Мына дағдарыс жағдайында Қазақстанның ақша түрінде жиған
қоры бар ма?
Кәрім МұнаРБЕК, Семей
ған. ал мұнай және пайдалы қазбалар
өнді руден жасақталатын Ұлттық қорда –
22 миллиард доллар қалды. Ұлттық қор
қа ражатына шетел кәсіпорындары құн ды
қағаздары алынған. Қаржы нары ғын қол
дау мақсатында мұның 600 мил лиард
теңгесіне «СамұрықҚазына» әлауқат
қо ры және «Қазагро» холдингі обли га
ция лары алынған. Яғни аталған екі қор
Ұлттық қордан қарызға ақша алып отыр.
«Бта банк» қайраңда тұр
тӨлЕМ нЕгЕ тоҚтатылды?
«Бта банктің» сыртқы қарызы – 11
миллиард доллар. мұның 3 миллиардын
биыл төлеуі керек. ақпан айында «әуп»
деп акционерлер қатарына қадам басқан
сәттеақ «СамұрықҚазына» қоры кезегі
келіп тұрған қарыздың 119 миллион
долларын өтеген еді. дегенмен бірнеше
кредитор өзінің ковенант құқығын (не
гізгі акционер ауысқан кезде қарызды
мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету)
пайдалануды жөн көріпті. мұндай сыбыс
алғаш шыққанда «СамұрықҚазына»
қоры басшылары «ковенант құқығы талап
етілсе қор «Бта банкке» қолдау көрсету
ниетін қайта қарастыруы мүмкін» деп
мәлімдеген еді. Ондағысы – борыш иелері
райынан қайтып, қарызды тұтасымен емес,
төлем кестесіне сай алуды қанағат тұтар
деген үміт болатын. Бұл үміт ақталмады.
«Бта банк» басқарма төрағасы Әнуар
Сәйденов «барлық кредиторларға тең
қарау үшін негізгі қарыз бойынша төлемді
«Бта банк» сыртқы борышының өсімін ғана өтеп, негізгі
бөлігін төлеуді тоқтатты. Кезекті төлем мерзімі 20 сәуір
болғанымен банк басшылары бұл деректі тек 24 сәуірде
жария етті. ілешала Standard and Poor’s агенттігі банктің
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «D»
бағанасына дейін төмендетті. «D» дегеніміз – дефолт, яғни
қарызгер өз борышын өтей алмайды» делінген рейтинг
агенттігі таратқан баспасөз релизінде.
тоқтаттық» деп мәлімдеді. негізгі қарызды
қалдырып, өсімді ғана төлеу борышты
қайтарудың жаңа жоспары жасалғанша,
барлық кредиторлар оны мақұлдағанша
жалғаспақ.
сыРт КӨЗ нЕ дЕйді?
standar and Poor’s сарапшылары «банк
сыртқы қарызды дәл қазір түгел тө лей
алмайды. акциялардың 78 пайызы на ие
– «СамұрықҚазына» да қолдау көр сете
алмас» деген пікірде. «тәңіріфинанс»
аҚ аналитигі Сапар Баймаханов қа
зіргі жағдайды «шектеулі дефолт» деп
бағалады. мәселенің басы тез ара да
ашылмаса қаржы ұйымдары ғана емес,
Қазақстанның суверенді рейтингі де
төмендетілуі мүмкін. «Бта банкті» құтқа ра
мыз» деп кірген үкімет үшін сын сағаты ту
ды. Қосымша қаржы құю оңай емес, банк
тің қисайып қалғаны да ешкімге абырой
әкелмейді. Қазір white and Case және
Goldman sachs мамандары «Бта банктің»
активтері мен пассивтерін бағамдап, ала
ша ғы мен берешегін сараптап жатқаны
бел г ілі. Сапар Баймаханов акциялардың
50 пайыздан астамын «Сбербанк» сатып
ала рынан үмітті.
Жыл басынан бері жеке тұлғалар
де по зиті 61 миллиард теңгеге азай
ған. Бұл қазіргі айырбас бағамы
бойын ша 406 миллион доллар
мөл шерінде. Банк құра мына үкімет
кірген кезде екі аптада «750 мил
лион доллар депозит әкетілді» де
ген ақпарат жарияланып, одан кейін
сәуірде дирек торлар кеңесі төра ға
сы арман ду наев «қаржысын қай
тып әкелгендер бар, кеткен са лым
дар мөлшері 536 мил лион доллар»
деп мәлімдеді. Банк бас шы лары
іссапарда болғандықтан, са лым шы
лар реак циясына қатысты мәлімет
алу мүмкін бол мады.
ЭкОнОмИка ЖаңалыҚтары
«самұрықҚазына» қоры 2009 жылдың 2 ақпанында
«Бта банк» дауыс беруші акцияларының 78 пайызын
сатып алуға 212 миллиард теңге жұмсады. Шағын және
орта бизнесті қолдауға 22 миллиард теңге, ипотекалық
несиелерді қайта қаржыландыруға 40 миллиард теңге
бөлінді.
***
Қаржылық қадағалау агенттігінің есебінше, «Бта
банкте» 1 сәуірде жеке тұлғалардың са лым дары 216
миллиард тең ге болған. 1 қаңтардағы көрсеткіш 277
миллиард тең ге.
***
Қандай да бір банк дефолт болған жағдайда салым
дар ға кепілдік беру қоры 5 миллион теңгеге дейінгі де
по зиттерді өтеп береді. Бұдан артық қаражат банкті та
рату массасынан қайтарылады. салымдарға кепілдік бе ру
қорының қазіргі капитализациясы – 100 миллиард тең ге.
***
«Бта банктің» Ресейдегі еншілес банкі атауын «аМт
банк» деп өзгертті. директорлар кеңесі төрағасы Мұхтар
Әблязов «акциялардың 22 пайызы ғана Қазақстандағы
«Бта банкке» тиесілі, олардың ықпалы аз, сондықтан
іргемізді аулақ салғымыз келеді» депті.
анар ҚУаныШБЕКова
Орталық Азия стратегия
лық зерттеу лер институты
атқарушы директоры:
– мемлекет басқаруын
да бол ған соң ғы екі айда
банк тің қар жылық көрсет
кіштері жақсарған жоқ. Банк
тің де фолт жағдайында екені наурыз айындаақ
мәлім болған, инвесторлар со дан бері қарызымыз
қайта ма деп алаңдау лы. Банк акциялары қор
бир жасында саудаланатын жа рия компа ния
болған дықтан, дунаев және Сәй денов мыр за
лар салымшылар алдында мұны ашып айту лары
керек еді. енді «Са мұ рық Қа зына» қорынан қо
сым ша қаржы құю дың бе рері аз деп ой лай мын.
Өйткені осы уақытқа дейін өз ре сурс тарын дұ рыс
қолданып, қарызды төлеу жол ға қойыл маған соң
енді нәтиже шығары екі та лай.
айтолқын ҚұРМанова.
«Асылинвест», аналитик:
– Қазіргі жағдайды де
фолт деп жария лау ға ерте
деп ойлаймын. Өйткені банк
басшылары сыртқы қарызды
төлеу ден бас тартып отыр
ған жоқ, кре ди тор лардан
борыш ты мерзімінен бұ
рын та лап етпеуді сұрайды. Банктің өз капи талы
қазір 367 миллиард теңге мөл ше рінде. Биыл
450 миллиард теңге бо рыш төленуі керектігін
ескер сек, банк капи та лизациясын арттыру керек
немесе сырт қы қарызды төлеу шарттарын өз гер
ту қажет. негіз гі қарызды төлеуден бас тарту банк
жүйесінде құры лым дық өз герістер тудырады
деп ойламаймын. Бі рақ Қазақстанның суверенді
рейтингін түсі реді, онда банк тер дің қарызы арзан
дай ды. Бұл болашақта сыртқы нарық тан қаржы
тартуды қиындатары анық.
дамир сЕйсЕБаЕв
жЕКЕ тұлҒалаР дЕПоЗиттЕРі
Мұнай дәлізі
мұнай экспорт
тау шы елдер ұйы
мы ның (ОреС) Бас
хат шысы абдулла
әлБадри «Біз ре
сей ді
мұнайдың
әлем дік
әділетті
ба ға сын қалыптас
ты руға
көмекке
ша қы ра мыз» деп
мә лімдеді ОреСтің алжирдегі жиы нын
да.
Оның айтуынша, қазіргі баға – бар ре
лі не шамамен 50 аҚШ долла ры – мұнай
өн діруге бағыттаған инвестициялардың
қайтарымдылығын қамтамасыз ете ал
май ды. Сондықтан да Ұйым үшін мұнай
ба ғасын төменгі құны – 70 доллар, жоғар
ғы деңгейі – 90 доллар болатын баға дә
лі зін де ұстау аса маңызды болып отыр.
ресей дің бұл ұсынысқа қалай қарайтыны
әлі мәлім болған жоқ, бірақ жуырда
Венесуэла ОреС ұйымына осындай ұсы
ныспен шыққан болатын.
Бұл баға дәлізін Ұйым 20002005
жыл дар арасында ұстанған болатын. Сол
ар қы лы бағаның өсіп, не төмендеуіне бай
ла нысты мұнай өндіру көлемін қадағалап
отыр ған еді. 2006 жылдан бастап мұнай
ба ға сының тек қымбаттап отыруы бұл
дәліз ді қажетсіз қылғанымен, қазір бұл
тиімді құралға оралудың уақыты келіп
отырған тәрізді.
Қытай 1000 тонна
алтын жинады
Қазір Қытайдың жинаған таза ал
тын металының қоры 1054 тонна болып
отыр.
Бұрын Қытайдың қаражат қоры туралы
сөз болғанда онда шамамен 600 тонна
алтын бар деп есептелетін (шамамен 14
миллиард доллар). Қазір сарапшылар
Қытай алдағы уақытта да алтын сатып
алуды жалғастыра беретінін, сол арқылы
алтынвалюта қорын диверсификациялап,
оның көлемін 35 мың тоннаға жеткізуі
мүмкін екендігін айтып отыр.
Адамзат тарихында осы кезең
ге дейін 135 мың тонна алтын өн
дірілген. Оның 40 пайызы әше
кей бұйымдар жасауға, 30 пайы зы
мемлекеттік қорларда, 20 пайы
зы алтын құймалар түрінде жеке
адамдарда, 10 пайызы өнді ріс тік
техникалық мақсат тар ға пайда ла
ныл ған.
дайындаған Берік тұРҒанБЕКұлы
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет
№63 (63)
28.04.2009 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
5
?
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
өркениет
жан азығы
жаңа жоба
Көне түркі жазуын
үйренейік!
Бәйге!
«Әзірбайжан» сөзін көне түркіше
жазы ңыз.
«Білмеген ұят емес,
сұрамаған ұят»
Әзірбайжан мақалы
баку –
И -
ӘзірБайжандар
ТүБі Бір ТүрКі жұрТы
баСыЛыМ
иман
– былтыр қазақтың біртуар ұлы, ақын
Мағжан жұмабаевтың 115 жылдық
мерей тойы кіндік қаны тамған жері –
Сары томарда кең көлемде аталып өтті.
ақынның отты жырлары бірнеше кітап
болып қайтадан басылып шықты. Талай
мәдени шаралар ұйымдастырылды. Енді,
міне, «жан сөзі» кітабы ел болып оқуға
ұсынылып отыр. жақында Қызылжардағы
балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
осы шараға орайластыра, «жұлдызды
– жүзік, айды алқа ғып берейін» деген
атпен ақынның ең таңдаулы жырлары
енген, көркем безендірілген фотоальбом
шығарды. ал жалпы еліміз бойынша
акция аясында 500-ден аса іс-шара өткі-
зіледі. бұлар – поэзия күні, оқу мара-
фондары, фестивальдер, флэш-моб,
т.б. әртүрлі байқаулар. бұл шаралардың
көбі ақынның туған жері – Солтүстік
Қазақстан облысында ұйымдастырылады,
– дейді Ұлттық академиялық кітапхана
басшылары.
алаш көсемдерінің бірі Мағжанға
«халық жауы» деген қара күйе жағылып,
оның есімі тек 1989 жылы ғана ақталғаны
белгілі. Содан бері жыр жұлдызының өмірі
мен шығармашылығы біраз зерттелді. бірақ
Мағжаннан маржан тереміз
«Бір ел – бір кітап»
акциясы биыл Қазақстанда
үшінші рет өткізілейін деп
отыр. 2007 жылы осы шара
аясында абайдың қара
сөздері насихатталса, одан
кейін Мұхтар Әуезовтің
шығармашылығы
парақталды. Енді кезек
поэзия пайғамбары
Мағжан жұмабаевтың
шығармаларына келді.
ұлттық академиялық
кітапхана Мағжанның
«жан сөзі» кітабындағы
махаббат жырларын биыл
ел болып оқуға шақырып
отыр.
қызылжарлық зерттеуші зарқын Тайшыбай
әлі де ашылмаған ақтаңдақтар бар екенін
айтып отыр. аталмыш зерт теушінің жақында
«Мағжанның Қызыл жары» атты кітабы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тап-
сырысымен басылып шығыпты.
Сәуірдің 25-і күні Қазақстан жазу-
шылар одағында осы одақтың жә не
Қазақстан мұсылмандары діни бас-
қармасы мен «Көкжиек» баспасының
ұйымдастыруымен ерекше басқосу болды.
бұл адамзаттың ақырғы Пайғамбары
Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген күні
– Мәуліт мерекесіне арналған «Тәлімі
мінсіз тәлімгер» атты конференциясы
еді. Сонау Египет араб республикасы
Уақыфтар
министрлігінің
кеңесшісі
Мұхаммед Шамадан бастап, академик,
нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің ректоры Махмұд Фахми
Хижази және әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің философия және
ғылым методологиясы кафедрасының
меңгерушісі нағима байтенова, т.б.
көптеген ғалымдар баяндама жасаған
бұл жиында барлық сөз ислам діні мен
«адамзаттың ұлы ұстазы» төңірегінде
өрбіді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Күн санауы
бойынша біздің дәуіріміздің 571 жылы
20 сәуірде, ал ай тізбесі бойынша рабби-
уль-әууәл айында дүйсенбі күні туылған
екен. анасының құрсағында жатқанда
әкесі абдулла өмірден озса, алты жасында
аяулы анасы Әминадан да жетім қалады.
Туыстарының
мейіріміне
бөленген
Мұхаммед (с.ғ.с) шын мәнінде мақтаулы
азамат болып өсті. Пайғамбарымыздың
көркем мінезі жайында ол туралы жасалған
фильмде Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, бас мүфти
Әбсаттар қажы Дербісәлі мынадай тәмсіл
айтты:
Әлемге жіберілген рақым нұры
Исламға дейінгі кезеңде адамдар арасында сенімсіздік өршіп,
әлсіздер мен кедейлер құлдықтың қамытын киіп, дүниеге келген
қыз бала тірідей жерге көмілген, адамдар пұтқа табынған
заман еді. Әйтсе де бір жаратушының мейірімінен үміткер әрбір
пенде ақырғы Пайғамбардың келуін күтіп жүрді. Өйткені сол
заманға дейінгі қасиетті үш кітапта Оның бейнесі сүйіншіленген-
ді. Осындай адамзат тарихындағы арман мен аңсарға толы ол
күн Піл жылы қасиетті Мекке қаласында даруиль Маулит атты
шаңырақта әлемге таң нұры болып шуағын шашты.
– Ыстамбұлға жасаған сапарымда
Топқапы деген патшалар заманынан
қалған сарайға бардық. Сонда көр
генім – әлгі сарайдың есігінен кіргеннен
қабырғаларына түгел Пайғамбардың
(с.ғ.с) мінезқұлқы, сырсипаты жа
зыл ған екен. Соны тегіс дәптерге кө
ші ріп алдым. Ұзынырғасы мынау:
«Мұхам мед (с.ғ.с) Пайғамбарымыз
жара тылысы мен мінезі жөнінен адам
дардың ең кәмілі еді. Адамның көзі
жетпейтінді көретін, алыстағыны ести
тін өте сезімтал болған. Қимылы орта
ша болатын, жүргенде жеңіл адымдап,
тезтез жүретін. Бірақ сырттан қара
ғанда, жай жүріп бара жатқандай көрі
нетін. Ол бос сөз сөйлемейтін, әрбір
сөзі ғибрат еді».
ХХ ғасыр соңында американдық ғалым
Майкл Харт адамзат тарихында адам
баласына пайдалы іс жасаған тұлғалардың
өмір сүру тәжірибесін компьютерге сал-
ғанда, о құдірет, Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с) есімі қайта-қайта бірінші болып
шыққан. баяндамасын осылай бастаған
филология ғылымының докторы, про-
фессор, М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты, Әдебиет теориясы және
әдебиеттану методологиясы бөлімінің
меңгерушісі айгүл Ісмақова әңгімесін әрі
қарай былай сабақтады:
– Бүгін ХХІ ғасырда жер бетінде
ғылым барынша дамыды: физика, хи
мия заңдылықтары бәрі ашылды. Ен ді
осы дәуірде адамзат бірінбірі жой
мау үшін қандай жаңа интеллектуал
дық идеяны басты бағыт етіп алуымыз
керек деген сұрақ тұр алдымызда.
Осы ретте адамзатқа дұрыс жолды
нұсқап, бірінші өзі үлгі көрсеткен –
Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыз.
Біз өз тарихымызға үңілер болсақ,
сонау Күлтегін жазбаларында көк
Тәңірге құлшылық ету жайы жазылса,
әлФараби, Баласағұни еңбектері
түгел дерлік Алланың елшісіне салауат
айтумен басталып, Аллаға мінәжат
етумен аяқталады. Ұлты үшін өздерін
шейіттікке қиған алаш арыстары да
дін мәселесін қашанда ауыздарынан
тастаған емес.
баяндамашылардың бірі, филология
ғылымдарының
докторы,
М.Хайдар
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің
профессоры
Ислам
жеменей қазіргі кездегі қолдан тұлға
жасау мен жалған мадақты сынға алып,
адамзат өміріне мәңгі үлгі боларлық тұлға
тек Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар екенін
еске тағы бір салып өтті.
ақын, қоғам қайраткері. Ол «Сүй, жан
сәулем, тағы да сүй» деп ауыл-үйді
аралап, серілік құрып қана жүрген
жан емес. Міне, мен оны осы тұрғыдан
зерттедім. Мағжан – алаш көсемдері
Әлихан, ахмет, Міржақыптармен бірге
елінің бостандығы, халқының ертеңі
үшін күрескен адам. Өзге ұлттарға
қарағанда, аштықтан қазақтардың
көп қырылып жатқандығы жайлы
дабыл қаққан да осы Мағжан болатын,
– дейді ол.
Мағжан шығармаларының «бір ел –
бір кітап» акциясына таңдалып алынуы
оның өмірі мен шығармашылығының
ашылмаған жақтарын елмен қауыштыруға
септігі тимек. Қазір жастар кітап оқудан
гөрі, интернетке көп үңілетін болды.
Мағжан жұмабаевтың жырларынан гөрі
шетелдік эстрада жұлдыздарының әнде-
рін жатқа айтады. оқудан қол үзген сол
буынды «бір кітап – бір ел» акциясы
қай тадан кітапқа үңілтер деп ойлаймыз.
Себебі акция кітап оқуға ғана емес, белгілі
бір шығарма авторын одан да терең
тани түсуге мүмкіндік береді. Мағжан
жырларының ел болып оқылатындығына
жұрттан бұрын ақынның туыс-туғандары
қуанып жатыр.
Тасболат БЕКЕнОв, Мағжанның
немере інісі:
– Мағжан жырларын халық кезінде
тыйым салынған күндердің өзінде тығып
оқитын. Әке-шешем жатқа айтатын. бірақ
ол Мағжанның жырлары екендігі жайлы
ешкімге тіс жармайтын. заман солай
болды. ал қазір кейбір өлең шумақтары
жалпыұлттық ұранға айналды ғой. оның
өлеңдерін ән қылып айтып жүргендер
де көп. Кезінде «Сен сұлудың» авторы
ретінде басқа адамның аты жазылатын,
кейін ол Мағжандікі екені анықталды.
Менің әкем Сәлімжан – Мағжанның туған
інісі. ол да «жапонның шпионы» деген
жаламен сотталып, 1957 жылы ғана
ақталып шықты.
Ербақыт аМанТайұЛы,
Солтүстік Қазақстан облысы
дЕрЕК:
Бір кітапты ел болып
оқу идеясын аҚШ-тың
солтүстік-батысындағы
вашингтон штатына
қарасты Сиэтл
қаласындағы көпшілік
кітапхана ұсынған.
1998 жылы «Егер
Сиэтлдің бүкіл тұрғыны
бір кітапты оқыса»
тақырыбымен алғаш
рет акция өтті. Бұдан
соң осыған ұқсас
мәдени шаралар
Чикаго, Буффало,
рочестер қалаларында
да ұйымдастырылды.
2000 жылы Чикаго
қаласының он
мыңдаған халқы
Пулитцеров сыйлығына
лайық деп танылған
американ жазушысы
Харпер Лидің «Убить
пересмешника» атты
романын оқыды.
Испандықтар Габриэль
Гарсиа Маркестің «Сто
лет одиночества»
романын оқудан
марафон өткізді.
Қалаушылар романды
бірнеше күн бойы
үздіксіз дауыстап
оқыды. ал 2006 жылы
англия халқы жюль
верннің «вокруг света за
80 дней» атты кітабын
көп болып оқыды.
Мәриям ӘБСаТТар
Түйін
расында да бүкіл жаратылыстың
заңдылығы мен адамзаттың
міндеттері жазылған қасиетті Құран
Кәрімде 25 Пайғамбардың аты
аталса, қасиетті Хадистерде адам
атадан бастап Мұхаммедке (с.ғ.с)
дейін жер бетіне 124 мың Пайғамбар
келгендігі жайлы айтылады. ақиқаты
әрине, аллаға аян, бірақ бізге
белгілісі адамзатқа ақиқат жаршысы
болып келген алла Тағаланың соңғы
елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) – күллі
пайғамбарлардың сұлтаны және
мөрі. Конференция соңы жәкен
Омаров, С.Шаймерденов және
«Шыңғар» тобының орындауындағы
алла Тағалаға мадақ,
Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат
айтқан әндерге ұласты. Бір өкініштісі,
бұл жиыннан бірде-бір құзырлы
орын қызметкері табылмады және
Достарыңызбен бөлісу: |