1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет56/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Дыбысты еткізу жолдары (есту анализаторының схемасы), Функционалдық жағынан 
есту мүшесі (есту анализаторының шеткі белігі) екі бөлікке бөлінеді: 1) дыбыс өткізгіш 
аппарат сыртқы және ортанғы құлақ, сонымен қатар құлақтың кейбір элементтері 
(перилимфа мен эндолимфа); 2) дыбыс қабылдағыш аппарат - ішкі құлақ. Құлақ қалқаны 
жинайтын ауа толқындары дабыл жарғағына соғып, оның тербелісін тудырады. Керілу 
дәрежесі m. tensortympani-дің (n, trigeminusнервтендіреді) жиырылуы арқылы реттелетін 
дабыл жарғағының тербелісі, онымен бітісіп-өскен балғашық сабын қозғалысқа келтіреді. 
Балғашық төс сүйекшені, ал төс сүйекше ішкі құлаққа апаратын fencеstravestibule-гe 
орнатылған үзеңгіні қозғалтады.
Есту анализаторының ұшы gyrustemporalissuperior-ға жатады.Бұл жерде сыртқы құлақтың 
ортаңғы құлақша дыбыс сүйектерінің қозғалысын және ішкі құлақта сұйықтық тербелісін 
тудырырады. 
 
 82. Вестибулярлық анализатордың өткізгіш жолы. 


Вестибулярлық ядролар үш бағытта кететін талшықтарға бастама: I) мишыққа, 2) жұлынға 
және 3) медиалды бойлық буда fasciculuslongiludinalismedialis құрамында өтетін
талшықтар Мишыққа баратын талшықтар оның төменгі аяқшасы арқылы өтеді. Бұл жол 
tractusvestibulocerebellaris деп аталады. Вестибулярлық нервтің бір бөлігі вестибулярлық 
ядроларға бармай-ақ тура мишыққа барады; вестибулярлық нерв мишықтың ең көне 
бөлімі- нодулофлокулярлық бөліммен байланысқан. 
Сондай-ақ кері бағытта мишықтан вестибулярлық ядроларға баратын талшықтар да бар, 
сол себенті олардың арасында тығыз байланыс орнатылады, ал мишықтың шатырлық 
ядросы маңызды вестибулярлық орталыққа айналады. 
Вестибулярлық нерв ядроларының жұлынмен байланысы tractusvestibulospinalis арқылы 
іске асырылады. Бұл жол жұлының алдыңғы жіпшелерінде өтіп, оның алдыңғы мүйіздер 
жасушаларына келеді. Жұлынмен байланыстарының арқасында вестибулярлық 
рефлекстер мойын,және қол-аяқ бұлшықеттеріне өткізіп, бұлшықет тонусы 
реттеледі.Вестибулярлық ядролардың шығып, медиалды бойлық буда құрамында 
талшықтар көз бұлшықеттері нервтерінің ядроларымен байланысады. Осының 
нәтижесінде көз бұлшықеттеріне вестибулярлық рефлекстер беріледі (бастың орналасу 
қалпы өзгергенде қарау бағытының сақталуы). Тепе-теңдік көз алмаларының ерекше 
қимылдары (нистагм) да осымен түсіндіріледі. 
Вестибулярлық ядролар торлы құрылым арқылы кезбе және тіл жұтқыншақ нервтері 
ядроларымен байланысқан. Сондықтан вестибулярлық аппараттың тітіркенуі кезінде бас 
айналғанда көбіне тамыр соғуы баяулауы, артериялық қысымның түсуі, лоқсу, құсу, аяқ 
қолдың мұздауы,беттің бозаруы, суық тер шығуы жіне т.б. сияқты вегетативтік реакция 
жүреді. Вестибулярлық жолдар тепе-теңдікті сақтауға өте маңызды, тіпті көру мүмкін 
емес жағдайда, адам басын қалыпты жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Бастың орналасу 
қалпын саналы түрде анықтау үшін вестибулярлық ядродан нейрон айқасқан жол үшінші 
таламусқа, одан әрі бас миы қыртысына барады. Гравитация анализаторынын қыртыстық 
ұшы төбе және самай бөліктерінің қыртысында шашырай орналасқан деп есептеледі. 
Вестибулярлық аппараты тиісінше жаттықтыру ұшқыштар мен ғарышкерлерге ұшу 
кезіндеп күрт қозғалыстар мен дене қалпының өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік береді 
Сөйтіп, гравитация анализаторы бірыңғай есту мен дененің кеністіктегі орналасу 
қалпының дербес анализаторы болып табылады. 
83.V жұп ми нервтің бірінші тармағы, тармақтары, нервтендіру 
аймақтары. 
Үшкіл нерв (nervus trigeminus [V]), V жұп басүйек нерві, аралас, құрамында қозғалтқыш 
және сезімтал талшықтары бар. Сонымен қатар вегатиивтік түйіндердің келетін 
постганглийдік парасимпатикалық талщықтарында бірге жүретіндігін ескерген жөн: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет