3. Висцералді тармақтар( rami visceralis)– олар тікелей ағзаларға барады , олардың
маңында ағзадан тыс өрімдер түзеді.
Симпатиқалық сабаудың 4 бөлімін ажыртамыз. Олар: мойын,кеуде,бел жән сегізкөз
Симпатиқалық сааудың мойын бөлімі – бассүйек негізінен 1-ші қабыртканың басына
дейін созылып , ұйқы артериясының артқы жағындамойынның терең бұлшықеттерінде
және мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің алдында орналасады.
Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйіннен тұрады: жоғарғы мойын ( ganglion
crvicale superius) ,ортаңғы мойын( ganglion crvicale medium) және мойын-кеуде немесе
жұлдызды түйін ( ganglion crvicothoracium seu stellatum) .
Ортаңғы мойын түйінгі көлемі жағнан орташа.Жұлдызды түйін бір-екі кеуде түйіндерімен
бітесе өсіп кеткен төменгі мойын түйінінен тұрады.
Мойын бөлімінен шығатын нервтер мен тармақтар:
Түйінаралық тармақтар(rami interganglionares) мойын-кеуде түйіндерін өзара
байланыстырушы тармақтар.
Сұр дәнекер тармақтар(rami communicantes grusei) – симпатикалық сабауды
мойын және жоғарға кеуде нервтерімен байланыстыратын талшықтар; rami
communicantes grusei арқылы соманың вазомоторлық және трофикалық үрдістері
қамтамасыз етіледі.
Ішкі ұйқы нерві ( nervus petrosus profunus) – жоғарғы және ортаңғы мойын
түйіндерінен шығып, ішкі ұйқы артериясына барып, оның маңында ішкі ұйқы
өрімін ( plexus caroticus inyernus) түзеді. Өрімнен терең тастақтық нерв
тарамдалады. Ескеретін жағдай, терең тастақтық нерв бет нервісінің үлкен
тастақтық нервімен қосылып,қанат тәрізді канал нервін түзеді де вегатативтік
қанат-таңдай түйініне барады.
Мойындырық нерві ( nervus jugularis) – жоғары мойын түйінінен басталады,
мойындырық тесігі маңында екі тармаққа бөлінеді: бір тармағы кезбе нервтің
жоғарғы түйініне,екінші тармағы – тіл жұтқыншақ нервінің төменгі түйініне
барады. Симпатиқалық талшықтар көрсетілген невртердің кұрамына кіреді.
Омыртқалық нерв( nervus vetebralis) – мойынккеуде немесе жұлдызды түйіннен
(ganglion cervicothoracicum seu stellatum) шығады және омыртқа артериясымен
қосарлана жүріп,оның айналасында омыртқалық өрімді (plexus vertebralis ) түзеді.
Жүректің жоғарғы, ортаңғы және төменгі мойын нервтері ( nervus cardiacus
Достарыңызбен бөлісу: