Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата06.03.2017
өлшемі2,95 Mb.
#7958
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
 Жұмакелдина 
Б.К.  Тұлғаның  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  ӛзекті 
проблемалары. // Қазақстан педагогикасының хабаршысы. – 2005. - №2. – 88-91 бб. 
2.
 
 Бексұлтанова  Н.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру.  //  Бастауыш 
мектеп. – 2007. - №5-6. –31-33 бб. 
3.
 
 Әмірова 
Ә.С.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  іс-әрекетін 
ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері. – Алматы, 2007. – 300 б. 

 
64 
4.
 
 Алыбаева  А.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту.  //  Бастауыш  мектеп.  – 
2009. - №11. – 19-20 бб. 
5.
 
 Омарова Б. Шығармашылық қабілетті дамыту. // Тәрбие құралы. – 2009. - №5. – 10-11 бб. 
 
Резюме 
      В  статье  рассматриваются  вопросы    организации  творческой  деятельности  учащихся 
начальных классов. Автор подчеркивает, что необходимо создавать ученику не только возможные 
условия для проявления  его творческого начала, но и постоянно поддерживать его стремление к 
творчеству. 
 
Summary 
     This article deals with the organization essues of the primary  pupils’ creative activities. It is necessary 
to give a pupil not only possible  conditions for his creative beginnings, but also support his desire for the 
creation regularly. 
                                   
 
 
 
ӘОЖ 37,013,43 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ МЕН КОМПОНЕНТТЕРІ 
 
Л.ЖАМАНСАРИЕВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, 
Л.ДӘУЖАНОВА,
 
магистрант 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Жоғары педагогикалық мәдениетті болу деген не?  
Мәдениет – жеке адамның ӛмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның ӛмір сүрген 
ортамен қарым-қатынасы. Ол - ӛзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Мәдениет –  адамның  ӛз  қолымен,  ақыл-ойымен  жасағандары  және  жасап  жатқандарының  бәрін 
түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, ӛмірдің асқан 
үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының ӛрісі кең. 
Мәдениет  –  тарихи  құбылыс.  Оның  дәрежесі  мен  сипаты  қоғамдық  ӛмірдің  жағдайларына 
байланысты  ӛзгеріп  отырады.  Тарихи  дәуірлердің  алмасуы  мәдениеттің  мазмұны  мен 
формаларына  сӛзсіз  терең  ӛзгерістер  енгізеді.  Мәдениетті  тұлғалық  сипатта  қарастырғанда, 
бірнеше  елеулі  түсініктерге  тоқтала  кету  қажет,  олардың  ішіндегі  маңыздылары:  мәдени  әрекет, 
мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың 
арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. 
Мәдениет  әр  тарихи  кезеңде  жаңа  ұрпақты  тәрбиелеуші  адамдардың қоршаған  ортаға,  бір-
біріне қатынасын, кӛзқарастары мен идеяларын дәстүрлі формада бейнелейді. Мәдениет қашанда 
ӛзіне  уақытты  бағындырады,  ӛткенді  бүгінгі  күнмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Жаңа 
жағдайда  ескіге  әркез  назар  аудару,  қашанда  жаңа  болып  табылады.  Мәдениет  –  жеке  адамның 
ӛмір  сүру  мақсаты  мен  құндылық  жүйесі,  адамның  ӛмір  сүрген  ортамен  қарым-қатынасы.  Ол  - 
ӛзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің мәнін ашуда мәдениеттану тәсілін орынды пайдалану 
мақсатында «мәдениет» ұғымның әртүрлі түсінігіне назар аудару қажет. Ӛйткені бұл ең алдымен 
халық  ӛмірінің,  барлық  саласында,  соның  ішінде  негізгі  саласы  болып  табылатын  материалдық 
және  рухани  ӛндіріс  саласында  мәдени  шығармашылық  әрекетінің  жүзеге  асырылуына 
байланысты.  Осыған  орай  біз материалдық (пәтер-үй,  ӛндіріс,  еңбек  құралдары,  халық  қолӛнері, 
тұрмыс заттары және т.б.) және рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық, музыкалық шығармашылық, 
сәндік-қолданбалы ӛнері, халық білімі, салт-дәстүрлер, ойындар, мерекелер және т.б.) мәдениетті 
бӛліп  қарастырамыз.  Сонымен  бірге  осы  екі  мәдениет  бағытының  аясында  тәрбиені  жүзеге 
асыруда  аса  мән  беріле  бермейтін  моралдық-этикалық  дәстүрлердің  бар  екенін  ескере  отырып, 
мәдениеттің үшінші 
жүйесі 
әлеуметтік-нормативтік 
мәдениетті ұсынамыз. 
Дәстүрлі 
педагогикалық  мәдениетті  үш  құрылымдық  жүйе  негізінен  қарастырамыз: материалдық,  рухани, 

 
65 
әлеуметтік-нормативтік.  
Материалдық  мәдениет қоғам  мәдениетінің  негізі,  іргетасы  болып  табылады.  Ол 
этнопедагогикалық мәдениет тұрғысынан алғанда тәрбиенің ең бір маңызды объективті факторы 
рӛлін  атқарады.  Бүгінгі  таңда  материалдық  мәдениет  мазмұнында  оның  екі  жағын  ажыратып 
кӛрсету  қабылданған,  атап  айтқанда  этнопедагогикалық  қызметтің  негізгі құралдарын  анықтауға 
мүмкіндік беретін заттық-ӛнімдік және техникалық-технологиялық. 
Қоғамның  рухани  мәдениеті  әлеуметтанудың  негізгі  үш  салада  қарастыратын  қоғамның 
рухани  ӛмір  деңгейінен  кӛрініс  береді:  1)  қоғамдық  сана;  2)  рухани  ӛндіріс;  3)  рухани 
құндылықтардың қызмет атқаратын және дамитын жүйесі. 
Қоғамның  рухани  мәдениеті  аясында  идеология,  дін,  ғылым,  қоғамдық  сана,  әлеуметтік-
мәдени  құндылықтар  қарастырылады.  Тәрбие  қоғамның  экономикалық  ӛмірі  мен  рухани  ӛмірін 
байланыстырушы  буын  болып  табылады.  Педагогикалық  мәдениеттің  халықтың  рухани  және 
материалдық ӛмірінде ерекше орын алатындығы да осымен түсіндіріледі. Қоғамның материалдық 
және рухани мәдениетіне терең бойлаған педагогикалық мәдениет осы екеуінің арасындағы кӛпір 
қызметін атқарады. 
Әлеуметтік-нормативтік  мәдениет ӛндірістік  және  қоғамдық  саладағы  тұрмыс  әрекеттері 
барысындағы  қоғам  мүшелерінің  ӛзара  қатынасындағы  мінез-құлқын  реттеп,  бағыттап  отырады. 
Ол құқық, мораль, этикет дәстүрлері мен қарым-қатынас ӛлшем-ережелерін және т.б. бірлестіреді 
[1]. 
    
Қазақ  халқы  ӛзінің  тарихи  даму  жолында  халықтың  ұлттық  психологиясына,  ӛмірінің 
табиғи  жағдайына,  тұрмыс-тіршілігіне,  дәстүрлеріне,  мәдениетіне  сәйкес  ӛз  педагогикасын 
жасады.  Қоғамның  дәстүрлі  педагогикалық  мәдениетінің  мәнін  құрайтын  педагогикалық 
құндылықтар  кӛптеген  халық  ӛнері  туындыларында,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерінде,  сенім-
нанымдарында,  этномәдениетінде,  қарапайым  мінез-құлқында  кӛрініс  алады.  Қазақтар  туғаннан 
қартайғанға  дейін  осы  мәдениеттің  аясында  үздіксіз  ӛмір  сүрумен  бірге  халық  педагогикасын 
алғашында  тәрбие  объектісі  ретінде  қабылдады,  содан  соң  жеткіншектердің  қатынасындағы 
субъекті  ретінде  пайдаланды.  Осылайша  қоғамның  дәстүрлі  педагогикалық  мәдениеті  жеке  бір 
тұлғаның  этнопедагогикалық  мәдениетіне  айналып  отырды.  Халықтың  педагогикалық  мәдениеті 
адамның жалпы мәдениетінің құрамдас бӛлігі болды. Демек, қоғамның педагогикалық мәдениеті 
тұлғаның этнопедагогикалық мәдениетінің базалық рӛлін атқарды [2]. 
Тәрбиенің  дәстүрлі  педагогикалық  мәдениетінің  маңызды  ерекшеліктеріне:  табиғилық, 
табиғатқа  сәйкестілік,  сабақтастық,  тізімділік,  синкреттік,  ұжымдық  сипат,  әрекеттік  жатады. 
Егер табиғилық халық  ӛмірінің  қарапайымдылығын  білдірсе, табиғатқа  сәйкестілік деген 
халықтың  табиғат  заңдылықтарын  анықтап,  ой-елегінен  ӛткізуін,сабақтастық педагогикалық 
ықпалдың  үздіксіз  сипатын  кӛрсетеді, синкреттік  болса жаңа  ұрпақтың  рухани  жетілуіне  ықпал 
ететін рухани және материалдық мәдениеттің элементтерін қарастырады. Ол адамзат мәдениетінің 
маңызды  жетістіктерін  (ғылым,  философия,  ӛнер)  құрайды. Әрекеттік жетілген  адам  бейнесін 
жасауда, оны тәрбиелеуге қажетті құралдарды табуда, ӛңдеуде кӛрініс алады. 
«Педагогикалық мәдениет» ұғымы жеке бас ерекшеліктерінің жиынтығы – тұлғаның адами 
бағыттылығы, шығармашыл  педагогикалық  ойлану,  инновациялық  қызметке  қабілеттік,  жоғарғы 
әлеуметтік  жауапкершілік  –  сияқты  қарастырылады.  Егер  педагогикалық  мәдениеттің 
тасымалдаушылары, тәрбиелік практикамен кәсіби, сондай-ақ кәсіби емес дейгейде айналысатын 
адамдар  болып  табылса,  онда  кәсіби  –  педагогикалық  мәдениеттің  тасымалдаушылары, 
құрамдастары  педагогикалық  қызмет,  кәсіби  деңгейдегі  қызмет  пен  қарым-қатынас  субъектісі 
ретіндегі  педагогикалық  қарым-қатынас  пен  тұлға  болып  табылатын,  педагогикалық  еңбекті 
жүзеге  асыруға  арналған  адамдар  болып  табылады.  Кәсіби-педагогикалық  мәдениет  бір  ұғымға 
жасанды кіріктірілген екі мәдениеттің жәй симбиозы емес. Ол педагог-кәсіпқойдың жеке басының 
интегральды  қасиеті  сияқты,  оқытушының  кәсіби  білімдарлығының  қорытылған  кӛрсеткіші 
ретінде  және  кәсіби  ӛзін-ӛзі  жетілдірудің  мақсаты  сияқты  кӛрінеді.  Қысқаша  айтқанда, 
педагогикалық мәдениет  - білім мен тәрбие беру мәдениеті.   
Педагогикалық  мәдениет  кӛп  мәдениеттілік  жағдайында  нәтижелі  педагогикалық  әрекетті, 
балалармен  іскерлік,  тұлғалық  деңгейде  ӛзара  әрекетті  ұйымдастыруды  қамтамасыздандыратын 
жалпы білім беретін ұлттық мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің жүйе құраушы 
бӛлігі  болып  табылады.  Кәсіби  -  педагогикалық  мәдениет  үлгісі  мына  әдістемелік  пікірлерде 
құрылуы мүмкін: 

 
66 
 
Кәсіби  –  педагогикалық  мәдениет  –  бұл  тіршілік  етудің  түрлі  формаларында  кӛрінетін, 
педагогикалық шынайылықтың әмбебеп сипаттамасы; 
 
Кәсіби  –  педагогикалық  мәдениет  интерпоризделген  жалпы  мәдениет  болып  келеді  және 
педагогикалық қызмет саласына жалпы мәдениетті арнайы проекциялау функциясын оындайды; 
 
Кәсіби  педагогикалық  қызмет  –  бұл  қоршаған  ортамен  сайланып  ӛзара  әсер  ететін  жеке 
ұйымы  бар  және  жеке  бӛліктердің  қасиеттеріне  жеткізілмейтін  тұтастың  интегративтік 
қасиеттеріне ие, құрылымдық – функциональдық компоненттердің бірқатарын ӛзіне қосып алатын 
жүйелік білім;  
 
Кәсіби  –  педагогикалық  мәдениет  талдауының  бірлігі  ретінде  ӛзінің  табиғаты  бойынша 
шығармашыл педагогикалық қызмет алға шығады.  
 
Оқытушының  кәсіби  –  педагогикалық  мәдениетінің  іске  асырылуы  мен  қалыптасуының 
ерекшеліктері  тұлғаның  әлеуметтік  –  педагогикалық  тәжірибесімен  қалыптасқан  жеке  – 
шығармашылық, психфизиологиялық және жас ерекшеіктерімен байланысты болады.  
Адамның педагогикалық мәдениетінің деңгейі бұл адамның тәрбиеші мен педагогтың рӛлін 
қаншалықты  дәрежеде  орындайтынына  байланысты  анықталады.  Соңғысы  бірқатар  факторларға 
байланысты. Олардың арасынан бірқатарын бӛліп кӛрсетуге болады: 
 
Адам игерген білімдер кӛлемі; 
 
Оның ӛмірлік тәжірибесі, адамдық даналығы; 
 
Ӛз білімдерін бере алу дағдылары мен біліктері [1]. 
Мұғалімнің  педагогикалық  мәдениеті оның  рухани  әлеуетін,  жалпы  адамзат  мәдениеті  мен 
ұлттық  мәдениет  дәстүрлерін  меңгерудегі  деңгейін  кӛрсетумен  бірге  тұлғаның  кәсіби 
шығармашылықты  әрекетінде  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуінің  амалы  болуы  керек.  Рухани-адамгершілікті 
жетілген адам болу үшін болашақ мұғалім ең алдымен ӛз халқының мәдениетін, салт-дәстүрлері 
мен  әдет,  ғұрыптарын  жетік  білгені  жӛн.  Бұл  оған  басқа  ұлттың  мәдениетін  түсініп,  бағалауға, 
әлемдік  деңгейдегі  мәдениетке  араласуына  кӛмектеседі.  Мұғалімнің  педагогикалық  білімі  мен 
іскерлігі балалармен педагогикалық ӛзара әрекетті тиімді ұйымдастыруда септігін тигізеді. 
Мұғалімнің  педагогикалық  мәдениетінде  кӛрініс  алатын  мынадай  компоненттерді  негізге 
аламыз:  эмоционалдық-мотивациялық,  мазмұндық,  бағалаушылық,  іс-әрекеттік.   Эмоционалдық-
мотивациялық  компонент тұлғаның  бағыттылығын  (рухани,  әлеуметтік  қажеттіліктегі, 
кӛзқарастағы,  мінез-құлқындағы,  тәртібіндегі,  қызығушылығындағы,  мотивіндегі  және  т.б.) 
анықтайды. 
Мазмұндық компонент тікелей 
эмоционалдық-мотивациялық 
компоненттің 
қалыптасуына  байланысты  болады  және  болашақ  мұғалімнің  білім  деңгейін  кӛрсетеді. 
Бағалаушылық  компонент студенттің  педагогика  әлеуетін  қабылдап,  оны  пайдаланудағы  ӛз  іс-
әрекетін  талдап,  бағалай  білуін  анықтаса,  іс-әрекеттік компонент мұғалімнің  іс-әрекетімен 
анықталады  және  оның  білім  деңгейін  кӛрсетеді,  ӛйткені  іскерлік  пен  дағды  білімнің  жүзеге 
асырылуы болып табылады [3]. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Бенин ВЛ. Педагогическая культура: философско-социологический анализ. - Уфа, 1997. – 
240 с. 
2.
 
Кузьмина Н. В. Очерки психологии труда учителя. - Л., 1967. - 264 с. 
3.
 
Станкин  М.И.  Профессиональное  способности  педагога  акмеология  воспитания  и 
обучения. - Москва, 1998. 
 
Резюме 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  педагогической  культуры,  в  основу  которой  входит 
образовательная  и  воспитательная  культура.  В  педагогическую  культуру  преподавателя  входят 
такие  компоненты,  как  эмоционально–мотивационный,  содержательный,  самооценочный, 
деятельный. 
 
Summary 
In the article to see the guestions of pedagogical  culture. Mainly which enter the educational and  
developing components like. Emotional – motivation, substantianal, self – marked, energetic. The culture 
at diffevent history pevied, bring up a new generation, reflects the relations of the people to each other, to 

 
67 
surrounding world, also their glances and ideas. The culture subordinates itself time, cause lanks the past 
and future. Pay attention to past at new conditions always is a became cool. 
 
 
ӘОЖ 681.3 
 
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ  БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ  КӘСІБИ  
БАҒДАРЛЫ   ТҦЛҒАЛЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
С.Т.ЖАРБУЛОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қазақстан    Республикасының    үздіксіз  кӛп  деңгейлі    білім  беру  жүйесінің  стратегиялық 
мақсаты – еліміздің әлеуметтік-экономикалық  даму жағдайына сәйкес  жеке тұлғаның  деңгейлі 
білімге  деген  сұранысын  қанағаттандырып,  оның  кәсіби-тұлғалық  табысқа  бағдарланған 
шығармашылық  іс-әрекетін  дамытуға  психологиялық  және  педагогикалық  жағдай  жасау  болып 
табылады. Бәсекеге қабілеттілік фактордың ықпалы нәтижесінде қоғамда болып жатқан ӛзгерістер  
дамушы тұлғаның қажеттілігін, ынта-ықыласының әрекетін ескеріп, деңгейлі кәсіби  білім беруге 
жаңаша тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Мұның ӛзі кәсіби білім беру жүйесінде оқытушылар 
мен  болашақ  мамандардың  яғни  студенттердің  кәсіби  бағдарлы  шығармашылық  іс-әрекетін 
қалыптастыру  үшін  педагогикалық  инновациялық  үдерісті    ұйымдастыру  міндетін  жүктейді. 
Болашақ  мамандардың    білім  беру  үдерісінде  кәсіби  бағдарлы    шығармашылық  іс-әрекетін 
қалыптастыру  жүйесінде  әлеуметтендіру  процесін  қамтамасыз  ету  негізі  -      тұлғаның 
шығармашылық сапасы болып табылады.    
Үздіксіз  кӛп  деңгейлі  кәсіби    білім  беру  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағдарлы  
шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастырудың    негіздерін  айқындауда    тұлға,  іс-әрекет, 
шығармашылық,  әлеуметтік,  тұлғаны  әлеуметтендіру  мәселелері  жүйелі  зерттелген.  Дамушы 
тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін  қалыптастыруға және  жүйелі дамытуға жасалған ғылыми-
педагогикалық  талдау  барысында    студенттердің    білім  беру  үдерісінде  кәсіби  бағдарлы  
шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастырудың  әдіснамалық  негізін  тұлғалық,  іс-әрекеттік, 
әлеуметтік,  тұлғалық–бағдарлы,  мақсатты-жүйелілік,  ақпараттық    тұғырлары  негізделді.  Үздіксіз 
кӛп  деңгейлі  білім  беру  жүйесінде    болашақ  мамандардың  кәсіби  бағдарлы    шығармашылық  іс-
әрекетін  қалыптастыруға  қажетті  әдіснамалық  тұғырлары  тӛмендегі  кестеде  беріліп  отыр  (1-
кесте). 
Кесте  1  -  Үздіксіз  кӛп  деңгейлі  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағдарлы  
шығармашылық  іс-әрекетін қалыптастыруға  қажетті  әдіснамалық  тұғырлар 
 
Әдіснамалық тұғырлар 
Болашақ мамандардың кәсіби бағдарлы  шығармашылық 
іс-әрекетін  қалыптастырудың    психолого-педагогикалық 
жүйесі 


                 
Дара  тұлғалық 
  
Болашақ  мамандарды  білім  беру  үдерісінің    субъектісі 
ретінде қабылдау. Студенттің дара тұлғалық  ерекшелігін 
айқындау, үздіксіз ӛздігінен дамытуға бейімдеу.    
                   Іс-әрекеттік 
Кәсіби  бағдарлы  білімденуде  болашақ  мамандардың 
ӛздігінен    нәтижелі  табысқа  жетуге    ӛзіндік  мақсат  қоя 
білуі  арқылы  қадамдап  нәтижеге  жете  білуі.  Білім 
субъектілерінің  кәсіби  бағдарлы    шығармашылық 
әлеуетінің дамуына  ӛзара ықпал ету,   тұлғалық табысқа 
бағдарлы  жүзеге  асыруына    педагогикалық  шарттардың 
орындалуын қамтамасыз ету. 
                  
                      Әлеуметтік 
 
 
  Болашақ  мамандарды  әлеуметтік  қатынастар  жүйесіне 
түсуі.  Әлеуметтік  қатынастар  жүйесінде  болашақ 
мамандардың    кәсіби  бағдарлы  шығармашылық    іс-
әрекетін  қалыптастыруға бағыттау. 

 
68 


          
           Тұлғалық–бағдарлы 
 
 
Болашақ мамандардың кәсіби бағдарлы мағлұматтар мен 
сан-қырлы    ақпараттарды  сыни    тұрғыдан    бағалауы, 
кәсіби 
бағдарлы 
шығармашылық 
мүмкіндіктерін 
айқындау,  ұтымды  шешім  қабылдауы,  белсенді  түрде 
жаңаны  іздеуі,  ӛз  пікірі  мен  қорытындысын  дәлелдей 
білуге  жеткізу,  тұлғалық  белсенділік  позициясын 
нақтылау 
           
             Мақсатты-жүйелілік 
 
   Білім  беру  үдерісінде  болашақ  мамандардың  кәсіби 
бағдарлы    шығармашылық  іс-әрекетін  шығармашылық  
ойлау  -  шығармашылық  қиял  -  шығармашылық 
қабілеттерін  мақсатты-жүйелі  түрде  ықпал  ету  арқылы 
үздіксіз дамытуға бейімдеу. 
     Ақпараттық- технологиялық 
          
 
Болашақ  маманның  ӛздігінен  білім  алуға  ӛзіндік  даму 
траекториясын 
қамтамасыз 
ететін 
ақпараттық 
технологиялық 
сауаттылығы, 
кәсіби 
бағдарлы  
шығармашылық  іс-әрекетте  ақпарат  кӛздерін  тұлғалық 
нәтижелі 
табысқа 
толыққанды 
 
пайдалануға  
педагогикалық   мүмкіндіктерді  қарастыру. 
 
Жоғарыда  кӛрсетілген  әдіснамалық  тұғырлардың    жүйелілігі  болашақ  мамандардың  кәсіби 
бағдарлы    тұлғалық  шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  педагогикалық    жағдай  тудыра 
отырып, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның дамуына ықпалын тигізеді. 
   Болашақ  мамандардың  кәсіби  бағдарлы      шығармашылық  іс  әрекетін  қалыптастыруда  –  кәсіби 
бағдарлы  құнды    мәліметтерді  қайта  жаңғырту  немесе  жинақтау  барысында  кӛрініс  беретін 
теориялық және практикалық іс-әрекеттің жаңа формасын кӛрсетеді.  
   Бүгінгі  таңда  жалпы  білім  беру  үдерісінде    шығармашылық  жетістіктер  дара    тұлғалық  ғана  
емес,  әлеуметтік  құнды  бағалы  мазмұнға  ие  болғандығы  айқындалып,    жаңа  бағыттағы 
интерактивті  педагогикалық    технологияларды  осы  педагогикалық    ӛзекті  мәселеге    назар 
аударуына мәжбүр етті.  
    Үздіксіз білім беру үдерісінде  кәсіби бағдарлы тұлғалық шығармашылық дегеніміз – білім беру 
үдерісінде  білім  субъектісінің  тұлғалық  даму  парадигмасының  мүмкіндіктеріне  ақпараттық 
даму    бейімділігін  айқындау  арқылы  тұлғалық  нәтижелі  табыс    дегенді  білдіреді.    Болашақ 
маманның тұлғалық шығармашылық қабілет сапалары: 
-
 
болашақ мамандардың дара тұлғалық  ақыл-ой белсенділігі  және кәсіби бейімділігі; 
-
 
блім  беру  үдерісінің    нәтижелі  табысты  қамтамасыз  ету  мақсатында  ақпаратты  меңгеру 
жылдамдығы; 
-
 
кәсіби  бағдарланған  нақты  практикалық  іс-әрекетті  орындауға  қажетті  білімді  нәтижелі 
табысқа бағдарлауға  дара тұлғалық тырысушылық; талпынушылық; 
-
 
индивидуалдық және дифференциалдық тапсырмаларды орындауға қабілеттік.  
   Кәсіби білім беру үдерісінде дара тұлғалық шығармашылық  болашақ маманның  ӛзіндік ойлау 
белсенділігі  мен  шығармашылық  қабілеті  ретінде  іс-әрекет  сипаты  және  жеке  қасиеті  бойынша 
анықталады.  Дифференциалдық  дербес  жұмысты  орындай  отырып  болашақ  маман  қалыптасқан 
дүниетанымы  негізінде  дағдыларын  пайдалана  отырырып  ӛздігінен    ізденеді,  тұлғалық 
шығармашылығы  мен    белсенділік  әрекеті  анық  кӛрінеді    және    кәсіби  тұлғалық  танымдық  
процесі жаңа деңгейге кӛтеріледі. Дара тұлғалық шығармашылық қабілеттілікті дамыту болашақ 
маманның ізденімпаздық әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталу  
арқылы нәтижелі табысты қамтамасыз ету мүмкіндіктері толыққанды іске асырылады. Бұл жерде 
болашақ мамандар тарапынан саналы  ізденімпаздық әрекет қажет, ал саналы әрекеттің маңызды 
сипаттарының бірі – тұлғалық шығармашылық.  
     Білім  беру  үдерісінде  болашақ  мамандардың  тұлғалық  шығармашылығын  дамытуда  
субъектілік іс әрекеттің мазмұны:  
-
 
білім  беру  үдерісінің  оқу  міндетін  орындаудың  нәтижесі  ретінде  жалпы  амалдарды 
меңгеруін  бақылау,  бағалау,  орындау  әрекетін    «МЕН»  концепциясына  бағыттау    барысында 

 
69 
ӛздігінен  даму  әрекетіне бейімдеу; 
-
 
субъектілік      іс-әрекет  қажеттілігін  туғызатын  оқытушы  мен  студенттің  арасындағы 
байланыстың  дамуын  орнататын  күрделі  процесс  «оқытушы-студент»,  «кәсіби  маман-  болашақ 
маман»; 
-
 
 болашақ  мамандардың  ізденушілік  бағытын  таңдау  қажеттігіне  және  жаңа  нәтиже 
туғызуға        бағытталған  кәсіби  сапалы,  рефлексивті  әрекетті  кәсіби  бағдарлы    білімдер  мен 
іскерліктерді игеруге, жалпы тұлғалық белсенділік пен қабілетін дамытуға  ықпал жасайтын үрдіс. 
    Біз  жеке  тұлғалық-бағдарлы  тұрғыда  білім  беруді  қолдай  отырып,  кәсіби  бағдарлы 
шығармашылықты  дара  тұлғалық  ой-сананың,  қызығушылықтың  шоғырланып,  кәсіби  бағдарлы 
нәтижелі табысқа бағдарлы мақсатқа бағытталу  деген пікірді ұсынамыз. 
 
Әдебиеттер: 
1.Омарова  Р.С.    Оқушылардың  шығармашылық    қызығушылығын  қалыптастыру 
технологиясы. Оқу кұралы. -Ақтӛбе, 2007.-181б.  
2.Мустояпова А.С., Қапапова  Л.Т. Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін қалыптастыру. Оқу 
кұралы.-Ақтобе, 2007.-193 б. 
3.Щербаков А.И. Цели и задачи творческого саморазвития личности. - Москва, 2007. - 98 с. 
4. Кулюгин Ю.ІІ. Творческий подход в процессе обучения .-М., 1997.-112 с.  
5.Жарбулова  С.Т.  Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  бейімділігін  дамытуда  деңгейлік  оқу 
топтарын ұйымдастыру жолдары.  // Білім-Образование. - 2007. -  №5(35). – 24-26 бб. 
6.Жарбулова  С.Т.  Үздіксіз  кӛп  деңгейлі  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мұғалімдерді 
даярлауды  жетілдірудің  негізі.  //  «Т.Ізтілеуов-125жаста»  атты  республикалық  ғылыми-
практикалық конференция материалдары.  – Қызылорда: Қызылорда гуманитарлық университеті, 
2007. - 40-46 бб. 
 
Резюме 
       Целью  совершенствования  профессионального  педагогического  образования  является 
создание 
наиболее 
благоприятных 
педагогических 
условий 
для 
формирования 
конкурентоспособной  личности  педагога,  способных  к  непрерывному    и  систематическому 
профессиональному  самообразованию.  Этим  определяется  содержание  профессиональной 
подготовки    будущих  учителей  и  адекватной  ориентации  их  сознания  на  личностно-
профессиональное совершенствование своих способностей. 
                                                   
Summary 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет