№7 (124) 7 сәуір, 2016 жыл АҢдатпа 3 стр


ХАЛҚЫНА ДЕГЕН ҚАСИЕТТІ ҰҒЫМДАРМЕН САБАҚТАСЫП ЖАТАДЫ. ӨЗІҢ ӨМІР



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі10,79 Mb.
#7737
1   2   3   4   5   6

ХАЛҚЫНА ДЕГЕН ҚАСИЕТТІ ҰҒЫМДАРМЕН САБАҚТАСЫП ЖАТАДЫ. ӨЗІҢ ӨМІР 

СҮРІП ОТЫРҒАН ҚОҒАМНЫҢ БЕЛДІ БІР МҮШЕСІ РЕТІНДЕ  ОСЫ БІР МАҢЫЗДЫ 

ҰСТАНЫМДАРДЫ ЖАНЫҢА СЕРІК, КӨҢІЛІҢЕ МЕДЕУ, БОЛАШАҒЫҢА БАҒДАР ЖОЛ 

БАҒЫТЫНДА БАҒАЛАУҒА ҰМТЫЛУЫҢ ДА ЗАҢДЫ ҚҰБЫЛЫС. ОҒАН  БАСТАР БАҒЫТ, 

СІЛКІНІС ТУҒЫЗАР СЕРПІЛІС, ДАҢҒЫЛ ЖОЛ ҚАЖЕТ ЕКЕНДІГІ ДЕ ТАЛАС ТУДЫР-

МАЙДЫ. ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ: «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» ДЕГЕН ТҮЙІНДІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖҮРЕГІ ЕЛІМ ДЕП 

СОҚҚАН ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ АСЫЛ АРМАНЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА САРА ЖОЛ АША-

ТЫН ҚҰНДЫ ДҮНИЕ ЕКЕНДІГІ КҮМӘНСІЗ. 

Gazeta.zhgu@mail.ru

¦лт м‰ддесi – келешек кепiлi

Елбасыныњ «Ґлт жоспары – ќазаќстандыќ арманѓа  

бастайтын жол» атты маќаласынан туѓан ой



Тұрлыхан КӘРІМ.

Мемлекет  басшысы  2016  жылдың  

1  қаңтарынан  «5  институционалдық  ре-

форманы  жүзеге  асыру  бойынша  100 

нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың 

практикалық кезеңінің басталғандығын айта 

келе:  «Әр  ұрпақтың  өз  арманы  бар,  олар-

да  жеке  және  отбасылық  игіліктерге  ғана 

ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда 

туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімі,  өз 

халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар 

айқын  көрінеді...»  дейді.  Бұл  кешегі  ата-

бабаларымыздың  Қазақ  елінің  тәуелсіздігі 

туралы  асыл  арманының  заңды  жалғасы 

екендігін еске салады. Сол азат ел, Тәуелсіз 

Отан  туралы  ғасырлар  бойғы  арманның 

осыдан  ширек  ғасыр  бұрын  жүзеге  асып, 

жақсы  жалғасын  тауып  келе  жатқанына 

қуанады.  Осы  жаңа  қазақстандық  ар-

манмен  алға  басқан  құтты  қадамымызды 

қарыштай дамытып, ХХI ғасырдың ортасы-

на  қарай  Қазақстанның  әлемдегі  дамыған 

30  мемлекеттің  қатарына  қосылуға  қалай 

қол жеткізудің жоспарын алға тартады.

Көздеген  мақсаттарға  жетудің  бір  жолы  

ел экономикасын дамыту болса, оның алғы 

шарттарының  бірі  жүзден  астам  этностық 

топтар  тұратын  Қазақ  жерінде  ұлтаралық 

береке бірлікті қалыптастыру. Осы бағытта 

«Бір  ел  –  бір  тағдыр»  деген  ұстанымның 

алға қойылып отырғаны белгілі. Бұл жалпы 

ұлттық  «Мәңгілік  Ел»  идеясына  айналып 

отыр. Сол үшін ел құндылықтарын дәріптеп, 

«Мәңгілік  Ел» ұрпақтарына сапалы білім, са-

налы тәрбие қажеттілігі туындайды. Осыған 

орай,  маңызды  құжатта  білім  беру  сала-

ларын  реформалау,  мектепке  дейін  және 

мектепте  білім  берудің    жаңа  үйлестірілген 

стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша 

тиімді  жұмыстар  жүргізіліп  жатқандығы  ай-

тылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін 

меңгерте  отырып,  өскелең  ұрпақ  бойын-

да    жасампаз  қазақстандық  патриотизмнің 

негізін  қалауды,  нығайтуды  өмір  ағымымен 

ұштастыра жүргізу уақыт талабы екендігіне 

назар аударылады. Жас  ұрпаққа көңіл бөлу 

– болашаққа деген жалпыхалықтық сенімді 

арттыра түсері анық. 

І.Жансүгіров 

атындағы 

Жетісу   

Мемлекеттік  университеті  оқытушылар 

мен  шәкірттер  құрамы  Елбасы  алға  қойып 

отырған  мақсаттарды  басшылыққа  ала 

отырып, игілікті істерді дәріптеу бағытында 

ауқымды  жұмыстарды  жүзеге  асыру-

да.  Өткен  жылы  бір  халықаралық,  бес 

республикалық,  үш  аймақтық  дәрежеде 

ғылыми  конференциялар  өткізіліп,  ғылыми 

жобалар  конкурсына  гуманитарлық,  жа-

ратылыстану, 

техникалық, 

әлеуметтік 

және  экономикалық  салалар  бойынша 

отызға  жуық  білімгер  қатысты.  Жыл  ба-

рысында  22  пән  бойынша    республикалық 

олимпиадада      64  студент  бағын  сынап, 

10-ы  жүлделі  орынды  иеленді.  Білім  және 

ғылым    министрлігінің  ұйымдастыруымен 

жыл  сайын  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» 

мемлекеттік  грант  негізінде  республикалық 

байқау өтеді. Университеттің оқытушылары 

жеті  жылдан  бері  жеңіс  тұғырынан  көрініп 

келеді. 


К.Білеутаева, 

Р.Аралбаева, 

М.Төреғожина, 

М.Иманғазинов, 

А.Шарипов,  Е.Смағұлов,  Б.  Оразбекұлы, 

Е.Андасбаев,  С.Байдыбекова,  Е.  Бейісов, 

Б.  Сериев,  Е.  Дүсіпов  сияқты  профессор-

оқытушылар  үздіктер  қатарында.  Ғалым 

ұстаздарымыз Л.Еркінбаева, М.Төреғожина, 

Э.Қыдырбаева  «Болашақ»  халықаралық 

грантының иегерлері атанғанын әріптестері 

мақтан  тұтады.  Желтоқсан  айының  орта-

сында ҚР Білім және ғылым министрлігі та-

рапынан  жасақталған  комиссия  мүшелері 

университеттің  білім  сапасын  кешенді 

тестілеу арқылы мемлекеттік аттестациядан 

өткізді. Бес жылда бір жүргізілетін аттеста-

ция  талабына  сәйкес  білім  саласындағы 

бакалавриаттың  40  мамандығы  тест 

сынағынан  96  пайыздық  үлгеріммен  

республика 

бойынша 


ең 

жоғарғы 


көрсеткішке  қол  жеткізді.  Бұл  жетістіктерге 

заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 

ҰҒА  корреспондент  мүшесі  2008-2016  оқу 

жылдарында  І.Жансүгіров  атындағы  уни-

верситет  ректоры  Әбдіманап  Елікбайұлы 

Бектұрғановтың  да  ұйымдастырушылық 

үлесі  бар  екендігін  айта  кеткен  жөн.  Білім 

ордасында  Ел  Президентінің  халыққа 

Жолдауы,  «Ұлт  жоспары  –  қазақстандық 

арманға бастайтын жол» мақаласы кеңінен 

талқылануда.  Осының  барлығы  Елбасы 

алға қойған маңызды реформаны жүзе асы-

ру барысында қолға алынып жатқан игілікті 

істердің бір көрінісі.

Қарыштап  дамып  келе  жатқан  Қазақ  елі 

үшін  әр  жылдың  айтарлықтай  ерекшелігі 

бар.  Өткен  жыл  да  шаттық  пен  қуанышқа 

толы  болды.  Қазақ  хандығының  550 

жылдығын  тойлап,  еліміздің  тарихын 

түгендедік.  Қазақстан    халықтары  Ас-

самблеясы  мен  ҚР  Конституциясының  20 

жылдығы,  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  ата-

лып  өтті.  Президентіміздің  «Қазақстан 

жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  ре-

форма,  даму»  атты  халыққа  Жолдауы 

әлемдік  экономикалық  дағдарысқа  қарсы 

стратегиялық    мемлекеттік  құжат  ретінде  

жұртшылық  арасында  кеңінен  қолдау  тап-

ты. Ұлт Көшбасшысы еліміздің қол жеткізген 

жетістігін,  алда  атқарар  өрелі  істерін  жіпке 

тізгендей  саралап  көрсетіп  берді.  Бұл 

әлемдік  дәрежедегі  саясаткерлердің  на-

зарын  аударды.  Алпауыт  мемлекеттердің 

Қазақстанға деген қызығушылын арттырды. 

Ұлт жоспары – қарапайым халықтың ар-

манын жүзеге асыруға бағытталған кешенді 

құжат.  Мұнда  сапалы  білімді  жетілдірумен 

қатар,  медицинаны дамыту, халыққа қызмет 

көрсетудің  барлық  түрлерін  оңтайландыру 

көзделген.  Қаржыландыру  көлемін  арттыра 

отырып, жұмыспен қамтудың жол картасын 

жетілдіру,  еңбекке  қабілетті  адамдарды 

қысқа  мерзімді  қайта  даярлау  курстары-

нан өткізуге, олардың біліктілігін арттыруға, 

шағын  несие  алуларына  мүмкіндіктер 

жасауға  мән  беріліп  отыр.  2017  жылдан 

бастау  алатын  «Барша  үшін  тегін  кәсіптік-

техникалық білім беру» жобасы жұртшылық 

көңілінен шықты. Бұл өсіп келе жатқан жас 

ұрпақтың  болашағы  үшін  жасалып  жатқан 

игі қадам. Кәсіптік-техникалық білімді игеру-

ге ынталанған жастарға даңғыл жол ашыла-

ды деген сөз. 

Үстіміздегі жылдан бастап орталық және 

жергілікті мемлекеттік органдарда автоном-

ды,  дербестік,  жариялылық  бағытындағы 

Қоғамдық  кеңестердің  құрылуы,  олардың 

жетекшілері 

мемлекеттік 

қызметте 

жоқ 

белгілі 


қоғам 

қайраткерлерінің 

қатарынан  болуы,  қоғамдық  кеңестерге 

мемлекеттік 

органдардың 

бюджеттік 

бағдарламаларының  жобаларын  және 

олардың 


орындалуын, 

стратегиялық 

жоспарларды, 

аумақтарды 

дамыту 

бағдарламаларын талқылауға құқық берілуі 



халық  қазынасын  сақтауға,  ортақ  іске  де-

ген  жауапкершілікті  жетілдіруге  септігін 

тигізеді.  Қоғамдық  кеңестерде  атқарушы 

органдардың 

есептерінің 

тыңдалуы, 

азаматтардың құқықтарына, бостандықтары 

мен  міндеттеріне  қатысты  нормативтік- 

құқықтық актілердің жобалары қаралуы ішкі 

тәртіптің  нығаюына  жол  ашуға  мүмкіндік 

туғызады.  Бұл  Елбасының  мемлекеттік 

қызметтің  ашықтығын  көздегендігінен  ту-

ындап  отырған  игілікті  шара  деп  түсінуіміз 

керек.  Шағын  және  орта  бизнестің  іргесін 

кеңейту  мақсатындағы  «Салық  тура-

лы»  кодекстің  жетілдірілуі,  қарапайым 

жұмысшының  мүддесін  қорғайтын  «Еңбек 

туралы»  кодекстің  жаңа  нұсқасының 

енгізілуі – жалпы қазақстандықтар үшін жа-

салып жатқан жақсылықтардың белгісі. 

Тәуелсіздік  туын  желбіретіп,  жеке  мем-

лекет  ретінде  тарих  қойнауына  кіргенімізге 

ширек  ғасырға  жуықтады.    Осы  уақыт 

ішінде  іргеміз  нығайды,  бүкіл  ел  өмірінде 

көз  көрмеген  орасан  жетістіктерге  қол 

жеткізгеніміз  баршаға  аян.  Мемлекетіміз  

іргесін 

нығайта 


отырып, 

жаһандық 

дәуірдің  сын-қатерлеріне  біртұтас  іс-қимыл  

стратегиясын  қарсы  қоя  білуде.  Соның 

нәтижесінде 

қай 


салада 

болсын  


ілгерлеушілік  басым.  Оны  бүгінгі  уақыт 

ағымы да дәлелдеп отыр.

Елбасының  жолдауында  экономикалық 

және  әлеуметтік  жетістіктермен  қатар,  өсіп 

келе  жатқан  жас  ұрпаққа  ерекше  көңіл 

бөлінгендігі  қуантады.  Оларды  тиімді 

кәсіпті  меңгеруге,  сол  арқылы  өркендеп 

келе  жатқан  ел  болашағына  тыңғылықты 

үлес  қосуға  үндейді.  «Мен  жастарымызды 

жұмысшы  мамандығын  белсенді  меңгеруге 

шақырамын.  Жұмысшы  мамандықтарын 

меңгеру  керек.  Кезінде  мен  де  жұмысшы 

киімін  киюден  бастадым,  домна  пеші 

от-жалынының  жанында  тұрдым.  Үлгі 

алыңдар!  Жылдар    өтеді,  бірақ,  осы 

өмірлік  тәжірибелерің,  сендер  қандай 

өмір  жолын  таңдап  алсаңдар    да  міндетті 

түрде    кәделеріңе  жарайды»,-  деген  жылы 

лебіздің  өзінде  қаншама терең мағына жа-

тыр  түсінген  адамға.  Өйткені,  Елбасының 

ерлікке  толы  өсу  жолы  әркімге  үлгі.  Одан 

оңды  ғибрат  алу  мағыналы  өмір  сүремін 

деушілерге  даңғыл  жол  екендігі  анық. 

Ерінбей  атқарылған  еңбектің,  төгілген 

тердің өз өтеуі, миуалы жемісі бар екендігін 

өз  өмір  жолына  қатысты  нақты  мысалдар 

арқылы  алға  тартады.  Қарыштап  дамып 

келе  жатқан  Тәуелсіз  елдің  тірегі  жастарға 

мол үміт артады.  Бүгінгі таңда атқарылып 

жатқан қыруар жұмыстарды, күннен – күнге 

көркейіп  келе  жатқан    қалалар  мен  елді 

мекендерді,  алысты  жақындата  түскен 

жол  құрылыстарын,  ел  игілігі  үшін  жа-

салып  жатқан  жақсылықтарды  одан  әрі 

жалғастырушы  жастар  екендігін  еске  сала-

ды Елбасы. 

І.Жансүгіров  атындағы      Жетісу  

Мемлекеттік  университеті  журналистика 

және  филология  кафедрасы  студенттері 

халыққа  арналған  Елбасының  Жол-

дауына  ынта-жігермен  үн  қосты.  Онда 

Қазақстанның  жас  азаматтарына  арна-

лып  айтылған:  «Білімді,  еңбекқор,  ба-

стамашыл,  белсенді  болуға  қазірден  

бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс 

бар  өңірге  батыл  барыңдар.  Шеберліктің 

шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі 

жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, 

ғылым  мен  инновацияның  күні  туған  за-

ман.  Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай  ғылым 

іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген  адам 

озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ бо-

лады.  Біз  жүзеге  асырып  жатқан  түбегейлі 

реформалар  мен  атқарып  жатқан  қыруар 

істердің  барлығы  сендер  үшін,  болашақ 

үшін  жасалуда»  деген  жылы  лебізге  қуана 

қол соқты. Өздеріне артылған үлкен үмітке 

озық  білімдерімен,  қажыр-қайраттарымен 

үлесін  қосатындықтарына  сенім  білдірді. 

Өркендеп  келе  жатқан  еліміздің  болашағы 

өздері екендігіне ықылас танытты.

Қазір  мемлекетіміз  қарыштап  даму  жо-

лында.  ДСҰ-ға  мүше  елдерге  экспорттай 

алатын сапалы өнімдеріміз молайып келеді. 

Халқымыздың  әл-ауқаты  жаман  емес.  Не 

ішемін,  не  киемін  демейсіз.  Бәрі  жеткілікті. 

Ең бастысы ел іргесі аман, бейбіт дәуірдің 

куәсіміз.  Ұлттық  құндылықтарымыздан 

бастау  алған  Тәуелсіздігіміздің  баянды 

болуын  көздейтін  –  Ұлт  жоспарын  жүзеге 

асыру ортақ іс. Бұл кешегі ел бостандығын 

аңсаған 


ата-бабаларымыздың, 

бүгінгі 


барша  қазақстандықтардың  асыл  ар-

маны.  Тәуелсіздігіміздің  таңы  арайлап 

атқан  күннен  бастап  елімізді  өркениетті 

мемлекеттердің  қатарына  қосуға  барлық 

күш-жігерін  жұмсап  келе  жатқан  тұңғыш 

Президентіміз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы  

Назарбаев:  «Мен  Қазақстандықтарды  Ұлт  

жоспарын  жүзеге  асыруға  және  рефор-

маларды  жүргізуге  барынша  белсенді 

қатысуға,  олар  ашатын  мүмкіндіктерді 

пайдалануға  шақырамын.  Біз  өзіміздің 

қазақстандық  арманымыздың  орында-

луына  және  Қазақстанның  өркендеуіне 

сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!» деп, 

сеніммен айтты. Ендеше, «Көшбасшы біреу 

– халқы тіреу» деген қағиданы бетке ұстап, 

ұйымшылдық үлгісін көрсету –  басты пары-

зымыз.


Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 7 сәуір, 

2016 жыл

МАМАН МІНБЕРІ

Қaзіргі тaңдa көптеген психолог-педaгог мамандардың

медицина қызметкерлерінің, дефектологтaрдың нaзaрын 

aудaрып отырғaн мәселе  - мүмкіндігі шектеулі бaлaлaр 

тaғдыры. Статистикаға  сәйкес, әлемде мүмкіндігі 

шектеулі балалар қатарының көрсеткіштері өсу тенден-

циясына ие болып тұр.

Gazeta.zhgu@mail.ru

ӘДІСТЕМЕ


КӨКЕЙТЕСТІ

Жалпы адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбектің шешуші факторлардың қатарында 

маңызды рөл атқаратыны ежелден мәлім. Өйткені, байырдан  халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие 

жүйесінің күретамыры деп қарастырып келген. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және 

қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие 

институттарының негізгісі - жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі.

Педагог-дефектологтыњ ќызмет

Қоғам 


дамуының 

әр 


кезеңінде 

физиологиялық  және  психикалық  дамуын-

да  кемшілігі  бар  балалардың  болғандығын 

деректер  дәлелдейді.  Болашақ  ананың 

вирустық  аурулармен,  ауыраяқ  кезінде 

ананың жарақат алуы, баланың туылғаннан 

кейінгі  2-2,5    жас  кезінде  травматикалық 

зақымдануы мен бас миының инфекциялық 

ауруларға  шалдығуы,  дамуында  кемшілігі 

бар балалардың өмірге келуіне негізгі себеп 

болған.

2002  жылы  қабылданған  "Кемтар  ба-



лаларды  әлеуметтік  және  медициналық-

педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау 

туралы" 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңы  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың 

арнайы  білім  алу  құқығын  бекітеді. 

Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  дамуындағы 

дене  немесе  психикалық  кемістіктеріне 

қарамастан,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеу, 

қоғамда  әлеуметтік  бейімдеу  жұмыстарын 

ұйымдастыру, кәсіби даярлықты меңгеруіне 

әдістемелік көмек көрсету -  баланың даму 

үдерісін  жаңа  сапалы  деңгейге  шығарады. 

Мүмкіндігі шектеулі тұлға квалификациялық 

психологиялық-педагогикалық  көмек  алуға 

құқығы  бар.    Арнайы  білім  беруді  қажет 

ететін  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  қандай 

мекемеде  оқиды,  оларды  кім  оқытады, 

қалай  оқытады  деген  сұрақтың  туындауы 

заңды. Олар балабақшаларда ашылған ар-

найы топтар мен арнайы балабақшаларда, 

арнайы  мектептерде  және  мектеп-интер-

наттарда, 

психологиялық-педагогикалық 

түзету  кабинеттерінде,  психологиялық-

медициналық-педагогикалық  кеңес  беру 

орталықтарында  әр  түрлі  түзету  амал-

тәсілдері  арқылы  оқытылады,  оны  тек  ар-

найы  дайындалған  педагог-дефектолог 

жүргізе алады. 

Қазіргі  өркениетті  заманымызда  педагог-

дефектолог  мамандығы  еңбек  нарығында 

сұранысқа ие мамандықтың бірі болып тұр. 

Дефектолог мамандығы педагогика (жалпы, 

арнайы, әлеуметтік), психология, медицина 

(отоларингология,  офтальмология,  орто-

педия,  невропатология,  психопатология, 

анатомия,  физиология  т.б.)  сияқты  ғылым 

салаларымен тоғысады. Сондықтан педагог-

дефектолог  педагогикалық  мамандардың 

кең аумағына ие, мамандану бойынша сур-

допедагог  (естімейтін  және  нашар  еститін 

балалармен  оқыту  және  түзете-дамыту 

жұмыстарын  жүргізеді),  олигофренопеда-

гог  (ақыл-ой  дамуының  жеңіл  және  күрделі 

бұзылыстары  бар  балалармен  оқыту  және 

түзете-дамыту  жұмыстарын  жүргізеді), 

тифлопедагог  (соқыр  және  нашар  көретін 

балалармен  түзете-дамыту  жұмыстарын 

жүргізеді),  логопед  (жалпы  сөйлеу  тілінде 

кемістігі бар балалармен түзету жұмыстарын 

жүргізеді) біліктілігін ала алады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  білім 

алуы,  еңбек  ету  мен  әлеуметтік  бейімделуі 

мемлекет  тарапынан  қолдауға  ие  бо-

лып  отыр.  Оған  дәлел  ретінде  қазіргі  кез-

де  психологиялық-педагогикалық  түзету 

кабинеттері, 

оңалту 


орталықтары, 

логопедиялық  пунктер  барлық  аудан 

орталықтарында  ашылып,  мүмкіндігі 

шектеулі 

тұлғаларларға 

кешенді 


көмек  көрсету  қызметін  атқаруда. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде, 

балабақшаларда логопедтің ставкала-

ры ашылды. 

Алматы  аймағына  осындай  ма-

мандар  даярлау  мақсатында  1999 

жылы  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік  университеті,  педагоги-

ка  және  психология  факультетінде, 

оқыту  және  тәрбиелеу  әдістемесі  ка-

федрасында  мемлекеттік  лицензия 

негізінде    дефектология  мамандығы 

ашылды.  Дефектология  мамандығы 

бойынша  білім  бакалавры  кәсіби 

қызметінің  мазмұны  -  әр  түрлі  меке-

мелерде  мүмкіндігі  шектеулі  бала-

ларды  толығынан  әлеуметтендіруге, 

қоғамға  кіргізуге,  тұлғалық  дамытуға 

бағытталған 

коррекциялық-

педагогикалық  іс-әрекетін  жүргізу  бо-

лып табылады. 

2012  жылы  университетімізде  де-

фектология  мамандығы  бойынша  

магистратура 

ашылды. 


2012-

2013  оқу  жылында  магистранттардың 

бірінші  қабылдауы  жүзеге  асырылды. 

Магистранттардың білім беру бағдарламасы 

екі  бағыт  бойынша  дайындық  жүргізеді: 

ғылыми-педагогикалық (2 жылдық оқу) және 

кәсіптік (1 жылдық оқу), түлектер бітіргеннен 

кейін  магистратураның  ережесіне  сай  пе-

дагогика ғылымдарының магистрі (ғылыми-

педагогикалық  бағыт)  және  білім  магистрі 

(кәсіптік бағыт) біліктілігін иеленеді.

2014-2015    оқу  жылындағы  дефектоло-

гия  мамандығының  жетістігі  НКАОКО-ның 

мамандандырылған 

аккредитациясынан 

өтті.  Сондай-ақ,  2015-2016  оқу  жылында 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  тара-

пынан  жоғары  оқу  орындарын  бес  жылда 

бір  өткізілетін  мемлекеттік  аттестациядан 

жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Дефектология 

мамандығына 

қабылданған  студенттер  1-2  курстарда 

жалпы білім беретін пәндерді меңгергеннен 

кейін,  3-4  курстарда  мамандану  бойын-

ша  өздерінің  таңдауларына  қарай  бөлініп 

оқиды.  Мамандану  бойынша  студенттердің 

тәжірибелік  іс-әрекетін  жүзеге  асыруда 

барлық  мүмкіндіктер  жасалған.    Арнайы 

білім  беруді  ақпараттандыру  зертханасы, 

арнайы  педагогика  оқу  зертханасы,  лого-

педия  кабинеті  заманауи  жабдықтармен, 

керекті құрылғылармен қамтамасыз етілген. 

Университет  тарапынан  түлектердің 

жұмысқа  орналасуы  бойынша  әр  жыл  сай-

ын  жүргізілетін  көрсеткіші  95-98  пайызды 

құрайды.  Дефектология  мамандығының 

түлектері арнайы білім беру мекемелерінде 

(балабақша,  мектеп,  кәсіби  білім  беру 

мекемелері),    балалар  үйі  мен  мектеп-

интернаттарда,  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі 

логопедтік 

пункттерде, 

балабақшаларда, 

балабақшалардағы 

арнайы 

топтарда, 



психологиялық-

педагогикалық коррекциялық кабинеттерде, 

психологиялық-медициналық 

әлеуметтік 

орталықтарда, 

диагностикалық 

және 

оңалту орталықтарында, ерте жастан көмек 



көрсету  кабинеттерінде,  жоғары  оқу  орын-

дарында  оқытушылық  қызметте,  балалар 

поликлиникасындағы логопедтік пункттерде 

жұмыс жасай алады. Сондай-ақ, мүмкіндігі 

шектеулі  баланың  көрсеткіштеріне  (БЦП) 

және  ПМПК  қорытындысына  сәйкес,  үйде 

оқытуды  педагог-дефектолог  қамтамасыз 

етеді.


Биылғы  2015-2016  оқу  жылының  мек-

теп  түлектерін  қоғамда  сұранысқа  ие, 

еңбек  нарығында  аса  қажет  мамандықтың 

бірі  –  дефектология  мамандығына  оқуға 

түсуге шақырамыз! Аймақтық білім ордасы 

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік 

университетінен білім алып,  еңбек жолына 

жолдама ал, жас түлек!



А.ГАЛИЕВА,  

ф.ғ.к., доцент, 

Г.АЗАНБЕКОВА,

аға оқытушы, дефектолог-логопед, 

Г.ЕРЖАНОВА,

аға оқытушы, педагог-дефектолог.

Мектепте  еңбекке  тәрбиелеу  -  тәрбиенің 

жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.

Оның басты міндеттері:  біріншіден, еңбек 

адамдарына  сүйіспеншілікпен,  құрметпен 

қарау;    екіншіден,  оқушыларды  халық 

шаруашылығының салаларындағы еңбектің 

түрлерімен  таныстыру,  еңбек  іс-әрекетінің 

барысында олардың дағдысы мен іскерлігін 

қалыптастыру;  үшіншіден,  мамандықты 

таңдауға  дайындау.  Балаларды  еңбекке 

психологиялық және практикалық тұрғыдан 

дайындау  -  бұл  қоғам  үшін  оқушылардың 

пайдалы  еңбекке  даярлығын  және  талап-

тануын  тәрбиелеу,  еңбекті  өз  бетімен,  өз 

еркімен ынталанып орындауға үйрету.  Бұл 

өте  күрделі  процесс  мұнда  оқушылардың 

әдеті,  сезімі  қалыптасады.  Мысалы,  ба-

лалар  адамдардың  табысты  еңбегіне  ма-

саттанады  немесе  адал  еңбеккерлердің 

есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, 

ұнатпайды,  керек  десе,  олармен  күресуге 

де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың 

ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік 

фактор қоғамның материалдық-техникалық 

базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды 

жасау.  Осының  негізінде  әдет,  моральдық 

нормалары бекітіледі.  Негізінде, бүгінгі күні 

оқушылардың еңбек тәрбиесі  жалпы білім 

беретін  мектепте,  кәсіптік-техникалық  мек-

тептер мен колледждерде  өтуде. Осы еңбек 

тәрбиесінің  жүйесіне  түрлі  іс-әрекеттер 

кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек;  сы-

ныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; 

өзіне-өзі  қызмет  ету;    қоғамдық  пайдалы 

және өнімді еңбек. 

Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысын-

да  еңбек  дағдылары,    іскерлік,  төзімділік,  

кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де 

байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды 

пән - еңбек сабағы. Онда оқушылар еңбек 

дағдыларына  үйренеді,  техникалық  білімді 

игереді.  Еңбек  сабақтары  барысында 

оқушылар  жалпы  және  техникалық  білімге 

сүйенеді.  Еңбек  сабақтарының  процесін 

жетілдіру  –  оқушылардың  еңбекке  зерт-

теу  және  шығармашылық    қатынасын 

қалыптастырады.

Оқушылар  мектепте  алған  білімдерін 

пайдаланып,  әр  түрлі  өсімдіктерді  өсіреді,  

тәжірибелер 

жасайды, 

практикалық 

дағдылар  мен  іскерлікті  игереді,  кейбір 

мамандықтардың түрлерін меңгереді.

Сыныптан  тыс  үйірме  және  жаппай 

жұмыстың  еңбек  тәрбиесін  іске  асыру-

да  тәрбиелік  мүмкіндігі  өте  зор."Жас  на-

туралистер",  "Жас  техниктер",  "Жас 

тәжірибешілер"  және  пән  үйірмелеріндегі 

сабақтар  оқушыларды  еңбекке  баули-

ды,  олардың    шығармашылық  ойларының 

дамуына  мүмкіндік  туғызады.  Әрбір 

оқушының  үйірме  сабақтарында  еңбекке 

шығармашылық  қатынасы  байқалады, 

олар  еңбегін  ұйымдастыру  тәсілдерін 

іздестіреді,  ғылыми  зерттеу  дағдыларына 

(әдебиеттермен  жұмыс  істеу,  жазып  алу, 

мәліметтерді  жинақтай  білу  т.б.)  төселеді.

Үйірме  жұмыстарын  жаппай  жұмыстар 

толықтырады.  Оқушылар  қызғылықты, 

үлкен  тәрбиелік  мәні  бар  көптеген 

шараларға  белсенді  қатысады  және  олар-

ды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай 

жұмыстарға "Құстар күні", "Орман күні", "Бақ 

аптасы",  "Еңбек  мерекесі",  т.  б.  айтуға  бо-

лады.

Өзіне-өзі  қызмет  ету  -  еңбек  тәрбиесінің 



қажетті  элементтерінің  бірі.  Балалар  өзіне-

өзі  қызмет  ете  отырып,  әр  түрлі  еңбек 

іс-әрекеттерін 

орындаудың 

тәсілдерін  

үйренеді,  өздерінің  жауапкершілігін  сезеді, 

бұл  менің  адамгершілік  борышым  дейді, 

сонымен  бірге,  олар  үлкендердің  еңбегін 

бағалайды, олардан үлгі алады.

Мектеп  жағдайында  өзіне-өзі  қызмет  ету 

–  оқу  құралдарын,  кабинеттерді,  жиһазды, 

сынып  бөлмесін,  мектеп  үйін  жөндеу, 

дәліздерді, 

шеберханаларды, 

спорт 

алаңдарын,  жинау т.б.



Отбасында  өзіне-өзі  қызмет  етудің 

түрлеріне  төсек-орынды,  пәтерді  жинау, 

киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін та-

зарту,  кір  жуу,  үтіктеу,  киімді жамау, тамақ 

дайындау  т.б.  жатады.  Мектеп  және  отба-

сы  алдындағы  басты  міндет  –  бұл  өзіне-

өзі  қызмет  етудің  берік  жүйесін  жасау. 

Тұрмыстық  еңбекті    адамның  күнделікті 

өмір игілігіне айналдыруы қажет.

Қоғамдағы  пайдалы  еңбек  -  қоғамдық 

қажетілікті  қанағаттандыру,  жеке  адамның 

жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, 

мектеп  жағдайында  өткізілетін  қоғамдық 

пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. 

Қоғамдық  пайдалы  жұмыстың  барысын-

да  оқушылардың  ғылыми  дүниетанымы 

дамиды.  Мамандықты  тануда  көзқарасы 

кеңейеді,  денсаулығы  жақсарады,  саяси 

сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы ар-

тады.


Қоғамдық  пайдалы  жұмыстың  мектеп 

өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады.

Мәселен,  халық  қоныс  тепкен  жерлерді, 

мектептерді 

абаттандыру, 

көшелерді, 

алаңдарды көгалдандыру, жолды  жөндеуге 

қатысу,  экологиялық  жағдайға  байланыс-

ты  тазалықты  сақтау,  табиғатты  күту 

және  қорғау.  Мәдени-ағарту  жұмысы 

оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа 

тәрбиелейді,  олардың  әлеуметтік  ортамен 

қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе, ауыл 

мектептерінің  жоғары  сынып  оқушылары 

жұртшылық  арасында  үкіметтің  қаулы-

қарарларын насихаттайды, әр түрлі әдеби, 

этикалық, 

эстетикалық 

тақырыптарға 

әңгімелер  өткізіп,  лекциялар  оқиды,  кон-

церттер  қояды.  Осы  сияқты  талаптарды 

еңбек процесінде ұтымды пайдалану әрбір 

мұғалімнің басты міндеті болуы тиіс.

ЕЊБЕК ТЄРБИЕСІ - ¤ЗЕКТІ МЄСЕЛЕ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет