36
37
алтын бесік - жер жүзі
атажұртты аңсау немесе
алма ағашы
Күздің мизам шуағы тарқап,
қарашаның бозқырау ызғары
сәмбіталдың сағағына ілінген
сұршуақ күндердің бірі еді.
Астана қаласы әкімдігінің ұйым-
дастыруымен
мәртебелі
жи-
ын өтіп, оған ғаламшардың әр
қиырында жүрген қазақтар келді.
Елорда төріне жиналған осы
қандастарымыздың арасында Ал-
даныш Рамазанқызы дейтін 1964
жылы тұңғыш рет Токио олимпиа-
дасына қатысқан қазақтың қызы
бар екенін естіп, іздеп барып,
жолықтық.
Қарсы алдымызда шашасына
шаң жұқпаған желаяқ болды-ау
дегенге келе қоймайтын сарыкідір
бәйбіше тұрды.
– Сіз Алданыш Рамазанқызы
боларсыз?
– Ия, мен – Алданышпын, –
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
деп қысқа қайырды әйел. Ептеп
әңгімеге тарттық:
– Мен қазақ өмірі мен руха-
ниятынан шалғайда өскен адам-
мын, – деп, әңгімесін бастады
Алданыш апай. - 1945 жылы Бай-
өлке аймағының орталығы Өлгей
қаласында дүниеге келіппін.
Қырқымнан шықпай тұрғанда
әке-шешем Ұлан-батыр қаласына
қоныс аударған екен. Жарықтықтар
70-ші жылдары асарын асап, жа-
сарын жасап дүниеден өтті. Бір
кіндіктен жалғызбын...
Қазақ
айтады:
«Адам
танысқанша, жылқы кісінес-
кенше» деп. Расында, со-
лай сияқты. Жаңа ғана бір-
бірімізден үркектеп отырған
қос
қазақ
әнтек-тәнтек
әңгімеміз жарасып кетті. Жур-
налист деген атымыз бар емес
пе - «Қазақстанға келсін де-
ген шақыру барғанда қандай
сезімде болдыңыз?» деп, көкейде
жүретін әдеттегі сұрақты бұрқ
еткіздік. Сөйтсек, байқамай
атып, дәл ондыққа тигізіппіз.
Енді апамыз селк етті. Терең
күрсінді, күйбіңдеп көзінің жа-
сын сүртті.
– Жаздың үш айында мектеп
оқушылары демалатын лагерьде
тәрбиеші-ұстаз міндетін атқарып,
қыркүйектің ортасында үйіме
бір-ақ оралдым. Алаңсыз отыр
едім, телефон шақырды, тұтқасын
көтерсем, сондай бір биязы үнді
әйел адам: «Сәлеметсіз бе, Ал-
даныш апай?» дейді. Тап-таза
қазақтың тілін естіп таң қалдым.
Сөйтсем, маған хабарласып тұрған
Қазақстандағы Астана қаласы
әкімдігінің қызметкері Қаламқас
деген сіңлім екен.
– Қаламқас не деді?
– Астана қаласында әлем
қазақтары бас қосатын болды,
соған сізді шақырып отырмыз, -
деді. Үйдегі ағайың «Мүмкін емес,
баяғыда қазақ санатынан сызылып
қалған ақсақ кемпірді Қазақстан
қайтеді?», - деп кеңк-кеңк күлді.
Сол күні таң атқанша көз ілмей ояу
жаттым. Өткен өмірім елесетеді.
Қара жердің бауырын шыр ай-
налдырып, қыртысының шаңын
қаққан күндерім көлбеңдеп көз
алдыма келді. Беу, дүние-ай,
сағыныш деген осы екен-ау!..
Мына дүниеде біз білмейтін,
өзгерту қолымыздан келмейтін
ұлы заңдылық бар. Мәңгілік бақыт
жоқ. Сол сияқты мәңгілік азап
та болмақ емес. Дүние аққан су
сияқты, өтеді де, кетеді. Жүректе
тек сағыныш ғана қалады екен.
Шүкір, мені де біреулер іздейтін
күн бар екен-ау?!. Моңғолдағы
кілең қазақ тұратын Бай-өлке
аймағында мені білетін бір адам
жоқ, айдаладағы Қазақстан қайдан
тапты? Санам саққа жүгірді, ойым
онға бөлінді.
Ұмытпасам, 1968 жылы Таш-
кент қаласында жеңіл атлетикадан
үлкен халықаралық жарыс өтетін
болды. Біздің елдің құрамасы Ир-
кутск қаласына келіп, Ташкент
пойызына отырдық. Пойыз Ал-
матыда жарты сағат ғана аялда-
ды. Ентелеп терезеге телміремін.
Алданыш Рамазанқызы туралы толғау
37
әлем қа
зақт
ары сыр шер
теді
Анадайда Алатау мұнартады.
Алғаш рет Алматының алма-
сын жедім. Бір құдайдан менің
тілеуімді тілеп, жаратқанға мың
мәрте жалбарынып, үйде қалған
әкем мен шешеме арнап бір-бір
қызыл алма орап алдым. Әкем сол
алманы жемеді. Сандыққа салып
алты жыл сақтады. Үйге келген-
дерге «Бұл Алматының алмасы,
қызым әкелген» деп көрсетеді.
Құшарлана бір иіскеп сандыққа
қайта тоғытады. Мүмкін, біреулер
күлетін де шығар. Әкей сол ал-
маларды әбден шіріген соң ора-
улы тұрған аппақ матасымен
бірге Бұрғыстай бұлағының ба-
сына апарып, адам аяғы баспай-
тын жықпылдың арасына көмді.
Ұзақ отырып дұға оқыды. Ар-
тында тұрған маған қайырылып:
«Қызым, мына жерді ұмытпа, бір
күндері осында Алатаудың алма-
сы өсетін болады» деді. Арада көп
жыл өткен соң сол жерге расында
алма ағашы өсіп шықты...
Әңгіме осы межеге жеткенде
апамыз үнсіз қалды. Қарасам, жы-
лап отыр екен. Тірліктің қаттысы
мен тәттісін көп көрген адам
ғой, еңсесін тез тіктеді. Орнынан
ауыр қозғалып, терезенің алды-
на барды. «Думан» қонақ үйінің
17-ші қабатында тұрып, асықпай
Астанаға қарап шықты. Тағы да
ауыр күрсінді. Айналып келіп
қайта отырды. Манағыдай емес,
көңілі – шат. Әңгімесін ары қарай
сабақтады:
– Астанадан Қаламқас сіңілім
хабарласқан күні менен ұйқы
қашты. Әр нәрсені ойлап жатып,
таңға жақын көзім ілініп кет-
кен екен, түс көрдім. Түсімде,
қараңғы мен жарықтың арасы,
ала көлеңке қызыл іңірдің кезі
екен деймін, батыс жақтан қатты
дауыл тұрып, елдің бәрі дүрлігіп
жүр. Жапырылған жұрт қаша-
қорасын қамдап, біреулер жерге
қазық қағып, тағы бірдемелерін
байлап жатқан сияқты. Биік үйлер
дауылға теңселіп, шынар ағаштай
ырғалады.
Аспанға
қарасам,
қаптаған ақ көбелек сияқты
қалықтап, сансыз ақша ұшып жүр.
Дүниеқор бейбақтар қара терге
түсіп аспандағы ақшаны қуады-
ай кеп, ұстатпайды, біреулер
жерде тұрып қолын созса ақша
өзінен-өзі келіп қонып жатыр. Ел
қатарлы мен де қолымды созып
едім, қалықтап келіп қолыма ақша
қонды. Қарасам, ақша емес, хат
екен. Қазақстаннан келіпті деймін.
Қуаныштан жарыла жаздап оян-
дым.
Ертеңінде
Астана
қаласы
әкімінің орынбасары қол қойған
шақыру хат келді.
рекордтар тасқыны
Хат қолына тиген Алданыш
апай құстай ұшып Мемлекеттік
спорт комитетінің бастығына
барған. «Қазақстаннан хат келді,
мені шақырып жатыр!». Мән-
жайды түсінген бастық айтыпты:
«Күллі моңғол елінің ғана емес,
жалпы, жер жүзіндегі бүкіл қазақ
ұлтының арасынан олимпиадаға
тұңғыш қатысқан әйел сіз бо-
лып шықтыңыз!» «Оны қайдан
білесіз?». «Біздегі дерек солай»,
– деп жымиған көрінеді үлкен
бастық.
Қысқасы, атажұртына аттанған
Алданышты әріптестері шығарып
салған. Алып ұшақ аспанға ілініп
қалған сияқты, үздіксіз діріл
қаққан мотор үнінен басқасы
тып-тыныш. Ұшаққа отырғанға
дейін алабұртқан көңілі аздап сая
тапқандай. Көз алдына өткен өмірі
елестеді...
Ұлан-батыр қаласының қақ ор-
тасына орналасқан №18 мектептің
табалдырығын алғаш аттағаны
кеше ғана сияқты. Содан бері де
жарты ғасыр өтіп кетіпті-ау. Ал-
тыншы сыныпта оқып жүргенде
мектепке Иванов дейтін бір орыс,
бір моңғол ағай келіп, спортқа
бейімі бар балаларды таңдайды.
Олардың көзі бірден Алданышқа
түседі. Сұңғақ бойлы, қыпша бел,
қылтасы тау маралының артқы
сирағы тәрізді сіңірлі қазақтың
қызын көргенде Иванов бапкердің
көзіне нұр ойнап шыға келген.
Арқадан қағып тұрып: «Ертең
кешкі сағат бесте орталық спорт
сарайына келе қал, қалқам!», –
депті.
Ертеңінде
күллі
қаладан
жиып-теріп әкелген бір қора ба-
ланы жалаңаяқ жарыстырып қояа
береді. Алданыш басқалардан
оқ бойы озып келеді. Бұл – 1960
жылдың
көктемі.
Алданыш
тәжірибелі бапкер Ивановтың
жеке бақылауында осылай кәсіби
жаттығуды бастайды.
Тура тоғыз айдан кейін, 1961
жылы Моңғолияда Бүкілхалықтық
спартакиада
өтетін
болады.
Спартакиаданың не екенін спорт-
тан хабары бар адамдар біледі.
Қазақша айтқанда, аумақтық
деңгейдегі құрамалар арасында
өтетін өте үлкен жарыс. Олимпи-
ада сияқты 3-4 жылда бір өтеді.
Мәртебесі де биік. Тек мықтылар
ғана сайысатын осындай ұлы
дүбірге бапкерлер 16 жасар қазақ
қызын үкілеп жібереді. Алданыш
200 метрге жүгірістен әйелдер ара-
сында жаңадан рекорд тоқтатады.
Рекорд – 25,6 секунд. Бұрынғысы
– 27,3 екен.
Арада тағы бір ай дөңгелеп
өткенде, бабы мен бағы келіскен
Алданыш 400 метрді 58,8 се-
кунд, 800 метрді 2.20,7 секунд
жүгіріп өтіп, Моңғолияның күллі
рекордтарын жаңартады. Бұл –
бұрын-соңды болмаған елеулі
жетістік. Алданыштың 200 метр
қашықтықта тоқтатқан рекор-
38
39
алтын бесік - жер жүзі
дын басқалар үш жылдан кейін
жаңарыпты. 400 метрдің рекордын
20 жылдан кейін өзінің төл шәкірті
әрең бұзған. 800 метрдің рекорды
мұрты бұзылмай әлі тұр.
Басты өкінішім – бәсекелесім
болмады. Әп-сәтте атағы дүркіреп
шыға келген жас қыз: «Жеңіл ат-
летикадан әйелдер арасындағы
тұңғыш спорт шебері мен болуға
тиіспін!» деп өзіне-өзі серт қояды.
Содан жаттығу да, жаттығу... Жел-
мен жарысып тағы бір жылды
артқа тастайды. Келесі 1962 жылы
8 сыныпты бітіріп, қаладағы
медициналық техникумға ем-
тихан тапсырып, қабылданады.
Күндіз сабақ, кешке жаттығу,
түнде жұмыс... Себебі, әке-шешесі
зейнетақы алмайды. Оларды асы-
рау керек.
– Бірде күні бойы жаттығу
жасап келіп, түнде ауруханаға
кезекшілікке шықтым, – дейді
Алданыш апай. – Жаңа туған
жас
нәрестелерді
емдеп-
сауықтыратын бөлімде істеймін.
Ұйқы-күлкі жоқ, таң атқанша
зыр жүгіреміз. Көздің шырымын
да алмай таңертең сабаққа кете
береміз. Бір күні сабаққа шығып
бара жатып, аурухананың сыртқы
есігінің алдында әлім құрып,
шөке түсіп отырдым да қалдым.
Аяқ-қолым дірілдеп жүре алмай-
мын. Қасымдағы курстас қыздар
басымды сүйеп тұрғызып алды.
Осы оқиғадан кейін бапкерім:
«Оқуды тоқтат, бір жылға ұлықсат
алып берейін, келер жылы
жалғастырасың, мұндай жағдайда
нәтиже шығара алмайсың!» деді.
Ол
заманда
спортшылар-
ды тынықтыратын дәрі-дәрмек
жоқ. Амалсыздың күні дегендей
бапкері Алданышқа ақ қантты
ұнтақтап, ерітіп «глюкоза» жасап
береді. Тура жаттығу басталмас
бұрын бір қасық қант-глюкозаны
өз қолымен ішкізеді...
Шын мәнінде 1961 жыл-
дан 1971 жылға дейін 10 жылда
Моңғолияда Алданыштың алды-
на түскен адам баласы болмап-
ты. Спорт сүйер қауым апамызды
«жеңіл атлетиканың ханшайымы»
атандырған осы тұс. Бұл жылда-
ры бүкіл Моңғолиядан Алданыш
қарсылас таппай қатты қиналыпты.
Қарсылас болмаса шын жүйрік
өспейді. Ары ойланып, бері ой-
ланып ақыры түк таппаған соң
400 және 800 метрге жүгіретін
ұлттық құрамадағы ерлердің ара-
сына қосып қоя береді. Қараса,
Алданыш баяғы желп-желп етіп
бірінші келе жатыр дейді.
Бірде жоғары оқу орындары
арасында универсиада өтіп, жа-
рысатын әйел заты табылмай тағы
да ер адамдармен жарыстырады.
Осы жарыста 200 метрге жүгіріп
өткен өзінің бұрынғы рекордын
қайтадан жаңартады.
Қысқасын айтқанда, әттең
бір тұмсық тістесіп жарысатын
қарсылас болғанда ғой...
– Менің бір ғана қарсыласым
болды, – дейді Алданыш. Ол – тілі
тыным таппай сыртылдап тұратын
секундөлшегіш. Әттең, артым-
да мені өкшелеп келе жатқан
жүйріктің аяқ дүбірі, ентіккен
ыстық демі естілгенде дүниені
шыр айналдырар едім..
Жасы алпысты алқымдап
қалған, ішінде өкініш пен шердің
сарысуы тарқамаған адамның сөзі.
Екеуміз де бір сәт үнсіз қалдық.
Әңгіме жалғассын деп лып еткізіп
ортаға бір сұрақ тастадым:
– Алданыш апай, содан сіз
1964 жылы Токио олимпиадасы-
на баратын болдыңыз?..
– 1964 жылы Токио қаласында
жазғы
олимпиада
ойындары
өтетін болды. Оған әлемнің 93
елінен 5140 спортшы қатысқаны
белгілі. Оның 681-і әйел заты. Бұл
– әлемдік олимпиада тарихында
Азия құрлығында өтіп отырған
тұңғыш дода.
1963 жылы осы олимпиадаға
моңғол
елінің
спортшыла-
ры спорттың бірнеше түрінен
қатысатын болып шешілді. Оған
дейін қатысатынымыз жайын-
да ештеңе айтылған жоқ. Төрт
жыл жүйелі түрде дайындала-
тын олимпиадалық циклге біз
бір жыл ғана дайындалдық. Мені
олимпиадаға дайындау үшін Кеңес
елінен арнайы бапкер шақыртып,
соған жүктелді. Төрт жылдық
циклді бір жылда орындап шығуға
тура келді. Жаттығу аса ауыр бол-
ды.
токио сапары
Токиода өтетін жазғы спорт ой-
ындарына қатысатын Моңғолия
құрамасы 1964 жылдың 17
қыркүйегінде
Ұлан-батырдан
атанбақ болады. Барлығы – 45
спортшы. Жапонияға бару үшін
Қытай елінің территориясын басып
өтуге тура келеді. Ол тұста Қытай
елі Моңғолияны жеке мемлекет
ретінде мойындамаған, сондықтан
бұл мәселе біраз қиындайды.
Содан үкімет басындағы адам-
39
әлем қа
зақт
ары сыр шер
теді
дар ақылдаса келіп, Кеңес
Одағының ұлттық құрамасымен
қолтықтасып бірге барайық деп
шешім қабылдайды. Осылай
деп жапондарға айтып қояды.
Ертеңінде Жапония жағынан нота
келіп тұр: «Моңғолия спортшы-
ларын Кеңес елінің құрамасымен
бірге қабылдамаймыз. Сендерді
жеке шаңырақ көтерген тәуелсіз
мемлекет есебінде жеке дара
қабылдайтын боламыз».
Сөйтіп саяси ахуал дөңгеленіп,
тұрақ таппай тұрған соңғы
күндердің бірінде олимпиадаға
аттанатын барлық спортшылар-
ды Орталық комитет жинап алып
«Шыңғыс ханның өмірі мен та-
рихы, әскери қолбасшылық дары-
ны, әлем тарихындағы орны, ол
туралы шетелдерде жазылған ту-
ындылар» жайлы күндіз-түні лек-
ция оқиды. Бұл - Шыңғыс ханды
мақтап-мадақтауға тиым салынған
заман. Сондықтан біраз жұрт
бұған кәдімгідей таң қалады.
Сонымен Моңғолия спортшы-
лары жүк тасымалдауға арналған
ұшаққа отырып, Иркутск қаласына
келеді. Сол жерде азғана аялдап,
орыстың келесі бір ұшағын жал-
дап, Хабаровск қаласына табан
тірейді. Бұл жерден пойызға оты-
рып, Находка портына барды.
Находкадан жолаушы тасымал-
дайтын кемеге отырды. Кеменің
үстінде үш күн, үш түн жүреді.
Ешқандай қимыл, қозғалыс жоқ.
– Әттең, жолдың қиын-
дығынан болып, бір апта жаттығу
кестесін жоғалтым, әйтпегенде,
қола медальдың шетін тістеп
жығылатындай шамам бар еді.
Осыны айтып апай тағы да
үнсіз қалды. Біз реті келіп тұрғанда
тағы бір сұрақ қойдық.
– Жапония сіздерді қалай
қарсы алды?
– Ерекше құрметпен қарсы
алды. Аттанардан бұрын Шыңғыс
хан туралы не себепті оқытып-
тоқытқанын мұнда келіп білдік.
Бізді Шыңғыс ханның ұрпағы деп
таныды. Барлық газет-журналдар
солай деп жазып қойыпты. Таба-
нымыз қара жерге қалай тиді, күтіп
тұрған жағадағы халық «Шыңғыс
хан, Темүжин, Құбылай» деп ұран
салып қоя берді. Сөйтсек, Жапо-
нияда Ішкі Моңғолиядан барған
моңғолдар өте көп тұрады екен.
Солар тайлы-тұяғы қалмай келіпті.
Тап-таза моңғол тілінде сөйлеседі.
Әрі шетелдік журналистерге ау-
дарма жасап береді. Олардың
сұрайтыны тек Шыңғыс хан жай-
ында. Оқып алған дүниелерімізді
сарнап айтып береміз.
Жарысқа шыққанымда Қосанов
қол бұлғап тұрды
1964 жылы 10 қазан күні жазғы
Токио олимпиадасының ашылу
салтанаты өтеді. Олимпиада ала-
уын 1945 жылы Нагасаки, Хиро-
сима қалаларына атом бомбасы
түскеннен кейін алғашқы дүниеге
келген бала Иосинори Сакка
дейтін 19 жастағы азамат жаққаны
мәлім. Бір қызығы осы студент
И.Сакка мен біздің Алданыш апай-
ымыз екеуі түйдей құрдас болып
шығыпты. Кәдімгідей кездесіп,
амандасып, танысқан екен.
Алданыштар орналасқан қонақ
үй мен жаттығатын жердің ара-
сы алыс. Спортшыларға жаттығу
орнына барып-келуі үшін бір-бір
велосипед береді. Алданыш вело-
сипед мініп үйренбеген. Екі аяқты
көлікті лақтырып тастап, жаяу
тартады. Екі күннен кейін жеңіл
атлеттердің жарысы басталады.
800 метрлік жарыс жолына
шыққан Алданышқа ең соңғы 8-ші
жолдан сөре сызығы бұйырды.
Бұған дейін 8-ші жолдан жүгіріп
көрмеген, тіпті мұндайдың бар
екенін де білмейтін. Өйткені, өз
еліндегі ең үлкен деген жарыс
жолы 6-ақ жолақтан тұратын.
Сөйтіп, 800 метр қашықтыққа
жарысқан 66 адамның арасы-
нан 22-ші орынға, 400 метр
қашықтыққа жарысқан 60 адам-
нан 20-шы орынға табан тіреп
тоқтаған.
Монғолияда басқадай спорт
түрлері, соның ішінде жеңіл
атлетика дамып, кемелдене
қоймаған 1964 жылғы Токио
олимпиадасындағы Алданыштың
көрсеткен бұл нәтижесі жаман
емес еді.
– Бұрын теңіз деңгейінен
төмен жерде жаттығу жүргізіп
көрмегендіктен бе, Токиода өзімді
әлсіз сезіндім,- дейді апай.
Бұл да сол ескі өкініштің сары-
тап болған сорабы. Соңында бы-
лай деп сұрақ тастадық:
–
Токио
олимпиадасына
марқұм Ғұсман Қосанов ағамыз
да барған. Кездесіп үлгердіңіз бе?
– КСРО құрамасында Қосанов
ағадан басқа тағы бір қазақ бол-
ды. Ол кісі жарысқа қатысқан
жоқ. Қосымша құрамда отырды.
Аты-жөні – ұмытпасам, Әмин
Тұяқов дейтін азамат. Осы кісімен
бір-екі жағдайда тілдесіп жүрдім.
Қосанов ағай мен жарыс жолы-
на шыққалы тұрғанда «сәттілік
тілеймін» деп алыстан қолын
бұлғап тұрды.
Ғұсман ағай 100 метрлік жа-
рыс жолына шыққанда мен қарап
тұрдым. Жауын аралас бұршақ
құйды да кетті. 10,9 секунд жүгіріп
өтіп, 6-шы орынға табан тіреді.
Жалпы Кеңес одағынан барған
қысқа қашықтыққа жүгіретін
атлеттердің бәрі жарыс жолынан
шығып қалды. Өздері оған қатты
жауған жауын кінәлі деп жатты.
Сонда ойладым, спортшы адам
құйып тұрған жауынның астында
да жүгіріп үйренуі керек екен-ау...
- Қызықты әңгіменізге үлкен
рахмет!
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
40
алтын бесік - жер жүзі
Күйші Сейіт Жұмажанмен
сұхбат
– Сейіт аға, әңгімеңізді
ең алдымен өзіңіздің кіндік
қаныңыз тамған, туып-өскен
жеріңіз туралы айтудан
бастасаңыз.
–
Мен
1941
жылы
Монғолиядағы Баян-Өлгийден
үш жүз шақырым, Қобда
аймағымен екі аралықтағы
Делұн деген сұмында дүниеге
келіппін. Делұн «көптік,
байлық», - деген мағына береді.
Ол – табиғаты жұмсақ, ауа
райы жайлы, шөбі шүйгін, жері
шұрайлы таулы өлке. Отар-от-
ар қой, табын-табын жылқы
бақсаңыз да, жұтқа бермес кең
байтақ алқап. Қыс қаншама
қатты болса да малыңыз қолға
қарамайды. Негізінен, мал
шаруашылығы дамыған ауыл.
Мұндай ауылдарда, әдетте,
отқа малдың тезегін, ойылған
көң жағады. Ал Делұнда жұрт
жасан жердің шымын ойып,
отын ретінде пайдаланады.
Оны «шыбын» деп атайды.
Әрине, жасан жердің бәрін
ойып отқа жаға бермейді; ар-
найы жағуға жарамды, белгілі
бөліктерін
ғана
кітаптің
Күй құдіреті
қалыңдығындай етіп ойып ала-
ды. Өтімі көмірден кем емес
жарықтықтың. Бұл – табиғи
пайда болатын нәрсе. Міне,
мен осындай жерде дүниеге
келіппін. Отбасында екі бала
ғана болдық - әпкем және мен.
Әпкем тұрмыс құрып, Баян-
Өлгийге кеткен. Жездеміз жүзі
жылы, жүрегі кең, мейірімді
жан еді. Ауылда әке-шешем
үшеуміз ғана қалған соң, Баян-
Өлгийге көшіріп алды. Бұл
менің үш-төрт жастағы кезім
екен. Осыдан былайғы балалық
бал дәурен күндерім Баян-
Өлгийде өтті.
– Естуімше дәулескер
күйшісіз, ал сонда күйші болу
бала күннен арманыңыз ба еді,
әлде біреулердің әсері болды
ма?
– Сұрағыңыз орынды. Мен,
шынында, домбыраны қолыма
ойламаған жерден алған адам-
мын. Оның мәнісі былай...
Мен өзім, негізінен, жетінші
сыныпқа дейін ғана оқыдым.
Мұсайып Құсайынұлы деген
күйші, сазгер досым бар, қазір
ол да Қазақстанда тұрады.
Сол екеуміз Баян-Өлгийде бір
мектепте оқыдық. Бесінші сы-
ныпта жүргенде бір күні сол
досымның үйіне бардым. Әкесі
Құсайын домбырашы, бақсы,
көріпкелдігі бар киелі адам еді.
Бетіме қарап тұрып: «Түбінде
сенің кәсібің домбырадан,
күйшіліктен болады екен»,-
деді. Ондай нәрсе ойымда жоқ
еді, мен таң-тамаша қалдым.
Домбыра тартпақ түгілі, оның
не екенін де дұрыс білмейтін
кезім. Сол жылдары шәй са-
латын ағаш жәшік болушы еді.
Құсайын ақсақал: «Шәйдің
жәшігін тауып әкел, домбыра
жасап берейін, сен келгенше
мен мойнын жона тұрайын»,
- деді. Жәшікті алып келдім,
ақсақал домбыраның мойнын
дайындап қойыпты. Содан
тақтайшаларды үш бұрыштап
қиюын
келтіріп,
жонып,
шанағы мен бетін дайындады.
Сөйтіп ілезде домбыра дайын
болды. Қара жіптен перне жа-
сап, ішек тағып берді.
– Демек, досыңыздың әкесі
бақсы, домбырашы ғана емес,
он саусағынан өнер тамған
шебер де болды ғой?
– Иә, сегіз қырлы, бір сырлы
талантты адам еді. Жаңа ғана
жасалған домбыраны тартып
көрді де: «Сен осы керемет дом-
бырашы боласың-ау деймін,
домбыраның құлақ күйі келіп,
күмбірлеп тұр», - деді. Домбы-
ра қолымда, екі езуім құлағыма
жетіп, мәз болып үйге бардым.
Менен мұндайды күтпеген
әке-шешем аң-таң: «Мұны
қайдан алдың?», - дейді. Мен:
«Осылай да осылай, Құсайын
бақсы домбыра жасап берді;
домбырашы болады екенмін,
оқуды қойсам қайтеді»,- дедім.
Содан не керек, күні бойғы
|