«полиметалл» АҚ Қызыл жобасының ЭӘӘБ



Pdf көрінісі
бет7/95
Дата06.03.2017
өлшемі57,11 Mb.
#7962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95

2.4

 

Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  заң,  2010ж.  (2014ж. 

желотқсанындағы өзгертулер мен  толықтырулар енгізілген).  

 

Қазақстанда  елдің  бай  минералды  ресурстарын  пайдалануды  регламенттейтін  жаңа  кешенді 



заңнама қабылданды. 2010ж. маусым айында жаңа жер қойнауы туралы заң қабылданды. Ол 

алдыңғы  нормативті  реттеу  жүйесінен  түпкілікті  айырмашылығы  болған  жоқ,    бірақ  ол  қатаң 

бақылау,  тұрақтылық  және  әлеуметтік  жауапкершілікті  қамтамасыз  ету  бойынша  маңызды 

мемлекеттік  мақсаттарға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді  деп  күтілді.  Ол  бірқатар  бұрынғы 

бірін-бірі  толықтыратын,  алайда  кейде  бір-біріне  қарама  қарсы  заңдар  мен  ережелерді 

біріктіреді.  Оған  мемлекеттің  сатып  алуға  тиісті  бастамшы  құқығы  бар  жер  қойнауын 

пайдалануға  кез-келген  құқықты  табыстауға  келісімін  талап  ететін  ереженің  маңызды 

өзгерулері  енгізілген.  Оған  қоршаған  ортаны  қорғау,  жұмысқа  қабылдау  және  жергілікті 

кадрларды  кәсіби  даярлау,  және  жергілікті  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  қызметін 

пайдалану  бойынша,  сонымен  қатар  жергілікті  жобаларды  дамыту  үшін  қаржыландыру 

бойынша  міндетті  талаптар  бойынша  кешенді  талаптар  енгізілген.  Сонымен  қатар  заң, 

мемлекеттің экономикалық және мемлекет қауіпсіздігінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін жерт 

қойнауын  пайдалану  шарттарына  түзетулер  енгізуге  мүмкіндік  беретін  сенімді  шараларын 

қамтамасыз етеді. 

 

2010  жылы  күшіне  енген  негізгі  өзгерістердің  бірі,  тау-кен  өндіру  өнеркәсібін  қолдау  және 



дамыту  мақсатында  министрлікті  қайта  құру  болып  табылады.  Бүгінгі  уақытта  тау-кен  өндіру 

өнеркәсібі Инвестиция және даму министрлігінің құзыретінде. Ертеректе, тау-кен өндіру және 

мұнай-газ саласы бір министрліктің құзыретінде болған болатын. 

 

Жақын уақыттан бастап Қазақстан қайтадан нормативті-құқықтық базаны тұрақты жетілдіруді, 



салалық  тәжірибені  халықаралық  танылған  стандарттарға  сәйкес  дамытуды  қатаң  назарда 

ұстап келеді. 

 


Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 32 


 

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына 

сәйкес  (2010  ж.  желтоқсаны,  2013  ж.  жағдайына  түзетулер  енгізілген),  жер  қойнауын 

пайдалану құқығы келесі операцияларды жүргізу үшін беріледі: 

 

• жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу; 



• 

геологиялық барлау; 

• өндіру; 

•  барлаумен  немесе  өндірумен  байланысты  жер  асты  құрылыстарының  құрылысын  салу 

және/немесе пайдалану. 

 

Жобалық талаптар 

 

Жер қойнауын пайдалану туралы заңға сәйкес Жоба басшылығы міндетті: 



 

•  топырақтардың  желдік  екінші  реттік  эрозиясына  жол  бермеу  және  тау  ландшафтының 

элементтерін болдырмайды.; 

•  жерүсті және жерасты суларын ластаудан қорғау үшін өндірістік алаңдарды гидрооқшаулау 

қажет; 

 атмосфераға түсетін ластағыш заттардың шығарындыларын болдырмау; 



тау-кен жұмыстарымен бүлінген жердің опырағының құнарлығын арттырады. 

•  мұнай  өнімдерін  және  басқада  зиянды  заттарды  сақтау  немесе  көму  нәтижесінде  немесе 

ағын суларды лақтыру нәтижесінен туындайтын ластануларға жол бермеу;  

• жерүсті және жерасты суларының жиналу орындарында қалдықтардың жиналып болдырмау 

үшін, өндіріс қалдықтарын сақтау және орналастыру кезінде экологиялық талаптарды сақтауға. 

 

ҚР экологиялық саясаты  

 

Қазақстанның  экологиялық  саясаты  бірқатар  басқаратын  қағидаларды  қарастырады,  олар 



тұрақты  даму  ұстанымдарын  сақтауды  талап  етеді,  және  экологиялық  іс-шаралардың 

келесілерге бағдарлануын талап етеді: 

 

• адамға және қоршаған ортаға әсерін ескеруді; 



• бағдарламларды жобалаудың және дайындаудың ерте кезеңдерінде экологиялық әсер етуді 

ескеруін қарастырады; 

• жария тыңдалымдарға дұрыс назар аударуды; 

•  салдарларды  жеңілдеті  бойынша  жоспарлардың  және  төтенше  жағдайлардағы  әрекет  ету 

жоспарының қамтылуын; 

• аудит және мониторингтің өткізілуін қарастыру

• заңды түрде міндетті талаптар болып табылауын; және 

• заңды түрде рәсімделуін. 

 

ҚР  Экологиялық  кодексі  2007ж.  қаңтарында  қабылданды,  2011  жылдың  желтоқсан  айында 



оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Экологиялық сараптама екі түрде жүзеге асырыла 

Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 33 


 

алады,  бұл  туралы  Экологиялық  кодекстің  45  бабында  «Экологиялық  сараптаның  түрлері» 

сипатталған.  Осы  бапқа  сәйкес,  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  органмен 

бастамаланған  мемлекеттік  экологиялық  сараптама,  және  сараптама  комиссияларымен 

орындалағын қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады. 

 

Саясат  қоршаған  ортаға  әсер  етуді  бағалауға  (ҚОӘБ)  және  ластануды  бақылауға  қойылатын 



нормативті  талаптардың  негізіне  сүйенеді,  ол  жобалардың  басшылығынан,  жобаны  дамыту 

барысында  қоршаған  ортаны  қорғау  және  әлеуметтік  басқару  саласындағы  ең  жоғарғы 

халықаралық стандарттарға ұмтылуды талап етеді. 

 

Құрылыс жасауға рұқсат алу рәсімі «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған 



жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) 

құжаттамасына  сараптама  жүргізу,  сондай-ақ  мемлекеттік  инвестициялар  есебінен  салынып 

жатқан  жобаларды  бекіту  ережесі  туралы»  (2014  жылдың  сәуіріндегі  жағдайына  өзгертулер 

мен толықтырулар енгізілген) қарарымен реттеледі. 

 

2.5

 

ҚОӘБ/ЭӘӘБ орындау үдерісі  

 

Барлық  жоспарлау  алдындағы,  жоспарлау,  жобалау  алдындағы  және  жобалау  құжаттамасы 



Қазақстанда  мемлекеттік  экологиялық  сараптамадан  өткізуге  жатады.    Ол  өзіне  ҚОӘБ 

бойынша  есепті  ұсынуды  қамтиды.  ҚОӘБ  орындау  үдерісі  ұлттық  деңгейде,  Қазақстан 

Республикасының  Экологиялық  кодексінің  35-бабымен  (2007жылдың  қаңтар  айынан,  2014 

жылдың  желтоқсанындағы  жағдайына  толықтырулар  мен  өзгертулер  енгізілген)  және  ҚР 

Қоршаған  ортаны  қорғау  министрінің  бұйрығымен  бекітілген,  көзделген  шаруашылық  және 

өзге  қызметтердің  жоспарлау  алдындағы,  жоспарлау,  жобалау  алдындағы  және  жобалау 

құжаттамасын дайындау барысында қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша нұсқаулығымен 

(2007ж. маусым) реттеледі. 

 

Шаруашылық  қызметті  сараптаманың  оң  нәтижесін  алмауынсыз  және  арнайы  табиғатты 



пайдалану бойынша рұқсатты алмастан жүзеге асыру мүмкін емес. 

 

Қазақстандағы рұқсат алу рәсімі екі кезеңнен тұрады: жобаны бастамалау (жобаны дайындау 



және  құрылысты  қамтиды)  және  пайдалану.  Осы  рәсімнің  шеңберінде  ҚОӘБ  орындау  үрдісі 

алдын  ҚОӘБ  және  толық  ҚОӘБ  дайындауды  қамтиды.  Алдын  ала  ҚОӘБ  (қоршаған  ортаға 

әсерін  алдын  ала  бағалау)  жоспарлауды  бастаудың  және  инвестициялық  фазаның  алдында 

орындалады.  онда  жоспарланған  шаруашылық  және  басқа  қызмет  сипатталады.  ҚОӘБ  алды 

ТЭН  бір  бөлігі  болып  табылады,  ол  негізгі  жобалау  алдындағы  құжатты  білдіреді.  ҚОӘБ 

материалдарында  объектілердің  барлық  аспектілерінің  толық  әсер  етуінің  егжей-тегжейлі 

талдауы және қоршаған ортаға жоспарланған шаруашылық қызметінің құрылымы қамтылған. 

 

ҚОӘБ  ережелерінде  дайындаушылардың  қоршаған  ортаға  әсерін  бағалауды  қалай  жүргізу 



қажет және  ҚОӘБ есебінің сараптамасын қалай орындау  керектігіне  қатысты жалпы талаптар 

қамтылған.  Пайдалы  қазбаларды  өңдеуді  бастаудың  алдында  қызығушылық  танытқан 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 34 


 

тараптар  үшін  қоғамдық  тыңдалым  өткізу  және  есепті  мемлекеттік  органдарда  бекіту  талап 

етіледі. Қоғамдық тыңдалымдардағы талқылаулар жазылады. 

 

Қоғамдық  тыңдалымдарды  өткізу  ҚР  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрінің  Қоғамдық 



тыңдалымдарды  өткізу  ережелерін  бекіту  туралы»  бұйрығымен  реттеліп  отырады  (2007 

жылдың  мамыр  айы,  2013  жылдың  наурыз  айындағы  жағдайына  түзетулер  енгізілген). 

Жұртшылықпен  әрекеттесу  мәселелері  Экологиялық  кодекстің  келесі  баптарымен  реттеліп 

отырады: 

 

ҚР  Экологиялық  кодексінің  (2007)  57  бабының  2-4  тармақтарында  былай  делінген: 



«барлық  қызығушылық  танытқан  азаматтардың  және  қоғамдық  бірлестіктердің 

мемлекеттік  экологиялық  сараптама  өткізу  кезеңінде  өз  пікірлерін  білдіру 

мүмкіндіктері  болуы  тиіс»; 

«Қоғамдық  тыңдалымдар,  жүзеге  асырылуы  тікелей  қоршаған 

ортаға  және  азаматтардың  денсаулығына  әсер  етуі  мүмкін  жобалар  бойынша  өткізіледі»; 

«Қоғамдық  тыңдалымдарды  өткізу  тәртібі  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  өкілетті 

органмен  белгіленеді  және  қызығушылық  танытқан  тұлғалардың  анықталуын,  ақпарат  және 

кеңес  алынуы  мүмкін  жерлерді  көрсетілуін,  халықты  ақпараттандыру  тәсілдерін  көрсетуін, 

халыққа кеңес беру жүзеге асырылатын әдісті анықтау түрлері анықталуы тиіс».

 

•  Экологиялық кодекстің (2007) 163-бабы, экологиялық ақпаратқа рұқсатты анықтайды. Онда 



экологиялық  ақпараттың  жалпыға  қолжетімді  деп  танылуы  тиіс  деп  баяндалған,  ҚР  заңымен 

қарастырылған жағдайларды қоспағанда. 

«Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу 

кезінде шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізу бойынша 

нұсқаулық» 

 

ҚОӘБ әрбір кезеңі мемлекеттік экологиялық сарапшыларының бағалауынан өтуі тиіс. Осындай 



бағалаудың  оң  қорытындысы  жобаны  жүзеге  асырудың  қажетті  шарты  болып  табылады. 

Мұнан 


басқа, 

бағалады 

қорыту 

қоршаған 



ортаны 

қорғау 


бойынша 

жергілікті 

департаменттермен мақұлдануы тиіс. 

 

Алдын  ала  ҚОӘБ-де  қазақстандық  шығарындылар/лақтырындылар  деңгейінің  нормаларына 



сәйкес Бақыршықтағы атмосфералық шығарындылар мен қатты және сұйық шығарындыларды 

лақтырындыларын бағалау жасалынады. 

 

Қоршаған  ортаға  әсер  етуін  бағалауы  жергілікті  және  халықатарлық  стандарттар  бойынша 



жалпы алғанда сәйкес келетіндігіне  қарамастан, олар әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру 

үшін жүргізіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау, жергілікті стандарттар бойынша, мемлекеттік 

заңнаманың  талаптарына  сәйкес  орындалады,  экологиялық  және  әлеуметттік  әсер  етуді 

бағалау  жобаны  қаржыландыру  үшін  дайындалған.  Халықаралық  талаптар  бойынша  

экологиялық және әлеуметтік әсерді бағалау жергілікті ҚОӘБ талаптарынан асады және нақты 

критерийлерді    МФК  «қызмет  стандарттарын»  қанағаттандыруға  бағытталған,  соның  ішінде 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 35 


 

жобаның  әлеуметтік-экономикалық  әсерін  оден  де  кеңірек  қарастыруды  өткізу  жоспарында. 

Қоршаған ортаның жағдайы бойынша фондық деректердің көп бөлігін ҚОӘБ үшін, және ЭӘӘБ 

үшін  де  пайдалануға  болады,  фондық  деректерді  жинау  және  дайындау  үздік  халықаралық 

тәжірибелермен 

салыстырылатынәдістермен 

жүргізіледі 

деген 


шартпен. 

Бағалау 


айырмашылығы  фондық  деректердің  көлемінде  және  төменде  аталып  өткен  тізім  бойынша 

әсер етуді бағалауды орындау үрдісінде болып табылады: 

 

• әлеуметтік аспектілер / жергілікті халық; 



• биоалуантүрлілік; 

• су ресурстары; 

• экожүйенің интеграцияланған қызметтері. 

 

Сурет  2.1  ЭӘӘБ  үрдісін  бейнелейді  және  оның  ТЭН-мен  қатарлас  орындалатындығын 



бейнелейді.  Берілген  суретте  сонымен  қатар,  барлық  осы  үрдістің  жүргізу  барысында 

қызығушылық танытқан тараптармен әрекеттесу талаптары көрсетілген. 

 


Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 36 


 

 

Сурет 2.1: ЭӘӘБ орындау үдерісі 

 

 

 



Бақыршық бойынша ҚОӘБ 2012ж. аяқталды, ҚОӘБ және ҚОӘБ-ге арналған шолу экологиялық 

және  әлеуметтік  зерттеулер  бойынша  қоғамдық  тыңдалымдар  2012ж.  наурыз  айында 

жүргізілді.  Салдарында  жобалар  бойынша  қорытындылар  алынды.  ҚОӘБ-де  максималды 

қоршаған ортаға зиянды заттардың рұқсат етілген шығарындылары мен лақтырындыларының 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 37 


 

деңгейі  бойынша  деректер  берілген,  атмосфералық  ластаушыларды,  ағын  сулар  мен 

қалдықтарды қоса алғанда. 

 

 



Мемлекеттік сараптама 

 

Мемлекеттік  экологиялық  сараптама  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  өкілеттілігі  бар 

агенттікпен,  сонымен  қатар  жергілікті  атқарушы  органдармен  жүргізіледі.    I  санатты 

объектілердің  мемлекеттік  экологиялық  сараптамасы  қоршаған  ортаны  қорғау  саласының 

орталық  атқарушы  органымен  жүзеге  асырылады;  II  және  III  санатты  объектілердің 

сараптамасы  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  өкілеттілігі  бар  органның  аумақтық 

департаментімен жүзеге асырылады; IV санатты объектілер жергілікті атқарушы органдармен 

қарастырылады.  Мемлекеттік  экологиялық  сараптаманың  қорытындысы  міндетті  түрде 

орындауға жататын ресми құжат болып табылады. 

 

Қоғамдық сараптама 

 

Жұртшылықтың  қатысуы  (азаматтық  қоғам  өкілдері)  артады,  қоғамдық  пікір,  әдетте,  ұсыныс 



беру  сипатында  болады.  Жұртшылықтың  заңнамалық  талаптарды  сақтауы  және  орындауы 

жұртшылықтың  қатысуының  бір  әдісі  және  оның  қоршаған ортаны  қорғауға  әсер етуі, табиғи 

ресурстарды 

тиімді 


пайдалану 

және 


қоршаған 

ортаға 


жағымсыз 

әсерлерін 

болдырмау/жеңілдету болып табылады. 

 

Қоғамдық  экологиялық  сараптама  жеке  халық  тобының  бастамасымен  құрылған  сарапшы 



комиссиялармен  ерікті  негізде,  қауымдастықтар  мен  ғылыми  ұйымдармен,  қоршаған  ортаға 

тигізетін кез-келген әсерді бағалау үшін жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. 

 

Қолданыстағы  экологиялық  заңнама  ҚОӘБ-ды  шаруашылық  қызметтің  барлық  кезеңдерінде, 



бастапқы  жопсарлаудан  бастап,  құрылыс  кезеңдері  мен  жобалауды  және  пайдалануды  қоса 

алғанда, кәсіпорынды жапқанға дейін өткізуді талап етеді. Экологиялық тәуекелді болжалдау 

және  бағалау  ҚОӘБ  негізгі  міндеті  болып  табылады,  оны  орындау  мемлекеттік  экологиялық 

сараптамамен тексеріледі. 

 

Жобалық талаптар және мәртебе 

 

Экологиялық кодекске сәйкес ҚОӘБ орындау үрдісі бірнеше кезеңді қамтиды: 



 

 



Фондық жағдайда бағалау; 

 



ТЭН-ге арналған алдын-ала бағалау;  

 



Табиғатты қорғау бағдарламаларын егжей-тегжей бағалау және дайындау; 

 



Жобаның  қоршаған  ортаға  әлеуетті  әсерін  талқылау  үшін  қызығушылық  танытқан 

тараптардың өкілдерінің қатысуымен міндетті қоғамдық тыңдалымдар (Қазақстандық 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 38 


 

заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қоғамдық тыңдалымдардың жалғыз 

түрі);  

 



Жобаның жұмыс жасауын бастағаннан бір жылдан кейінгі бағалауы.  

 

Рұқсаттар және лицензиялар 

 

Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  бір  жыл  мерзіміне  табиғат  ресурстарын  пайдаланумен 



байланысты  рұқсаттарды  беруге  өкілетті.  Компания,  сонымен  қатар  табиғат  ресурстарын, 

әлеуетті  токсинді  химиялық  заттарды  пайдаланумен,  қауіпті  материалдарды,  жару 

жұмыстарына  арналған  материалдарды  тасымалдау  және  алып  келумен,  сонымен  қатар  су 

ресурстарын  пайдаланумен  байланысты  бірқатар  басқа  рұқсаттар  мен  лицензияларды  алуы 

тиіс.  Олардың  көпшілігі  аймақтық  /  жергілікті  атқарушы  органдар  арқылы  беріледі 

(әкімшіліктер деңгейі). 

 

Барлық шығарындылар түрін қамтитын экологиялық рұқсаттардың екі түрі бар: 



 

• Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар - рұқсаттың осы түрі ең көп тараған болып табылады. 

Табиғат  ресурстарын  пайдаланушылар  қызметтің  нақты  түрлеріне  және  жыл  сайынғы 

шығарындылар  көлеміне  қарай  төрт  санатқа  бөлінген.  Қоршаған  ортаға  эмиссиялау 

рұқсаттары  үш  жылдан  бастап  бес  жылға  дейінгі  белгілі  бір  мерзімге  беріледі.  Дәл 

созылушылығы табиғатты пайдаланушының санатына байланысты болады. 

•  Кешенді  экологиялық  рұқсаттар  -  кешенді  экологиялық  рұқсаттар,  өз  қызметін  ең  үздік 

қолжетімді  экологиялық  технологияларды  пайдалануға  сәйкес  жүргізіп  отырған  табиғат 

пайдаланушыларына,  және  алдын  ала  үкіметпен  бекітілген  кейбір  жобалар  үшін  белгісіз 

мерзімге берілуі мүмкін. 

 

Тау-кен жұмыстарын жүргізуді бастаудың алдында бірнеше рұқсаттар мен лицензиялар талап 



етілуі мүмкін, соның ішінде: 

 

• Өндіруге берілетін лицензия; 



• Су бөгетіне лицензия (бірінші рет 2009ж. БГР алынды); 

•  Қоршаған  ортаға  эмиссия  рұқсаты,  ауаны,  су  лақтырындылары  және  қалдықтарды  кәдеге 

жаратуды қоса алғанда (2011 жылы алынды); 

• Жер қойнауын пайдалану шарты (1995 жылы қол қойылған); 

• Жару жұмыстарын атқаруға рұқсат*; 

• Жару заттарын тасымалдауға рұқсат*; 

• Жару заттарын пайдалануға рұқсат*; 

• Жару заттарын сақтауға рұқсат*;  

• Қауіпті қалдықтарды орналастыруға рұқсат. 

(* 


Ескерту:  жару  заттарына  қатысты  барлық  рұқсаттарды,  жару  жұмыстарын  жасауды  бастаудың  алдында  алу 

қажет, Полиметалл рұқсаттарды алу үрдісіні 2014 жылы бастауды көздеп отыр

). 

 


Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 39 


 

Рұқсат  талаптарын  сақтама  әкімшілік  жауапкершілікке  алып  келуі  мүмкін  (негізінде 

айыппұлдар)  және  кейбір  жағдайларда  қылмыстық  жауапкершілікке  алып  келуі  мүмкін. 

Әкімшілік  айыппұлдар  өте  қомақты  болуы  мүмкін  және  рұқсатта  белгіленген  шектерден 

астаны шығарындылар құнының 1000% дейін болуы мүмкін. 

 

2.6



 

Халықаралық конвенциялар 

 

Қазақстан  келесі  халықаралық    экологиялық  және  әлеуметтік  конвенцияның  қатысушысы 



болып табылады, олар көп жағдайда ішкі заңнамадан асып түседі. 

 

• Трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенция (Эспо) - 1994 



жылдың 31 қаңтарында қол қойылған. 

•Қауiптi қалдықтарды шекара аралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау 

туралы  Базель  конвенциясы  -  2003  жылдың  3-ші  маусымынан  кейін  қол  қойылған;  қауіпті 

қалдықтардың  шекара  аралық  тасымалдануын  реттейді  және  Тараптарды  осындай 

қалдықтарды  экологиялық  қауіпсіз  тәсілдермен  кәдеге  жарату  және  басқаруын  қамтамасыз 

етеді. Бақыршық жобасында қауыпты қалдықтар генерацияланады. 

•  Озон  қабатын  қорғау  туралы  Вена  конвенциясы  (1985  ж.  22  наурызы)  -  1998  жылдың  26 

тамызында  қол  қойылған;  озон  қабатын  қорғауға  арналған  жаһандық  ынтымақтастықты 

қамтамасыз  етуге  бағыталған.  Бақыршық  жобасы  антропогенді  озонды  бұзушы  заттардың 

шығарындыларын қысқарту немесе жоюға тырысуы тиіс. 

•  Ауаның  алыс  қашықтықтарға  шекарааралық  ластануы  туралы  БҰҰ  БЭК  Конвенциясы(1979 

жыл, желтоқсан). 

•  Өнеркәсіптік  апаттардың  шекарааралық  әсері  туралы  БҰҰ  БЭК  Конвенциясы  (Хельсинки, 

1992); 


• Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы  - 1998 жылдың 26 тамызында 

қол қойылған. 

•  БҰҰ-ның  климаттың  өзгеруі  туралы  Шекті  Конвенциясы  –  Қазақстан  Конвенцияны  2000 

жылдың 14 қаңтарында № 11 Заңын шығару арқылы ратификациялады. 

•  БҰҰ-ның климаттың өзгеруі  туралы Шекті Конвенциясына Киото хаттамасы   –  2009 жылдың 

19  маусымында  ратификациялады:  Шығарындылардың  мақсаттық  көрсеткіштерін  енгізеді. 

Бақыршық  Жобасының  шығарындылары  Қазақстан  шығарындыларының  жалпы  көлемін 

есептеу кезінде есептелетін болады. 

•  Биологиялық  әртүрлілік  туралы  конвенция  -  2008  жылдың  8  қыркүйегінде  қол  қойылған; 

биологиялық  әртүрлілікті  сақтауға  және  оның  компоненттерін  тұрақты  пайдалануға  септігін 

тигізеді. 

• Биоәртүрлілік Конвенциясына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы - 2008 

жылдың 8 қыркүйегінде қол қойылған. 

•  ТМД  елдерінің  арасындағы  экология  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 

ынтымақтастық туралы келісім (1999ж.). 

• Экологиялық мониторинг саласындағы ТМД елдерінің ынтымақтастығы (1999ж.). 

•  Жойылып  кету  қауіпті  жабайы  фауна  және  флора  түрлерін  халықаралық  сату  жөніндегі 

конвенция,  (СИТЕС),  немесе  Вашингтон  конвенциясы  (2000  жылы  қол  қойылған;  жабайы 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 40 


 

жануарлар  мен  өсімдіктермен  халықаралық  сауда  жасау  олардың  өмір  сүруіне  қауіп 

төндірмеуды қамтамасыз етуге бағытталған). 

•  Халықаралық  маңызы  бар  сулы-батпақты  жерлер  жөніндегі  конвенция,  ең  бастысы  суда 

жүзетін  құстардың  тіршілік  ету  ортасы  ретінде  (Қазақстан  үшін  2007ж.  күшіне  енген);  барлық 

сулы-батпақты  жерлерді  жергілікті  және  ұлттық  деңгейде  сақтауға  және  ақылға  қонымды 

пайдалануға  бағытталған,  сонымен  қатар  барлық  әлемде  тұрақты  даму  жетістіктеріне  салым 

ретінде халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен. 

• Қазақстан Үкіметі Ақапаратқа рұқсат, жұршылықтың шешім қабылдау үрдісіне қатысуы  және 

қоршаған  ортаға  қатысты  шешімдер  қабылдау  үрдісіне,  сонымен  қатар  Орхусс  конвенциясы 

ретінде  танымал  БҰҰ  ЕЭК  Конфенциясын  ратификациялады.  Қазақстанмен  2002  жылдың 

қаңтар айында қол қойылған Орхусс конвенциясы  үкіметтен қоршаған ортаны қорғау туралы 

ақпаратқа  рұқсатқа  қатысты  қоғамдық  құқықты  қамтамасыз  етуді  талап  етеді,  соның  ішінде 

корпорацияның  корпоративті  қызметінің  экологиялық  салдарлары  туралы  ақпаратты,  оған 

қоршаған ортаны қорғау бойынша тиісі органдардың ғана рұқсаты болады. Осы экологиялық 

ақпарат әсерге түскен тарапқа тиісті уақытында берілуі тиіс. 

•  Орнықты  органикалық  ластағыштар  туралы  Стокгольм  конвенциясы  –  2001  жылы  қол 

қойылған, 2007 жылы күшіне енді. Орнықты органикалық ластағыштармен (ООЛ) ластанудың 

шектелуін  қамтамасыз  етеді,  Конвенция  өзгеруі  және  толықтырылы  мүмкін  тиісті  заттардың 

тізімін  анықтайды,  сонымен  қатар  осы  заттардың  қысқартылуын,  импортын  және  экспортын 

реттейтін ережелерді белгілейді. Осы Конвенциямен қамтылатын заттар осы жобада әлеуетті 

пайдаланылуы  мүмкін,  сол  себептен осы  заттарға  қатысты  ережелер  мен шектеулерді ұстану 

қажет. 

•  Еуропалық  және  Жерорта  теңiзiнiң  Өсiмдiктердi  қорғау  жөнiндегi  ұйымын  құру  туралы 



конвенция. 

•  Халықаралық  еңбек  ұйымы  (ХЕҰ):  Жобаға  жұмысшыларды  жалдау  кезінде  келесі 

ұстанымдарды сақтау қажет: 

o

  Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы конвенция (№29, 2001ж. ратификацияланған; 



мәжбүрлі немесе міндетті еңбекті түбегейлі жою бойынша ұсыныстарды қабылдайды); 

o

  Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы конвенция (№ 87, 



2000ж.  ратификацияланды;  ассоциация  бостандығы  мен  құқығын  және  ұйымдастыру 

құқығын қорғайды); 

o

  Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы туралы конвенция (№ 96, 



2001ж.  ратификацияланған;  жұмысшыларды  қысым  жасаудан  және  кемсiтушiлiк 

әрекеттерден қорғауды анықтайды); 

o

  Бірдей  сыйақы  туралы  конвенция  (№  100,  2001ж.  ратификацияланған,  ер  азаматтар 



мен  әйел  азаматтардың  бірдей  құндылықты  еңбегі  үшін  бірдей  сыйақы  төлеу 

ұстанымы бойынша ұсыныстарды қабылдайды); 

o

  Мәжбүрлі еңбекті жою туралы конвенция  (№ 105, 2001ж. ратификацияланған; міндетті 



және  мәжбүрлі  еңбек  тараптарының  кез-келген  формадағы  алшақтатуын  және 

пайдаланбауын қарастырады; 

o

  Еңбек  және  кәсіптер  саласындағы  кемсітушілік    туралы  конвенция(№  111,  1999ж. 



ратификацияланды;  еңбек  және  кәсіп  саласындағы  мүмкіншілктер  мен  жұмысқа 

орналастыру теңдігін ынталандырады); 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 41 


 

o

  Жұмысқа  қабылдау  үшін  ең  төменгі  жас  туралы  конвенция  (№  138,  2001ж. 



ратификацияланды;  балалр  еңбегін  түбегейлі  жоюды  көздейді  және  жұмысқа 

қабылдаудың ең төменгі жасын арттырады); 

o

  Балалар  еңбегінің  ең  нашар  түрлері  туралы  конвенция  (№  182,  2003ж. 



ратификацияланған; тараптарды балар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және 

жою  үшін тиімді шараларды қабылдауды міндеттейді). 

 

• БҰҰ басқа да конвенциялары: Жобаға жұмысшыларды жалдау кезінде келесі ұстанымдарды 



сақтау қажет: 

 

o



  Әйелдерге  қатысты  барлық  кемсітушілік  түрлерін  жою  туралы  конвенция  (1998ж. 

ратификацияланған,  әйелдерге  қатысты  кемсітушілктерді  жою  үшін  іс-әрекеттер 

бағдарламасын 

белгілейді). 

Жорбаға 

жұмысшыларды 

қабылдау 

барысында 

Полиметалл  басшылығына  Жобаның  кадр  саясатындағы  және  кадрларды  қабылдау 

үрдісінде  гендерлік  теңдікті  қамтамасыз  ету  бойынша  талаптарды  мойындауы  қажет 

болады  

o

  Әйелдердің  саяси  құқықтары  туралы  конвенция  (1999ж.  ратификацияланған, 



әйелдерге дауыс беру құқығын немесе лауазымдық орындарда отыруға құқық береді, 

ұлттық  заңнамамен  белгіленгендей,  ер  азаматтармен  бірге  бірдей  шарттарда  және 

жынысы бойынша ешбір кемсітушіліксіз); 

o

  Мүгедектердің  құқықтары  туралы  конвенция  (2006ж.  ратификацияланған, 



кемсітпеушілікке және мүмкіншілктердің теңдігін ілгерілетуге септігін тигізеді); 

o

  Құл  саудасы  және  құлдықпен  күресу  туралы  конвенция  (2008ж.  ратификацияланған, 



құл  саудасын  болдырмауға  және  күрсеуге  және  бірте-бірте  құлдықты,  оның  барлық 

түрлерін толығымен жоюға бағытталған); 

o

  Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес 



туралы 

конвенция 

(2005ж. 

ратификацияланған, 

қатысушы 

мемлекеттерден 

«жезөкшелік  жасау  мақсатында  басқа  тұлғаны,    сол  тұлғаның  келісімімен  болса  да 

тартқан  немесе  арбаған»  және/немесе  «сол  тұлғаның  келісімімен  болса  да  басқа 

тұлғаның жезөкшелігін пайдаланған» кез-келген тұлғаны жазалуды талап етеді); 

o

  Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пакт  (2006ж. 



ратификацияланған, ерлер мен әйелдердің барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени 

құқықтарын пайдаланудың теңдей құқығын қамтамасыз етеді); 

o

  Азаптауларға  және  басқа  да  қатыгез,  адамгершілікке  жатпайтын  немесе  ар-намысты 



қорлайтын  іс-әрекеттер  мен  жазалау  түрлеріне  қарсы  конвенция  (2008ж. 

ратификацияланған,мемлекеттердің өз шекараларының шегінде азаптаулардың алдын 

алу бойынша тиімді шаралар қолдануын талап етеді, және мемлекеттерге адамдарды 

кез-келген басқа елге тасымалдауына тыйым салады, егер олар заптауға душар болады 

деген болжал жасауға негіздеме болған жағдайда); 

o

  Бала  құқықтары  туралы  ЮНИСЕФ  конвенциясы  (1994ж.  ратификацияланды, 



балалардың  азаматық,  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтарын, 

сонымен  қатар  олардың  денсаулыққа  деген  құқығын  баяндайтын  адамдардың 

құқықтары туралы шарт); 


Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,  

2 тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015ж. 

Ақырғы нұсқасы V1.0 

 

Бет. 42 


 

o

  Нәсілдік  кемсітушіліктің  барлық  түрін  жою  туралы  халықаралық  конвенция  (1998ж. 



ратификацияланған,  нәсілдік  кемсітушіліктің  барлық  түрін  жоюға  бағытталған  және 

проблеманы түсінуге көмектеседі); 

o

  Дүниежүзілік  мәдени  және  табиғи  мұраны  қорғау  жөніндегі  ЮНИСЕФ  конвенциясы 



(1972ж.  ратификацияланған,  1994ж.  қабылданды;  дүниежүзінің  мәдени  және  табиғи 

мұраларын қорғауды және сақтауды растайды); 

o

  Материалдық  емес  мәдени  мұраны  қорғау  туралы  ЮНЕСКО  конвенциясы  (2011ж 



ратификацияланған; 

материалдық 

емес 

мәдени 


мұраны 

сақтауға, 

сәйкес 

қауымдастықтар,  топтар  және  мүдделі  тұлғалардың  материалдық  мәдени  мұрасына 



құрмет  көрсетуге,  материалдық  емес  мұраның  маңыздылығы  туралы  жергілікті, 

ұлттық,  халықаралық  деңгейде  арттыруға  және  оның  өзара  мойындауын  қамтамасыз 

етуге бағытталған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет