№7 (124) 7 сәуір, 2016 жыл АҢдатпа 3 стр



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі10,79 Mb.
#7737
1   2   3   4   5   6

Марат ҚОЙШЫБАЙ,

п. ғ. м., кәсіптік оқыту 

кафедрасының оқытушысы.

Жетісу 

университеті



ЖАСТАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ

бейсенбі, 7 сәуір,

 2016 жыл

7

Gazeta.zhgu@mail.ru

Ауылға сағыныш

Ауылдың сағынтты  ғой әттең елі,

Ол күндер естен кетпес сәттер еді.

Аңсағанда сол шақты көз алдыма,

Келеді көрші қыздың ақ шелегі.

Көркі ғажап талаймен таласатын,

Оның сылқым күлгені тамаша тым.

Күндей күліп үстіне киіп шықса,

Көк көйлегі ерекше жарасатын.

Кейде ойнап өзен жаққа барушы едім,

Достармен құмында ойнақ салушы едім.

Көрші қыз суға келсе көркін оның,

Ақ шелек, көк көйлектен танушы едім.

Қу тағдыр сол шақтарды ерсі бұзды,

Ауылым бар асылым сенсің ізгі.

Ақыныңды жіберіп Алматыға,

Ап қалғаның болмады көрші кызды.

Кете бардым батасын аға берді,

Сол қыз жүр ой-санамды тонап енді.

Судан тұнық сезімім мөлт-мөлт етіп,

Ақ шелектің ішінде қала берді.

Атама хат

Армысың, ауылдағы данагөйім!

Қайдағы жоқ, күйзелткен қамап ойын.

Қаладағы ақсақал, кешіргейсің,

Хат  жазбай, қуып кетсе балаң ойын.

Қалай, ата, ауылдың  тіршілігі,

Ұйқыдан оянды ма қыр суыры?

Аяқ-қолы лай, батпақ, ойын қуып,

Үй  көрмей  жүрген  жоқ па қырсық іні.

Ақ қардан арылды ма  асқарларым,

Жерге  нұрын  төкті ме аспанда  күн?

Ата,сен  суға  бармай   ара-тұра,

Көрші  досқа   қолқа  сал, жасқанбағын.

Жөтелің  қозбасын  деп  күрсілдеген,

Суыққа   тоңбасын деп «сылқым» денең.

Ауылдан  кетерімде ол досыма,

Атама  көмектесіп  жүрші дегем.

Айтпақшы, ата, бар ма  әлгі  қасқа  құнан,

Шапқанда   сан  дүбірге  қосқан  ұран.

Бар болса, жарап  жүр ме  мінісіңе,

Тай күнгі тастады ма тарпаңдығын.

Ата, ауылды  шынымен  аңсап  жүрмін,

Келтіре   алмай  кетігін  сортаң  жырдың.

Жете   алмай   таза   ауалы  тауларыма,

Алматының  шаңында   шаршап  жүрмін.

Бастан кешкен тағдырдың қанша   аңызын?

Мойымаған  өмірге  салса да  ізін.

Жолым  түссе қайтармын  батаңды   алып,

Ал, қазірге   аман  бол,  қарт  абызым!

Биік  шыңды  Тарбағатай  тауларының 

биіктігі  мен  әсемдігіне  қарасаң,  сұлулығы 

көздің  жауын  алады.  Күні  кешегі  бала 

армандарымның,  сан  түрлі  қиялдарымның 

куәсі – осы биік-биік таулар. Тауларға қарай 

отырып  биікке  ұмтылуды,  еңсені  тік  ұстап 

жүруді,  өмірде  қиындық  пен  қызық  қатар 

жүретіндігін үйрендім. Жер жәннаты Жетісу 

өңіріндегі  Талдықорған  мен  Тарбағатай 

өңірінің  арақашықтығы  ұзақтығы  12 

сағаттық  жол.  Автобустың  терезе  жағына 

ыңғайланып отырғанды ұнатушы  едім.  Бұл 

жолы  әдетімше,  терезе  жаққа  отырып, 

терең  ойға  шомып  кеткенімді  де  байқамай 

қалыппын.  Көлік  орнынан  қозғалып  жүріп 

те кетіпті. Алатаудың биіктігі мен әдемілігіне 

қарап,  Тарбағатайым  есіме  түсіп  кетті.  Бүк 

түсіп  бір-біріне  жалғасып  жатқан  таулар 

кешегі бала күнгі бейнелерга тамсана туған 

өлкемді  сағынғанымды  ойлап,  ара-арасын-

да  сазды  әуен  тыңдап,  кітап  оқып  қалай  

ауылыма жеткенімді де сезбедім. 

Шіркін!  Ауылдың  таза  ауасы  мен  тыныш 

өміріне не жетсін!..

Көптен  бері  көрмей,  сағынып,  ойымнан 

шықпай  жүрген  әжемнің    амандығын  көріп, 

қуанып  қалдым.  Жүгіріп  барып,  мауқымды 

басып,  құшақтап  алдым.  Апатайым 

бұрынғы  әдетінше  мені  «Іңкәр,  Іңкәр»  деп 

қояды.  Бұл  есімге  құлағым  үйреніп  кеткелі 

қашан. таныстарымның да Іңкәр деп кейде  

шатастыруына  қарағанда,  есімім  басында 

солай аталуы керек болған-ау, шамасы. 

Үйге  кіріп,  бірнеше  жыл  бойы  сыр 

ақтарып сөйлеспеген әжемді дереу әңгімеге 

шақырдым.  Иіскеп,  бетімнен  сүйген  оның 

жүзінде мұң бар сияқты көрінді маған.

-  Апа,  ауырып  қалғансыз  ба?  Әлде, 

әрнемені уайымдап жүрсіз бе?

-  Ой,  балам,  біздей 

кәрілерде  не  жан  қалды  дейсіңдер. 

Денсаулығымыз бұрынғыдай емес, ауру де-

ген де жиілеп кетті. 

Бала кезінде қойнына жатып, өзі айтпақшы 

«бауырын  жылытып  жататын»  әжемнің 

жасы сексеннен де асқанын ұмытып кетіппін. 

Ажал  айтпай  келетінін  ойлап,  жүрегім  қан 

жылады.  Ол  кісі  де  өлім  туралы  көп  нәрсе 

айтып, көңілімді құлазытты. 

- Қызым, ертең мен өмірден өткенде «Апа, 

апа» деп айт. Үйден шығарғанша адамның 

құлағы естиді екен. 

-  Апа,  сіз  де  қайдағы  жоқты  ай-

тып. 

Жамандықты 



шақырмасаңызшы.

Оған  әлі  ерте,  менің  тойымды,  шөбере, 

шөпшектеріңіздің  қызығын  көресіз.  Маған 

солай айтқаныңыз есіңізде ме?! 

- Біздің қолымыздан не келер дейсің, бүгін 

бар, ертең жоқпыз...

Сүйікті  әжемді  одан  сайын  мұңайтпай, 

сабағым  туралы,  өмірдегі  қызықтар  тура-

лы, оны қалай сағынғандығым жөнінде  ай-

тып, әңгімемен алдаусыратқандай болдым. 

Соның  өзінде  көзіне  қарасам,  ауыр  ойдың 

құшағында отырғандай. 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейді 

емес  пе?!  Туған  жерім  –  жұмақ  мекенімді 

қиып,  ат  басын  қалаға  бұрғалы  бері  бұл 

сөздің шындығына көзім жеткендей. 

Бүгін бала күнімдегідей әжемнің қойнына 

жаттым. Оны құшақтап жатып, тәтті ұйқыға 

кетіппін. Аз уақытқа ғана келген сапа-

рымда ауылдағы әрбір күнімді, 

әжеммен бірге өткерген      

әр 


сәтімді 

тиімді 


пайдалануға  

тырыстым.  Өйткені,  бұл  уақыттың  енді 

қайтып келмейтінін сеземін. Балалығыммен, 

балғын күндерімнің куәгері – онымен қимай 

қоштасып,  жүрегім  қарс  айрылып  қалаға 

кете бардым...



Еңлік МАРХАБЕКҚЫЗЫ,

3 курс білімгері.

Туѓан жер – ыстыќ мекенім

(жолсапар)

ЖЫР ДӘПТЕРІНЕН

Жетісудың  еңсесі  биік,  нар  тұлғалы 

азаматының  есімімен  аталған  киелі 

мекемеміздің жаныма сыйлар өз жылулығы 

бар.  Құлагер  ақын  Ілияс  Жансүгіровтың 

жолын  қуып  қалам  тербеп  жүргенімді 

мақтаныш тұтамын. Алдыңда үлгі болар аға-

әпкелердің 

ізін 


басуға 

курстастарымның  да 

талпынысы 

айтарлықтай. 

Ұлы  тұлға  есімін  асқақтатуға,  оның 

өнегелі өмірін мәңгілік жадында замандас-

тарым  барын  салып  еңбектеніп,  талмай 

оқып, «ұқсамаса да ұқсап бағуға» тырысып 

жүр.  Университетімізден  не  бір  білімді  де 

білікті  түлектер  түлеп  ұшып  жатыр.  Оқуға 

құштар білімгерлер саны да жылдан жылға 

артуда.  Бұл  қуантарлық  жайт.  Көптеген 

маман  иелерін  дайындап  шығаратын 

мүмкіндігі  мол  осы  оқу  ордасының  өзіндік 

тарихы бар. Еңсесі биік ел болуға, Тәуелсіз 

мемлекетіміздің 

туын биікке көтеруге 

талпынған 

көптеген  

жасты  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

болашаққа    үміт  сыйлауда.  «Жастар- 

болашаққа  апаратын  алтын  көпір»  деген-

дей  жастарымыз  білімін  тереңдете  түсу 

мақсатында өзге де шет елдердің танымал 

білім ордаларында академиялық ұтқырлық 

бағытында  оқуын  жалғастырып,  оларға  

қазақ  елінің  әдебиеті  мен  мәдениетін,  та-

рихы  мен  салт-дәстүрін  жетік  танытып, 

тәжірибе  алмасуда.  Қатарынан  озық 

шығып,  оза  шапқан  жүйріктер  шет  елдік  

жолдамадан тиімді пайдалануда. Тіл біліп, 

осындай  бақытқа  ие  болғандардың  бірі-

Курбанов  Эмиль  есімді  азамат.  Қуанамыз, 

әрине.  Оның  жеңісі  –  білім  ордамыздың 

жемісі  емес  пе?  Осындай  достарымыздың 

сапарларына сәттілік тілегеннен басқа айта-

рымыз жоқ. 

Сапалы  білім,  жақсы  тәрбие  беруде 

университетіміз  төрткүл  дүниенің  төрт 

құбыласын  құлағдар  еткен,  өзге  де  білім 

ошақтарынан кем емес деп ауыз толтыра, 

асқақтата  айтуымызға  болады.  Студент-

терге барлық тұрғыдағы қолайлы жағдайды 

қалыптастырған. «Мемлекеттік мекеме» де-

ген жоғары атағы да бар. Ел мерейін асы-

рып ұлтжанды, отансүйгіш жастарымыздың 

қалыптасуына  тікелей  ықпал  еткен  қара 

шаңырақ  иелерінің  асығы  алшысынан 

түскей, ылайым!

Жансая ҚАБДЕН,

3 курс білімгері.

Мектеп табалдырығынан 

арман болған, қара 

шаңырағымыз - сүйікті 

университетімізді тәмәмдауға 

аз қалдық. Бел ортасынан алысқа 

ұзамасақ та, біраз уақыттың 

көшін артта қалдырып, қимас 

көңілмен алдағы санаулы күннің 

еншісіне қараймыз.

Ґас

иетті ќара шањыр



аѓым

Табиғат  сұлулығын  байқаған  сәттен  

бастап, адам мен табиғат егіз деп топшалай-

тынмын.  Себебі,  табиғаттың  сезімі,  түйсігі, 

көз  жасы,  қаһары,  мейірімі,  тіпті  жүрегі  де 

бар.  Дәл  адамзат  кеудесіндегі  құдайдан 

өзгеге  бағынбайтын  бір  қалыпты    соғысы 

бар  жүректің  жаратылысы  іспетті,  оның  да 

жаны  бар  екенін  естен  шығармағанымыз 

жөн.  Абай  атамыздың  «жиырма  жетінші» 

қара  сөзі  естеріңізде  ме?  Сократ  хакімнің 

сөзін, яғни, Сократ хакім мен ғалым шәкірті 

Аристодим  екеуінің  Алла  жанды-жансыз-

ды  да,  адам  мен  мақұлықты  да  қатар  жа-

ратады  деп  суреттеп,  дәйектемелермен 

(логикалық)  баяндаған  әңгімесін  айтамын. 

Ұғынбаққа қиын болса да, адам баласының 

өзге дүниеден ерек, әуел бастан қамын же-

генге құлшылық қылмаққа қарыздар екендігі 

туралы жазылған туынды. Дүниедегі тіршілік 

атаулының бәрі  күн көруге, қызықтауға, яки 

ой  түйіп  шешім  қабылдауға,  байланысқан 

әлемді  ширатуға  лайықты  екендігін  біріміз 

білсек, біріміз мән бере қоймаймыз. 

Осы  тұрғыдағы  мына  бір  әңгімені 

оқырманға  баяндап  бергім  келді.  Дая-

шы  Аяулым  жұмыс  күнінің  аяқталуына 

жақын қалған еді. Бірер сағаттан соң үйіне 

қайтпақшы,  одан  бұрын  басшысымен 

кездесіп, сөйлесуге бел буды. Алайда, бүгін 

де  сәті  түспеген  тәрізді.  Содан,  жаздың 

салқын  түнінде  тоңған  денесін  құшақтаған 

күйі,  жалақысын  ала  алмай  үйіне  құр  қол 

қайтып  бара  жатқанына  қатты  налыды. 

Ашумен  қаншама  рет  тастамаққа  бекінсе 

де  жалған  үмітпен  осы  күнге  жеткен  бо-

латын.  Келісім  бойынша  он  күнде  бір  рет 

жалақысын  алуы  тиіс  еді.  Аптаның  екеуі 

өтті,  бастығының  жылулық  танытатын  түрі 

жоқ,  керісінше  әр  кез  сөзді  басқа  жаққа 

бұрып, не болмаса өзіне кінә артып, не ал-

даумен  уақытты  өткізуде.  Осы  жайттан  ха-

бардар  болып  қасында  келе  жатқан  менің 

де  бастыққа  деген  өкпем  қара  қазандай 

еді.  Ақылдаса  келе  жұмыстан  шығу  жай-

лы  шешім  қабылдадық.  Содан  бері  бір-екі 

ай,тіпті жарты жыл да өтіп кетті. Қызындай 

адамды  осылай  алдағанына,  ақысын 

жегеніне  наразы  болып,  оның  жазасын 

Алланың еншісіне тапсырдық. Осы оқиғадан 

соң Аяулым өзіне басқа жұмыс тауып, қазір 

оның нанын жеп жүр. Отбасына да қолғабыс 

етуде.

Міне,  көктем  келіп,  дала  құлпыра  түсті. 



Ағаштар  бүршік  жара  бастады.  Демалыс 

күндері  саябақта  сайран  салып,  қыдыру 

әдетіміз. Жолай қызық жайтқа тап болдық. 

Үнемі  жүретін  жолымызда,  орталықтан 

алыс емес, жалғыз  өскен алма ағашы бола-

тын. Жаз айында төгіліп тұрған алмаларын 

жерде жатса біреу таптап, біреу аттап өтеді, 

үзіп  алуға    ешкім  де  құлшыныс  танытпай-

тын. Сонда ойлайтынбыз: «қолайсыз жерде 

өскендіктен  бе,  әлде    көпшілік  ортасында 

алуға  ешкімнің  батылы  бармайтындықтан 

ба  екен,  қайран  жеміс  қор  болды-ау» 

деп.  Ал,  базарда  бағасы  удай  шет  елден 

әкелінген, аймағымыздікі, «ананікі-мынанікі» 

деп  алдап  сататын  көкөністің  бұл  түрін 

ақшамызды қиып аламыз. Сол алма ағашы 

жылдағыдай  биыл  да  бүршік  жарыпты.

Қайтадан гүлдеп, қайтадан жеміске кірмек. 

Жігері мұқалмайтын адамдар сияқты. 

Жолда  Аяулым  екеуіміздің  әңгімеміз  осы 

алма ағашы туралы болды. Ойымды жеткізіп 

едім, ол да өз халінің соған ұқсас екендігін 

сездірді.  Ақысын  жеген  баяғы  апайдың 

ісі  әлі  де  шамына  тиетін  көрінеді.  Қолдан 

келер  шара  бар  ма,  бірақ.  Дүниенің  мың 

бұрышында  мың  түрлі  жағдаймен  еңбегі 

елеусіз  қалған  жандар  қаншама?  Соған 

қарамай олар өмір сүру үшін  күреседі. Дәл 

мына «алма ағашы» секілді. Ендеше, адам 

мен  табиғат  егіз  деуіміз  бекер  емес  қой, 

ағайын!

Аяулым НҰРМОЛДА,

4 курс білімгері.

Тіршілік зањы

(әңгіме)

Медет БАЙЖҰМА,

1 курс білімгері.


Жетісу 

университеті



ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 7 сәуір, 

2016 жыл

8

ЗАПЫРАН


Б

үгінде әр отба-

сында интернет, 

интерактивті сандық 

теледидар бар.  Соның 

алдында ең ұзақ отыра-

тын бүлдіршіндер десек, 

артық айтқандық емес. 

Бірақ, олар не көріп

қандай тәлім-тәрбие 

алып жатқандығын 

қаншалықты қадағалап 

жатырмыз?

Gazeta.zhgu@mail.ru

Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі 

экономика және түрлі технологиялар 

үздіксіз дамып жатқандықтан, біз мына 

мұғалімдер білімімізді жан-жақты 

жаңартып отыруымыз міндетті. Қарым-

қатынастың маңыздылығын интуициялық 

түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген 

істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра 

қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, 

сіз өзгересіз. 

7 модуль


 – 

жан-жаќтылыќќа

 

ТӘЖІРИБЕ


Теледидар  алдында  баласынан 

басқару пультін ала алмай, бөлек 

теледидар  қойып  алғандарды 

да  көріп  жүрміз.  Бірінен  соң  бірін 

алмастырып  қарайтын  балалар 

әбден  жалыққан  тұста  отандық 

арна  аздық  етіп,  басқа  желі  қуып 

кететіндігі  тағы  бар.  Ал,  оның 

бәрінде  қаймағы  бұзылмаған 

тәрбие,  ұлттық  рух  беретін  таза 

өнім  бар  деу  әлдеқайда  қиын....  

Олай дейтініміз, «Cartoon network» 

не 

болмаса 


«Nickelodeon» 

телеарналарынан 

берілетін 

мультфильмдерді 

көре 

оты-


рып,  түңілесіз.  Еш  мағынасы 

жоқ,  есерсоқ  қылықтар  тұнып 

тұрған  көрсетілімдерден  ұрпаққа 

қаншама зиян келіп жатқанын ша-

малап көрдіңіз бе?

Мазаны  алмауы,  иә  болма-

са,  өзіне  бөгет  болмауы  үшін  2-3 

жастағы бүлдіршінге «Тайо, тайо», 

«Спанч боб», «Маша мен аю» көр 

деп, отырғызып қоятын ана-ана да 

бар.  Алайда,  аталмыш  дүниелер 

баланың 


психологиясы 

мен 


тәрбиесіне  кері  әсерін  тигізетініне 

бас ауыртпаймыз.



«Біз мемлекеттігіміздің рухани мәселелері 

экономикалық, материалдық мәселелерден 

ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп 

отырмыз. Дәстүр мен мәдениет - ұлттың 

генетикалық коды».

                               Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Батыстан 

әкелініп 

жатқан 


айқай-шуға,  қатыгездікке  толы, 

мағынасын  түсініп  болмайтын 

мультфильмдер  бүлдіршіндердің 

санасына  айтарлықтай  кері  әсер 

етуде. Шетел мультфильмдерінде 

балаларды  қызықтыру  аясы  өте 

жақсы 

ойластырылған. 



Олар 

балалардың  орнынан  тапжылмай 

отырып  көрулеріне  арналғандай. 

Мамандардың  пікіріне  сүйенсек, 

балалар 

мен 


жасөспірімдер 

телеаудиторияның  ең  белсенді 

көрушілері  екен.  Мәселен,  «Спанч 

бобтың»  тек  8  минуттық  бір 

бөлімінің  өзінде  баланың  ой-

санасына  әсер  ететін  10-нан  аса 

ерсі  қылықты  кездестіруге  бола-

ды.


Мысалы,  таң  атқаннан  кеш 

батқанға дейін кез келген дүниеге 

жылап,  қалауының  бәрін  көз  жа-

сын  көлдетіп  орындатуды,  өзі 

бүлдірсе  де,  жасаған  ісін  өзгеге 

жаба  салуы,  кей  кездері  до-

сын  сатып  кетуі  -  бәрі-бәрі  көріп 

отырған балаға «маған да осылай 

жасауға болады екен ғой» деген ой 

қалыптастырары сөзсіз.  

отырған  ешкім  жоқ.  Көрсең  көзің 

тоятын,  ұлттық  құндылыққа  бай 

отандық 

мультфильмдердің 

жетіспеушілігі көңілге қаяу түсіреді. 

Бүлдіршіндеріміздің 

ертеңін 

ойласақ,  кері  кетіп  тұрған  осы 

саланы  дамытатын  уақыт  жетті. 

Шүкіршілік  етуіміз  қажет.  Соңғы 

кезде «Балапан» телеарнасы ашы-

лып,  қаншама  ұлттық  нақыштағы 

балалар  бағдарламалары  мен 

тәлімге  толы  мультфильмдер 

берілуде.  «Барды  бар»    деп 

паш  еткеніміз  абзал.  Себебі,  бір 

кездері саусақпен санарлық қазақ 

мультфильмдерінің қатары күн са-

нап көбейіп келе жатқандығы көңіл 

қуантады.



ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ: 

«Ел болам десең, бесігіңді 

түзе» дегендейін, ұл-

қызыңыздың ертеңін 

ойласаңыз, жанашырлықпен 

қарасаңыз, бүгіннен неге 

әуестігін, неге қызығып 

жүргендігін бақылауды 

жіберіп алмаңыз. Атыс-ша-

быс, қастықты дәріптейтін 

дүниеден гөрі, жандүниемізге, 

қазақтығымызға жақын 

құндылығымызды дәріптеуге 

баулығаныңыз абзал. 

Балаңыз қандай мультфильм 

көретіндігін көзден таса 

қылмаңыз, АТА-АНА!

Ш.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

география пәнінің І деңгейлік 

мұғалімі.

Білім беру мен оқытудың қазіргі 

заман талабына қарай мұғалімнің  

кәсіби деңгейі  жоғары, жан - жақты  

ақпаратталған,  жаңашылдықты,  

ізденімпаздықты,  үлкен  жүректі  

мейірімді  болуға  қарастырылған. 

Тұлғаның 

адами 

жағынан 


а д а м г е р ш і л і к т і , м ә д ен и е т т і ,  

салауатты,  жомартты  азамат 

ретінде қалыптасуы белсенділіктің, 

жігерліктің,табандылықтың, 

арқасында  жүзеге асады.

Білім  саласында  Кембридждік 

оқыту 

тәсілдерін 



сабақта 

қолданудың 

маңызы 

зор, 


мазмұнды  және  мағыналы деп ой-

лаймын.  Біріншіден,  оқушыларды 

топқа  бөлуге  үйретемін.  Бала-

ларды  топқа  бейімдеу  үшін  түрлі 

психологиялық  тренингтер  өткізіп, 

өтілетін  сабақ  қиын  әрі  күрделі 

тақырыпта болса, дене машықтау 

уақытын  жүргізуге  топ  басшы-

ларын  сайлауға,  бір-бірімен  ой-

пікірлерін  бөлісуге,  ойын  жүйелеп 

алып өз пікірін ортаға салуға, бір-

бірінің  сөзін  тыңдауға,  сыйлауға 

ұйымдастырамын.Екіншіден, 

бағдарламаның  жеті  модулін  өз 

сабағыма  қарастырамын,  барлық 

модульді  бір  сабаққа    енгізе  ал-

масам  да,  кейбір  тиімді  және  сол 

сабаққа 


сәйкес 

элементтерін 

енгіземін.

Негізгі  мақсат  –  cыни  тұрғыдан 

ойлау 

әдісін 


қолдана 

келе 


біржасушалардың 

табиғаттағы 

және 

адам 


өміріндегі 

маңызы 


туралы, 

ұлпалар  мен  мүшелер  тура-

лы  түсінік,  буылтық  құрттардың 

көптүрлігі, 

шұбалшаңның 

қозғалуы, 

асқорытуы, 

зәр 


шығаруы, тыныс алуы, көбеюі мен 

дамуына  тоқтала  келе,  өмірмен 

және  басқа  саламен  ұштастыра 

отырып,  мазмұнын  толық  аша 

білуге,  олардың  білім-біліктілігін 

дамыту,  осы  тақырыптар  бой-

ынша  өз  беттерімен  ізденіп 

мәлімет  жинақтауға,  жан-жақты 

түсіндіруіне,  өмірмен  байланыс-

тыру,  ойға  ой  қозғау,  өз  ойларын 

еркін  жеткізуге,  сараптауға,  зерт-

теу  қабілеттерін  арттыруға,  био-

логия  сабағына  қызығушылығын 

арттыруға тәрбиелеу. Нәтижесінде 

осы  өтілетін  тақырыптарға  бай-

ланысты  мәліметтер  жинақтауға, 

бір  кітаппен  шектелмей  жан-

жақты 


ізденуіне, 

өмірмен 


ұштастыра  біле  отырып,  жан- 

жақты  түсіндіруі,  баланың  сыни 

тұрғыдан  ойлауының  дамуы,  ойға 

ой  қозғауы,  өз  ойларын  еркін 

жеткізуі,  баланың  сыни  тұрғыдан 

ойлау қалыптасуы, ойлау арқылы 

ойларын  толықтыруы,  сарап-

тау  арқылы  бала  өзінің  сабаққа 

қаншалықты қатысып, сол сабаққа 

зейіні мен ынтасын өзін - өзі сарап-

Балањыз ќандай 

мультфильм кµреді?

Бұл  жайында  қоғамда  да  түрлі 

пікір  қалыптасқан.  Мәселен,  бірі 

«заманына  қарай»  деп  топшыла-

са,  ендігі  бір  топ  еркекке  қатысты 

барлығын  «алып  болды»  ғой 

деп  те  налиды.  Осы  орайда, 

пікірлерін  білсек  деген  мақсатта 

жастар 


арасында 

сауалнама 

жүргізіп,  тұщымды  жауаптарды 

назарларыңызға ұсынбақпыз.



Айдар, колледж білімгері: 

Мен  өз  басым  қыздардың  көлік 

жүргізуіне үзілді-кесілді қарсымын. 

Әйел  баласы  өзіне  тән  іспен  ай-

налысуы  керек  деген  ойдамын. 

Өмірде  көріп  жүргеніміздей,  олар 

көбіне тежегіш пен газды шатас- 

тырып алады. Соның салдарынан 

қаншама  жол-көлік  оқиғалары 

болып  жататындығы  жасырын 

емес...

Айжан, ЖМУ білімгері:

Көлікті 

тәуір 

жүргізетіні 

бар,  жүргізе  алмайтыны  бар. 

Ондайлар  ерлер  арасында  да 

кездеседі. Жақсы жүргізетін бол-

са,  қарсы  емеспін.  Бірақ  өзінің 

ғана  емес,  өзгенің  де  өміріне 

қауіп  туғызбайтынына  сенімді 

болуы  керек  дер  едім.  Бастысы 

тәжірибелі әрі өзін-өзі ұстай ала-

тын, сабырлы да тиянақты бол-

са болғаны.

Нұрбек, жүргізуші: 

Менің  де  келіншегім  көлік 

жүргізеді.  Балаларды  сабаққа 

апару,  азық-түлік  алу  деген 

секілді  ұсақ  шаруаларды  маған 

қаратпай-ақ  тындыра  береді.  

Қыздар көлікті қалай жүргізгеніне 

байланысты. Тәжірибесі бар, өзін-

өзі  ұстай  білетін,  жағдаяттан 

шыға  алатын  болса,  несі  бар?! 

Жүргізе берсін. 

Әдемі, жеке кәсіпкер: 

Жүргізуші  ер  азаматтар  кей 

кездері  нәзік  жандылардың  на-

мысына  тию  үшін,  не  жәй  көңіл 

көтеру  үшін  түрлі  әрекеттерге 

барып 

жататындығын 

көп 

кездестіремін.  Жол  бермей,  ба-

сып  озып  алдына  түсіп  алып, 

кейбір  бассыздық  әрекеттерге 

барып  жатады.  Жұмысбасты 

болып  жүрген  кездері  осындай 

орынсыз  әрекеттер  жүйкеге 

салмақ  түсіріп,  көңіл-күйіңізді 

бұзады.  Сондай  кезде  «асыққан 

шайтанның  ісі»  деген  қағиданы 

ұстанамын.

Болатбек, қала тұрғыны:

Мақтаныш  ретінде  немесе 

байлығын көрсету үшін де ермек 

етіп  жүрген  жастар  баршылық. 

Сондықтан да айтпағым, көлікті 

тізгіндеу  көрінгеннің  ермегі  бол-

мау керек. Ер азамат па, әйел ба-

ласы ма, құқық бірдей, тек соның 

қауіпсізідгін айтсаңызшы... 

Ер  балаларға  қарағанда  көп 

қиындыққа  тап  болып  жатса  да, 

бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  қыз 

балалардың да көлік жүргізуге еркі 

бар. Ғалымдардың зерттеуі бойын-

ша, ер адамдарға қарағанда нәзік 

жандылар  жолда  жүру  ережесін 

аз бұзады екен. "Сақтықта қорлық 

жоқ" деген. Бүгінгі таңда жол апа-

тынан  қаншама  адамның  зардап 

шегіп жатқаны белгілі. Сондықтан 

да жолда жүру ережесін сақтауды 

ұмытпайық!  Біздің  сауалнамаға 

қатысқан  жастар  пікірі  де  осыған 

саяды.  Ал,  сіз  қандай  ойдасыз, 

оқырман?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет