Ерте жастағы балалардың Әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі ҥйрету дағдыларын



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата04.04.2023
өлшемі0,91 Mb.
#79072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ерте жаста ы балаларды леуметтік да дылары мен зін- зі йрету

 Әдістемелік ҧсынымдардың мақсаты: ерте жастағы балалардың 
әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын қалыптастыру 
деңгейін анықтау мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне 
әдістемелік кӛмек кӛрсету.  
Міндеттері: 
- ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдыларын табысты қалыптастыру үшін заттық-кеңістіктік дамытушы 
ортаны қамтамасыз ету;
- ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау;
-
әлеуметтік дағдылар мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын қалыптастыру 
мәселелері бойынша ата-аналарға педагогикалық кӛмек кӛрсету.
Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыс 
жүргізуде мынадай нәтижелер алынады:



1) баланың дербестік танытуы, басқалармен бірге әрекет ете алуы, 
жалпы қабылданған ережелерді ұстануы және орындауы, мәдени-гигиеналық
дағдыларды және ӛзіне-ӛзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгеруі
2) ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдыларын қалыптастыру мәселелерінде педагогтердің кәсіби шеберлік 
деңгейінің 
артуы; 
балаларға 
және 
ата-аналарға 
психологиялық-
педагогикалық кӛмек және қолдау кӛрсете білуі; 
3) ата-ананың мектепке дейінгі ұйымда педагогтер мен балалардың 
әрекетіне белсенділігі мен қызығушылығы артады; баламен бірлескен 
әрекетке қатысады, мектепке дейінгі ұйымда кӛрсетілетін білім беру 
қызметтерінің сапасына ата-аналардың қанағаттанушылық кӛрсеткіштері 
артады.
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫ 
МЕН ӚЗІН-ӚЗІ ҤЙРЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ  
Қазіргі кезде әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, мектеп жасына 
дейінгі балаларды әлеуметтік мінез-құлық дағдыларына баулу мәселесі ӛзекті
болып табылады. Әлеуметтік дағдылардың дамуы баланың мектепке дейінгі 
ұйымда болған барлық кезеңінде жүреді, ол балалар іс-әрекетінің барлық 
түрлерін қамтиды: ойын, құрастыру, бейнелеу және т. б.
Кӛптеген белгілі педагогтер мен философтар (А. Коменский, Ж.Ж. 
Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский) баланы ерте 
әлеуметтендірудің қажеттілігіне баса назар аударды. Олар жеке тұлға басқа 
адамдардың ықпалымен дамып, жетілетінін, бала нақты міндеттерді 
орындауға бейімделетінін, ӛз әрекеттері мен қылықтары үшін жауап 
беретінін атап кӛрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балалар меңгеретін маңызды әлеуметтік 
дағдыларға отбасындағы және қоғамдық орындардағы адекватты (жағымды) 
мінез-құлық, тұрмыста ӛзіне-ӛзі қызмет ете білу, гигиена заттарын және т.б. 
қажеттілігіне қарай пайдалану, ұқыпты болу енеді.
МДҰ-да табысты әлеуметтік даму кӛрсеткіштері баланың біліктері 
бола алады: 
- баланың балалар қоғамына ене білуі; 
- баланың басқалармен бірге әрекет ете алуы; 
- қоғамдық нормаларды ұстануы және сақтай білуі; 
- баланың ӛз қалауын бақылай білуі және т. б. 



Әлеуметтік дағдылар 
тілектестік қарым-қатынас
орнатуға, кез келген 
жағдайда ӛзін жайлы сезінуге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға 
дайын болуға, бейімделуге қабілетті болуға ықпал етеді. 
Әлеуметтену коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды қамтиды. 
Коммуникативтік (диалогтік) дағдылар: 
- вербалды (диалогты, әңгімені бастау, қолдау, аяқтау, ӛзгені тыңдай 
білу, сұрақ құрастыру және сұрақ қою, тақырыпты талқылауға қатысу); 
- вербалды емес (серіктесіне қарап әңгімелесе білуі, әңгімелесу кезінде 
ым-ишараны қолдану, дауыс тембрін реттеу). 
Әлеуметтік дағдылар: 
- ӛз сезімдері мен эмоцияларын жеткізе білу, ересектермен және 
құрдастарымен (таныс және бейтаныс адамдармен) ӛзара әрекет жасай білу; 
- түрлі жағдайларда ӛзінің эмоционалдық жағдайын реттей білу. 
Әлеуметтік дағдыларды дамыту жағдайлары: 

топтағы жағымды психологиялық жағдай (балаға деген 
қызығушылық, оны қабылдауға дайын болу, оған шынайы сену, балаға 
күлімсіреу, мейірімді сӛздерді пайдалану). 
- ойластырылған заттық дамытушы орта; 
- құрдастарымен және ересектермен бірлескен іс-әрекет; 
- ӛзара әрекеттің жаңа тәсілдерін игеруге ықпал ететін проблемалық 
жағдайларды жасау.
Ерте жастағы топтардағы заттық-кеңістіктік дамытушы орта
Әлеуметтік ӛзара әрекет дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі 
мектепке дейінгі ұйымда дамытушы ортаның дұрыс ұйымдастырылуымен 
байланысты. 
Сауатты құрылған эстетикалық орта балаларда қуаныш сезімін, 
мектепке дейінгі ұйымға деген эмоционалды оң кӛзқарасын тудырады, 
белсенді шығармашылық әрекетке ынталандырады, зияткерлік дамуға ықпал 
етеді. 
Дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 
- баланың белсенділігін, дербестігін дамытудың маңызды шарты 
ретінде икемді кешенді аймақтарға бӛлуді қамтамасыз ету - ерте жастағы 
балалардың белсенді әрекетке қажеттілігін ынталандыратын білім беру және 
ойын аймақтарын ұйымдастыру ұстанымын қолдану негізінде жүзеге 
асырылады; 
- тұрақтылық-қарқындылық-ортақ ойын кеңістігін бӛлу кезінде, яғни 
кеңістікті 
бір 
жағынан 
тұрақты 
жабдықтармен 
және 
олардың
элементтерімен, екінші жағынан ӛзгеретін элементтері бар жабдықтармен 
бӛлген кезде жүзеге асырылады;
- ортаның эмоционалдығы- эстетикалық талаптарға сәйкес және 
балалардың эмоционалдық-жағымды кӛңіл-күйін қалыптастыратын интерьер 
жасау; 



- жыныстық дифференциацияны есепке алу - ортаны ұйымдастыруда 
қыз балалар мен ұл балалардың ӛзіндік даму ерекшеліктерін ескере отырып, 
қол жеткізіледі.
Қарым-қатынасқа деген қажеттілік – адам үшін ең маңызды 
қажеттіліктердің бірі. Адам тек қарым-қатынас арқылы және басқа 
адамдармен қарым-қатынас жасауда ӛзін сезінуі және түсінуі, қоршаған 
ортада ӛз орнын табуы мүмкін.
Ерте жаста сӛйлеуді меңгеру баланың басқалардың сӛздерін тыңдап, 
оларға жауап беруінде ғана емес, сондай-ақ ӛзі диалогке қатысқанда ғана
тікелей қарым-қатынас арқылы қалыптасады.
Ерте жас (бір жастан екі жасқа дейін) - бұл баланың сӛйлеуді 
меңгеруінің сензитивті (ерекше сезімтал) кезеңі. Сӛйлеуді түсінуді дамытуда 
сӛздік қорды меңгеру қалыптасады: бір жаста балалар 10 – 12 сӛзді, бір 
жарым жаста – 30 – 40 (100 – ге дейін), екі жаста – 200 – 300, үш жаста – 
1200-1500 сӛзді біледі. Екі жастың аяғында және үш жаста бала тілдің 
грамматикалық құрылымын игереді. Үш жаста ойын және дербес әрекет 
кезінде, ересектермен қарым-қатынас барысында баланың сӛйлеу 
белсенділігі біршама артады. 
Балалар қарым-қатынас жасауға ұмтылады, бірақ жиі қарым-қатынасқа 
түсе алмайды, құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдерін 
таңдай алмайды, оларға сыпайылық, мейірімділік танытпайды.
Әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін мынадай нысандар қолданылады: 
танымдық-эвристикалық әңгімелер, ойындар (сюжетті-рӛлдік, драма, 
қимылды), бақылаулар, мерекелер мен сауық-кештер, жеке әңгімелесулер
проблемалық жағдайлар жасау, сахналау, жобалау әрекеті. 
Ӛнер мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік дағдыларын 
қалыптастыру құралы ретінде тәрбиелеу-білім беру процесінде маңызды 
орын алады.
Балалар кӛркем әдебиетінің шығармалары, фольклорлық 
шығармалар, халық ертегілері, музыка, театр ерекше шабытқа ие, олар мінез-
құлық мәдениетін қалыптастырады. Кӛркем ӛнер шығармаларын тыңдау 
балаларға кейіпкерлердің қылықтарының себептерін түсінуге, ӛмірлік 
жағдайларды ұғынуға ықпал етеді және жинақталған тәжірибені қолдануға 
ынталандырады.
Осылайша, балалардың әлеуметтік дамуы іс-әрекет барысында жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет