Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

 
XVII 
 
Мұрны  қанаған  жазықсыз  Жұмабай  Әлібектің  жел  бергенін  сезбесе, 
ертең  осы  уақытта  не  күйге  ұшырайтынын  Бондаренко  да  сезбеп  еді. 
Екеуінің арасындағы болмашы жанжал ертеңіне үлкен сӛзге айналды. Болған 
оқиғаны  Жұмабайдан  естісімен  Жанабіл  сол  түнде  Мейрамға  жеткізген. 
Мейрам дереу  Жұманиязды  шақырып алып,  тапсырма берген.  Бүгін  мехцех 
жұмысшылары жұмыс аяғында тегіс жиналып, жолдастық сот құрып отыр. 
Бұрынғы  «Герберт»  шахтасының  машиналары  орнаған  бӛлме.  Қазір  ол 
машиналар жоқ. Қабырғаларды бойлай, қалың тақтайдан жасаған тұтас, ұзын 
слесарь столдары тұр. Столдарға темір шаттауықтар орнатылған. Ортада ескі 
камерон,  динамо,  бұрғы  станогі,  алуан-алуан  механизм  бӛлшектері  жайрап 
жатыр.  Соларға,  слесарь  столдарына  отыра  салған  жұмысшылар  жұмыс 
киімдерін  тастамаған,  жуынбаған  күйінде  келген.  Керосин  шамның  әлсіз 
сәулесінде  кӛздері  жалтырап,  басқа  денесі  қарауытып,  түстері  тым  суық 
кӛрінеді. Тӛрде, үстін қызыл шүберекпен жапқан кішірек столда, кӛпке қарсы 
отырған үш адамның ортадағысы слесарь Лапшин — сот председатель Оның 
оң жағында Жанабіл, солында Антон — сот мүшелері. Айыпкер Бондаренко 
жалаңбас,  сот  алдында  тұрғалы  бірсыпыра  уақыт  болды.  Тергеу  тереңдеп 
барады. Айыпкер самайынан сорғалаған терді анда-санда қолымен сыпырып 
тастап тұр... 
— Жолдас  Бондаренко,—  деді  Лапшин,—  қол  жұмсағаныңыз 
анықталды. Соның себебін айтыңызшы? 
— Әуелі ол ұрмақшы болды,— дей беріп еді Бондаренко. 
— Астағыпыралла!—деп  орнынан  ұшып  тұрды  Жұмабай.  —  Мұздай 
ӛтірік.  Адам  баласына  қол  кӛтеріп  кӛрген  емен.  Әлі  күнге  қатынды 
қамшымен бір салдым ба екен. 
Бәрі ду күлді. Жұмабай осы сӛзімен-ақ ӛзінің кім екенін танытып болды. 
Жалғыз  куә  Әлібек  «ауырдым»  деп  келмей  қалса  да,  олақ  сӛзінен  шындық 
аңқып  тұр.  Тыңдаушы  кӛп,  ол  сӛйлесе  қошеметтеп  күледі.  Бондаренко 
сӛйлесе  сазара  тыңдап,  сұрақ  қойып,  қағытып  отырады.  Бұрын  бұндай 
талқыға  түспеген,  Жанабілдің  сүйреуімен  жүрексіне-жүрексіне  азар  келген 
Жұмабай,  қазір  ӛзінің  талайы  кӛтерілгенін  сезіп,  қызара  бӛртіп,  жайдары 
қарайды  жұртқа.  Жұрт  назары  бұны  бұнша  кӛтерсе,  кӛзі  шатынаған  сотқар 
Бондренконы еңкейтіп, құныстырып жіберген. Әсіресе слесарь Лапшин кӛзін 
алмай, сұрақ үстіне сұрақ бере нықыртып отыр. 
— Жолдас Бондаренко! Жұмысшылық стажыңыз қанша? 
— Жеті жыл. 
— Менікі  он  жеті  жыл.  Әлі  бір  адамды  ұрғам  жоқ.  Қанша  ӛндірісте 
болдыңыз? 
— Жеті-сегіз қалада болдым. 

97 
Sauap.org
 
— Мен  Донбаста  бір-ақ  ӛндірісте  істедім.  Кӛбірек  ішесіз,  ақшаны  кӛп 
табасыз ба? 
— Алты-жеті жүз айналдырам. 
— Мен  мыңнан  аса  айналдырам.  Бірақ,  мас  болып  ешкіммен 
тӛбелеспеймін. Пролетариат адамшылығы не деп білесіз? 
Бондаренко  жауап  қайтара  алмады.  «Ескі  жұмысшымын,  маманмын» 
деп асқақтаған кеудесі еңкейе түсті. Ӛзінен білімі, стажы, мамандығы артық 
Лапшин  жай  айтса  да,  әр  сӛзі  балғадай  ұрып,  қағып  барады  жерге.  Kӛп 
ішінен ашулы дауыстар шықты: 
— Бұзақы! 
— Маскүнем! 
— Жою керек кӛзін! 
Алакӛлеңке тас үйде таси жӛнелген бұл дауыстар, желді түнде күрілдей 
тулаған  ӛзеннен  де  қорқынышты  еді.  Лапшин  үлкен  шеңгелін  неше  рет 
кӛтеріп азар тоқтатты. Әлдекім сонау шетте теріс ұғынды Лапшинді. 
— Бәсе, немене, бәрі қудалап! Кӛзін шығарып, мұрнын бұзып па, сонша. 
— Бұл  қайсысы  басы  сырқырай  қалған?  —  деп  Лапшин  орнынан  тура 
қарады  шетке.  Сарғыш  жүзіне  қан жүгірді.  Қалың  еріндері  бір дір  етіп,  кең 
иығынан  алды демін.  Үлкен  кӛк кӛзі шарасынан  шыға жалтырап,  сол  шетті 
шолып шыққанда, жаңағы дауысты тұншықтырып шықты.— Сӛйлегің келсе 
мұнда келіп сӛйле, дидарыңды кӛрейік. 
Бондаренко  үшін  дидарын  кӛрсете  алмады  ешкім.  Бәрі  арттарына 
бұрыла, кӛздерін аларта бір-бір қарасып, сӛлекет дауысты іздегендей болды. 
Иван  Потапов  тұрды  орнынан.  Шашы  аппақ,  сақалы  шылыммен  сарғайған, 
аузында тісі некен-саяқ, бет терісі бүрме-бүрме. Кесек денелі қарт жай жүріп 
келіп,  сотқа  жақындады.  Сӛйлемейтін,  жиылысқа  кӛп  келмейтін  бұл  Иван 
осы Қарағандының кәрі тарихы тәрізді еді. Кӛп назарын ӛзіне тартып алды, 
сӛз сұрай келді соттан. Сұрасының, тұрысының ӛзі қызық. 
— Айтпаса  болмайды,—  деді  келісімен.  Сұрағаны  осы.  Даусы  ертеден 
кӛмескі, күңгірт шығатын, кісі түскен ауыз үнін де, сӛзін де божырата түскен. 
Рұқсат күткен жоқ. Сотқа да, кӛпке де қараған жоқ. Кәрі кӛзін Бондаренкоға 
қадап, сұқ қолын шошайта, баппен балп-балп сӛйлеп тұр... 
— Сен,  жігіт,  байқа!  Неге  тиесің  қазаққа.  Мен  бар  ӛмірді  осы 
Қарағандыда,  қазақ  ортасында  ӛткіздім.  Маған  бір  қазақ  тиіскен  жоқ. 
Немков, Рязанов, ағылшындар билеген заводта бүйірім шығып кӛрген емес. 
Тарыққанда  қазақ  аулына  барып,  кәні  болып  қайтатынмын.  Қайырымды, 
мырза  халық.  Жұмысқа  келгенде  де  қазақ  сенен  сорлы  емес,  жігітім.  Анау 
Кәрімжан,  Смайылдар,  Жармағамбет,  Ермек,  Бәйтен,  Сыпандар  қайлада 
алдына жан салды ма! Олардың жұдырығы сенің жұдырығыңнан мықтырақ. 
Сен  түгіл  ағылшын  Морганды,  урядник  Кудринді  де  ұрып  жыққан.  Бұл, 
Қарағандыда  талай  тұмсықтар  бұзылған.  Ағылшын,  подрядчик,  саудагер, 
кулактар сендейлерді арақпен суарып, желіктіретін де, жексенбі сайын итше 
таластырып, сылқ-сылқ күліп тұратын. Олар осы алалықтың арқасында ӛмір 

98 
Sauap.org
 
сүрді.  Ол  заман  ӛтіп  еді,  кім  сені  құтыртқан?  Шыныңды  айтқанда  ғана, 
Жұмабай риза болғанда ғана құтыласың. 
Иван сӛзін бітірді. Қолын қаттырақ бір сермеп, орнына барып отырды. 
— Тағы кім сӛйлейді? — деді сот председателі. 
Прокуроры,  қорғаушысы,  қолданған  статьясы  жоқ,  ерекше  сот.  Бәрін 
кӛптің  ӛзіне  салады.  Тек  пролетариаттық  санаға,  қағидаға  сүйенеді.  Соның 
ӛзі  заңнан  кем  батпады  Бондаренкоға.  Сӛйлеушілерге  үмітпен  жапақ-жапақ 
қарайды.  Бірде-бірі  қостамайды,  сӛгіп,  жерлеп  кетеді.  Ендігі  үміт  жалғыз 
ғана Антон еді. Сот мүшесі тәпелтек Антон шықты сӛзге. 
— Бондаренконы мен жаңа таныдым,— деді Антон. Әдетінше екі кӛзін 
тарс  жұмып,  басын  шайқап-шайқап  қалды.—  Жүрегім  айныды  мынасынан! 
Дәл  поселке  кулактарының  мінезі.  «Колбитті»  қайдан  тапты  бұл?  Әрине, 
кулактар  үйретті.  Ескі  ұлт  араздығын  қоздырып,  олар  ӛзіне  жем  түсірмек. 
Біздің жігіт жем беріп тұр. Жолдас Бондаренко! Бұдан былай кулагіңмен, не 
бізбен бол. Қарама жапақтап, қарама. Рас, менімен бірге істеген жолдассың. 
Бірақ мына мінезің жолдастықтан айырады... 
Әр сӛз инедей қадалып жатса да, Бондаренко қинала шыдап тұр. Шадыр 
кӛзі  бұрынғыдай  алақтап,  адыраймайды.  Қолға  түскен  ұрыша  тӛмен  қарап, 
иығы  салбырап  кеткен.  Сорғалаған  самай  тері  әлі  тыйылған  жоқ.  Сонда  да 
«жаздым, жаңылдым» демеді. Кӛптің қоймастан ұтылай сӛйлеуі соны күткен 
тәрізді.  Міне,  механик  Козлов  шықты  енді.  Бағанадан  бәрін  бақылап,  үнсіз 
тыңдап отырған есті қарт сотқа да, айыпкерге де бір жоба кӛрсете сӛйледі: 
— Бұл  жиын  жұмысшылардың  ӛзара  талқысы.  Басқаның  қол  сұғуға 
қақы  жоқ.  Мен  задым  жұмысшы  болғанмен,  қазір  тек  ӛндіріс  бастығы 
есебінде пікір білдірем. Жолдастық сот заң қолданбаса да, осы кӛптің ойын, 
сезімін,  дәстүрін  орындайды.  Сондықтан  ол  соттың  қортындысын  ӛндіріс 
бастығы  түгіл,  халық  соты  да  сыйлайды.  Жолдастық  сот,  Бондаренконың 
қызметін тӛмендет дей ме, сӛгіс бер дей ме, жоқ жұмыстан шығарып халық 
сотына  тапсыр  дей  ме,—  мен  бәріне  дайынмын.  Егер  айыпкердің  бала-
шағасын, шын жүрегімен қатесін мойындауын еске алып, осы талқы да жетер 
десе, оған да ризамын. 
— Айыпкер  әлі  қасарысып  тұр,  қатты  кетерміз,  сірә!  —  деп  Лапшин 
даусын кӛтере түскенде, Бондаренко еңіреп жіберді: 
— Жаным-ау, не қыл дейді маған! Терімді тірідей сойып жатырсыңдар, 
шыдадым  ғой.  Аз  ба?  Енді  қайталасам  бұл  күнім  кӛп  болсын.  Шиеттей  үш 
балам бар, аяңдар, кешіріңдер. Кеш, Жұмабай, кеш. Міне басым, ал кӛгіңді! 
—  деп,  Бондаренко  Жұмабайдың  алдына  барып,  басын  салғанда,  Жұмабай 
атып тұрды орнынан. Кӛзінен де жас ытып кетті. Сасып, қақала сӛйлеп, екі 
қолын бірден кӛтерді: 
— Кештім,  кештім!  Ризамын  кӛбіңе.  Жылатпаңдар  мынаны.  Тіпті 
жібімен деп едім, о құданың құдіреті, сай-сүйегімді сырқыратты! 
Мұрнын қанатқан сотқар Бондаренконы Жұмабай енді балаша жұбатып 
жатты.  Кӛптің  қабағы  жаңа  ашылып,  күле  қарады  екеуіне.  Бірақ,  Лапшин 
ӛңін жылытқан жоқ, сӛзін қатайта түсті: 

99 
Sauap.org
 
— Тым аңқаулықтың ақыры алдану екенін ұмытпалық, момын Жұмабай 
ӛздігінен  келіп  саған  байланыспайды.  Сен  тек,  арақтың  қызуымен  оған  қол 
жұмсамайсың. Жаңа анау шетте естілген дауыс да тегін емес. Шындарыңды 
айтыңдар, сендерді қоздырған кулак! 
— Ӛмірі  бай-кулак  дегендермен  әмпей  болған  емен  Жуытпа,  қарағым, 
ол  пәлеңді  жуытпа!—  деді  Жұмабай.  Әлібектің  жел  бергенін  әлі  сезбепті. 
Бондаренко  ӛзімен-ӛзі.  Басын  шайқап  жылап  отыр.  Сот  мүшелері  оңаша 
шықпай-ақ  ӛзара  кеңесіп  алды.  Лапшин  орнынан  тұрып,  сот  қаулысын 
естіртті: 
— Жәбірленуші  кешіргенмен  пролетариаттық  сана,  дәстүр  кешірмейді. 
Біз  бұл  далаға  тӛбелеске  келгеміз  жоқ.  Қазақ  бауырларға  кӛмектесуге, 
бірлесе отырып социализм дүниесін жасауға келдік. Айыпкердің налығаның 
бала-шағасы барын және жәбірленушінің ӛтінішін еске алып, жолдастық сот 
қатаң  жаза  қолданбауға  ұйғарды.  Түзелгенін  ісімен  кӛрсеткенше 
Бондаренконы  бригадылықтан  босатып,  жауапты,  ақысы  жоғары  жұмысқа 
жібермеу басшылықтан сұрасын. 
— Жолдастық  соттың  қаулысы  ертеңнен  бастап  орын  далады!—  деп 
Козлов қолма-қол қайырды жауапты. Жұрт ризалық білдіріп тарай бастады... 
 
XVIII 
 
Сары  топырақ,  қара  кӛмір  үйінділері,  қалқайған  жер  барак,  қараша 
ауылдар келемін  кеңейте, қоюлана түскен. Бұрынғыдай бейсауат жүрген ат, 
түйе,  ӛгіз  кӛрінбейді.  Бәрі  жұмыста.  Шоқайдан  құрылыс  жабдықтарын 
тасушы арбакештер үлкен керуен болып, жол үстінде жылжып келеді... 
Қарағанды бүгін ұлы мейрам күніне ұқсап тұр. Ұранды қызыл жалаулар 
кӛбейіп кеткен. Киіз үйлердің, жер барактардың, тасүйлердің маңдайларында 
қызыл матада: 
— Сауатсыздық жойылсын! Надандық пен социализм сыйыса алмайды! 
—  деген  ірі  ақ  жазулар  жиі  кездеседі.  Қарандаш,  тетрадь  ұстаған  үлкенді-
кішілі  топтар  да  жиі  ұшырайды.  Жұмысшы  халық  енді  жаппай  оқушыға 
айналған.  Артылған  уақытын  ғылымға  жұмсап  жатыр.  Ғажап  құмарлық, 
сусағандық  байқалады.  Шахтаға  түскелі  келген  Жұмабай  қолындағы 
тетрадына  үңіліп  отыр.  Арбасына  бӛшке  таңған  сушы  сары  атанды  жолға 
салып  қойып,  қойын  книжкасына  қарап  барады.  Осындай  ғылым 
құмарлардың бір «Ақшахтыға» жиналған. 
— «Ақшахты» дегеніміз — ағылшын тұсындағы ең күшті шахталардың 
бірі еді. «Герберт» сияқты бұны да су кеулеп, істен шыққан. Бітеп тастаймыз 
деп,  жұмысшылар  екі  күнін  сенбілік  жасаса  да  бітелмеді.  Сол  маңдағы 
үйінділердің  бәрін  әкеп  тӛккенде  шахтаның  құдығы  толмай-ақ  қойды. 
Сонсоң құдықтың бетін тақтайлап тастады. Оның қорасын, машина тұратын 
бӛлмесін  қосып  жіберіп,  мектеп  жасады.  Асты  әзір  тақтайсыз,  бірақ, 
Қарағандының ең мәдениетті кең үйі. Күндіз бұнда балалар, кешке ересектер 

100 
Sauap.org
 
оқиды. Үлкен жиналыстар да осында ӛтеді. Қазір бұндағы оқушылар тобы — 
ересектер. Бәйтен, Сыпан, Ысқақ сияқты Қарағандының ескі жұмысшылары. 
Алды елудің, арты отыздың жуан ішінде болса да, мектепті жаңа кӛріп отыр. 
Қайлаға  дағдыланған  жуан  саусақтар  жіңішке  қарындашты  қомсынғандай 
одағай ұстап, ауыр қозғалады. Харіп имектерін темір игендей қызара, тістене 
күшпен  иеді.  Қара  тақтаға  бормен  жазып  кӛрсетіп  Ардақ  тұр.  Үлкен 
адамдардың шалағай сұрағына, мінезіне жымиып күліп қояды. 
— Шырағым, анау ешкі құйрықты айтып жіберші? 
— Мына балғабасты тағы ұмыттым? 
— Сонау қайла тұмсық немене? 
Латын  харіптеріне  ӛздерінше  осылай  ат  қойып,  бір  нәрсеге  салыстыра 
сұрап жатыр. Оқу ауыр да болса, оқытушы мен оқушылар күлісіп, желпінісіп 
алады.  Ардақ  сауда  қызметімен  айналыспай  мектепке,  оған  қосымша  ескі 
жұмысшылардың  ортасына  түскеніне  мейлінше  риза.  Жақсы  істеп  кетсе 
жалақының үстіне сыйлық, абырой алады. Оқыта отырып, ӛзі тағы оқып жүр. 
Сауатсыздық  жою  ісіне  әзір  басқалардан  озық  сияқты.  Сондықтан  осы 
адамдардың  елден  бұрын  сауатын  ашуды  жас  Ардақ  егде  адамша  ойлайды. 
Жұмсақ  мінезі  жылы  ӛңі,  кірімді  сӛзімен  алғашқы  күннен  бастап-ақ  кірген 
ішке.  Сұрақтарға  жауап  бере  тұрып,  меруерт  сияқты  ақ  тісін  әнтек  ақсита 
жымиғанда, баладай сүйкімді, анадай дана боп кӛрінеді бұларға. 
Тек  Бәйтен  әлі  ӛңін  жылытқан  жоқ.  Басқалар  жапырласып  сұрап 
жатқанда, ол сұрамайды да, бәрін білетін кісіше, ӛзін тым тәкаппар ұстап, ең 
артта  жалғыз  отыр  еді.  Қалғып  кетіпті.  Тетрады  жерде  жатыр,  қарындашы 
домалап  сонау  жаққа  кеткен.  Ардақ  оқушыларды  жағалап,  сабақтарын 
тексере-тексере  Бәйтенге  жеткенде  аңырып  қалды.  Не  істерін  білмей  тұр. 
Самайына  ақ  енген  кещелеу,  шадыр  шәкіртті  енді  мектепке  келіп  ұйқы 
соқты.  Бір  жұмадан  бері  бір  харіпті  де  дұрыс  үйренген  жоқ.  Айта-айта  сӛз 
біткен. 
— Бәйтеке-Бәйтеке,— деп қаттырақ дауыстап оятты Ардақ. 
— А!— деді Бәйтен. Кӛзі алақ етіп, мұртын едірейте. 
— Бұлай оқуға болмайды. Үйге барып ұйықтаңыз. 
— Ақ  саусақтар  жасаған  мектеп  емес,  жұмысшылар  жасаған.  Қуа 
алмайсың, жолдас, кетсең ӛзің кете бер! 
Жұмысшылар орындарынан ұшып тұрып, Бәйтенді ортаға алып қалды. 
— Кет,  ӛзің  кет,  ләнет!—  деп  Кӛктайынша  қалш-қалш  етеді.— 
Қартайғанда кӛзімізді ашқан жас балаға неге саласың жаман аузыңды! 
— Кетсем  кетемін,  отыз  мектеп  ашылды,  соның  біріне  болмаса  біріне 
түсермін. 
— Қайда  кірсең  де  қуып  шығам.  Жіберіңдерші,  мұрнын  біржола  бет 
қылып жіберейін! 
Ӛзгелері  Кӛктайыншаны  ұстап жібермеді, адуын,  аға  жұмысшыны  бәрі 
сыйлайды. Бәйтенді жерлеп-жерлеп шығарып жіберді үйден. 

101 
Sauap.org
 
Ардақ бағана кетіп қалған. Жаңағы сӛз бетке салып жібергендей болды. 
Былай  шыға  булығып  жылап  тұр.  Ылайланбаған  тұнық  кӛңіл  буырқана 
толқыды.  Не  жазам  бар?  Біздейлерге  күн  жоқ  па  әлде,  деген  сұраулар 
шытырман ойларға әкетті. Сауда қызметін де, Махметті де еске салды. Бірақ, 
біріне  беттемеді.  Ең  сүйгені  мектеп  еді,  шәкірттері  беттен  алып  тұрса  онда 
қалай  қала  алады?  Қара  жұмыстың  ӛзіне  түспесе  тыныштық  жоқ  сияқты. 
Кӛңіл шіркін тарылғанда кең дүниені алақандай етпей ме! Ардақ қазір ӛзін ең 
бақытсыз адамдардың қатарына қосты. Ӛте басыңқы кӛңіл, жабыңқы түрмен 
аяғын азар басып, мехцехтағы Жанабілге келе жатыр. Мұндайда жан жарасы 
жақын жолдастың майда қолын іздейді. Ардақ соны іздеп келеді. 
Жанабіл ӛзімен ӛзі болып жатқан. Смена бітіп жұмысшылар тараған соң 
жалғыз қалды. Белуардан шұңқыр қазып,  қатарынан екі діңгек орнатты. Екі 
діңгектің арасына ұзын қайыңның бір басын қыстырып, сол басқа екі пұттай 
темір  байлады.  Тершіп,  ентігіп  жүрсе  де  құмарлық  шаршатар  емес.  Ӛзінше 
бір  жаңалық  жасамақ.  Енді  қалыңдығы  бір  елі  плита  темірді  сүйреп  келеді. 
Ардақты дәл қасына келгенше байқаған жоқ. 
— Іске сәт!—деді Ардақ. Даусы тым жабыңқы, қабағы салыңқы айтты. 
Бұны да байқамады Жанабіл. 
— Айтқаның келсін. Ӛнерімді кӛріп тұр. Барлық балғашының істегенін 
осы бір станокке істетем. 
Қалың  плита  темірлерді  балғамен  ұрып  иіп,  локомобильдер,  қазандар 
жамайтын кателшілер жұмысы ауыр, солардың ішінде балғашылардікі ауыр. 
Ертеден  қара  кешке  мехцехтың  маңын  шаңқылдатып  жататын  да 
балғашылар.  Жанабіл  ағаш  станогімен  осы  ауыр  еңбекті  жеңілдетпек. 
Слесарь  Лапшин,  механик  Козлов  бұндайда  талай  тапқырлықтар  кӛрсеткен. 
Соларға  еліктейді.  Жанабіл,  міне,  плита  темірді  тӛсеп  қойып,  станогін 
басқалы жатыр. Кӛз алдындағы қисынсыз іске шыдай алмады Ардақ: 
— Бұныңнан  іс  шықпайды,—  деді.—  Рычагпен  кӛтеріп  ұрмақсың  ғой. 
Темірін, ауыр болса да балғадан әлсіз тиеді. 
— Қайдан білдің? 
— Физика  заңы  солай  дейді.  Тым  жақыннан  ұрғалы  тұрсың.  Серпінсіз 
ұрыс әлсіз болады. 
Жанабіл  физикаға  бағынған  жоқ,  станогін  басып-басып  қалды. 
Майыспақ түгіл белгі де түспеді темірге. Отыра кетті дағдарып. 
— Сол  физикаңды  үйретші  маған,  білгіш  екен.  Лапшин  да  айтып  еді. 
Жұмыстан кейін орысша оқимын енді. 
— Ботақарада,  Больше-Михайловкеде,  осында  фабрик-завод  мектептері 
ашылып жатыр. Солардың біріне түссек қайтеді? 
Жанабіл жалт қарады Ардаққа. Жаңа ғана сезді: 
— Жүнің  жығылып,  неғып  отырсың?  Ауырдың,  ба,  әлде  ренжідің  бе 
бірдемеге? 
— Денім сау әзір. 
— Пай-пай, осы бір емізіп тартатының-ай! Айтпайсың ба, сартылдатып. 

102 
Sauap.org
 
— Бәйтен кет деген соң, шығып кеттім мектептен. 
— Бәйтеннің кет дегеніне-ақ па?—деп қарқ-қарқ күліп жіберді Жанабіл. 
— Ол кел қорыған бишара қызғыш. Қызғыштан қорқып, кӛлден кеткен сені 
не десем екен. 
— Кӛптің  алдында  «ақ  саусақ,  ӛзің  кет»  деп  тұрғанда  қалай  кетпейсің. 
Ӛйтіп  мұғалім  болғанша,  жұмысшы  болған  артық.  Бетің  былғанса  су 
тазартады. Арың былғанса не тазартады. 
— Жүр!—  деді  Жанабіл.  Орнынан  ұшып  тұрды.—  Ол  қара  ауыздың 
аузын қызыл темірмен қариын. Жүр, шешесінен қайта туғандай болады. 
— Қайда? 
— Парткомге, шахткомге барамыз. 
— Қой,  бармаймын,—  деп  қынжыла  түсті  Ардақ.—  Енді  қалған  ұятты 
Бәйтенмен  айтысып  жоям  ба!  Одан  да  жұмыс  ғылымын  оқиық.  Бір  істейік, 
машина  тілін  үйренейік.  Мынау  станогің  ой  салды.  Мүмкін  іздене-іздене 
изобретатель, конструктор болып кетерміз. 
Шыңдалмаған  жас  қыздың  майрыла  қалған  жұмсақ  кӛңілінде  табиғи 
батылдық, ӛжеттік те байқалады. Тайынбай жұмысқа түсем деуі — жұмысты 
да  үлкен  ӛнер  кӛруі  Жанабілді  қатты  сүйсіндірді.  Ол  Ардақтан  бұны 
ешуақытта күткен емес-ті. Енді суын тапса, қиып түсетін болат қанжарсың-
ау, деген ойға келіп, айтпай жүрген бір сӛзін айтып салды: 
— Комсомолға кірсең барлық есік ашық болар еді. 
— Ену үшін әуелі істе кӛріну керек емес пе? 
Жанабіл  айтарын  айтса  да  қайталамады.  Жұмысқа  түсуін  не  дұрыс,  не 
теріс  дей  алмады.  Мейраммен  ақылдаспақ.  Ең  әуелі  Бәйтеннің  аузын 
қарытпақ.  Аяп  отыр  Ардақты.  Кенеттен  бір  күшті  гүріл  естілді.  Екеуі  де 
елеңдеп аспанға қарады. Аспан ашық. Жұрт топырлап, шуылдасып, жиналып 
қалыпты. Неге жиналғаны тасадан анық кӛрінбейді. Шәуілдей үріп иттер тұр. 
ЬІшқырын түріне, санын шапалақтай жүгіре балалар жүр. Гүріл үдеп барады. 
Сол гүрілді қоршаған кӛп толқи қозғалып, бері келеді. Жанабіл мен Ардақ та 
тұра жүгірді... 
Күнше  күркіреп,  жұртты  дуылдата  келген  «бірінші  бесжылдықтың» 
балалары екен. Ылдидан қырға кӛтеріле, мехцехқа қарай бес трактор бірден 
келеді.  Әрқайсысы  артына  арба  тіркеген.  Қайсыбір  арбаларының  нұсқыны 
тіпті  бӛлек.  Темір  дӛңгелегінің  жалпақтығы  жарты  метр,  екі  белдіктің 
арасынан  кӛш  ӛткендей.  Осындай  ұзын  арбаның  бірінде  сулап  жатқан  дәу 
қызыл  котел  қызыл  бел  сияқты.  Сол  белді  жалғыз  сүйреп  келе  жатқан 
тракторға теңеу таппай жұрт абыржып аузына келгенін айтады: 
— Паһ, паһ! Күнше күркіреуін! 
— Мына қара, жер солқылдайды! 
— Дәу ғой, мынау, дәу! 
— Алып десеңші бір тауды бір ӛзі сүйреп барады. 
— Трактор дегенде тау соғар десеңші бұны! 

103 
Sauap.org
 
Қарағандының мотор даусын естігені осы! Бұрын кӛрмеген трактор, дәу 
котел,  үлкен  темір  арба,  алуан-алуан  механизмдер  ғажап  әсер  етті  жұртқа. 
Топырлап,  бірін-бірі  кимелеп  жақыннан  кӛруге,  ұстап,  шұқылап  байқауға 
құмартады. Иттер алыстан үріп, қайсыбірі кӛкке қарап ұлып тұр. Қара тӛбет 
арс-арс  етіп,  трактордың  о  жағына  бір,  бұл  жағына  бір  шығады.  Жанабіл 
кейінірек жетсе де алға шыққан. Шолақ танауы әсем сәңкиіп, шегір кӛзі нұр 
жайнайды.  Қолында  ұзын  шыбық  темір,  кӛпті  жайпап,  арбаға  жақындатпай 
жүр. 
— Аулақ! Бӛгемеңдер, жол беріңдер! Ӛкірген сиырдай бұл несі, түге?.. 
— Мынау, таңқы сарысы кім ? 
— Жеп қояды дей ме екен! 
— Таңқы  сары  осының  қожайыны.  Орджоникидзе  жолдас  жібергені 
Орджоникидзе!  Кет  деймін!  Ӛле  ме,  жаным-ау!  Тарт,  тарта  бер,  кешір 
жолдас! 
Мейрам,  Жұманияз,  Щербаковтер  де  шығып,  кӛптің  мінезін  қызықтап 
тұр еді. Жанабіл трактористі «кӛшір» дегенде шек-сілелері қатты. 
— Қараңызшы, Сергей Петрович!— деді Мейрам.— Осы кӛп қазір бала 
емес пе. Бірде тағы дана-ау. 
— Дұрыс  айтасыз,  Мейрам  Омарович.  Кӛптен  үйрене  отырып, 
үйретуіміз де керек. 
Мейрамның  кӛзі  Ардаққа  түсті.  Папкасы  қолтығында,  жиынға  телміре 
қарап, шеткері тұр. Қунақы емес, жабыңқы. Ӛңінен ызғар байқалады. Әлі бір 
езу  тартқан  жоқ.  Қадалған  қара  кӛзі  тым  ойлы.  Мейрам  қасындағыларды 
елеусіз бастап, Ардаққа қарай жылыстады. Ардақ та кӛре сала қарсы жүрді. 
— Қызым, қалай, ұнай ма, мына келген жаңа дүние?— деді Щербаков. 
— Ұнайды, Сергей Петрович. Біз кӛрмеген керемет күш екен. 
— Кереметтер  әлі  кейін.  Бұл  тек  бастамасы  ғой,—  деп  Щербаков 
келешекті  бір  шолып  етті.—  Қарағанды  қазір  ұйымдастыру,  орналасу 
дәуірінде.  Кӛмірге  сыбана  кіріскен  уақытта  орыс,  ағылшын  байларының 
алпыс жылда алғанын бір-ақ жылда аламыз. Әрбір қырық минутта бір поезд 
жӛнеліп,  не  келіп  тұрады  бұл  жерге.  Осыған  қарап,  болашақ  Қарағандыны 
шамалай беріңіз. Бұл күн тіпті таяу. 
— Поезд қашан келер екен? 
— Шоқайдан  бері  асты.  Қар  түсе  жетіп-ақ  қалар.  Үкімет  ӛзгеше  кӛңіл 
бӛліп отыр бұл жолға. 
— Мынау машиналар қайдан келе қалды? 
— Бұлар  Орджоникидзе  жолдастың  жіберген  сәлемдемелері.  Жол 
жеткенше  осының  ӛзі  үлкен  кӛмек.  Анау  тракторлар  Харьков  заводында 
жасалған.  Бірінші  бесжылдықтың  бел  балалары.  Анау  қызыл  —  бу  қазаны. 
Енді қол күшке қоса бу күшін де пайдаланамыз. Бу электрден соңғы зор күш. 
— Сол  бу,  электр,  мотор...  дегендеріңіз  бәрі  ғылым  емес  пе,  Сергей 
Петрович?—деді  Ардақ.—  Химия,  физика,  математиканы  білмеген 
жұмысшы қалай біледі оларды? Мен бағанадан бері соны ойлап басым қатты. 

104 
Sauap.org
 
— Ойың  жақсы,  қызым,  жақсы!—деп  Сергей  Петрович  риза  болып 
қалды.—  Сондықтан  да  сіз  жастар  түгіл  шалдарды  оқытып  жатырсыз. 
Оқудың,  үйренудің  дәуірі  бұл.  Бірақ,  ұлы  мектеп  ӛмірдің  ӛзі.  Қазақтың  бес 
жасар  баласы  ат  құлағында  ойнауды  ешбір  мектептен  оқыған  жоқ.  Тұрмыс 
үйретті.  Техниканы  да  тұрмыс  солай  үйретеді.  Рас,  алғашқы  кезде  біраз 
қиындықтар  бар.  Қорықпаймыз.  Шыдай  отырып,  жеңеміз.  Тез  жеңу  үшін 
жұрттың сауатын тезірек, кӛбірек аша гӛр, қызым. 
— Қалай  ашады!  Бәйтен  қара  ауыз  мектептен  қуып  жіберіпті!—  деген 
Жанабілдің  даусы  естілді.  Терлеген,  ентіккен.  Машиналарды  жұртпен  бірге 
қызықтап келді. Бәрін білгісі, бәріне қатынасқысы келеді. Енді мына әңгімеге 
араласты. Оның сӛзі бағанадан бері жай тыңдап, жайран, тұрған Мейрамның 
қабағын түйді. 
— Не дейсің, қайта айтшы? 
— Ӛзі әлі айтқан жоқ па? Бәйтен «ақ саусақ» деп қуып шығыпты. Енді 
жұмыс мектебіне түспек Ардақ. 
— Рас па?—деді Мейрам, әлі де сенбегендей. 
— Рас,— деп тӛмен қарады Ардақ. 
Бір  тентек  үшін  бәрі  ұялып,  басын  шайқап  кейіп  тұр.  Бүлдірген  ол. 
Жауапкер  бұлар.  Бондаренко  жанжалы  жаңа  басылып  еді.  Бәйтен  тағы 
кӛтерді. 
Жоғары  қараса  жылап  жіберетіндей,  тӛмен  қарап  монтиып  тұрған  жас 
қыздан  Мейрам  кӛзін  ала  алмады.  Сенбілік  үстінде  оның  жайпаған  жүзін, 
күлімдеген қара кӛзін кӛре алмады. Қасына барып, салбыраған басын иегінен 
кӛтере, ӛзіне қарата тұрып бір жылы сӛз айтқысы да келді, ұяты жібермеді. 
Мынау жұрт кӛзінше, қазақы әдеп бойынша ішін аша алмады Мейрам. Оның 
ішінде махаббаттан туған қызғаныш та бар. «...Махмет екеуі арбаға сүйеніп 
сӛйлесіп тұрды... Сол тырсиған немені неге үйір қылады бойына. Неге оған 
пәтер  үй  болады?..»  деп  анада  үшеуінің  кездесіп  қалғанын  осы  арада  есіне 
тағы бір түсірді. Бірақ қазір Ардақтың қандай кінәсі болса да кешкендей еді. 
— Жау  қастығын  жасырын  істейді.  Ақылсыз  дос  ашық  істейді,—  деді 
Мейрам, шымбайына бата, тіпті қынжылып айтты.— Профсоюз мүшесі ғой. 
Жұманияз жолдас, қатты  шара  қолданыңыз.  Енді  қайтып үнін  шығармастай 
болсын. Бұндай бассыздықпен социализм жасалмайды. 
— Ескі жұмысшы еді, ит,— деп Жұманияз күмілжігенде, ӛршелене түсті 
Мейрам. 
— Заман тірегі ондай ескі жұмысшылар емес. Мыңға, миллионға ұйтқы 
болып  отырған  озат  жұмысшылар.  Қарайғанның  бәрі  кӛмір  ме?  Пароданы 
айыра  білу  керек.  Ал,  Ардақ,  сізге  кӛптен  кӛп  ӛтініш,  орныңызға  қайта 
барыңыз. Бірдің жұмысын істегеннен, мыңның кӛзін ашқан құндырақ. Білем, 
сізге  ауыр  тиді  Бәйтеннің  сӛзі.  Бірақ,  Бәйтен  сӛзі,  кӛп  сӛзі  десеңіз, 
адасқаныңыз. Адаспаңыз. Тура келесіз. 
— Қызым, менің де айтарым сол,— деді Щербаков.— Жұрт жаңа дүние 
жасап жатыр. Кім сол дүниені жасасса, жұрттың қатарында. Жақсы істесе — 

105 
Sauap.org
 
алда.  Жаман  істесе  —  артта.  Именбей  алға  ұмтыл.  Қолдаушың  әрқашан 
дайын. 
Ардақтың жүзі жайнап сала берді. Ойлы, қам кӛңіл қыз нағашыларының 
қолынан  кеткелі  тым  басыңқы  еді.  Бәйтен  баса  түссе,  мына  жылы  сӛздер 
кӛтеріп тастады. Үміт қаулап, шаттық кернеді жас кӛңілді. Жүрегі тулап, азар 
айтты ризалығын: 
— Мақұл. Рақмет сіздерге. Шолақ ойлаған екем. 
Жанабіл  қасында,  ауылға  қайтты  Ардақ.  Күн  батып  кеткен.  Қызыл 
шапақ  әлі  тұр.  Сол шапақтай  қызарып,  қызу  сӛйлеп,  лепіріп келе жатты  екі 
жас... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет