Жетісу
университеті
11
бейсенбі, 7 сәуір,
2016 жыл
Gazeta.zhgu@mail.ru
Ел арасында «Күлкі – қару, күлкі - ем» деген жылы сөздер жиі
айтылады. Шынында жадырай күле білетін адам, мағыналы
өмір сүре де біледі. Әлемде Күлкі Күні айшықтала айтылып,
Сәуір айының 1- жұлдызында халықты әзіл-оспаққа бөлеуі
тегін емес. Оның қоламтасын қопсытып, отын үрлейтін –
сықақшылар, әзілкештер. Ендеше, кешегі және бүгінгі сатира
сайыпқырандарының уытты дүниелерін «Күлкі күймесіне» тол-
тырып, оқырмандарымызға тәбәрік ретінде тарту жасағанды
жөн көрдік.
Сұрақ
Алпыс бесінші жылы ҚазМУ-де өткен композитор Шәмші Қалдыаяқовпен кездесуде
бір студент:
- Шәке, сіз біздің университетте оқитын көрінесіз, қай курстасыз? - деп сұрақ қояды.
Сонда Шәкең залда отырған оқытушылардан:
- Шынында да осы мен қай курста оқимын? – деп сұрапты.
Ағайынгершілік
Ақын Еркін Ібітанов студенттердің алдында өз өлеңдерін оқып тұрады. Сол кезде
бір студент:
- Ағай, мына бір оқығаныңыз Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ғой,- дейді.Сонда Еркін:
- Өзің де көрмейтінді көреді екенсің, біз Мұқағали екеуіміз ағайынбыз. Ағайын
адамдардың арасында бір-екі өлең түгіл, ат та жүре береді, - деген екен.
Өкпе
Бірде ақын Мұқағали Мақатаевты Жазушылар одағына шақырып алып, секрета-
риатта тәртібін талқылап, жан-жақтан жабыла жамандап, Жазушылар одағының
мүшелігінен шығарып жібереді. Қатты ренжулі Мұқағали жоғарғы қабаттан төмен түсіп
келе жатса, алдынан Бауыржан Момышұлы кездесіп қалады. Сонда Мұқаң:
- Аға-ай, Москваны немістерден қорғағанда, жалғыз ініңізді жазушылардан қорғауға
жарамадыңыз-ау! – деген екен.
Көңілі қалу
Ақын Қастек Баянбаев біртоға, көп сөйлей бермейтін салмақты адам ғой.Сол кісінің
ертеректе аудандық газетте қызмет істеп жүрген кезі екен. Бір күні аудандық партия
комитетінің хатшысына кіріп:
- Баспадан жинағым шықпақшы еді,бір жетіге демалыс берсеңіз?- депті.
- Қандай жинақ? – деп сұрайды хатшы.
- Өлеңдерім еді,- дейді Қаскең.
Сонда хатшы:
- Апырмай, сізді бір салмақты, дұрыс адам ба деп жүрсем,сіз ақын ба едіңіз? – деген
екен.
Мақтады да даттады
Жұбан Молдағалиевке бір күні әріптесі телефон соғып:
- Жұбан, «Ажар» деген поэмаңды оқыдым, жақсы екен, - депті.
- Оу, ағасы, ол менікі емес,Тұманбайдікі ғой.
- Ә, иә, кемшіліктері де жоқ емес.
Аяқ- табақ
Көшеде актер Құман Тастанбеков пен ақын Шөмішбай Сариев қатар келе жатқанын
көрген қушікеш ақын Жарасқан Әбдірашев:
- Ау, аяқ-табақтар, қайдан жүрсіңдер? – депті.
Жымын білдірмей жинастырған
Перизат ГАБДУЛИНА.
К‰лкі к‰ймесі
Жасай берсін
Ескінің керексізін, тозғандарын,
Қазіргі маскүнемді,
Азғандарды,
Обыр, жебір, қу, сұмды шенейтұғын,
Жасай берсін сатира сарбаздары!
Оқырмандарыма
Көңіліңнің терезесін қақсам,
Сақ бол деймін,
Аярлық,азғындықтан
Пәк бол деймін.
Тыңдамасаң, қайтейін,
Жек көр,мейлің.
«Өзіме де сол керек» деп,
Қалтай айтқандай,
«Бұл Шона шымшып кетті-ау!
Қап!» дей бергін.
Қарбыз
Бір танысым жүрегін,
Сыйға беріп әр қызға.
Дәні бар да, дәмі жоқ,
Ұқсап қалды қарбызға.
Шона СМАХАНҰЛЫ.
«Да» мен «Иә»
Телефон шалса,
«Да» дейсің...
Орыстан қалған сыйың ба?
Өз тіліңде «Иә» деу...
Соншалықты қиын ба?...
«Білмеу» мен «Тілдеу»
Жүрген жері ылаң,
Өз кінәсін білмейді.
«Пәлеқор, жалақор!» деп,
Өзгелерді тілдейді.
Айту мен қайту
«Арақтан аулақ жүр» деп,
Балаларына ақыл айтады.
Кешкісін үйіне,
«Тәлтіректеп» қайтады.
Бүк түсу мен шік түсу
Беруге келгенде,
Бетін жауып, бүк түседі.
Алуға келгенде,
Шалқасынан шік түседі.
Қуану мен қуару
Қонаққа шақырса,
Құстай ұшып, қуанып барады,
Қонақ келеді десе,
Құты қашып, қуарып қалады.
Күндеу мен білмеу
«Ұрпақтары мәңгүрт» деп,
Басқаларды күндейді.
Балалары өзінің,
Қазақ тілін білмейді.
Қыр асу мен жыласу
Кей туыстар түртісіп,
Өкпелесіп, қыр асады.
Өлімде ғана бас қосып,
«Бауырымдап» жыласады.
Көріну мен бөліну
Бекігенше бастық боп,
Көпшіл болып көрінеді.
Дегеніне жеткен соң,
Жүзге, руға бөлінеді.
ТИТЫҚ.
«Күлкі болу»
мейрамы
Алдар Көсе - жырымыз,
Айшығымыз, туымыз.
Алдамасақ біреуді,
"Адыра қалар" күніміз.
Тазша бала - піріміз,
Өтірікке іріміз,
Уәзірі осындай,
Отыз елдің біріміз.
Бас иеміз Абайға,
Абай болу оңай ма?
Іс қыламыз пенделік,
Сыйынап ап құдайға.
Ата салты – заңымыз,
«Виртуалмыз», наныңыз.
Орта ғасыр кеудемен,
«Нано» болмақ нанымыз.
Өркениет, еркінбіз,
Ниеті жоқ өркенбіз.
Қол шапаттап ойнаққа,
Жетім ойға төркінбіз.
«Демо» күлкі, сән құрып,
Ел боламыз мәңгілік.
«Күлкі болу» мейрамы,
Жасай берер мәңгілік.
Жанбай ӨЗДЕНБАЕВ.
Шал мен кердењ
жігіт
- Шырағым, бұл қай мекеме?
- Жазуын оқы, көзің жете ме?
- Әй,балам-ай, сұрағанға жөн айтсаң,
Сенің бірдемең кете ме?
Ґаќќышбек
Түсірем деп баласын,
Алды қағып парасын.
Ақша қолға тиген соң,
Көрсетпей кетті қарасын.
Есектіњ к‰ндеуі
Арғымақ тұр, атқорада сұлы жеп,
Есек оны айыптап тұр «ұры» деп.
Ґызѓаншаќ
Көтерілмес көңілі,
Қонақ келсе сызданып.
Отырғаны өмірі,
Өз әйелін қызғанып.
Ақмырза ҚҰЛТАСОВ.
О, бәтеңкем!
(Студенттік әзіл)
О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.
Тақаларың көрінетін бұрын дәу,
Тозғандық па?
Басылады қырындау.
«Чарльстон» мен «Липси» деп жүргенде,
Тас еденге ыдырынып ұрылды-ау.
Осы сенің келіп тұрар кезегің,
«Жүдей» қалсаң, табылады тез емің.
Шөткіменен сауырыңнан бір сипап,
Тас көшені зыр жүгіріп кеземін.
Өзімше бір алмақшы боп ой түйіп,
(Ләззатқа шымырлайды-ау, бой күйіп).
Сауық кешке, театр мен киноға,
Күнде барам тобықтарым тойтиып.
Алдымда тұр сынақ деген алып шың,
Зейін қойып оқып жатыр халық шын.
Түк білмейтін студентке ұқсап сен,
Маған қарап «аузыңды ашып» қалыпсың.
ЖҰБАТХАН.
Газет Талдықорған қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, 32-
үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ
филиалы «Офсет» баспахана-
сында басылады.
Индекс: 64568
Газет айына екі рет шығады.
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 187а.
223329; ішкі нөмір.1143
Бас редактор Үсен Өмірзақов
Жарияланған мақала авторларының пікірлері
редакция көзқарасын білдірмейді.
Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.
«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында
теріліп, беттеледі.
Тапсырыс № 473
Таралым 2500 дана
Тілшілер Б.Жаңабаева,
Т.Кәрім,
А.Байдаулетов
Корректорлар Ұ.Жолдасова,
А.Аманжолова
Беттеуші П.Қалиханқызы
Суретке түсірген Б.Айменов
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп,
№ 4190-Г куәлігі берілген.
бейсенбі, 7 сәуір,
2016 жыл
12
ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
ДЕМАЛЫС БЕТІ
Жетісу
университеті
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС
КЕРЕК-ДЕРЕК
АС МӘЗІРІ
Жасанды тырнақ өсіру:
пайдасы мен зияны
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
Т‰с кµру. Ќандай тус кµрдіњіз?
Мәліметтерді ғаламтор желісінен дайындаған Перизат ҚАЛИХАНҚЫЗЫ.
Gazeta.zhgu@mail.ru
Ұзын, әдемі тырнақ қашанда
стиль мен сәннің символы
болған. Қазіргі таңда кез келген
іскер әйелді сәнді маникюрсіз
елестету қиын. Соны білген
сән салондары да қызылды-
жасылды жарнамасымен көз
бен сананы жаулауда. Мүмкін
дәл қазір мыңдаған аруларымыз
тырнағын жасанды жолмен
өсіруге шешім қабылдай алмай,
ойланып отырған болар.
Американдық
дәрігердің
зерттеу
жұмыстары бойынша, суды аз ішетін
адамдардың терісі тез қартайып, әжім түседі
екен. Сонымен қатар, күніне 2-2,5 литр су
ішпейтін адамдар толуға бейім тұрады-мыс.
Ал, енді судың көмегімен арықтаудың
жолдарына үңілейік. Ресейлік диетолог-
тар әйелдерді артық салмақтан арылту
үшін сумен іс-тәжірибе жүргізген. Маман-
дар оларға таңертең аш қарынға екі стақан
салқын су ішуді міндеттеген. Арада 20 ми-
нут өткен соң ғана таңғы асты ішуге кеңес
берген. Осылайша әйелдер түскі, бесін,
кешкі астың алдында міндетті түрде 2
стақан су ішіп отырған. Екі аптаға созылған
емдік шараның арқасында іс-тәжірибеге
қатысқан нәзік жандылардың барлығы 3-4
келіге арықтаған. Бұдан бөлек, олардың бет
терілері нәрленіп, бойларындағы қоюланған
қандары сұйыла түскен көрінеді.
Ендеше сіз бен біз де күнделікті 2-3 литр
су ішуді әдетке айналдырсақ, артық майдан
арылып қана қоймай, денсаулығымызды да
жақсарта алады екенбіз.
Жасанды тырнақ өсірмес бұрын, гелмен
бе әлде акрилмен бе, қайсысымен өсірген
қолайлы екенін біліп алған жөн.
Тырнақ әрлеуші шебердің кабинетіне
кірсеңіз болғаны, тым қысқа, күтімсіз
тырнағыңыз бірнеше сағаттық еңбектен
соң көркем болып шыға келеді. Тырнақты
гелмен және акрилмен өсіреді. Біреуінен
екіншісі артық деуге келмейді, екеуінің де
жақсы және жаман жақтары бар.
Гель – аллергенді тұстары аз матери-
ал, сондықтан гель жағып өсірілген тырнақ
ыңғайлы. Алайда, ол тырнақты сындырып
не зақымдап алсаңыз, барлығын түгелдей
шешіп, қайтадан жасау керек.
Көп мамандар акрилмен жасанды тырнақ
жасауды қолдайды. Өйткені акрил бар
болғаны ешқандай ықпалсыз, өздігінен
қатып қалады және қосымша аспаптарды
қажет етпейді. Оған қосымша акрилден
жасалған тырнақты алып тастау анағұрлым
оңай.
Жасанды тырнақ өсірудің пайдасы
Әрине, жасанды тырнақ өсірудің пайдалы
әсері болмаса, көптеген арулар ол үшін сон-
ша уақыты мен ақшасын кетірмес еді. Гель
және акрилмен тырнақ өсірудің ортақ жақсы
жақтары бар:
- Ұзын, әдемі тырнақтардың табиғи
тырнақтан еш айырмашылығы болмай
қалады;
- Өз тырнағыңыздың қисық-қыңыр
жақтарын, барлық кемшіліктерін жасырып
тұрады;
- Ұзын тырнаққа көңіліңіз қалаған кез кел-
ген өрнектер мен суреттерді сала аласыз;
- Бетіне жаққан тырнақ бояуы ұзақ уақыт
бұзылмай сақталады;
- Жайсыздық болмайды, жаңа тырнаққа
тез үйреніп кетесіз.
Жасанды тырнақ өсірудің зияны:
- Гельден болсын, акрилден болсын, жа-
санды тырнаққа екі аптада бір уақтылы кор-
рекция жасап отыру керек. Ол үшін тағы да
ұзақ уақыт пен ақша қажет.
- Гелмен өсірілген тырнақты алып тастауға
болмайды, оны түгелдей үгіту керек. Ал оны
тек тырнақ әрлеу шебері ғана жасай алады.
- Жасанды тырнақ өсіргеннен кейін өз
тырнағыңыз жұқарып, әлсіз болып қалады.
Жасанды тырнақты шешкен соң ерекше
күтімді қажет етеді.
Қандай жағдайда жасанды тырнақ
жасатуға болмайды?
Жасанды тырнақты кез келген адам кез
келген уақытта жасата алады. Алайда
мүлде қайшы келетін жағдайлар да бар:
- Зақымданған және қышыма ауруы (гри-
бок) бар тырнақты жасанды жолмен өсіруге
болмайды;
- Тырнақ айналасындағы ет (кутикула)
зақымданған жағдайда (мысалы, кесіп
алсаңыз) жасанды тырнақ өсіртпеңіз.
Өйткені жараға гель не акрил түссе, асқынып
кетуі әбден мүмкін;
- Жүрегі ауыратын, қан тамырлары ауруы-
мен ауыратын, қант диабеті бар адамдарға
жасанды тырнақ өсіруге болмайды;
- Қолы өте қатты терлейтін адам жасанды
тырнақты мүлде ұмытқаны жөн;
- Антибиотик немесе гормоналды
дәрілер қабылдау кезеңінде де жасанды
тырнақ өсіруге болмайды. Егер сенімді
әрі өз ісін жақсы білетін маман кездессе,
еш қорықпастан жасанды жолмен тырнақ
өсіруге қорықпаңыз.
Қазақтың біз білмейтін тағам түрлері әлі
де баршылық. "Божымық" та соның бірі.
Божымық атының өзі тосын естілгеніндей,
дайындалуы да ерекше. Расында біз,
божымықты көзімізбен көргеніміз жоқ, дәмін
де татқан емеспіз. Алайда назарларыңызға
тағамның дайындалу, аталу себебі жайын-
да ақпарат ұсынамыз.
Бұл асты дайындау үшін жаздың күні
қойдың етін қақтауға лайықтағандай жай-
малап, ашық жерге іліп қояды. Оған шыбын
қонып, енді құрттауға айналғанда жинап
алады. Шын мәнінде ет божып, ашиды. Етті
жуып-тазалап қазанға салып, бір қайнаған
соң суын төгіп тастап, қайта жаңалайды.
Әрине, мұндай етіп пісірген еттен әуелгіде
жағымсыздау иіс шығатыны рас. Бірақ
божымықты оның бабын білетін адам да-
ярласа, табаққа салғанда ешқандай иіс те,
дәм де қалмайды. Бұлай божып, ашытқан
соң етте "холестерин" мүлде қалмайды.
Жазды күні ыстықта жас қойдың еті ауырлау
соғады. Ал божымық еттің сіңімділігі құстың
еті сияқты жеңіл болатындықтан, осылай
"божымық" тағамын жасаған.
Міне, бізге бейтаныс "божымық" атты
тағамның дайындалуы осы. Ал оның
"божымық" атануы – божыту, ашытудан
шыққан.
Көктемде табиғат анамен бірге нәзік
жандылар да құлпыруға ынтыға түседі.
Көптеген қыз-келіншектер қыс бойы
құнарлы тағамдарды тұтынып, есесіне
артық салмақ қосып алатыны да рас. Ал,
сіз, ай мүсініңізді қайта қалпына келтіру
үшін ешбір диетасыз тек судың көмегімен
арықтауға болатынын білесіз бе?
Божымық
қандай тағам?
Егер адам түсінде:
Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Он-
дай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге
жетеді.
Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш
әкелетін істің боларынан хабар береді.
Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде
ұзақ жасайды.
Басына тәж кисе - онда ол өңінде
байлыққа ие болады.
Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау -
бақытты болудың нышаны.
Жылаған болса – өңінде қуанады.
Аспанда тұрған айды көрсе - өте жақсы
белгі, мұратына жетеді.
Күнді көрсе - мерейі өңінде
дұшпандарынан үстем болып, дәулеті
тасиды.
Жұлдыздарды көрсе - балаларының
дәрежесі жоғары болады.
Өзен көрсе - кісі өңінде үлкен олжаға,
пайдаға кезігеді.
Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың
белгісі.
Қызыл гүл көрсе - онда өңінде бай бола-
ды.
Бал арасын қуып жүрсе - өңінде пайдаға
жолығады.
Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн.
Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол
шындықты айтады.
Суда жүзіп жүрген балықты көрсе - адам
өңінде перзент сүйеді.
Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе - онда
өңінде жақсы табысқа жетеді.
Қолын жуса - өңіндегі мазасыздықтан
арылу.
Көпірден өткен кісі - өңінде өзінің жақсы
қызметін
қалдырып, одан да жақсы қызмет
істейді.
Ақ түсті киім кисе - онда ол бұл дүниеде
де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді
деген сөз.
Сары түсті киім кисе - онда ол өңінде
өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман
жағдайда болады.
Қызыл түсті киім кисе - онда ол өңінде ел
билеген болады.
Қара түсті киім кисе - өңінде қайғыға
ұшырайды.
Құс ұстап алатын болса - онда ол өңінде
үйленеді.
Кісінің басына құс қонатын болса - онда
ол өңінде бір қызмет атқарады.
Қыранды көрсе - дәрежеге ие болады.
Көгершінді көрсе - өңінде оның ісі
оңғарылады.
Ақ қоян енсе - онда қыс қатты болады.
Егер кісінің түсіне қара қоян енсе - онда қыс
жайлы болады.
Ит қабатын болса - өңінде бір қатыгез
адамның жаласына ұшырайды.
Ас ішсе - өңінде мол дәулетке ие болады.
Ет жесе - өңінде ішіп-жемінің көбейгенін
көреді.
Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.
Балық ұстап немесе жеп жүрсе - өңінде
дәулеті артады.
Жылан қуса - әйелдердің арбауына
түседі.
Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды.
Үйі құлағанын көрсе - ұрыс-керіс болады.
Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады.
Аттан құлап қалса - қатерге кездеседі.
«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық»
демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз,
жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз,
жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін.
Ең бастысы - түсімізді тек жақсылыққа
жори білейік!
Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары
жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді
жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. «Түс – тәңірдің аяны» дегенге
сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны екендігін білуге асығамыз. Ал енді
біреулеріміз «Түс – түлкінің тезегі» - деп, қолды бір сілтеп, мән берместен
жүре де береміз. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түстеріміз қаншама?
Сондықтан, халқымызға тән салттарға сүйене отырып, сіздердің
назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгілерін ұсынуды жөн көрдік.
Су ішіп арыќтањыз