Қазақстан республикасы


III тапсырма. Топ жетекшілердің сайысы



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата06.03.2017
өлшемі9,32 Mb.
#7751
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

III тапсырма. Топ жетекшілердің сайысы.
«Тарих – и- Рашиди» қазақ тарихына қатысты қандай деректер берілген. 
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашидиде қазақ хандарынан кімдерге аса жоғары баға берген. 
Мұхаммед Хайдар Дулати өмірбаяны
IV тапсырма. Картаны топпен тану сайысы. (Қазақстанның саяси картасымен жұмыс)
V тапсырма. Суретті топпен тану.
Бағалау  Әр оқушы екі жұлдыз,бір ұсыныс жазады.
Үйге тапсырма:  Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаныңдағы саяси жағдай,этникалық жағдайы.Сол кезде елдің 
экономикалық дамуы қалай әсер етті.Қазақ хандығы құрылуының  қандай тарихи қажеттілігі болғаны туралы айтылды. 
Қорытындылау. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаныңдағы саяси жағдай,этникалық жағдайы.Сол кезде елдің 
экономикалық дамуы қалай әсер етті.Қазақ хандығы құрылуының  қандай тарихи қажеттілігі болғаны туралы айтылды. 
*****
106
№ А.Ж.Т.
ү\т
т\т
Топтық
жұмыс
Жеке жұмыс
Қор.
Т

1
Т

2



1
2

Атырау қаласы, Томарлы селосы Смағұлов атындағы орта мектебінің
 бастауыш сынып мұғалімі Тұрсығалиева Айсауле Қайыржанқызы
Пәннің аты
Уақыты:
Ка
бин
ет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
9 санын қосу және азайту
Мақсаты
Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.
Сабақ  міндеттері:
Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу,екі амалмен 
шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: жолақшалар,оқулық,кесте
Күтілетін нәтиже
Психологиялық 
ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге 
бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты 
ояту
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыстілеп көзбенен -
Жаңа білімалуға
Алға қадаматтаймыз.
- Бүгінгісабағымыздың тақырыбы "9 
санын қосу және азайту ".Біз 
тоғыз өткелден
өтіп,білімізді көрсетейік.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары 
оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
2.Операциялық-орындаушылық кезең.
1 - саты. " Қайталау - білім анасы".
№ 3.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.Түсіндіре отырып орындату.
. Ауызша шығару.
8+8                  7+7              6+6                     8+6   
9+8                  8+7              7+6                     9+6
 
2 - саты. "Білімді өрге жүзеді"
. Жаңа білім
(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде
қолданамыз.Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді.Бір жолақша және сегіз жеке шаршы - 
бір ондық және сегіз бірлікті,яғни он сегіз санын білдіреді.)
 
                              9+9 = 18                                       18-9 = 9
                           (9+1)+8 = 18                                (18-9)-1 = 9
 
3 - саты. "Білгің келсе,тауып көр".
1-тапсырма
(9+1)+8 = 18
(18-8)-1 = 9
4 - саты. "Қасиетті ұғымдар"
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.9 санының қасиетіне тоқталсақ,ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі.Бұл сан адамның ғұмырында
пайдаболып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.9 өмірге 
адамды әкеледі.Ол үшүштіктен құралған.Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп 
санаған,олардың салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз
шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.)
5-саты. "Мағынанытаныту"
 2-тапсырма
Марғұлан - 10 к.
Арман - сонша
Барлығы - ?
Шешуі:10+10 = 20
107

Жауабы: Екеуібарлығы 20 кітапсатыпалды.
6-саты. "Ойланабіл!"
3-тапсырма
Бар еді - 9
Сыйлады - 9
Қалды - ?
Шешуі: 9-9 = 0
Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті
7 саты
Бір - иілеміз,шалқайамыз,
Екі - алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес,алтыдегенде
Орнымызға отырамыз.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
8-саты
Шығармашылық тапсырма:
"Ойлан,тап" - өз бетінше жұмыс.
7+6  =13          13-6  = 7
17+6=23          23-6  = 17
27+6=33          33-6  = 27
37+6 = 43        43-6 =  37
47+6 = 53        53-6  = 47
57+6=  63        63-6   =57
67+6 = 73        73-6=   67
77+6 =83         83-6  = 77
87+6 = 93        93-6  = 87
9-саты. "Сөз құрастыр" ойыны
14-9      12-6      13-5      6+5      7+5      8+5      9+7
 5      6      7      11      12      13      16
 Қ     О     Қ      И       Қ      А        З
Қоқиқаз туралы түсінік беру
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Гүлім
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің топтасып өсуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің топталып өсуі, оның бір-біріне қолайлы жағдай  туғызатыны туралы 
түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың  шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ойлау 
жүйесін, сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: өсімдікті  қорғауға, табиғатты аялай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың жүрісі: 1. Психологиялық дайындық:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз 
Табиғатты қорғайтын  
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы  
2. Тақтамен жұмыс
                            Суретті макет 
Мынау қандай ағаштар?                                     1.Мына орманда қандай ағаштар басым екен?
 Қайың
              Емен 
14.
Мына орманды  қандай орман дейміз?             2. Ендеше бұл орманды қалай атауға болады?
 Қайыңды орман
                    Еменді орман
-Бүгін балалар, біз осы екі орманда өсетін  шөптесін өсімдіктермен танысамыз. Осы екі орманда  мекендейтін  
хайуанттардың тапсырмаларын оындау арқылы, қандай өсімдіктер өсетінін  біліп аламыз. Ол үшін тапсырмаларды орындап,
108

мына жерде тұрған  құпия қағаздарды  орманға қадаймыз.
2 топтан оқушылар шығып, сұрақтарға жауап береді.
11.
- Емен ағашы қандай ағаш?
Мықты, жарық сүйгіш, жаңғақты,  діңі берік, жуан, биік
12.
– Қайың қандай ағаш?
                                 Ақ түсті әдемі
шырынды 
Діңі берік
2 – тапсырма.
1.Екі қатарға ортақ сұрақ
14.
Ағаш туралы қай қатар мақал- мәтелдер көп біледі?
2. Екі орманды сипаттау.
I-топ: Еменді орманды сипаттайды.
            жылы
мол ылғалды
топырағы жұмсақ
II-топ: қайыңды орманды сипаттайды.
          Қоңыржай жылы
ылғалды
                                                топырағы құнарлы
Айырмашылығы : Екеуінде 2 түрлі өсімдіктер өсуінде.
-Балалар, өсімдік өспейтін  жер болмайды0 тіпті судың ішінде де, тауда да, құрғашылық жерде де өсімдіктер өседі. Қазір 
тақтада мынадай  өсімдік аттары  жазылады: 1. Итқонақ, 2.Селеу, 3. Жоңышқа
Бұл өсімдіктер:      
                               
 
                        селеу
жоңышқа
     итқонақ 
3.Қортындылауға тапсырмалар.
А)2 топ ормандағы тіршілікті айтады.
                     Суды буландырады
таза ауа
Ыстықты бәсеңдетеді
Ауаны ылғандандырады
дәрі-дәрмек
баспана
Аңызақ желден
Ыстықты бәсеңдетеді
жиһаз
тағам
 қорғайды
Суықты  бәсеңдетеді
демалыс орны
Адамның рухын көтеріп,
өзін ұнатқан адамға күш-қуат сыйлаушы
Күш-жігерін нығайтады.
Отбасына бақыт сыйлаушы
Б)Әр топ өз  топтарыңдағы ағаштарды мұсіндеу (тақатаға жапсырады)
В) «Жылдам ойла, қателеспе!» (әр орманға тән  өсімдіктерді сәйкестендіру)
Қазтабан
Қойбүлдірген
Қыжыгүл
Қоңыраугүл
саумалдық
Г) Кері байланыс «Бағдаршам»
Қызыл түс барлығы түсінікті
Сары түс- әлі де сұрақтар бар.
Жасыл түс- түсінген жоқпын
 *****
109

Рамазанова Ләззат Нәсіпкерейқызы
(тарих пәнінің мұғалімі)
Орал қаласы.   №4 жалпы орта білім беретін мектеп
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Сыныбы: 6 
Мұғалім: Рамазанова Л.Н
Сабақ тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы   бойынша  қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған 
білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын 
арттыру, логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің 
тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық , іздену сабақ
Әдіс – тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап.
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта,карта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;
2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.
3).Жақсы көңіл-күй тілеу (1мин)
II. Сыныпты  төрт  топқа бөлу (суреттер арқылы бөлінеді,суретті дұрыс құрастырса ,топтың атауы шығат) (5мин )
3.Тарих әлеміне саяхат (Сұрақтар қойылады,сұрақтың жауабы  «сабаққа сәттілік» деген сөзді айқындап шығат).(10 мин)
4.Қола дәуірін үш тілде жазу (1мин)
5.10 сұрақтан тұратын тест (3  мин)
6.Бейне ролик көрсету (қола дәуіріне қатысты,тақырып анықтау) (2 мин)
7.Оқыту (5 мин)
8.Сергіту сәті( 2 мин)
9.Тапсырма беру (5 мин)
10.Қорғау  (5мин)
11. «Сенемін»және « сенбеймін» ойыны (3мин)
12.Рефлексия  (екі жұлдыз,бір ұсыныс) (1мин)
13.Үйге тапсырма  беру
 Сабақ барысы:
II. Сыныпты  төрт  топқа бөлу (суреттер арқылы,артында  топ атауы болат)
- «Андрондықтар» тобы;
- «Беғазы – Дәндібай» тобы;
- «Федров»тобы
-«Алакөл» тобы
Оқушылар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп 
аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен 
ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді 
тексеремін.
III.Тарих әлеміне саяхат (Сұрақтар қойылады,сұрақтың жауабы  «сабаққа сәттілік» деген сөзді айқындап шығат).
С – Синантроп(Жер бетінде бұдан  40-35 мың жыл бұрын  өмір сүрген  адамдар тобын аталуы)
А-Абыздар (Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басшылары)
Б-Бифас (Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал)
А-Андронов (Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті)
Қ-Қалайы ( Мыспен ненің қосындысы қола деп аталады.)
Қ-Қыстау ( қысқы мал жайылымы)
А-Алексеев (Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған ғалым)
С-Сүйектер (Аналық рудың басым болғандығын неден жасалған бұйымдардан анықтайды)
Ә-Әшекейлеу (құмыра сыртына тастарды жапсыру әдісі)
Т-Тотемизм ( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
Т-Тас дәуірі (Тастан жасалған  тас құралдарын жасау  дәуірі)
І-Іле (Бесшатыр кесенесі орналасқан  өзен)
Л-Лағыл ( зерлеу әдісіне  қолданған әшекей тас)
І-ілмектер( мезолит дәуірінде балық ауланған тас құрал)
К-көзе (неолиттік  саздан жасалған  қыш ыдыс атауы)
IV.Қола дәуірін үш тілде жазу      ҚОЛА-БРОНЗA-BRONZE
V.10 сұрақтан тұратын тест
Бағалау шкаласы :5-6 «3»      7-8 «4»    9-10 «5»
1.Қола дәуіріндегі  шаруашылықтың  негізгі саласы...
А.Мал шаруашылығы
В.Егіншілік
С.Терімшілік
2.Қола дәуіріндегі  ыдыс жасаудың  ең бір өрістеген түрі:
110

А.Көзе құмыралар жасау
В.Микролит өндірісі
С.Дәнүккіш жасау
3.Ғалымдар  қазақтың киіз үйлерін  кімдердің  баспаналарына ұқсатты 
А.Андрондықтардың
В.Күркеге
С.Сібірліктердің  қосынына
4.Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын  жерлеу орындары
А.Қорғандар
В.Обалар
С.Кесенелер
5.Қола дәуірі қоныстары орналасқан  жерлер
А.Өзен ,көл  жағалары 
В.Ориан арасы
С.Тау аңғары
6.Жеке меншік  қалыптасқан кезең  
А.Мезолит 
В.Неолит
С.Қола дәуірі
7.Ежелгі салт-дәстүрді сақтаушылар 
А.Абыздар
В.Әскерлер
С.Байлар
8.Мыспен қалайының қосындысы
А.Темір 
В.Қола
С.Күміс
9.Қола дәуірінде адамдардың сипатын жасаған  
А)Уалиханов
В)Алексеев
С)Федров
10.Жалпы қола дәуірі туралы зерттеген 
А) Марғұлан 
В)Сәкенов
С)Кеменгер
VI.Бейне ролик көрсету (қола дәуіріне қатысты,тақырып анықтау)
VII. Оқыту  жалпы қола дәуірінің тақырыптарын оқу 
VIII.Сергіту сәті 2 мин
ОҢҒА СОЛҒА ТҮЗУ
СОЛҒА ОҢҒА ТҮЗУ
АРТҚА ҚАРАЙ  БІР АДЫМ
АЛҒА ҚАРАЙ БІР АДЫМ
ЖОҒАРЫ ТӨМЕН ҚАРАЙЫҚ
ОРНЫМЫЗДЫ ТАБАЙЫҚ
IX.Тапсырма беру 
1 - топ.  «Тарихи диктант».
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы 
ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының 
жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола 
мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир 
тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің 
қоныстарын зерттеді.
2 – топ   «Сөздер сөйлейді».
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп 
айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм (жанға, рухқа сену)
3 топ  4 - кезең. «Кім білгір, кім жылдам?»
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
111

3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? (1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? (Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? (өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? (2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – 
Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық 
заттарын жерлеген)
4 топ  5 - кезең. «Салыстыру кестесі»
Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру.
Венн диаграммасымен жұмыс
X.Қорғау  
XI. «Сенемін»және « сенбеймін» ойыны
«Сенемін – сенбеймін»
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге 
болады. 
1- топ
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген (сенбеймін)
2 - топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық – б. з. б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)
3 - топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді 
(сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)
4-топ    жалпы «сенемін», « сенбеймін» бойынша қорытынды жасап, өз ойларын қорытып айтады.
XII.Рефлексия  (екі жұлдыз,бір ұсыныс)
XIII. Үй тапсырмасын беру. Әлкей Марғұлан туралы мағлұмат жинап келу.
XIV. Бағалау
*****
 Рамазанова Айнагуль Кошкенгалиевна
тарих пәнінің мұғалімі 
Орал қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақстан тарихынан әңгімелер      5 сынып
Тақырыбы: Қазақ хандары, билері мен  батырлары(ашық сабақ)               
Мақсаты:
Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын 
қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және 
қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын 
орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан 
қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру. 
Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен 
таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық 
түсініктерін дамыту. Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін 
арттыру.
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ 
жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру. 
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ 
Көрнекілігі: Билердің суреттері, Қазақстанның картасы, тапсырмалар.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Сабаққа сәттілік тілеу
Мұғалім: Оқушылар үш топқа бөлініп сайыс сабақ жүргізейік:
1 - топ: Хандар   2 - топ: Билер  3 - топ: Батырлар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) Қазақ халқының қалыптасуы мен хандығының құрылуы 
Кубик лақтыру арқылы сұрау  I.Кубик.
 1.Қазақ хандығын кім басқарды?
2.Тарихта қазақ хандығын басқарған қандай хандарды білесіңдер?
3.Қазақ хандарының бойында қандай қасиеттер болған?
4.«Қазақ» атауы – дегенде нені түсінеміз?
112

II.Кубик 1.Қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпалары бет-әлпеті жағынан қай нәсілге жатқан?
2.»Жүз» дегеніміз қандай мағына береді? 
3.Шыңғысхан жаулап алған жерлерді кімдерге берді? 
4.1243 жылы Батый қандай мемлекет құрды?
III. Кубик. 
1.Алтын Орда  ыдырағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер пайда болды?
2.Қазақ хандығының тұңғыш ханы?
3.Қазақ хандығы нешенші жыл орнады?
4.Қазақ хандығын кім басқарды?
Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде «Қазақ хандығы » туралы видеофильм көрсету. (5 минут)
ІІІ.Жаңа сабақ: Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра 
ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар 
өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Аңызға айналған қазақ хандары: Алаша хан, Оғыз хан,Бұрындық хан, Хақназар хан, Тәуке хан т. б
Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет
қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен 
көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды
босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты Қазыбек»- атағын берген.
Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, 
Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге 
түскен. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған.
Әр топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беремін, соны топ болып орындайық.
Хандар тобының тапсырмасы:
Хан дегеніміз кім?  Қандай қызмет атқарды?
Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып 
отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан 
бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Билер тобының тапсырмасы:
Қазақтың әйгілі билері       Өмір сүрген уақыты   Бата, нақыл сөздері
Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет
қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен 
көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды
босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты Қазыбек»- атағын берген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет