БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация. Мақалада жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының
қайнар көзi бiлiм мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас
ұрпақ бойында имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастырудың негізгі
бағыттары қарастырылады.
Кілт сөздер: рухани-адамгершілік құндылықтар, ізгілік, тұлға, өзін-өзі тану,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң «Қазақстан-2030» Жолдауында: «...оқушыларды
қазақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде
тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мiнез-құлық, биiк талғампаздық, тәкәппарлық, тектiлiк,
бiлiмдiлiк, биiк талғам, ұлттық намыс қасиеттерiн сiңiрiп қалыптастыруымыз керек»
дегенi мәлiм [1].
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
130
Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыда азамат болып қалыптасуы, ұзақ
мерзімді оқу-тәрбиенің негізінде білім мен тәрбие негіздерін игерту ордасы –
мектепте өтеді. Мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны, оқушылардың
ғылым негіздерімен қоса тәрбие заңдылықтарын да қамтиды. Тәрбие қоғам
мәдениетін жасаушы, әрі сақтаушы, әрі оны келер ұрпаққа жеткізуші басты
құралдардың бірі. Сонымен бірге, тәрбие беру арқылы тұлғаның іштей түлеуіне
мүмкіндік бере отырып, оны рухани құндылықтарды жасауға, насихаттауға
жетелейді.
Міне, сондықтан жалпы білім беретін орта мектептің түпкі стратегиялық
нысанасы мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық
мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге мәдени тұрғыдан жоғары
жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары азаматтарды қалыптастыру
идеясы болуға тиіс.
Жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен
ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында
имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру басты міндет болып есептеледі.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту»
тұжырымдамасы білім берудің мақсат-міндеттері мен мазмұны ізгіліктік, рухани-
адамгершілік пен демократиялық идеяларға негізделген мемлекетіміздің білім беру
саясатын айқындайды. Аталған идеяларды жүзеге асыру жалпы білім беретін
мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа талаптар қою, оған құрылымдық, мазмұндық
тұрғыдан өзгерістер енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі [2].
Осыған орай, 12 жылдық мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру базалық білім,
білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде
оқушылардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бастауыш
сынып оқушыларына рухани-адамгершiлiк тәрбие беру – қазiргi мектептердегi басты
мiндеттердiң бiрi, өйткенi, бiздiң қоғам өмiрiнде рухани-адамгершiлiк бастамалардың
ролi барған сайын артып, iзгiлiк, имандылық, мейiрiмдiлiк сияқты рухани-
адамгершiлiк құндылықтардың ықпал аясы кеңейiп келедi.
А.Н. Дружиниский көзқарасы бойынша ізгіліктік педагогикасы, тұлғаға деген
қызығушылық, оқушының сұранысына бағытталу, жалпыадамзаттық ізгіліктік,
рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау – қазіргі қоғам мен білім беру жүйесінің даму
бағыттары болып табылады. Бүгінгі мектептің мақсаты - өзінің үздіксіз білім алуына
және өз бетімен дамуына бағытталған азаматты тәрбиелеу. Дәстүрлі білімділікке
бағытталған оқыту жаңа қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыра алмайды[3].
Сондықтан, өмірде өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы мүмкіндіктерін
жүзеге асыра алатын, дербес, белсенді, үнемі даму үстінде болатын шығармашыл
тұлғаны тәрбиелеу үшін инновациялық педагогикалық парадигма, оқыту және
тәрбиелеу жүйесіне жаңа тұжырымдамалық тұрғылар қажет болып отыр.
Құндылықтардың философиялық көзқарастарымен қатар бүгінгі күні
әлеуметтік, педагогикалық жіктелуін келесі ғалымдар еңбектерінен көруге болады:
әлеуметтік тұрғыдан (А. Каплиева) [4], педагогикалық аксиология негізін (Селиванов
В.С., Колесникова И.А., Бордовская Н.В., Реан А.А.) [4, 5, 6, 7] еңбектерінен көруге
болады.
Кез-келген басқа да рухани құндылықтар сияқты, педагогикалық құндылықтар
өмірде бейтарап бекітілмейді. Олар педагогика мен білім беру практикасының
дамуына өз әсерін тигізетін қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-
қатынастарға бағынышты болып келеді. Педагогикалық құндылықтардың кең
ауқымды, сондықтан олар жіктелеіп білім беру аясында жалпы жүйеден өзінің
орынын белгілейді. Оларға құндылықтардың тұлғалық, топтық, және әлеуметтік
түрлері жатады. Тұлғалық құндылық қарым-қатынас мәдениеті мен шығармашылық
қабілеттердің
деңгейімен
тығыз
байланысты (Н.А. Бердяев). Л.И.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
131
Анцыферов тұлғалық құндылық жеке қасиеттер икемділік, ұйымдастырушылық,
өзінің көзқарасын бақылау мен талдауға тікелей байланысты деп пайымдайды.
Тұлғаның еркін, өз бетімен дамуы, белсенділігі, тәуелсіздігі, тану қабілетті,
шығармашылығы, өз көзқарасын , жеке бас мүмкіндіктерін, өз күшін дамыту үлкен
құндылыққа жатады (Д. Лоок) [8].
Құндылықты бағдарлар тұлғаның «әлемдік» басты сипаттамаларының бірі
болып саналады, ал оларды дамыту – ізгіліктік педагогиканың негізгі міндеті және
қоғам дамуының маңызды жолы (В.А. Петровский, В.К. Калиненко, И.Б. Котова) [9]
Білім берудің ізгіліктік философиясының негізгі ұғымы «ізгіліктік». Бұл
ұғымның бірнеше мағынасы анықталған. Оларды зерттеу бұл проблеманың түрлі
жақтарын ұғынуға мүмкіндік береді. Ізгіліктік ұғымы педагогикада бірнеше мәнді
нұсқауларда қолданылады:
- қайта өрлеу дәуірінің, түрлі мәдениет қозғалыстарының, идеялық
ағымдардың, қоғамдық ой бағыттарының атауы;
- гуманитарлық пәндер басты орынға иеленетін теориялық білім саласының
атауы;
- марксистік дүниетаным, пролетарлық идеология, социалистік өмір сүру
дағдысының сипаттамасы;
- тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің - рухани-адамгершілік,
мейірімділік, сыйластық белгіленуі;
-
тұлғаның жан-жақты дамытылуының маңызды факторларының
анықтамасы;
- адамды өмірді ең жоғарғы құндылығы ретінде танытатын қарым-
қатынастың белгіленуі;
- жалпыадамзаттық идеалдарына қол жеткізуге бағытталған практикалық іс-
әрекеттің атауы.
Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын
сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде білім
беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылығын
және дербестігін дамыту туралы идеялар, отандық және шетелдік білім беру
теориясындағы ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға
бағытталған тұрғылары танылған. Адамзат жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа беру
мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке
тұлғаның жалпы адамзаттық құндылыққа белсенділігін арттыруға, рухани-
адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударылуда.
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін қарастыратын
ресейлік ғалымдар И.А. Колесникова мен Н.И. Элиасбергтің «Бастауыш мектептегі
этикалық білім беру» бағдарламасының моральдық-рухани-адамгершілік білім
мазмұнының тәрбиелік аспектілеріне тоқталып өтуді жөн санадық.
Бағдарлама мазмұны келесі компоненттерді қамтиды:
1. Образдық-эмоциональдық деңгейінде ізгіліктік рухани-адамгершілік
құндылықтары жүйесі ашылады:
-
адам өмірі мен оның денсаулығы;
-
адамның еркіндігі, ар-ұжданы мен жетістігі;
-
адамның рухани байлығы, шығармашылыққа қабілеті;
-
жақын және туыс адамдары, олардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы;
-
құрбы-құрдастарымен достығы;
-
айналадағы адамдармен қайырымды қарым-қатынас;
-
Отан, туған жер, туған өлке, ондағы бір-бірлеріңді байланыстыратын тарихы,
тілі мен салт-дәстүрі, халқы;
-
адамның денсаулығына және өміріне кепіл болатын қоршаған орта мен
табиғат;
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
132
-
халықтар арасындағы бейбітшілік, адам құқығына деген құрмет, соғыс пен
зорлық-зомбылықтардың болмауы;
-
еңбек адам дамуына әсер ететін, шығармашылыққа, оның мүддесі мен
отбасына қуаныш сыйлайтын фактор ретінде (осыдан келіп еңбекпен келген барлық
заттар мен мүліктерге деген ұқыпты көзқарас туындайды).
2. Оқушылардың жақсылық пен жамандық туралы түсініктерін дамыту.
3. Оқушылардың жақсы, мейірімді, адал болуға ұмтылуы;
4. Ізгіліктік негізде қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауы;
5. Іс жүзінде жақсылық жасау тәжірибесін жинақтауы;
6. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды мәдениеттіліктің белгісі ретінде
қабылдауы. Мәдениеттіліктің негізгі ережелерін меңгеруі;
7. Мектеп оқушыларының мәдениетті мінез-құлық дағдыларына үйренуі.
Бұл бағдарламаны кіші мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруда пайдалауға болады.
Елiмiз егемендiк алуына байланысты мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын ұлттық
тәрбиеге лайықтап құру мiндетi тұрды.
Е.В. Бондаревская, О.С. Газман, В.А. Караковский және тағы басқалардың
еңбектеріне сүйене отырып, тұжырымдама авторлары қазіргі тәрбиенің мазмұнының
негізгі компоненттері ретінде ұсынады:
- баланың жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруі: адамзаттың шығу тегі
туралы және өзін оның қайталанбас бөлігі ретінде білуі, әр түрлі мәдениет пен
халықтар арасындағы қатынас, адамзат өміріне құрмет, болашақ ұрпақ алдындағы
жауапкершілік;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен жеке тұлғаны гумандандыратын
қазіргі қоғам адамының өмір әрекеттерінің негізгі аяларын баланың меңгеруі: көркем
және техникалық шығармашылық, денсаулық пен баспана қамын ойлау, табиғат пен
қоршаған ортаны қорғау, ата-ана және достарымен қарым-қатынас және т.б.;
- жалпыадамзаттық пен ұлттық мәдениеттің материалдық және рухани
құндылықтарын меңгеру;
- азаматтық мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуы: азаматтық шараларға
қатысу, азаматтық сезім білдіру және т.б.;
- эмоциональдық-толыққанды жанашырлық жағдаяттардан азаматтық мінез-
құлықтық
тәжірибе
жинақтау:
балалармен
қайырымдылық
акцияларын
ұйымдастыру, жақын-жуықтары мен өзгелердің қамын ойлау, табандылық,
адамдардың жеке басына және олардың құқықтарына деген құрметтің көрінуі және
т.б.;
- баланың жауапкершілікті, өзбетінділікті, шешім қабылдай білуді, мінезін
реттей алу тәсілдерін, өзін-өзі жетілдіру жолдарын, психокоррекцияны және т.б.
үйрену.
Демек, бұл тұжырымдаманы талдауымыз көрсеткендей, тәрбие мазмұнының
негізгі
компоненттерінің
бірі
өскелең
ұрпақтың
рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Бұл тұжырымдамадағы рухани-адамгершілік тәрбиесінің мақсаты рухани-
адамгершілік
мәдениетінің
негіздерін
қалыптастырумен
анықталады.
Тұжырымдаманың мазмұнына байланысты рухани-адамгершілік тәрбиесінің мақсаты
мынадай міндеттерді шешу барысында жүзеге асырылады:
- әр балада рухани-адамгершілік сезімді дамыту;
- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын жалпыадамзаттық
құндылықтар негізінде қалыптастыру;
- мектеп оқушыларын ғылым, мәдениет, өнер салаларындағы қоғамдық
құндылықтарға тарту.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
133
Жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің педагогикалық бағыттары мен әдістерін
таңдау барысында олардың бойына асқақ рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерді
қалыптастыру негізінде, заман талабына сай әлеуметтендіру мәселелері назардан тыс
қалмауы тиіс. Өйткені, мектеп оқушыларының әлеуметтік бітім-болмысы көбіне көп,
оның рухани-адамгершілік тұрпаты арқылы анықталады. Сондықтан, рухани-
адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мұндай көзқарас айрықша маңызға
ие. Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке
нәтижелері мынадай жетістіктермен:
- саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік
ынтымақтастық негіздерін игеруімен;
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде:
«Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем,
Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;
- қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін
халықтар
бірлігінің,
ұлтаралық
қатынастардың
және
шыдамдылықтың
маңыздылығын түсінуімен;
- жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және
т.б.) туралы ұғымының болуымен;
- рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен,
балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс
орнатуымен;
- балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен
және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен белгіленеді.
Мектептік тәрбие жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерін
зерттеуші ғалым-педагогтар: 1) оқушылар бойында рухани-адамгершілік сананы
қалыптастыруды; 2) рухани-адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; 3)
рухани-адамгершілік мінез-құлықтық біліктіліктер мен дағдыларды тәрбиелеуді бұл
саладағы тәрбие жұмысының басты бағыты, негізгі міндеттері ретінде белгілейді.
Бастауыш мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беру
мазмұнын айқындай келе, біз келесі қағидалар ережесін ұсынамыз:
1. Балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі әлеуметтік-қоғамда жүргізіледі.
2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі тәрбиеленуші тек объект ролінде ғана емес,
сонымен бірге субъект ролінде де болатындығын айқындайды.
3. Бала тұтас тұлға ретінде қалыптасады.
4. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің жүйесі баланың жан-жақты дамуына әсер
ету тиіс.
5. Баланың рухани-адамгершілік санасы мен рухани-адамгершілік мінез-құлқы
бір-бірімен байланыста қалыптасады.
6. Рухани-адамгершілік тәрбиесі баланың жас және дербес ерекшеліктерін
есепке алады.
7. Рухани-адамгершілік тәрбиесін мазмұнына сәйкес әдістермен жүзеге
асыруға болады.
8. Педагогикалық ықпал мазмұны мен тәсілдері баланың қол жеткізген
тәрбиелілік деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.
9. Рухани-адамгершілік тәрбиесі жүйесінің тиімділігін объективті бағалау
баланың ішкі жан дүниесіне әсер ету нәтижелеріне байланысты беріледі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың мазмұнын, яғни рухани-адамгершілік қасиеттері рухани-
адамгершілік санасын, рухани-адамгершілік сезімдерін, рухани-адамгершілік мінез-
құлқын, рухани-адамгершілік дамуын қазіргі қоғам талабына сай ашу зерттеуші-
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
134
педагогтар мен практик-педагогтар үшін ең маңызды көкейкесті мәселе болып отыр.
Соңғы уақытқа дейін қоғамымыздың рухани-адамгершілік қалпы өскелең
ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мазмұнының нақты бағытын бере алмай
келді. Ата-аналар мен мұғалімдер балаларда, бір жағынан, қоғам талабына сай
жағдайларда жетістіктерге жете алатындай өмір сүретін, екіншіден – қоғамды
рухани-адамгершілік шегіністен құтқарып, рухани-адамгершіліктің құлдырауынан
сақтауға септігін тигізу үшін өз бойындағы адами сапасы мен адамгершілік
құндылықтарын сақтайтын қандай қасиеттерді тәрбиелеу керек деген сияқты
қиыншылықтарға ұшырасып отырды. Сондықтан да, қазіргі кезде, бастауыш
мектепке оқушылардың әрбір жас дамуының сатысында адамгершілік тәрбиесінің
мазмұнын ашатын нақты жүйе қажет.
Бұл жүйені іс жүзіне асыру үшін мынадай мазмұндағы бағыттарды ұсынуға
болады:
1. Кіші мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік ұғымдары.
Адамгершілікке тәрбиелеу әдістерінің көмегімен кіші мектеп жасындағыларға
рухани-адамгершілік жөнінде ұғымдар мен түсініктерді үйрету. Олардың рухани-
адамгершілік көзқарасын, рухани-адамгершілік тәрбиелілік деңгейін, айналадағы
адамдарға,
жолдастарына,
үлкендерге,
кинофильмдер
мен
кітаптардың
кейіпкерлеріне, өз-өзіне, рухани-адамгершілік талаптар мен ережелерге қатынасын;
сыныптан тыс жұмыстар мен ойын үстінде мінез-құлық пен әрекетке берген рухани-
адамгершілік бағасын анықтау. Оқушыларға жақсылық пен жамандық сияқты
түсініктерді ажырата білуге үйрету. Балалардың рухани-адамгершілік түсініктерін
өздерінің өмір тәжірибесіндегі білімдерімен салыстыра отырып талдау.
2. Рухани-адамгершіліктің қарапайым ережелері.
Рухани-адамгершіліктің ережесі түсінігімен таныстыру. Рухани-адамгершілік
ережелерінің түрлері. Оқушылардың мінез-құлық ережелері. Мәдениеттілік ережесі.
Жолдастық пен достық ережесі. Тату жұмыс ережесі. Адал ойын ережесі және т.с.с.
3. Балалардың рухани-адамгершілік қарым-қатынастары.
Балалардың рухани-адамгершілік қарым-қатынастары және оның түрлері мен
бағыттары туралы түсінік. Өзара көмектің қарапайым түрлеріне және қолұшын
беруге даярлықты тәрбиелеу. Үлкендерге сыйластық қатынас. Балаларда мүлікке
ұқыпты қатынасты қалыптастыру. Айналадағыларға әділ және адал қатынас
түсініктерін қалыптастыру. Балалар қарым-қатынасының басқа да формалары.
4. Рухани-адамгершілік мінез-құлық әліппесі.
Рухани-адамгершілік және мінез-құлық мәдениеті. Рухани-адамгершілік мінез-
құлық–мінез-құлық мәдениеті түсінігі ретінде. Мінез-құлық мәдениеті рухани-
адамгершілік нормалары түрі ретінде және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік
құндылықтарынің көріну формалары: адалдық, қарапайымдылық, зейінділік,
қайырымдылық және т.б.
Өзінің жеке басын күту мәдениеті (жеке гигиенасы, үй тәртібі және гигиенасы
және
т.б.).
Қарым-қатынас
мәдениеті
(еңбекке
адал
қарым-қатынас,
айналадағылармен мәдениеттілік, қамқорлық, дөрекілік әдеттерінің, жалқаулығының
жоқтығы т.б.). Қоғамдық орындардағы тиісті ережелерді орындау мен талаптарды
қадағалау мінез-құлқы. Еңбек мәдениеті (жеке заттарын ұқыпты ұстау: киімдері, оқу
құралдары, ойыншықтары, жеке гигиеналық заттары, құрал-саймандары, жұмыс
орны, сабақ орындайтын үстел үстіндегі тәртіп, заттарға ұқыпты қарау т.с.с.),
еңбектегі режим мен тәртіптілік.
5. Өзін-өзі ұстау ережесі мен этикет (әдеп).
Өзін-өзі ұстау ережесі көшедегі, үйдегі, мектептегі, театрдағы, қонақтағы
мінез-құлық мәдениеті ережелерінің қарым-қатынастағы және өмірдегі сипаттамасы
ретінде.
Адамдармен
сәлемдесу
түрлері.
Жолдастарымен, таныстарымен және
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
135
бейтаныс адамдармен сөйлесу. Жағымды немесе жағымсыз жаңалықтарды және
өтініштерін адамдарға жеткізе білуі. Сөйлеу мәдениеті. Қонақта өзін-өзі ұстауы.
Балалардың киімдеріне талап. Жауапкершілік пен нақтылық ережесі. Үстел басында
өзін-өзі ұстауы. Қоғамдық орындар мен театрда, табиғатта өзін-өзі ұстауы.
6. Рухани-адамгершілік сезімді тәрбиелеу.
Рухани-адамгершілік ұғым, түсініктер мен рухани-адамгершілік мінез-
құлықты меңгеру үшін бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-
адамгершілік сезімді қалыптастырып дамытудың маңызы. Рухани-адамгершілік
мотивтер мен олардың рухани-адамгершілік түсініктер мен рухани-адамгершілік
мінез-құлықты қалыптастырудағы әсері. Рухани-адамгершілік түсініктердің
қалыптасу тиімділігі балалардың әр түрлі оқиғаларға деген эмоциональдық
сезімдеріне (қуана білуі, уайымға салынуы, көңілі толмауы, өкіне білуі және кешіре
білуі т.с.с.) тәуелді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің бұл жүйесін мұғалім сыныптан тыс
жұмыстардың әр түрлі әдістемелік формалары мен тәсілдерін пайдаланып жүзеге
асыруына болады.
Елiмiздiң болашақ азаматы – қазiргi балалар. Яғни, егемендi елiмiздi дамытып,
гүлдендiре түсетiн санасы таза және денi сау, рухани-адамгершiлiгi жоғары ұрпақ.
Сондықтан, көпшiлiк болып мектеп оқушыларының тәрбиесiне керi әсерiн тигiзетiн
келеңсiз жағдайларға қарсы күресе отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершiлiгiн
қалыптастыратын салауатты өмiр салтын құруға көңiл бөлуiмiз тиiс.
Баспасөз беттерінде жеткіншектер арасындағы қылмыстың өсуімен, әсіресе ірі
қалаларда жеткіншектердің қатыгездіктерінің өршіп бара жатқандығымен
қорқытады. Бірақ балалар тәрбиесіне қатысты адамдардың бәрі олардың рухани
әлемін дамытуды ерекше керек етіп отырғанын, дүниенің болашағы оның әрбір
азаматтың рухани-адамгершілік жағдайына байланысты болып отырғанын терең
сезінулері керек. Бұл оқушының жеке басының толыққанды адамгершілік дамуын
тек тәрбие беру процесі ғана қамтамасыз ете алатын болғандықтан да маңызды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының кешенді тәрбие
беру бағдарламасында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жеке
тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің ең негізгі бөлшегі ретінде, рухани-адамгершілік
сана-сезім мен мінез-құлықты қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады. Қазіргі
кезде Қазақстан қоғамы, азаматтардың жаңа типтеріне – өз Отанын барынша сүйетін,
халықтың тәуелсіздігі үшін терең ойланатын және жауапкершілікті сезінетін,
олардың өмірінің барлық тұстарын көре алатын, полимәдениетті және көп ұлтты
ортада салауатты өмір сүре алатын азаматтарға мұқтаж екендіктерін қатты сезінеді.
Ал қазіргі жеткіншектердің жеке тұлғасын қалыптастырудың негізі оның
адамгершілігінің толысуы, әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық тұрғыдан өзін-
өзі тануының жоғары деңгейі болып табылады. Дәл осы жағдай бізге тәрбие беруді
үнемі диагностикалаудың, соның ішінде рухани-адамгершілік құндылықтар мектеп
оқушыларының руханилыққа бағдарын саралаудың керек екендігін көрсетіп отыр.
Ұлттық қадiр-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
бiздің заманымызға жетiп отыр. Тәртiп пен мiнез ерекшелiктерi өзгерiп отырады.
Олар халқымыздың өмiр сүру жағдайына, әлеуметтiк-экономикалық және
географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады. Соның әсерiнен
әрбiр адамда ұлттық мiнез-құлық, саналы тәртiп, болымды қылықтар, сезiм
көрiнiстерi, дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптар пайда болып, рухани бейнесi жетiледi.
Осы орайда, философиялық, психологиялық, педагогикалық теория негiздерiн
зерделеп, саралау ұлттық мектептердегi оқу-тәрбие процесiн қайта құру жағдайында
рухани-адамгершiлiк тәрбие беру бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға
ретiнде қалыптасуында маңызды орын алатынын дәлелдейдi.
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
136
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». 19 наурыз, 2004 жыл //
Егемен Қазақстан, 2004 жыл.
2.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы // Білім-Образование. – 2004. – №1. – Б. 45-48.
3.
Джуринский А.Н. История образования и педагогической мысли. Учебное
пособие для студентов высших учебных заведений. – М., 2003. – 221 с.
4.
Қаплиева А.Қ. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын рухани-
адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыру. / Пед. .ғылым. канд.. дисс.
Автореф. – Атырау, 2003. – 28 б.
5. Селиванов В.С. Основы общей педагогики // Теория и методика
воспитания. – 2000. – Б. 56-58.
6. Колесникова И.А. Теоретико-методологические основы современного
процесса воспитания. – Л.,1988. – 222 с.
7. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебник для вузов. – СПб:
Издательство «Питер», 2000. – 111 с.
8. Локк Д. Мысли о воспитани. Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз, 1939. – 216 с.
9. Петровский В.А. Калиненко В.К., Котова И.Б. Личностно-развивающее
взаимодействие. – Ростов-на-Дону, 1993. – 155 с.
***
Ергалиева Г.А., Кайрлиева У.Б.
Формирование духовно–нравственных качеств учащихся начальных классов
В статье рассмотривается индивидуальный и всеобъемлющий источник
знаний и развитие науки и образования в обществе, наряду с развитием молодого
поколения в соответствии с требованиями основных направлений формирования
моральных качеств.
Ключевые слова: моральные ценности, личность, самопознание,
самореализация.
***
Yergalieva G.A., Kayrlieva U.B.
Formaration of spiritually – moral qualities of elementary school
Article an individual and comprehensive source of knowledge and the
development of science and education in society, along with the young generation in
accordance with the requirements of the main lines of the formation of the moral, moral
qualities
Keywords: moral values, good personality, self – actuflization.
***
БҚМУ
Хабаршысы №4-2015ж.
137
ӘОЖ 378.14
Самашова Г.Е. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
E-mail: gsamash74@mail.ru
Ударцева С.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
E-mail: s.udartseva@mail.ru
Абильгазин Б.И. – Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің магистранты
E-mail: babilgazin@bk.ru@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |