2. Шүйде венасы, v. occipitalis, қанды бастың шүйде аймағының веналық өрімінен
жинайды. Ол құлақ қалқанынан төмен, сыртқы мойындырық венаға ашылады. Кейде
шүйде артериясымен косарлана жүріп, шүйде венасы ішкі мойындырық венаға ашылады;
3. Жауырынүсті венасы, v. suprascapularis, екі сабау түрінде аттас артериямен қосарлана
жүреді, екі сабау бірігіп, бір сабау түзіп, сыртқы мойындырық венаның соңғы бөліміне
немесе бүғанаасты венасына құйылады;
4. Алдыңғы мойындырық вена, v. jugularis anterior, иекасты аймағының терілік
веналарынан түзіліп, ортаңғы сызыққа жақын, төмен бағытталады, бастамасында, т.
mylohyoideus сыртқы бетіне, ал кейін - т. slernohyoideus алдыңғы бетінде жатады.
Алдыңғы мойындырық веналар төстің мойындырық тілігінің үстінде шандыраралық
төсүсті кеңістікке өтіп, карама-қарсы жақтағы аттас веналармен жақсы дамыған анастомоз
арқылы байланысып, мойындырық вена доғасын, arcus venosus juguli, түзеді. Кейін
мойындырық вена сыртқа бұрылып, т. sternocleidom astoideus артымен жүріп, сыртқы
мойындырық венаға (оның бүғанаасты венасына құйылғанына дейін) ашылады. Тағы бір
вариант жөнінде айту қажет, екі жақтың алдыңғы мойындырық веналары өзара қосылып,
мойынның орталық венасын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: