К. У. Сулейманова


Эпизоотологиялық    деректер



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Эпизоотологиялық    деректер    құстар  ерте  көктемнен  күздің  соңына 
дейін  зақымдалады.  Көбіне  үйрек  және  қаз  3-4  айлық  балапандарда  өлім 
байқалады. Инвазияны үй және жабайы суда жүзетін құстар таратады. Одан 
басқа  су  қоймаларда  қыстап  шыққан  аралық  және  қосымша  иелер  арқылы 
сақталады. 
Патогенез  және  ауру  белгілері  инвазия  интенсивтілігіне  байланысты, 
әсіресе  жиі  балапандар  аурады.  Оларда  тәбеті  жоғалады,  іші  өтеді  және 
жалпы  әлсіреу  байқалады.  Өсуі  және  дамуы  баяулайды.  Ірі  құстар 
жұмыртқалауы төмендейді. Кахексия кезінде өлім болуы мүмкін. 
Патологоанатомиялық  өзгерiстер  шектін  кілегей  қабығы  ісінген, 
саңылауда  қою  сұйықтық,  кейде  қан  аралас.  Аш  және  тоқ  ішек 
геморрагиялық қабынған, онда көптеген трематода табылады. 
Диагнозы гельминтоовоскопиялық кезендік шаю әдісімен және өлексені 
зерттеу  арқылы  қояды.  Өлексені  сойғанда  көп  мөлшерде  трематода 
байқалады. 
Эхиностома 
және 
гиподерлар 
жақсы 
көрінеді, 
ал 
эхинопарифийлар  кішкентай  болғандықтан  оны  табу  қиын.  Ол  үшін  ішек 
кілегейінен жұғынды алып, оны лупамен қарайды. 
 
 
 

 
 
56 
Емі    келесі  антигельминтиктар  қолданылады:  феносал,  мөлшері  0,6 
г/кг, азыққа топтық әдіспен береді; төртхлорлы көміртек, мөлшері 2-4 мл бір 
басқа. 
Алдын  алу  және  күресу  шаралары  балапандарды  игілікті  су 
қоймаларда  жеке  өсіру  керек.  Ал  игіліксіз  шарушылықтарда  құстарға 
дегельминтизация  жасап,  болашақта  игілікті  су  қоймаларға  көшіру.  Ауру 
құстар мекендеген су қоймаларды екі жыл өтісімен қолдануға болады. 
 
 
Тақырып  14  Құс нотокотилидозы 
Сабақ манызы: Нотокотилидоз қоздырушыларының құрылысын зерттеу 
Құрал-жабдықтар: плакаттар 
 
Нотокотилидоздар  –  қаздардың,  үйректердің  және  кейбір  кезде 
тауықтардың  да  трематодозды  аурулары,  Notocotylidae  тұқымдасына 
жататың  трематодалардың  бірнеше  түрлерімен  шақырылады.  Жиі 
Notocotylus  attenuatus  және  Catatropis  verrucosa  түрлері  кездеседі.  Олар 
жінішке  ішекте  және  соқыр  сабағында  тіршілік  етеді.  Ауру  арығумен, 
өнімділігі төмендеумен білінеді. 
Қоздырушылар  N.  аttenuatus  толық  жыныс  сатысы  2,4-4,3  мм  дейін 
жетеді.  Нотокотилида  паразиттерінің  айырмашылық  ерекшілігі  болады  – 
құрсақ  қуысының  жоқтығы.  Аналық  және  аталық  жыныс  тесіктері  ішек 
бөлінетің  деңгеінде  ашылады.  Ендер  сопақтау,  шеттері  жылтыр,  дененің 
артқы  бөлігінде  орналасады.  Дененің  вентральдіқ  бетінде  тері  бездерінің  3 
қатары орналасады, бүйір қатарында 10-15 дей, ортаңғыда – 9-13. 
C.  verrucosa-ның  дене  ұзындығы  5  мм,  еңдер  де  дененің  артқы 
бөлігінде  жатады.  Құрсақ  бетінде  2  қатар  емізікшелер  орналасады, 
әрбіреүнде  8-12.  Құрсақ  емізікшелері  тері  бездерінің  бөлу  протоктарымен 
ашылады.  Трематода  жұмыртқалары  сопақ,  қара  түсті,  2  ұзын  филаменті 
болады. Олардың мөлшері (филаментсіз) 0,018х0,02 мм. 
Аралық иелер - тұшы судағы ұлулар. 
Даму  циклі    Инвазияның  негізгі  көзі  –  үйдегі  және  жабайы 
зақымдалған  құстар.  Ауру  құстар  ішінде  мирацидий  личинкасы  бар 
жұмыртқаларды  саңғырықпен  бөледі,  оларды  моллюскалар  жұтады.  Ішекте 
спороциста құрылады, содан кейін бауырға еніп редияға айналады, ал олар – 
церкарийға.  Соңғылар  моллюск  денесінен  шығады.  Моллюскте  даму  60-80 
күн  өтеді.  Су  қоймасында  церкарийлар  бекітіліп,  күйрығын  жоғалтып 
адолескарийға  дамиды.  Құстар  су  немесе  шоп  арқылы  адолескарийлерді 
жұтып  зақымдалады.  Құстардың  ішегінде  нотокотилустар  15-18  тәүлік 
ішінде,  ал  кататропистар  –  20-30  күн  ішінде  дамиды.  Құстардың 
организмінде өмір сүруі 2 ай шамасында. 
Эпизоотологиялық  деректер    Ауру  барлық  жерде  таралған.  Жиі 
қаздар  және  үйректер  аурады,  олар  су  қоймасында  зақымдалады.  Су 
қоймаларың  жабайы  суда  жүзетін  құстар  зақымдайды.  Адолескарийлар  су 
қоймалырында қыстап шығып көктемде құстарды зақымдайды. 

 
 
57 
11 сурет. Notocotylus attenuatus 
1 – гельминттің ішкі құрылысы;  
2 – жұмыртқа (Скрябин бойынша) 
 
Балапандар ересек құстармен ұстаған кезде зақымдалады. 
Патогенез  және  ауру  белгілері  инвазияның  интенсивтігіне 
байланысты.  Нотокотилүстар  ішекте  мекендеп  жабысқан  жер  манайында 
қабыну  процестерде  шақырады.  Ауру  құстардың  тәбеті  томендейді,  олар 
әлсізденеді.  Балапандар  өсу-өнуден  қалады,  ересек  құстардың  жұмыртқа 
өнімділігі  төмендейді.  Зақымдалудың  интенсивтік  кезінде  жиі  өлім 
байқалады, әсіресе құстардың балапандарының арасында. 
Патологоанатомиялық  өзгерістер.  Өлекселер  арыған,  бөзғылт. 
Негізгі  озгерістер  тік  ішегінде  және  соқыр  сабағында  көрінеді.  Олардың 
кілегей қабықтарында катаральді немесе геморрагиялық қабыну білінеді. 
Диагнозды  тірі  кезінде  нәжісті 
жүйелі 
жуу 
әдісімен 
және 
центрифугаланганнан 
кейін 
тұнбада 
жұмыртқаларды  табу  арқылы  қояды, 
өлгеннен кейін ішекте қоздырушылардың 
мөлшері  кішкентай  болса  табу  киың  
болады,  сондықтан  жұғынды  жасайды 
және  лупа  немесе  микроскоп  арқылы 
қарайды. 
Емдеу  Антгельминтик  орнында 
дихлофенды  қолданады,  дозасы  0,4  г/кг, 
дымқыл  азыққа  қосып,  жеке  немесе  топ 
әдісімен,  фенасалды  дозасы  0,6  г/кг 
азыққа қосып береді. 
Алдын-алу 
шаралар 
Балапандарды 
зақымдалмаған су қоймаларында бағады. 
Инвазия 
басталған 
кезде 
дегельминтизация жасайды. Таза емес су 
қоймаларың  бір  жылға  шығарады,  сол 
уақытта адолескарийлар өледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Нотокотилидоздың жалпы сипаттамасы және жүйелігі қандай? 
2  Нотокотилидоз ауруының қоздырғышын атаныз? 
3 Аралық иелері кім болады? 

 
 
58 
4 Ауру белгілерінің ерекшеліктері қандай? 
5 Диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 15 Цестодалар және цестодоздар 
Сабақтың  мақсаты:  Цестодалардың  жүйесін,  құрылысы  мен  дамуын 
зерттеу. Стеденттерді цестода қоздырушыларымен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар 
 
Цестодалар (грек сөзi «Cestos» – таспа, + «eidos» - бiтiмi) бітімі таспаға 
ұқсаған,  жалпақ  құрттар.  Бұлар  тудыратын  ауруларды  цестодоздар  деп 
атайды. 
Таспалы, 
яғни 
жынысы 
жетiлген 
имагиналдық 
түрi 
омыртқалылардың 
асқорыту 
жүйесiн 
мекендейдi, 
ал 
олардың 
лавроцисталары  (көпiршiктерi)  немесе  балаңқұрттары    омыртқалы  немесе 
омыртқасыздардың  әр  түрлi  мүшелерi  мен  ұлпаларына  орналасады. 
Малдәрiгерлiк,  медициналық маңызы зор таспа құрттар екi текке  бөлiнедi: 
Cyclophillidea  -  шынжыр  құрттар  (цепеньдер)  және  Pseudohillidea  -  баулы 
құрттар. Цестодтар жалпақ құрттар типіне, Cestoda класына жатады. Олар екі 
класс  тармағына  бөлінеді:  Cestodaria  және  Eucestoda.  Cestodaria  тармағы 
бунақтары  жоқ,  аздаған  гельминттер.  Олар  жалғыз  Amphillinidae 
тұқымдасынан  тұрады.  Бұлар  мекре  тұқымдас  балықтардың  және  тас 
бақалардың паразиттері.  
Цестодалар  таспа  сатысында  көптеген  сүтқоректілердің  ас  қорыту 
мүшелерін мекендейді. 
Шынжыр құрттардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас (сколекс), мойын 
(шейка) және бунақ дене (стробила). Таспа құрттардың   ұзындығы, түрлерiне 
байланысты, бiрнеше миллиметрден бiрнеше метрге дейiн жетедi. 
 Сколекс  құрт  денесiнiң  алдына  орналасқан,  көлемi,  пiшiнi,  құрылымы 
әрқилы, 2-4 сорғышы бар. Құрт сколексінің  алдында тұмсық тәрізді өсіндісі 
болады,  оның  1-2-3  қатарлы    iлмекшелері    болуы  мүмкін  (қарулы  сколекс). 
Сколекс өзiнiң сорғыштары және iлмекшелерiмен iшектiң кiлегей қабығына 
мықтап бекінеді.  
 Мойын  сколекстiң  астыңғы    жалғасы,  дененiң    бунақтарға  бөлiнбеген 
жiңiшке тұсы. Мойыннан немесе өсу шебiнен (зонасынан) жаңа жас бунақтар 
қалыптасып жатады, олар жетілген сайын, стробиланың артына қарай жылжи 
бередi. Құрттың ұзаруын және жаңа бунақтардың қалыптасуын  қамтамасыз 
етедi. 
Бунақ  дене  немесе  стробила  цестоданың  мойнына  жалғасқан  және 
көптеген  бунақтардан  (буылтықтардан,  проглоттидалардан)  құралған.  Жаңа 
пайда  болған  проглоттидаларда  жыныс  мүшелерi  болмайды,  одан 
кейiнгiлерiнде  әуелi  аталық,  сонан  соң  аналық  жыныс  мүшелерi  дами 
бастайды.    Аталық  және  аналық  жыныс  мүшелерi  толық  қалыптасқан 
бунақтарды қызтекелiк, яғни гермафродиттiк бунақтар деп атайды. Жетiлген 
жыныс мүшелерi өзара шағылысқан соң, еркектiк ағзалар бiртiндеп өздiгiнен 
жойыла  бередi,  ал  аналық  мүшелері  керiсiнше  дараланады,  бiрақ  көп 

 
 
59 
кешiкпей  олар  да  жойыла  бастайды,  бунақ    iшiнде  тек  қана  жатыр  қалады. 
Жатыры  құрт  жұмыртқаларына  толы,  ең  соңғы  бунақтарды    жетiлген 
бунақтар  дейдi.  Жетiлген  бунақтар  күнделікті  стробиладан  үзiлiп 
(дестробиляция  құбылысы),  нәжiспен,  саңғырықпен  бiрге  сыртқы  ортаға 
таралады. 
Жүйке  жүйесi    сколекске  орналасқан  бірнеше  түйіншектерден 
басталады. Оның  көлденең ұзын талшықтары бунақ денесiнен өтіп, өз  - ара 
көлденең тармақшалармен жалғасады. 
 Таспа құрттардың асқорыту ағзалары болмайды, олар өз иесі iшегiндегi 
асты  бүкiл  денесiмен  сору  арқылы    қоректенедi.  Тыныс  алу,  қан  айналу 
жүйелерi  де  болмайды.  Несеп  шығару  жолдарының  құрылымы    сорғыш 
құрттарға ұқсас. 
Жыныс мүшелерi Еркектік ағзалары бiр немесе бiрнеше, тiптi көптеген 
ұсақ еннен (аталық бездерден) тұрады. Олардан ен түтiктерi басталып,  бара-
бара  бiр-бiрiмен  қосылып,  соңында  дара  кең  түтiкке  айналып,  жыныс 
тесiгiмен  аяқталады  және  сыртынан  жыныстық  сауытпен  қоршалады. 
Аналық мүшелерi тұқымдық  аналық безден (көбiнесе бiреу ғана), тұқымдық 
түтiктен,  тұқым  қабылдағыш,  уыздық,  Мелис  денешiгi,  оотип,  қынап  және 
жабық жатырдан тұрады. Аналық және аталық жыныс тесiктерi әр бунақтың 
бүйiрiнен  ашылады.  Шынжыр  құрттардың  жұмыртқалары  бiркелкi, 
сондықтан бұлардың түрлерiн ажырату өте қиын. Жетiлген жұмыртқалардың 
бiтiмi  сопақ,  дөңгелек  не  шар  тәрiздi  болады,  сыртқы  қабығы  жұқа,  нәзiк, 
iшiнде  ұрығы  (онкосферасы)  айқын  көрiнедi.  Онкосфера  дегенiмiз  алты 
iлмешектi  ұрық.  Ол  қалың  қабықшамен  қоршалған,  ал  сыртын  тарамдалған 
тағы бiр қабат  эмбриофор қоршап тұрады. Онкосфера көбiнесе түссiз немесе 
сары, сарғышқоңыр түстi келедi.  
 
 
 
 
12-сурет. Шынжырлы (А) және баулы (Ә) таспа  құрттардың құрылысы: 1 
–  еркек  жыныс  тесiгi,  2-жыныс  сауыты,  3-ұрық  түтiгi,  4-ұрық  түтiкшелерi,  5-
ендер,  6-бәтек,  7-қынап,  8-ұрық  қабылдағыш,  9-Мелис  денешесi,  10-уыздық, 
11-тұқымдықтар, 12,13 – жатыр. 
 

 
 
60 
 
 
 
 
Таспа  құрттардың  барлығы  биогельминттер.  Яғни  олар  ақтық  және 
аралық иелерiнiң қатысуымен өсiп-өнiп отырады. Аралық иелерi денесiндегi 
балаңқұрттардың  ларвалдық  сатыларын  ларвоцисталар  деп  атайды.  Олар 
iшкi құрылысының ерекшелiктерiне қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.                                      
Цистицерк  (сycticercus)  iшi  сұйыққа  толған,  сырты  қалың  дәнекер 
тоқыма  қабықпен  (қапшық)  қапталған  көпiршiк.  Бұның  көлемi,  пiшiнi, 
аталуы цестода түрiне, жасына, организмде орналасқан орнына байланысты. 
Көпiршiктiң iшкi герменативтi қабығына бiр немесе бірнеше сколекс (қарулы 
не  қарусыз)  орналасуы  мүмкін.  Ценур  көпiршiгi  -  мұның  iшкi  қабығында 
бiрнеше  (ондаған,  жүздеген)  сколекстер  болады  және  олар  топ-тобымен 
оқшауланып  тұрады.  Ларвоцисталар  әдетте  сүтқоректiлер  ағзаларына 
орналасады. Эхинококк (Echinococcus) - бiр камералы қос қабықты көпiршiк, 
iшiнде  мөлдiр  сұйығы  бар.  Бұлар    сүт  қоректiлердiң  көптеген  түрлерін 
зақымдайды.  Қазақшасы  “берiш”,  “бершiмек”.  Iшкi  өсу  қабығына    иненiң 
жасуындай  жүздеген,  мыңдаған  құрттың    ұрық  сколекстерi  немесе 
протосколекстерi 
орналасқан. 
Шығарушы 
қалташаның 
өзiнде 
де 
протосколекстер  болады,  олардың  өсiп-жетiлгендері  қалташадан  ажырап, 
сұйық  iшiнде  өте  уақ  дақтар  сияқтанып  көзге  iлiнедi  (эхинококк  “құмы”). 
Кейбiр 
бершiмекте 
ұрық 
сколекстерi 
дамымайды, 
мұндайларын 
ацефалоциста  деп  атайды.  Кей  жағдайда  көпiршiктiң    iшiнде  екiншi  буын, 
оның  iшiнде  үшiншi  буын  (“немере”)  ұрпақтар  туындап  отырады,  олар 
эхинококктiң    қабықтарын  тесiп  жарып,  сыртына  да  шығып,  өсуiн 
жалғастыра  бередi.  Альвеококк  (аlvecoccus)  көптеген  майда  камералардан 
құралған  көпiршiк.  Эхинококкпен  салыстырғанда  оның  көлемi  кiшiрек, 
сұйығы  аз,  iшi  “құрғақ”,  араның  ұясына  ұқсас,  iшкi  қабығы  өте  ұсақ 
протосколекстерге  (“нүктелерге”)  толы.  Альвеококктың  аралық  иелерi  адам 
мен кемiргiштер. Цистицеркоид - микроскопиялық ұсақ ларвоциста, алдыңғы 
жағында  жалғыз  ғана  сколексi  бар,  ал  артқы  шетiнде,  “құйрықшасы”,  яғни 
13-сурет. Цестодалардың жұмыртқалары 
 

 
 
61 
церкомер орналасқан. Цистицеркоидтердiң аралық иелерi сауытты орибатид 
топырақ кенелерi, алтыаяқты жәндiктер және шаян тәрiздiлер. 
Цепеньдердің    (шынжыр  құрттар)  өсіп-өнуі  сыртқы  ортаға  ересек 
құрттардың жетілген бунақтар бөліп, таратуынан басталады. Оның іші толған 
құрт  жұмыртқалары.  Бунақ  қабығы  жиырылып  немесе  ыдырап,  ішіндегі 
жұмыртқаларын  мал  жайылымдарына  шашады.  Мал  жануарлар  жайылымда 
құрт  жұмыртқаларын  шөппен  немесе  сумен  қоса  жұтып,  цестодозды 
жұқтырады.  Мал  ішегінде  жұмыртқадан  босап  шыққан  онкосфералар  қан 
тамырларына  еніп,  бүкіл  ұлпаларға,  ағзаларға  тарайды.  Олар  өздерінің 
бейімделген  ағзасына  жеткен  соң,  құрттың  түріне  байланысты,  әр  түрлі 
ларвацисталарға (цистицерк, ценур,  ехинококк  т.б.)    айналады.  Ал,  құрттың 
ақтық  иелері  ларвацисталармен  зақымданған  мал  ағзаларын  жеп, 
гельминттерді  жұқтырады.  Олардың  ішегінде  ларвацисталардан  құрт 
сколекстері  босап,  ішектің  кілегей  қабығына  бекініп,  ересек  таспа  құртқа 
айналады. 
Шынжыр  құрттар  бірнеше  текке  бөлінеді.  Тенияталар  –Taeniata  –  тегі 
бiр  ғана  тенииде  (Taeniidae)  тұқымдасынан  тұрады.  Сколекстерi  қарулы 
немесе қарусыз. Ересек құрттар адам мен ет қоректiлердiң iшегiнде тiршiлiк 
етедi,  ал  ларвоцисталары  (цистицерк,  ценур,  эхинококк,  альвеококктар)  - 
сүтқоректiлердiң дене мүшелерi мен ағзаларын мекендейдi.  
Аноплоцефалята  -  Anoplocephalata  –  тегі      аноплоцефалиде 
(Anoploсehalidae)  және  авителлиниде  (Avitellinidae)  тұқымдастарына 
жіктеледі.  Сколекстерi  қарусыз.  Құрттардың  ересек  сатысы    тұяқты  малдар 
мен  кемiргiштердiң  паразиттері,  ал  ларвоцисталары  (цистицеркоид)  – 
буынаяқтыларда дамиды.  
Гименолепидаталар – Hymenolepidata – тегі екi тұқымдастыққа бөлiнедi. 
Олар: дипилидиелер (Dipilidiidae) мен гименолепидидилер (Нymenolepidata). 
Солекстерi  қарулы.  Ақтық  иелерi  -  құс  пен  сүтқоректiлер,  аралық  иелерi 
әртүрлi омыртқасыздар.  Ларвоцисталары - цистицеркоид;  
 Давенеаталар  -  Davaineata  –  тегіне  жататын  құрттардың  да 
ветеринариялық маңызы зор. Олардың да сколекстерi қарулы. Ақтық иелері – 
әр  түрлі  құстар,  ал  аралық  иелері  -  ұлулар  немесе  буынаяқтылар. 
Ларвоцисталары - цистицеркоид. 
Баулы құрттардың (Pseudophillidea) құрылымы бөлекше келеді. Олардың 
сколексiнде  сорғыштары  және  ілмекшелері  болмайды,  олардың  орнына  екi 
(немесе  төрт)    саңлаулары  (ботриялар)  бар.    Жыныс  мүшелерi  өзiнiң 
құрылымы жағынан шынжыр құрттарға қарағанда, сорғыштарға жақынырақ 
келедi.  Сорғыш  құрттар  сияқты,  олардың  жатыры  жабық  емес  ашық, 
сондықтан  қоршаған  ортаға    құрттың  жұмыртқалары  шығады.  Баулы  құрт 
жұмыртқаларының  бiр  ұшында,  трематодалар  жұмыртқалары  сияқты  
қақпақшасы  бар.    Балаңқұрттары  екі  түрлі.  Процеркоид  –  денесi  ұзындау, 
алдыңғы жағында бiлiне бастаған саңлауы, ал артында шар тәрiздi қосалқысы 
бар.  Аралық  иелерi  шаянтәрiздiлер  немесе  ескекаяқтылар.  Плероцеркоид  - 
ұзындығы 1 мм-ге жетедi, ботрийлерi айқындалған, қосымша иелерi-әртүрлi 
балықтар. 

 
 
62 
14  сурет.  Taeniarhynchus  saginatus:  1-
сколекс;  2-гермафродитті  мүше,  3-
ересек мүше 
 
Лентецтердiң  өсiп-өну  циклі    бес  кезеңнен  өтеді:  1)  құрт 
жұмыртқасының  судағы  эмбриогенездік  дамуы;    2)  суда  еркiн  жүретін 
корацидийлік сатысы; 3)  аралық иелері - ескек аяқтылар денесiнде дамыған 
процеркоид  сатысы,  4)  балық  денесінде  дамыған  плероцеркоид  сатысы;  5) 
ақтық иелері асқорыту жолдарында дамыған ересек сатысы. 
Бақылау сүрақтары: 
1 Қандай морфологиялық ерекшелер цестодаларға өте мінезді? 
2 Цестодалар қандай қүрттардың түріне жатады? 
3 Гельминттерді гео- және биогельминттерге бөлу қандай мағынаны 
білдіреді? 
4 Қандай белгілер арқылы цестода жұмыртқаларың ерекшелейді? 
5 Неге цестодаларды антропозоонозды жатқызады? 
 
Тақырып  16 Бұқаның цистицеркозы 
Сабақтың  мақсаты:  Бұқаның  цистицеркоз  қоздырушысы  құрылысымен, 
даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және боялған препараттар 
 
Бұқаның  цистицеркозы  -  бұл  аурумен  ірі  қара  мал  ауырады. 
Цестоданың  ларвальдік  сатысы  адамның  ішегінде  тіршілік  етеді. 
Цистицерктер  бұлшықаралық  дәнекер  ұлпасында,  жүректе,  тілде,  сирек 
паренхиматозды  мүшелерінің  ұлпасында  кездеседі.  Аралық  иелері-ірі  қара, 
дала сиыры, солтүстік бұғы. 
Даму  циклы.  Зақымдалған  адам  ішегінен  піскен  мүшелер  сыртқы 
ортаға  шығады.  Аралық  иелер  онкосфераларды  жұтып  зақымдалады.  Ірі 
қараның  ішегінде  ұрық  жұмыртқадан  шығып  ілгек  арқылы  ішектің 
тамырларына  кіреді,  сосын  қанмен  мүшелерге  таралады,  4-5  ай  өткесін 
инвазиялық цистицерк дамиды. 
Адам  тениаринхозбен  ірі  қараның 
етін немесе солтүстік бұғының миын жеп 
зақымдалады.  (тамақ  пісіргенде,  шала 
немесе  дұрыс  піспеген  етте  байқалады) 
(строганина, 
шашлык, 
бастурма, 
бифштекс). 
Адамның 
қарнына 
цистицерктер  түскен  іш  қарын  сөл  және 
өт  арқылы  олар  сколексін  айналдырып, 
сорғыштармен 
ішекке 
жабысады. 
Алғашқыда  паразиттің  өсуі  байқалады. 
Цистицерк  адамның  ішегіне  түскеннен 
бастап 
цестоданың 
толық 
жыныс 
дамуына 3ай өтеді. Тениаринхустың өмір 
ұзындығы 10 жыл. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Ірі 
қарада инвазия интенсивтігі әлсіз болады. 
Бұзаулар  цистицеркозға  өте  бейімді, 

 
 
63 
кейбір  кезде  ішкіутроптық  зақымдалу  байқалады.  Малдың  зақымдануы 
антисанитарлық шартта және малды қарайтын адамдар дәретқананы қолдана 
алмағандықтан болады 
Патогенез гельминттер патогендік әсерін миграция кезінде бергізеді. 
Иммунитет  Жас  бұқалар  ауырғаннан  кейін  әлсіз  иммунитет  болады, 
тағыда ауруы мүмкін, үлкен малдар тұрақты болады. 
Клиникалық  белгілер.  Ірі  қарада  цистицеркоздың  клиникалық  белгілері 
білінбейді.  Бұзау  алғашқы  ауырғанда  температура  40-41˚С  жетіп,  әлсірейді, 
іші өтеді. 
Патологоанатомиялық  өзгерістер.  Цистицеркоздың  жіті  түрінде 
бұлшық  етте,  жүректе,  тері  астында  қаң  құйылу  байқалады.  Бұлшықетте 
ұсақ, бозғылт түсті көпіршіктер – цистицерктер болады. 
Диагноз. Цистицеркозбен ауырған малға диагноз қою өте қиын. Кейбір 
зерттеушілер  цистицеркозға  аллергиялық  реякция  қолданған  дұрыс  деп 
айтады,бірақта  бұл  әдіс  іс  жүзінде  әлі  қолданымаған.  Сондықтан,  қазір 
цистицеркозға  мал  өлгеннен  кейін,  оның  етін  тексеріп,  цистицерк  
личинкасын  тауып  нақты  диагноз  қойяды.  Егер  цистицерк  личинкасы 
табылса, мүндай малдың етін түгелдей бракқа шығарады. 
Емдеу.  Панакур,    дозасы    0,  05  г/кг,    дронцит,    дозасы  0,01  г/кг      2  күн 
бойынша, бір  басқа,  жеммен    қосып береді. Бірақта диагнозды дәл қойыл-                                                                   
мағаңдықтан дұрыс емделмейді. 
 
Бақылау сұрақтар: 
1 Бұқа цистицеркозымен  қандай мал шалдығады? 
2 Қоздырғышын атаңыз? 
3 Аралық иелері кім? 
4 Адам қандай ие болып саналады? 
5 Диагнозды қалай қояды? 
 
Тақырып 17 Дипилидиоз 
Сабақтың  мақсаты:  Дипилидиоз  қоздырушысының  құрылысымен,  даму 
циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Дипилидиоз  -  ит,  мысық,  терiсi  бағалы  аңдардың  және  көп  жабайы 
етқоректiлердiң  гельминтозды    ауруы,  Dipiliіdium  caninum  цестодасымен 
шақырылған,  Hymenolepidata  подотря-дына,  Dipiliididae  тармағына  жатады. 
Өте сирек адамда да кездеседi. 
Қоздырғыш  -  ақшыл-сары  түстi  цестода,  ұзындығы  70  см  дейiн 
барады,  енi-3мм.  Сколекстiн  тұмсығында  4  қатарлы  ұсақ  iлгектерi  болады. 
Бас  жағы  жiнiшке,  артқы  жағы  жуан.  Мүшелерi  сопақша  келген.  Артқы 
мүшелерi  қиярдың  пiскен  шемiшкесiне  ұқсайды.  Жыныс  аппараты  қос 
келген,  әрбiр  мүшенiң  бүйiрiнде  жыныс  төмпешiктерi                        орналасады. 
Жатыр жұмыртқаға толған. 

 
 
64 
Аралық  иелер  бүргелер  –  ит,  мысық,  адам 
бүргесі. 
 
Даму  циклi  Жұмыртқаға  (3000  саны) 
толған  пiскен  мүшелер  сыртқы  ортаға 
шығады,  жерге  жұмыртқалар  шашылады. 
Бүргенiң 
личинкасы 
жұмыртқаларды 
жұтады.  Жәндiктiн  iшегiнде  жұмыртқадан 
онкосфералар шығып дене қуысына енедi де 
цистицеркоидтар 
қүрылады. 
Жануар 
инвазиондық 
цистицеркоидтармен 
зақымдалған бүргелердi жұтып ауырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет