Пульс Пульс Аудан Аудан 2010 жылдың



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі7,77 Mb.
#7844
1   2   3   4

Аудан тынысы

4

4 бет. № 60 (468) 8 тамыз 2014 жыл

қоғам келбеті

ҚылмыстыҚ заңды түсіндіру 

Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс 

қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының 

еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз. 

Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің 

анық еместігіне және толық еместігіне байла-

нысты  олардың  мазмұның  ашып  көрсетуден 

ғана  емес,  сонымен  қатар  оны  пайдалануда 

басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп 

қарастырудан туындайды. 

Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс 

түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін 

тигізді. 

Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге 

байланысты  бірнеше  түрлерге  бәлінеді.  Яғни 

ол:  а)  субъектісіне  байланысты,  яғни  кім 

түсіндіретіндігіне байланысты: — аутенпткалык, 

(түпнұсқалық); — легальды (заңды, ресми); — 

соттық; — дектриналдық, (ғылыми).

Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы 

органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық 

түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға 

бірдей. 

Легальды/ресми  түсіндіру  —  заң  бойынша 

арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға 

құзыретті  органның  заңға  түсініктеме  беруі. 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 

72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, 

Қазақстан Республикасының Конституциялық 

Кеңесі  Конституцияның  нормаларына  ресми 

түсініктеме береді. 

Соттық  түсіндірме  деп  —  соттың  нақты  бір  қылмыстық  істі 

қараудағы  беретін  түсіндірмесін  айтамыз.  Сот  түсіндірмесінің 

нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін 

сол іс бойынша міндетті болады. 

Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республи-

касы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табы-

лады.  Сот  талқылауын  жүзеге  асыру  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің 

мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 

23 сәуірдегі "Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін 

зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы" Қаулысы бола 

алады. 

Доктриналдық ғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, заңгер-



ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің 

оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, 

баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға 

түсініктеме беруі. 



Бородулиха аудандық сотының кеңсесі

адамды қынадай қырған

1 дүние жүзілік соғысқа 100 жыл

ЖақсыБай саМРаТ

алғашқы жаһандық соғыстың 

басталғанына – 100 жыл

Биыл адамзат тарихындағы 

ең  қанқұйлы  қырғындардың 

бірі – І дүниежүзілік соғыстың 

басталғанына 100 жыл толып отыр. 

Әрине, жақсылықпен атап өтерлік 

оқиға болмаса да, алдағы тамыз 

айында оған қатысы бар елдер 

арнайы іс-шаралар жоспарлап 

отыр. Жалпы, бұл соғыстың да 

тарихын білген дұрыс. Өйткені, 

арада бір ғасыр өтсе де оның 

адамзатқа келтірген зардаптары 

ұмытыла қойған жоқ. 

Басталу себептері

1914 жылдың 28 шілдесінде 

басталып,  1918  жылдың  11 

қарашасында  аяқталған  бұл 

қырғынға қатысушы жақтардың 

қаншадан әскер шығарғаны әлі 

күнге толық анықталған жоқ. 

Әсіресе, Ресей патшалығынан 

қанша әскер қатысқанының нақты 

есебі жоқ, әйтеуір қырыла бер-

ген жерге патша жаңа адамдар 

тобын төге берген.

Ал  қаза  тапқан  әскер  саны 

біршама белгілі. Нақты айтқанда, 

«Антанта» одағынан (Англия, 

Франция,  Ресей  және  т.б.)  6 

млн.-дай  адам  қырылып,  8 

млн.-дайы жараланған және 4 

млн.-дайы із-түзсіз жоғалған. 

«Төрттік одақтан» (Германия, 

Австра-Венгрия, Осман импе-

риясы, Болгария) 4 млн. адам 

қырылып, 8,5 млн.-дайы жара-

ланып, 3,5 млн.-дайы із-түзсіз 

жоғалған. Жараланғандар мен 

жоғалғандарды есептемегенде 

барлығы 10 млн.-дай әскер қаза 

тапқан. Сонымен қатар, 12 млн. 

бейбіт тұрғын көз жұмыпты.

Соғыс жалғыз Еуропа аумағын 

ғана емес, Азияны, Африканы, 

Таяу  Шығысты,  Қытай  мен 

Тынық мұхиты анклавын да 

шарпыған.  Оның  себептерін 

КСРО  оқулықтары  үлкен 

державалардың экономикалық, 

аумақтық  үстемдікке  қол 

жеткізуге тырысуынан болды деп 

түсіндіріп келді. Сондықтан бұл 

империалистік, әділетсіз соғыс 

деген қорытынды жасалатын. 

Осы соғыстың қорытындысында 

«Антанта» жеңіске жетті, Ресейде 

Ақпан және Қазан, Германия-

да Қараша төңкерістері болып, 

өкімет  өзгерді.  Осман  және 

Австра-Венгрия империялары 

ыдырап, олардың орнына жаңа 

мемлекеттер пайда болды.

КСРО  тарихшыларының 

тұжырымына  қарағанда,  ка-

питализм  дастарқанына  кеш 

келген Германия (Бисмарк ХІХ 

ғасырдың екінші жартысында 

біріктіргенше немістердің өзі 

бірнеше мемлекет болған) ішкі 

өнімін шығаратын рынок табу 

үшін колонияларды бөліп алған 

үлкен  империялармен  үнемі 

қырғи-қабақ  болып  жүретін. 

Соғыстың  алдыңғы  жылда-

рында экономикасы да, әскери 

қуаты да артқан ол көрші импе-

риялардан отарланған елдерді 

тартып алу үшін соғысуға себеп 

іздей бастаған. Бұл іске өзінің 

одақтасы, тілі бір, ділі бір, діні 

бір Австра-Венгрия империясын 

да  ұрындыруға  тырысқан.  Ал 

соңғы империяның үстемдігіне 

сербиялықтар үнемі қарсылық 

білдіріп жүріп, ақыры Сараево 

қаласында оның тақ мұрагері Франц 

Фердинандты өлтіруге барады. 

Осының себебінен дүниежүзілік 

соғыс басталды дегенді КСРО 

тарихы оқулықтарынан жақсы 

білеміз.


Шын мәнінде барлық пәле Осман 

империясының, біразы Австра-

Венгрия империясының құрамында 

отырған оңтүстік славяндардың 

орыстарға арқа сүйеп, бірігуді 

көздеген ұлтшылдары  ның солшыл 

әрекеттерінен шыққан. Кісі өлтіруші 

серб студенті Гаврило Принцип 

Боснияны Австра-Венгрия 

империясының құрамынан 

босатып, «Ұлы Сербия» 

мемлекетіне қосуды ар-

мандап жүретін террор-

шылар тобының мүшесі 

екен.

Әрине,  тақ  мұрагері 



өлтірілген соң Австра-

Венгрия Сербияға ульти-

матум жариялады. Оның 

талаптары қатарында кісі 

өлтірушіні  ғана  емес, 

тапсырыс берушілерді, 

ұлтшылдық ұйым басшы-

ларын, Австра-Венгрияға 

қарсы үгіт тарататын-

дарды, т.б. ұстап беру 

талап етілген. Террорлық 

топтың кейбір басшылары 

әскердің үлкен офицерлері 

болғандықтан, Сербия 

жағы оның талаптарын 

толық орындаудан бас тартады. Осы 

үшін Австра-Венгрия Сербияға 

соғыс жариялайды.

Ұзақ жылдар Осман империясының 

қол  астында  болған  Сербияға 

1878  жылғы  Берлин  келісімі 

бойынша тәуелсіздік берілген. 

Оның  алғашқы  королі  Милан 

Австра-Венгриямен 

жақсы 

қарым-қатынаста болды. Алайда, 



1903 жылы бір топ ұлтшыл офи-

церлер бірігіп, сарай төңкерісін 

жасайды да таққа І Петр деген 

жаңа корольді отырғызады. Ал 

ол Австра-Венгриямен қырғи-

қабақ болып, Ресей патшалығымен 

жақындасу саясатын жүргізеді. 

Оның саясатының негізіне пан-

славян ұлтшылдығы алынған еді. 

Корольдік Босния, Герцеговина және 

басқа да славяндар қоныстанған 

елдердің әлі де Австра-Венгрия 

мен Осман империяларының қол 

астында қалғанына наразы бо-

лады. Ақыры, 1912 және 1913 

жылдардағы славян елдері орыс 

патшалығының  қолдауымен 

Осман  империясына  қарсы 

Балқан соғысын бастайды. Оның 

қорытындысы бойынша Маке-

дония мен Косово түріктердің 

билігінен  босатылады.  Бұл 

Сербияның  Австра-Венгрия 

үстемдігін  тоқтатуды  мақсат 

еткен  ұлтшыл  топтарының 

соғысқұмарлық рухын көтере 

түседі. 1914 жылға дейін де серб 

ұлтшылдары  австра-венгрлік 

шенеуніктерге қарсы көптеген 

террорлық  актілер  жасаған. 

Эрцгерцог Франс Фердинандты 

өлтірген Гаврило Принцип өз 

өміріне солардың бірі Жераричтің 

ісін үлгі еткен екен. Ал тапсырыс 

беруші сербтің әскери барлауының 

бастығы «Апис» деген жасырын 

есіммен белгілі болған полковник 

Дмитриевич еді.

Ф.Фердинандтың өлімі серб 

студентінің жеке ісі емес, түбегейлі 

ойластырылған арандатушы акт 

және ол өзінің түпкі мақсатына 

жетіп, дүниежүзілік соғыстың 

басталуына себеп болды. Ал Апис 

сотта Ресей елшілігінің әскери 

атташесі Артамоновпен байланы-

сы болғанын және ол Сербияны 

Австра-Венгрияның шабуылынан 

Ресейдің қорғайтынын айтқанын, 

сонымен бірге, террорлық акцияны 

Ресей жағы қаржыландырғанын 

жеткізеді.

Алайда,  Артамоновтың  өзі 

бұл  уақытта  Италияда  дема-

лыста болғанын айтып, оның 

мәлімдемесінен үзілді-кесілді 

бас тартқанымен, оның орын-

басары 


А.Верховскиймен 

терроршылардың жиі кездесіп 

жүретіндігі рас болып шығады. 

Оның үстіне, Ресей патшалығы 

терроршылардың  жоспарын 

алдын  ала  біліп отырғандығы 

да дәлелденген. «Существуют 

доказательства, что на 14 июня 

Россия была по крайней мере в 

курсе планов террористов», деп 

жазылған «Википедия» энцикло-

педиясында. Осыған қарағанда, 

орыстардың да І дүниежүзілік 

соғыстың  басталуына  қатысы 

бар  деген  тұжырым  жасауға 

болады.


Соғыс барысында «Антанта» 

одағына АҚШ, Жапония, Сербия, 

Италия,  Черногория,  Бельгия, 

Румыния, Грекия, Қытай және 

т.б. қолдау білдірген.

Ұрыс қимылдары

Соғыс театры негізінен Франция 

мен Ресей бағыттарында өтті. 

Бұл екеуіне де Германия басып 

кірді. Ал Балқан, Қап тауы, Таяу 

Шығыс бағыттарындағы майдан-

ды Австра-Венгрия мен Осман 

империясы жүргізді. Барлық жақ 

та  майданды  бірнеше  айдың 

ішінде аяқтаймыз деп ойлаған 

еді, алайда ол 4 жылдан артық 

уақытқа созылды.

«Батыс  майдан»  деп  аталған 

Германия – Франция бағытында 

немістер Бельгия арқылы француз 

әскерлерінің сыртынан шығып, 

оны  қоршап  алып,  құртуды 

ойластырған. Бірақ өзінің аумағына 

неміс әскерлерін кіргізуден үзілді-

кесілді бас тартқан бейтарап Бель-

гия герман әскерлеріне қарулы 

қарсылық көрсетіп, соғысқа кіреді. 

Бельгияның  жақсы  бекінген 

қалаларын Германия тек екі ап-

тадай уақытта ғана бағындырып, 

1914  жылдың  16  тамызында 

Брюссельді алады. Осыдан әрі 

немістер өздеріне қарсы тұрған 

француз-ағылшын әскерлеріне 

қарсы соғысқа кіріседі. Монсе, 

Шарлеруа, Арден операцияларын-

да немістер таза жеңіске жетіп, 

250 мыңдай француз әскерін 

қырып салады. Сөйтіп, Париждің 

батыс жағымен француз жеріне 

бойлап енеді. Ал жағалаудағы 

соғыстарды жүргізген ағылшын 

әскерлері де немістердің шабуыл-

дарын тойтара алмай, шегінуге 

мәжбүр болады. Көмекке келген 

орыстың экспедициялық корпусы 

да немістерге қарсы қауқарлы 

қарсылық жасай алмайды. Фран-

цуз астанасының құлауына қауіп 

төнген  2  қыркүйекте  өкімет 

Бордо қаласына көшеді.

Алайда,  Париж  бағытын 

қорғаушылар Марна өзенінің 

жағасында немістерге жойқын 

қарсылық  көрсетіп,  олардың 

шабуылын тоқтатумен қатар, 

50-60 шақырымға дейін кейін 

шегінуге мәжбүр етеді. Осы Мар-

на соғысынан кейін «Антанта» 

әскерлері алғаш рет ес жиып, 

немістердің үздіксіз шабуылын 

тоқтатады.  1914  жылдың  15 

қарашасынан  бастап  екі  жақ 

та шабуылды тоқтатып, шептік 

күреске ауысады. Немістердің 

Парижді «ет қызуымен», яғни 

бірден алмақ болған жоспары 

орындалмаған  соң,  оның  бір 

одақтасы  –  Италия  соғысқа 

қосылудан тоқтайтынын жария-

лайды. Бұл Германия одағына 

моральдық тұрғыдан ауыр соққы 

болады.

Ал Шығыста (Германия үшін) 



«Антанта» мүшесі болғандықтан, 

Ресей империясының екі армиясы 

шекарадан өтіп, Пруссия жеріне 

басып кірген еді. Кенигсберг 

бағытында алғашқы кезеңдегі 

соғыстар  сәтсіз  болғанымен, 

есін тез жинаған неміс әскерлері 

орыстарды тас-талқан қылып 

жеңіп, екі корпусын тұтқынға 

алып, әскерді қайтадан өз шебіне 

оралуға мәжбүр етеді. Ашуланған 

патша  майдан  қолбасшысы 

Жилинскийді  және  барлық 

этностық неміс генералдарын 

орындарынан алады. Ал орыс 

пен австра-венгерлік әскерлер 

соғысы көп уақыт итжығыспен 

жүріп, ақыры саны көп патша 

әскерінің Галицияны (Украи-

на жері) алуымен тоқырайды. 

Варшава бағытында орыс-неміс 

әскерлері текетірес соғыс жүргізіп, 

1914 жылдың аяғында майдан 

шебі Лодзь (Польша) қаласының 

түбінде тұрақтанады. 

(жалғасы 5-ші бетте)


5

Аудан тынысы

тарих тағылымы

5 бет. №60 (468) 8 тамыз 2014 жыл

жақсыбай самрат

(Басы 4-ші бетте)

Сөйтіп,  немістер  осы  жылы 

Польшаның бірқатар жерін оры-

стардан тартып алады.

Балқан театрындағы соғысты австра-

венгриялықтар мен сербиялықтар 

жүргізіп, ауыспалы табыстарға жетіп 

отырады. Желтоқсан айының басында 

австра-венгриялықтар Белградты 

басып алғанымен, айдың аяғында 

одан айырылып қалады.

Осы жылдың тамыз айында Жа-

пония да Германияға соғыс жария-

лап, оның Тынық мұхитындағы 

аралдық отарлары мен базаларын 

басып алуға кіріседі.

Германиямен одақтасқан Осман 

империясы да соғысқа кіреді. Қап 

тауындағы операциялар барысында 

ол өзінің ежелгі дұшпаны орыс 

империясымен соғысып, ауыспалы 

табыстарға жетіп отырады.

1915  жылдың  ортасына  дейін 

француз аумағындағы «Батыс май-

данда» біршама тыныштық болады. 

Ағылшындар мен француздардың 

2-3 шабуылы діттеген межеге жете 

алмай тоқтатылады. Францияның 

солтүстік өңірін түгел босатуды 

көздеген «Антантаның» күздегі 

шабуылы немістердің жеңісімен 

аяқталады. Осы соғыста «Антан-

та» 200 мыңдай, немістер 140 мың 

әскерінен айырылады.

Бұл жылы Германия ағылшын-

француз  соғыс  театрынан  гөрі 

Шығыстағы, орыстармен болып 

жатқан майданға көбірек назар ауда-

рып, патша әскерлерін тығырыққа 

тіремекке ұмтылады. Алайда, ша-

буыл біршама сәтті болып, 10-шы 

корпусты тұтқынға түсіргенімен, 

немістер бұл майдандағы жеңісті 

аяғына дейін жеткізе алмай, шабуы-

лын тоқыратып алады. Ал Карпат 

тауларында  австра-венгриялық 

әскерлер мен сербиялықтардың 

көмегін алған орыстар ауыспалы 

табыстарға жетіп жатады. Осы жылы 

немістер Галиция бағытындағы 

майданда тамаша табысқа жетеді. 

Бұл бағытта 5 мамырда майдан 

шебін бұзып өткен немістер оры-

старды 22 маусымға дейін қуады. 

Бұл қуғынды орыс тарихы «ұлы 

шегініс» деп атады. Осы қуғынның 

нәтижесінде немістер поляк жерін 

орыстардан тегіс тазартады. Тек 

немістердің Минск бағытындағы 

шабуылы ғана сәтсіздікке ұшырап, 

майдан  шебі  тамыз  айының 

аяғында ғана тұрақтанады. Жыл 

қорытындысы бойынша Германия 

біршама тактикалық жеңістерге 

жетеді, алайда қарсыластарының 

бірін  тұтасымен  басып  алып, 

соғыстан шығаруды көздеген мақсаты 

орындалмайды. Жалғыз-ақ Балқан 

бағытында ол одақтастарымен бірге 

тамаша жеңіске жетіп, Сербияны 

түгелімен басып алып, қарсыласуын 

тоқтатады.

1916 жылғы науқанда Германия 

негізгі күштерін «Батыстағы майданға» 

бұрып, Францияны толығымен 

басып алуға жұмсайды. Алайда, 

оның бұл мақсаты орындалмай, 

жыл  қорытындысы  бойынша 

қарсыластарын 750 мың адамдық 

шығынға ұшыратқанымен, өздері 

де 450 мың адамдық шығын шегіп, 

18 желтоқсанда шабуыл шағын 

ғана жеңістермен аяқталады.

Осы, 1916 жыл алыста жатқан 

қазақ даласына да нәубет әкеледі. 

Патша өзінің «Июнь жарлығымен» 

қазақ сияқты бұрын әскерге алынбай 

келген мұсылман халықтардың 19 

бен 31 жас аралығындағы жастарын 

майданның қара жұмыстарына 

алатынын  жариялағаны  мәлім. 

Соғыстың экономикалық зардапта-

рын шегіп, ет, астық, көлік сияқты 

қажеттіліктерін өтеп, күннен-күнге 

күйзеліп отырған халықтарды бұл 

жарлық қатты ширықтырғаны белгілі. 

Әсіресе, патшаның өздеріне сеніп 

қару бермей, тек құл есепті қара 

жұмыстарға салғысы келетіні де 

қатты ашындырады. Сондықтан 

бүкіл Түркістан өлкесі, соның ішінде 

қазақ даласы бұл жарлыққа қарсы 

өре түрегелді. Жетісуда Бекболат 

Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тоқаш 

Бокин,  Торғайда  Әбдіғаппар 

Жанбосынов,  Амангелді  Има-

нов, Әліби Жангелдин және т.б. 

бастаған ұйымдасқан көтерілістер 

болғанын тарихтан білеміз.

Патшаның аярлығын түсінуге 

болады,  егер  ол  түркістандық 

боздақтардың қолына қару берсе, 

өздерімен тілі, діні бір түріктердің 

жағына шығып кетуі әбден мүмкін 

еді.  Сондықтан  патша  түркі 

халықтарына қашан тақтан түсіп, 

көзі құрығанша сенім білдірмей 

келді.


Қазақ  арасында  патшаның 

жарлығына қарсы шықпауға үгіттеген 

де білімді азаматтар болды. Олар 

патша әскерінің халықты қырып 

тастауынан қорықты. Сонымен 

қатар,  Ә.Бөкейханов  бастаған, 

кейін Алаш қайраткерлері болған 

білікті азаматтар әскерге алынған 

жастардың арасына барып, олардың 

әлеуметтік жағынан қорғалуына 

ықпал етті.

1917  жыл  соғыс  тарихында 

бетбұрысқа жол ашқан жыл бол-

ды. Ресейде «Ақпан төңкерісі» 

болып, патша тақтан тайдырылды. 

Ал осы жылдың Қазан айында 

болған  төңкерістің  арқасында 

өкімет  басына  келген  больше-

виктер партиясы 15 желтоқсанда 

Германиямен уақытша келісімге 

қол қойды.

Осы жылдың сәуір айында АҚШ 

«Антанта» қатарында соғысқа енетінін 

мәлімдеді. Бұл үш жылдық соғыста 

әскери ғана емес, экономикалық 

тұрғыдан әлсіреген «төрттік одаққа» 

моральдық тұрғыдан үлкен соққы 

болды.


1917  жылдың  19  шілдесінде 

Рейхстаг қарсыластарына соғысты 

аннексиясыз тоқтату туралы бейбіт 

келісім ұсынғанымен, қатарына 

АҚШ-ты қосып алып, күшейіп 

алған  «Антанта»  оны  қабыл-

дамайды.  Бірақ  Германия  1918 

жылдың наурыз айында Ресейде 

өкімет басына келген большевиктер 

басшылығымен бұл елдің жеңілгенін 

мойындап, соғыстан шығатындығы 

туралы «Брест бітіміне» қол қояды. 

Ресейліктердің «Антанта» қатарында 

жеңіске жетуге жақындап тұрып, 

мұндай әділетсіз келісімге қол қою 

себебі – большевиктердің неміс 

капиталының  күшімен  өкімет 

басына  келгендігін  көрсетеді. 

Осыған  байланысты  Ресей 

Федерациясының  Президенті 

В.Путин 2012 жылдың 27 мау-

сымында Федерация Кеңесінде 

былай деді: «…то результат пре-

дательства тогдашнего правитель-

ства. Большевики совершили акт 

национального предательства».

Алайда, бұл басқа мақаланың 

тақырыбы  болғандықтан,  біз 

ол әңгімені осымен тұжырып, І 

дүниежүзілік соғыстың тарихын 

жалғастырайық.

Соғыстың соңғы нүктесі

Осы 1917 жылдың ортасында 

соғысты аяқтау туралы дипломатиялық 

қадамдарды Рим папасы ХV Бе-

недикт те жасап көреді, алайда 

«Антанта» оның әрекеттерін де 

қабылдамайды.

«Брест бітімін» жасап, Ресейді 

соғыстан шығарып тастаған соң 

Германия барлық күшін «Батыс 

майданға» төгіп, америкалықтар 

көмекке  жеткенше  француз 

бен ағылшын күштерін жайра-

тып тастамақ болады. Жойқын 

шабуылдардың арқасында оның 

әскерлері 40-70 шақырымға дейін 

алға басқанымен майдан шебін 

бұза алмайды. Оның үстіне «Брест 

бітімінің» арқасында қолына тиген 

Ресейдің ұлан-байтақ жеріндегі 

бас көтерулерді басу үшін әскердің 

біраз бөлігін қалдырған Германия 

қосымша күштерге де зәру болады. 

Осындай қысылтаяң жағдайда, 

яғни мамыр айында, «Антанта» 

әскеріне, АҚШ-тың тың күштері 

келіп қосылады.

Шілде-тамыз айларында «Антан-

та» әскерлері жойқын шабуылға 

шығып, Германия күштерін шегіндіре 

бастайды. 1918 жылдың қараша 

айында Франция аумағы толық 

дерлік, Бельгия толығымен жау-

дан босатылады. Осы кездерде 

италиялық  соғыс  театрында 

австра-венгриялықтар  да  тас-

талқан жеңілістерге ұшырайды. 

Балқан  таудың  бауырындағы 

соғыстарда «Антанта» Сербия, 

Албания, Черногория аумақтарын 

азат  етеді.  Осындай  жойқын 

жеңілістердің салдарынан Бол-

гария – 29 қыркүйекте, Түркия 

– 30 қазанда, Австра-Венгрия – 3 

қарашада, Германия – 11 қарашада 

тізе бүгеді. Жеңімпаздар Париж 

конференциясында бейбітшілік 

келісімін жасап, оған Германия 

Версальда 1919 жылдың 28 мау-

сымында, Австрия Сен-Жерменде, 

Болгария  Нейчкте,  Венгрия 

Трианонда, Түркия Севрде қол 

қояды.


Соғыс салдарының нәтижесінде 

Германия аумақтық тұтастығынан 

айырылады  және  репарация 

төлейтін болады. Ал жеңімпаздар 

жаңа аумақтарға қол жеткізеді. 

Соның ішінде Англия Танзанияны, 

Оңтүстік-Батыс Африканы, Иракты, 

Трансиордания мен Палестинаны 

өз билігіне алса, Бельгия Бурунди 

мен Лугандаға иелік ететін болады. 

Франция немістің «империялық 

жерлер»  деп  аталатын  Эльзас-

Лотарингияны тұтасымен және 

Сирия, Ливанды, Камерун мен 

Тогоның үлкен бөлігіне үстемдік 

жүргізетін болады. «Антантаның» 

қатарында соғысқан басқа мемле-

кеттер де жаңа аумақтар алады. 

Соның ішінде Румыния Транс-

ильвания,  Оңтүстік  Доб руджи, 

Буковина  және  Бессарабияны 

өзіне қосады. Оңтүстік славяндар 

Баната, Бачкиді қосып ала отырып, 

Словения, Хорватия, Черногори-

ямен бірге, Серб корольдігімен 

біріккен еді, артынан бұл мемлекет 

Югославия деп аталады.

Осы соғыста танктер, химиялық 

қару,  противогаз,  зенитті  және 

танкке қарсы қарулар, огнемет-

тер  алғаш  рет  қолданылады. 

Бұрынғы  соғыстарда  сирек 

болатын  ұшақтар,  пулеметтер, 

минометтер, сүңгуір қайықтар, 

торпедалық катерлер пайдаланы-

лады. Осыдан әрі авиация, танк, 

химия, әскери әуе қорғанысы, теңіз 

авиациялары сияқты жеке әскер 

түрлері енгізіледі. Инженерлік әскер 

түрі пайда болып, кавалерияның 

ықпалы азайтылады. Экономика-

да әскери салаға басымдық беру 

барлық елдерде қолға алынады. 

Мұның ақыры ІІ Дүниежүзілік 

соғысқа  жол  ашқанын  да  айта 

кеткен жөн.

Міне, І Дүниежүзілік соғыстың 

қорытындылары осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет