білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп бағалауға да болады. 

Бейне  ақпараттар  мен  презентациялар,  салалық  вебсайдтарды  сабақта  пайдалану  арқылы  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылықтарын арттырып, ой өрістерін кеңейтуге болады. 



Қорытынды:  Міне  осыдан  келіп  жаңа  оқыту  технологияларымен  ақпараттық  технологиялар  негізінде  оқыту  жүйесін 

ұйымдастырудың тиімділігін сипаттау қолайлы. Кейінгі оқыту технологияларының негізгі құралы болып отырған мультимедия-

құралдары  әр  түрлі  ақпараттарды  өңдеуге  мүмкіндік  беретін  ең  соңғы  үлгідегі  прогрессивті  техникалық  инновацияларды 

пайдалану жаңа деңгейдегі білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік береді деуге болады. Қазіргі заман талабына сай білім 

алушылардың сапалы да саналы білім алуына ықпал етуші құралдарды пайдалануда ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   

жаңа    педагогикалық     инновацияларды   орынды  дер  кезінде қабылдап,      өңдеп,      нәтижелі     пайдалана   білу  –    әрбір   ұстаздың   

негізгі міндеті болып табылады. [8] 

М.Әуезов  «Халықты  халықпен,  адамды  адаммен  теңестіретін  -  білім»  -  деп  атап  көрсеткеніндей,  білімді,  саналы,  дарынды,  іскер, 

ойшыл  болашақ  ұрпақты  даярлауда  ең  алдымен  білім  қажет.  Жас  ұрпақтың  рухын  оятатын,  елін,  жерін  құметтейтін,  мәдени 

ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім. Әрбір ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, 

тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. 

Жаңа  заман  жаңа  технологиялармен  сусындаған  ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  –  білім  алушыларға  ақпараттық  білім 

негіздерін  беру,  логикалық-құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  жаңа  қоғамға  бейімдеу  мен  интеллектуалды  дамуын 

қалыптастырудың бірден-бір жол болып табылады. 

 

 

 



 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 



Ә.Жүнісбек «Жаңа технология негізі – сапалы білім»  // Қазақстан мектебі. – 2008. - №4. – Б.1-2. 

2

 



Тапаева А. П. Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі // Молодой ученый. – 2014. 

- №20. – Б. 43-48. 

3

 

А.Даменова «Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі және ерекшелігі» // «Қазақстан мектебі». – 2012. - №2. – Б. 16-



17. 

4

 



Э.Раджерс «Инновация туралы түсінік» // Қазақстан мектебі. – 2006. -  №4. – Б. 2. 

5

 



Т.П.Сенаторова «Мультимедиа. Возможности использование в учебном процессе» // Информационно-методический материал. 

– Казань: 2001. – Б. 4. 

6

 

Кудесова Г. «Сабақтарда – ақпараттық технологиялар» // Қазақстан мектебі. – 2013. - №10. – Б. 27-29. 



7

 

Ж.Досова «Жаңа технологияны оқытуда қолдану» // Педагогикалық кеңес. – 2009. - №4. – Б. 16-25. 



8

 

Каплиева А. «Инновациялық технологиялар-білім сапасын арттыру құралы» // Қазақстан мектебі. – 2013. -  №12. – Б. 6-8. 



 

 

 



 

 

Б.К.ЖЫЛАНБАЕВА, А.Р.РЫСКАН, Б.Н.ДЖАХАНОВА   



Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова, 

Модуль «Информатика» 

 

ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ  ОБУЧЕНИЯ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ 



 

Резюме:  В  статье  рассмотрены  современные  методы  и  особенности  технологического  оснащения  учебного  процесса.  В  этом 

направлении  здесь  описаны  новые  идеи  и  различные  по  форме  и  содержанию  технологии,  основанные  на  теории  и  практике. 

Также  расматриваются  особенности  и  важность  инновационных  технологий  в  обучении,  связь  их  с  различными  видами 

информационных  технологий  в  системе  образования.  Кроме  того,  приведено  сравнение  традиционных  методов  обучения  с 

новыми информационными технологиями.  

Ключевые слова: учебный процесс, инновация, технология, педагогика, компетенция, информация, информационные технологии 

 

 



 

 

B.K. ZHYLANBAYEVA, A.R. RYSKAN, B.N.JAKHANOVA  



Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov,  

Informatics module 

 

FEATURES ARE APPLICATION OF INNOVATIVE TECHNOLOGIES  OF EDUCATING ARE IN EDUCATIONAL PROCESS 

 

Resume: Tendency in nowaday time educating in the article технологияландыру examined features of methods. this the direction  forms 

different variant ғы maintenance, structure, science and experience grounded new idea, only what technology about is written. innovative 

technology  through  teaches    feature  and  importance,  education  system  гі  new  informative  technology  and  kind  and  mutual  connection 



examined. And also traditional and new informative to technologies educating in comparative kind description do   

Keywords: educational process, innovation, technology, pedagogics, competense, information, information technologies.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет