«Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи


АЛ, ОСЫ ӘЛЕМДІК ЭКОАПАТ ЖЕР ИЕСІ БІЗДЕРГЕ



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата06.03.2017
өлшемі22,27 Mb.
#7991
1   2   3   4   5   6   7

АЛ, ОСЫ ӘЛЕМДІК ЭКОАПАТ ЖЕР ИЕСІ БІЗДЕРГЕ 

ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ? 

Бас  аяғы  жиырма  шақты  күнде  қырылған  киіктің 

саны 130 мыңнан асып кетті. Әйтеуір жаңбыр тиылған 

соң,  киіктің  құлауы  да    сиреп,  тоқтады.  Әлеуметтік 

желілерде осы нәубетке «кінәлілерді» іздегендер көп 

болды.  «Үкімет  неғып  отыр,  шара  қолданбай?»  де-

гендер  де  болды.  Гептилден  көрушілер  де  жетерлік 

еді. Киіктердің қырылуы ешқандай радиация салдары 

емес, табиғи апат сияқты. Өйткені, Бетпақ дала по-

пулияциясы тек ғана Қазақстан аумағында өсіп, өніп, 

жайылады. Олар төлдейтін аймақ мемлекеттік табиғи 

резерваты ішінде немесе маңайында. Сонда, мемле-

кет өзі табиғатты қорғау үшін қорық құрып, оны сынақ 

алаңына айналдырғаны ма? Қисын қайда? Тағы бір 

назар аударатын нәрсе, табынның арасынан текелері 

тірі қалып жатыр. 

  Еліміздің кіндігінде орналасқан ғарыш айлағының 

қоршаған ортаға зияны жоқ деп айта алмаймыз, рас. 

Бірақ, киіктердің өлуіне әсер етсе, одан да әлсіз дала 

жануарларын , үй малдарын қырып салуы тиіс еді ғой.  

Неге санамыз соншама «саясиланып» кеткен. Мына 

түрімізбен бара-бара қасқыр қойға тисе, ол «жоғары 

жақтағылардың» «тапсырмасын» орындап отыр деу-

ден тайынбайтын түріміз бар тәрізді. 



Абылай МАУДАНОВ,

журналист

P.S.  Киіктің қырылуы тоқтады, бірақ оның себебі 

туралы түрлі әңгіменің аяғы көрінбейді. Олардың 

арасында ірі ғалымар, шаруа адамдар болжамы да 

бар. БҰҰ-ның мекен ауыстырып тұратын жабайы 

жануар  түрлерін  сақтап  қалу  конвенциясының 

хатшылығы Қазақстан билігінің өтініші бойынша 

Ұлыбританиядағы  Ханфилд  ветеринарлық  кол-

ледж ғалымы Ричард Коктың басқаруымен бір топ 

сарапшыларды жіберген еді.. Бұл топ «киіктер бак-

териялар қоздыратын гемолитиялық септимеция, 

маса арқылы тарайтын вирустық эпизоотикалық 

геморрагиялық дерт немесе клористия бактерия-

лары қоздыратын токсемия сияқты үш фактордың 

әсерінен  қырылған»  деген  ұйғарымға  келген.  Ал 

Роосельхознадзордың  Жабайы  жануарлардың 

денсаулығын  қорғау  орталығы  киікті  баудай 

түсірген пастереллездің асқынған түрі (геморро-

гическая септицемия) дегенді алға тартты. Ал көп 

жылдар шаруашылық басқарған Қасым Тәукенов 

деген шаруа кісі «Егемен Қазақстан» газетіне жазған 

мақаласында:  «Пастереллез  өз  еркімен  жүрген 

дала  хайуанаттарына  тән  кездесе  беретін  ауру 

емес. Бұл, есік-терезесі бекітілген ауасы аз қорада 

пайда болатын сасық, улы аммиак (NH3) қолқаңды 

қауып, деміңді алдырмайтын шақта, не тым қатты 

суық түскен кезде үй шошқаларында кездеседі. Ал 

дала қабандары ондай аурумен әсте ауырмайды» 

деп жазады. Иә, бұл соңғы түйін емес екені  тағы 

белгілі. 

Сайын далада селеудей селдіреп қалған  киіктер 

тағы да қысқы жайылымына кетіп, келесі көктемде 

қайтып  келеді.  Жастарға  арналған  «Жас  өркен 

Қостанай» журналы киікке келген індет те, табиғи 

нәубет те келер жылы болмаса екен деп тілейді. 

Жас тілегін бере көр!

31


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Табиғат



Биыл мамыр айында табиғи нәубет орын алды. 

«Алтын  дала»  резерватының  қызметкерлері 

Аманкелді  ауданындағы  киік  жайылатын  Жоло-

ба  деген  қыстақтан  117  киіктің  өлексесін  тауып 

алғандарын  хабарлаған.  Ақпаратты  ести  сала 

облыстан    жедел  құрылған  комиссия  ертеңіне  

Амангелді  ауданындағы  киік  жайылып  жатқан 

жерге жеткенше  өлген киіктің саны мыңнан асты. 

Содан кейін күн сайын киік мыңдап қырыла ба-

стады. Даламыздың сәні, қазақтың төл малындай 

даласын мекен еткен, мамонттың замандасы киіктің 

қырылуын табиғи нәубет санамағанда не деуге бо-

лады? Университет түлегі, бүгінде республикалық 

«24.KZ» телеарнасының Қостанай облысы бойынша  

меншікті тілшісі Абылай Мауданов журналистер ара-

сында киік қырылған жерге алғашқы жеткендердің 

бірі болды. Сондықтан журналистің жазбаларын 

наубеттің  қаншалықты  өткір  мәселе  болғанын 

оқырмандарға жеткізу үшін   ұсынып отырмыз.  

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  және  ғаламтор  

желілері арқылы  киіктің өле бастағаны туралы хабар тез 

тарап үлгерді. Алғашқы күндері қорықшылар тарапынан 

«киіктер  көктемге көтерем шыққандықтан жауынды 

көтере алмай жатыр», «раңнан уланған болар» деген 

болжамдар айтылды. Сынамалар алынып, тиісті шара-

лар қолданылғанын білдік. Киіктің бірен-саран шығыны 

жыл да қайталанатын жағдай болғандықтан, өз басым 

онша селт еткен жоқпын. Бірақ, келесі күні шығын он есе 

өршіп, мыңнан асты. Екі-үш күн өткенде өлекселер саны 

бес мыңға жетті. Даланы еркін жайылған жануарға індет 

келгені белгілі болды. 

«Бұл нендей кесел, ол жергілікті тұрғындар малына 

жұқпай ма, оның жергілікті тұрғындарға зардабы болмай 

ма? Қандай шара қолданылып жатыр?» деген сұрақтарға 

жауап алу үшін «Хабар» агенттігі мен «24.кз» телеарнасы 

өңірдегі өз тілшілерін шұғыл індет белгісі білінген аймаққа 

аттандырды. Түсіру тобының құрамында болғандықтан, 

білгенімді бөлісуді жөн санадым.    



АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ

Білгеніміз, Жолоба қазір бос жатқан медиен дала. 

Айта кету керек, ол «Алтын дала» мемлекеттік табиғи-

резерватына кірмейді. Ол жерде 15   жылдан астам 

уақыттан  бері  ел  жоқ.  Оған  ең  жақын  елді-мекен 

Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылы. Арасы 50-

60 шақырым. Ар жағында Байқоңыр космодромы 700 

шақырымдай жерде екен. 

Төтенше  жағдайға  байланысты  құрылған  жұмыс 

тобының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Базыл 

Жақыповтың айтуынша, зардапты жоюға барлығы 76 

бірлік техника, 800-дей адам жұмылдырылған. Оның 

515-і өлекселерді жинап, көмумен айналысып жатыр. 

Жасақтардың  құрамына  әскерилер,  төтенше  жағдай 

қызметінің  құтқарушылары,  полиция  өкілдері  және 

«Алтын дала» резерватының мамандары тартылған. 

Ішінара жергілікті азаматтар да бар.  Күннің жауынды, 

дала жолдарының батпақты, шыбын-шіркейлі болуына 

қарамастан, жасақтар жанын салып жұмыс істеп жатыр. 

Күніне киіктің 10 мыңдаған өлексесін теріп, сүйретіп көму 

оңай шаруа емес. 

Бұл қандай індет? Өкініштісі,  көкейде тұрған ең бірінші 

сұраққа жауап жоқ. Тек болжам ғана бар. Мамандардың 

айтуынша, індет пастереллез болуы мүмкін. Киіктердің 

аузынан қанды көбік ағып, іші кебуі осындай болжам 

айтуға итермелейді. 

Ал, енді «пастереллез» дегенді қарапайым тілмен 

түсіндіріп  көрелік.  Бұл  дала  жануарының  ағзасында 

жүретін вирус. Иммунның төмендеуі. Киіктер әлсіреген 

кезде күрт өршіп, қызуы көтеріліп, бас-аяғы 3-4 сағатта 

ішкі органдарды «жандырып» жіберетін кесел көрінеді. 

Көбінесе, буаз бөкендер төлдейтін кезінде өршиді екен. 



КИІКТЕРДІҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БҰҒАН ДЕЙІН 

ТІРКЕЛДІ МЕ?

Тіркелген де қандай. Ол цифрлар адамның үрейін 

ұшырады. Мысалы, пастереллез 1984 жылы 260 мың 

бас киікті жусатып салса, 1988 жылы Торғай даласында 

бетпақ дала популяциясына жататын 427 мың дала 

сұлуы  тап  осы  індеттің  құрбанына  айналған.  Бірақ, 

осынша орасан шығындардан кейін де киіктер жылдам 

көбейген. Мысалы, 1993 жылдары Қазақстандағы киік 

саны 1,5 млн-ға жетті. Алайда, Кеңес Одағының тарауы, 

табиғатқа жанашырлық танытатын мекеменің болмауы 

киіктердің азаюына өз салқынын тигізді. Ақбөкендерді 

броконьерлер қырып, олардың саны 7-8 жылда 50-60 есе 



Киік неге қырылды?

30

C



M

Y

K



Қостанай жастарының бұл бағыттағы жұмыстары 

қай деңгейде?

– Жастар бастамасы орталығының жұмысындағы 

басты бағыттың бірі де КВН қозғалысын қолдау және 

оны дамыту екенін айттым ғой. Мамыр айында біз 

Қостанай облысының «Достар» ашық КВН лигасы ма-

усымын аштық. Біздің күлдіргі де тапқыр жігіттер мен 

қыздар Халықаралық КВН одағының  Аймақаралық 

ортаазиялық лигасына және  Орталық Орал лигасына 

қатысты. «Достар» лигасының  екі маусымының  чем-

пиондары КИВИН-2014, КИВИН-2015 Сочи фестиваліне 

де барып келді, онда жоғары деңгейден көріне білді. 

Бұл орайда, облыс әкімі Нұралы  Сәдуақасовтың  КВН 

қозғалысына  қолдауын айта кетуге тиіспін. 

Халықаралық КВН одағының аймақтық лигасы 

мәртебесіне қол жеткізу біздің алдағы жұмыстарымыздың 

мақсаты болып отыр. Ресми мәртебе  Сочи фестивалінде 

аймақтық лигалар чемпионы кубогіне қатысуға мүмкіндік 

береді. Онда жеңіске жеткендер КВН-нің премьер лига-

сына қатысады, оны Ресейдің  1-ші телеарнасынан бүкіл 

жұрт көреді. Міне, қостанайлық әзілкештер  осындай  

жетістікті армандайды. Ізденісі мол біздің  жігіттердің 

арманы алдамайды деп білеміз. 



– Облыста Жастар бастамасы орталықтарының 

өзара байланысы қандай?

– Жастардың әлеуметтік мәселелерімен айналысатын  

орталықтардың өзара байланысы керек екенін  уақыт 

көрсетіп отыр. Өзара байланыстың тиімділігі болатыны-

на біз жауапкершілік алып отырмыз. Сол үшін  оларға 

арналған  бірқатар шараларды жоспарладық. Мамыр 

айында орталықтар жетекшілерінің алғашқы семинары 

өтті. Онда жастар бастамалары орталықтарының қандай 

деңгейде екенін білу үшін семинарға  қатысушылар 

анкета-сауалнама толтырды. Нәтижесінде облыстағы 

18 жастар бастамалары  орталықтарының  алтауы 

қоғамдық ұйымдар мәртебесіне ие екенін көрсетті, 

яғни олар тұрақты қаржыландырылмайды. Ал Жітіқара 

мен Жанкелдин аудандарында  жастар бастамала-

ры орталықтары  құрылмаған. Облыстағы  мұндай 

орталықтардың  үштен  бірі  коммуналдық    мекеме 

формасында құрылмаған, олардың кадрлық әлеуеті 

де төмен екендігін көреміз. Сондықтан орталықтардың 

жұмысы жандануы үшін олардың заңды коммуналдық 

мекеме түрінде құрылуын қалар едік. 

Қалалық және аудандық орталықтардың белсенді 

жұмыс істеуіне түрлі өзекті тақырыптарды қамтыған  оқыту 

семинарлары өткізілетін болады. Шешендік  шеберлікті 

үйрету, жастар бастамары орталықтарының жұмысына 

волонтерлер  тарту,  түрлі  шаралар  ұйымдастыру 

жұмыстары  семинарлар тақырыбына айналатын бо-

лады. Бұл тақырыптар қалалық және аудандық жастар 

бастамалары орталықтары өкілдерінің қалауымен 

таңдалды.  Орталықтардың  арасындағы    жұмыс 

қорытындылары бойынша жарыстар ұйымдастыру, 

бастамалар көтеру, әлеуметтік желілерде көріну секілді 

жұмыстар түрлері олардың арасындағы байланысты 

күшейте түсетін болады.   

– Облыста әскери-патриоттық клубтар жұмысы 

қалай дамып келеді?

– Мамыр айының аяғында осы клубтардың  «Жас 

патриоттар – 2015» слеті Әулиекөл ауданындағы 

«Достық» лагерінде өтті. Слет биыл тоғызыншы рет өтті. 

Жалпы облыста  әскери-патриоттық клубтар жұмысы 

жақсы дамып келеді. Олар жыл сайын  республикалық, 

халықаралық әскери-спорттық жарыстар жеңімпаздары 

және жүлдегерлері болып жүр. Клубтар жұмысы тек 

жарыстарға қатысумен ғана шектелмейді. Бүгінде олар  

кең көлемде патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізіп 

келеді. Слет бағдарламасы жыл сайын көрме, құрметті 

қарауыл, қайырымдылық акцияларын қамтиды. Әр 

клубтың жанында  Ерлік даңқы музейлері  жасақталды, 

зерде бұрыштары бар.   

Қазір облыста 32 әскери-патриоттық клубтар бар. 

Алайда олардың  белсенді жұмыс істейтіндері де, 

аты бар да заты жоқтары да кездеседі. Мысалы, 

биылғы слетке 8 клуб ғана қатысқан. Клубтарға көбіне, 

әлеуметтік аз қорғалған, толық емес отбасыларының 

балалары, тіпті балалар үйінінің тәрбиеленушілері тар-

тылады. Сондықтан олардың жұмысын жандандыру 

өте маңызды. 



– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Жәмила СЕЙІТХАНОВА

7


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қазақ хандығына  550  жыл

Қазақ әдебиеті тарихында аты-жөні бүгінгі 

жұртқа  беймәлім  тұлғалар  жеткілікті.  Екі 

ауыз  өлең  шығармаған  қазақ  ол  заман-

да  болмаған.  Мүмкін  сондықтан  болар 

көпшілігінің  шығармашылығына  кезінде  мән 

берілмей, өз уақытында атағы шыққанымен, 

уақыт өте келе ұрпақ жадында сақталмаған. 

Сондай  тұлғаның  бірі  XVII  ғасырдың  соңғы 

ширегі мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында 

өмір сүрген суырып салма ақын, әнші, күйші, 

композитор  әрі  халық  батырларының  бірі  

Дәстем сал Қарабасұлы.

Бізде бар деректерге қарағанда, ол 1677 

жылы – жылан жылы, наурыз айының басын-

да  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысының 

Жамбыл  ауданындағы  орманды,  көлді, 

көк  шалғынды  өте  әсем  қоныстардың  бірі 

Гүлтөбеде  Қарабас  батыр  Толыбай  сын-

шы  ұлының  отбасында  дүниеге  келіпті. 

Әкесінен еншіге алған мекені – қазіргі Қорған 

облысының Петухово ауданындағы Өзентал 

деген қалың ағашты қыстауында 1752 жылы 

– мешін жылы сәуір айында ауырып қайтыс 

болған.  Руы  Ашамайлы-керей,  оның  ішінде 

Көшебе. 

Дәстем  бала  кезінде  ауыл  молдасы 

Кәрімнен  оқып,  хадимше  хат  таниды.  Одан 

кейін  оны  әкесі  Самарқандтағы  медресе-

ге  оқуға  береді.  Ол  заманда  қолы  ұзын, 

көкірегі ояу азаматтар ұлдың да, қыздың да 

тәрбиесіне  қатты  көңіл  бөлген.  Оның  үстіне 

Сібір мен Бұхараның арасындағы байланыс, 

қатынас  жоғары  деңгейде  жолға  қойылған 

болатын. Екіншіден, Самарқандтың билеушісі 

Жалаңтөс  баһадүр  Сейітқұлұлы  Дәстемнің 

түп  нағашысы  еді.  Сондықтан  онда  оқыған 

тек Дәстем ғана емес, Толыбайдың бірнеше 

балалары  мен  немерелері  Орта  Азия  оқу 

орындарында білім алды.

Дәстем Самарқанд медресесін жақсы оқып 

бітіреді. Бірақ ол дін жолын ұстана алмайды. 

Оған  бірнеше  себептер  бар  деп  ойлаймыз. 

Біріншіден, Сібірдің көкорай шалғын, құнарлы 

даласына қызыққандар көп болды. Әсіресе, 

шығыстағы  жоңғарлар  мен  батыстағы  Еділ 

қалмақтары  қайта-қайта  шабуыл  жасады. 

Елін, жерін қорғау  отаншыл азаматтың негізгі 

міндеттерінің бірі еді. Сондықтан да қазақтың 

ақындары батырлықты, билікті, серілікті қатар 

ұстады. Екіншіден, діндарлығынан ақындығы 

басым  Дәстемнің  аты,  атағы  тарихта 

«Дәстемнама» деп аталатын шығармасымен 

белгілі болды.

  Дәстем  ақын  жігіт  кезінде  аталас  туы-

сы  Тәшім  батыр  Сатыбалдыұлымен  бірге 

сол  уақыттағы  Үш  жүздің  ханы  әз  Тәукеге 

елшілік  қызмет  атқарады.  Сонан  соң  ол  әз 

Тәуке хан Салқам Жәңгірұлының ең даңқты 

әскербасыларының бірі болып қол басқарып, 

дұшпандардың шабуылдарынан қорғауға бел-

сене араласып, ірі-ірі ерліктермен зор беделге 

ие болады.

Дәстемді ақындыққа, әншілікке, күйшілікке, 

балуандыққа, қолөнершілікке және басқа да 

өнердің көптеген түрлерін меңгеруге  баулыған 

оның  ағасы  Қожаберген  жырау  екен.  Бұл 

Дәстемнің  ерлігі  әйгілі  қолбасшы-баһадүр 

Қожаберген жыраудың (1663-1763ж.ж.) 1723 

жылдың  күзінде  қазақ,  ноғай,  қарақалпақ, 

Сібір  татарлары  халықтарына  келген  өте 

ауыр апатты өз көзімен көріп, жұртпен бірге 

зор  қиыншылықты  өз  басынан  кешіргендігін 

шынайы түрде суреттеп шығарған «Елім-ай!» 

жырында кең орын алған. Дәстем салды қазақ 

жұртшылығына  қайта  табыстырған  тарих-

шы  әрі  қазақтың  ауыз  әдебиетін  зерттеуші 

Қаратай Биғожин болатын.

Ол  «Дәстемнама»  хиссасын    1956  жылы 

шілде  айының  24-ші,  25-ші,  26-ші    күндері 

қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Преснов 

ауданындағы  Петровка    (Баян)  селосының 

тұрғыны,  зейнеткер-қарт,  белгілі  шежіреші 

Қожахмет  Дәрібайұлынан  жазып  алыпты. 

Қожахмет ақсақал «Дәстемнама» жырын өз 

әкесі Дәрібай Малшыбайұлынан естіген.

 Көлемі 200 шумақ, «Дәстемнама» жырының 

156 ауызын кезінде Қаратай ағай  Қазақ ССР 

көне мәдени ескерткіштер қорғау қоғамының 

орталық кеңесіне тапсырған. Дастанды 1990 

жылдың 6-желтоқсанында Қаратай Биғожин 

және  Амантай  Барлықбаев  тұңғыш  рет 

Қарағанды  облыстық  «Орталық  Қазақстан» 

газеті арқылы оқырмандар назарына ұсынған. 

Кейін  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Жамбыл 

аудандық  «Ауыл  ажары»  газеті  қайталап 

басты.


Әлбетте, дастан текстологиялық талдаудан 

өткен жоқ. Ол автордан кейін бірнеше адамның 

қолынан  өткен.  Әрбір  көшіруші  оқырманға 

түсінікті болуы үшін дастанның төлнұсқасына 

өзгерістер  кіргізіп  отырған.  Сондықтан  да 

шығармада  заманында  пайдаланылмаған 

сөздер  мен  сөз  тіркестері  кездеседі.  Бұл 

түсінікті  жағдай.  Мұндай  құбылыс  әлем 

әдебиетінде  жиі  кездеседі.  Мысалы  ежелгі 

грек  мифологиясын  сол  заманның  тілімен 

жеткізсек тірі жан түсінбеген болар еді. 

Соңғы жылдары көпшілік қауымға белгісіз 

Дәстем сал түгіл ұрпақтары бүгінде өз елінде 

ғұмыр  кешіп  жатқан  Сегіз  Серіні  де  өмірде 

болмаған  адам  деп  жүргендер  бар.  Тірісі 

түгіл өлісімен айтысып жүрген қазақ емеспіз 

бе? Жоқтан бар жасай  алмай жүргенде бар 

дүниемізді бағаламағанға кім кінәлі? Көне грек 

тарихшысы Геродот: «... мен естігендерімнің 

барлығына  сенуге  міндетті  емеспін,  бірақ 

келер  ұрпаққа  жеткізу  парызым»  депті.  

Тапқан  деректі  оқырман  қауымға  жеткізу 

ДӘСТЕМ САЛ ҚАРАБАСҰЛЫ

Аманжол 


КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,

тарих 


ғылымдарының 

докторы, 

профессор

8

C



M

Y

K



29

Бояулардан өмірді көретін суретші

Суретші  Наталья  Халифаева 

бала кезден сурет салуды ұнататын. 

Өмірге  деген    ғашықтық,  өмірдің 

әсемдігі  оның  шығармаларының 

өзегі  десек  те  болады.  Наталья 

біраз жылдар подносқа сурет салу-

мен айналысты. Поднос бетіндегі  

тамаша  өрнектер,  бояу  гаммасы 

жүректің нәзік қылын шерткендей 

болатын. 

–  Мен    шығармаларымда  

әсемдікті    көрсеткім  келеді. 

Сол  үшін    подносты  өрнектеген 

едім.  Кейінгі  кезде  оны  қойып, 

тек  живопись  жанрында  жұмыс 

істеп  жүрмін.  Себебі  подно-

сты  өрнектеудің  техникалық 

кейбір  жұмысы  үйдегі  баланың 

денсаулығына  кері  әсер  ететін 

болды,  сондықтан  оны  доғаруға 

тура  келді,  –  дейді  Наталья. 

Наталья  Халифаеваның    «Қас 

қағым  сәт»  атты  кезекті  дер-

бес  көрмесін  қостанайлықтар 

тамашалады.  Қазақстан  Респу-

бликасы  Суретшілер  одағының 

мүшесі бұл жолы көрермендерге 

60-тан  аса  жұмыс  ұсынған  екен. 

Қылқалам шеберінің  пейзаж бен 

натюрморт тақырыбына арналған 

шығармалары  көрермендердің 

көз  қуанышына  айналды.  На-

талья  шығармашылығындағы 

ерекшелік,  ол    салған  пейзаж-

дар  табиғаттың  көркемдігін 

сол  күйінше  көшіргендей,  жан-

ды  табиғаттай  әсер  етеді. 

Оның  «Үстел  үстіндегі  букет» 

шығармасында  сәлдегүл  гүлінің 

с ұ л у л ы ғ ы н   б а р ы нш а   а ш ы п 

көрсетеді.  Картинадағы  гүлмен 

бірге  адам  көңіліне  нұр,  сәуле 

кіргендей  әсерде  болады.  На-

талья пейзажды ойдан алмайды, 

оны  ойша  «үлкейтіп,  кішірейтіп 

де»  әуре  болмайды,  алдымен 

сұлулықты табиғаттан көреді де, 

соны  көңіл  көзімен,  қылқалам 

қарымымен  қағазға  түсіреді.  

Ол  жазған  қыс,  көктем,  жаз, 

күз  көріністерінің  барлығына 

да  сюжетті  туған  жерден  ала-

ды.  Туған  жердің  қарағайлары 

Наталья  салған  картиналар-

да  одан  сайын  көңілге  жылы 

көрінеді,  туған жерге деген 

әр  адамның  патриоттық 

сезімін  оятып,  көңілін 

мақтаныш  кернейді.  Өнер 

құдіреті осындай. 

–  Натальяның        туған 

ө л к ен і ң   ұ л ы л ы ғ ы   м ен 

сұлулылығын  жеткізетін 

пейзаждары  поэзиялық 

туындыларға  ұқсайды. 

Мұнда  көктемгі  табиғаттың 

жандануы,  жаздың  хош 

иісі,  күздің  шұғыласы  мен 

қыстың  салқын  лебі  бар,  – 

дейді Қостанай көркемсурет 

галереясының    қызметкері 

Назгүл Ыбыраева. 

Н а т а л ь я   к ө п т е г е н 

о б л ы с т ы қ   ж ә н е 

республикалық көрмелерден 

көрініп,  шығармашылық 

байқаулардың  жеңімпазы, 

облыстық Меценаттар клубы 

сыйлығының лауреаты атан-

ды. Алайда ол өзінің отбасын 

өнерден төмен қоймайды.

–  Әйел  –  ең  алдымен, 

о т б а с ы н ы ң   ұ й т қ ы с ы , 

балалардың  анасы.  Ал  от-

басынан  артылған  кезде 

қандай  өнермен  айналы-

самын  десе  де,    әйелге 

ешкім  тосқауыл  болмас. 

Суретшілік  –  менің  рухани 

азығым, мен бояулар тілімен 

сөйлескендей  боламын.  

Өмірдің қызығын, сұлулығын, 

бақытын  —барлығын  бояу 

тілінде  бергім  келеді.  Бірақ  

отбасым  мен  үшін  қымбат 

дүние, – дейді Наталья. 

 Наталья саяжай ұстайды. 

Жолдасы  көбіне  жұмыста, 

сондықтан    саяжайдағы 

көп  жұмыс  Натальяны  күтіп 

тұрады. Ол жазымен, күзімен 

саяжайды күтеді. Ондағы гүлдерден 

ол өзінің шығармашылығына  қуат 

алғандай болады. 

–  Табиғат  –  нағыз  талантты 

суретші.  Гүлдердің  қанатын  енді 

жайып  келе  жатқаны,  толысқаны 

–барлығы да мені керемет сезімге 

бөлейді, – дейді  суретші.

Наталья  Халифаеваның  ту-

ындылары  кең  өрісті  ойлар  мен 

сезімдерге, лиризмге, жігерлі  бей-

неге, жүрек діріліне толы. Суретші 

айтарын  жанды      бейнелеуді, 

шынайы  сезім,  қас-қағым  сәтте 

көрермендыерге сол сезімге баура-

уды және өз дүниетанымы арқылы 

әлемді көрсетуге мүмкіндік беруді 

мұрат тұтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет