: Қабырғалық веналар
V. iliaca internaғa қүйылатын қабырғалық веналар екеуден аттас артериялармен қосарлана
жүреді.
1. Мықын-бел венасы, v. iliolumbalis , аттас артериямен қосарлана жүріп, омыртқааралық
веналардан, мықын шүңқыры қабырғасынан қанды жинайды
Мықын-бел венасы жиі жалпы мықын венаға құйылады.
Ол v.circumflexa ilium profunda-мен, w. sacrales laterales-пен және v. lumbales ascendensncn
анастомоз түзеді.
2. Жоғаргы бөксе веналары, vv. gluteae superiores, аттас артерияның барлық тармақтарын
қос тармақпен қосарлана жүріп, бөксе аймағының жоғарғы бөлімінен қанды жинайды. Ол
алмұртүсті тесіктен өткен кезде, оның айналасында өрім түзеді.
3. Теменгі бөксе веналары, vv. gluteae inferiores, атгас артериямен бірге жүріп, т. gluteus
maximus-TQn, a. comitans n. ischiadici-мен қосарлана жүретін веналардан және сан
бұлшықеттерінен қанды жинайды. Олар өз жолында бірінші тесіп өтетін венамен, a.
perbrans (prima) жэне ортан жіліктің
медиалді айналма венасымен, v. circumflexa femoris medialis, анастомоз түзеді.
4. Жапқыш венасы, v. obturatoria, жанқыш артерияның жолын қайталайды, оның жұп
шеткері қүйылымдары бар. Ол сыртқы мықын венамен және ортан жіліктің медиалді
айналма венасымен анастомоз түзеді.
5. Латералді сегізкөз веналары, vv. sacrales laterales, аттас артериямен қосарлана жүріп,
алдыңғы сегізкөздік тесіктерінен шығатын vv. spinales қабылдайды және орталық сегізкөз
венасымен анастомоз түзіп, екеуі сегізкөздің алдыңғы бетінде, сегізкөздің веналық өрімін,
plexus venosus sacralis, түзеді.
Ағзалық веналар
1. Ішкі жыныс венасы, v. pudenda interna, аттас артериямен екеуден қосарлана жүреді.
Ол кейде өзінің соңғы бөлімінде төменгі бөксе венамен қосылып, бір сабау түзеді.
Ол шат симфизінің астында, шатаралық аймағында басталады, бұл жерде еркек жыныс
мүшесінің терең сыртқы венасымен (деліткінің), V. dorsalis penis profunda (іclitoridis), және
еркек жыныс мүшесінің терең веналарымен (деліткінің), vv. profundae penis (clitoridis),
қосылады.
Ішкі жыныс венасы өз жолында ішкі жыныс артериясының тармақтарына сәйкес келетін
веналарды қабылдайды.
Оларға: а) несеп шығаратын өзек веналары, б) еркек жыныс мүшесі буылтығының
веналары, vv. bulbipenis (эйелдерде қынап кіреберісі буылтығының веналары, vv. bulbi
vestibuli); в) артқы ұмалық веналар, vv. scrotales posteriores (эйелдерде - vv. labiales
posteriores); г) шатаралық венала ры; д) төменгі тікішек веналары, vv. rectales inferiores,
жатады.
Ішкі жыныс венасы, a. pudenda interna- мен алмұртасты тесік арқылы кіші жамбас
астауына өтеді.
2. Несепқуықтың веналық өрімі, plexus venosus vesicalis - жамбас астауының веналық
өрімдерінің ең ірісі. Ол несепқуықтың төменгі бөлімінде орналасып, ерлерде қуықасты
безінің веналық өріміне,plexus venosus prostaticus, ал әйелдерде қынаптың веналық
өрімімен, plexus venosus vaginalis, байланысатын несеп шығаратын өзектің бастапқы
бөліміне өтеді. Бұл өрім ерлерде несепқуықтан, шәует шығаратын түтіктен, шәует
қуықшаларынан және қуықасты безден; әйелдерде несепқуықтан, несеп шығаратын
өзектің бастапқы бөлімінен және қынаптан қанды жинайды.
Несепқуықтың веналық өрімі, plexus venosus prostaticus, plexus venosus uterinus, plexus
venosus vaginalis, plexus venosus rectalis, жэне де v. pudenda interna, v. glutea inferior, v.
glutea superior, v. obturatoria анастомоз түзеді.
Қан өрімнен көптеген несепқуықтық веналар, vv. vesicales, арқылы ішкі мықын венаға
ағады.
3. Қуықасты безінің веналық өрімі, plexus venosus prostaticus, сыңар, шат симфизінің
артында, қуықасты бездің алдында орналасады.
4. Тік ішектің веналық өрімі, plexus venosus rectalis, тік ішектің ішкі және сыртқы
өрімдеріне бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |