Республики казахстан


тұлғаға  бағдарланған  тәсілдемені  жүзеге  асыруға



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

тұлғаға  бағдарланған  тәсілдемені  жүзеге  асыруға  кәсіби  дайындығын 
қалыптастыру  үрдісін  ресурстармен  қамтамасыз  етуді  құрамалау  және  оңтайлы 
таңдау жасауды қарастырады.  
  -  жүйенің  олқылықтарының  орнын  толтыру  қағидаты.  Білім  беру 
ортасы  ішкі  (тұлғалық)  әлеуетті  белсендіру  есебінен  ресурстар  тапшылығының 
орнын  толтырып  отыруға  қабілетті.  Болашақ  педагогтың  тұлғаға  бағдарланған 
тәсілдемені  жүзеге  асыруға  кәсіби  дайындығын  қалыптастыру  стратегиясы 
тұлғалық әлеуетті дамыту, қолдау және жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.  
Қарастырылып  жатқан  дайындықта  біз  жоғары  оқу  орнының  студенттерінің 
психологиялық  дайындығының  3  компонентін  анықтайды:  1)  интеллектуалдық;  2) 
эмоциялық-еріктік; 3) коммуникативтік-тұлғааралық. 
Психологиялық  кәсіби  іс-әрекетке  дайындықтың  біз  бөліп  қараған 
көрсеткіштерінің 
негізінде 
біз 
психологиялық-педагогикалық 
диагностика 
әдістемелерін  іріктеп  алып,  арнайы  жұмыс  бағдарламасы,  жасалған  жұмыстардың 
тиімділігін бағалау критерийлерін жасақтадық. 
Сонымен  диссертациялық  зерттеудің  теориялық  қағидаларын  талдау  арқылы 
келесідей қорытындылар жасауға болады: 
1)  Адам  үшін  мағынасы  бар  іс-әрекетпен  беттескен  кезде  осы  іс-әрекетке 
қатысты  барлық  нәрселердің  реактивтілігін  арттыратын  психикалық  ерекшеліктер 
жандана  түседі.  Сонымен  қатар  бұл  іс-әрекет  адам  үшін  тартымды  бола  түседі, 
психикалық іс-әрекеттің түрлі жақтарына ықпалы күшейе түседі. 
2)  Кәсіби  іс-әрекетке  психологиялық  дайындықты    мотивациялық-мағыналы 
дайындық  пен  субъектінің  кәсіби  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  қабілеттілігін 
қамтамасыз  ететін  психикалық  түзілімдерінің  -  көзқарас-түсініктерінің,  ойлау 
тәсілдерінің,  біліктерінің,  ұмтылыстарының,  құндылықтарының,  басқа  да  тұлғалық 
қасиеттерінің жиынтығын (жүйесін) қалыптастыру үрдісі деп түсінеміз. 
3) Педагогтардың ең маңызды қасиеттерінің ішінде әдебиетте келесілер бөліп 
алынады: 
эмпатия, 
эрудиция, 
педагогикалық 
ойлау, 
интуиция,  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
119 
импровизацияға  бейімділік,  байқағыштық,  оптимизм,  тапқырлық,  педагогикалық 
болжағыштық, рефлексия. 
4) Педагог үшін маңыздылары келесі қасиеттер болып табылады: бәрін білуге 
құмарлық,  бір  нәрсемен  ұзақ  уақыт  бойы  айналысуға  қабілеттілік,  ғылыми 
дарындылықтың салыстырмалы жоғары деңгейі, шығармашылық ойлау, ұшқыр қиял, 
байқағыштық, өз жұмысы мен өз міндеттеріне қатысты бастамашылдық, ынталылық, 
тәртіптілік, сын мен өзін сынауға қабілеттілік, әділдік, туралық, басқа адамдармен тіл 
табыса білу. 
5)  Басқа  тұлғалық  қасиеттердің  ішінде  ең  көп  ауызға  алынатыны  -  әмбебап 
КМҚ ретінде бағаланатын жауапкершілік. Жауапкершілікті бірқатар авторлар тұлға 
бағыттылығын  сипаттайтын  қасиеттердің  бірі  ретінде  қарастырады,  ол  кәсіби  іс-
әрекеттің  үрдісі  мен  нәтижелеріне  ең  алдымен  өз  жұмыс  міндеттеріне  және  өзінің 
кәсіби    қасиеттеріне  қатынасы  арқылы  ықпал  етеді.  Басқа  тұлғалық  қасиеттердің 
көпшілігі  ерекше  болып  саналады  және  кәсіби  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрлері  үшін 
ғана маңызды. Эксперименттік жұмыстарды қорытындылайтын болсақ, ерекшеліктер 
ретінде    КМҚ  кәсіби  іс-әрекеттің  кез-келген  түрінде  туындауы  мүмкін  екенін  айта 
кетуге болады. 
6) Педагогикалық қабілеттер педагогикалық еңбектің нысандарына, құралдары 
мен 
шарттарына 
қатысты 
тәрбиеленетін 
тұлғаның 
тиісті 
қасиеттерін 
қалыптастырудың  өнімді  модельдерін  құрудан  тұратын  тұлғаның  жеке  тұрақты 
қасиеттері ретінде анықталады. 
7) Біздің теориялық талдауымыздың нәтижелері көрсеткендей,  педагогикалық 
рефлексияның  кешенді  көрінісі  студенттердің  тұлғаға  бағдарланған  педагогикалық 
өзара  әрекеттесуге  психологиялық  дайындығының  маңызды  компоненті  болып 
табылады.  Ол  педагогтың  балалармен  қарым-қатынас  жасау  тәсілін  талдап,  дұрыс 
бағалауға,  балалардың  өзі  туралы  ұғынымдарын  ескеруге,  өз  тәрбиеленушілерін 
дұрыс  түсінуге,  олардың  психикалық  күйлерін  анықтай  алуына,  балалардың  бұл 
қарым-қатынастардан не күтетінін білуге мүмкіндік береді. 
8)  Педагогикалық  іс-әрекетке  психологиялық  дайындықты  қалыптастыру 
бағыттарын  талдай  отырып,    кәсіби  іс-әрекетке  психологиялық  дайындықтың 
табысты  болу  үрдісі  үшін  маңызды  мәні  бар  келесі  үш  бағытты  көрсетуге  болады: 
педагогикалық, психологиялық және дамытушы бағыттар. 
9)  Жоғарғы  оқу  орны  жағдайында  кәсіби  іс-әрекетке  психологиялық 
дайындықтың табыстылығына септігін тигізетін педагогикалық іс-әрекет бағыттарын 
жүзеге  асыру  олардың  педагогикалық  қағидаттарға  сүйенуін  талап  етеді:  жүйелілік 
және  оңтайлылық  қағидаты,  білім  беру  ортасында  өз  білімін  көтеру  мен 
ұйымдастырылған  білім  беру-қалыптастырудың  өзара  әрекеттесуінің  бірлігі 
қағидаты,  болашақ  педагогтың  тұлғаға  бағдарланған  тәсілдемені  жүзеге 
асыруға  кәсіби  дайындығын  қалыптастыру  үрдісін  басқарудың  сызықтық  емес 
қағидаты,  ресурстардың  шектеулілігін  есепке  алу  қағидаты,  жүйенің 
олқылықтарының орнын толтыру қағидаты
10)  Кәсіби  іс-әрекетке  психологиялық  дайындықты  қалыптастырудың  негізгі 
әдістері  ретінде  студенттермен  жұмыс  кезінде  біз  келесі  тәсілдерді  таңдадық: 
тренингтер, жаттығулар, топтық талқылау, арнайы курсты зерттеу. Өз кезегінде бұл 
әдістерді  қолдану  топтық  және  жеке  талқылау,  жұппен  жұмыс,  ойын  формалары, 
ауызша  және  жазбаша  сұрау  сияқты  сабақ  өткізу  мен  ұйымдастыру  формаларын 
талап етеді. 
11)  Кәсіби  іс-әрекетке  психологиялық  дайындықты  табысты  қалыптастыру 
үрдісінің  негізгі  компоненттері  ретінде  келесілері  таңдалды:    интеллектуалдық, 
эмоциялық-еріктік, коммуникативтік-тұлғааралық. 
12) Бөліп алынған компоненттер, психологиялық дайындық көрсеткіштері бізге 
педагог-психолог  студенттердің  кәсіби  іс-
әрекетке 
психологиялық 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
120 
дайындығын  табысты  қалыптастырудың  теориялық  моделін  жасақтауға  мүмкіндік 
берді. Біз студенттердің психологиялық дайындығының 3 деңгейін бөліп қарадық. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Щербаков  А.И.  Формирование  личности  учителя  в  системе  высшего 
педагогического образования. - СПб., 1998. - 120 б. 
2.
 
Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей.  - СПб., 1999. – 
98 б. 
3.
 
Леви В.Л. Искусство быть другим. - М., 1990. – 207 б. 
4.
 
Кан-Калик  В.  А.  К  разработке  теории  обшего  и  профессионального 
развития  личности  специалиста  в  ВУЗе.//  Формирование  личности  специалиста  в 
ВУЗе. Сб. науч. тр. - Грозный, 1980. – Б. 5 -13 бб. 
5.
 
Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. - М., 1999. - 215 б. 
6.
 
Климов Е.А. Психология профессионала. - М., 1996. - 400 б. 
7.
 
Тесленко А.Н. Сборник диагностических методик. - Астана, 1995. - 36 б. 
*** 
Иргалиев А.С., Жумасейтова А.Е. 
Теоретическая модель формирования психологической готовности 
студентов к педагогической деятельности 
В 
статье 
рассматриваются 
понятия 
«профессиональная» 
и 
«психофизиологическая» 
готовность, 
данные 
в 
современной 
психолого-
педагогической 
литературе, 
структура 
и 
содержание 
педагогической 
деятельности,  компоненты  психофизиологической  готовности,  структурные 
элементы  профессионально-творческих  способностей,  психологические  качества 
учителя,  важные  для  педагогической  деятельности,  описываются  3  компонента 
психологической  готовности  студентов  вузов  (интеллектуальный,  эмоционально-
волевой и коммуникативно-межличностный). 
Ключевые  слова:  профессиональная  готовность,  психофизиологическая 
готовность,  профессионально-творческие  способности,  психологические  качества 
учителя, компоненты психологической готовности студентов. 
*** 
Irgaliev A.S., Zhumaseytova A.E. 
Theoretical model of forming of psychological readiness of 
students to pedagogical activity 
In  article  the  concept  «professional»  and  «psycho-physiological»  readiness  data 
in  modern  psychological-pedagogical  literature,  the  structure  and  content  of  pedagogical 
activity,  the  components  of  psycho-physiological  readiness,  structural  components  of 
professional  and  creative  abilities,  psychological  quality  of  teachers  is  important  to 
educational  activities,  describe  the  3  components  of  psychological  readiness  of  students 
(intellectual, emotional-volitional and communicative-interpersonal). 
Keywords: professional readiness, psycho-physiological readiness, vocational and 
creative  abilities,  psychological  qualities  of  the  teacher,  components  of  psychological 
readiness of students. 
 
*** 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
121 
ӘОЖ 37.016:51 
 
Жұмағалиева А.Е. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, 
 доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Тулешева А.С. − М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
Е-mail: ai-luna88@mail.ru 
 
ДИАГРАММА, ГРАФИКТІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУ  
 
Аннотация. Мақалада оқушылардың математикалық сауаттылықты  дамыту 
бойынша  халақаралық  зерттеулерде  берілетін  диаграмма,  графиктік    тапсырмалары 
ерекшеленіп,  осы  тапсырмаларды  орындаған  мектеп  оқушыларының  нәтижесі  мен 
орындау барысында жіберілетін қателіктер және тапсырмаларды шығару әдістемелік 
ұсыныстар келтірілген.  
 
Кілт  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  математикалық  сауаттылық, 
математикалық  сауаттылық  моделі,  графиктік  және  диаграмма  түріндегі 
тапсырмалар.  
 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012–2016 
жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарына  сәйкес  2015  жылы  Қазақстанда 
үшінші  рет  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  үшінжаратылыстану 
бағыты  бойынша  PISA  халықаралық  зерттеулері  жүргізілді  [1,  2  б.].Оның  ішінде 
математикалық 
 
сауаттылық 
бойынша 
берілген 
тапсырмалары 
да 
болды.Математикалық    сауаттылық-  әлемдегі  математиканың  ролін  анықтау  және 
түсіне  білу,  математикалық  тұжырымдарды  дәлелді  негіздей  білу  және 
қызығушылығы  бар,  ойлы  азаматқа  тән  қажеттіліктіктерді  қанағаттандыру  үшін 
математиканы қолдана білу қабілеттіліктерін шыңдауға негізделген қабілет. 
Математика  пәні  міндетті  пәндердің  бірі  болғандықтан  оқушылардың 
даярлығы,  математикалық  ұғымдарды  қолдана  білу  деңгейлері  стандарттан  төмен 
болмауы  тиіс.Бірақ  оқушылардың  қабілеттері  мен  математикалық  білімдері,  ол 
білімдерді қолдану деңгейі әр түрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық 
моделін  қарастырған  жөн.  Математикалық  сауаттылық  моделі  шынайы  әлем 
проблемаларын  математикалық  әлеммен  ұштастыруға,    тәжірибедегі    мәселелерді 
пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады. 
Төмендегі 1-суретте математикалық сауаттылық моделі көрсетілген [2, 36 б.]: 
 
Шынайы әлем                                                      Математикалық әлем  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Математикалық сауаттылық моделі 
 
 
Мәнмәтіндегі проблема 
пайымдау 
Математикалық проблема 
қолдану 
Математикалық нәтиже 
интерпретациялау 
бағалау 
Мәнмәтіндегі нәтиже 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
122 
Математикалық  сауаттылықты  қалыптастырудың  түйінді  мәселелерінің  бірі-
оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  алған  білімді  тиімді  қолдануға  үйрету, 
пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру,  табиғатқа  жақындату,  адамгершілікке 
тәрбиелеу.  Осы  тұрғыдан  математикалық  сауаттылық  моделін  қарастырсақ  ол  - 
шынайы  әлемдегі  проблемаларды  түсіну,  оларды  математика  тіліне  аудару, 
математикалық  білімін  осы  проблема  шешуде  қолдана  білу,  математикалық  нәтиже 
алу,  оны  интерпретациялау  және  мәнмәтіндегі  проблема  бойынша  нәтижені 
қорытындылау.  Фундаменталді  математикалық  идеялар  әр  түрлі  объектілер  мен 
құбылыстардың  жалпы  қасиеттерін  сипаттайды,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаның 
мәнін  түсініп,  аша  білуде  математиканың  ролін  ұғынуға  себепші  болады. 
Фундаменталді  математикалық  идеялар  ретінде  «өзгерістер  мен  қатынастар», 
«кеңістік және форма», «белгісіздік», «сандар» тақырыптары аясындағы тапсырмалар 
ұсынылды [3,  15  б.].  Осындай  тапсырмалардың  бірі  –  диаграммалар  мен  графиктер 
тұрғызу және берілген диаграмма мен графиктерді оқып, қойылған сұрақтарға толық  
жауап беріп, қорытындылай білу. 
Диаграммалар. Қазіргі кезде оқушылар информатика, математика және т.б. оқу 
пәндерінің бағдарламалары бойынша  диаграмма, графиктер тұрғызуды үйренсе де, 
алайда  осы  берілгендер  бойынша  қажетті  мәліметті  алу,  оқу  қиындықтар 
туғыздырады.  Олардың  көпшілігі  диаграмманы,  графикті    оқи  алмайды  және 
керісінше  тапсырма  бойынша  диаграмма  мен  графикті  тұрғызу  деңгейі  де  төмен. 
Диаграмманыңқұрылымына,әр  түрлілігіне  байланысты  тапсырмалар  беріледі.  Бұл 
тапсырмаларда  тұрғызылған  диаграмманың    дұрыс  па,  әлде  бұрыс  па,  шындыққа 
сәйкес келе ме деген сұрақтарға нақты жауап беру ғана емес, өз ойларын түсіндіру, 
дәлелдер келтіру арқылы жауап берілу қажет. Оқушылар бұндай мәтіндегі есептерді 
шешуде  қиналады.  Себебі,  жоғарыда  айтылған  типтегі  тапсырмалар  мектеп 
оқулықтарында  қамтылмаған  және  бағдарлама  бойынша  аз  уақыт  бөлінуіне 
байланысты  оқушыда  есеп  шығару  дағдысы  қалыптаспаған.  Диаграмманың 
стандартты  құрылымына  байланысты    мәліметтерді  оқу,  құрылымына  байланысты 
стандартты  емес  үлгідегіқарағанда  жеңіл  болып  келеді.  Сонымен  қатар  әр  түрлі 
құрылымды  диаграммалардағы  мәліметтерді  салыстырып  оқуға,  қатесін  табуға 
тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  дөңгелек  және  гистограмма  тәріздес  екі  диаграмма 
қарастырайық. 
1 тапсырма: Мектеп директоры мектебінің оқушыларынан олардың сүйікті 
пәніне қатысты жауап алды. 2-суреттегі  диаграммада 5 пәннің әрқайсысының қанша 
оқушыға ұнайтындығы көрсетілген. 
 
 
2-сурет. Оқушылардың сүйікті пәндері 
 
Бағанды  диаграмманың  қайсысында  дөңгелек  диаграммадағы  деректер 
көрсетілген? 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                                                                 
 
3-сурет (а)                                                3-сурет (ә) 
 
 
3-сурет (б)                                                3-сурет (в) 
 
Жауабы: 3-сурет (в). 
Ұсыныс: бұндай жағдайда оқушыларға  дөңгелектің әрбір бөлінген секторы 
гистограмманың әрбір  бағанына қаншалықты сәйкес келетінін бағалай білу қажет. 
Кей  тапсырмалар  диаграммалардан  мәліметті  ала  отырып,  оны  есептеуге 
қолдануға беріледі. Бұндай тапсырмаларды оқушылардың 20% ғана орындайды және 
бұндай  типті  тапсырмалар,  жоғарыда  айтып  кеткендей,  біздің  оқулықтарда 
кездеспейді.  Өз  пікірін  айту  немесе  диаграмманы  тұрғызуда  қандай  қателіктер 
жіберілген  секілді  тапсырмалар  немесе  диаграммаға  байланысты  бірнеше  пікірлер 
берілген  соның  ішінде  дұрысын  табу  тапсырмалары  өте  үлкен  қиыншылықтар 
туғызып, оқушылардың көпшілігі сұраққа түсінбедік деген жауаптар береді.  
2 тапсырма: 4-суретте екі сыныптың тоқсан қорытындысы бойынша нәтижесі 
берілген. 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
124 
 
 
4-сурет. Екі сыныптың үлгерім нәтижесі 
Сұрақ: диаграммаларды қолданып екі сыныптың үлгерімін салыстыру керек. 
3 тапсырма: 480 оқушыдан ең сүйікті спорт түрін айтуды өтінген болатын. 
Нәтижесі 1 кестеде берілген: 
 
 
Кесте 1. Оқушылардың сүйікті спорт түрі  
 
Спорт түрі 
Оқушылар саны 
Хоккей 
60 
Футбол 
180 
Теннис 
120 
Баскетбол 
120 
 
Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, дөңгелек  диаграмма тұрғызып, оны 
секторға бөліңіз. 
 
Спорт түрінің танымалдығы 
 
Футбол  
Баскетбол  
Хоккей  
Теннис 
 
5-сурет 
 
Жауабы: 5-сурет 
Ұсыныс:  оқушылар  кестедегі  мәліметті  пайдалана  отырып  дөңгелек 
диаграмма  тұрғызу  барысында  мәліметтердің  пропорциясын  дұрыс  есептей  алуы 
қажет. Тапсырманы нақты орындау үшін оқушыларда  дөңгелек диаграмма тұрғыза 
білу және градустарды есептеу дағдысы қалыптасқан болуы керек [4, 14 б.]. 
 
Тапсырма  5-інші  сыныптағы  «Дөңгелек  диаграммалар»  тақырыбына  сәйкес 
келеді.  Тапсырманы  орындау  пайызы    төмен  болды.  Ол  5-інші  сыныпта  аталған 
тақырып өтілген соң нақтыланбайтындығында деп ойлаймыз.  
Жиі  кездесетін  қателік:  сынып  оқушылары  бұл  тапсырманы  толығымен  орындай 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
125 
алмады. Себебі дөңгелек секторлар дұрыс бөлінсе де, бірақ жеке белгі салынбаған. 
4  тапсырма:  Арман  достарынан  олардың  сүйікті  түстері  жөнінде  сұрады. 
Алынған  деректерді    2-нші  кестеде  көрсетті.    Арман  бұл  деректерді  6-суреттегідей  
бейнелей бастады. 
 
Кесте 2. Арманның достарының түстерінің қалаулары 
 
Сүйікті түс 
 Достарының саны 
Қызыл 

Жасыл 

Сары 

Көк 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
6-сурет. Қызыл және жасыл түстерді таңдаған оқушылардың сандық көрсеткіші 
 
Сұрақ:  диаграмманың салынуын аяқта.  
 
 
 
7-сурет. 1-кестеге сәйкес мәліметтің диаграммалық көрінісі 
 
Жауабы: 7-сурет 
Ұсыныс:  Келесі  тапсырмада  кестемен  жұмыстану  дағдысы  тексеріледі.  Бұл 
тапсырмаларды оқушылардың  80% орындай алды. 
5 тапсырма: Дәуренге анасы қораптың ішіне қарамай қораптан бір кәмпит 
алуға рұқсат етті. 8-суретте  қораптағы әр түрлі түстегі кәмпиттердің саны 
көрсетілген. 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
126 
 
 
8-сурет. Қораптағы кәмпиттердің санының сандық көрсеткіштері 
 
Сұрақ: Дәуреннің қораптан қызыл кәмпитті алуының ықтималдығы қандай? 
А) 10%;  
В) 20%;  
С) 25%; 
D) 50%.  
Жауабы: В  
Ұсыныс:  оқушылар  диаграммадағы  кәмпиттердің  дәл  санын  ала 
отырып,қарапайым нәрсенің ықтималдығын есептеу білулері қажет. 
Графиктер.  Біздің  мектеп  оқулықтарында  нақты  графиктік    тәуелділікке 
берілетін  тапсырмалар  да  аз  кездеседі.  Олардың  көпшілігі  y=ax
2
,  y=ax+b  түрінде  
берілген  функциялардың  графиктерін  тұрғызуға  немесе  оларды  Ох,  Оу  остері 
бойынша жылжыту, созу және сығуға  беріледі. Ал графикке қарай отырып қажетті 
ақпараттты алып, оларға амалдар қолдану арқылы басқа бір мәлімет алу тапсырмалы 
мүлде кездеспейді деуге болады.  
6  тапсырма:  Жұмыс  уақытының  әрбір  сағатында  жасалған  машиналардың 
саны график түрінде  көрсетілген. 9-суреттегі  графикке сүйене отырып   бір сағатта 
жасалған машиналардың орташа санын есептеу керек. 
 
 
9-сурет. Әр түрлі уақытта дайындалған машиналардың сандық көрсеткіші 
 
Ұсыныс:  оқушылардың  жауаптары  әр  түрлі  болғанымен,  бірақ  жуық  мәні 
бірдей болады 
Мысалы,  графиктерге  берілетін  тапсырмалар  мазмұны,  деңгейі  бойынша  әр 
түрлі болады. Тапсырмаларға бір немесе әр 
түрлі 
координат 
жүйесінде 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
127 
тұрғызылған  екі  график  алынуы  мүмкін.  Графиктерде  үздіксіз  және  дискреттік 
деректер  кескінделеді,  яғни  нақты  және  жуық  мәндер  туралы  болып  тұр.  Сонымен 
қатар  графикті  негізге  ала  отырып,  тұжырымдар  жасауға,  берілген  мағлұматты 
интерпретациялауға тапсырмалары кездеседі. 
Жалпы  график  бойынша  керекті  мағлүматты  алу  тапсырмаларымен  сынып 
оқушыларының 60-70 % орындайды. Ал жуық мәнін табуға оқушылардың көпшілігі 
қиналады.  
7  тапсырма:  10-суретте  әр  түрлі  жылдардағы    кітап  оқуға  қарағанда, 
видеоойындарға құмар қыздар мен ұлдардың санын салыстыруға  берілген есеп. Екі 
график  тұрғызылған:  жоғарғысында  –  видеоойындарға  құмар  ұлдардың  саны, 
төменгісінде - видеоойындарға құмар қыздардың саны.   
 
 
 
10-сурет. Әр жылдардағы видеоойынға құмар  ұлдар мен қыздардың сандық 
көрсеткіштері 
 
Сұрақ:  осы  графикке  қарай  отырып,  видеоойын  ойнайтын    ұлдар    мен 
қыздардың  айырмашылығы  ең  үлкен  мәнге  ие  болған    жылды  көрсетіңіз?  Осы 
тапсырманы  8 сынып оқушыларының тек 30% ғана орындады. 
Ұсыныс:  оқушы  графиктегі  әр  жылдардағы  ұлдар  мен  қыздардың 
айырмашылығын тауып, салыстыруы керек. 
8  тапсырма:  8сынып  оқушыларына  жақсы  таныс  график  түрінде 
велосипедшінің    жылдамдығының  уақытқа  тәуелді  қозғалысы  берілсін.  Осы 
қозғалысқа  қарай  отырып  төменде  келтірілген  тұжырымдардың  қайсысы  
велосипедшінің жылдамдығының азаюының себебі болатынын анықта: 
1.
 
велосипедші тауға қарай қозғалуда ; 
2.
 
велосипедші  таудан төмен қарай қозғалуда; 
3.
 
велосипедші тоқтады; 
4.
 
велосипедші кері бағытта қозғалуда. 
Бұл  тапсырмамен  сыныптың  жартысынан  аз  бөлігі  ,  шамаман  45%  ғана 
орындады. 
Тапсырманы орындаудеңгейінің төмен болу себебі:  
1) оқушы осындай мәтінді есептермен таныс болмауы;  
2) графиктердің өспелі, кемімелі кезеңдерін талдай алмауы;  
3) есеп шығару дағдылары қалыптаспауы.  
Диаграммаларды  оқу  танымдық  деңгейлерінің  қалыптасуы,  тек  математика 
пәніне ғана қатысты емес. Ол басқа пәндерменен де байланысты (мысалы география). 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
128 
Алайда,  ол  диаграммалар  ақаусыз,  дәл  алынатын  мәлімет  көбіне  көрініп  тұрады.   
Мысалы, төмендегі мысалды қарастырайық. 
5  тапсырма:  «География»  бөлімінің  орта  деңгейдегі  тапсырмасы:  
жаттығу алдында Жания өзінің жүрек қағысын өлшейді. Жүрек қағысы минутына 70 
рет соғады. Жания 1 минут жаттығады да, жүрек қағысын қайта өлшейді. Сөйтіп ол 
әр минут  сайын жүрек қағысын бірнеше рет өлшейді. Ол өзінің көрсеткіштерін  11-
суреттегі график түрінде көрсетті.  
 
 
11-сурет. Жанияның жүрек соғысының көрсеткіші  
 
Сұрақ:  берілген  графиктегі  тамыр  соғу    көрсеткіштеріне  қандай  қорытынды 
жасауға болады? 
А) Жүрегінің қағысы минутына 50 ретке дейін артады. 
В) Жүрек қағысының артуына қарағанда азаюына аз уақыт кетеді. 
С) Төрт минуттан кейін оның жүрегі минутына 80 рет соғады. 
D) Оның жүрек қағысы 6 минуттан да кем уақытта орнына келеді.  
Жауабы:D 
Ұсыныс: тапсырма графикті талдауға, қабылдаған шешімді түсіндіруге және 
айтуға бағытталған [4, 22 б.].  
Жоғарыда  келтірілген  тапсырмалар  «Сәулет»  мектеп-лицейінің  7-8  сынып 
оқушыларына  ұсынылып,  тапсырмаларды  орындауда  жіберілген  қателіктері  және 
қателіктермен  жұмыс  бойынша  сабақтар  өткізіліп,  ұқсас  есептер  шығарылды. 
Оқушыларымызды  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  қажетті  білімдеріммен 
қамтамасыз  етуде  және  әр  адам  өміріне  қажетті  біліктілікті  қалыптастырудағы 
кемшілікті    еңсеру  үшін,  дәстүрлі  әдістің  фундаментальдығын  сақтай  отырып, 
математиканы  оқытуды  практикалық  жағдайлармен  ұштастырып,  оқушыларға   
қызықты,  мазмұнды  есептер  мен  ақпарттық,  компьютерлік  ортамен  байланысты 
тапсырмалар  арқылы  толықтыру  қажет.  Осындай  бағыттағы  міндеттер  жолға 
қойылып,  нақты  жұмыстар  атқарылса,  оқушылардың  математикалық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  мүмкіндік  ашылады.  Өйткені,  математикалық  сауаттылықты 
қалыптастыру  жас  ұрпақтың  ертеңгі  күні  қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде  әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір 
бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналып отыр. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-
2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  //  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 
832 Қаулысы. – Астана, 2012. – 19 б. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
129 
2.
 
Ковалева  Г.  PISA-2012:  Результаты  международного  исследования  // 
Математика.  – 2014. – №2.– Б. 35-42. 
3.
 
Бердибаева Г.Т. PISA халықаралық зерттеу: әдістемелік құрал.  – Астана, 
2013 – 123 б. 
4.
 
Халықаралық  зерттеулер  тапсырмаларын  шығару  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар мен нұсқаулар. – Астана: Ы .Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014 – 54 б. 
*** 
Жумагалиева А.Е., Тулешева А.С. 
Проверка уровеня математической грамотности учащихся при помощи 
заданий в виде диаграмм и графических задач 
В  данной  статье  рассматривается  задания  в  виде  диаграмм  и  графических 
задач  в  рамках  международного  исследования,  анализируются  типичные  ошибки 
учащихся  в  их  выполнении,  даются  методические  рекомендации  по  решению 
подобных заданий. 
Ключевые 
слова: 
функциональная 
грамотность, 
математическая 
грамотность,  модель    математической  грамотности,  задания  в  виде  графиков  и 
диаграмм 
*** 
Zhumagalieva A.E., Тulesheva A.С. 
To check the pupuls’ level of mathematical literacy through diagram and 
graphical tasks 
To  develop  pupil’s  mathematical  literacyin  international  searches  with  diagram, 
graphicaltasks  are  distinguished,  pupilresults  and  mistakes  in  doingtasks  and  ways  of 
solving tasks are given in this article. 
Keywords:  mathematical  literacy,  functional  literacy,  the  model  mathematical 
literacy, the variety of tasks in graphical and diagram. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ 37.034:373.3 
     Ергалиева Г.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Е-mail: E77ASK@yandex.ru  
Кайрлиева У.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты,  
Е-mail: zhako_anglo94@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет