частью группы через чат и объясняет, почему он или она выбрал этот вариант для
перевода, обсуждают применение терминологии, поиск слов в определенных словарях
и т.д. Таким образом, учащиеся тщательно обдумывают и осознают различные этапы
процесса перевода. Кроме того, преподаватели могут наблюдать перевод как процесс,
могут участвовать в этом процессе, вносить коррективы и подавать новые идеи. Такие
упражнения позволяют студентам выявить проблемы процесса перевода, а также
коллективно найти пути решения данных проблем.
Подобным образом, в качестве педагогического инструмента могут быть
использованы форумы, где преподаватель дает учащимся текст на перевод, и после
выполнения задания учащиеся могут корректировать переводы друг -друга, обсуждать
спорные вопросы и приходить к общему решению. В данном случае, в отличие от
чата, у учащихся больше времени для обдумывания и правильного формулирования
переводимого текста.
Также одним из новых инструментов может послужить глоссарий, т.е.
создание списка эквивалентовили определений, который работает как словарь.
80
Преподаватель может настроить параметры таким образом, что определенные
термины будут отмечены гиперссылками, ведущими к глоссарию, где термин
появляется в текстах, используемых в виртуальном кампусе. Глоссарий не только
работает в качестве информационного инструмента, но и гарантирует качество,
стандартизирует терминологию, которая должна быть использована в определенных
текстах.
Использование данных инструментов в преподавании может помочь
преподавателю
совершенствоваться
в
учебно-образовательном
процессе,
заинтересовать учащихся и привлечь их большее количество. Применение ИКТ
позволяет нам преодолевать временные и пространственные барьеры, разрабатывать
новые методы и инструменты преподавания, обучения и оценки, сохраняя в то же
время индивидуальный подход.
Однако, для скорейшего решения данного вопроса в Казахстанских вузах
имеются проблемы. Во-первых, применение новых технологий должно быть
освоеноне только преподавателями, но и студентами, прежде чем они могут быть
применены правильно и с выгодой для всех, а это в свою очередь зависит от
технического оснащения вуза. Следовательно,использование ИКТ требует инвестиций
в персонал, оборудование, а также техническое обслуживание. С другой стороны,
необходимо изменение традиционных ролей преподавателя и обучающихся, что очень
нелегко. Прежде всего, потому, что это требует изменения сознания, поскольку
обучающиеся перестают получать готовую информацию от преподавателя, а сами
несут ответственность за получение знание и формирование своего учебного
процесса. Новая роль преподавателей заключается в том, что они перестают быть
«посредниками» между информацией и студентами, а становятся тьюторами
(наставниками или гидами). Такие изменения не всегда даются легко, и требуют
времени и терпения для адаптации.
Тем не менее, область переводоведения нуждается в разработке более
интерактивных материалов для самообучения. Большим плюсом станет переход от
привычного обучения к видеоконференциям, веб-лекциям и использованию других
визуальных ресурсов. Также мы ещё нуждаемся в разработке соответствующих
обучающих игр, которые смогут переносить студентов ближе к профессиональной
среде.
Литература:
1.
Király, D.C. 1995. Pathways to Translation. Pedagogy and Process. Kent and London: The Kent
State University Press.
2.
Richards, Sylvie L.F. 2001. "The Interactive Syllabus: A Resource-based, Constructivist
Approach
To
Learning."
The
Technology
Source,
July/August
2003.
http://ts.mivu.org/default.asp?show=article&id=1034 [accessed: 2007/09/01].
3.
Stacey, E. 2002. "Learning links online: Establishing constructivist and collaborative learning
environments". McNamara, S. and E. Stacey (eds.). 2002. Untangling the Web: Establishing Learning
Links.
Proceedings
ASET
Conference
2002.
Melbourne,
7-10
July.
http://www.aset.org.au/confs/2002/preface.html [accessed: 2007/09/01].
4.
Гузеев, В.В. Педагогическая техника в контексте образовательной технологии / В.В.
Гузеев. - М., Народное образование, 2001.
5.
Горчакова-Сибирская, М.П. Инновации в профессиональном образовании: педагогические
технологии: учеб.пособие / М.П. Горчакова-Сибирская. - М., 2001.
81
Тұрарова А.Н.
КӨРКЕМ КЕЛІСТІ АУДАРМА ЖАСАУДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ҚИЫНДЫҚТАР
Аударма - өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол
сонымен бірге халық пен халықты қауыштырады. Бейнелі сөзбен айтсақ, аудармашы -
халық пен халықты таныстырып, достастыратын дәнекер. Аудару принципі мен
аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заман озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы,
орта ғасырларда әріпшілдік, ілеспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру
дәуірінде, XVII- XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң, балама
аударма пайда болды.
Тіл морфологиялық, орфографиялық, синтаксистік ережелерге бағынады.
Аударма - қиын мәселе. Аудармаға қойылатын талап пен талғам да зор. Балама
аударма - көріксіз көшірме емес, түпнұсқаның эмоциялық жеке эстетикалық
ерекшеліктерін екінші тілде түгел мүсіндеу. Өзге тіл табиғатын, тынысын тарылтпай,
өзінің рухы мен тіршілігін өшіріп алмай, мағынасын бәсеңдетпей, өз ана тілінің
табиғатына аялап әкелу - көркем аударма деп аталады.
Аудармаға қойылатын басты талап - автордың стилистикалық өзіндігін сақтау,
яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз
саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу
керек. Аударма мамандық емес — өнер. Өнерге өмірді арнау ғанда ғана өнімді еңбек
беруге болады. Сондықтан «жүрдім-бардым» атүсті айналысу дегендер мақал-
мәтелдерді, қанатты сөздерді аудару ісін көгертпейді, аударма мәдениетін биікке
көтермейді. Бұл іске бірыңғай берілген, белсене, құлшына, жүрек әмірімен жұмылған
аудармашылар керек. Қандай сөзді болса да, кілтін тапса, қазақшаға аударуға болады.
Аударма теориясын зерттеуде кездесетін қиындықтарға тоқталар болсақ, аударма
теориясы, соның ішінде, қазақ аудармасының теориясы да - жас, жаңа ғана туып,
қалыптасу дәуірін бастан кешіріп отырған кенже ғылым. Міне, осы себептен де қазақ
аудармасының тарихы да жазылмаған. Ал «заттың тарихы жоқ жерде — заттың
теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде онық тарихы туралы тіпті сөз болуы
мүмкін емес». Өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның шекарасы мен мағынасы
туралы мүлде ұғым болмайтыны айдан анық.
Аударма өнерінің дәл өзіне арналмағанмен, ұлт тілінің тазалығын сақтау,
қазақшаға аударылған еңбектерде оқырманға түсінікті етіп жеткізу жайында" қазақ
оқымыстыларының XVIII - XIX ғасырлар мен XX ғасырдың бас кезінде айтқан
пікірлері
бар.
Қазақ
аудармасы
ұлттық
мәдениетіміздің,
әдебиетіміз
бен
публицистикамыздың құрамдас бір саласы ретінде дамып отырған кезде оның
теориясы, тарихы, жеке аударманың шеберлігі жайында келелі пікірлер айтыла
бастады, жеке авторлардың монографиялык зерттеулері, жинақтар, мақалалар
жарияланды.
Аударма қызметінің ең басты мақсаты халықтардың бір-бірімен танысып, өзара
идеялар алмасуы, соған орай, тіліміздің аясын, ақыл-ой өрісінің үлгілері бір халық
әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделеді. Аударманың тарихын сөз
еткенде оның өзі әрбір ұлттың әдебиет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан,
ізін де, дәстүрін де, даму дәрежесінің қандай сатыда болған да сол ұлттың әдебиеті
мен мәдениетінің тарихынан іздеген дұрыс. Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби
туынды - қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған үлес, ол қазақ, әдебиетінің төл
туындысымен туыстас, үзеңгілес бола алады. Аударма әдебиет жеке бір жанр емес, ол
82
- ана тіліміздегі әдебиетіміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың
ажырамас бір бөлігі.
Аударма әрқашан да адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы
әлеуметтік-экономикалық,
рухани,
ғылыми
қарым-қатынастың
алмасуы,
айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, тәжірибе-тағылым алысудың
дәнекері болады. Аударманың тарихы тереңде жатыр. Ол ой-тұжырымының, сөз
өнерінің қажетті қасиеттерін жинақтаған; қазына іспетті. Аударма өнерінің дәрежесі
тума мәдениеттің кемелденуіне әсер ете отырып, аударманың өзі де сол мәдениеттің
нақты нәтижесі, көрнекті жемісі ретінде өркендейді.
Қазақ аудармасының тарихы тереңде жатыр деп айтқанымызбен, оның тарихи
өркендеу сатысын белгілі жүйемен зерттеп, ғылыми-әдеби жағынан бір ізге, бір арнаға
түсіру қажеттілігі байқалуда. Мұның бірінші себебі: аударма теориясының зерттелуі
жиырмасыншы жылдардан қолға алынды. Сондықтан қазақ тайпалары мен халқының
әдебиетіндегі бізге жеткен шығармалардың қайсысы төл тума, қайсысы аударма
екенінің ара жігі әлі де анықталмаған.
Аударма ісімен тек кәсіби аудармашылар ғана айналыспады, бұл іспен басқа да
мамандық иелері, шетел тілдерін білетін инжинер, кітапханашылар, елшілер,
хатшылар (референттер), мұғалімдер, ақпараттық орталық мамандары да айналыса
бастады. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың
қажеттілігі туды. Ендігі жерде кәсіби аудармашыны бұрынғыдай “жекелеп оқыту” деп
аталатын әдісі бойынша даярлау қажеттігі болмай қалды. Бұрынырақ аталған әдіс
бойынша бір тәжірибелі маман бірнеше оқушыны даярлай алушы еді, осылайша оны
аудармашы шеберлігінің қыр-сырымен таныстыратын. Дүние жүзінің барлық
елдерінде аударма ісі, аудармашылар мектептері ашыла бастады. Арнайы
факультеттер университеттерде бөлімшелер тағы да басқа оқу орындары пайда болды.
Енді осыған сай оқу жоспары мен бағдарламалар жасаудың қажеттігі туындады.
Лингвистердің назарын аударма мәселесіне бұруда үлкен роль атқарған жайт-
аудармашылық қызметтің сапасы жағынан өзгеруі болатын. Әлі де болса әлем
бойынша ең көп аударылған көркем әдеби шығармалар болса да, бірінші орынға сан
жағынан да, сапа жағынан да көркем-әдеби емес ақпараттық аудармалар шықты.
Оларға ғылыми-техникалық, қоғамдық–саяси, экономикалық, заң ісіне байланысты
аудармаларды
жатқызуға
болады.
Егер
көркем
шығармаларды
аударуда
аудармашылық ең негізгі мәселесі (пороблемасы) түпнұсқаның әдеби-эстетикалық
көркемдігінің және автордың өзіне ғана тән ерекшелігін сақтап аудару болса,
ақпараттық аудармада қиындықтар кездесті, атап айтқанда қиындықтар лингвистика
жағынан болды.
Бұл жерде аударылған мәтіндер жиі жасырын түрде аударылды, жалпы
стандарттық тілде жазылды, жеке авторлық ерекшеліктері ескерілмеді, аударма
мәселелері негізінен екі тілдің бірлігіндегі ерекшеліктері мен маңыздылығы жағынан
анықталды. Егер аударма ісі қызметіндегі өзгерістер лингвистердің назарын өзіне
аудара қоймаса, тіл білімінің дамуы аударма ісін өз шеңберіндегі іске қосты.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында лингвистика өзінің ғылыми бағытын түп
тамырымен өзгертті. Формальды тіл құрылымын оқып үйренуде үлкен жетістікке
жеткен лингвистер өздерінің зерттеу обьектілерінің аясын едәуір кеңітті, бұған
макролингвистиканың біраз мәселелерін қосты, бұл ретте бірсыпыра фундаментальды
сұрақтар қаралды, тілдің қоғаммен байланысы, ойлау мен әрекет, лингвистикалық
және экстралингвистикалық аспектілер ұйымдастыру тәсілдері мен адамзаттың
қоғамға ақпаратты беру т.б. Тіл туралы ғылымда маңызды орын алған мәтін мен
ауызекі сөйлесу құрылымының мазмұнын зерттеу жұмысы болды. Бірсыпыра жаңа
83
лингвистикалық пәндер тізбегі бой көтерді. Атап айтқанда, психолингвистика,
социолингвистика, рагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, сөйлеу әрекетінің
теориясы, когнитивті лингвистика т.б.
Тілшілердің қарастыратын зерттеу әдістерінде тілдік бірліктің көмегімен ақпарат
алмасудың қалай іске асатындығы, сөйлеу әрекетінің (актісінің) дәлдігі, түрлі
жағдайдағы қарым-қатынас дәлдігі қарастырылған. Мұндай лингвистикалық жолмен
аударма ісін оқып үйрену мүмкіндіктерінің едәуір өзгергенін көрсетті.
Аударма ісін оқып үйренуде тілшілер тек лингвистика теориясының қомақты
үлес қосатынын біліп қана қоймады, керісінше аударманың да лингвистикаға
соншалықты үлес қосатынын анықтады. Аудармалар тіл туралы өте құнды ақпарат
көзі болды, тіл аударма ісінде маңызды роль атқарды.
Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр,
сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті
теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік
бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған
байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске
асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде
назардан тыс қалып қоятын.
Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе
машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын
электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық
аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының
орнын басты. Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды
аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды.
Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа
дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш
қиындықсыз атқарады деген сенім болды. Алайда уақыт өте келе машинамен
аударылған аудармалардың негізгі мәселелері оның есте сақтау қабілетімен
байланысты емес екендігі анықталды.
Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам
сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам
аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады,
өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді.
Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің
назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден
машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалы машиналар кез келген мәтінде адам сияқты
өте сапалы және мазмұнды аудара алмайды. Оның үстіне машинамен аудара тек үш
жағдайда ғана жүзеге асады. Біріншіден, бағдарлама тек өте қысқа мәтінді аударуға
жасалады, стандартты формада, оның өзі лексикалық және грамматикалық құрамы
шектелген мәтіндер. Екіншіден, машина үлкен көлемді мәтіндерді сапасыз аударып
береді, содан кейін бұл мәтіндердің көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін және
сапалы да нақты аударма беру үшін аудармашыға қайтадан жұмыс істеуге тура келеді.
Үшіншіден, бұл жұмысқа редактор қосылады, ол мәтінді аудармаға дайындайды,
машинаға қиындық келтіретін жерлерін өңдейді, немесе машина аударған аударманың
қатесін жөндейді, нақты емес жерлерін түзетеді.
Әлемдік аударма жүйесіне қазақ тілі енгізілу керек. Ұшан-теңіз ғаламтор
жүйесінде қазақ тіліндегі сапалы, мазмұнды контент әлі де болса аз. Бүгінде ғылым
84
тілі болып саналатып – орыс, ағылшын, өзге де тілдерден ана тілімізге тікелей аударма
жасап беретін онлайн-аудару жүйесі тіптен жоқ.
Осы олқылықтың орнын толтыру және қазақ тіліндегі контенттің мазмұнын
байыту мақсатында «Wikibilim» қоғамдық қоры ҚР Президенті Әкімшілігінің
қолдауымен, «Google» компаниясының техникалық жәрдемімен және «Кар-Тел»
компаниясының серіктестігімен «GoogleTranslate+Kazakh» жобасын қолға алған.
«GoogleTranslate» - мәтін бөлігін немесе веб-бетті автоматты түрде аударуға арналған
компанияның тегін веб-қызметі. Ол бір сөзден бастап көлемді мақалаға дейін аударма
жасап бере алады. Немесе өзге тілдегі веб-сайтты оқығыңыз келсе, бірақ ол тілді
білмесеңіз, өзіңіз білетін тілді таңдай отырып, сол тілде оқуға мүмкіндік береді. Бұл
аударма машинасының жадында 64 тіл бар, ал қазақ тілі 65-і (ешкім алдымызды орап
кетпесе) болып енгізілмек. Ол үшін жүйеге қазақ тіліне аударылған мәтіннің үлкен
көлемі жүктелуі шарт. Сонда аталмыш тілдердің кез келгенінен қазақ тіліне тікелей
аударма жасауға болады.
Мұндағы мақсат әлемдік аударма жүйесіне қазақ тілін қосу. Бұл жобаға тілге,
ұлтқа жанашыр адамдар, жастар жабылып жүзеге асыратын шаруа деп білеміз.
тілдердің ережелері және ерекшеліктерімен таныс. Қазақ тіліне қауым болып
жабылып, түрлі тілдерден аударылған өте көп материал салуымыз керек екен.
Аудармамен айналысатын университет пен институттар да ашылды, болашақ
аудармашыларды дайындаумен шет тілдері факультетінің оқытушылары ат салысты,
филологтар мен лингвистер де қалыс қалған жоқ. Өйткені олар ең алдымен
аудармашылық қызметтің теориялық басымдылығын ойлау керек екенін түсінді және
осы жағдайды өздерінің ғылыми әдіс-тәсілдерімен шешуге тырысады. Қорыта
айтқанда аудармашылық қызметтің бұрын-сонды болмаған аясының кеңеюі және
кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма мәселесіне жаңаша
көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етеді.
Әдебиет:
1. Ү. Жапар. Әлемдік аударма жүйесіне қазақ тілі енгізіледі. Айқын. Қараша, 2012ж.
2. Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. 2010ж.
Динаева Б.Б.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ АУДАРМА ЖАСАУҒА ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАР
ДАЙЫНДАУҒА ІС ЖҮЗІНДЕ МАШЫҚТАНУ
Қазіргі кезеңдегі аударма ісінің басты парызының бірі – ресми-іскерлік тілдің,
ғылым мен техниканың және саясат тілін заман талабына сай қазақ тілінде сөйлету,
аударманың әлеуетін пайдаланып, қазақ тілінің табиғатына нұқсан келтірмей, оның
үздік үлгілерін жасау. Ол үшін аударма үдерісін ғылыми жолға қоюды қолға алу
қажет. Осыған орай, соңғы уақытта отандық және қазақ тіл білімінде аударма
ғылымын зерттеу үздіксіз даму үстінде.
Аударматанудың, ғалымдардың көрсетуінше, 10 аспектісі бар. Соның ішінде
қолданбалы аударматануға айрықша мән беріледі. Өйткені қолданбалы аударматану
тікелей аударма жүйесін қамтамасыз етуді көздейді. Мұның негізгі міндеті –
85
аудармашыларға арнап әртүрлі көмекші құралдар түзу, оларды жетілдіру. Мысалы,
аудармашыға арналған әртүрлі анықтамалықтар, лингвоелтанулық сөздіктер, көптілді
сөздіктер.
Аударманы адамзат тарихындағы ең көне еңбек түрінің бірі деуге болады.
Қоғамның даму барысында тілдері бір-біріне ұқсамайтын топтар пайда болған күннен
бастап олардың өзара араласуына көмектесетін тілмаштар пайда бола бастады.
Аударманың түрлері өте көп, мысалы, авторлық аударма, аннотациялық аударма,
еркін аударма, ілеспе аударма, тарихи аударма, компьютерлік аударма, ресми аударма,
т.с.с.
Аударма теориясының негіздерін білмей, аударма жасау мүмкін емес. Аударма
үдерісі аудармашының бастапқы тілде берілген мәтінді зерделей отырып, басқа бір
тілде құрастырылған аударма мәтінін, яғни өз мәтінін құрастыруы бойынша іс-
әрекетін білдіреді. Аударма үдерісі кем дегенде екі кезеңнен тұрады:
-аудармашының түпнұсқа мазмұнын түсінуі;
-аударма жасау нұсқасын таңдауы.
Осы екі кезең нәтижесінде түпнұсқа мәтіннен аударма мәтінге ауысу жүзеге
асырылады. Бұл ретте аудармашының әрекеттері көбінесе интуитивті сипатта болады,
ол аударманың белгілі бір нұсқасын таңдау кезінде қандай талаптарды басшылыққа
алғанын өзі де біле бермейді. Дегенмен, бұл осындай таңдау кездейсоқ деген сөз емес.
Аударма теориясы осындай түпнұсқадан аудармаға ауысудың қалай өтетіндігін, оның
негізінде қандай заңдылықтар жатқандығын анықтауға тырысады.
Аударма үдерісі, ең алдымен, аудармашының санасында өтетін болғандықтан,
оны тікелей бақылау немесе зерттеу мүмкін емес. Сондықтан аударма үдерісін зерттеу
жанама әдістермен, әртүрлі теориялық модельдер көмегімен жүзеге асырылады.
Аударма моделі дегеніміз – аудармашының түпнұсқаны немесе оның бір бөлігін, жазу
не сөйлеу бірліктерін аудару кезінде орындайтын ойлау үдерістерін шартты түрде
сипаттау. Аударма үдерісі әрқашанда шартты сипатта болады, себебі ол
аудармашының нақты іс-әрекеттерін сипаттай алмайды. Сондықтан кез келген мәтінді
аударуға мүмкіндік беретін белгілі бір дайын модель жасауға болады деп айта
алмаймыз. Сонымен аударма неден басталады? Ең алдымен, жоспар жасалады, әрине,
тағы да шартты түрде.
Жоспар – аударманың ең маңызды бөлігі. Бұл кез келген басқа әрекет сияқты
уақытты қажет етеді. Аудармашы белгілі бір уақыт мерзімі басында белгілі бір тілде
берілген ақпаратты (оқу немесе тыңдау арқылы) қабылдап алады да, осы уақыт
соңында басқа тілде құрастырылған (яғни жазылған немесе айтылған) жаңа ақпаратты
береді. Осы әрекетті, яғни ақпаратты бір тілде қабыл алып, басқа тілде қалыптастыру
аударма үдерісінің бір жауапты кезеңі деп айтуға болады. Енді ойланып көрелікші, біз
өзіміз белгілі бір тілде қабылдаған мәліметті басқа тілде қайта қалыптастыру үшін
нені пайдалана аламыз? Әрине, өз түсінігімізді, білімімізді пайдаланамыз, демек
аударма жасау үшін біз тыңдау немесе оқу барысында қабылдап алған мәліметті
түсінуіміз керек. Бұл біріншіден.
Ал, екіншіден, жаңағы өзіміз түсініп қабылдаған мәліметті түпнұсқа тілінен
өзгеше өзіне тән заңдылықтары бар басқа тіл арқылы, басқа шартты белгілер жүйесі
көмегімен жеткізуіміз керек. Мысалы, тұрақты сөз тіркестері: аузынан түсіп
қалғандай (как две капли воды), ауызбен орақ ору (молоть языком), бүйректен
сирақ шығару (поставить ног на голову), қасқалдақтың қанындай (как птичье
молоко), ни аза не знать (әліпті таяқ деп білмеу), кусать себе локти (бармағын
тістеу), показать где раки зимуют (екі аяғын бір етікке тығу), мухи не обидит
(қой аузынан шөп алмас) және мақал-мәтелдер: Ағама жеңгем сай (Два сапога
86
пара), Мезгілі жетсе, мұз да ерір (Всему свое время), Сезікті секіреді (На воре
шапка горит) т.б.
Бұл тізімді әлі де жалғастыра беруге болады. Егер біз осы берілген тілдік
бірліктерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, бастапқы мағынаны жеткізе алмас едік. Ал
аударма мағыналы болу үшін бастапқы мәтінді дұрыс түсініп, оны қазақ тілі мен орыс
тілі заңдылықтарының өзгешеліктерін ескере отырып аудару керек. Міне, аударманың
екінші кезеңінде тіл нысандары ауысып қана қоймай, түсінген мәліметті жадыда
сақтап, нәтижесінде автордың ойы аудармашының ойына айналады, енді аудармашы
оны өз тілінде береді.
Жадыға сақтау барысында біз мәтінді әуелі қандай мазмұнды бөліктерден
тұратындығын, олардың бір-бірімен қалай байланысып отырғандығын анықтай
отырып талдаймыз, сонан соң өз білімімізді пайдалана отырып, оны жаңа мәтін
ретінде қайта қалыптастырамыз.
Сонымен аудармашыға мынадай талаптар қойылуы керек:
1) аударылатын мәтіннің мазмұнын түсіне білуі;
2) түпнұсқа тілін және аударма жасалатын тілді жетік дәрежеде білуі;
3) аударма барысында жалпы қолданыстағы сөз саптау нысандарын қолдана
білуі;
4) сөзбе-сөз аударма жасауды болдырмауы тиіс.
Аударма стратегиясының негізінде жатқан бірнеше қағидаттарды қарастыратын
болсақ, оларды аудармашы жұмыс барысында кейде саналы, кейде ойланбастан
ұстанады. Олар өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, дегенмен әрбір нақты жағдайда
әртүрлі әдіспен жүзеге асырылады. Ең алдымен, аударма үдерісінің алдында оның
түпнұсқасын ұғыну жүзеге асырылатындығы түсінікті. Әрине, ұғыну да әртүрлі
дәрежеде болуы мүмкін ғой. Сондықтан біз «нені түсінсек, соны аударамыз».
Аудармашының стратегиясын белгілейтін екінші қағидат, әдетте, «сөзбе-сөз
емес, мазмұнын аудар» деген талап ретінде тұжырымдалады және түпнұсқа нысанын
көзсіз аударуға жол берілмейді.
Аударма стратегиясының үшінші қағидаты аударылатын мәтіннің маңызды
және маңызды емес элементтерін ажырату болып табылады, бұл қағидат негізінен
ілеспе аударма кезінде сақталады. Ілеспе аударма барысында аудармашы мәтіннің
маңыздылық дәрежесі жоғары бөлігін егжей-тегжейлі жеткізу мақсатында маңызы
төмен деп есептеген бөлігін кейде назарға алмауы да мүмкін. Осы ретте мәтін
мазмұнының маңыздылығын дәл анықтай білу үлкен кәсіби шеберлікті қажет ететіні
анық. Аударманың тағы бір жазылмаған заңдылығының бірі – аударылатын тілдің
заңдылықтары толығымен сақталуы тиіс.
Енді аударманың кейбір кеңінен тараған әдістеріне тоқтала кетейік.
1. Ауыстыру әдісінде түпнұсқадағы сөз не сөз тіркесі аудармада дәл сол
орнында сол сөздің жанында тұрмауы мүмкін, яғни сөз бірлігі сөйлемнің басқа
жерінде басқа сөздің жанында болуы мүмкін. Мысалы, Заместитель директора по
экономике
–
Директордың
экономика
жөніндегі
орынбасары
(Орынбасар
директордың бойынша экономика деп аудармаймыз, әрине). Перечень конкретных
видов геологоразведочных работ, являющихся составной частью основной
деятельности, их объем и стоимость должны определяться в Годовых программах
работ – Негізгі қызметтің құрамдас бөлігі болып табылатын геологиялық барлау
жұмыстарының нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны Жылдық жұмыс
бағдарламасында белгіленуі тиіс. Ауыстыру әдісі арқылы орыс тіліндегі қайталанатын
сөздерді қазақ тілінде синоним сөздермен ауыстыруға да болады. Мысалы:
87
Информация по исполнению пунктов 4.6 и 4.7 Протокола рабочей встречи
казахстанско-российской Межправительственной комиссии по экономическому
сотрудничеству – Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастық жөніндегі
Үкіметаралық комиссиясы жұмыс кездесуі хаттамасының 4.6 және 4.7-
тармақтарының орындалуы жайлы ақпарат. Осы сөйлемдегі орыс тіліндегі по
предлогін қазақ тілінде бірде жөнінде, бірде жайлы, ал кейде бойынша деген
сөздермен ауыстыруға болады
2. Лексикалық толықтыру әдісі түпнұсқада ашылмағын көптеген мәтін
бөліктері қосымша лексикалық брліктер көмегімен жеткізілуі мүмкін. Мысалы,
Договор был объявлен недействительным – Шарт жарамсыз деп жарияланған
болатын деген аудармада деп көмекші етістігін байланыстырушы тілдік бірлік ретінде
пайдаланамыз.
3. Сөз қалдырып кету әдісі толықтыру әдісіне қарама-қайшы, аударма
барысында семантикалық артық сөздерді қалдырып кетуге жол береді. Мысалы,
Сгорание – это процесс соединения горючего с кислородом содержащимся в воздухе –
Жану – бұл отынның ауадағы оттегімен қосылу үдерісі.
Сонымен аударма кезінде біз өзіміздің тілді меңгеруімізге қарай тіл
байлығымызды, сөздік қорымызды қолданамыз. Ал ол енді жеткіліксіз болған
жағдайда сөздіктер мен анықтамалықтарды, басқа да көмекші құралдарды
пайдаланамыз. Аудармашы сөздікте берілген сөздің бірнеше аудармасының ішінен
мазмұны бойынша қайсысының сәйкес келетіндігін талдап көреді де, біреуін таңдап
алады. Сөздікпен жұмыс жасау техникасы аударма барысындағы аудармашы
әрекеттерінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Табылған сөз берілген мәтінді
аудару үшін тікелей пайдалануға жараса, онда ешбір қиындық болмайды. Ал енді
сөздікте осындай аударма нұсқасы табылмағын жағдайда аудармашы сөздіктегі
нұсқаларды салыстыра отырып, аударылатын сөздің жалпы мағынасын беретін
нұсқаны іздейді. Мысалы, аудармашыға мынадай сөйлемді аудару қажет делік:
Дополнение к Соглашению – әдетте осы сөз тіркесі Келісімнің Қосымшасы деп
аударылады, ал Приложение к Дополнению к Соглашению заключенному по проекту
Карачиганак деген контексте – Қарашығанақ жобасы бойынша жасалған Келісімге
енгізілген Толықтырудың (осы терминнің өзі кейде Қосымша деп те аударылады)
Қосымшасы.
Әрине, сөздіктегі аударма бастапқы нұсқа ретінде қарастырылады. Сөздің
мазмұнын барынша дәл беретін аудармасын табу аударма үдерісінің аса маңызды
шығармашылық сәті болып табылады. Сөйлемнің дәл аудармасын табу, оны дұрыс
құрастыруды мынадай мысалдардан да көруге болады.
1) На заседание Совета директоров был вынесен вопрос об увелечении
уставного фонда капитала Общества и количества простых акций.
Директорлар кеңесінің мәжілісіне Қоғамның жарғылық капиталын және
жай акциялары санын ұлғайту мәселесі шығарылған болатын.
2) Вопрос об увеличение уставного капитала Общества и количества простых
акций был вынесен на заседание Совета директоров.
Қоғамның жарғылық капиталын және жай акциялары санын арттыру
мәселесі Директорлар кеңесінің мәжілісіне шығарылған болатын.
Аударма жасау барысында сөздіктермен қатар нормативтік-құқықтық актілер
қорын пайдалануға да болады. Осы орайда айта кететін жайт, заң, қаулы атауларын
аудару кезінде мынадай қалыптасқан тәртіп бар. Ең алдымен, тырнақша ішінде заң,
қаулы атауы, содан кейін оны кім, қашан қабылдағаны, сонан соң нөмірі көрсетіледі.
88
Мысалы, «Монополия субъектілеріне қатысты мәселелер туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 358 қаулысы.
ПРК № 72 от 27 февраля 2002 года «Вопросы Министерства транспорта и
коммуникаций» – «Көлік және коммуникация министрлігі мәселелері туралы» ҚРҮ
2002 жылғы 27 ақпандағы № 72 қаулысы.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, біз аударма
жасау үшін ең алдымен мәтінді оқимыз, оның мазмұнын ұғынамыз, сонан соң өзімізге
белгілі болған әдістерді, сөздіктерді, анықтамалықтарды қолдана отырып аударамыз.
Ал енді аударма сапасын қалай анықтаймыз деген сұрақ туындайды.
Аудармаға қойылатын негізгі талаптар мынадай (олар өте көп, біз тек кейбірін ғана
атап өтеміз):
- аударма түпнұсқа мәтіннің мазмұнын толық беруі тиіс;
- аударманың баяндау стилі мен тәсілі түпнұсқадағыдай болуы керек;
- аударма түпнұсқа сияқты жеңіл оқылуы тиіс.
Осындай талаптардың орындалуын тексеру талдау болып табылады. Жоспар
құрудың өзі талдау әдісі болып табылады. Әрине, тәжірибелі аудармашы жұмыс
барысында алдын-ала оқып, жадына түйген, түпнұсқада берілген мәтіннің өзін жоспар
ретінде пайдаланады.
Жоғары сапалы аударманы қамтамасыз ету үшін аудармашы аударма мәтінін
түпнұсқамен салыстыра білуі, мүмкін болатын қателіктерді бағалауы және жіктеуі,
қажетті түзетулерді енгізе білуі тиіс. Егер аудармашы қандай да болмасын, талаптарды
орындауға міндетті болса, онда оның жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде осы
талаптардың қаншалықты орындалғандығы ескеріледі. Аударманың сапасына
қойылатын талаптар аударма нормасы деп аталады. Аударма сапасы оның аударма
нормаларына сәйкестігімен анықталады.
Аударма
сапасы
аударма
мәтін
мен
түпнұсқа
мәтіннің
мазмұны,
стилистикалық ұқсастығы бойынша да бағаланады. Әрине, түрлі аударманы бағалау
көрсеткіштері де әрқалай болады. Мысалы, көркем шығарманың аудармасы оның
әдеби құндылығымен, техникалық және ресми аударма терминологиялық дәлдігімен,
ал жарнама аудармасы оның әсерлілігімен бағаланады.
Аудармашы құжатты аударып болған соң, оны міндетті түрде басынан аяғына
дейін мұқият тексеріп шығуы және әзірленген құжатта қолданылған мәліметтің
дәлдігіне аса көңіл бөлуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет
қолданылмағаны жөн. Құжатта көрсетілген мекеменің аты, деректемелері, мекеме
басшысының аты-жөні, лауазымы анық, сауатты жазылуы қажет. Құжаттағы сандық
мәліметтер, уақыт көрсеткіштері қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.
Құжаттағы ақпаратты тексеруді бірнеше түрде жеткізуге болады. Олар мыналар:
1. техникалық – мұнда қате жазылған сөздер, дұрыс қойылмаған тыныс
белгілері, дұрыс түспеген әріп қателері т.б. тексеріледі;
2. заңдық – құжат мазмұнының қолданыстағы заңдарға және құқықтық
нормаларға сәйкестігі тексеріледі;
3. қаржы-экономикалық – құжатта көрсетілген қаржы-экономикалық
есептердің дұрыстығы тексеріліп, олардың тиімділік дәрежесі бағаланады;
4. статистикалық – құжаттағы статистикалық мәліметтердің өзектілігі мен
ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі;
5. құпиялылық – құжат мазмұнында жариялылығы шектеулі мағлұматтың
немесе мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпия болып есептелетін мәліметтердің
көрсетілмеуі тексеріледі;
89
6. ақпараттық – құжатты алушының мекенжайы, деректемелері сияқты
мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі.
Сонымен қорыта айтқанда, аударма мәтіні өзінің мазмұны бойынша
түпнұсқаға барынша жақын болуы, түпнұсқаны толығымен немесе ішінара
ауыстыруға лайық болуы аударманың негізгі мақсаты болып табылатындығын аудару
барысында ескеруді ұмытпауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |