1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Кейбір авторлар парасимпатикалық талшықтар жұлынның басқа сегменттерінен де



Pdf көрінісі
бет114/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Кейбір авторлар парасимпатикалық талшықтар жұлынның басқа сегменттерінен де 
шығып, алдыңғы түбіршіктер арқылы тұлға мен қол-аяқтарға кетеді деп көрсетеді. 
121. ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің талшықтары және түйіндері. 
Парасимпатикалық нерв жүйесінде орталық бөлігі, милық бөлігі, перифериялық бөлігі 
болып бөлінеді.
Орталық бөлік ми мен жұлынның бөліктеріндегі жасушалар жиынтығын көрсетеді. 
Орталық бөлік бөлінеді: бассүйектік бөлік, pars cranialis және сегізкөз бөлігі, pars sacralis. 
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің краниалды бөлімінің шеткі бөлігі 
парасимпатикалық түйіндер тармақтарының құрамында бірге жүретін, түйінге дейінгі 
преганглионарлы (түйін алдындағы) жүйке талшықтарынан, ганглиялармен (түйіндермен) 
және түйіннен кейінгі постганглионарлы жүйке талшықтарынан тұрады. 
Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар көз қозғалтқыш нервінің қосымша 
ядроларының нейрондарынан оның сабауы арқылы өтіп, парасимпатикалық түбіршік 
түрінде бөліне отырып, кірпікшелі түйін жасушасына жетеді. Түйінге дейінгі 
преганглионарлы талшықтар тіл-жұтқыншақ нервінің парасимпатикалық нейрондарымен 
бассүйек қуысынан шыққанға дейін оның құрамында жүреді, сол жерде талшықтардың 
біраз бөлігі дабыл нерві құрамында дабыл қуысына кіреді, сол қуыстан кіші тасты нерв 
ретінде шығады да, тасты-қабыршықты синхондроз арқылы самай асты шұңқырындағы 
құлақ ганглилеріне дейін жетеді. Басқа парасимпатикалық талшықтар тіл-жұтқыншақ 
нервінің жұтқыншақ тармақтары құрамына кіреді және кезбе нерв тармақтарының 
парасимпатикалық талшықтарымен және жұтқыншақ өрімін түзейтін, мойынның 
симпатикалық түйін тармақтарымен бірге, жұтқыншақтың интрамуралді өрімінің 
нейрондарына дейін жетеді.  
Түйіндер (ганглилер) және түйіннен кейінгі постганглинарлы талшықтар 
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің бас бөлігінің түйіндерін экстрооргандыққа жатады: 


олардың аксондары постганглионарлы көпполярлық нейрондардан тұрады. Кірпікті 
түйін, ganglion ciliare ұзындығы 4мм, көру нервінің латералды бетінде жатады. Түйінге 
дәнекер тармақтар оның түбіршектері түрінде келеді: Көзқозғалтқыш түбіршек radix 
oculomotoria – көзқозғалтқыш нервінің төменгі тармағының парасимпатикалық түбіршегі, 
құрамында түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтары болады. Мұрын-кірпіктік 
түбіршек, radix nasociliaris – сезімтал түбіршек, мұрын-кірпік нервінің сезімтал тармағы. 
Кірпікшелі түйіннің нерв жасушаларынан үшкіл нервтің сезімтал талшықтарымен бірге 
қысқа кірпікті нервтерді түзейтін түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтар шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет