К. У. Сулейманова


Патологоанатомиялық  өзгерiстер



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Патологоанатомиялық  өзгерiстер.  Бауыр  тығызданған,  өт  өзегi 
кеңейген,  кесiлген  өзектерден  сары-жасыл  масса  ағады,  қабырғалары 
қалыңдаған.  Кейде  бауырда  папиломатозды  және  аденоматозды  өсiндiлер 
байқалады, ал иттерде iсiктер болуы мүмкiн. 
Диагноз  клиникалық  және  эпизоотологиялық  негiзiнде,  гельминто-
копрологиялық зерттеу нәтижесiнде қояды. 
Жұмыртқалары  ұсақ,  мөлшерi  0,01-0,02  х  0,02-0,03  мм,  сарғыштау, 
қақпақшасымен,  қабығы  қалыңдаған.  Иммунобиологиялық  реакцияларды 

 
 
46 
пайдалануға  болады.  Аллергендi  еңгiзген  соң,  10-20  минуттан  кейiн  (құлақ 
қалқанын бетiне 0,1 мг терi iшiне) зақымдалған жануарларда көрiнетiн және 
жеңiл ұстап қаралатын диаметрi 1,5-2 см папула пайда болады. 
Емi  түлкi  мен  ақ  түлкiлерге  дозасы  0,2-0,3  г/кг  гексихолды  бiр  мәрте 
етпен қоса 12 сағаттық ашыққаннан кейiн бередi. Ауыр өткенде препаратты 
0,1-0,15  г/кг  дозада  2  күн  қатарынан  бередi.  Гексахлорэтанды  0,1-0,2  г/кг 
дозада етпен қоса, 12-18 сағ ашыққаннан бергеннен кейiн берудiң тиiмдiлiгi 
аз. 
Иттерге  гексахлорпараксилол  немесе  гексахлорэтанды  0,1-0,2  г/кг 
дозада екi күн қатарынан беруі ұсынылады. 
Алдын  алу  және  күресу  шаралары  етқоректi  жануарларды 
описторхоздан  зақымданудан  сақтау  үшiн  ит,  мысық  терiсi  бағалы  аңдарды 
шикi, қақталған балықпен азықтандыруға болмайды. Аса қауiптi – Обь, Ертiс, 
Едiл өзендердiң балықтары. 
Қоғамдық 
профилактика 
суаттардың 
нәжiспен 
лайланбауын 
қадағалайды.  Балық  аулайтын  флотта  жапқыш  жиыстырғыштарды 
жабдықтау  керек.  Бұдан  басқа,  кәсiпшiлiктiң  жағдайын  жақсартуда 
санитарлық  талаптарды  сақтау  керек:  халықтың  гельминтологиялық 
сауаттылығын  көтеру,  әсiресе  балықшылардың,  аңшылардың,  балық  зауты 
персоналдарының, балық аулайтын флоттың. 
Описторхоз  ауруы  бар  жерде  адам  шикi,  шала  пiсiрiлген  немесе 
қуырылған,  сонымен  қатар  аз  тұздалған  түрiнде  балықты  жеуден  бас  тарту 
керек. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Описторхоз қандай түрде өтеді? 
2 Описторхозды неге табиғи-ошақты ауру деп айтады? 
3 Аралық және қосымша иелері кім болады? 
4 Паразиттер қай жерде мекендейді? 
5 Описторхоздың дефинитивтік иелері кім болады? 
 
 
Тақырып 10 Ориентобильхарциоз 
Сабақтың  мақсаты:  Ориентобильхарциоз  қоздырушының  қурылысымен, 
даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар. 
 
Ориентобильхарциоз  -    Oricnthobilharzia  тұқымына,  Schistosomatida 
отрядына  жататын трематодалардан  туындайтын iрi қара мал,  ешкi,  қойдың 
ошақты ауруы. Бұл бөлек жынысты трематодалар, олар жыныстық жетiлуде 
омыртқалы  жануарлардың  қандарында  -  шажырқай,  бауыр,  ұйқы  безi, 
iшектiң кiлегей асты қабығының тамырында болады. 
Қоздырушысы  –  O.  turkestanica.  Аталығының  ұзындығы  6,4-12,9  мм 
және көлемi 0,48-0,64 мм. Ауыз емiзiкшесi дөнгелек, ендерi ұзыншалы сопақ 
жиындi,  саны  78-80,  iшек  бөлiгiнiң  арасында  екi  қатарда  орналасқан. 

 
 
47 
7 сурет. Oriеntobilharzia turkestanica 
Аналығының 4,8-6,8 мм және көлемi 0,08-0,14 мм. емiзiктерi рудиментарлы. 
Жатырда  
бiр жұмыртқасы созылған – сопақша пiшiндi, әр полюсiнде бiр түртiктерден 
болады:  бiреуiнiң  түрi  жеңiл  иiлген  өсiндi  сияқты  ал  басқасы  –  жұмыртқа 
денесiнiң  шетiнде  қисайған  қосалқы  сияқты.  Жетiлген  жұмыртқалардың 
ұзындығы  
0,13-0,14 мм және көлемi 0,04-0,04  
мм;  оларда  қозғалмалы  мирацидий 
болады. 
Аралық  иесi  –  құлақ  тәрiздi 
моллюска Lymnaea auricularia. 
Қоздырғыш 
биологиясы 
Трематодалар дефинитивтi иелерiнiң  
iшек қабырғасына жақын жердегi  
ұсақ  тамырға  енедi  де,  осында  толық 
жетiлмеген 
жұмыртқаларын 
ұсақ 
тамырға 
қалдырып 
кетедi.           
Жұмыртқада мирацидийдiң кұрылуы  
және  әрi  дамуы  иесiнiң  ұлпасында 
өтедi.  Жетiлген  жұмыртқалар  iшекке 
өтедi,  нәжiспен  сыртқы  ортаға  бөлiнiп, 
мирацидий шығады, сосын  моллюскаға 
енедi. 
Моллюскада мирацидий                                     
партеногенетиялы  көбейтiн  аналық 
спороцистаға  айналады,  бастапқыда 
ұрық  жалғастырушы  спороцистаға, 
содан  кейiн  церкарийға  бөлінедi. 
Соңғылары  моллюскадан    суға  шығып,  
терi    және    кiлегей    қабық    арқылы 
белсендi  ену  жолымен  қой  және  iрi  
қара  мал  ағзасына  түсуi  мүмкiн. 
Церкарийдiң    моллюскада  28-32С
о
-та 
дамуы 22-ден 25 күнге дейiн созылады. 
Қой  ағзасында  ориентобильхарцийдiң  дамуы  35-40  күнде  жыныстық 
жетiлуiне  дейiн  созылады;  жануар  нәжiсiнде  жетiлген  жұмыртқалардың 
байқалуы зақымдалғаннан 50 күннен соң ғана бiлiнедi. 
 
 

 
 
48 
2 кесте. Orientobilharzia turkestanicа даму 
схемасы 
Эпизоотологиялық  белгiлер. 
Қойлар  мен  iрi  қара  мал  кез  келген 
жаста 
зақымдалады. 
Трематодаларда  жылдың  барлық 
айларында,  соның  iшiнде  әсерi  күз-
қыс кезеңiнде табылады. Жануарлар 
моллюска  болатын  тұщы  судан  су 
арылғанда, 
жайылғанда 
зақымдалады. 
КСРО-да 
бұл 
инвазияның 
ошағы 
Қазақстан, 
Өзбекстан, 
Азербайжан, 
Түрiкменстан,  Алыс  Шығыста  (O. 
bornfordi)  тiркелген.  Iрi  қара  мал 
осы ауруға өте беймдi келедi. 
Патогенез 
және 
ауру 
симптомдары.  Шистосомататалар 
аса патогендi гельминттерге жатады 
және  өлiмге  әкеп  соғатын  ауыр 
аурудың  таралуының  эндемиялық 
ошағын  тудырады.  Қой  ағзасына 
түркiстан 
ориентобильхарцитдiң 
патогендi  әсерi  ену  және  көшу 
процесiнде,  жетiлген  трематоданың 
механикалық  әсерi  және  олардың 
жұмыртқаларының  қанда  болуы,  ие 
ұлпасына  жұмыртқалардың  көшуi, 
иесiнiң улану нәтижесiнде болады. 
Клиникалық 
байқылау 
аллергиялық  көрiнiске  негiзделген. 
Ориентобильхар-цийлар әсiресе қой 
мен  ешкiге  патогендi.  Жануарларда  әлсiздiк,  одан  кейiн  қан  және  фибриндi 
қабыршақ  тұнбасынан  болатын  iш  өту  байқалады.  Көрiнетiн  кiлегей 
қабықтары  анемиялы.  Температурасы 41,2  - 41,4  С
о
,  тамыр  соғу  мен  тыныс 
жиiленген. Бұл кезеңде жиi өлiмге ұшырайды, әсiресе жас төлдер. 
Патологоанатомиялық  белгілері  ащ  iшектін  кiлегейінде  интенсивтi 
гиперемия  байқалады,  бiрдей  және  бiрнеше  түйiндердің  кiлегейi  iсiнген. 
Жарықта  қарағанда  мезентериальды  қан  тамырында  ориентобильхарцийдi 
оңай  байқауға  болады.  Iшектiң  кiлегей  қабықпен  бiрге  жұғындыда  қой 
ориентобильхарциозбен зақымдалғанда, микроскоппен қарау арқылы паразит 
жұмыртқаларын көруге болады. 
Диагноз 
тiршiлiк 
кезiндегi 
диагностика 
үшiн 
қоздырғыш 
жұмыртқаларын табу әдiсiн келесi қолдану ұсынылады. 
Емi  фуадиндi  0,3  мл/кг  мөлшерде  бұлшық  етке  (күн  ара)  еңгiзу 
ұсынылады. 

 
 
49 
8  сүрет.  Солжақтағы  -  
Prosthogonimus  ovatus;  онжақтағы 
–  Prosthogonimus  cuneatus:  По  – 
аталық және аналық жыныс тесiгi; 
Рп  –  ауыз  сорғышы;  Гл  – 
жұтқыншақ;  Пщ  -  өңеш;  Мб  – 
аталық  бурсасы;  М–  жатыр;  К  – 
iшек;  Я  –  жұмыртқалық;  Бп  – 
құрсақ  сорғышы;  Ж  –  желточник; 
С  –  ендер;  Эк  –  экскреторлы  өзек 
(Скрябин мен Шульц бойынша). 
 
Алдын  алу  және  күресу  шаралары  құлақ  тәрiздi  моллюсканы  жоюға 
негiзделедi.  Ол  үшiн  оның  биотоптарын  батпақ  және  батпақты  жайылымды 
кептiру  жолымен  жояды,  сондай-ақ  моллюскацидтердi  қолданады.  Мыс 
купоросының  1:5000  –  1:25000  мөлшерi  және  5,4-дихлорсалициланимидтiң 
1:500000 
қатынасы 
100-ке 
құлақтәрiздi 
прудовиктi 
жояды. 
Моллюскацидтердi  инвазияның  интенсивтi  ошағында  қолдануда  сақтық 
ережелерiн қадағалау керек. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Ориентобильхарциозбен қандай жануарлар аурады? 
2 Қоздырғышты атаныз? 
3 Аралық иелері кім болады? 
4 Қандай ауру белгілері байқалады? 
5 Диагноз қалай қойылады? 
 
Тақырып 11 Құстардың простогонимозы 
Сабақтын мақсаты:  Простогонимоз қоздырушысының қурылысымен, даму 
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар. 
 
Простогонимоздар  –  Prosthogonimidae  тұқымдасына,  Prosthogonimus 
туыстастығына 
жататын 
трематодалардың 
әр 
түрлi 
түрлерiмен 
шақыруланады.  Тауықтардың,  күрке  тауықтардың,  сирек  үйректердiң  және 
қаздардың  ауруы.  Осы  паразиттер  жас  құстарда  фабрицийлi  қапшықта  ал 
ересек  құстарда  –  жұмыртқа  жолында  тiршiлiк  етедi.  Осы  ауру  кезінде 
жұмыртқалау бұзылады және қабықсыз жұмыртқа құрылады «литье яиц» деп 
аталады. 
 
 
 
 
 
Қоздырушысы.  Prosthogonimus  туыстығы  үшiн  келесi  белгiлер  тән: 
жыныс тесiктерi бүйiр жағында ашылады, ауыз сорғыштың қасында, жыныс 

 
 
50 
бурсасы ұзын және цилиндрлi; құрсақ сорғыштың артында бiрнен-бiрi ендер 
орналасқан.  Жұмыртқалық  лопасты,  дорсальды  түрде  немесе  құрсақ 
сорғыштың  артында  орналасқан.  Ең  жиi  таралғандар:  P.  ovatus  және  P. 
cuneatus. 
         P.  ovatus  -  денесi  алмұрт  тәрiздi,  ұзындығы  3-6  мм  енi  1-2  мм.  Құрсақ 
сорғышы  ауыз  сорғышқа  қарағанда  екi  есе  үлкен.  Iшек  ауыз  бен  құрсақ 
сорғыштардың арасының ортасында орналасады. 
Ендер  сопақша,  дененiң  артқы  жағында,  жұмыртқалық  құрсақ  сорғыштан 
дорсальды  орналасқан.  Жатырдың  артқы  жағын  және  ендердiң  арасында 
жерін  қамтиды.  Олар  құрсақ  сорғыштың  алдында  және  айналасында  қатты 
иiлген. 
P.
 
cuneatus  -  жұмыртқалық  құрсақ  сорғыштың  артында  орналасқан. 
Жатыр құрсақ сорғыштың алдында иiлмейдi. 
        Аралық  иелер  –  Bithynia, 
Gyroulus
  тұқымдасы  тұщысу  ұлулар; 
қосымша  -  Libellila, 
Anax,  Sympetrum
  тұқымдасына  жататын  инеліктердің 
көптеген түрлерi. 
Даму  биологиясы  Простогонимустармен  зақымдалған  ауру  құстар 
сыртқы  ортаға  жұмыртқаларын  бөледi  (тек  суда  өмiр  сүредi).  8-14  күннен 
кейңн  жұмыртқада  мирацидий  дамиды,  ол  суға  шығып,  аралық  иеге 
кездескенде  оған  енiп,  кiрпiкшелерін  тастап,  бауырда  спороцистаға 
айналады. Одан церкарий дамиды да, ұлулардан шығып, құйрық қосалқысы 
арқылы  суда  жүзiп  жүредi.  Церкарийлер  сумен  қосымша  иелерге  түсiп, 
құйрығын  тастап,  басына,  кеудесiне  немесе  құрсағына  еніп,  цистамен 
қапталып, метацеркарийға айналады. 70 күннен кейiн ол инвазионды болады. 
Құстар  зақымдалған  инелiктердi  жұтып,  өздерi  зақымданады.  Құстардың 
iшегiнде инелiктер қорытылып, ал босатылған метацеркарий жас құстардың 
фабриций қапшығына немесе ересек құстардың жұмыртқа жолына енедi. 
Эпизоотологиялық деректер. Жиi тауықтар, күрке тауықтар ауырады. 
Простогонимоз  –  ошақты  ауру,  әсiресе  жұмыртқалайтын  тауықтар  қатты 
ауырады.    Аурудың  эпизоотологиясында  үлкен  мағынасы  бар  –  жабайы 
құстар (қараторғай, ала қарға, қарға). 
Зақымдану  ересек  инелiктердi  және  олардың  личинкаларын  жегенде 
байқалады.  Метацеркариялармен  зақымдалған  инелiк  личинкалары  қыстап, 
көктемде  жағаның  қасында  жиналады  да  сондықтан  простогонимоз  су 
қоймаларға  жақын  орналасқан  құс  фермаларында  жиi  кездеседi.  Тауықтар 
зақымдалудың  тұтануы  белгiлi  мезгiлде  болады  –  көктемнiң  соңы  және 
жаздың басы. 
Патогенез простогонимустар ең алдымен жұмыртқа жолының артына, 
кейiн оның белоктық бөлiгiне енiп, онда ол кiлегейлi қабықтарына жабысып, 
тiтiркенiп (шипиктермен), алдында қабықтың, кейiн белок бездерiң қызметің 
бұзады.  Нәтижесiнде  гипер  функцияға  немесе  белок  пен  өнiм  шығаруының 
тоқталуына әкеп соғады. 
Жұмыртқа  жолының  кiлегейлi  қабықтардың  қабынуының  нәтижесiнде 
бездердiң  секрециясы,  белоктық  және  қабыну  процесстердiң  жиналуы 
жоғарлайды.  Жұмыртқа  жолының  жиырылу  функциясы  толық  бұзылады. 

 
 
51 
3 кесте. Prosthogonimus sp. даму схемасы 
 
Соңында 
жұмыртқалардың 
шығуы 
тоқталады, 
деформировалды 
жұмыртқалардың  шығуы  (жұмсақ,  қабыршақсыз)  және  сұйық  әк  массаның 
бөлінуi басталады. 
Ауру белгiлерi.  Инвазияның ағымында 3 сатысы бар: 
1-шi  сатысы.  Тауық  түрiне  қарай  сау.  Онымен  салынған  жұмыртқалар 
басында мөлшерi мен құралы қалыпты, бiрақ скорлупасы жiңiшкерiп, жұмсақ 
болады,  кейiн  қабықсыз жұмыртқалар пайда  болады.  Сосын жұмыртқа  салу 
қиындайды  және  жұмыртқа  шығуы  тоқталады.  Простогонимоздың  1-шi 
сатысы мамырдың 2-шi жартысында немесе маусымның басында басталып, 1 
айға дейiн созылады да, ауру тауықтар жазылуы мүмкiн. 
2-шi  сатысы.  Құстардың  көпшiлiгі  ауру.  Олар  солғын,  азықтануы  төмен, 
кейде  клоакадан  жұмсақ  скорлупаның  шетi  шығып  тұрады  немесе  қою 
сұйықтық  ағады  (әк  ерiтіндiсiне  ұқсас).  Тауықтардың  iшi  үлкейген.  Тепе-
теңдiгi  бұзылады.  Құлап  кетпеу  үшiн  құс  аяқтарын  әр  түрлi  жақтарына 
қояды. Осылай 1 аптаға дейiн созылады. 
3-шi 
сатысы.  Дене  температурасының  жоғарлауымен,  шөлдеудiң 
күшеюiмен,  ауру  түрмен,  күштердiң  төмендеуiмен  сипатталады.  Құрсақты 
басып көргенде ауырсынады. Клоака қызыл түстi, оның қасында және iштiң 
артқы  жағында  қанаттары  түсiп  қалады.  Осындай  ауыр  жағдай  2-8  аптаға 
дейiн созылады да, кейiн құс өледi. Ауру 1,5 - 2 айға созылуы мүмкiн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Патологоанатомиялық  өзгерiстер  өлген  сойылмаған  тауықтардың 
клоака  аумағында  қабыну  процесстерi  көрiнедi.  Ашып  сойғанда 

 
 
52 
жұмыртқалық және жұмыртқа жолы қабынған, қабырғалары жатымсыз иiстi 
қою сұйық iрiндi – фибринозды массасымен қапталған. Жұмыртқа жолында 
деформальды жұмыртқаларды немесе белоктық заттарды табуға болады. 
Простогонимустардың  инвазиясы  жоғары  болғанда  патанатомиялық 
өзгерiстер айқын көрiнедi. 
Диагноз клиникалық белгiлердiң, эпизоотологиялық деректердiң және 
клоакадан алынған бөлiнділерiн зерттеу негiзiнде қойылады. 
Жұмыртқалары  –  сары-қоныр  түстi,  мөлшерi  0,02  х  0,01  мм,  қақпағы 
және төмпешiгi болады. Өлген кезде құстарды ашып союына және жұмыртқа 
жолын немесе фабрициялы қапшығын зерттеуiне негiзделген. 
Емi  аурудың  басында  ғана  нәтижелерi  болады.  Гексахлорэтанды.  12 
сағат  аш  ұстағаннан  кейiн  iшке  3  күн  бойы,  0,5  дозада  әр  құсқа  берiледi. 
Четырехлорлы сутекті өңештi зонд арқылы iшiне 1 рет немесе шприц арқылы 
2-5 мл дозада әр тауыққа ұйқы безiне еңгізеді. 
Алдын алу және күресу шаралары құс қораны су қоймалардан алыс 
жерде салу керек. Құстарды өзендердiң батпақтың қасында, әсiресе таңертең 
күн  шықпай  алдында  бағуға  болмайды.  Простогонимоз  дамыған 
шаруашылықтарда  ауру  құсты  жояды  және  аналықтардың  орнында  ұрыққа 
қалдырылатын балапандарды инвазиядан алыс жаңа жерде өсiредi. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Простогонимозбен қандай құстар аурады? 
2 Қоздырғыштарың атап берініз? 
3 Аралық және қосымша иелері кім? 
4 Ауру белгілерінің неше сатысы болады? 
5 Диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 12 Эуритрематоз 
Сабақтын  мақсаты:  Эуритрематоз  қоздырушысының  қурылысымен,  даму 
циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар. 
 
Эуритрематоз  –  Dicrocoeliidae  тұқымдасына,  Eurytrema  pancreaticum 
туыстығына  жататын  трематодалармен  шақырыланатын  қойлардың, 
ешкілердің, ірі қара малдардың, түйелердің, бұғылардың және сонымен қатар 
жабайы күйістілердің  ауруы. Соңғылары қарын асты безінде және өте сирек 
бауырда тіршілік етеді. 
Қоздырушысы – ұзындығы 13-18 мм және ені 5,5-8,5 мм, екі ірі жақсы 
дамыған  ауыз  және  құрсақ  сорғышы  болады.  Ендері  сопақтау,  екі  жағында 
симетриялы  орналасқан.  Жұмыртқалығы  шар  тәрізді,  құрсақ  сорғышының 
артқы  жағында  орналасады.  Жатыры  тармақталған  трематодалардың  артқы 
жағында толық орналасқан. Тірі экземплярлардың түсі ашық қызыл. 
Аралық иелері – ұлулар, қосымша жәндіктер (шегірткелер). 

 
 
53 
9 сурет. Eurytrema pancreaticum 
Даму  циклі  –  нәжіспен  шыққан  эуритрематоз  жұмыртқаларын  аралық 
ие  жұтады.  Олардың  ішегінде  мирацидий  шығып,  ұлулар  бауырына  еніп, 
аналық  спорацистаға  дамиды.  Бір  айдан  соң  оның  ішінде  дочерный 
спорацистаға дамиды, бір жылдан соң церкарийға дамып, ұлудан топыраққа 
және  шөпке  шығады.  Алғашқыда  церкарийді  әр  түрлі  шегірткелер  жұтады, 
екі  ай  өткесін  олардан  метацеркарийға  айналады.  Дефенитивті  иелер 
инвазиялық шегірткелерді шөппен жеп эуритрема паразитімен зақымдалады. 
2-3  айдан  соң  олардан  толық  жынысты 
сатысы дамиды. 
Эпизоотологиялық 
деректер. 
Орталық  Азияда,  Крымда,  Таяу  Шығыста 
және  Қазақстанда  тіркелген.  Ұлудан 
шыққан  спороциста  қабырғалары  жуан, 
сол  себепті  ішіндегі  церкарий  сыртқы  ауа 
құбылыстарынан  қорғайды.  Ішкі  қабығы 
жақсы  дамыған.  Неорганикалық  тұздың 
қаныққан ерітіндісінде өлмейді. Төлдердің 
және  ересек  қойлардың  зақымдалуы 
көктемде 
және 
жазда 
көтеріледі. 
Жануардың  жасына  байланысты  инвазия 
интенсивтілігі көтеріледі. 
Дефенитивті 
ие 
организмінде 
эуритрема  паразитінің  өмір  сүру  мерзімі 
бір жылдан аспайды. 
Патогенез    ұйқы  без  өзегінің  ішінде 
тіршілік 
етіп, 
эуритремалар 
оларды 
бұзады, 
кенейтеді, 
кейде 
бекітеді, 
сондықтан  бездің  кей  жерлерінде  атрофия 
білінеді. 
Ауру белгілері интенсивті инвазия кезінде 
малдар ариды. Оларда созылмалы 
диарея 
және 
бас, 
мойын, 
кеуде 
аумақтарында  ісіктер  білінеді.  Кахексия 
кезінде өлім болуы мүмкін. 
Патологоанатомиялық  өзгерiстер  ұйқы  безі  үлкейген,  қызыл  түсті, 
консистенциясы былжыраған іші көп санды трематодаларға толған. 
Диагноз тірі кезінде овоскопия арқылы, ол үшін Дарлинг және кезендік 
шаю  әдісін  қолданады.  Эуритрема  жұмыртқалары  қара  -  қоңыр  түсті, 
ұзындығы  0,044-0,48  мм.  Бір  шетінде  қақпағы  болады,  ал  екінші  шеті 
тығынды болады. Эуритрема жұмыртқаларын дикроцеллиоз жұмыртқасынан 
ажырату керек. Сойып ашып қарағанда ұйқы безінде мінезді өзгерістер және 
көп гельминттерді көруге болады. 
Емі және  алдын алу шаралары: зерттелмеген. 
 
 

 
 
54 
Бақылау сұрақтары 
1 Эуритрематозбен қандай мал аурады? 
2 Қоздырғышын атаныз? 
3 Аралық иелері кім болады? 
4 Ауру белгілерінің ерекшеліктерің айтып беріңіз? 
5 Осы ауруға диагнозды қалай қояды? 
 
 
Тақырып 13 Құстың эхиностоматидозы 
Сабақтын  мақсаты:  Эхиностоматидоз  қоздырушысының  қурылысымен, 
даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл препараттар. 
 
Эхиностаматидоз  –  үйрек,  қаз,  сирек  тауық,  күрке  тауық,  көгершін 
және тағы басқа суда жүзетін құстардың ауруы. Трематода Echinostomatidae 
тұқымдасы,  Echinostoma,  Echinoparyhium  және  Hypoderaeum  туыстығы. 
Эхиностоматида аш ішектін артқы жағында және тоқ ішекте тіршілік етеді. 
Қоздырушысы  –Echinostoma  revolutum  кен  таралған  толық  жынысты 
гельминттер, ұзындығы 7-12 мм, ені 2 мм- ге дейін. Адоральді дискте 35-37 
тікенек болады. Жұмыртқалары сопақша келген 0,1-0,13 

  0,05-0,07  мм,  бір 
жағында қақпағы бар, түсі ақшыл – сарғылт, қоңырға дейін. 
Echinoparyhium  reсurvatum.  Трематода  денесінің  ұзындығы  2,0-5,0  мм, 
максимальді  ені  0,85  мм.  Адоральді  дисктің  екі  қатарында  45  тікенек 
орналасқан.  Жұмыртқа  сопақша  келген  0,09-0,1;  0,05-0,06 мм,  бозғылт-сары 
түсті. Жұмыртқаның доғал жағында қақпағы бар, ал қарама - қарсы жағында 
төмпешік. 
Hypoderaeum  conoideum
  ұзындығы  8-11  мм,  ені  1,6  мм-  ге  дейін. 
Адоральді  диск  нашар  дамыған,  онда  47-53  ұсақ  екі  қатарлы  тікенек  бар. 
Жұмыртқа сопақша келген 0,1 - 0,06 мм. 
Аралық  иелері  –  тұшы  су  моллюскасы  Lymnaea,  Radix, 
Galba 
туыстығы,  қосымша  иелер  –  сол  тұшы  су  моллюскаларымен  қатар  көл 
бақалар. 
Даму циклі  аралық және қосымша иелердің байланысы арқылы барлық 
эхиностоматида  дамуы  бірдей  болады.  Паразиттер  жұмыртқаларың  сыртқы 
ортаға  нәжіс  арқылы  бөлінеді,  келешекте  олар  тек  қана  суда  дамиды. 
Жұмыртқалардан  мирацидий  шығады,  ол  моллюскаға  белсенді  еніп, 
спороцистаға айналады. Әр бір спороцистадан бірнеше редия пайда болады, 
ал  соңғысынан  церкарий  шығады.  Аралық  иеде  2-3  ай  дамуы  жалғасады. 
Моллюскадан шығар кезде қалыптасқан церкарий қосымша  иеге енеді. Онда 
инцистирленіп,  шамамен  15  күн  ішінде  метацеркарийға  айналады.  Құстар 
эхиностомадида  метацеркариімен  инвазияланған  моллюскаларды,  ірі  көл 
бақа  немесе  көл  бақа  баласын  жегенде  зақымдалады.  Құстардың    денесінде 
13-15 күн ішінде толық жынысты трематодаға айналады. Барлық даму циклі 
4-5 айда аяқталады. 

 
 
55 
10 сурет. А – Echinostoma revolutum ;Б – Hypoderaeum conoideum 
1 – басшақ шеті ; 2 – ішкі құрылысы; 3 – жұмыртқа. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет