Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет9/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі 
«ХVІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскирӛл, Э.Сеген, Ф.Гальтон, 
А.Бине, Э. Крепелин, Дж. Кэттел сияқты психиатрлар, ақыл–
ойдың айқын бҧзылуын зерттеуге кірісті. Ғалымдардың алға 
қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды кемістіктің жан 
ауруларымен, психикалық науқастармен байланысын анықтау, 
бҧл бҧзылулардың тереңдігін ажырату болды.
ХІХ ғасырдың ортасында, кӛптеген Еуропа елдерінде 
жалпыға міндетті білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды 
жетіспеушілік мәселесінің мектеп бағдарламасын меңгеруге 
кедергі 
жасауы, 
дәрігерлердің, 
педагогтардың, 
кейін 
психологтардың назарын ӛзіне аударды. Жан ауруы жоқ, бірақ 
бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын 
кӛмекші мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы 
кезеңдерге сәйкес келеді.
Кеңес Одағы дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан 
ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі 
медицинада ғана емес (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) 20 
жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л.С.Выготский 
арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер, 
психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін 
бір арнаға бағыттады. 
К.Д.Ушинский ӛз еңбектерінде мектеп оқушыларының 
арасында, жҥйкелік-психикалық ерекшеліктердің салдаорынан 
оқуда ҥлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді. 
Педагогтар мен психологтар мҧндай ҥлгермеушіліктің себебін 
анықтауға ҥлкен мән береді. Кӛп жағдайда, бҧл ақыл-ойдың 
кемістігімен тҥсіндіріледі, балалар кӛмекші мектептерге 


14 
жіберіледі. Ресейде кӛмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла 
бастайды.
ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер ақыл-ойы кем 
балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен 
бӛлек қарастыпа бастады. Оларды тәрбиелеу мен оқытуға 
тырысудың нәтижесінде олардың психикалық әрекетінің 
ерекшеліктері туралы мағлҧматтар жинақталды.
1929 ж. Мәскеуде балалар ҥйлері мен арнайы мектептердің 
ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға 
болып саналды. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда 
талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы 
психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі ҥлес 
қосқан Л.С.Выготский болды.
Л.С.Выготский 
маңызды 
теориялық 
ережелерді 
тҧжырымдайды:
- адам психикасы қҧрылымының жҥйелілігі, яғни бір 
жҥйедегі буынның бҧзылуы, барлық жҥйенің қызметін 
ӛзгертетіндігі туралы; 
- бала дамуының ӛзекті және жақын даму аймағы туралы; 
- қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы 
факторлардың бірдейлігі туралы; 
- ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, 
дамуы ауытқыған балалармен жҥргізілетін коррекциялық 
педагогикалық жҧмыстар туралы; 
- баланың психикалық жоғары қызметтерының дамуындағы 
ҧжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы; 
- ақыл-ойдың кемістігі зият пен аффект қатынасының 
ӛзгерісі туралы; 

дамуы 
ауытқыған 
балаға 
ерте 
коррекциялық–
педагогикалық ықпал жасаудың маңызы туралы;
1930 ж. басында Л. В. Занков арнайы психологияның 
теориялық негіздерін жасады, ол ақыл-ойы кем балалардың есте 
сақтау қабілетін зерттей бастады. Л.В.Занков Россия тарихында 
ең алғаш рет ӛз лабораториясындағы ғалымдардың материалдары 
негізінде «Очерки психологии умственно отсталого ребенка» 
(1935) кітабын жарыққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет