A. carotis іntеrnа-ның тармақтары: 1.Дабыл қуысына өтетін rr. caroticotympanici.
2. А. ophthalmica – көз артериясы, canalis opticus арқылы п. opticus-пен бірге
көұясы қуысына өтіп, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Көзұясына дейінгі
жолында бірнеше тармақ береді.
А. ophthalmica тармақтары :
1) мидың қатты қабығына баратын, a. meningea media-мен жалғасып кететін
тармақтар;
2) көз жасы безіне баратын a. lacrimalis;
3) көз алмасына баратын аа. ciliares — көздің тамырлы қабығында аяқталады;
олардың арасында a. centralis retinae көру жүйкесіне өтіп,сонымен бірге
торлы қабықта тармақталады;
4) көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;
5) қабақтарға баратын a. Palpebrals laterals et mediales- тер;
6) мұрын қуысының шырышты қабықшасына аа. ethmoidales et posterior- лар
барады;
7) a. supraorbital — көзұясынан incisura supraorbitalis арқылы шығады;
8) a. dorsales nasi – мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.
14.Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Виллизий және Захарченко артериялық шеңберлері, олардың практикалық маңызы. Миды қанмен жабдықтайтын артериялар, олар негізінен ішкі ұйқы артериясының a.carotis
interna және бұғана асты артериясының a.subclavia тармақтары:
-Ішкі ұйқы артериясы a. carotis interna – самай сүйегіндегі өзіне аттас ұйқы каналы canalis
caroticus арқылы жүріп, жыртық тесік маңында бассүйек қуысына кіреді де , сына тәрізді
сүйектің денесінің үстіңгі бетіндегі ұйқы жүлгесінде кеуекті қойнау қабатында орналасып,
көру каналына жетеді және оның қасында соңғы рет жоғары және сәл артқа қарай иіліп,
бірінші тармағы көз артериясын береді де, қатты және торлы қабықтарды тесіп өтіпмиға
өзінің соңғы тармақтарын береді;
-бұғанаасты артериясының subclavia тармақтары оң және солжақ омыртқа артериялары 4-
ші мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі тесікке кіріп, әрі қарай жоғарағы барлық
мойын омырталардың көлденең өсінділерінің тесіктері арқылы жүріп, артқы атлант шүйде
жарғағын тесіп өтіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы ми сауытына кіреді жіне жоғары
бағытталып ми көпірінің вентралді бетінде бір-бірімен қосылып basilaris түзеді де, миға
тармақтарын береді;
-мидың негізінде a.carotis internaжәне a.basilaris тармақтары бір-бірімен ұштасып мидың
артериялық шеңберін немесе сақинасын немесе Виллизиев шеңберін түзеді.
-миды қанмен жабдықтайтын артериялар мидың жұмсақ қабығында артериялық тармақтар
басталады.
Виллизий сақинасы – бастың кез келген қалпында, миды артериялық қанмен толық
жабдықтап тұрған артериялық құрылым. Өйткені, қан жетіспеушілік ми клеткаларының
қызметінің бұзылуына және олардың өлуіне әкеледі. Өлген нерв клеткалары орнына
қайтадан қалпына келмейтіндігін ескерсек, мидың артериялық қанмен тұрақты
қамтамасыз етілуі өте маңыздыжағдай.
Захарченко Шеңбері
Медулла облонгатасының вентральды бетінде орналасқан. Ол екі омыртқалы артериялар
мен екі алдыңғы жұлын артериялары арқылы түзіледі.
Виллизиев шеңбері мен Захарченко шеңберінің функциялары: қан ағымы бұзылған
жағдайда дәнекер артериялар жүйесі есебінен миды жеткілікті қанмен қамтамасыз ету.