5. Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы
(статикалық-кинетикалық рефлекстер).
Бҧл рефлекстер дененің вертикальды кҥйін және ырықты
моторикасын қамтамасыз етеді. Бҧл рефлекстердің жеткіліксіз
қалыптасуы, баланың денесін, басын қажетті кҥйде ҧстауына
кедергі келтіреді. Нәтижесінде, бала оқу, еңбек ету, ӛзіне-ӛзі
қызмет ету дағдыларын меңгеруде қиындықтарға ҧшырайды.
64
6. Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл-
қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия).
Дененің тепе-теңдігі дегеніміз – дененің кеңістіктегі
орнықты
кҥйі.
Дененің
тепе-теңдігін
сақтау,
кҥрделі
перифериялық жҥйемен, орталық механизмдермен жҥзеге асады.
Дене тепе-теңдігінің статикалық (тҧрғандағы) және динамикалық
(қозғалыстағы) тҥрлері бар. Динамикалық тепе-теңдік, дененің
кейпін ҧстап тҧратын, бҧлшық еттердің рефлекторлық жиырылуы
есебінен жҥзеге асады, ол қимыл-қозғалыс координациясымен
тығыз байланысты. Дененің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін
механизмдер координациясы әртҥрді деңгейлерде, яғни, кӛру
анализаторынан, бҧлшық ет рецепторларынан, буындар мен
сіңірлерден,
вестибулярлық
аппараттан
келіп
тҥсетін
ақпараттарды қабылдайтын жҧлында, сопақша мида, мишықта,
ҥлкен
жартышарлар
қыртыстары
тәрізді
деңгейлерде
орындалады.
Отыру, тҧру кезінде дене атаксиясы байқалады. Кейде бала
ӛздігінен отырып-тҧра алмайды, жҥрісі бҧзылады, аяқтарын тым
алшақ адымдайды немесе теңселіп жҥреді. Бір затты ҧстау, алу
немесе орнына қою ҥшін, қимыл-қозғалыс дәлдігінің болмауынан
қатты қиналады.
7. Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы (кинестезиялар).
Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы, қимыл сезімдерімен
тығыз байланысты. Себебі, қимылды сезіну, арнайы сезім
клеткаларының, яғни рецепторлардың кӛмегімен жҥзеге асады
(проприорецепторлық тҥйсік). Олар бҧлшық еттерде, буындарда,
сіңірлерде орналасады, орталық жҥйке жҥйесіне дененің
кеңістіктегі кейпі, аяқ-қолдың, бҧлшық еттердің кҥйі туралы
ақпарат жібереді. Бҧл сезімді бҧлшық еттің буын сезімі деп
атайды.
БЦП-ң барлық формаларында кинестетиалық сезімталдық
бҧзылады, баланың денесін кеңістікте қалаған кҥйде ҧстауына,
бір кейіпте тҧру мен дененің тепе-теңдігін сақтауға, қимыл-
қозғалыс кооординациясын дәлдеуіне т.б. қиындық туғызады.
Кӛптеген балалардың қимыл-қозғалыс бағытын қабылдауы
бҧрмаланады. Мысалы, қолды алға тік созу қимылы, қолды екі
жаққа созған тәрізді болып сезіледі. Ӛзінің қимылы жайлы
бҧрмаланған мағлҧмат баланың қоршаған ортамен ӛзара қарым-
65
қатынасының адекватты болмауына, іс-әрекеттерінің қате
қалыптасуына,
сӛйлеудің
бҧзылуына
(артикуляциялық
қимылдарды сезіну қиындығы) әкеп соғады.
Қимыл-қозғалыстарды сезінудің бҧзылуы әсіресе, БЦП-ң
гиперкинетикалық және атониялық-астатикалық формаларында
айқын кӛрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |