1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Ерлер кіші жамбас астауы ағзаларының (аталық без, қуықасты без және шәует



Pdf көрінісі
бет19/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

32. Ерлер кіші жамбас астауы ағзаларының (аталық без, қуықасты без және шәует 
көпіршіктері) және сыртқы аталық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі. 
Аталык бездің қанмен камтамасыз етілуі. 
• Аталык без артериясы (құрсактык колканың тармағы) және аталык без артериясымен 
анастамоз кұрайтын шәует шығаратын түтік артериясы канмен камтамасыз етеді. 
• Аталык безден веналык кан шәует шылбыры кұрамында сабакты венозды өрім, plexus 
venosus pampiniformis, түзетін vv. testiculares, аркылы кетеді, ол оң жағынан v. cava 
inferior, және сол жағынан v.renalis sinistra-ғa ашылады. 
Қуықасты безінің қанмен қамтамасыз етілуі: 
• Қуықасты безінің кан айналымы төменгі несепқуықтық және ортаңғы тік ішектік 
артериялардан (ішкі мықын артериялар жүйесінен) кететін көптеген ұсақ артериалді 
тармақтар арқылы жүзеге асады. 
• Веналық қан қуықасты безінен қуықасты безінің веналық өріміне (plexus venosus 
prostaticus), одан төменгі несепқуық веналарына, содан соң оң және сол ішкі мықын 
веналарына құяды. 
Шәует көпіршігінің канмен камтамасыз етілуі: 
• Шәует көпіршігі- шәует шығаратын түтік артерияның төмендеген тармағымен: шәует 
шығаратын түтік - шәует шығаратын түтік артерияның жоғарылаған тармағымен 
(а.umbilicalis тармағы- a. ductus deferentis), қандандырылады. Шәует шығаратын түтіктің 
кеңжерін (ішкі мықын артерияның тармактары) ортаңғы тік ішек артерия (a. rectalis 
media),мен төменгі несепқуық артерияның (a. Vesicalis inferior), тармақтары 
қандандырады. 
• Шәует көпіршігінен веналык қан несепкуықтың веналық өріміне, кейін ішкі мықын 
венаға ашылады. 


Еркек жыныс мүшесінің қанмен қамтамасыз етілуі: 
• Еркек жыныс мүшесінің қабықтары мен терісі сыртқы жыныс артериясының алдыңғы 
Ұмалық тармақтарымен, rr. scrotales anteriores,және ішкі жыныс артериясының еркек 
жыныс мүшесінің дорсалді артериясымен, a. Dorsalis penis, қанмен қамтамасыз етіледі. 
Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері еркек жыныс мүшесінің терең 
артериясымен, profunda penis, және ішкі жыныс артериясының еркек жыныс мүшесінің 
дорзалді артериясымен, a. dorsalis penis, қанмен қамтамасыз етіледі. Еркек жыныс 
мүшесінің буылтығына жыныс буылтығының артериясы, аа. Bulbi penis, және кеуекті 
денесіне ішкі жыныс артериясының несеп шығаратын өзек артериясы, аа. urethrales, 
кіреді. 
• Еркек жыныс мүшесінен веналық қан терең дорсалді вена, v. dorsalis penis profunda, 
және буылтық вена, v. bulbi penis, арқылы қуықтық веналық өрімге, plexus venosus 
vesicalis, сонымен катар еркек жыныс мүшесінің терен веналары, vv. profundaepenis, 
арқылы ішкі жыныс венасына, v. Pudenda interna, ағады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет