Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!


қа зақтың қаламгер лері 31



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.03.2017
өлшемі15,29 Mb.
#7839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

31

қа

зақтың қаламгер



лері

31

КҮз КҮМБІрІ

***


Қалыпты- ау тағы күз келіп,   

Бермейді уақыт бізге ерік.  

Әлі де нені армандап,   

Әлі де кімді іздедік. . .  

 

Қалыпты- ау тағы күз келіп,   



Құлпыртып өңін қыз көрік.  

Сағынып жүрер жан әке,   

Есіме тұрсыз сіз келіп.  

 

Қалыпты-ау тағы күз келіп,   



Жазылар жаңа күнделік.  

Күдікпен күндер өтсе де,   

Үміттен күдер үзбедік. . .  

***  


Қырларды кезген қуалап арман,   

Ертең-ақ еркең шығады алдан.  

Жапырақ жүрек қинайды жанды,   

Сап-сары болып қуара қалған.  

 

Жолаушыларым, жолыңды таңда,   



Қанаттыларым қайыспай самға,  

Сары күз ауыр келері анық,   

Сағынышы бар саналы жанға.  

 

Ұша алған ұшсын,  тоспашы, жаным,   



Қолыңды бұлғап қосташы жаным.  

Сарала күзгі сарала қаз да,   

Барады айтып қоштасу әнін...  

Ұша алған ұшсын,  тоспашы жаным!   

                         ***

Осыдан жирма екі жыл бұрын,   

Қолына ұстатып тізгін-шылбырын.  

Оқуға алғаш апарды әке,   

Қара тайына мінгізіп ұлын.  

 

Кім болары ертең белгісіз онда,   



Әйтеуір нұрлы салғандай жолға.  

Шаттанды шалқып,   

Шіркін- ай деші!   

Нелерді ойлап жүрді екен сонда.  

 

Серік Әбілұлы 1973 жылы  Қытай Халық Республикасының 

Алтай өңіріндегі Үдіңгір көлі бойында, Жетарал деген жерде 

өмірге  келген.  Кішкене  күнінен  өнер  мен  өлеңге  құштар  бо-

лып, ақын бала атанған. Үрімжі, Тиянжин қалаларында білім 

алған.  Қытай  Мемлекеттік  Жазушылар  қоғамының  мүшесі, 

Шыңжаң аймақтық Жазушылар қоғамының төрағасы, ақын, 

әнші,  сазгер,  журналист.  «Қобыз  сарыны»,  «Аққу  -  арман», 

«Шолпан», «Самал», «Күміс жебе», «Дариға-ай!», «Күн» және 

басқа  да  өлеңдер,  эсселер,  әңгіме,  очерк  кітаптары  баспадан 

шыққан. Елуге жуық ән-термелері тыңдарман жүрегінен жол 

тапқан.

 Төменде ақынның бір топ өлеңдерін назарларыңызға ұсынып 

отырмыз.

Түстік-ау солай шиырлы ізге,   

Ақ тілек – арман бұйырды бізге.  

Дәл сол бір сәттер ойымнан шықпай,   

Орала берді биылғы күзде.  

 

Самалы күздің кекілін желпіп,   



Әкелген әке мектепке ертіп.  

Қара тай мінген сол қара ұл менмін,   

Отырған бүгін  «Күз күйін»  шертіп.  

 

Сол жолым екен қиыры құздың,   



Әйтеуір әзір тұйығын бұздым.  

Мінезіндей-ақ бұйығы қыздың...  

Күндері қызық биылғы күздің.  

сұңҚарЛар жыры 

 

Сүйінер сүйікті елің,   



Жапырағын жайған шынар.  

Аңсатты-ау биіктерің,   

Сұңқарлар қайдасыңдар?!.  

 

Сандуғаш бола алар ма,   



Сайраса сауысқаның.  

Құздарға қона алар ма,   

Тауық пен тауыстарың.  

 

Жолында пысықтардың,   



Ешкіні ел серке дейді.  

Жонында мысықтардың,   

Тышқандар еркелейді.  

 

Қашырға ер салғанмен,   



Арғымақ бола алмайды.   

Қырандар тұғырына,   

Құмайлар қона алмайды.  

 

Мың есек жарамайды,   



Бір тұлпар тұяғына.  

Мың торғай паналайды,   

Бір сұңқар қияғына.  

 

Дарыған жаныма құт,   



Бабалар киесінен.  

Бөрінің тәңірі артық,   

Иттердің иесінен.  

 

Төсінде төлдейді елік,   



Таулар - көп, даналар - аз.  

Көлшікті көлдей көріп,   

Жүзеді сарыала қаз.  

 

Қан төгіп көрседағы,   



Ар төгіп көрмеген ел.  

Арысын берседағы,   

Намысын бермеген ел.  

 

Түлкілер қыран жемі,   



Болса да айласы бар.  

Ту қылар тұмарлы елі,   

Сұңқарлар қайдасыңдар?!.  

Ту қылар тұмарлы елі,   

Сұңқарлар қайдасыңдар?!.   

ШұБат жыры

  

Біздің ауыл сексеуілді,  түйелі,   



Иелі ел түйесімен киелі.  

Құтты дала құдіретін қарашы,   

Жыланы да аққа басын иеді.  

 

Тарихтан көштің алдын иелер,   



Жүк көтерер атандарын сүйеді ел.  

Сиыр емес сүтіменен қадірлі,   

Шұбатымен шырайланбас түйелер.  

 

Сүтін сорып інгендерді, басқа ұрып,   



Тым орынсыз осқырынба жас жігіт!..  

Кейде, тіпті, кеткен бе деп ойланам,   

Мына елдің дімкәстығы асқынып.  

 

Шаңырақты көре алмайсың қостардан,   



Бұйда,  бұрау бәрідағы тасталған.  

Інгендері індет үшін қамалып,   

Атандар жүр өгіз сынды бос қалған.  

 

Тұғырың боп тұрған шақта отаның,   



Таудан даңқы артық емес жотаның.  

31

33

32

33

алтын бесік - сөз мар

жаны

Аузындағы нәрін жырып қайтесің,   



Ертең жүгің артылатын ботаның.  

 

Қиын күндер – қия асырған күшімсің,   



Түйелерім – құдіретімсің,  құтымсың.  

Буралары буырқанған біздің ел,   

Құрсақ емес,  ұрпақ жайын түсінсін.  

 

Көңіл жыры – жүрек сыры от алар,   



Болашақтың болса екен досы адал,   

Ерініме шұбат тиген шақтарда,   

Елестейді шөліркеген боталар. 

әКе

  

Әке!   



Сен берген жалынменен,   

Ел берген дарынменен.  

Асау бір ағынменен,   

Сара бір сарынменен,   

Жолымды тауып келем,   

Жоқ ешбір қауіп деген.  

Қаламға қамшы басып,   

Шаңдатып шауып келем.  

 

Әке!   


Жолыңды жаттап едім,   

Бетімнен қақпап едің.  

Балауса баптап едің,   

Шамамды шақтап едің.  

Үмітің қалмасын деп,   

Қиялың самғасын деп.  

Түсірмей тартып келем,   

Тірліктің шалмасын көп.  

 

Сенетін жалғызың ем,   



Шөлдесең жалбызың ем.  

Сайысты сан бұзып ең,   

Намысты нар құзым ең.  

Рухың өлмесін деп,   

Жасымды көрмесін деп,   

Алдымен бастым талай,   

Жарыстың көмбесін көп.  

 

Әке!   



Мен саған тартсам деймін,   

Ал кейде артсам деймін.  

Теріме разы боп,   

Тебіреніп жатсаң деймін.  

Күнің боп шығайын деп,   

Айың боп туайын деп,   

Бойлатар борышыма,   

Ойлатар уайым көп.  

 

Әке!   


Қайғыға жасымапсың,   

Қайратқа тасымапсың.  

Аялап  қажығанды,   

Қашанда қасыңа апсың.  

Өзіңдей болайын деп,   

Биікке қонайын деп,   

Мастыққа жеңдірмедім,   

Жастықтың орайын көп.  

 

Әке !   


Күйші едің, күмбірлі едің,   

Шыншыл ең,  шың нұрлы едің.  

Мерейім менің бүгін,   

Сенің бір шын күлгенің.  

Жүрмейтін маған сірә,   

Басқаға қатаңдығың.  

Қуанам жолым болса,   

Келгендей батаң бүгін.  

 

Әке!   


Талабың шыңдайтынын,   

Түлегің тыңдайтынын.  

Сен ерте сезіп пе едің,   

Сағыңның сынбайтынын.  

Жүрегің қашандағы,   

Бір мен деп тулайтұғын.  

Кезді осы аңсадың-ау,   

Құлағың шулайтұғын,   

Қалайда дәлелдедің,   

Сұңқардан сауысқанның,   

Ешқашан тумайтынын !   

 

аЛтын



 

 

Білмедім  бақ па, әлде - мұң,   

Таңдандырды тапқаным.  

Ит иіскеп кеткен дорбада,   

Кім білген алтын жатқанын.  

 

Көңілге тұрды келіп ой,   



Қайтер едім жеп қойса.  

Асап алар еді ғой,   

Егер мынау ет болса.  

Хайуанға қадірсіз,   

Біз таласар алтының.  

Қоя алмаймын тағы үнсіз,   

Сенде толған жарқыным.  

 

Түсім ғой  бәрі, түнгі елес,   



Адамдар нарқын түсінем.  

Кең өссең көңіл кірлемес,   

Кісілігі бар кісімен.  

 

Сырым бар айтар, досым-ау,   



Орайы жүр ғой шын түспей.  

Зырлаған ғұмыр осынау,   

Ғасырлар көрген бір түстей.  

 

Алтынды кімдер жырламақ,    



Ажал есік қаққанда.  

Тамағыңнан бір қалақ,   

Сусын өтпей жатқанда.  

 

Қасиеттеп халқымның,   



Қастерлілерін  еске ала.  

Артықтығы алтынның,   

Тазалығы тек ғана.  

 

Болмаса болды нан қайғым,   



Алтын ғой кені жерімнің.  

Алайда теңей алмаймын,   

Қадіріне елімнің.  


33

өнер жұлдыз

дары

33

-  Ермек,  «До  мажор» 

тобынан 

кеткеніңе 

де 

біраз  уақыт  болды.  Жеке 

шығармашылығың қалай?

-  Әнші  үшін  өнер  жолын-

да  жүрудің  өзі  бір  бақыт  ғой. 

Мен  мұны  «До  мажор»  то-

бынан  кеткеннен  кейінгі  бір 

мезеттік  үзіліс  кезінде  анық 

байқадым. Анығырақ айтқанда, 

топтан 


бөлінгеннен 

кейін 


жеке  шығармашылығымдағы 

тоқырау  бір  жарым  жылға  со-

зылды.  Бұл  менің  өмірімді 

өнерсіз  елестететін  бір  кезең 

болып есте қалды. «До мажор» 

тобында  жүрген  кезімде  мен 

Алматыдағы  кәріс    театрында 

жұміс  істейтінмін.  Топтан  кет-

кеннен кейін жарты жылға жет-

пей  ол    театрдан  да  қол  үздім. 

Неге екенін білмеймін, өнерден 

өзімді  барынша  аулақ  ұстауға 

тырыстым.  Осы  аралықта 

жеке  тірліктермен  айналы-

сып,  кафе  аштым,  сонымен 

қоса,  өнерге  қатысы  жоқ  жеке 

кәсіпорындарда жұмыс істедім. 

Алайда  бойыңдағы  өнерге  де-

ген  құштарлық  бәрібір  жеңеді 

екен. Осы үзілістен соң өнерге 

қайта  бет  бұрып,  әншілік  жо-

ЕРМЕК ӘНШІНІҢ 

БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Ермек Мұқаш 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге 

келген.  Жүсіпбек  Елебеков  атындағы  өнер  колледжінің 

түлегі.  Қазір    жұртшылыққа  жақсы  танымал  эстрада 

әншісі. 

лымды жалғастырдым. 



-  Топтан  кетуіңіе  не 

түрткі болып еді?

- Негізі, «До мажордан» кету  

менің  жоспарымда  жоқ  бола-

тын. Қайта, осы топтың көркеюі 

үшін  аянып  қалмақ  емес  едім. 

Ұжым құрылған күннен бастап 

оның  басы-қасында  болдым. 

Содан да болар, маған бұл топ 

өте  ыстық  еді.  «До  мажордан» 

кетуіме  пәлендей  үлкен  себеп 

түрткі  болған  жоқ.  Бәрі  де  аяқ 

астынан  басталды.  Шаршады 

ма  білмеймін,  әріптестерімнің 

шығармашылық 

ізденістері 

күрт  азайып  кетті.  Мүмкін, 

демеушілік  жағындағы  қаржы 

мәселесі  де  қол  байлау  болған 

шығар.  Жұмысымыз  өнбей 

қойды. Оның үстіне, кез-келген 

жүкті    жұмыла  көтеру  үшін 

ауызбіршілік  мықты  болуы 

керек. Бізде ол жағы да  ақсап 

бара  жатты.  Сондықтан  дер 

кезінде  өз  жолымды  табуды 

жөн көрдім.



- Өкінбейсің бе?

-  Топтан  алғаш    кеткен 

кезімде түрлі ойлар мазалағаны 

рас.  Ал  қазір  еш  өкінбеймін. 

Қайта  осы  топтан  кеткеннен 

кейін өзімнің жеке тірліктеріме 

барынша  ден  қойып,  керек 

десеңіз  біраз  жұмыстарымды 

орнына  қойып  та  үлгірдім. 

Эстрада  өнері    жас  ұлғая  келе 

кәсіп  болудан  қалатыны  анық. 

Келешектегі  жан  бағысты 

да  ойлау  керек.  Міне,  осы 

тұрғыдан  келгенде,  дұрыс 

шешім қабылдаппын. Нәтижем 

жаман  болмады.  Жеке  кафем 

жұмыс істеп тұр. Астыма көлік 

мініп,  жанұямның  күнкөріс 

қамын да қарастырып қойдым. 

«До  мажорда»  жүргенімде 

өзімнің жеке даусыма жазылған 

бірде  бір  ән  жоқ  еді.  Құдайға 

шүкір,  қазір  жаман  емес,  жеке 

шығармашылығым  күн  сайын 

жанданып  келеді.  Демек,  бұл 

жеке 


шығармашылығымды 

да  дұрыстап  алдым  деген 

сөз.  Ал  топта  жүре  берсем 

мұның ешқайыссы да болмауы 

мүмкін еді. Топ деген көбінесе 

демеушінің қас-қабағына қарап 

күнелтеді.  Сондықтан  топтан 

гөрі, жеке жүргеннің әрі жеңіл, 

әрі жемісті болатындығы анық 

сияқты.


-  «До  мажор»  тобына 

қайта  шақырса    барар  ма 

едің?

- Жоқ, бармас едім!.. Әрине, 

«До  мажор»  менің  өнерге 

қанат  қағып  ұшқан  ұям  болып 

қалады.  Сондықтан  ара-тұра  

қосылып  ән  салып  қоюға  дай-

ынмын.  Ал  ұжым  мүшесі  бо-

лып  біржолата  кел  десе,  ол 



33

34

35

алтын бесік - әсемдік әлемі

ұсынысты қабылдай алмаймын. 

Менің  мінезім  бала  күнімнен 

солай қалыптасқан. Бір көңілім 

қалған  жерге  қайтып  барған 

емеспін. Егер алдағы уақытта ол 

топтағы    Раман  Майғазиевпен 

бірлесіп жұмыс істеудің орайы 

келіп  жатса,  оның  жөні  бөлек. 

Өйткені,  Раман  екеуміз  күні 

бүгінге  дейін  өте  жақсы  ара-

ласамыз,  оның  ізденуге  деген 

ынта-ықласы,  жауапкершілік 

жүктеуі  менің  көңілімнен 

шығады.  Мін  таға  алмаймын. 

Сондай-ақ,  Сәкен  Майғазиев 

ағамыз  жеке  жобаға  шақырса 

да барар едім. 

-  Топ  құрылғаннан  басы-

қасында болдым деп отырсың. 

Бұл топ неге «До мажор» деп 

аталды?

-    Бұл  трио  «Мұзарт» 

тобының  белді  әншісі  Сәкен 

Майғазиев 

ағамыздың 

ұйымдастыруымен  әу  баста 

«До-Ми-Соль» деп аталған бо-

латын.  Өзіңіз  білесіз,  до-ми-

соль  до  мажор  аккордының 

үш  дыбысы.  Бір  аккордтағы 

үш  дыбыс  еш  уақытта  бір-

бірінен  бөлінбейді  ғой.  Топ 

құрамындағы үш жігіт дәл сол 

до  мажордың  үш  дыбысындай 

үндесіп жүрсін деп ырымдаған 

еді.  Алайда  бәрі  де  жазмыш 

шығар. Ол кезде топ құрамында 

Кенжебек  Жәнәбілов,  Раман 

Майғазиев  үшеуіміз  болдық. 

Кейін  Кенжебек  «Мұзарт»  то-

бына, мен басқа жаққа кеттім.

-  Топ  мүшелерімен  қазіргі 

таңдағы барыс-келісің қалай?

Топтың 



бұрынғы 

мүшелерімен 

де, 

кейінгі 


құрамымен де барыс-келісім өте 

жақсы.  Үнемі  шығармашылық 

жетістіктеріне  тілекші  болып 

жүремін.  Ол  топ  қазір  жаңа 

құраммен  әжептәуір  көтеріліп 

келе жатыр. 



- Кенжебек Жәнәбілов  «До 

мажордан» тобынан тіл та-

быса алмай кетті ме?..

- Жоқ!.. Оның себебі мүлдем 

басқаша...  Кенжебекті  Сәкен 

аға  ауылдан  әкеліп  Раман 

екеуімізге  қосқан  болатын.  Біз 

дайындалып,  ән  жаздырайық 

деп жүрген кезде Мақсат Базар-

баев «Мұзарт» тобынан шығып 

кетті. Сәкен ағалар Мақсаттың 

орнына  Қазақстанның  түкпір-

түкпірінен  әнші  іздестірді. 

Таппады!..  Әлі  есімде,  2007 

жылдың  14  ақпаны  болатын. 

Раман  Сәкен  ағаға:  «Біздің 

топтағы  Кенжебекті  неге  ал-

майсыздар, ал бізге басқа әнші 

тауып  алу  қиын  емес  қой», 

-  деп  ұсыныс  жасады.  Сәкен 

аға  бұл  ұсынысқа  еш  жауап 

қайтармай,  үнсіз  кетіп  қалған  

болатын.  Бір  сағатқа  жетпей 

телефон шалып: «Достарыңнан 

сүйінші  сұрай  беріңдер,  оны 

«Мұзартқа»  қабылдайтын  бол-

дық»,  -  деді.  Бұл  кезде  Кен-

жебек  Шымкенттегі  оқуының 

қысқы сессиясына кеткен бола-

тын.  Хабарласып,  жаңалықты 

айтсақ, «мүмкін емес» деп сен-

бей  қойді.  Ақыры  өзі  Сәкен 

ағаларға  хабарласқаннан  кейін 

ғана «Мұзарт» тобына әнші бо-

лып  қабылданғандығының  рас 

екеніне көз жеткізді. 



- Көп адамдар бәсекелес бо-

ламын  деп  бақталастыққа 

бой 

алдырып 

жатады. 

Өзің  бәсекелестікті  қалай 

түсінесің?

- Мен өзім Алматы қаласында 

дүниеге  келсем  де,  ата-анам 

–  ауылдың  қарапайым  адамда-

ры.  Ол  кісілер  маған    қазақы 

тәлім-тәрбие  беріп  өсірді.  Ес 

білгелі  құлағыма  құйып  келе 

жатқаны  –  бақталастыққа 

ұрынбау,  тәкаппарлыққа  бой 

алдырмау.  Қанша  дегенмен, 

ата-ана  тәрбиесінің  орны  қай 

кезде  де    бөлек  болады  екен. 

Өзімнің  қазақы  қалпымды 

сақтап  қалуыма  сол  кісілердің 

берген 

тәрбиесі 



тікелей  

әсер  етті.  Сонымен  қатар, 

өнердегі  ағаларымыздың  да 

айтарлықтай  ықпалы  болды. 

Мәселен,  біздің  демеушіміз 

«Мұзарт» тобындағы Сәкен аға 

болғандықтан, ол ұжыммен жиі 

қарым-қатынас  жасайтынбыз. 

Сол кезде сөзімізге байқаусызда 

бір-екі  ауыз  орысша  қосып 

қалсақ,  Мейрамбек  ағамыз 

кәдімгідей  ренжитін.  «Неме-

неге  өзінше  болып,  сөздеріңе 

орысша  қосасыңдар,  қазақтың 

әп-әдемі  тілін  бұзып...»,-  деп 

бетімізге  айтып  та  салатын. 

Сәкен  ағамыз  да  –  өте  қазақы, 

қарапайым  кісі.  Сондықтан  да 

сол  кісілерге  қарап  қарапайым 

болып  қалыптасуға    тырыса-

тынмын.  Әрине,  бәсеке  кез 

келген  ортада  болуы  керек. 

Онсыз еш жерде даму болмай-

ды.  Алайда  ол  біреуді  аяқтан 

шалып озу дегенді білдірмейді 

ғой.  Мен  осы  уақытқа  дейін 

өзімнен  озып  тұрған  біреуді 

қызғанған 

адам 

емеспін. 



Қайта  өзімді  іштей  қамшылап,  

«жайбарақат  жүре  бермей, 

бағымды  сынап  көрейінші, 

мен  де  одан  ешқандай  кем 

емеспін  ғой»  деп  бір  қадам 

болса  да  алға  ұмтыламын. 



35

өнер жұлдыз

дары

Негізі, бақталастық деген - таза 



қызғаныш.  Ал,  бәсекелестік  – 

қызығушылық.





Өзіңді 

отансүйгіш 

ұлдардың бірімін деп есептей 

аласың ба?

-  Әрине,  солай    деп 

есептеймін. Оны мен сөзбен ай-

тып    жеткізе  алмауым  мүмкін, 

бірақ бәрі де ішімде қайнап тұр. 

«Қазіргі жастарда отаншылдық 

сезім  азайып  кетті»  дейтін 

пікірді  жиі  құлағым  шала-

ды.  Алайда  мен  мұнымен 

келіспеймін.  Керісінше,  қазіргі 

жастардағы  отаншылдық  сезім 

жоғары. Мен өзім қатарлы және 

өзімнен  кейінгі  жастардың 

бойындағы 

ұлтжандылыққа 

жиі  сүйсінемін.  Жастардың 

көбі  таза  қазақша  сөйлейді, 

бәрі де Отан үшін қызмет еткісі 

келеді.  Әрине,  көп  болған  соң 

бар адам бірдей бола бермейді. 

Бес саусақ та тең емес қой. Өз 

Отанын сүймейтін аздаған жас-

тар  бар  да  шығар,  бірақ  көп 

емес.  


- Отансүйгіш ұлдардың бірі, 

әрі  бірегейімін  деп  отырсын. 

Шығармашылдық 

қорыңда 

Отанды,  туған  жерді  жыр-

лайтын әндер бар ма?

-  Кез-келген  әншінің  қина-

латыны  -  өзіне,  өз  дауысына  

сай  ән  табу.  Ал  Отан  туралы, 

туған  жер  тақырыбындағы  ту-

ындыларды  табу    -  қиынның 

қиыны.  Ол    -  тек  менің  ғана 

емес,  өнер  жолында  жүрген 

жалпы  қауымның  жанына  ба-

тып  жүрген  мәселе.  Ән  көп!.. 

Бірақ отансүйгіштік тақырыпта 

жазылған  шығармалар  жоқтың 

қасы.  Шіркін,  қолыма  туған 

жер  тақырыбындағы  керемет 

бір ән түссе ғой деп жиі арман-

даймын.  Алайда,  ол  арманым 

әлі күнге орындалмай жүр.

-  Ал  сонда  композитор-

ларымыз  бен  ақындарымыз 

отансүйгіштік  тақырыпта 

неге  жақсы  шығармалар  ту-

дыра алмайды?

-  Поэзия  махаббатпен  бас-

талып,  парасатпен  аяқталады 

демеуші ме еді. Менің ойымша, 

шығармашылық 

жолындағы 

жастардың 

көбі 


махаббат 

тақырыбынан  әрі  өте  алмай 

жүр. Отансүйгіш жастар махаб-

бат  аялдамасынан  өтісімен-ақ 

туған жерді жырламай қайда ба-

рады?!.  Алла  бұйыртса,  Отан-

ды жырлаудың таңы енді атып 

келе  жатқан  сияқты.  Қазіргі 

әндер,  негізінен,  Астанаға  ар-

налып  жатыр.  Саны  біршама 

көп.  Бірақ олар халық арасына 

әлі  тарап  үлгере  алмай  жатуы 

да  мүмкін.  Сан  бар  жерде  - 

сапа да бар. Ішінен жақсылары 

іріктеліп, Ескендір Хасанғалиев 

ағамыздың «Атамекені» сияқты 

қазақ  аспанында  қалықтар 

әлі!  Бүгінгі  таңда  «Көк  тудың 

желбірегені»  әні  отансүйгіш 

туындылардың  көшін  бастап 

тұр. Осындай Отанды жырлай-

тын әндер жоқ емес.Тек  менің 

қолыма түспей жатқаны болма-

са...


- Жеке  шығармашылығың-

ды  да  демеушілердің  қар-

жысымен  жандандырып  жа-

тырсың ба?

Жоғарыда 



өзімнің 

жеке 


кәсіпкерлікпен 

ай-


налысып 

жатқаным 

тура-

лы  айтып  өттім  ғой.  Кәсіп 



жүрсе,  нәсіп  молаяды  екен. 

Бұрынғыдай  емес,  демеушілер 

іздеп  қиналмаймын.  Құдайға 

шүкір,  өз  табысым  өзімді  қар-

жыландыруға  жетіп  жатыр. 

Жақында  бір  досым  екеуіміз 

бірлесіп  бейнебаян  түсіретін 

үлкен  студия  ашпақпыз.  Қазір 

қызу  дайындық  үстіндеміз. 

Ең  әуелі,  өзіме  бейнебаян  

түсіруден бастасақ па деп отыр-

мыз.


- Алматыда ма?

- Иә, Алматыда!.. Жаз айын-

да Қытай еліне барып, сондағы 

қандастарымыз арасына кең та-

нымалы  жоғары  дауысты  әнші 

–  Отанбек  Еңсеханұлының 

«Жас  ару»  деген  әнін  дай-

ындап  келген  болатынмын. 

Студиямыздың  тұсауын  осы 

әнге  бейнебаян  түсіруден  бас-

тауды жөн көріп отырмыз.

-  Әңгімеңізге  көп-көп  рах-

мет!..  Ісіңіз  ілгері  басып, 

еңбегіңіз жемісті бола берсін!

Тұрсынбек КЕШУБАЙҰЛЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет