Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Жуырда ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата06.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#7922
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Жуырда ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің 

ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Нәзікен Алпамысқызымен 

студент жастар

рды

дың 

ң ке

кезд

здес

есу 

у

ке

кеші

ші б

бол

олып

ып ө

ө

тт

тті.

Нә

Нә



зі

зіке


кен

н

Ал



Ал-

па мысқызы – 

білім нің  қара 

ш а   ң ы р а ғ ы 

Қ а з Ұ У - д ы ң 

мақ тан тұтар 

т ү   л е к   т е р і н і ң 

бірі. Экономика 

факультетін та-

мам даған  бел-

гі лі ғалым әрі 

бі

б лі



лі

кт

кті



і

ұс

ұс



та

таз 


з 

шы ғар ма шылығы ж

жыр

ырсү


сү

йе

йер



р

қа

қауы



уы

мғ

мға 



а

етене таныс. Ақынмен кездесуді жүргізген 

жур 

налистика факультетінің деканы, 



филология ғылымының докторы, про фес-

сор Өмірхан Әбдиманұлы: «Поэзияның 

құ

қ діре


р

ті – шын


ыншылдығында. Нәзікен Алпа-

мы

мысқ



сқыз

ыз

ы



ы жы

жы

рл



рлар

арын


ының

ы  құндылығы да 

сонда», – деп пікір білдірді. Терең фило со-

фия, өмір таным иесінің «Күрделі дейді 

адамды», «Алма бақ», «Өрлеудің жолы 

мың тармақ», «Асылдар», «Шөлдеді 

көзім», «Ақын тағдыры – Мағжанға» т.б. 

өлеңдерін  фи ло  логия жән

не

е

әдебиеттану,



у  

әл

әлем



ем тілдері фа 

культетінің ақ

қ

ын

ынжа



жанд

нды


ы

студенттері нақышына келтіре оқыды. 

Ақынның жырларына нәзіктік пен сыр-

шылдық тән. Өлең өлкесіне кештеу келсе

де, талант иесінің жырлары жүректен шы-

ғып  жү


жүр

рект


ктер

ер

ге



ге ж

жет


етті

ті.. «Б


«Біз

із б


бал

ала кезден

ақын

н

, жа



жазу

зушы


шы ссый

ыйл


лаға

ға

н



н аз

азам


амат

атпы


пы

з

з. Олар-



дың шығармаларын іздеп жүріп оқи тын-

быз. Мен Нәзікен Алпамысқызымен бір

топта оқыдым. Оның бірінші ерекшелігі –

талант тылығында;  екіншіден,  еңбекқор;

үш

үш

ін



н

ші

ш



ден, жеке тұлға ретінде кө

өрі


ріне

неті


ті

н»

н ,



,

– де



деге

ген белгілі ғалым, экономика

ка ғғыл

ылы 


ы 

мы

мы-



-

ның докторы, профессор Сағындық

Сатыбал 

дыұлы студенттік жылдардың

қызық ты  сәттерімен бөлісті.

Қазақстан  Жазушылар одағының мү-

шесі, Ха

Халы


лықа

қ

ралық «Ала



аш» әдеби сыйлы-

ғы ның


ың и

и

ег



ег

ер

ер



і

і Нә


Нәзі

зіке


кен

н Ал


Алпа

па

мы



мы

сқ

сқыз



ы ының

«Шы рағ дан», «Күрең шетен» «Қарлығаш»,

«Қыз ғұмыр – жыр  ғұмыр» атты жыр

кітаптарын оқыр ман жылы қабылдаған.

Биыл «Жар қырап аспанымда күн тұрғанда»

деп ата ла тын жаңа жинағы жарық көрді.



Әйгерім ӘЛІМБЕКО

О

ВА

й

Абай



ОМАОМА

РОВ (коллаж)



№195 (1106) 

7.11.2013 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

ДАТ!

– Нұржан Арыстанбекұлы, 

әңгімеміздің басын ОҚО Ішкі саясат 

басқармасы жанынан құрылған 

«Әлеуметтік бастамалар орталы-

ғы нан» бастасақ... Біздің білуіміз-

ше, мұндай орталықтар әзірге өзге 

өңірлерде жоқ көрінеді. 

– Әлеуметтік бастамалар орталығы 

2011 жылдың 4 қазанында Оңтүстік Қа-

зақстан облысы әкімінің қолдауымен құ-

рыл ды. Содан бері жүйелі түрде жұмыс 

жасап келеміз. Қазақстан әлемдегі жер 

аума ғы жағынан 9-ыншы орынды иемде-

нетін алып ел екенін жақсы білесіз. Менің-

ше, осындай алпауыт мемлекетте өмір сүріп 

жатқан кез келген азаматымыз өзін өте 

бақытты адам деп есептеуі керек. Бірақ сол 

бақытқа жеткізбейтін, іштен алауыздық 

туғызатын жағдайлар да жетерлік. Мысалы, 

біздің кең-байтақ, шұрайлы жерімізге сырт 

көздің бәрі достық көзқараспен қарайды 

деп айта аласыз ба?   Жоқ. Тіпті кейбір саяси 

сыртқы күштер елімізде тұратын 140-қа 

жуық диаспора өкілдерінің өзара достығын, 

тату-тәтті мәміледе өмір сүріп жатқанын 

көре алмауы мүмкін. Бұл көреалмаушылық 

неше түрлі қитұрқы әрекеттерге себеп 

болады. Мәселен, олар жанашыр адам 

ретінде іші-бауырымызға еніп, саяси мақ-

сат ты көздеген арандатушылыққа барма-

сына кім кепіл? Ұлттар арасына іріткі салып, 

айрандай ұйып отырған елдігімізге қауіп 

төндірсе, тәуелсіздікті сақтап қалу да 

қиынға түспек. Бүгінгі таңда әлемдегі болып 

жатқан қақтығыстарға назар салыңызшы... 

Жалпы, бүлік атаулының басым көпшілігі 

жоғарыдағы айтып кеткен себептерден 

туындап отыр. Әрдайым Елбасымыздың өзі 

қауіпсіздігімізді жоғары деңгейде қамта-

масыз ету үшін Үкіметке, жергілікті атқару-

шы органдарға, уәкілетті органдарға нақты 

тапсырмалар беріп отырады. Осыдан-ақ 

біздің келешегіміз тыныштық пен татулықта 

екенін түсінесіз. Тыныштық болған жерде 

білім де, ғылым да, өркениет те дамитыны 

анық. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі 

А.Мырзахметов осындай жайттарды ескере 

келе, «Әлеуметтік бастамалар орталығын»  

құруды жөн деп тапты. Менің ойымша, 

мұндай орталықтар тек ОҚО-да ғана шек-

теліп қалмауы керек. 

– Саясатта сыртқы күштер 

әсерінің бірнеше түрі бар. Бүгінгі 

Қазақстанға қарасаңыз, біздің 

елдік идеологияны сырттан келетін 

діни идеологияның мысы басып 

бара жатқан сияқты.  

– Әрине, мұндай пікірлер айтылып жүр. 

Біз қашан жат ағымдарға шектеу қойма-

йынша, ондай ойлар айтыла береді. Сол 

себепті де ортамызға іріткі салатын діни 

ұйымдармен күресті бір сәтке болсын сая-

быр сытпау қажет. Біздің орталық облысы-

мыздағы діни тұрақтылықты қамтамасыз 

ету жолында өз әлетінше нақты жұмыстар 

атқарып келеді. Бірақ та сіз бұл орталықты 

бір ғана облыс деңгейінде жұмыс жасап 

жатыр деп тар ауқыммен ойламаңыз. 

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан 

халқының 15-20 пайыздан астамы шоғыр-

ланған. Бұл өңірде 3 млн-ға жуық халық, 

шамамен 578 мыңдай отбасы өмір сүріп 

жатыр. Оның 90 пайыздан астамы өзіміздің 

мұсылмандар. Яғни осы статистикалық 

ақпараттан-ақ біздің Қазақстан халқының 

20 пайызына ағартушылық қызмет көрсе-

туге қауқарымыз бар екенін аңғаруыңызға 

болады. Меніңше, әрқайсымыз қарап 

жатпай, халық арасында ағартушылық 

жұмыстар жүргізуіміз керек. Қоғамдағы 

саяси ахуалды зерттеп, өзге идеологиялар-

дан мемлекеттік идеологияны үстем етудің 

жолын қарастырғанымыз жөн. Біз қазір өз 

облысымыздың аумағында қоғамдық-

саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізіп, 

осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз 

ету үшін барымызды салып қызмет етудеміз. 

Бұл мәселеде діни ахуалдың күрделілігі мен 

ерекшеліктерін ескергеніміз жөн. Ұлттық 

әдепке шетін экстремизм мен терроризмнің 

белгілерінің алдын алып, кереғар ағымдар 

мен секталардың зиянды іс-әрекеттері 

туралы түсіндірме жұмыстарын күнделікті 

жүргізіп отырмасақ, ел болашағына қауіп 

еселене береді. 

– Экстремизм мен терроризм-

нен жастарды қорғау мәселесінде 

қандай жолды ұстанған жөн. 

Мәселен, біреулер жат ағымдар-

дан ұлттық болмыс құтқарады 

десе, енді біреулері мемлекеттік 

идеологияға арқа сүйегісі келеді...

– Менің ойымша, бұл екі мәселені бір-

бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Заң 

аясында мемлекет пен қоғамдық ұйымдар 

бірлесе жұмыс істегенде ғана экстремистік 

ұйымдарға қарсы әрекетті жүйелей аламыз. 

Мысалы, мектептер мен ЖОО-дағы оқушы-

лар мен студенттер арасында дәстүрлі 

таным, рухани тәрбие, діни негіздегі әдет-

ғұрып, салт-сана секілді ұлттық құндылық-

тарды мемлекеттік идеялар шеңберіне 

сыйғызу керек. Бұл кейбір кездейсоқ теріс 

ұғымдар мен көзқарастарға шектеу қойып, 

дұрыс шешім  қабылдауға көмектеседі. 

Танымал азаматтардың тұлғалық қалыпта-

суында дәстүрлі ұлттық тәрбиенің, отан-

шыл дық рухтың, азаматтық ұстанымдардың 

қалай әсер еткенін үлгі ету арқылы да жат 

ағымға кетушілердің бетін бері қайтара 

аламыз. Бұл бағытта жастардың заманауи 

болмысы мен ғылыми техникалық өркениет 

үдерісіндегі олардың алар орнына мән 

бергеніміз жөн. Біз солардың түсінігіне сай 

ұлттық һәм мемлекеттік құндылықтарды 

жүйелей алсақ, әлеуметтік-рухани жағынан 

демеу жасауға мүмкіндік аламыз. 



– Елімізде дәстүрлі емес діни 

ағымдардың, секталардың басты 

нысанасы – жастар. Мұның негізгі 

себебін іздеп, зерттеу жүргізіп 

көрдіңіздер ме? 

– Қазіргі қоғамда секта деген ұғым жиі 

қолданылып жүр. Латын тілінен аударғанда 

«секта» сөзі «заттың бір бөлшегі» деген 

мағына береді. Аты айтып тұрғандай, сол 

секталар белгілі бір бағыттың немесе діннің 

атын жамылып қоғамға лаң салуда. Біздің 

орталық жанындағы талдау және монито-

ринг бөлімі түрлі дәстүрлі емес діни бағыт-

тарда жүрген азаматтарға талдау жасап, 

олардың дені жастар екенін анықтаған 

болатын. Мұның себебін, біріншіден, 

сырттан келген секталар мен діни ұйымдар 

бұғанасы қатып үлгермеген жас буын 

өкілдерімен белсенді түрде жұмыс жасай-

ты нынан іздеген жөн. Екіншіден, сектант-

тарға мектептегі оқушылар, университеттегі 

студенттер, оқу орнын енді ғана тамамдаған 

жас мамандарды торға түсіру анағұрлым 

оңай.  Себебі біздің жас буынның  бойында 

күш-қуат бар, санасы уланбаған, кез келген 

ақпаратты тез қабылдап және тез шешім 

шығара алады. Үшіншіден, сол жастары-

мыздың өмірлік тәжірибесі аз болып келеді. 

Сондықтан да кейбір мәселелерді анық-

қанығына жетпей жатып, ішкі сезімге бой 

алдырып, солардың шырмауына түсіп қа-

ла ды. 


– Еліміздегі жат ағымдардың 

ықпалынан арылу үшін не істемек 

керек? Бұл жалпылама сұрақ 

болып кетпеуі үшін сауалды сәл 

өзгертіп, «осы бағытта сіздер 

нендей қауқар таныта алып 

отырсыздар?» деп қойып көрсек...

–  Біз жастарымызды және жалпы 

халықты жат пиғылды әрекеттерден сақтау 

мақсатында әлеуметтік тапсырыс алып, 

бірнеше жобаларды жүзеге асырдық. Со-

ның нәтижесінде ағартушылық бағыттағы 

түрлі видеоролик, 15-20 минуттық фильм-

дер шығардық. Мысалы, биылғы жылы біз 

тұңғыш рет жасөспірімдерге мемлекеттік 

рәміздерді насихаттайтын, салт-дәстүрді 

құрметтеуге үндейтін, ұлттар арасындағы 

достықты нығайтатын «Көк ту және Достар» 

анимациялық жобасын жасап, халыққа 

ұсындық.  10 минуттық қана бұл фильмнің 

уақытысы аз болғанымен, қоғамға айтары 

мол. Сондықтан да біз кез келген ақпараттың 

аздығына емес, оның нақтылығына мән 

беруіміз керек. Қазір мұндай жобалар тек 

біздің облысымызда ғана емес,  республи-

каның барлық өңірлерінде қолға алынып 

жатыр. Жасыратыны жоқ, дәл қазір жаһан-

дану кезеңі... Технологиялық, ақпараттық 

даму қарқындап өсіп барады. Егер де біз 

ағартушылық һәм жат ағымдардың алдын 

алу мәселесінде заман көшінен қалып 

қалсақ, ұтыламыз. Сондықтан да барлық 

деңгейдегі ақпараттарды меңгеріп, оны 

пайдалана білуді басты мақсат етіп алуымыз 

қажет. Мәселен, біз биылғы жылы бес түрлі 

тақырыпты қамтыған 100 мынға жуық кі тап-

ты тараттық. Енді сіз өзіңіз 578 мың отба сы 

бар облысқа «100 мың кітап жете ме?» деп 

сұрап көріңізші?! Бұл сан аздық ететінін 

мойындаймын. Біз мұнымен қатар облыс 

көлемінде көрініс беріп жүрген, елге таны-

мал кереғар діни ағымдар мен секталардың 

іс-әрекеттерін әшкерлейтін 19 бейнеролик 

пен 15 минуттық екі фильм шығарып, 

жергілікті «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» 

және «Айғақ» телеарналарынан 450 рет 

көрсетуге мұрындық болдық. Ұлтымыздың 

тілін, дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге 

үндейтін билбордтар дайындап, Шымкент 

қаласының көшелеріне ілгіздік. Облыстағы 

қала, аудандарда жергілікті тұрғындар мен 

жастар арасында діни экстремизм мен тер-

роризмнің алдын алу бойынша 60-тан астам, 

жоғары және арнаулы орта оқу орын да-

рында 112 кездесу өткізіппіз Ал әскери 

қызметкерлер арасында – 67, түзеу меке-

мелерінде 36 кездесу ұйымдастырылды. 

Осындай жұмыстар нәтижесінде дінге 

қатысты сотты болған азаматтар қатарынан 

12-сі өз ойынан бас тартқаны жөнінде өті-

ніш берді (оның жетеуі нақты бас тартқан). 

Сонымен қатар «Атадан – өсиет, анадан  –

қасиет» атты бағдарлама аштық. «Қазақс-

тан-Шымкент» радиосының 106,4 FM 

толқынындағы «Имандылық иірімдері» 

атты және «Отырар» телеарнасында «Дін 

және мәдениет» діни танымдық бағдарла-

масында түрлі тақырыптарда 30-дан астам 

телесұхбатымыз берілді. Әрине, істелген істі 

бір сұхбатқа сыйғызу мүмкін емес. Бұл – 

бір. Екіншіден, «осындай әлеуметтік жо ба-

ларды жеткілікті түрде жүзеге асыру бары-

сында мемлекет қауқар таныта алмай отыр» 

деген пікірдегі азаматтар бар. Жоқ, олай 

емес, қазір мемлекет тарапынан жергілікті 

атқарушы органдарда тиісті қолдаулар 

бері ліп келеді. Бұл жерде бар мәселе өзіміз-

ге, халыққа келіп тіреледі. Егер де біздер 

сапалы және негізі бар дұрыс мағлұ мат-

тарға сүйеніп, халықты секталардан қорғай 

алсақ, кереғар дәстүрлі емес діни топтар 

өздігінен жойылады. Мен мұны өзім осы 

саланың маманы болғандықтан айтып 

отыр мын. 



– Қазір жат ағым мен мұсыл-

ман дықтың аражігін ажырата 

алмайтын жағдайға жеттік қой. 

Менің ойымша, бұл жерде кімнің 

кім екенін анықтап беретін мемле-

кеттік органдар болуы керек 

секілді...

– Өзіңізге мәлім, кешегі кеңес зама-

нында 70 жыл бойы тоталитарлық жүйеде 

өмір сүрдік. Халықты «дін жоқ» деп үгіттеді. 

Кеңестік саясат халықты асыл дінімізге 

қарсы қойды. Айталық, «дін – апиын», «дін 

халықты улайды» деген сияқты ұрандар, 

халықтың жүрегінен дінді едәуір алыстатты. 

Соның әсерінен қазіргі уақытта, тіпті орта 

жастағы ағаларымыз бен аналарымыздың 

дін жөнінде түсінігі өте төмен. Шынын 

айтайықшы, сол идеология дінді былай 

қойып, өз ана тілімізді ұмытуға әсер етпеді 

ме? Егемендігімізге қол жеткізген соң әлем 

мемлекеттері Қазақстанмен санасатын, 

саясатын жоғары бағалап танитын жағдайға 

жеттік. Қазір сыртқы күштер де, қазақ халқы 

да өзіне тән дін мұсылмандық екенін біледі. 

Өйткені ислам діні тарихына қарасаңыз, 

біріншіден, мұсылмандық қазақ жеріне 

ХІІІ-ІХ ғасырда енген. Екіншіден, біздің ха-

лық ешқандай соғыссыз бейбіт түрде осы 

дінді қабылдады. Үшіншіден, ата-бабала-

ры 


мыз бір Аллаға деген сенімі арқылы 

Отанымызды қорғап, осындай ұлан-ғайыр 

жерді мұра етіп қалдырды. Кез келген қазақ 

батырлары, хандары, билері, кешегі еліміз-

дің мемлекеттік қайраткерлері, Алаш 

арыстарының өмірлік жолдарын оқысаңыз, 

олардың жүректеріне имандылық нышанын 

байқайсыз. Сондай ұлт 70 жыл бойы діннен 

азып-тозған соң рухани шөлдеді. Сол шөлі-

мізді қандыратын рухани, діни ұрандармен 

келген кез келген топтарды қабылдадық. 

Елімізге Батыстан да, Шығыстан да біздің 

өмірімізге үш ұйықтасақ түсімізге кірмейтін 

аты беймәлім немесе түрлі діни топтар 

жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты 

көбейді, санамызды улады. Сөйтіп, көпте-

ген азаматтарымыз басқа діннің жетегінде 

кетті, тіпті солардың әсерінен өз Отанын 

қорғауға, Әнұран айтуға, ата-анасына қар-

сы шығу сияқты жағымсыз негативті көрі-

ністер көбейді. Осы ретте, Қазақстан 

Республикасы Президентінің Жарлығымен 

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі 

құрылды. Сіз сұрап отырған кімнің кім 

екенін анықтап беретін Дін істері агенттігі 

деп түсінуіміз керек. Осы агенттік  діни бір-

лес тіктерді қайта тіркеуден өткізу нәтиже-

сінде 40-тан астам конфессиялардың 17-сі 

ғана қалды. Яғни бұрынғыдан  30 пайызға 

қысқарды.  



– Қазір сырттан келген ағымдар 

қазақ ұлтын мансұқтауға құштар. 

Олар қолынан келсе, ұлтты кемсі-

тіп, бізде діни мәдениет болмаған 

секілді түсінік қалыптастыруға 

тырысады. Бұған қарсы қандай 

уәж айтуымызға болады?

– Әрине, ең әуелі біз халқымызға 

мұсыл маншылықтың жат емес екенін ұғын-

дырып алуымыз керек. Қазақ елі – ежелден 

рухани құндылықтарға бай халық. Сана-

мыздан алыстап кеткен құндылық тары мыз-

ды, салт-дәстүрімізді таза күйінде халқы-

мыз ға жеткізетін болсақ, сырттан келгендер 

бізді бұлай басынбаған болар еді. «Қазақ 

халқы өмірінде дін ұстанбаған» деген 

секілді насихатты санамызға сіңіру бізді 

ұлттығымыздан айырады. Елбасы 2050 

стратегиялық Жолдауының өзінде: «Біз 

мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа 

мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз», – деп 

айтты. Осыдан-ақ біздің зайырлы мемле-

кеттің рухани тірегі – ислам діні екенін 

аңғаруға тиіспіз. Мәселен, бізде әлі күнге 

халыққа толығымен жеткізе алмай жатқан 

рухани құндылығымыз өте көп. Мысалы, 

кирилл әрпінен бұрын А. Байтұрсыновтың 

төте жазуы қолданыста болды. Сол төте 

жазумен жазылған рухани құндылықтар аз 

емес. Сондықтан да төте әрпімен жазылған 

Ханафи мәзһабының құндылығы жөніндегі 

том-том кітаптарды аударып халыққа 

жеткізуіміз қажет. Міне, осындай нақты-

нақты жобаларды жүзеге асырып отыратын 

болсақ, қазақ өзге діннің шылауында кет-

пейді. 


– «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, 

ұстай алмасаң – қасіретің» дейді 

қазақ. Біз бүгін осы қасіретке қарай 

қадам басып бара жатқан жоқпыз 

ба?

– Бұл мәселеде нақты мына жағдайды 

айтуға болады. Діни сенім, ол – жүрекпен 

сезініп, ауызбен растайтын рухани құнды-

лық. Сондықтан да дін таңдауда терең ой-

ла нып, жан-жақты зерттеп, дұрыс жол дағы 

білім иелерімен кеңесіп барып қабыл да-

ғаныңыз жөн. Бұлай жасай алмасаңыз, 

жақсылыққа бет бұрдым деп, күнәға бел-

ше 


ден батып қалуыңыз әбден мүмкін. 

Мыса лы, кейбір діни ұйымдар өзіміздің 

ислам дінінің атын жамылып, экстремистік 

ойларын жүзеге асырғысы келеді. Жаста-

рымыз мағынасы бұрмаланған аяттарды 

естіп алып, жамандықты тыю осы екен деп, 

сауда нүктелерін жағып жіберген кездері 

болды. Өйткені олар «ол базардың ішінде 

музыка, арақ шарап сатылады» деп қасаң 

ойлайды. Міне, осындай тар түсінікпен 

қоғамға едәуір зиян келтіріп отыр. Жалпы, 

жамандықтан тыю мұндай жолдармен 

жүзеге аспайды. Кез келген Құранның аяты 

яки пайғамбарымыздың хадисі болсын, 

оны тікелей қабылдап, асығыстық жасауға 

болмайды. Аят пен хадисті діни білімі терең 

азаматтардың, ұстаздардың түсіндірме 

жұмыстарынан соң ғана пайдалану керек. 

Құран мен пайғамбарымыздың хадис-

терінде шектен шықпау жөнінде көптеген 

қағида бар. Дінде шектен шығу – ол үлкен 

қасірет. Мысалы, осы діни нанымды дұрыс 

түсінбегендіктен, туысқандарымен қарым-

қатынасты үзу, отбасында түсінбеушілік, 

қоғамда бір-біріне қарсы келу, жарылыс-

тардың әсерінен едәуір қаржы зиянын 

тигізу т.б. осының бәрі, бір сөзбен айтқан-

да, қасірет емей немене?! Біз бұл жолға 

бармау үшін де күн-түн демей жұмыс жа-

сауға тиіспіз.



– Жоғарыда Дін істері жөніндегі 

агенттік жайлы айттық. Бұл орайда 

Қазақстан мұсылмандар діни 

басқармасымен байланыстарыңыз 

қалай? Сіздердің жұмыстарыңыз-

дың басым көпшілігі ҚМДБ басқар-

ма сы жұмыстарымен үйлесе ме? 

– Тарихи деректерге назар салсақ, қа-

зақ тың дербес хандары, билері, батырлары 

болған, бірақ дербес мүфтияты болмапты. 

1990 жылы Қазақстан 

ҚМДБ құрылтайы шақырылып, тұңғыш 

мүфтият құрылды. Содан бері ҚМДБ өз 

деңгейінде ел алдындағы жұмыстарын 

атқарып келеді. Мүфтият тарапынан діни 

тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 

едәуір еңбектер жазылып, игі шаралар 

қолға алынып жатыр. Білікті, білімді діни 

азаматтарды қызметке тартуды да қолға 

алып отыр. Мүфтиіміз Ержан қажы Малға-

жыұ лы оңтүстікке келген сапарында облыс 

әкімімен кездескен соң біздің орталыққа 

арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыста-

рымызбен танысып, ризашылығын білдірді. 

Сонымен қатар алдағы уақытта осындай 

орталықты барлық облыстарда құру жө-

нінде Елбасыға өтініш жасайтынын айтты. 

Меніңше, бір дін мәселесі болғандықтан, 

Дін істері агенттігі, ҚМДБ  және біздікі сияқ-

ты орталықтар бір жеңнен қол шығарып, 

бір-бірлерін толықтырып, еліміздің рухани, 

діни тұрақты мемлекет болуына үлесін 

қосуы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет