атанды.
Сыздықовқа алғыс білдіреміз.
мақалаларымен танысуға болады.
шысы олжас Сүлейменов.
басылып шықты.
гісі болса керек.
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет
№63 (63)
28.04.2009 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
6
?
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
дат!
алаш-ақпарат
Асылы ОсмАн, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі,
филология ғылымының кандидаты:
Әйел теңдігін биік ұстаған,
әйелді ұлықтаған,
аялап алақанына салған
қазақтай ұлт болған емес
және болмайды да
–
«Гендерлік саясат» деген бізге
қайдан келді? сонда бізде осы
уақытқа дейін әйел теңдігі бол
маған ба? сіздің әйел ретінде осы
саясатқа көз қара сыңыз қандай?
– Батыстан құлағы көрінген нәрсенің
бәрін зерделемей, ұлттық болмысымызға,
ұлттық менталитетімізге, ұлттық мүдде-
мізге сай ма – оның анық-қанығына бар-
май, көшіріп ала береміз. Біз қай нәрсені
алсақ та, ең басты мақсатымыз қоғамдық,
ұлттық мүдде болуы керек. Батыстан
келгеннің бәрі бақ болмайды. Гендерлік
саясат бұл әйел теңдігі емес, аты айтып
тұрғандай, бұл – саясат. ал кез келген
саясаттың артында қандай да бір мүдде
болатыны анық. Бұл – өзінің билік құмар-
лығын саясаттың көлеңкесіне жа сыр ғысы
келетін әйелдердің саясаты. Өкінішке
қарай, кейбір әйелдеріміз бұл саясаттың
төркінін түсінбей жүр. Олардың түсінігінде
гендерлік саясат – билікке, саясатқа
араласу. Гендерлік саясаттың қа зақ әйел-
деріне, ұлтқа берері жоқ. Әйел теңдігін
биік ұстаған, әйелді ұлықтаған, аялап
алақанына салған қазақтай ұлт болған
емес және болмайды да. қазақ – қызға
төрден орын берген халық. Жан-тәнімен,
бүкіл болмысымен, рухымен, тілімен
қазақ, ұлттың салт-дәстүрін, тари хын
білетін, ұлттық тәрбие алған қазақ әйеліне
мұндай саясаттың қажеті жоқ. Бұл саясатты
қолдап жүргендер – ұлтын сыйламайтын
орыстанғандар. Ең бірінші, әйел отбасын-
да саясаткер болуы керек.
– «Әйелдің отбасындағы саясат
керлігі» дегенде, нені жіктеп айтар
едіңіз? сонда қазақ әйелдері мемле
кет тік саясатқа, билікке араласпауы
керек пе?
– Жүгірген аң да, ұшқан құс та тіршілік
үшін күреседі. адам баласы да солай.
Әйел басты міндеті – бала тәрбиесінен
артылып жатса, саясатпен де, ғылыммен
де айналыссын, билікке де аралассын.
Бірақ оның бала тәрбиесін екінші кезекке
қою ына қарсымын. Әйелдің отбасындағы
саясаткерлігінің рөлі шексіз. Саясат – бұл
тетік. ал әйел отбасылық саясаттың тетігін
дұрыс басқаруы керек. «Еркекті ер қыла-
тын да, ез қылатын да – әйел» деп қазақ
текке айтпаған. Әр кезде де хан да, қара
да әйелімен кеңескен. қазақ әйелі сырт
көзбен қарап, азаматының кемшілігін
байып пен айтып жеткізе білген. Балаға
әкесінің әрбір игі ісін дәріптеп, «әкеңе
айтамын» деген бір ауыз сөзбен баланы
тәртіпке шақырып, әкенің бала тәрбие-
сіндегі, отбасындағы орнын биікке көтер-
ген. ал бүгінгі әйелдер аза матының
кемшілігін жаймен айтып жеткізбейді,
оның бетіне басады. «Бұл – азаматын
сыйламау, отбасындағы саяси сауат сыз-
дық» дер едім. Егер де қазақ әйелдері
отбасындағы саясатты дұрыс жүргізсе,
жетім балалар да, үйлене сала ажырасу да
болмас еді. Әйелдің міндеті тірлік қуу,
билік қуу емес, әйелдің міндеті – бала
тәрбиелеу. ананың дұрыс тәрбиесін алған
қыз ар-намысын аяққа таптап, өмірге
некесіз сәби әкелмейді. Кейбір аналар
жаңа үйленген отбасының ажы расуына
себепкер болып жататыны – ащы шындық.
Жастарды сабырға шақырудың орнына
«менің қызымдікі дұрыс, менің ұлымдікі
дұрыс» деп ортаға от салады. Отбасын-
дағы саясаткерлігі мықты аналар өзгенің
кемшілігін іздемей, өз перзентінің кемші-
лігін айтып түсіндіріп, ақылға ша қырады.
құда-құдағимен жаулас пай ды, елдеседі.
туған-туыстың ортасына дәнекер болатын
да – әйел. «Сенің туысың ондай, менің
туысым мұндай» деп туысқанның ортасы-
на жік салатын әйелдер аз емес. Отбасын-
дағы мұндай саясатты көріп өскен қыз да,
келін де ертеңгі күні өз отбасында осындай
саясатты жалғастыруы әбден мүмкін.
Сондықтан әрбір қазақ әйелі мінез-құл-
қы мен, іс-әрекетімен келешек ұрпаққа
үлгі болуы керек.
– Қазіргі кезде отбасындағы
бала тәрбиесі ақсап тұр, мұның
себебі неде деп ойлайсыз? Ген
дерлік саясаттың бала тәрбиесіне
кері ықпалы бар ма?
– қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің
жоғалуы – сонау 1860 жылдардан бас-
тал ған ресейдің орыстандыру саясаты ның
салдары. Орыстандыру саясаты ұлттық
болмысымызды күйретті. ал гендерлік
саясат – соның жаңарған формадағы
жал ғасы. тәуелсіздік алғанымызға 17
жыл дан асса да, ұлт болып ұйымай отыр-
мыз. Ұлттығымызды тіктемей, ұлттық
тәрбиемізді тіктей алмаймыз. Гендерлік
саясат бала тәрбиесіне де, демографиялық
ахуалға да тікелей кері әсерін тигізеді.
қазіргі кезде қыздарымыз «карьера»
қуып, тұрмысқа шықпайды немесе тұр-
мыс қа шыққан күннің өзінде «бала –
аяққа тұсау» деп бала таппайды. Кейбір
қыздарымыз отбасы құрғысы келмей,
құпия жолмен бала тауып алып, жалғыз-
басты аналардың санын көбейтуде. Әкенің
қатаң мінезін көрмей, отбасында жеке
өскен бала тәрбиесінде олқылықтың орны
көрініп-ақ тұрады. ал отбасын құрып,
бала тапқан кейбір аналар бала тәрбиесін
бөгде адамдарға тапсырып қойып отыр.
Баланы өз анасындай түсініп, сезініп жақ-
сы көретін жан жоқ. Жай ғана қара пайым
мысал, екі сәби ойнап жүріп құлап қалса,
бөтен балаға жанашырлық білдіре сіз, ал
өз балаңыз үшін жаныңыз ауырады. Бұл
– табиғат заңы. Өйткені ана мен бала –
бір бүтін. Баланы анадан туылғанда кін-
дігін кесіп ажыратып алады, бірақ бұл
ажырасу сол сәтте-ақ ана сүті арқылы қай-
та жалғасады. Өкінішке қарай, ана мен
баланың қайта жалғасуы кейінгі кезде жиі
үзіліп кетіп жатыр. Осыдан келіп бала мен
ана арасында мейір болмай барады.
– Гендерлік саясатты кейбір
әйел дер отбасында «ыдысаяқты
бір күн сен, бір күн мен жууым ке
рек» деп түсінеді. Ерлеріне «менің
табысым сенің табысыңнан көп»
дегенді алға тартатын әйелдер жоқ
емес. Осы саясат еркек пен әйелдің
отбасындағы кикіл жіңінің басты
себебінің бірі бо лып жүрген жоқ
па?
– Әйелдер тек ерлеріне ғана емес,
табиғатқа да, жаратушыға да қарсы шы-
ғып жатыр. қатты айтсам, кешірсін. Бірақ
шындық – осы. шынында да, «күйеуім
ыдыс-аяқты кезектесіп жумады» деп
ажырасуға арызданып жатқандар да бар.
«Бала туылғаннан кейін әйелдерге бері-
летін декреттік демалыс еркектерге де
берілсін» деп ұсыныс көтеріп жүргендерді
көзіміз көріп жүр. Бұған не айтуға болады?
айналайындар-ау, ал еркек декреттік де-
ма лыс алып отырсын, ол қалай емізеді?
Мұны түсіну үшін көп ақылдың да керегі
жоқ қой, осыған ақылы жетпеген әйелден
не күтуге болады? Өз мүддесін құрсағынан
шыққан баласынан артық көрген анадан
не үміт, не қайыр? Бүгінде «еркектер
декреттік демалыс алып отырсын» деу-
шілер ертең «бір баланы әйел тапса, бір
баланы еркек тапсын» деуден де тайын-
байды. Ең болмағанда, құдайдан қорық-
сашы. ал табысқа келер болсақ, әйелдің
«күйеуімнен артық табамын» деуі –
әйелдің ақылсыздығы. ақылды әйел ер-
аза маттың тапқанын ұқсатып, отбасын
ұйытып отырады.
– Әйелдердің гендерлік
саясатты қолдап құлшынуына
мемлекеттік сая сат ықпал жасап
отырған жоқ па?
– Саясаттың бәрі де бір-бірімен
ұштасып жатқан дүние ғой. Әрине, мем-
лекеттік саясаттың да ықпалы бар. Бірақ
Үкімет әйелдерге «отбасымен, бала тәр-
биесі мен айналыспа, билікке, саясатқа
аралас» деп зорлап отырған жоқ қой.
«ана мен баланы қорғау туралы» заңда
ананың басты міндеті бала тәрбиесі
екендігі анық жазылып қойған. Бала ла -
рың ды кәмелет жасқа жеткізіп, бала тәр-
биесіне алаңдамайтын кезден бастап сая-
сатқа аралассаң да, көштен қал май сың.
– Қазіргі кезде спирттік ішімдік
іше тін, темекі тартатын қызкелін
шек тердің қатары өсіп келеді. мұның
себебі неде деп ойлайсыз?
– қыз-келіншектердің арақ ішіп, темекі
тартуы – бұл қасірет. Өйткені мұның бәрі
балаға беріледі, соның салдарынан ұрпақ
уланады. Бұл індет бұрын ерлерді, енді
қыз-келіншектерді баурап алды. Бұдан
құтылудың бір жолы – имандылық. Кейінгі
уақытта байқап жүргенім – ер-азамат тар-
дың қатарында имандылыққа бет бұрып,
арақ ішуден бой тасалағандардың көбей-
гендігі. Өкінішке қарай, қыз-келіншектер
Батыстан ескен желдің ығынан шыға
алмай жүр. тіпті мешітке шалбармен, кін-
дігі көрініп тұратын ашық-шашық киіммен
барады. Бірінің басында орамалы болса,
бірінің шашы желбіреп мешітке кіре
береді. тек мешітке бару имандылық емес.
Имандылықты жүрекке ұялату керек.
Кейбір қысқа ойлы қыз-келіншектер «ер-
кектерден қаламыз ба, біздің еркектерден
қай жеріміз кем» деп, індетке ұрынып
жүр. қанша тыраштанғанмен, еркек бола
алмайсың. Әйел болудың, ана болудың
алла сыйлаған бақыт екенін қыз-келін-
шектеріміз қашан ұғынар екен? ақылмен
ойлаған адамға «жәннат – ананың таба-
нының астында» деген бір ауыз сөз ана-
дан ұлы жан жоқ екендігін ұқтырмай
ма?!
– Бүгінгі қыздардың киім
киісі не, жүрістұрысына көңіліңіз
тола ма?
– Е, күрсінбеске амал жоқ, қолдан
келер шара жоқ. шіркін, бұрынғы өз ор-
нын, жөн-жосықты білетін, қайсарлығы
шыңдалған қазақ қыздары қандай
болды! Әріге бармай-ақ, кешегі Ұлы Отан
соғы сында екі бірдей қазақ қызының
Кеңес Одағының батыры атағын алуы –
бұл қазақ қыздарының үлгісі. Бүгінгі
қыздар дың киім киісіне де, жүріс-тұры-
сына да көңілім толмайды. Біреуі кіндігін
жала ңаштап алса, екіншісі тылтитып қысқа
юбка киіп алады. Оларға қарап отырып,
«ата-аналары мынадай киім киюіне неге
тыйым салмайды екен» деп ойлаймын.
шынында да, ата-аналар қайда қарап
отыр? Жандарым-ау, ертең бұл қыздардың
денсаулығы қалай болады? Бүгін тәрбиені
қолға алмасақ, ертең кеш қаламыз. Бұлай
киім киюдің, жүріс-тұрыстың дұрыс емес
екендігін жастардың санасына сіңіруіміз
керек. Бала қанша дарынды, қанша білім-
ді болғанмен, санасыз болса, ол – қайғы.
қазақ «қора тола мал бер, бесік тола бала
бер, ол балаға сана бер, сана бермесең,
ала бер» дейді. Көрдіңіз бе, «санасыз бала
керек емес» деп отыр. тілегім – алла
жастарымызға сана берсе екен.
– Бүгінгі Батыстың беріп
отырған алдыңғы қатарлы техно
логиясын, сапалы білімін жоққа
шы ға ра алмаймыз. сіздің
ойыңызша, батыс тық тәрбие
қазақ жастарына қажет пе?
– қазақ жастарына батыстық тәрбиенің
керегі жоқ. Иә, біз Батыстың үздік, алдың-
ғы қатарлы технологиясын, сапалы білімін
өз мүддемізге пайдалануымыз керек,
бірақ тәрбиесінің қажеті жоқ. Керек болса,
тәрбиені бізден үйренсін. қазір солай
болып та жатыр. Ұлттық тәрбиенің қадіріне
жете алмай отырған – өзіміз. Сол Баты-
сыңыз да, америкаңыз да қазақтың тегін
зерттеп жатыр. Бұл тектен-тек емес.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
перзентханада босанған әйелдің баласын
үш күнге дейін бауырына бермейтін. Бұл
ана мен баланың арасындағы табиғи
байланысты үзді. Бүгінгі күні америкалық
ғалым дар «бала туылысымен ананың
уызымен ауыздануы керек» деп «жаңалық
ашыпты». Бұл ешқандай да жаңалық
емес, мұны олар қазақтан біліп, үйреніп
жүр. қазақ қазақ болғалы бері жаңа туған
ба ланы анасының бауырына салып, ана-
ның уызымен ауыздандырған. қазақ тың
әлсіз баланы «туғанда уызға жары маған»
деуі де осыдан қалған. Біз өзіміздің
жақсы лығымызды уағыздамай, өзгенің
былығын уағыздаймыз. «Үстіңе екі шелек
суық су құй» дегенше, қымыздың, шұ-
баттың қа сиетін неге уағыздамаймыз?
қолда бар дың қадіріне жете алмай
отырғанымыз өкінішті.
Достарыңызбен бөлісу: