№2(62)/2011 Серия филология


Салыстырмалы мотивология: теория жəне əдістер



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата06.03.2017
өлшемі2,23 Mb.
#7924
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Салыстырмалы мотивология: теория жəне əдістер 
Мақала  салғастырмалы  уəжтанудың  теориялық  мəселелеріне  арналған.  Қазақстан  мен  ресейлік 
ғалымдардың  атау,  уəж  жəне  уəжденудің  теориялық  мəселелері  қарастырылған  зерттеулері 
талданады.  Сондай-ақ  лексикалық  бірліктерді  уəждік  тұрғыдан  талдаудың  теориялық  негіздерін 
анықтау  мақсатында  семасиологиялық  жəне  ономасиологиялық  тəсілдер  сөз  болады.  Лексиканы 
уəждемелі-салғастырмалы  талдаудың  қағидаттары  мен  амалдары,  салғастырмалы  уəждеменің 
міндеттері  жеке  қарастырылады;  салғастырмалы  уəжтану  теориясының  терминологиялық  ұғымдары 
ұсынылады. 
The article is devoted to the theoretical questions of comparative motivology. In this investigation of this 
problem the works of Russian and Kazakhs scientists had been analyzed, consisting the theoretical questions 
of nomination, motivation and motivational. So, semaciological and onomaciological approaches were con-
sidered, with the aim of defining of theoretical foundations of motivological analysis of lexical units: also, the 
principles and methods of motivological- comparative analysis of lexis were considered, and the tasks of 
comparative motivology were considered too. The terminological apparatus of the theory of comparative mo-
tivology was introduced. 

148 
Вестник Карагандинского университета 
ТІЛ МЕН ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ   
МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ 
 
ƏОЖ 811.512.122:378.096 
Г.Х.Əбдірахманова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Көптілді топтардағы «Арнайы қазақ тілі»  
пəні бойынша оқыту тəжірибесінен 
Мақалада қазақ тілін оқытудың көптілді топтардағы мəселелері қарастырылды. Оқытушының химия 
факультетінің  студенттерін  қазақ  тіліне  оқыту  бағдарламасына  арналған  əдістік,  кəсіби  бағытталған 
тəжірибесі  ұсынылды.  Сондай-ақ  лексиканы  терминдік  жəне  кəсіби  тұрғыдан  зерделеудің, 
синтаксистік құрылымды, мамандыққа сай мəтіндермен жұмыс істеуді, студенттердің ауызша сөйлеу 
тілін  дамытуды  ашып  қарастыратын  əдістемелік  нұсқаулары  берілген.  Кəсіби  тілді  дамытуды, 
мəтіндермен  əр  түрлі  жұмыстар  істеуді  нақтыланған  мысалдар  арқылы  қарастыру  практикалық 
жұмыстармен негізделді. 
Кілтті  сөздер:  білім  беру  жүйесі,  өзге тілді аудитория,  оқыту  əдістемесі, сөйлеу қабілеті,  мəтіндер, 
қарым-қатынас түрлері, сұхбат, күрделі синтаксистік құрылы. 
 
Білім  беру  жүйесінде  жүргізіліп  жатқан  реформаларға  сəйкес  мемлекеттік  тілді  өзге  тілді 
аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативтік-бағдарлы оқыту əдістемесіне негізделуде. 
Соңғы  жылдары  біздің  университетте  көптілді  оқыту  топтарында  қазақ  тілін  үйрету  жақсы 
жолға  қойылды  десе  де  болады.  Бұл  топтардағы  қазақ  тілі  биыл  үшінші  жыл  оқытылуда.  Соңғы 
үшінші  жылы  əр  факультетте  көптілді  топтар  үшін  «Арнайы  қазақ  тілі»  пəні  енгізіліп, 135 сағат 
берілген. 
Мысалы, химия  факультетінде 3-курс  үшін  «Арнайы  қазақ  тілі» пəні  бойынша  оқу-əдістемелік 
кешен 
дайындалып, 
мамандықтарына 
байланысты 
мақсатты 
түрде 
қазақ 
тілі 
оқытылды.Студенттердің сөйлеу қабілетін одан əрі жақсарту үшін бағдарламаға көркем əдеби стиль, 
ғылыми  стиль,  публицистикалық  стиль  туралы,  шағын  мақала  жазып  үйрену,  ресми  іс  қағаздары 
жəне  химиялық  тақырыптарға  арналған  мəтіндер,  оларға  байланысты  практикалық  тапсырмалар 
берілген. 
Сабақ  барысында  студенттер  берілген  материалдармен  жұмысты  қызығушылықпен 
орындайтыны байқалды. Əрине, əр сабақта белгілі бір мақсат қоя білу — ең маңыздысы, яғни: 
Студенттерді  күнделікті  қарым-қатынас  түрлеріне  еркін  араласып,  өз  мамандығы  бойынша 
сұхбаттар  жүргізе  алуға  үйрету.  Мамандық  саласына  қарай  жиі  кездесетін  лексиканы,  ғылыми 
терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, 
баяндамалар,  пікірлер,  эссе  жазуға  үйрету,  радио,  теледидардан  ақпараттар  тыңдап,  түсінуге 
машықтандыру. 
 Күнделікті тұрмыстық жəне кəсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, 
сөйлесу, əңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру. 
 Əр  түрлі  стильде  жазылған  мəтін,  өз  мамандықтарына  сəйкес  еңбектер  мен  ғылыми 
зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру. 
 Өзі  туралы  ақпаратты,  түйіндеме,  рецензияларды,  құттықтау  хаттарын  жаза  білуге 
дағдыландыру. 

Көптілді топтардағы «арнайы қазақ тілі» … 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
149 
 Теледидар,  радио  арқылы  берілген  ақпараттарды,  тіл  иесінің  табиғи  айтылған  сөзін,  өз 
мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру. 
 Монолог  түрінде  берілген  мəтіннің  жеке  мағыналық  бөліктері  бойынша  негізгі  ойды, 
ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне-білу дағдысын дамыту. 
 Қазақ  тіліндегі  кəсіби  бағдарлы  жарнамаларды,  іс-қағаздарды,  нұсқауларды  оқып,  түсіну, 
қалыптастыру. 
 Аударма, кəсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету. 
 Қазақша дұрыс, мəнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру. 
 Ауызекі  сөйлеу,  көркем  əдеби,  публицистикалық,  ғылыми  стильдердің,  сондай-ақ  кəсіби 
тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету. 
 Белгілі  бір  кəсіби  қатынас  саласындағы  танымдық-қатысымдық  міндетті  шешуге  керекті 
ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру. 
 Өз  мамандығы  бойынша  ғылыми  мəтіндерге  пікір  беруге,  ғылыми  мақала,  баяндама  жазуға 
машықтандыру. 
Бұл  тұрғыда  оқытуға  коммуникативті  іс-қимылдық  тұрғыдан  келу  жəне  жеке  студенттердің, 
ұжымның белсенділігін арттыру үшін түрлі жұмыс түрлерін жүргізу қажет. 
Əдіскер-ғалымдар бұл жөнінде мына ерекшеліктерді көрсетіп бергені белгілі: 
 барлық  оқу  материалдары  жəне  əрбір  сабақта  алған  білімді  күнделікті  коммуникативтік 
қызметте,  табиғи  тілдік  қарым-қатынаста  пайдалануға  бағытталған;  яғни,  үйренушінің 
күнделікті  қарым-қатынаста,  сөйлеу  жағдаятында  қолданатын  лексикалық-грамматикалық 
минимумына  баса  назар  аударылады.  Сабақтың  мəтін  материалдары,  лексикасы  мен 
грамматикалық ережелері, елтану материалдары осы мақсатқа бағытталады; 
 барлық мəтін материалдары, лексикалық-грамматикалық минимум кəсіби бағдарлық жағынан 
маңызды болуға тиісті; 
 оқыту  жүйесі  үйренушінің  дербес  психологиялық  жас  жəне  ұлттық  ерекшеліктерін  ескереді. 
Яғни оқытудың негізінде үйренуші оқу үдерісінің субъектісі болып табылады: 
 оқыту процесінде үйренушіге сөйлеу жағдаяты жасалады; 
 сөйлеу жағдаяты үшін жаттығулар топтастырылады; 
 оқыту процесінде жұмыстың ұжымдық нысаны қолданылады. 
Сөйтіп,  коммуникативті  уəждеме  жасалады.  Ал  коммуникативті  уəждеме  дегеніміз — сабақты 
өту барысында кəсіби бағдарлы сипатта үйренушілердің бір-бірімен жəне оқытушымен тілдік қарым-
қатынас жасауы [1]. 
Жеке адамның, ұжымның мүмкіндіктерінің белсендіктерін арттыру əдісі бұдан бұрын айтылып 
жүрген жеделдетіп оқыту əдісімен байланысы бар. Мысалы, үйренушінің жадын белсенді ету, яғни, 
жаттау  арқылы  үйрету  қолданылады.  Ал  бұл  əдістің  негізі — белсенділікті  арттыру.  Бұнда 
оқытушының да, үйренушінің де белсенділігі болу керек. Бұл үшін: 
 ұжымдық өзара жұмыс істеу; 
 жеке үйренушімен тікелей байланыс; 
 рольдік ойындар; 
 жаттығулардың көп түрі пайдаланылады. 
Жалпы  қазақ  тілі  əдістемесі  ғылымында  осы  мəселеге  əдіскер-ғалым  Ф.Оразбаева  жеке 
тоқталады [2]. Ғалым бұл əдістемеге байланысты қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда мынадай 
ұстанымдарды атап өтеді: 
1. Тіке байланыс. 
2. Адамның жеке қабілетін басқару. 
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін анықтау. 
4. Сатылап даму. 
5. Динамикалық өзгеру. 
6. Өзектілік. 
Ал  əдіскер-ғалым  Қ.Қадашева  тіл  үйретуде  кез  келген  тəсілді  қолдануда  оқытушының  рөлі 
басым екенін айтады [1]. 
Оқыту  үйренушінің  оған  деген  қызығушылығы  артқанда  ғана  өз  нəтижесіне  жетеді.  Оқытушы 
өзінің  оқыту  үдерісіндегі  қызметінде  əр  түрлі  тапсырмалар,  жұмыстар  атқарады.  Ол  негізінен: 
ұйымдастыру, əдістеме жəне психологиялық ерекшелік. 

Г.Х.Əбдірахманова 
150 
Вестник Карагандинского университета 
Оқыту  үдерісі  табысты  болу  үшін  сабақта  психологиялық  климат  тудыру  қажет.  Оқытушы 
формалды  түрде  ұжымдық  қатынас  тудырмай,  əрбір  үйренушімен  жеке  жұмыс  істеуге  əрекеттенуі 
қажет. Ол қатал сарапшы немесе төреші емес, керісінше, жақсы қарым-қатынас құратын қайырымды 
кеңесші  болу  керек,  себебі  үйренушінің  тілдік  қарым-қатынасқа  түсуін  бақылауға  жəне  дұрыс 
сөйлеуге үйретуде оның мəні зор. 
Уəждеме  тудыруда  оқытудың  мазмұны  үлкен  рөл  атқарады.  Оқытушы  сөйлеу  жағдаяты 
тақырыбына қатысты коммуникативтік жеңіске жетуді ойластыру керек, сонымен бірге жаңа, өзекті, 
қызығушылығын арттыратын мəтін материалын дұрыс таңдап ұсынуды ұйымдастыру қажет. 
Сонымен қатар мамандыққа байланысты оқытуда төмендегі талаптар қойылады: 
 мамандық бойынша лексикалық жəне грамматикалық минимумдарды баяндау; 
 осы арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру; 
 тілдік өрнектерді сараптау; 
 үйренушінің  өз  мамандығына  сəйкес,  тілді  коммуникативтік  қарым-  қатынаста  қолдана 
алатындай дəрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету; 
 сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрінің негізі қамтылатын мəтіндерді беру; 
 елтануға қатысты материалдарды үйренушінің өз қажетіне қарай пайдалану; 
 сөйлеу  жағдаятын  үйренушінің  мамандығына  қарай  бейімдеу,  арнаулы  терминологияның 
берілуін қарастыру; 
 кəсіби тілдік құзыретін қалыптастыру. 
Мысалы, төмендегі бір сабақты алып, қарастырайық. 
Жалпы  мəтін — коммуникативтік  бірлік,  тұтастығымен  ерекшеленетін  бүтін  жүйе  болып 
табылады.  Ол  тіл  үйренушілердің  қарым-қатынасын  іс  жүзіне  асырудың  өзегі  ретінде  жəне  өзара 
түсінісу, ойды жеткізуде де маңызды рөл атқаратын тұтас жүйе [3]. 
Қарым-қатынас жасау үнемі екі жақты үдеріс, осыған байланысты студенттердің мамандығына 
сай қарым-қатынас жасауының өзіндік тəсілдері бар. 
Тақырып: ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді. 
1-мəтін: 
...Қазір  Қазақстан  үшін  үлкен  мүмкіндіктер  бар.  Тұтастай  алғанда  алдағы  кезеңде  мына  төрт 
бағыт əлем картасының ғылыми технологиясына үлкен ықпал ететін болады. 
Бірінші — биотехнология  жəне  биохимия.  Бұл — азық-түлік  қауіпсіздігін  сақтау,  адамның 
иммундық жүйесін нығайту, интеллектуалды жүйе құрудағы маңызды бағыт. Сондықтан қазір біз 
Астанада Ұлттық биотехнологиялық орталық құрдық. 
Екінші — экоэнергетика.  Бұл — энергияның  қайталама  көздері,  «жасыл  энергетика»,  отын 
элементтері,  жоғары  өткізгіштер,  көміртегі  қосындысын  ұстау  мен  сақтау,  энергияны  аз 
тұтынатын жарық көздері. 
Үшінші — экология.  Парникты  газдар  шығарындыларын  азайту,  су  тазарту,  түрлі 
биосубстанцияларды  тез  анықтау,  биологиялық  тұрғыдан  ыдырайтын  пластиктер  енгізу, 
бактериялар  құру,  қоршаған  ортаны  ластандырғыштарды  жою  технологиялары  белсенді  дамитын 
болады. Төртінші — антиэйджинг (антикəрілік). Бұл — өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу [3]. 
Бұл  зерттеулер  қаншалықты  күрделі  көрінгенімен,  адамзат  ерте  ме,  кеш  пе  бұл  мəселелердің 
бəрін шешеді. 
2-мəтін: 
...«Алыстан  ойламаған  жақыннан  уайым  табады»  деген  сөз  бар.  Біз — болашағымызды 
болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген 
шекіз сүйіспеншілігіміз керек. 
Жастарға  айтатыным:  бақытты  өмірді  басқа  жақтан  іздемеңдер.  Ата-бабаларымыздың 
айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» 
деген өсиет қалдырған. Өз Отаның — бұл дүниедегі жəннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің 
мен  қайрат-жігерлеріңді  өз  елдеріңнің  мүддесіне  жұмсаңдар.  Туған  елің  дəулетті,  туған  жерің 
сəулетті болса, сендер де əулетті, əлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластырым еңбек етіп 
келеді.  Бұнда  міндет  сендердің  де  мойындарыңа  түседі.  Сонда  өз  ұрпақтарыңда  ойлайтын 
боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек. 
Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып, аялай біледі. 
Осыны  ұмытпаңдар.  Туған  елдеріңнің  игілігі  үшін  жанкешті  қайрат  қылып,  Қазақстанның 

Көптілді топтардағы «арнайы қазақ тілі» … 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
151 
мақтанышы  болуларыңа  тілектеспін,  жас  достар!  Намысты  ұл-қызын  ұлықтайтын  Отанымыз  аман 
болсын! [3]. 
Тапсырмалар: 
1.  Мəтінді үнтаспадан (немесе теледидардан) тыңдаңыз. 
2.  Бөлімге бөліп оқыңыз. 
3.  Мəтіндегі қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін түсініп, талдау жасаңыз. 
4.  Екінші мəтіндегі нақыл сөздерді сөйлесімде пайдаланыңыз. 
5.  Əр бөлімді талқылаңыздар. Пікіріңізді айтыңыз. Дəптерге жазыңыз. 
6.  Осы тақырыпқа сіздің ойыңыз. Дəптерге жазыңыз. 
7.  Əңгіме-сұхбат құрастырыңыздар. 
8.  Сіз өз болашағыңызды қалай елестетесіз? 
9.  Жақсы өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Айтыңыз. 
10. Мəтіндегі сөйлем түрлерін анықтаңыз. 
Мəтіннің  тəрбиелік  мəні  зор.  Сабақта  студенттер  болашақ  өмірді  химия  ғылымымен 
байланыстыра  отырып,  пікірлерін  толық  айтып  бергеніне  көзіміз  жетті.  Еліміздің  болашағы, 
халықтың  жақсы  өмірі  үшін  химия  ғылымының  маңызы  зор  екенін,  ол  үшін  елін,  жерін  қастерлей, 
құрметтей, сүйе білу керек екенін айтты. Ұсынылған тапсырмалар үш сабақ бойы толық орындалып, 
СОӨЖ-де өздік жұмыстар жасалды. Сөйтіп студенттердің осы тақырыпта сөйлеу деңгейлері біршама 
артты [4]. 
Ал мына төменде берілген сабақтың да өзіндік ерекшелігі болды. 
Тақырып: Қымыздың емдік қасиеті. Химиялық құрамы. 
Ғылыми стиль. 
Ғылыми əдебиет тілі стилінің ерекшелігі мынада: 
1. Ғылым əдетте зерттеу объектілерінің, табиғаттың, қоғам дамуының т.б. заңдылықтарын 
айқындау  үшін  керекті  талдау,  топтастыру,  салғастыру  материалдарына  негізделетін 
қорытындылар  жасауды  керек  қылады.  Олар  ғылым  түрінің  ерекшеліктеріне  қарай  кейбіреуі  сол 
ғылым  (мысалы,  химия,  физика,  математика)  мамандарына  арналса,  бірқатары,  əсіресе  қоғамдық 
ғылымдар  жайындағы  əдебиеттер,  оқулық,  оқу  құралдары  көпшілікке  арналады.  Сонымен  қатар 
олардың тілінде елеулі айырмашылық болады. 
Мəтін: Қымыздың емдік қасиеттері. Химиялық құрамы. 
Сүттің химиялық құрамы өте күрделі. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2–3 күндей сүт бездері 
уыз  бөліп  шығарады,  оның  құрамының  жай  сүттен  едəуір  айырмашылығы  бар.  Уыздың  құрамында 
ақуыз бен дəрумендер 2–3 еседей көп, ал май мен сүт қанты 1,5 еседей кем. 
Əр түрлі мал сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді. Ол малдың физиологиялық 
күйіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына жəне тұқымына қарай өзгеріп отырады. 
Қымыздың  минералдық  құрамы: Na-34мг; K-77мг; Ca-94мг; Mg-25мг; P-60мг; Fe-0,1 мг 
тұратындығын,  сонымен  қатар  онда  адам  ағзасына  аса  қажетті  дəрумендер  де  мол  екендігін 
көрсетеді. Соның ішінде С дəрумені өте көп. 
Қымыздың əрбір 100 грамындағы дəрумендер: С (аскорбин қышқылы) 9 мг; А (ретинол) 0,03 мг; 
В-В1 (тиамин) 0,02 мг; В2 (рибофлавин) 0,04 мг;  В12 (кобаламин) 0,06 мг;  РР  (никотин  қышқылы) 
0,08 мг. 
Сүттегі ең бағалы зат — ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8–2,2 % құрайды. Сүтте ақуыздың үш түрі — 
казеин, альбумин жəне глобулин болады, олардың əрқайсы бірнеше фракцияға бөлінеді. Бие сүтінде 
40 %  еритін  ақуыздар  (альбуминдер,  глобулиндер,  пептондар  жəне  бос  амин  қышқылдары)  бар. 
Ақуыздың мөлшері мен өзара қатысы сүттің ұюына əсер етеді. Бие сүті ашығанда құрылымы майда 
борпылдақ масса түзеді. Сонымен қатар бие сүтінің ақуызы едəуір қоректі келеді. 
Бие сүтінде шамамен 1,3–2,0 % май бар, бұл сиыр сүтінен екі еседен астам кем. Əдетте сүт майы 
май  түйіршіктерінен  құралады.  Бие  сүтіндегі  май  түйіршіктері  кіші  келетіндіктен,  организмге  тез 
гидролизденеді  жəне  жақсы  сіңеді.  Май  глицериннен  жəне  май  қышқылдарынан  тұрады.  Қазіргі 
кезде 20-дан  астам  қаныққан  жəне  қанықпаған  май  қышқылдары  бар  екендігі  анықталды.  Сүт 
майындағы бұл қышқылдардың мөлшері əр түрлі малда түрліше келеді. 
Қымыздың  емдік  қасиеті  оның  құрамындағы  химиялық  заттарға  байланысты.  Ашу  процесінде 
пайда  болған  сүт  қышқылының  жəне  əр  түрлі  ас  қорыту  ферменттерінің,  т.б.  пəрменді 
катализаторлардың əсерінен құрамдық заттардың сіңімді түрлері пайда болады. Сөйтіп, олардың зат 
алмасу  процестеріне  қатысу  реакциясы  артады.  Сонымен  қатар  бұл  процестердің  нəтижесінде 

Г.Х.Əбдірахманова 
152 
Вестник Карагандинского университета 
қымыздың  дəмін,  иісін,  т.б.  тағамдық  қасиеттерін  жақсартатын  жəне  тағамға  тəбет  тарттыратын 
заттар  пайда  болады.  Құрамы  осыншама  бай  жəне  жоғары  дəрежеде  болғанымен,  қымыздың 
энергетикалық  қуаттылығы 100 г-да 40 ккал.  Қымыз  ежелден  ас  қорыту  жүйесінің  ауруларын, 
анемия,  құрқұлақ,  мешел,  неврастения  жəне  туберкулезді  (құрт  ауруларын)  емдеуге  қолданылып 
келеді.  Сондай-ақ  қымыз  ішектегі  іріп-шіру  процестерін  тежеуге  əсер  етеді.  Ондағы  шіріткіш 
микробтарға, ішек таяқшаларына, стафилококк микробына антибиотиктердің əсері бары дəлелденді. 
Сол сияқты, туберкулез таяқшаларының өсіп-өнуіне кедергі жасайтыны анықталды. 
Қымыздың емделу ережесі: алғашқы 3–4 күн бойы аз-аздап, күніне 0,5 литрдей ғана ішіп, кейін 1 
литр, одан да көбірек ішуге болады. Сөйтіп, 7–8 күнде аурудың асқа тəбеті артып, ас қорытуы түзеле 
бастайды. Қымызды тамаққа дейін 1–1,5 сағат бұрын ішу керек. Жалпы, туберкулездің қандай түрін 
болмасын  қымызбен  емдеуге  болады.  Бірақ,  ауру  өршіп,  қозып  тұрған  кезде,  қан  түкіріп,  дене 
ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда, қымызбен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. 
Қымыздың құрамдас бөліктерінің əрқайсының тəнге əсері, пайдасы бар. Мысалы: сүт қышқылы 
асқазанға, ұйқы безіне, зат алмасуына, əсіресе, тəндегі қышқыл — сілті алмасуына, көмір қышқылы 
ас  қорыту  жолдарындағы  сөл  бөліну,  қозғалыс  жəне  таралу  үрдістеріне  жақсы  əсер  етеді. 
Көмірқышқылы  тыныс  алу  орталығын  тітіркендіреді,  сол  арқылы  зат  алмасуды,  дем  алуды 
жақсартады. Қымыз құрамындағы спирт тыныс алу орталығының жүрек-қан тамырлары мен орталық 
жүйке  жүйесінің  қызметін  жақсартады.  Қымыздың  нəруыздары  тəнге  өте  сіңімді,  ана  сүтіне  тəн 
қасиеттерге  ие.  Қымыздағы  сүт  қышқылды  бактериялар  ішектегі  ашу,  шіру  үрдістерін  азайтады. 
Қымыз — С дəруменінің негізгі көзі. 1 литр қымызда 91–157 мг мөлшерінде С дəрумені болады [5]. 
Тапсырмалар: 
1.  Ғылыми əдебиет тілі дегенді қалай түсінесіз? 
2.  Сөздік  жұмыс.  Оқытушының  көмегімен  таныс  емес  жəне  химиялық  термин  сөздерге  талдау 
жасаңыз. Сөздердің дұрыс айтылымын үнтаспадан тыңдаңыз. 
3.  Мəтінді абзацқа бөліп оқыңыздар. 
4.  Химиялық элементтердің қандай түрі кездеседі? Дəптерге жазыңыз. 
5.  Бие сүтінің химиялы құрамы қандай? Жазып, түсіндіріңіз. 
6.  Қымыздың минералдық құрамы туралы айтыңыз. 
7.  Қымыздың құрамының формуласын жазыңыз. 
8.  Қымыздың емдік қасиеті туралы əңгімелеңіз. 
9.  Қымызбен емделу ережесін біліп алыңыз, айтып беріңіз. 
10. Сөйлем байланысын қараңыз. 
Өздеріңіз оқып көргендей, мəтін өте мазмұнды əрі химиялық тұрғыдан алынған. 
Маңыздылығымен  қоса  кəсіптік  сөйлеу  деңгейін  қалыптастыру  үшін  студент  əр  сөйлемінде 
химиялық терминдерді, ақпараттарды, мысалдарды қолдануына тура келеді. 
Сонымен  бірге  мəтінмен  жұмыс  барысында  қосымша  ұлттық  тəрбие  берілетіні  сөзсіз.  Студент 
ұлттық тағам түрлерін, олардың ерекшеліктерін, оның ғажайып жұмбақтарын шеше отырып, мəтінді 
зор  қызығушылықпен  оқып,  түсінуге  тырысты.  Қосымша  материалдар  жинақтап,  СОӨЖ-де 
тұсаукесер жасады. 
Осы  сияқты  кəсіптік  тақырыптағы  мəтіндер  тіл  дамыту  үшін  өте  маңызды  əрі  қажетті.  Осы 
тақырып бойынша сөйлеу үшін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым əрекеттерін қолдана отырып, 
жоғарыда  айтылған  əдіс-тəсілдер  оқытушының  шеберлігіне  қарай  таңдалып  алынатыны  белгілі. 
Сөйтіп  əр  сала  мамандықтары  бойынша  тіл  үйренуде  терминдерді  үнемі  қолдану  сөздік  қорды 
көбейтіп, сөйлеу əрекетіне алып келеді. 
Осы  сияқты  химия  мамандығындағы  «Аранайы  қазақ  тілі  пəні»  бойынша  мынандай 
тақырыптарда тіл дамыту жұмыстарын жүргіздік. 
«Химиялық  байланыс  түрлері», «Реакция  жəне  реагенттердің  түрлері», «Реакция  механизмі», 
«Органикалық  қосылыстардың  қышқылдық  жəне  негіздік  қасиеттері», «Бос  радикалдардың  түзілу 
жолдары».  Бұл  тақырыптарда  студенттер  қазақ  тілінде  мəтіндермен  түрлі  жұмыс  жасай  отырып, 
өзара  сұхбаттасып,  пікірлерін  айтты.  Түрлі  формулаларды  тақтада  жəне  дəптерде  жазып,  оларды 
қазақша  оқып  жаттықты.  Қосымша  əдебиеттерден  қарастырып,  қысқаша  тезистер,  рефераттар, 
пікірлер жəне аннотация жазып үйренді. 
Мамандыққа  сай  берілетін  мəтіндермен  жұмыс  қатысымдық  жаттығулармен  сабақтаса  келіп, 
ақпараттық, қатысымдық, дамытушылық қызмет атқарады. 

Көптілді топтардағы «арнайы қазақ тілі» … 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
153 
Сабақ  үстіндегі  күнделікті  қарым-қатынаста  қазақ  тілінің  грамматикалық  жəне  лексикалық 
материалдарын  мəтіндер  арқылы  игертіп,  студенттердің  қатысымдық  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін орындатуға үлкен мəн беріледі [3]. 
Мəтіндегі  таныс  емес  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  түсіндірудің  де  маңызы  зор.  Бұл  жұмыс  түрі 
сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді. 
Мəтін  арқылы  тіл  үйренушінің  дүниетанымы  кеңейеді,  түрлі  ақпараттармен  танысады, 
мамандыққа байланысты ой-өрісі кеңиді, ойын жүйелеп айтуға дағдыланады, сөйлеу тілі дамиды. 
Мəтін  бойынша  сұрақ-жауап  əдісімен  сұхбат  құра  отырып,  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырады. 
Сол сияқты адамгершілік тəрбие беріледі. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қадашева Қ.Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді əдістемелері. — Алматы: ҚазМЗА, 2000. — 167-б. 
2  Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым əдісінің ғылыми-теориялық негіздері. — Алматы, 1996. — 415-б. 
3   Билял Б.Қ. Студенттердің коммуникативтік дағдысын қалыптастыруда мəтіннің рөлі // «Қазақстандағы орыс тілі мен 
əдебиетін оқытудың өзекті мəселелері» атты респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2008. 
— 382-б. 
4  Абдрахманова  Г.Х.  «Арнайы  қазақ  тілі»  пəні  бойынша  оқу-əдіст.  кешен. — Қарағанды:  ҚарМУ  баспасы, 2010. — 
118-б. 
5  Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту. — Қарағанды: Санат, 2002. — 192-б. 
 
 
 
Г.Х.Абдрахманова  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет